Теоретические основы казахской культуры речи

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Августа 2013 в 21:04, автореферат

Краткое описание

Целью исследования является пересмотр и более четкое определение фундаментальных понятий, научного аппарата и методологии, основных теоретических установок и научных принципов казахской культуры речи, конкретизирование и уточнение объекта и предмета ее исследования в свете антропоцентрического направления, доминирующего в современной лингвистике.
В связи с этим в круг задач исследования входят такие основные вопросы как - определение теоретических основ нормализации литературного языка, оценки коммуникативного качества речи (правильности, выразительности, уместности, логичности, богатства и др.); изучение языковой нормы, языковой системы и узуса в триединстве как один из оптимальных приемов определения динамики развития норм литературного языка.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Н. Уалиев авторефераты.doc

— 375.00 Кб (Скачать документ)

Анасы баласына: Қарның ашып кетті ме? Апаң саған дәмдеп күріш басып береді [салыстырыңыз: мен саған дәмдеп күріш басып беремін]. Бірінші жақты екінші жақпен ауыстыру сөйлеу тілі прагматикасында іштарту, жақын тартуды баса көрсету мақсатында қолданылады.

Сөйлеуші өзінің сөзі арқылы өзіндік тұлға екенін таныта алады. Коммуникативтік мүдделілік, адресатқа икемделу, сөйлеушінің коммуникативтік діттемін түсіну, сөз ситуациясына байланысты тілдік, тілдік емес қатаң талаптарды орындау диалогтің ойдағыдай болуының шарты.

Тілдік қарым-қатынастың ойдағыдай болуы – сөйлеушінің  тілдік құзыретіне ғана емес, коммуникативтік құзыретіне де тәуелді. Коммуникативтік құзыретке мәдени-әлеуметтік нормаларды, сөз әдебіндегі ұлттық стереотиптерді білу, тілдік фактілерді коммуникативтік ситуацияға қарай орнымен жұмсай алу т.б. жатады.

Тілдесуде мәдени-әлеуметтік стереотиптерді білу, аялық білімнің жеткілікті деңгейдегі болуы, тыңдаушының аялық білімін ескеру т.б. жайттар тілдік қарым-қатынастың ойдағыдай өтуіне әсерін тигізеді.

Сөз этикасының нормаларын сақтау сөйлеушінің тыңдаушыға деген  ілтипатын, ықыласын танытатын, диалогтің  ойдағыдай аяқталуына септігін тигізетін қажетті алғышарттардың бірі.

“Шаршысөз мәдениеті” деген тараушада шаршытоп (публика) алдындағы сөздің формальды-тілдік, коммуникативтік нормалық қырлары сөз мәдениеті тұрғысынан қарастырылады. Бір есептен, шешен мен шаршытоп арасындағы тілдік қатынасы ұжымдық коммуникация деп атауға болады. Коммуникацияға қатысушылар, шешен мен аудитория арасындағы коммуникативтік байланыс, олардың ортақ білімінің болуы т.б. жайттар тілдік құралдарды, риторикалық, стильдік тәсілдерді талғап, саралап қолдануға ықпал ететін факторлар болып табылады.

Шешендік сөзді дайындау барысында, сөйлеу кезінде пайда  болатын үлкен қайшылық – кітаби тіл нормасы мен сөйлеу тілі нормаларының тайталаса келуі, өйткені шешендік сөз жазба (кітаби) тіл негізінде “әзірленеді”, ал сөйлегенде, яғни ауызша сөзге айналғанда сөйлеу тілінің тәсілдерін пайдаланады. Ауызша сөзде, шаршытоп алдындағы сөздің баяндау мәнерінде шешен қатаңдығы басым кітабилыққа бой ұрмауға, еркіндігі басым сөйлеу тілінің жетегінде кетпеуге тырысады. Шешен кітабилыққа бой ұрса, сөзі қасаң, таптаурын тартып, аудиторияға әсер-ықпалы төмен болады, ал сөйлеу тілінің элементі басым болса, тұрмыстық деңгейдегі сөзге айналады, ондай сөздің қоғамдық-әлеуметтік мәні жоғары болмайды. Шешеннің сөзі оқушыға емес, тыңдаушыға арналады, сондықтан шаршы сөзде кітаби элементтер мен сөйлеу тілі элементтерінің арасалмағын теңгеріп отыру қажет.

Шешендік сөзде сөздің мағыналық типтерінің баяндау, сипаттау, байыптау контаминациясы кездесіп отырады. Мұндайда контаминацияланған сөз жаңаша реңк алады. Сөздің мағыналық реңктерінің бір-бірімен өзара жақындығы, ұқсастығы бар. Сондықтан баяндау сөз сипаттауға, ал сипаттау сөз байыптауға ұласып отырады.

Сөз типтері бір-бірімен  ұласып, алмасып келеді де мәтіннің композициялық, стилистикалық құрылымы өрбіп, дамып отырады. Сөздің функционалдық-стильдік салаларымен сөздің мағыналық типтері іштей байланысты. Мысалы, академиялық шешендікте байыптау басым болады да, соттағы шешендікте сипаттау мен байыптау жағы басым түсіп жатады.

Сөздің белгілі бір мағыналық-функционалдық типін таңдау ең алдымен сөздің объектісіне, мақсатына тәуелді. Сырттай қарағанда шаршысөз сөзжарыс тәрізді көрінеді, ал шынында шаршысөз табиғаты жағынан ойжарыс болып табылады.

Ойжарыстың импилицитті  және экспилицитті түрлері бар. Шешеннің өз пікірін, тұжырымын ашық қорғауы, оппоненттеріне қарсы шығып, келіспеуі ойталастың эксплицитті түрі. Ойталастың имплицитті түрінде оппоненттер қарсы шығу, айтқандарымен келіспеу ашық түрде айтылмайды. Оппонент реалды немесе ирреалды болуы мүмкін.

Пікірталас шешендіктің  белгілі бір мәселе жөнінде шаршытоп алдындағы ой жарысы мен сөз жарысы. Шешен шаршытопта факт, аргумент, эмоция арқылы аудиторияға әсер етіп, иландыруды көздейді. Ал пікірталастың тілдік құралдар мен амал-тәсілдеріне жақаурату, әзіл, сықақ, кекесін, үзілді-кесілді баға беру, антитеза, теңеу, ремарка, сөздің суреттілігі, мақал-мәтелдер т.б. классикалық тәсілдер жатады.

Шаршысөз мақсаты мен  мазмұнына қарай белгілі бір  құрылымда айтылады. Сөз материалы  осы мақсат пен мазмұнға қарай белгілі бір жүйе бойынша орналасады. Шаршысөздің классикалық схемасы, зерттеушілердің көрсетуінше, бес бөліктен тұрады: 1) басталуы, 2) кіріспе, 3) негізгі бөлік, 4) қорытынды, 5) аяқталуы.

Сөз ситуациясымен байланысты немесе шешеннің белгілі бір мақсатына қарай кейбір бөліктердің болмауы да мүмкін. Ал негізгі бөліктің болуы міндетті.

 Сөздің басталу  бөлігіне сөйлеуші ерекше мән  береді. Бұл бөліктің мақсаты  бірден аудитория назарын өзіне  аудару. Бұл бөлікте дәстүр бойынша  этикеттік формулалар мен этикеттік қаратпа атауыштардың қолданылуы шешендік сөзге тән этикеттік норма. Сөздің басталуында этикеттік формулалардан басқа мазмұнды білдіретін тілдік бірліктер болады.

Сөздің ұзына бойында  аудитория назарын ұстап тұру сөздің басталуына байланысты. Бұл тұста тәжірибелі шешендер тапқырлық танытып, сөзді жұрт күтпеген жайдан бастайды. Ондай жайт көбіне әркімді қызықтыратын, әркімнің басында бар, әркімнің басынан өткерген мәселеге қатысты болуы мүмкін.

Сөздің кіріспе бөлігігінде  сөйлеуші аудиторияны психологиялық жақтан айтылар сөздің негізгі бөлігін ұғынуға дайындап, қабылдауға икемдейді. Сөздің басталуындағы байланысты әрі қарай күшейте түседі; аудиторияның назарын бір арнаға бұрады. Бұл бөлікте тыңдаушылар сөздің негізгі тақырыбынан хабардар болады. Сөздің композициялық негізгі бөлігінде шешен айтылмақ басты мәселелерді санамалап көрсете келе оларға қысқаша талдау жасайды. Сөйтіп, мәселенің өзектілігін, қоғамдық, әлеуметтік мәнін ашады. Негізгі бөлікте ең басты деп танылатын материалдар талданып, сараланады. Шешен аса қажетті фактілерге сүйеніп, қисынды дәлелдер келтіреді. Әртүрлі аргументтерді пайдаланып, мысалдарға нақты талдау жасайды. Оппоненттермен пікірталас өрбітеді.

Сөздің қорытынды бөлімінде  жоғарыда айтылғандарға қорытынды  жасалады. Басты, негізгі ой баса айтылады. Негізгі идея айқындалып, белгіленеді, аудиторияның алдында белгілі бір шешімдерді қажет ететін міндеттер көрсетіледі.

Сөздің аяқталуында  этикеттік формулалар қолданылады. Сөздің мазмұнына тікелей қатысты  болмаса да, тілек айтылуы мүмкін. Сондай-ақ кейде шешеннің сөзі іс-қимылға шақыратын сөзбен де аяқталып жатады. Жалпы алғанда шаршысөз өзінің жанрлық түрлерімен байланысты. Мысалы, жоғары мектептердегі дәрістер, митингідегі сөз, саяси сөз т.б. әртүрлі аяқталуы мүмкін. Шаршысөздің жанрлық түрлеріне қарай мәтінде кездесетін сөздің лексикалық типтері әртүрлі болып келеді. Мысалы, ғылыми дәрістерде интелектуалдық лексика, саяси дискурста қоғамдық-саяси атаулар, митинг, жиналыстарда эмоционалды лексиканың үлес салмағы басым болады. Мұның өзі шешеннің алға қойған мақсатына байланысты: шешен интелектуалдық тұрғыдан әсер етуді көздей ме, әлде эмоционалды тұрғыдан әсер етуді көздей ме, болмаса жұртшылықты белгілі бір іс-қимылға жұмылдыруды мақсат ете ме мәселе осыған байланысты.

Аудиториямен байланысқа сөйлеуші ерекше көңіл бөлуі шарт. Тыңдаушылармен байланыс күшті болған сайын сөздің тиімділігі де арта түседі. Тәжірибелі шешеннің назары үнемі тыңдаушыда болады да, олардың “жауап” реакциясын бақылап отырады. Сөйлеуші аудиторияның жетегінде кетпей, тыңдаушыларды өзіне тарта біледі. Сонымен жұрт алдына шығып сөйлеуді әрбір шешен өзінің кәсіби қызметі деп түсінеді.

Аудиториямен байланыс орнатуда арнайы тілдік бірліктер жүйесінің  ішінен шешен сәлемдесу, қаратпа  атауыштар, комплимент, қоштасу тәрізді этикет сөздердің әртүрлі нұсқаларын, аудиторияның алдына шығарға дейін коммуникативтік ситуацияға олардың қайсы сәйкес келетінін, “кім, қай жерде, кіммен, қай кезде” деген формулаға сәйкес іштей, алдын-ала “даярлап” қояды. Күнделікті өтіп жататын кеңес, мәжілістерде, отырыстарда басқалармен салыстырғанда, байланыс құралдарын қолдану мүмкіндігі сәл шектеулі болады. Аудитория мен шешен бірін-бірі жаңа көргендей қауышып жатпайды.

Шешендік сөзде қолданылатын метамәтіндердің тыңдаушыларға  бағыт-бағдар беріп отыратындықтан қызметі ерекше. Метамәтін тыңдаушыға сөзді жүйе-жүйесімен қабылдауға жәрдемдеседі. Мысалы, Сіздердің назарларыңызды мына мәселеге аударғым келеді; біз сөзіміздің басында…; енді келесі мәселеге көшейік; біріншіден, екіншіден, үшіншіден, қайталап айтсақ, сөзімнің аяғында т.б. метамәтін сөйлеушінің мәтінін бір жағынан дұрыс ұғынуға жәрдемдессе, екінші жағынан, мәтін бөліктерін өзара байланыстыруды қамтамасыз етеді.

Шаршысөзде  коммуникативтік байланыс жасау мен байланысты күшейтудің тілдік тәсілдері әр алуан. Сөйлеуші мен тыңдаушылар арасындағы байланысты жүзеге асыруда “біз” – “сіздер” есімдігі ерекше қызмет атқарады. Біз сіздермен біріге отырып, өздеріңізбен ойласа келе, өздеріңіз көз жеткізгендей, бірге ойласып көрейік т.б. тәрізді есімдікті құрамалар белгілі бір мәселені бірлесіп ойластыру сияқты эффект туғызады. Бұл тәсіл (“біз – сіз”) сөйлеуші мен аудитория арасындағы “қашықтықты” жақындастыра түседі.

Өздеріңіз байқағандай, өздеріңізге мәлім, өздеріңіз айтқандай, өздеріңіз көз жеткізгендей т.б. тәрізді қыстырма құрамалар сөйлеуші мен тыңдаушылар арасындағы байланысты жүзеге асыруға, әрі қарай күшейте түсуге қызмет етеді. Еске түсіріңіздер, оқып көріңіздер, ой жіберіп байқаңыздар, өздеріңіз шешіңіздер т.б. тәрізді бұйрық тұлғалы етістік құрамалар белгілі бір ой-пікірге тыңдаушыларын “авторластыру” тәрізді эффект тудырады.

Сөзді диалогтендіру шешеннің аудиториямен байланысын өрістете түседі. Адамның әуел бастан ойлау табиғаты диалог іспеттес. Диалог – болмысында, жаратылысында табиғи құбылыс, ал монолог – болмысында қолтума құбылыс. Монолог қолтума дүние болғандықтан, сөйлеуші оған біраз жаттығуы керек. Тыңдаушы тарапынан монолог сөз түрін, диалогке қарағанда, қабылдау, түсіну “күшке” түседі. Тыңдаушы монологке біраз ден қойып, азды-көпті ойға салмақ салуы қажет. Тыңдаушы үшін осындай біршама қиындықты тәжірибелі шешен жеңілдету үшін дискурсқа диалог элементтерін ендіру тәсілін қолданады, яғни сөзді диалогтендіреді. Мысалы, қандай қиындық? сіздер мен біз ойланып көрейік; – жауабын айта аласыздар ма? Әрине, жоқ тәрізді “сұрақ – жауап” тәсілі сөзді диалогтендірудің ерекше тиімді тәсілі. Сөйлеуші бұл жерде аудиториядан жауап күту үшін сұрақ қойып отырған жоқ, сөзге диалогтік сипат беріп тыңдаушылардың “жай-күйін” жеңілдетіп отыр.

Сөзді диалогтендірудің тағы бір тиімді тәсілі – сөйлеуші өзін қарсы жақтың, оппоненттің, тыңдаушылардың орнына қойып сөйлейді. Бұл жерде қарсы жақтың, оппоненттердің ойын, тыңдаушылардың ойында тұрған нәрсені жұртшылық айқын аңғаратындай етіп беру керек. Бұл, әрине, шеберлікті қажет етеді. Шешен сөзге төселудің нәтижесінде шеберлікке қол жеткізеді.

Шаршысөздің ритуалдық  қырлары – сөйлеушіні аудиториямен байланыстыруға қажетті, сөзге құрметтеу реңін беретін, тұрақты әрі арнайы қолданылатын қарым-қатынас орнатудың тілдік бірліктері. Бұларға құрметті қауым, ардақты әлеумет, құрметті ханымдар мен мырзалар, жолдастар, қадірлі ағайын, қадірлі бауырлар, қымбатты достар т.б. тәрізді атауыш қаратпалар жатады.

Шешендік сөзде ситуацияға қарай этикет формалардың ресми, бейтарап, эмоционалды түрлері қолданылады. Ресми формаларға жолдастар, ханымдар мен мырзалар; эмоционалды формаларға қымбатты достар, қадірлі бауырлар, қадірлі ағайын т.б., ал бейресми формаларға әріптестер, халайық, әлеумет т.б. тәрізді қаратпалар жатады.

Сөздің басталуында этикеттік қаратпалардың қандай мәні болса, назар салып тыңдағандарыңызға рахмет, ден қойып тыңдағандарыңызға рахмет деп сөзді аяқтаудың да соншалықты мәні бар. Бұлай деу бір жағынан этикеттік норма болса, екінші жағынан, аудиториямен коммуникативтік байланыстың аяқталғанын байқататын белгі болып табылады.

Тілдік қарым-қатынас  әңгімелесу, пікірлесу, сұхбаттасу тәрізді  жеке коммуникация жағдайында, шаршытоп сондай-ақ талас-тартыс, ой-пікір қақтығыстары, сөз жарыстыру, ой жарыстыру жағдайында да жүзеге асатын ұжымдық, коммуникация немесе, газет, журнал, радио,=телеарналар тәрізді құралдар арқылы жүзеге асатын бұқаралық коммуникацияда

Өркениетті адам тілдік қарым-қатынастың әртүрлі формаларын жете меңгеруі керек. Бұл – нарық  пен демократияға бет бұрған заманның талабы. Әсіресе нарық заманының адамы тілдік қатынаста тек өз саласымен шектеліп қалмай, шаршытоп алдында айтыс-тартысқа түсудің логикалық, әлеуметтік, психологиялық жақтарынан хабардар болуға тиіс. Ал тілдік құралдарды талғау, саралау айтыс-тартыстың логикалық, әлеуметтік, психологиялық жайттарына тәуелді. Осы жайттарды дұрыс аңғарғанда ғана тілдік құралдарды, стильдік амал-тәсілдерді мүмкіндігінше тиімді пайдалануға зор жәрдемі тиеді. Әрине коммуникацияның біз айтыс-тартыс мәселесінің мәніне егжей-тегжейлі тоқталу зерттеудің тікелей міндетіне жатпайды. Сондықтан бұл тараушада күнделікті өмір тәжірибесінде жеке коммуникацияда, ұжымдық коммуникацияда, бұқаралық коммуникацияда жиі байқалатын жайттардың сөз мәдениетіне қатысты қырларына тоқталдық.

Пайдаланған әдебиет

 

  1. Байтұрсынов А. Тіл тағылымы. – Алматы: Ана тілі, 1992. – 260 б.
  2. Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. – Алматы: Ғылым, 1999. –581 б.
  3. Балақаев М.Б. Қазақ әдеби тілі. Алматы: Ғылым, 1987, – 272 б.
  4. Сыздық Р. Тілдік норма және оның қалыптануы. Астана: Елорда, 2001. –230 б.
  5. Сыздық Р. Сөз құдіреті. – Алматы: Атамұра, 2005. – 272 б.
  6. Матезиус В. Избранные труды по языкознанию. М.: Едиториал УРСС, 2003. – 232 с.
  7. Головин Б.Н. Основы культуры речи: Учеб. пособие. –М.: Высш. Школа, 1980. –335 с.
  8. Скворцов Л.И. Теоретические основы культуры речи. М.: Наука, 1980. –252 с.
  9. Речевое воздействие в сфере массовой коммуникации. – М.: Наука, 1990. –136 с.
  10. Сүлейменова Э.Д. Понятие смысла в современной лингвистике. Алматы: Мектеп, 1989. – 160 с.
  11. Маслова В.А. Когнитивная лингвистика: Учебное пособие. Мн.: Тетра Системс, 2004. –256 с.
  12. Языки как образ мира. – М.: ООО “Издательство АСТ”, СПб.: Я41 Tezza Fantastіca, 2003. – 568 с.
  13. Вежбицкая А. Язык. Культура: Пер. с анг. –М.: Русские словари, 1997. – 416 с.
  14. Уәлиев Н. Сөз мәдениеті. Алматы: Мектеп, 1984. – 107 б.
  15. Мартине Андре. Основы общей лингвистики: Пер. с франц. М.: Едиториал УРСС, 2004. – 224 с.
  16. Шарков Ф.И. Основы теории коммуникации: Учебник для вузов. М.: Издательский дом “Социальные отношения”, 2003. – 248 с.

Информация о работе Теоретические основы казахской культуры речи