Ағылшын тілінде қарым-қатынас жасауға оқытудағы ойындардың қолдану

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Марта 2015 в 08:57, курсовая работа

Краткое описание

Курстық жұмыстың өзектілігі: Қазіргі кезде кітаптардың көптеген атақты және тәжірибелі авторлары бар, сол себепті қарым –қатынас жасауға үйрету процесін ұйымдастыруда қанша автор болса, олардың сонша көзқарастары мен пікірлері бар. Біздің міндетіміз арнайы тақырыптағы материалмен танысып, оған анализ жасап, белгілі бір қорытынды жасау. Берілген тақырыпты мүмкіндігінше зерттеп, белгілі бір ерекшеліктерін тауып, өз әрекетімізде белсене қолдануымыз қажет.

Содержание

Кіріспе……………………………………………………………………………..3
I. Ағылшын тілінде қарым-қатынас жасауға оқыту негіздері…………....6
1.1 Ағылшын тілінде қарым-қатынас жасаудың негізгі принциптері………....6
1.2 Педагогикалық технологиялар арқылы оқытуды жетілдіру, жалпы түсінігі және ерекшеліктері………………………………………………………………..8
1.3 Ағылшын тілінде қарым-қатынас жасаудағы ойын әдісі……………...….12
II.Бастауыш сыныпта ағылшын тілінде қарым-қатынас жасау үшін қолданылатын ойын технологиялары……………………………………....15
2.1 Оқытудағы ойындардың ерекшеліктері мен құрылымы………………….15
2.2 Ағылшын тілінде қарым-қатынас жасауға ойынның ықпалы…………....17
2.3 Ойындар арқылы бастауыш сынып оқушыларын оқыту технологиялары………………………………………………………………….20
III Ағылшын тілінде қарым-қатынас жасауға оқытудағы ойындардың қолдану…………………………………………………………………….…….23
3.1 Бастауыш сынып оқушыларын ойындарды өткізуге дайындау, ойындарды өткізу және талдау……………………………………………………………….23
3.2 Қарым-қатынас жасау үшін балаларға ойындардың ықпалы………….…27
3.3 Ойындардың бала білімінің дамуына ықпалы………………………..……29
Қорытынды……………………………………………………………………..32
Глоссарий……………………………………………………………………..…34
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі………………………

Прикрепленные файлы: 1 файл

ағылшын тілінде қарым қатынас жасау технологиясы.docx

— 79.62 Кб (Скачать документ)

Салалық ( пәндік):бір пән шеңберіндегі оқыту мен тәрбие мазмұнын жүзеге асыруға негізделген әдістер мен құралдар жиынтығы.

Локальдік (модульдік)жеке әрекеттер технологиясы ұғымды қалыптастыру, дара қасиеттерді қалыптастыру және дамыту сабақ технологиясы, жаңа материалды меңгерту технологиясы, қайталау және бақылауды ұйымдастыру технологиясы, жеке жұмысты ұйымдастыру технологиясы. Сонымен бірге, кез келген педагогикалық технология негізгі методологиялық талаптарды қанағаттандыруы керек.

1. Концептуалдық негізінің болуы  қандай да бір технология философиялық, педагогикалық, технологиялық ғылыми  тұжырымдамаға негізделуі тиіс.

2. Жүйелілігі. Педагогикалық жүйенің  барлық бөліктері логикалық байланыста  болады.

3. Басқаруға оңтайлығы. Диагностикалық  болжау жасауға, жаспарлауға, нәтижеге  өңдеу енгізу мақсатында әдіс-тәсілдерді  кезектеп пайдалану мүмкіндігі.

4. Тиімділігі. Білім беру стандартын  міндетті түрде қанағаттандыруы  тиіс.

  1. Қайталауға жарамдығы. Басқа ұжымда дәл осы күйде қолдануға мүмкіндіктін мол болуы.

Педагогикалық технологияның даму көзімен құрамдас бөліктері болып:

    • әлеуметтік өзгеріс және педагогикалық жаңаша ойлау;
    • педагогика, психология, қоғамдық ғылымдар;
    • озат педагогикалық тәжірибелер;
    • отандық, шетелдік тәжірибелерді нысанға алу;
    • этнопедагогика.

Педагогикалық технологияларды мынадай талаптарға жинақтауға болады:

  1. Педагогикалық қарым – қатнасты ізгіліктік негізінде құру;
    • ынтымақтастық педагогика;
    • ізгілікті – тұлғалық оқыту технологиясы;
    • адамгершілікті қалыптастыруға негіздеу.
  2. Баланың  әрекетін жандандыру және жетілдіру негізіндегі оқыту технологиясы.
    • ойын сабақ технологиясы;
    • проблемалық оқыту;
    • тірек конспектілері негізінде оқыту технологиясы;
    • коммуникативті оқыту жүйесі.
  3. Оқу процесін ұйымдастыру және басқару тиімділігіне негізделген:
    • программалап оқыту;
    • дифференциалдап оқыту;
    • даралап оқыту;
    • ұжымдық және топтық оқыту тәсілдері;
    • компьютерлік технология;

Ж.Қараевтың педагогикалық технологиясы – оқытудың дифференциялауға негізделген, оқу үрдісіндегі мұғалім мен оқушының, оқу мазмұны мен түрдің, әдістер мен амалдардың, оқу мақсатының ықпалдасу заңдылығының жүйесі. Бұл технологияның ең басты ерекшелігі: алдымен мұғалім емес, оқушының әсерлену жүйесін қалыптастырады.                       Оның өзіндік ерекшеліктері мынада:

  • білім стандартына сай толық нәтиже береді;
  • мақсатты диагностикаға қарай ден қою және оқу нәтижесін шынайы дәл бағалауға қол жеткізеді:
  • дидактикалық үрдістің тұтастығы :
  • оқушының оқу танымдық қызметінің құрылымы мен мазмұнын анықтайтын оқу үрдісі жобасының болуы:

Ж. Қараев технологиясының жемісі сол, ол оқушыны күштеп оқудан аулақтатып, өз бетімен оқуына, ақпаратты өз бетімен өңдеуге, ешкімнің көмегінсіз өз бетінше ойланып шешім қабылдауға дағдыландырады. Әсіресе,  қазақ тілі ,орыс тілі, ағылшын сабақтарында оқушы өз ойын тұжырымды жинақтап, шешен сөйлеуге қалыптасады.Деңгейліп оқыту технологиясы тиімді нәтижелі болу үшін

 а) жеке  тұлға ерекшеліктеріне,

б) психологиялық даму ерекшеліктеріне,

в) пән бойынша білімді игеру деңгейіне көңіл бөліп отырамын.

Сабақ өткізу формаларын және түсіндіру әдістерінің жаңа тәсілдерін күнделікті сабаққа қолдануға тырысамын. Көбінесемынажағдайларғакөңілбөлемін:

1) сабақтың  мазмұны,

2) сабақты  өткізудегі тәсілдері мен әдістерін  таңдау,

3) сабақтың  нәтижелігі.

Деңгейлік тапсырмалармен жұмыс жасау арқылы оқушының өзіндік жеке жолы, темпі, даму динамикасы, ынтасы,ойлауы, есте сақтауы, оқу сапасы арта түседі.Әр оқушының ой- өрісі кеңейе түседі.Оқушыларды бағалау да ерекше, ол рейтингтік (көпұпайлы) жүйе бойынша жүзеге асады.

Бүгінгі таңда білім  жүйесін дамытпалы оқу технологиясына ыңғайлау қажеттілігі туады. Дамыта оқыту мен жеке тұлғаны қалыптастыру идеясын жүзеге асыруға мүмкіндік беретін Ж. Қараевтың «Оқытудың үш өлшемді әдістемелік жүйесінің педагогикалық технологиясы». Ағылшын тілін оқытуда  бұл технологияның басты тиімділігі :

  • оқушыны үнемі әрекетке қосады:
  • үш  кезең арқылы өздігінен үзіліссіз білім алуға ынталандырады:
  • тілдік категориялардың лексика- грамматикалық құрылымын игертіп, ауызша,жазбаша тілді қолдану аясын кеңейтуге мүмкіндік береді:
  • оқушы әрі талдай, әрі салыстыра отырып, негізгі бөлімді өздігінен меңгеруге әрекеттенеді.

      Ағылшын тілінен оқушының білім  сапасын жетілдірудегі жетістіктер  деңгейлеп оқыту технологиясында  жүйелі әрі үзіліссіз дамытуды  көздеген төмендегідей жұмыстар  құрылыммен іске асады.

  1. Жаңа тақырыпты өткен тақырыппен  байланыстыра отырып ұғындыру әрекеті.
  2. Жалпы білімді игертудегі деңгейлік тапсырмалар түрлері(I,II,III деңгей)
  3. Тест тапсырмалары
  4. Өзіндік  жұмыс
  5. Қатемен жұмыс
  6. Көп деңгейлік бақылау жұмысы
  7. Рейтинг, мониторинг арқылы білім деңгейін сараптау

    Саралап  деңгейлеп оқыту технологиясы  – оқушылардың білім сапасын  арттырудың негізгі кепілі.

  • әр тақырыптың I-ші деңгейінің тапсырмаларын міндетті түрде және дұрыс орындағаны үшін «сынақ» алу арқылы, әр оқушы пән бойынша 100 % үлгеруіне кепілдік алады.
  • әр оқушыға үй тапсырмасы мүмкіндігіне қарай беріледі.
  • Оқушыға қабілеті жететін саласынан дарынын ашуға жағдай жасалады

Оқытудың үш өлшемді жүйесінің педагогикалық технологиясы  оқытуды іздендіру мен демократияландыру жағдайында өздігінен дұрсы шешім қабылдай алатын, өзін-өзі  тәрбиеленуші тұлғаны қалыптастыруды көздейді.

 

 

1.3 Ағылшын тілінде қарым-қатынас  жасаудағы ойын әдісі

Aғылшын тілін оқытудағы және ағылшын тілінде қарым-қатынас жасаудағы негізгі аспект ол ойын элементтерін тиімді пайдалану болып табылады. Ойын арқылы бала қоғамдық тәжірибені меңгереді,қарым-қатынас жасайды, сондықтан әр сабақ үрдісінде қандай ойын қолдануға болатынын сабақтың мақсатына, жас ерекшелігіне сәйкес таңдау керек.

Ойындар бес негізгі түрге бөлінеді:

1)стол үсті  ойындары

2)  дидактикалық  ойындар

3)  қозғалыс  ойындары

4)  іскерлік  ойындар

5)  интеллектуалдық  ойындар

 

Стол үсті ойындары.

Оқушылардың зейінділігін дамытатын, ой-өрісін кеңейтетін құрал. Сыныпта стол үсті ойындарын топтық және дара жұмыста қолдануымызға болады. Топтық ойындарда балалар бір-бірімен ағылшын тілінде қарым-қатынас жасау арқылы тіл білімі дамып, ойлау, есте сақтау қабілеттері артады. Бұған ребус, кроссвордтар жатады, оларды тақтада, ватман қағазында, қима қағаздарда немесе компьютерде орындауға болады. Бұл ойындарды қорытынды, білімді тиянақтайтын сабақтарда қолданған тиімді. 
Дидактикалық ойындар.Оқушылардың таным белсендігін жандандыратын, өздігінен ойлауын, сөйлеуін, қарым-қатынас жасауын дамытатын тәсілдердің бірі. Олар кез-келген оқу материалын қызықты да тартымды қылып, оқушылардың көңілді күйін көтеруге, өздерінің жұмыстарына қанағаттануға және білім үрдісін жеңіл меңгеруге көмектеседі.

Қозғалыс ойындары.Бұл ойындар оқушылардың іс-әрекеттерін бір түрінен басқа түріне тез ауысуға көмектеседі және ешқандай арнайы дайындықты талап етпейді. Бұларды жабық бөлмеде немесе ашық аланда да өткізе аламыз.

Іскерлік ойындар.Оқушылардың оқу мазмұнын терең меңгеруге және пысықтауға ықпал етеді. Олар саяхат сабақтарда белсене қатысуымен, қарым-қатынас жасау арқылы ауызша мәлімдеуімен, күйзелуімен білімдерін жандырады. Іскерлік ойындар оқушылардың қиялын дамытады, салыстыруға және дәлелдеуге үйретеді.

Интеллектуалдық ойындар. Бұл ойындар оқушылардың зор белсенділігін оятады. Бұл категорияға «ұғымталдыққа, жүйріктікке, зеректікке» бейімделген тапсырмалар – шарадалар, жұмбақтар, бас қатырғыштар жатады.

Кез келген ойынды қолданғанда келесі мәселелерді естен шығармау керек:

-мектепте  әр-түрлі ойындарды ойнаған бала шығармашылдыққа дайын;

-ойын, оның  түрі, мазмұны оқушылардың жас  ерекшеліктеріне сай болуы;

-жарқын көрнекілік  ойынды талапқа сай өткізуге ықпал етеді;

-ойынның  қызықты материалы тақырыппен  тығыз байланыста және қарым-қатынас жасауда сөздік қорын жетілдіріп отыруына көмек болуы;  
         Менің сабақ барысында пайдаланатын кейбір ойындардың үлгілері:

1. «Міlling» – «Сыңарыңды тап» жаттығуы.

Бұл жаттығуды кезкелген пән сабағында қолдануға болады. Оқушылар екі топқа бөлінеді. «А» және «В» тобы. Өтілген тақырып бойынша бір топқа оқиғаның аты, ал екінші топқа – оқиғаның мән-жайы жазылған карточкалар беріледі. Олар сынып бөлмесінде еркін жүріп өз сыңарларын табу керек.

2.« Сөйлемді  аяқта...»

Бұл жаттығу да кезкелген пән сабағында қолдануға болады. Оқушылар екі топқа бөлінеді. «А» және «В» тобы. Өткен тақырып бойынша бір топқа сөйлемнің басы, екінші топқа сөйлемнің аяқталуы беріледі, олар сынып бөлмесінде еркін жүріп өз сыңарларын табу керек.

3.Teaching with limited Resources:

« Шектелген ресурстармен оқыту»

Бұл жағдайда мұғалім сынып бөлмесіндегі бар заттарды қолданып сабақ өткізеді. Мысалы: бөлмедегі орындықтарды пайдаланып ойындар өткізу. 
«Hot chair»- «Ыстық орындық»

Тақтаның алдында 2 орындық қойылады. Біреуі- «true», екіншісі– «false». Тақтаның алдына 4-6 оқушы шақырылады. Мұғалім өткен тақырып бойынша сөйлемдер айтады. Оқушылар естісімен екі орындықтың біреуіне жүгіріп отырады. Дұрыс отырмаған оқушы ойыннан шығады.

Жеңген оқушы тиісті «5» бағасын алады.

4.“Grammar`s Wild”  ойыны.

1.Қима қағаздар дайындаңыз: 3х5, 5х7 см

2.3х5 қағаздарға саналатын және  саналмайтын зат есімдерді жазыңыз;

5х7 қағаздарға Counted, Uncounted, Both –деп жазыңыз;

3.Оқушыларды екі топқа бөліңіз;

4.Әр топқа қима қағаздарды  таратыңыз (түстері әр-түрлі болсын);

Әр команда қағаздарды өз категориясы бойынша бөлу керек.

5.“Compare them”ойыны.

1.Жануарлардың суреттерін дайындаңыз;

2.Оқушыларды жұптап бөліңіз  де, әр жұпқа 2 суреттен беріңіз;

3.Тақтаға бірнеше сын есімдерді жазыңыз;

Мысалы: Bad short tasty

                Beautiful long small

                Good young big

                Nice old sweet

Оқушылар суреттеріндегі жануарлар ды салыстырып, неғұрлым көп  
сөйлем жазады.

5.Анаграмма / Wordsnakes

Оқушыларға берілген анаграмманы шешуге ұсынасыз: 
woruyehao  hellohowareyouIamfineseeyougoodbye

  1. “Kim`s Game” ойыны.

Оқушының сумкасындағы заттарды оқыту үшін бәрін партаның үстіне жинап қойып, оларды қайталату керек. Содан сон бір-бірден тығып, өздеріне таптыру керек. Мысалы: Close your eyes! Open your eyes! What“s missing?

7.“Bingo” ойыны   
        Бұл жаттығуды да кезкелген пән сабағында қолдануға болады. Оқушыларға керекті трафареттер мен қиынды қағаздар таратылады. Тақырып бойынша трафареттің ішіне сөздер жазылады. Мұғалім керекті тақырып бойынша айтқан сөздерді оқушылар қағазбен жауып отырады. Кімде бір қатарда ұзынынан немесе көлденеңінен сөздер жабылса, сол оқушы жеңіп шығады. 
Ағылшын тілінде қарым-қатынас жасаудағы сөйлеуді оқытудың мазмұны: Сөйлеу аудирование, оқу және жазумен тығыз байланыста. Аудирование мен сөйлеу ойды ауызша жеткізу ретінде бір-бірімен тығыз байланысты. Сөйлеу бұл тікелей оқумен байланысты. Сөйлеу жазумен де байланысты. Мысалы оқушы жазу үстінде өз ойынан сыбырлап айтып отырады.

Қарым-қатынас жасаудағы сөйлеу монологтық және диалогтық түрде жүзеге асырылады.

Диалог- бұл екі не одан да көп адамдардың сөйлеу кезіндегі қарым-қатынасы. Біреуі тыңдаушы, біреуі-сөйлеуші бола алады. Диалогтық сөйлеуге бағдарлама жасау мүмкін емес. Мысалы:

  • please give me that book.
  • what for?
  • to look at it
  • here you are
  • thank you
  • you are welcome

немесе:

What are you? 
I am a shop-assistant. 
Where do you work? 
I work in the toy-shop. 
What can you do? 
I can sell toys.

Монологтық сөйлеу логикалық құрылған сөйлемдері, бір-бірімен қатысты.

Информация о работе Ағылшын тілінде қарым-қатынас жасауға оқытудағы ойындардың қолдану