Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Марта 2015 в 08:57, курсовая работа
Курстық жұмыстың өзектілігі: Қазіргі кезде кітаптардың көптеген атақты және тәжірибелі авторлары бар, сол себепті қарым –қатынас жасауға үйрету процесін ұйымдастыруда қанша автор болса, олардың сонша көзқарастары мен пікірлері бар. Біздің міндетіміз арнайы тақырыптағы материалмен танысып, оған анализ жасап, белгілі бір қорытынды жасау. Берілген тақырыпты мүмкіндігінше зерттеп, белгілі бір ерекшеліктерін тауып, өз әрекетімізде белсене қолдануымыз қажет.
Кіріспе……………………………………………………………………………..3
I. Ағылшын тілінде қарым-қатынас жасауға оқыту негіздері…………....6
1.1 Ағылшын тілінде қарым-қатынас жасаудың негізгі принциптері………....6
1.2 Педагогикалық технологиялар арқылы оқытуды жетілдіру, жалпы түсінігі және ерекшеліктері………………………………………………………………..8
1.3 Ағылшын тілінде қарым-қатынас жасаудағы ойын әдісі……………...….12
II.Бастауыш сыныпта ағылшын тілінде қарым-қатынас жасау үшін қолданылатын ойын технологиялары……………………………………....15
2.1 Оқытудағы ойындардың ерекшеліктері мен құрылымы………………….15
2.2 Ағылшын тілінде қарым-қатынас жасауға ойынның ықпалы…………....17
2.3 Ойындар арқылы бастауыш сынып оқушыларын оқыту технологиялары………………………………………………………………….20
III Ағылшын тілінде қарым-қатынас жасауға оқытудағы ойындардың қолдану…………………………………………………………………….…….23
3.1 Бастауыш сынып оқушыларын ойындарды өткізуге дайындау, ойындарды өткізу және талдау……………………………………………………………….23
3.2 Қарым-қатынас жасау үшін балаларға ойындардың ықпалы………….…27
3.3 Ойындардың бала білімінің дамуына ықпалы………………………..……29
Қорытынды……………………………………………………………………..32
Глоссарий……………………………………………………………………..…34
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі………………………
Мазмұны
Кіріспе……………………………………………………………
I. Ағылшын тілінде қарым-қатынас жасауға оқыту негіздері…………....6
1.1 Ағылшын тілінде қарым-қатынас жасаудың негізгі принциптері………....6
1.2 Педагогикалық технологиялар арқылы
оқытуды жетілдіру, жалпы түсінігі және
ерекшеліктері……………………………………………
1.3 Ағылшын тілінде қарым-қатынас жасаудағы ойын әдісі……………...….12
II.Бастауыш сыныпта ағылшын
тілінде қарым-қатынас жасау үшін қолданылатын
ойын технологиялары……………………………………..
2.1 Оқытудағы ойындардың ерекшеліктері мен құрылымы………………….15
2.2 Ағылшын тілінде қарым-қатынас жасауға ойынның ықпалы…………....17
2.3 Ойындар арқылы бастауыш сынып оқушыларын
оқыту технологиялары…………………………………………
III Ағылшын тілінде қарым-қатынас
жасауға оқытудағы ойындардың қолдану……………………………………………………………
3.1 Бастауыш сынып оқушыларын ойындарды
өткізуге дайындау, ойындарды өткізу және
талдау………………………………………………………………
3.2 Қарым-қатынас жасау үшін балаларға ойындардың ықпалы………….…27
3.3 Ойындардың бала білімінің дамуына ықпалы………………………..……29
Қорытынды………………………………………………………
Глоссарий………………………………………………………
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі……………………………………………35
Кіріспе
ХХІ ғасыр табалдырығын білім мен ғылымды инновациялық технология бағытымен дамыту мақсатымен аттауымыз үлкен үміттің басты нышаны болып табылады. Ұрпағы білімді халықтың болашағы бұлынғыр болмайды дегендей, жас ұрпаққа саналы, мән- мағыналы, өнегелі тәрбие мен білім беру бүгінгі күннің талабы.
Шетел тілі біздің мемлекетіміздің халықаралық байланыстарын дамытуға мүмкіндік беретін тұлғааралық және мәдениаралық қарым-қатынастардың аса маңызды құралы болып табылады. Мемлекеттің халықаралық байланыстарының сапалық өзгерістері адамның практикалық және зияткерлік іс-әрекетінде шетел тілдерінің сұранысқа ие болу қажеттілігін туғызып отыр.
Еліміздің басқа мемлекеттермен қарым-қатынасы артып отырған шақта ағылшын тілін еркін меңгерген, келешекте білімін түрлі саладағы қарым-қатынас жағдайында пайдалана алатын адамды мектеп қабырғасынан оқытып шығару - біздің казіргі кездегі міндетіміз. Ағылшын тілін тереңдетіп, жан-жақты оқытуды қоғам, уақыт қажет етіп отыр. Қазақстан Республикасының тәуелсіз елге айналып, әлемдік өркениеттің даму жолына түсуі, ағылшын тілін жетік меңгертуді талап етеді. Осы талапқа жету мақсатымен мектебімізде «Жалпыға міндетті мемлекеттік білім стандартының» вариативтік бөлімінен 2 сыныптан бастап ағылшын тілі оқытылады. Ағылшын тілін оқытудың мақсаты – оқушылардың ағылшын тілінде қарым-қатынас жасай алу негіздерін меңгеруі болып табылады. Ерте жастан шетел тілін оқыту оқушылардың коммуникативті даму біліктілігін, оқушылардың қызығушылығын ұйымдастыруға мүмкіндік береді, бірден көп тілдерде қарым-қатынас жасауға мүмкіндік алады.
Қай елде болсын, балаға білім беру ісі елеулі орын алып, ұрпағының білімділігі мен біліктілігін шыңдауға бет бұрады. Шынында да оқушылардың жалпы білімін көтеру үлкен мәселе екені сөзсіз. Себебі, еліміздің мәртебесінің биік болуы қоғам мүшелерінің келешек ел қожасы – жас ұрпақтың белсенділігі мен іскерлігіне тікелей байланысты болмақ.
Қазіргі таңда еліміздің келешегін өз елін сүйетін, әдет-ғұрпын, салт-санасын қастерлейтін ұрпақты оқып тәрбиелеу–біздің басты борышымыз. Сондықтан, мектептің мәселесі дұрыс таңдалып мектеп басқару, сапалы білім беру, нәтижеге жету үшін әрбір атқарылған істің жан-жақты ойластырылған, нақтыланған, үйлестірілген, стратегиялық жұмыс жоспары жасалуы тиіс.Қазақстан бүкіл әлемде үш тілді пайдаланатын жоғары білімді ел ретінде танылуға тиіс. Бұлар қазақ тілі – мемлекеттік тіл, орыс тілі – ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілі – жаһандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі. Осыған орай, ағылшын тілін тілдің үш тұғырының бірі ретінде қызмет етуінің алғышарты – оның қоғамдық өмірдің әр алуан саласында қолданылуы болып табылады.
Жер шарын мекендеген мыңдаған ұлттар мен ұлыстардың бір-бірін түсінуіне – халықаралық сипат алған ағылшын тілінің рөлі зор.Ағылшын тiлiн үйрену арқылы оқушылар бiлiм деңгейiн көтерiп, өз халқы мен басқа халықтар арасындағы ұқсастықтар мен ерекшелiктердi ажыратуға дағдыланады. Сөйтіп, өз пiкiрi қалыптасады, түрлi елдер мәдениетiн үйренедi.
Курстық жұмыстың өзектілігі: Қазіргі кезде кітаптардың көптеген атақты және тәжірибелі авторлары бар, сол себепті қарым –қатынас жасауға үйрету процесін ұйымдастыруда қанша автор болса, олардың сонша көзқарастары мен пікірлері бар. Біздің міндетіміз арнайы тақырыптағы материалмен танысып, оған анализ жасап, белгілі бір қорытынды жасау. Берілген тақырыпты мүмкіндігінше зерттеп, белгілі бір ерекшеліктерін тауып, өз әрекетімізде белсене қолдануымыз қажет.
Қазақстандағы жалпы білім беретін мектепті жаңарту ауқымындағы ең бір елеулі инновациялық шешімдерінің бірі оның ерте жастан шет тілді оқып, шет тілін оқуда шетелдік оқу әдістемелік кешендерін енгізу болып табылады. Шет тілін мектепте оқытудың шарттарын ескере отырып, оқушылардың мектепті бітіргенннен кейін де шет тілін оқып, түсіне білу қабілетін қалыптастыруға мән берілуі тиіс. Осыған орай, шетел тілін мектепте оқытудың практикалық мақсатын жүзеге асырудың алғышарты- оқыту әдіс- тәсіліне, коммуникативтік бағдар беруге назар аударылады.
Шет тілін үйрету әдістемесі біздің қоғамда жетекші орын алуда. Қазіргі уақытта шет тілін оқытуға байланысты оқыту саясатының бағыты мемлекетте шет тілін оқушыларға барлық жақсы және ыңғайлы жағдайларды жасап, олардың қоғамдық және жеке қажеттіліктерін қамтамасыз ету мақсатында жұмыстар жасап жатыр.
Елімізде күннен-күнге оқу процесінде шет тілі жетекші орын алатын лицей,гимназиялар ашылуда. Жалпы білім беретін мектептерде де шет тілін бастауыш сыныптан бастап оқытады. Тіпті, өз балаларының шет тілін үйренуін қолдайтын ата-аналар саны да көбейін келе жатыр.
Отандық телеарналардан, газеттерден ағылшын тілінің курстары немесе шет елде білім алуға және жұмыс істеуге шақыратын хабарламаларды да көруге болады. Ағылшын тілін ерте жастан бастап оқыту маңызды. Қазіргі уақытта Қазақстанда балаларды балабақшадан немесе бастауышсыныптан бастап шет тілін оқыту басталып жатыр. Бұл тереңдетіп оқыту болып табылады. Бастауыш мектепте шет тілі бойынша білім беру процессінің мәні мен ерекшелігі осы бастауыш сынып оқушыларының шет тілінде сөйлеу дағдысын қалыптастыру болып табылады.
Курстық жұмыстың зерттеу объектісі - бастауыш сынып оқушыларына ағылшын тілінде қарым-қатынас жасауға үйрету ерекшеліктері.
Курстық жұмыстың мақсаты - бастауыш сынып оқушыларына ағылшын тілінде қарым-қатынас жасауға үйрету ерекшеліктерін бөлу және олардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, олардың ағылшын тілінде сөйлеу процесін ұйымдастыру, бастауыш сыныптарда ағылшын тілінде сөйлеуге үйрету жаттығуларының кешенін өңдеу.
Міндеттер:
Курстық жұмыстың құрылымы кіріспе, үш бөлім, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
I. Ағылшын тілінде қарым-қатынас жасауға оқыту негіздері
1.1 Ағылшын тілінде қарым-қатынас жасаудың негізгі принциптері
Ағылшын тілін оқыту үдерісініңде жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану оқушылардың жаңа тілдік материалды меңгеруі кезіндегі оқу-танымдық әрекетін белсендіруге, пәнге қызығушылығын арттыруға мүмкіндік туғызады. Сонымен қатар, жаңа ақпараттық технология құралдарын ұсынылып отырған материалға жоғары деңгейдегі көрнекілік ретінде пайдалануға мүмкіндік береді, оқыту үдерісіне алуан түрлі жаттығуларды енгізу мүмкіндігін кеңейтеді, үздіксіз қарым-қатынас барысында оқу үдерісінің жандануын қамтамасыз ете алады, міне осының барлығы оқушылардың оқытылатын материалға жағымды қарым-қатынасының қалыптасуына мүмкіндік береді.
Ағылшын тілінде қарым-қатынас жасаудың мақсаты-балаларға ағылшын тілінде сандар құрамын анықтауға үйрету. Ағылшын сабағында қарапайым қатынас сөздерін меңгертіп, ағылшын тілінде қарым-қатынас жасауға үйрету, балалардың өзара ағылшын тілінде қарым-қатынас жасау қабілеттерін қалыптастыру болып табылады.
Шетелтілінде қарым-қатынас жасаудың көптеген дифенициасы ұсынылған Д.Денцстің мәліметтеріне байланысты А.А. Леонтьев (1973), ағылшын тілді әдебиеттерде 1969 жылдың өзінде қарым-қатынас түсінігінің 96 анықтамасы болғанын көрсетеді. М.И. Лисинаның пікірінше, балалардың ағылшын тілінде қарым-қатынас жасауы екі адамның немесе одан да көп адамдарың өзара әрекеттесуі мен келісушілікке бағытталған қатынасты орнықтыру мақсатындағы күштердің біріктірілуі және жалпы нәтижеге қол жеткізуі және олардың сөздік қоры мен тіл байлығын, сөздік қорын дамытады делінген.
Ағылшын тілінде қарым-қатынас жасаудың принципі және баланың жасына қарай оқыту мен тәрбиелеу және өмір тәжірбиесінен алынған:
Ағылшын тілі сабақтарында бастауыш сынып оқушыларының қарым-қатынас жасауы үшін сабақтың құрамын мына бөлімдерден тұрады:
• Дыбыстық гимнастика жаттығу
• Уақыт бірліктерін анықтауға арналған диалог
• Диалог ойын
• Сөздік жұмыс
• Байланыстыра сөйлеу(Сандар не үшін қажет?)
Ағылшын тілі сабақтарында қарым-қатынастың құрылымы күрделі болғандықтан, шартты түрде талдау мақсатымен, көбіне оның бір-бірімен тығыз байланысты үш жағын қарастырады: коммуникативті, интерактивті, перцептивті.
1.2 Педагогикалық технологиялар арқылы оқытуды жетілдіру, жалпы түсінігі және ерекшеліктері
Педагогикалық технология- қазіргі талапқа сай анықталып,іріктеліп , реттелген оқытудың жаңа мазмұн, әдіс-амалдарының дидактикалық талаптарының психологиялық-педагогикалық жиынтығы. Ал өзімнің ұстаздық іс-тәжірибемде педагогика ғылымының
Докторы,профессор Қараев Жауынбай Амантұрлыұлының «Әртүрлі деңгейде оқыту технологиясын» жас ұрпақты оқыту және тәрбиелеу барысында үнемі қолданып келемін.
Қазіргі заманғы ғылыми техникалық үрдістің қарқыны білім беру жүйесінің алдына мүлде жаңа міндеттер қойып отыр. Педагог – ғалымдар қазіргі кезде қолданылып жүрген білім беру технология терминің әр қырынан ашып көрсетуде.
Технология - өндірістік үрдісті жүргізудің әдістері мен тәсілдері жайлы білім жиынтығы.
Педагогикалық технология – педагогикалық мақсатқа жету үшін пайдаланылатын барлық дара инструменталдық және методологиялық құралдардың қолдану реті мен жиынтығының жүйесін білдіреді. ( Кларин М.В.)
Технология – оқушы мен ұстазға бірдей қолайлы жағдай тудыратын оқу үрдісін ұйымдастыру және жүргізу, бірлескен педагогикалық әрекетті жобалаудың жан-жақты ойластырылған ( Монахов В.М.)
Педагогикалық технология – тәжірибеде іске асырылатын педагогикалық жүйенің жобасы ( Беспалько В.П.)
Ал, педагогикалық жүйе дегеніміз – белгілі бір қабілеті бар дара тұлғаны қалыптастыруға бағытталған педагогикалық әсерді ұйымдастыруға қажет құралдар, әдістер мен тәсілдердің өзара байланысқан бірлігі.
Оқыту технологиясы оқытудың тиімді жолдарын зерттеуші ғылым сапасында оқыту процесінде қолданылатын әдістер, тәсілдер мен қағидалар және нақты оқыту процесі сапасында функция атқарады. ( Селевко Г.К.)
Білім беру технологиялары мына негізде ұсынылады:
Педагогикалық технология ұғымы мынадай деңгейлерде қолданылады:
Информация о работе Ағылшын тілінде қарым-қатынас жасауға оқытудағы ойындардың қолдану