Ағылшын тілінде қарым-қатынас жасауға оқытудағы ойындардың қолдану

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Марта 2015 в 08:57, курсовая работа

Краткое описание

Курстық жұмыстың өзектілігі: Қазіргі кезде кітаптардың көптеген атақты және тәжірибелі авторлары бар, сол себепті қарым –қатынас жасауға үйрету процесін ұйымдастыруда қанша автор болса, олардың сонша көзқарастары мен пікірлері бар. Біздің міндетіміз арнайы тақырыптағы материалмен танысып, оған анализ жасап, белгілі бір қорытынды жасау. Берілген тақырыпты мүмкіндігінше зерттеп, белгілі бір ерекшеліктерін тауып, өз әрекетімізде белсене қолдануымыз қажет.

Содержание

Кіріспе……………………………………………………………………………..3
I. Ағылшын тілінде қарым-қатынас жасауға оқыту негіздері…………....6
1.1 Ағылшын тілінде қарым-қатынас жасаудың негізгі принциптері………....6
1.2 Педагогикалық технологиялар арқылы оқытуды жетілдіру, жалпы түсінігі және ерекшеліктері………………………………………………………………..8
1.3 Ағылшын тілінде қарым-қатынас жасаудағы ойын әдісі……………...….12
II.Бастауыш сыныпта ағылшын тілінде қарым-қатынас жасау үшін қолданылатын ойын технологиялары……………………………………....15
2.1 Оқытудағы ойындардың ерекшеліктері мен құрылымы………………….15
2.2 Ағылшын тілінде қарым-қатынас жасауға ойынның ықпалы…………....17
2.3 Ойындар арқылы бастауыш сынып оқушыларын оқыту технологиялары………………………………………………………………….20
III Ағылшын тілінде қарым-қатынас жасауға оқытудағы ойындардың қолдану…………………………………………………………………….…….23
3.1 Бастауыш сынып оқушыларын ойындарды өткізуге дайындау, ойындарды өткізу және талдау……………………………………………………………….23
3.2 Қарым-қатынас жасау үшін балаларға ойындардың ықпалы………….…27
3.3 Ойындардың бала білімінің дамуына ықпалы………………………..……29
Қорытынды……………………………………………………………………..32
Глоссарий……………………………………………………………………..…34
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі………………………

Прикрепленные файлы: 1 файл

ағылшын тілінде қарым қатынас жасау технологиясы.docx

— 79.62 Кб (Скачать документ)

 

3.3 Бастауыш сынып оқушыларының  қарым-қатынас жасауын қалыптастыру мақсатында тиімді әдістер ұсыну

Қазіргі Қазақстандық қоғам көпұлттық, көптілділік және көпмәдинеттілік жағдайда. Сондықтан осы қоғамға бейімделген көп тілді меңгерген мәдениетті тұлға қалыптастыру - өзекті мәселелердің бірі. Еліміздің Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан халықтары Ассамблеясының ХІІ сессиясында сөйлеген сөзінде: «Біз алдағы уақытта осы алған бағытымыздан таймай әлемдік биіктерді бағындыра беретін боламыз. Сондай биік белестердің бірі – Қазақстанның дүние жүзіндегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіруі. Ол мақсатқа жету үшін, ең алдымен, әрбір қазақстандық бәсекеге қабілетті болу керек» деген болатын. Сонымен қатар осы мақсатқа жету жолдарымен де таныстырып өтті. Тіл мәселесін сөзге тиек ете отырып, Н.Ә.Назарбаев қазақстандықтардың жаңа ұрпағы ең кем дегенде үш тілді біліп, қазақ, орыс және ағылшын тілдерін еркін білу тиіс екендігін айтты. Сонымен қатар ағылшын тілін кеңінен білмейінше, ұлттың бәсекеге шынайы қабілеттілігі туралы айту қиын болатындығын ескерте отырып, барлық ата-аналарды балаларын үш тілде оқытуға шақырды. 
Шәкірттер қазақ тілін толық әдеби нормада меңгеріп, орыс тілі мен ағылшын тілін еркін білу қажет. Ал ғалымдардың зерттеуінше, бала жас кезінде тілді қиналмай әрі еркін меңгереді екен. Осы ретте Білім және Ғылым министрлігінің ағылшын тілін бастауыш сыныптан бастап үйретуге назар аударуы – дұрыс талап. Бүлдіршін жаста меңгерілген білімнің іргетасы берік әрі мықты болмақ. Ал осы берік әрі мықты білімді санаға себелеп, жанға ұялататын әрине мұғалім.

Ағылшын тілі пәні мұғалімдері қазіргі кезде ағылшын тілін оқыту сапасын жақсарту мақсатында тіл үйрету саласында әлемдік озық тәжірибелерді, жаңа технологиялар мен әдістерді барынша қолдануда.

Ағылшын тілі сабағында оқушылардың тілін дамыту, білім - білік дағдыларын қалыптастыру, ағылшын тілінде қарым-қатынас жасауға деген қызығушылығын, белсенділігін арттыру мақсатында жүргізілетін жұмыстарға төмендегідей әдістерді жатқызуға болады:

1. Ауызша  әдіс – теория және фактіге  негізделген білімді қалыптастыруда, үй тапсырмасын және жаңа сабақты  пысықтауда, ережелерді қайталауда пайдаланылады.

2. Көрнекі  әдісті – бақылау қабілетін  дамыту, оқылатын мәселеге ықыласын  көтеру және оқу материалының  мазмұнын көрнекілік арқылы түсіндіруде қолданылады.

3. Практикалық  әдіс – практикалық іскерлік  пен әдетті дамыту үшін және  тақырып мазмұнына сәйкес практикалық  жұмыстарды жүргізу үшін түсіндірілген  материалды оқушылардың қаншалықты  меңгергенін бақылау үшін пайдаланылады.

4. Іздену  әдісі – өзінше ойлануды және  зерттеу қабілеттерін дамыту  үшін оқушыларды тақырыпты проблемалық оқытуға әзірлеуде қолданылады.

5. Индуктивтік  әдіс – қорытынды жасау қабілетін  дамыту күрделендіре оқыту үшін, ойлау қабілетін қалыптастыру  үшін пайдаланылады 
6. Өзіндік жұмыс әдісін – оқу әрекетінде жұмыс істеуде қабілетті дамыту және оқу еңбегінде дағдыны қалыптастыруда жеңіл тақырыптарды өз бетінше дайындауға, дидактикалық материалдармен тиімді жұмыс жасай білуге баулу үшін қолданылады.

7. Ойын әдісі  – оқушының сабаққа деген қызығушылығын  оятып, белсенділіктерін арттыра  түседі, сонымен қатар оқушылардың  ағылшын тілінде қарым-қатынас жасау - білік дағдыларын қалыптастырады.

Аталған әдістерді пайдалана отырып түрлі тапсырмалар мен жаттығуларды, теориялық мәселелер мен қағидаларды меңгерту тиімді болып табылады

Сонымен қатар оқушылардың ағылшын тілінде қарым-қатынас жасау қабілеттерін дамыту бағытында түрлі іс-әрекет ұйымдастыруға болады. Шет тілі пәні бойынша оқушы ереже мен ұғымдар анықтамасын тек жаттап алғаннан гөрі, оларды іс жүзінде саналы түрде қолдана алуы қажет. Түрлі тапсырмалар мен жаттығулар арқылы теориялық білімді шыңдауға болады. Мысалы, белгілі бір мәтін бойынша жұмыс істеу үшін мынадай жаттығулар беріледі.

Тапсырмалары

1. Мәтінді  қатесіз, дауыс ырғағын сақтай отырып оқу;

2. Мазмұнын  түсіну;

3. Тірек – сызба сөздері арқылы баяндау;

4. Мазмұнын  түсінуі бойынша сурет салып, суреттеу;

Келесі жаттығу түрі сөйлеуге үйрету. Диалогты сөйлеуде – оқушылар сұрақ – жауап, өтініш айту, нұсқау беру және тағы басқа жұмыстары ретінде қарапайым іс - әрекеттерді жасай алуы тиіс. Балалар бөлік элементтерден жаңа, тұтас жағдай құрай алуы керек. Оқушылар жалпы арнаулы сұрақтарды қоя алуы, әр – түрлі сұрақтарға жауап бере алуы, өтініш, бір нәрсемен келісетінін немесе келіспейтіндігін білдіре алуы керек. Оқушылардың ағылшын тілінде қарым-қатынас жасау қарқынын өсіру қажет және әр оқушы сөйлегенде екі репликадан айтуы қажет.

Қазіргі кезеңде пән мұғалімдерінің кеңінен қолданып жүрген тілдік жаттығуларының біріне «Warming up» жаттығуын кіргізуге болады. Тілдік жаттығудың мақсаты – сабаққа деген бетбұрыс туғызу. Тілдік жаттығу барысындағы мұғалімнің жылы дауысы, сұрақтардың алдын ала ойластырылып тапсырмалардың дұрыс жоспарлануы мұғалім мен оқушының арасындағы жақсы қарым – қатнас туғызып, алдағы сабақтың нәтижесін жоғарлата түседі. 

Шағын шығарма жазу оқушылардың тек жазу, тілді тусіну, сөйлеу қабілеттерін арттырып қана қоймай әр баланың жеке тұлға ретінде қалыптасуына себеп болады. Бұндай шығармаларды көп уақыт алмай 5 минуттық жазу ретінде өткізу әбден мүмкін. Шығарма тыңдау барысында диалогтағыдай баланың жіберген қателеріне емес, оның идеясына, өмірлік тәжірибесін сипаттай білу қабілетіне көбірек назар аударған жөн.

Тақырыптар түрі сан алуан: «Бүгінгі күннің ең қызықты сәті».

«Қазір мен не ойлап отырмын?»

«Мен білетін адам».

«Менің хоббиім».

«Мен ұнататын нәрсе».

«Мен ұнататын аң». 

Келесі жаттығу түрі «Find the words» деп аталады. Нұсқау бойынша балалар сөзді табу тиіс.

Bread

E – is exactly in the middle.

D – is at the end.

B – is one of the letters before e.

R – is between b and e.

A – is between e and b.

Соңғы кезде көп қолданылып келе жатқан жұмыс түрінің бірі – «Brainstroming» әдісі, яғни суреттеліп берілген белгілерді қолдану арқылы біртұтас әңгіме құрастыру, оны әңгімелеп айту болып табылады.

 

 

Қорытынды

Осы курстық жұмыста бастауыш сыныптық кезеңдердегі ағылшын тіліне үйретудің аспектілерін баяндауға тырыстық.

Бастауыш сынып оқушыларына ағылшын тілін үйретудегі маңызды фактор ойын екенін ұмытпау керек. «Баланың көңілі далада »  дегендей, оларды қарапайым программамен оқыту шаршатып, оқытылып жатқан тілге деген қызығушылықтарын жояды.

Оқу процесін оқушылардың психологиялық және физикалық тұрғыдан алғандағы ерекшеліктеріне сай сауатты жоспарлау өте маңызды. Тек ойынмен ғана шектеліп қалуға болмайды, мәдениет шектерін кеңейту, әлемді тануға деген талпыныс бастауыш сынып оқушыларының ағылшын тілін оқудағы  практикалық мәнділігін қамтамасыз етеді.

Көптеген балалар ағылшын тілін ең бірінші оқып бастағанда аудармашы болғысы келіп, әртүрлі елдерге саяхат жасағысы келіп, көп ақша тапқысы келеді; ал мектеп бітірерде тілді терең түсіну мақсатында филолог болуды қалайды.

Балалар ағылшын тілін ұғынып оқи бастағанда , еліктеудің рөлі төмендейді. Тілді үйрену барысында оқушылардың Англияның мәдениетіне,ағылшындардың тұрмыс-тіршілігіне қызығушылықтары ояна бастайды. Сондықтан оқу процесінде Англияның мәдениеті мен дәстүрлері кеңінен қолданылған оқу құралдарын қолданған жөн.

Сонымен сөйлеу үйрету амалы, сөйлеу, лексикалық және грамматикалық дағдылардың қалыптасуы ретінде қаралды.  Біз тіл аспектілерімен жұмыс толық құрылымдар мен сөйлеу үлгілерінде жүргізілу керектігін көрсеттік.

Оқушылар ұсынылған бірліктермен жұмыс істейді, ал мұғалімдер олардың көңілін сөйлеу, грамматикалық, лексикалық  бірліктерге шоғырландырады.

Сөйлеуді айтудың әр түрлі жақтарын қалыптастыруда ұтымды қолдану балаларға ағылшын тілінде қарым-қатынас жасауға ретінде үйретуге мүмкіндік береді. Сонымен  бастауыш сынып оқушылары

  • серіктесімен қарым-қатынастың оқу, ойын және нақты  ситуацияларында байланыс жасай алу;
  • заттардың немесе жануарлардың атын,  олардың әрекетін, олардың  қарым-қатынастың оқу, ойын және нақты  ситуацияларында сапалық және уақытша сиппаттамаларын бере алу;
  • қабылданған ақпаратқа деген эмоционалдық бағасын (сезім, қалау, қаламау) бере білу;
  • қарым-қатынастың оқу, ойын және нақты  ситуацияларында қарапайым нұсқауларын бере білу қажет.

Ағылшын тілінде қарым-қатынас жасауға үйретудің басты көрсеткіші диалог жүргізе алу қабілеті екенін білдік:

  • диалогты бастай білу;
  • қыстырма сөздерге әсер ете білу;
  • әңгімені қолдай білу;
  • әңгімелесушіні ынталандыра білу;
  • керек кезінде диалогты үзіп, сөздікке жүгіне білу.

Бастауыш кезеңде көбіне мұғалімнің бастауымен ауызша, шартты-коммуникативті жаттығулархор түріндегі жұмыстың, лексикалық ойындар мен көрнекіліктердің қолданылуы арқылы өткізіледі.

Курстық жұмыста ағылшын тілінде қарым-қатынас жасаудыңқалыптасу ерекшеліктері қаралды.

Ағылшын тілінде қарым-қатынас жасауға қалыптастыруға бағытталған жаттығулар кешені зерттелді. Оқу процесін дұрыс ұйымдастыру үшін оқушылардың психологиялық және жас ерекшеліктерін ескеру қажет.

Қорыта келе, бастауыш сынып оқушыларының қарым-қатынас жасауын қалыптастыру үшін тиімді әдістерді пайдалана отырып жаттығулар орындатудың маңызы зор екендігін байқауға болады. Демек олардың іскерлік қарым-қатынас жасауға белсенді ұйымдастыра отырып, тиянақты білім беру – мұғалімнің ой ұшқырлығына, камуникативті құзіреттілігіне байланысты.

 

 

Глоссарий

  1. Әдістеме –іс-әрекетті жүзеге асырудың тағайындалған тәсілі. Ескерту: Көптеген жағдайларда әдістемелер құжатталады (мысалы, сапа жүйесінің әдістемесі). Қандайда бір әдістеме құжатталған кезде, «жазба әдістеме» немесе «құжаттық әдістеме» деген терминді пайдаланған дұрыс болады. Жазба немесе құжаттық әдістеме әдетте іс-әрекеттің мақсаты мен саласын; не және кіммен істелінуі тиістігін; бұл қашан, қайда және қалай істелінуі тиістігін; қандай материалдар, құжаттар мен жабдықтар пайдалануы тиістігін; бұл қандай бейнеде бақылануы және тіркелуі тиістігін қамтиды.
  2. Инновация - жаңалық енгізу, жаңарту.
  3. Құзыреттілік - жеке сапа (немесе тұлға сапасының өзара жиынтығы), әрекеттің жүзеге асырылу мүмкіндігі, басқаша айтқанда бұл қабілеттілік негізіндегі танымдық және өмірлік тәжірибелік тапсырмаларды өзіндік шешуді қамтамасыз ететін білімділіктің деңгейі.Оқушылардың іс-әрекетін әмбебап тәсілдерін меңгеруінен көрінетін білім нәтижесі.
  4. Білім сапасы -мақсат пен жетістік байланысы.Тұтынушының сұранысын қанағаттандыру деңгейі (оқушы, студент, өндіріс, қоғам), өмірлік әрекет тиімділігіне түлектердің жарамдылық деңгейі.
  5. Мультимедиалық оқулықтар – безендіру материалы мультимедиаортасының көмегімен CD-ROM-да орындалған жоғары динамикалық оқулықтар. Мазмұны, әдеттегідей, жанды дәрістер, кәсіби диктор дыбыстап және кинематографиялық құрастыру заңдарын сақтап безендірілген әңгімелер түрінде ұсынылған.
  6. Тұлғалық сапа - әр жеке адамға дербес бағытталған, тек оған жалпылай құндылықтарға қатысы:мәдениетке, шығармашылыққа, бостандыққа, таңдауға, патриотизмге, интернационалдыққа, жеке кәсіпкерлікке, жеке меншікке, азаматтық қоғамға, шындыққа, тәртіптілікке және т.б.
  7. Элективтік курстар (таңдауы бойынша курстар)- мазмұны оқушылардың жеке икімділіктері мен таңдауына сәйкес оқушылардың танымдық қызығушылықтарын қанағаттандыруға мүмкіндік беретін оқу курстары, пәндер бойынша білімдердің кеңейтілуі мен тереңдетілуіне септігін тигізеді. Элективтік курстардың жиынтығы базистік оқу жоспарыныңвариативтік бөлігін құрайды.
  8. Коммуникативті потенциал- көпшілік мінезбен басқа адамдармен құрылған байланыс мықтылығына байланысты. Тұлға ойнайтын әлеуметтік ролдердің жүйелілігімен әр түрлілігінен көрінетін мазмұнды-динамикалық мүмкіндік.
  9. Технология - өндірістік үрдісті жүргізудің әдістері мен тәсілдері жайлы білім жиынтығы.
  10. Педагогикалық технология – педагогикалық мақсатқа жету үшін пайдаланылатын барлық дара инструменталдық және методологиялық құралдардың қолдану реті мен жиынтығының жүйесін білдіреді.

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

  1. Царковь В.Б. Тілдік жаттығулар ағылшын тілінен. М.: Просвешение, 1980.
  2. Садықова А.К., Алденгожаева Э.С. Шетел тілінде тілдік тіректер негізінде монолог түрінде қарым-қатынас жасауға үйрету// Мектептегі шет тілі. 2007.
  3. Мектептегі шет тілі - Иностранный язык в школе №3 , 2004
  4. Мектептегі шет тілі- Иностранный язык в школе №1, 2008
  5. Мектептегі шет тілі- Иностранный язык в школе №5, 2009
  6. Шет тілдерін оқыту әдістемесі №6, 2006
  7. Шет тілдерін оқыту әдістемесі №1,2007
  8. Шет тілдерін оқыту әдістемесі №5, 2009
  9. Шубин У.П. Языковая коммуникация и обучение иностранным языкам. М.,     1972.
  10. Қазақстан мектептерінде ағылшын тілін үйрету журналы. – Алматы:
  11. Амандықова Г.Н,Мұхтарова Ш.Е, Баймұқанова Б.С «Шет тілін оқыту әдістемесі»
  12. Зимняя И. А. Психология обучения иностранным языкам в школе. М., 1991.
  13. Ляховицкий М.В. Методика преподавания иностранных языков М., 1981.
  14. Занков Л.В. Методика обучения иностранным языкам. – М.: Просвещение, 1982.
  15. Выготский Л.С. Коммуникативно-игровая методика раннего обучения иностранным языкам.//Иностр. Языки в школе.- 1981.
  16. Рогова Г.В., Верещагина И.Н. Обучение английскому языку на начальном этапе. - М.: Просвещение, 1988.
  17. Жуковский Р.И. Возрастная психология. – М.: Просвещение, 1991.
  18. Рогова Г.В., Сахарова В.С. Методика иностранного языка в средней школе. – М.: Просвещение, 1991.
  19. Пассов Е.И. Урок иностранного языка в средней школе. – М.: Просвещение, 1988г.
  20. Давыдов В.В. Теория развивающего обучения. – М.: ИНТОР, 1996.
  21. Проблемы начального обучения английского языка в школе. – Владимир.: Просвещение, 1985.
  22. Никонова С.М. Английский язык в начальных классах. – М.: Просвещение, 1964.
  23. Паршикова Е.А. Особенности обучения говорению. //Иностр. языки в школе.-1992.
  24. Никитенко З.Н.Материалы курса «Специфика обучения английскому языку в начальной школе» : лекции5–8. – М. : Педагогический университет «Первое сентября», 2009. – 72 с.Учебно-методическое пособие.
  25. Амандықова Г.Н., Мұхтарова Ш.Е. Шет тілін оқыту әдістемесі.- Астана, 2007. 260 б. 
  26. Амандықова Г.Н.,Мұхтарова Ш.Е. Шет тілін оқыту әдістемесі.- Астана, 2007. 260 б.
  27. Бим И.Л.  К вопросу о методах обучения иностранным языкам. ИЯШ, №2, 1974, С.40.
  28. Жұмабаев М.Педагогика.Алматы,Рауан,1993. 250б.
  29. «Teaching English Language  and Managing Teachers Associations: Sharing 
  30. Ideas,Sharing Eхperiences» Материалы VII международной научно практическо конференции. - Тараз. 2007. С.350.
  31. Булекбасова Б. «Инновациялық технология», Оқыту-тәрбиелеу технологиясы, 2010 ж, №5, 80 б.
  32. Ұлт тағылымы №4, 2007. 50 б.
  33. Хабаршы №5, 2008 жыл 122 б.
  34. Алхазишвили А.А. Основы овладения устной иностранной речью  Москва, 1988. С.200.
  35. 10. Оразбаева Ф. Тілдік қатынас: теориясы және әдістемесі - Алматы, РБК, 2000. 200 б.
  36. Пассов Е.И. Основы методики обучения иностранным языкам. М.: издательство Русский язык, 1977, С.300.
  37. Мектептегі шет тілі. №4, 2011. 28 б.
  38. Нестерова Н.Б.Оптимизация обучения монологической речи в 4-5классах средней школы. ИЯШ №5, 1982. С.30.
  39. Малахова Е. Болон процесі. «Басты мәселелер туралы», 2008 ж. 150 б.
  40. Аяпова Т., Әбілдаева З. «Ағылшын тілі» жалпы білім беретін мектептің
  41. 6-шы сыныбына арналған оқулық. Алматы: Атамұра, 2006, 269 б.
  42. Jack C. Richards «Interchange Intro» Student’s book third edition 252 б.

Информация о работе Ағылшын тілінде қарым-қатынас жасауға оқытудағы ойындардың қолдану