Разработка электронного учебника

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Мая 2013 в 00:30, дипломная работа

Краткое описание

Оқулығымның HTML тілінде дайындалу себебі, HTML программалау ортасы кез келген қосымшаны дайындауға болатын, жылдамдығы тез қуатты тілдердің бірі болуы және де басқа деректер қорымен жақсы байланысатынында. Онда көптеген тәгтер мен атрибуттарды пайдаланып программа дайындау, анимация, форма құру, жүгіртпе жол, мультимедия процестерін ұйымдастыру, басқа офистік қосымшаларды шақыру, олармен жұмыс істеу және тағы басқа іс-әрекеттерді орындау мүмкіндігі бар.

Содержание

Кіріспе . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 3

І-тарау. HTML программасына түсінік беру

HTML тілінің атқаратын қызметі . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 5
HTML тілінің синтаксисі мен құрылымы . . . . . . . . . . . . . . . . . . .11
HTML тілінің мүмкіндіктері . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 26

ІІ-тарау. Adobe Photoshop программасының қолдану оқулығы

2.1 Adobe Photoshop программасымен таныстыру . . . . . . . . . . . . . . .32
2.2 Adobe Photoshop-тың құралдарымен жұмыс . . . . . . . . . . . . . . . . 43
2.3 Мәтінмен жұмыс . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 48
2.4 Adobe Photoshop программасының қолдану салалары . . . . . . . .50

Қорытынды . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 53

Пайдаланылған әдебиеттер . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 54

Прикрепленные файлы: 1 файл

Дип.-HTML-программасы-арқылы-құрылған-Adobe-Photoshop-программасының-қолдану-оқулығы.doc

— 3.99 Мб (Скачать документ)

    8. Path (контуры) палитрасы – бұл палитра растрлік көрініспен жұмыс кезінде қосымша векторлық нышан түрінде болатын безье контурымен жұмыс жасау үшін арналған.

    9. Options (параметры) палитрасы жұмыс құралдарын түзету кезінде қолданылады. Таңдаған құралға байланысты палитра аты және құрамы өзгереді. Осындай құралдармен жұмыс кезінде 4 палитра қолданылады. Олар: эллипсті ерекшелеу, кисть, заливка және художественная кисть событий (artkist history).                       

      Мұнда Adobe Photoshop программасындағы құралдармен жұмыс істеу кезінде осы құралдардың көптеген мүмкіндіктерімен танысамыз. Яғни, олармен жұмыс жасау кезінде әрқайсысының қандай қызмет атқаратынын көріп, олардың жасаған әрекеттеріне көз жеткізу. Осы саймандар панелімен жұмыс істеуге бірнеше мысалдар көрсеттім. Оның оқулығымдағы көрінісі мынадай:

 


 

 

 

 

 

 

 

          

       

                                                     

 

    Енді осы тараудың бірінші бөлімінде оның қандай құралдар жасай алатынымызды айтып кетейін. Мысалы, өзіміздің кистімізді жасау деген бөлімінде кисть дайындауға болады. Ол үшін:

       1. 100x100 пиксельді өлшемде жаңа файл құрамыз және кисть тізімін                                    

           ашамыз   (Window-Show Brushes).  
       2. Екі түсті қылып алуды ұмытпаймыз (Image - Mode - Grayscale) және              

           Filter - Noise - Add Noise фильтрін қолданамыз (Monochromatic-     

           белгілеу қоямыз) және бірнеше рет қайталаймыз CTRL+F пернелер 

           комбинациясымен. 
       3. Жұмсақ шеттерімен кисть "қаттыларына" қарағанда пайдалырақ    

           болады. Жұмсақ шеттерін жасау үшін центрден тік төртбұрышты 

           ерекшелеу қажет, содан кейін Select - Feather және Select - Inverse және 

           ерекшеленген аймақты ақ түспен бояу қажет.  
       4. Кисть болған кескіннің аймағын ерекшелеу, кейіннен қара стрелканы                     

          басу және шыққын менюден Define Brush-ты таңдау. Құрған кисть

          жиынға қосылады. 
    Save Brushes-ті басқанда дәл сол мезеттегі қосылған барлық кистьтер сақталады.

    Photoshop-та түсті каналдардан басқа каналдың тағы бір түрі альфа каналдар бар. Онда сақталған, ерекшеленген облыстар(маскалар) болады. Маскалар бейненің бір бөлігін жасыруда немесе фильтрлерді қойғанда оларды қорғауда тағы басқалары қолданылады.

    Альфа-канал – бұл қажет жағдайда оны шақырып жұмысты жалғастыруға болатын, ерекшеленген облысты өзінде сақтайтын қосымша канал. Альфа каналда сақталған маска қара түспен, ал ерекшеленген облыс ақ түспен көрінеді. Photoshop-тың графикалық файлында 24-ке дейін альфа-канал болады. Альфа-каналдар баспаға шығарылмайды. Каналдар туралы мәліметті TIFF және PSD форматтағы құжаттарда сақталады. Альфа-каналдармен жұмыс істеуде каналдар палитрасы қолданылады. Ерекшеленген облысты альфа-каналда сақтау үшін:

  1. альфа-каналда сақталуы тиіс облысты ерекшелеу.
  2. Каналдар палитрасында “ерекшелеуді канал ретінде сақтау” функционалдық түймесін шерту. Ерекшеленген облыс Alpha 1 атауымен жаңа альфа-каналда сақталады.

    Кей кезде маска түсі бейне түсімен сәйкес болып қалады немесе маска мөлдірлігі төменгі пайызда болады. Бұл бейнемен жұмыс істеуді күрделендіреді. Альфа-каналдарының параметрлерін өзгерту үшін каналдар палитрасындағы альфа 1 қатарын 2 рет шертіңіз. “Канал параметрлері” сұқбаттық терезесі ашылады. Мұнда каналдың атын ауыстыруға, қажетті режимді таңдауға, қажетті түсті және мөлдірлікті таңдауға болады.

    Альфа – каналда сақталған масканы кез келген уақытта ерекшеленген облыс түрінде жүктеуге болады. Ол үшін қажетті альфа-каналды белсендіріп, каналдар палитрасындағы екінші функционалдық түймені (каналды ерекшілеу ретінде жүктеу) шерту немесе Сtrl-ды басып тұрып, альфа-каналдың атауына басып тұрып тышқанның сол жақ түймесін шерту.

    Альфа-каналды сақталған, ерекшеленген облысты әрқашанда қалам және қылқалам сурет салу құралдарымен редактрлеуге болады. Егер маскаға ақ түспен салса, онда облыс ауданы кішірейді, ал қара түспен салса үлкейеді. Альфа-каналды өшіру үшін каналдар палитрасындағы ең соңғы орналасқан каналды жою түймесін шерту керек.

    Бұдан басқа бұл тарауда құралдардың көмегімен бейнелерге түстер беру, оның анықтылығын өзгерту, оларға фильтрлер мен режимдер қолдану, т.б. көптеген мүмкіндіктері айтылған. Олардың барлығына мысалдар келтірілген.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                2.3    Мәтінмен жұмыс

 

    Оқулығымның үшінші тарауы мәтінмен жұмыс. Мұнда біз өзіміздің әртүрлі салған суретімізге, болмаса қалаған фотосуреттерге әртүрлі мәтіндер қосып жазуымызға болады.

    Photoshop программасында мәтінмен жұмыс құралы Туре болып табылады. Ол құралдың өзі мынадай түрлі болып бөлінеді. Мәтінді енгізбес бұрын осы құралды таңдаймыз. Horizontal type (горизонтальный текст) түрін таңдағанда көлденең текст болады. Vertical type (вертикальный текст) түрін таңдағанда текст тігінен жазылады. Осы 4 түрінің кез келгенін таңдағанда тексттік қабат пайда болады. Тексттік қабаттың орын ауыстыруға, көшіруге орналасу ретін өзгертуге болады. Transform (трансформация) командасы текстті масштабтауға, айналдыруға, иілуге көмектеседі. Horizontal Type Mask (горизонтальная текстовая маска) және Vertical Type Mask (вертикальная текстовая маска) түрлері текст-маска құруға арналған. Бұл режимде тексттік қабат пайда болмайды, енгізілген текстті өңдеуге болмайды, өйткені ол белгіленген облысты ерекшелеген күйінде тұрады.   

    Менің оқыту құралымда мәтінмен жұмыс істеу тарауым он бір бөлімнен тұрады. Бұл бөлімдердің әрқайсында түрлі мәтіндермен қалай жұмыс жасауы түсіндіріліп кеткен. Мысалы: пунктирлік мәтін, шеңберлеп жазу, алтынмен жазу, темір әріптері, рельефті мәтін, т.б. Ал енді осы мәтіндермен жұмыс істеу тарауының жалпы көрінісі мынадай:

      

      

    Мәтіндермен жұмыста әртүрлі мәтіндерді қалай жазатынымызды көрсеттім. Мысалы мынадай мәтін суреттерді жазуға болады:


 

 

 

                                       

 


                                                                       

   

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.4    Adobe Photoshop программасының қолдану салалары

 

    Adobe Photoshop программасы қазіргі кезде өте көп қолданылуда. Соның ішінде атап өтсек: фотосалондарда, әсемдік соландарында, жиһаз жасауда, кино афиша дайындауда, жарнама жасауда, түрлі кез келген суреттер жасап өңдеуде, фотосуреттерді жаңарту, болмаса гүл салып электрондық поштадан жіберу сияқты т.б. Айта берсек, салалар өте көп, солардың біразында қолданысқа ие. Тек қана осындай салаларда емес, сонымен қатар күнделікті оны өзіміз сияқты адамдар, студенттер, оқушылар пайдалануда. Мысалы, мен  Adobe Photoshop программасында кез келген суреттерді өзіме қажетті форматын осында өңдеп ауыстырамын. Сол сияқты басқалары үйлерінде үйреніп фотомонтаж жасайды, өзінің түскен суретінің фонын өзгертіп, суретін әшекейлегісі келетіндердің барлығы осы программаны үйреніп, ізденіп пайдалануда. Мен де оларға көмек ретінде осы қолдану салалардың ең қажет деген мысалдарын оқулығымда көрсеттім. Осы Adobe Photoshop программасының қолданылуына құрылған оқулығымның көрінісі мынадай:

 

   

 

    Мен осы Adobe Photoshop программасын оқып үйренген адам өзіне қажетті суреттердің бәрін ешқандай да фотосалондарға бармай үйінде өзінің қалауы бойынша жасай алады деп сенемін.

    Photoshop программасының қолдану салаларының жарнамадағы қолданылу саласына тоқталатын болсақ, оның программадағы көрінісі келесідей:


   

 

 

 

     

 

 

 

   

    Photoshop программасының қолдану салаларының фотосалондағы қолданылысына тоқталатын болсақ, оның программадағы көрінісі келесідей:


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

    Photoshop программасының қолдану салаларының ішіндегі суретшілердің    Photoshop-ты қолданылысына тоқталатын болсақ, оның программадағы көрінісі келесідей:

 

       

 

    Photoshop программасының қолдану салаларының кино афиша құрудағы программалық көрінісі келесідей:

 

        

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

    Дипломдық жұмыстың нәтижесінде HTML программасы арқылы құрылған Adobe Photoshop программасының қолдану оқулығын дайындадым.

    Бұл оқулығымның Adobe Photoshop программасының қолдану салаларын біліп, оның біраз қажет деген мысалдарын үйренемін деушілерге жақсы пайдасы тиеді деп үміттенемін. Өйткені бұл оқулығымды дайындауда мысалдарымды нақты, қысқа, әрі үйренушілерге түсінікті болатындай қадамдарымды нақтылап, сызбаның суреттерін пайдаланған жағдайда олардың да суретін көрсетіп қандай өзгеріс енгізсе, қандай нәтиже алынатынын да көрсеттім.

    Осы жасалған жұмыстардың нәтижесінде осы ғасыр талабына сай қолдануға болатын электрондық оқулық жасалынды. Жасалынған жұмысты қолдану арқылы пайдаланушы өзіне қажетті материалдарды игере алады. Дипломдық  жұмысымның кiрiспе бөлiмiнде көрсетiлген өзекті мәселелерге, қажетті теориялық білімге қысқаша шолу берілді және оларға сай жұмыстың мақсаты мен міндеттері қарастырылды.

    Сонымен қорыта келе, “Adobe Photoshop программасының қолдану оқулығымның” пайдасы көп деп есептеймін, себебi қазіргі кезде жастардың көп қолданатындары осы программа және оның мүмкіндіктері болып табылады. Бұл оқулықта келтірілген мысалдардың бәрі суреттермен көрсетілген, сондықтан да үйренушілерге осы оқулықпен үйренгендері ыңғайлы әрі түсінікті болар деп ойлаймын.

    “Adobe Photoshop” программасының қолдану салаларының түрлері әлі де көп. Қазір күннен күнге дамып, көбеюде. Сондықтан әлі бұл жұмысымның зерттелетін мәселелері бар. 

 

 

 

  • Пайдаланылған әдебиеттер

    1. О.Н.Рева. HTML. Просто как дважды два. Москва: Эксмо, 2007. – 256с.
    2. С.Велихов. Справочник по HTML 4.0. Серия книг «Руководство по работе: советы, хитрости, трюки и секреты». Москва: Бук-пресс,    2006. – 412с.
    3. Е.Л.Полонская. Язык HTML. Самоучитель.: - М.: Издательский дом «Вильяме», 2003. – 320с.
    4. С.Луций. «Изучаем Photoshop». Санкт-Петербург, 2002.
    5. Ю.А.Гурский, А.В.Васильев. Photoshop CS 2. Трюки и эффекты. – СПб.: Питер, 2004. – 555с.
    6. Ю.Гурский, И.Гурская. Photoshop CS 2. Питер<span class="dash0411_0430_0437_043e_0432_044b_0

    Информация о работе Разработка электронного учебника