Разработка электронного учебника

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Мая 2013 в 00:30, дипломная работа

Краткое описание

Оқулығымның HTML тілінде дайындалу себебі, HTML программалау ортасы кез келген қосымшаны дайындауға болатын, жылдамдығы тез қуатты тілдердің бірі болуы және де басқа деректер қорымен жақсы байланысатынында. Онда көптеген тәгтер мен атрибуттарды пайдаланып программа дайындау, анимация, форма құру, жүгіртпе жол, мультимедия процестерін ұйымдастыру, басқа офистік қосымшаларды шақыру, олармен жұмыс істеу және тағы басқа іс-әрекеттерді орындау мүмкіндігі бар.

Содержание

Кіріспе . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 3

І-тарау. HTML программасына түсінік беру

HTML тілінің атқаратын қызметі . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 5
HTML тілінің синтаксисі мен құрылымы . . . . . . . . . . . . . . . . . . .11
HTML тілінің мүмкіндіктері . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 26

ІІ-тарау. Adobe Photoshop программасының қолдану оқулығы

2.1 Adobe Photoshop программасымен таныстыру . . . . . . . . . . . . . . .32
2.2 Adobe Photoshop-тың құралдарымен жұмыс . . . . . . . . . . . . . . . . 43
2.3 Мәтінмен жұмыс . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 48
2.4 Adobe Photoshop программасының қолдану салалары . . . . . . . .50

Қорытынды . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 53

Пайдаланылған әдебиеттер . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 54

Прикрепленные файлы: 1 файл

Дип.-HTML-программасы-арқылы-құрылған-Adobe-Photoshop-программасының-қолдану-оқулығы.doc

— 3.99 Мб (Скачать документ)

    HTML құжатқа дыбыс немесе анимация құбылыстарын шығару үшін оларды ойнайтын программалық модульдің компьютерге алдын ала орнатылып қойылуы тиіс. Мұндай модульдерге MS MediaPayer, AppleQuickTime, RealPlayer G2  т.с.с. программалық өнімдер жатады.

    HTML құжаты келесі типтегі мультимедиалық ақпаратты бейнелей алады:

    .avi – дыбыс/бейне интерфейсі (Audio/Video Interface). Windows жүйесінде дыбыспен және бейнеклиптермен жұмыс істеуді қамтамасыз ету үшін қолданылады. Бұл форматағы файлдар өте шағын болып келеді және желі бойынша ұзақ жүктелмейді. Сондықтан пайдаланушылар көп жағдайда .avi форматтағы файлдарды қолданады;

    .mp3 – бұл формат негізінен дыбыстық және бейне файлдарды сығымдау үшін қолданылады. Файлдарды кодек әдісімен (сығымдау және қалпына келтіру әдістері) сығымдағанда олардың көлемі өте шағын болғанмен, сапасы жоғары күйінде қалатындықтан Internet желісінде бұл формат пайдаланушылар арасында кеңінен танымал;

    .mpeg – стандартталған бейнеформат. Сонымен қатар ол өте тиімді және оның сығымдау техникасы жоғары деңгейде, т.с.с.

    Дыбыс және бейне файлдардың Web-бетте орналасуы екі түрлі тәсілмен жүзеге асырылады: <A> тәгін немесе <EMBED> тәгін қолдану.

    Бұл тәсілдердің екеуі де мультимедиалық файлды іске қосу үшін сыртқы модуль программаны қолданады. Олардың бір-бірінен айырмашылығы бірінші тәсіл бойынша сыртқы модуль-программаны бейнеклипті броузерден тыс орындайды да, екінші тәсіл бойынша бейнефильм пайдаланушы броузерінің ішінде орналасады.

    Бейнефильмді бірінші тәсілді пайдаланып орнату үлгісі:

                <A HREF = Суреттер/Сурет.avi> Бейнефильм </A>

EMBED тәгінің бірнеше атрибуттары бар:

  • height=“pixel/percent”. Бейнеклиптің орындалатын аумағының биіктігі;
  • Width=“pixel/percent”. Бейнеклиптің орындалатын аумағының ені;
  • autopla =“true/false”. Егер атрибут мәні true болса, бейнеклип Web–бет іске қосылған мезетте бірден орындала бастайды, ал мән false болса, бейнеклипті орындауға жіберу үшін модуль-программаның басқару панеліндегі іске қосу түймесіне шерту керек;
  • controller=“true/false”. Пайдаланушыға броузерге басқару элементтерін кірістіруге мүмкіндік береді;
  • loop=“true/false”. Егер пайдаланушыға бейнеклиптің циклдік түрде айналып орындала беруі қажет болса, атрибутке true мәнін меншіктеу керек. Басқа жағдайда клип бір рет қана орындалады.

    Web  парақты құрғанда  оны әсемдендіре түсетін графикалық  кескіннің бірі – сырғымалы немесе жүгіртпе жол. Жүгіртпе жолды орналастырмастан бұрын оның орны мен мәтінін ойластырып алуы керек. Жүгіртпе жолды құрайтын негізгі және жалғыз ғана қосарланған тәг бар. Ол <MARQUEE> мәтін </MARQUEE>.

    Мәтін сөзінің орнына компьютер экранында жүгіртетін кез келген сөзді немесе сөйлемді орнастыруға болады. Жүгіртпе жолдағы мәтін бағытының орналасуының қарапайым түрі экранның оң жақ шетінен сол жақ шетіне барып тоқтауы. Жүгіртпе жолдың бағытын өзгертуге болады. Ол үшін бағыттың арнайы атрибуты қолданылады.

    Егер жүгіртпе жолды оңнан солға қарай бағыттағыңыз келсе, онда тәг келесі түрде болады:

                    <MARQUEE DIRECTION = LEFT> мәтін </MARQUEE>.

    Егер жүгіртпе жолды солдан оңға қарай бағыттағыңыз келсе, онда RIGHT мәнін қолдану керек, яғни

                   <MARQUEE DIRECTION = RIGHT> мәтін </MARQUEE>.

    Жүгіртпе жолды беттің бойымен бағыттау үшін төмендегідей атрибуттар тобы қолданылады:

  • scroll – оңнан солға қарай, яғни бір бағытта жылжитын стандартты қозғалыс. Бұл атрибут шексіз циклді құрайды. Циклдің санын LOOP операторын енгізу арқылы шектеуге болады, мысалы:               <MARQUEE LOOP = n BEHAVIOR = scroll> мәтін </MARQUEE>. LOOP операторының n мәні циклдің қайталану санын білдіреді. Бұл жағдайда тәгке BEHAVIOR атрибуты scroll мәнімен енгізілгендіктен мәтін Web-парақтың оң жақ шетінен сол жақ шетіне қарай үш рет стандартты қозғалыс жасайды.
  • slide – мәтін оңнан солға қарай бір рет жүгіріп өтеді және сонда қалады, яғни мәтіннің жылжымай тоқтап тұруын қамтамасыз етеді.
  • alternate – қозғалыс парақтың оң жағынан солға қарай болады және керісінше, яғни қос бағытта қозғалады. Мұнда шексіз қайталану орындалады.

    Жүгіртпе жолдың тәгіне төмендегі атрибуттарды қосқандағы қозғалыстарды қарап шығыңыз және есіңізде сақтаңыз:

         <MARQUEE BEHAVIOR = scroll> мәтін </MARQUEE>

         <MARQUEE BEHAVIOR = slide> мәтін </MARQUEE>

         <MARQUEE BEHAVIOR = alternate> мәтін </MARQUEE>

    Жүгіртпе жолды Web-парақтың толық бетіне шығарудың қажеті жоқ. Жүгіртпе жолдың алатын орнының өлшемін беру жеткілікті. Ол үшін:

                    <MARQUEE WIDTH = n> мәтін </MARQUEE>

пайдалану керек. Мұндағы n – жүгіртпе жол орналасқан парақтың ені. n мәнін пиксельмен немесе пайызбен беруге болады.

                   <MARQUEE scrollamount = n> мәтін </MARQUEE>

мұндағы n пиксель саны.

    Мәтіннің экранда қайта көріну жылдамдығын беру үшін уақыт аралығы беріледі. Бұл жағдайда t айнымалы шамасы миллисекундпен белгіленеді:

                   <MARQUEE scrolldelay = t> мәтін </MARQUEE>.

    Жүгіртпе жолдағы мәтіннің өлшемін көрсету мүмкіндігі де бар. Ол үшін:

                  <FONT SIZE = n><MARQUEE> мәтін </MARQUEE>.

    Жүгіртпе жолды қандай да бір түспен бояуға да болады:

                  <MARQUEE BGCOLOR = n> мәтін </MARQUEE>,

мұндағы n-ді он алтылық санмен немесе ағылшын тіліндегі түстің атымен беруге болады.

    n шамасын пиксельмен белгілеп жүгіртпе жолдың биіктігін беруге болады:

                   <MARQUEE HEIGHT = n> мәтін </MARQUEE>.

    Пайдаланушылар сайттағы мәліметтерді оқып қана қоймай мәлімет алмасуларына да мүмкіндіктері бар. Ол үшін Web-бетке форма құрылады. Форманың түрлі типтегі басқару элементтері бар, яғни мәтіндік өрістер, ашылатын тізімдер, жолаушылар, ауыстырып қосқыштар, т б.

    Форма <FОRM> және </FОRM> қосарланған тәгтерімен құрылады. Ондағы өрістер <INPUT> тәгінің TYPE = “text” атрибутының мәнімен құрылады. NAME міндетті атрибутының көмегімен мәлімет алынады. SIZE атрибутының мәні санмен беріледі. Ауыстырып қосқыш тобы <INPUT> тәгінің  TYPE = “radio” атрибутының мәнімен құрылады, т.б. VALUE, CHECKED, OPTION, SELECT, TEXTEREA тәгтерін пайдалануға болдаы. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІ-тарау.  Adobe Photoshop программасының қолдану оқулығы

                     2.1     Adobe Photoshop программасымен таныстыру

 

    Менің дипломдық жұмысым “HTML тілінде Adobe Photoshop программасының қолдану оқулығын дайындау.” Оқулығымның мазмұны төрт тараудан тұрады. Олар:

    • Adobe Photoshop программасымен таныстыру;
    • Adobe Photoshop-тың құралдарымен жұмыс;
    • Мәтінмен жұмыс;
    • Adobe Photoshop программасының қолдану салалары.

    Оқулығымның мазмұнына келіп тоқталатын болсақ, оның жалпы көрінісі келесідей:

                                                        

 

    Енді оқулығымның мазмұнының бірінші тарауына келіп тоқаталатын болсақ, яғни Photoshop программасымен таныстыру тарауына, оның өзі алты бөлімді қарастырады. Жалпы осы тараудың оқулықтағы көрінісі мынадай: 


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

    Жалпы осы таруда Adobe Photoshop программасына түснік берілген, оның құралдарының қандай қызмет атқаратыны айтылып, бұдан басқа Photoshop программасының режимдеріне, түстік модельдеріне және фильтрлеріне түсінік берілген. Мұнда Photoshop программасында жиі қолданылатын түсініктерге қысқаша шолып өттім.

    Қазіргі кезде компьютерлік технология қоғам өмірінің барлық саласына түбегейлі өзгерістер енгізіп отыр. Оның бір сапалы компьютерлік графикаға сұраныс күннен-күнге артуда. Алғашқы кезде компьютерлік графикамен тек комьютерлік технологияны жетік меңгерген мамандар айналысса, қазіргі таңда осы бағытта барлық қолданушыларға арналған программалар пакеті бар. Бұл программалар өте қарапайым әрекетті орындаудан бастап қиын да күрделі дизайнерлік жұмыстарды атқарады. Қолданбалы программалық қамсыздандырудың мынадай түрлері бар: Сorel Draw, Page Maker, Adobe Photoshop.

    Енді Adobe Photoshop программасына тоқталар болсақ, мұнда кез келген кескіндік суретті өңдеу, түзету, фондық түс беру сияқты әртүрлі ортада даярланған объектілерді біріктіру, жинақтау, өңдеу жұмыстарында қолданылады. Adobe Photoshop программасы арқылы ескі фотосуретті жаңалау, яғни басқа түске бояу, көйлекке жаға салу, шашты үлкейту, беттегі әжімді алу, бетті тазалау, ағарту, т.с.с. Қазіргі қолданылатын программалар арқылы үйлену, сүндет той, қыз ұзату, мүшелтой сияқты шақыру билеттері өңделіп даярланады. Әсемдік салонында адамдардың бет бейнесін бөлек шығарып оған шашын әсемдеуде, ал криминалистикада іздеу салу жұмыстарында, портрет жасау жұмыстарында қолданылады. Photoshop программасын іске қосақаннан кейін экранда оның жұмыс үстелі көрінеді. Windows ортасында жұмыс істеп жүрген пайдаланушы үшін мұндағы біраз элементтер таныс болады. Ондағы кескін терезесі компьютердің оперативті және виртуальді жадысының мүмкіншілігіне қарай бір уақытта бірнеше кескіндерді ашуға мүмкіндік береді. Әрбір кескін бөлек терезелерде ашылады. Бір терезеден келесі терезелерге өту Ctrl + tab пернелерін басу арқылы орындалады. Масштабтау алаңында – активті кескіннің көріну өлшемі көрсетіледі (төменгі сол жақ қатарында, бұрышында % - пайыз күйінде). Ақпарат алаңы кескіннің жад өлшемін көрсетеді. Қалып-күй қатары бұл жерде таңдалған саймандарды және  кескінді көрсетеді. Егер қалып-күй қатары көрінбей тұрса, Окно → Отобразить строку состояния  командасы арқылы шығарамыз.      

Photoshop программасы бейнедегі әрбір қабатты қабаттар палитрасында көрсетіледі. Әрбір қабаттың аты ал тұсында кішірейтілген көшірмесі болады. Ал егер көрініс бірнеше қабаттардан тұратын болса, қабаттар палитрасында қабаттың атын көрсетілген жазудың үстінен басып тұрып басқа қабатпен орындарын ауыстыруға болады. Қабаттардың бір-біріне қатысты орналасуымен бір-біріне әсер етуі көп қабатты көріністермен жұмыс жасауда аса маңызды. Алайда фондық қабатты қозғауға болмайды. Кәдімгі қабатты фондық астына да қоюға болмайды. Қабаттың сол жақ тұсында орналасқан көз белгішесі қабаттың көрініп тұрғанын және көріністі құруға қатысып отырғанын білдіреді. Белгішенің үстінен шертсе, қабат көрінбей қалады да көрініс құруға қатыспайды. Оны қайта шертсек, қабат қайта қосылады. Қабатты таңдау үшін қабаттар палитрасынан керекті қабаттың аты бар жазудың үстінен шертсе жеткілікті. Осыдан кейін көріністерге қандай әрекеттер жасасақ та, қылқаламмен сурет салсаң, өшірсек, боясаң мұның бәрі тек таңдалған қабатқа қана әсер етеді. Қабаттар палитрасындағы таңдалған қабат тұсындағы қылқалам түріндегі белгіше осыны хабарлайды. Кейде қабаттар палитрасында қабаттың кішірейтілген суретінде шахмат тақтасы сияқты боялған фрагменттер бар екенін байқауға болады. Бұл фрагменттер қабаттың түссіз жерлері болып табылады. Алайда мұндай түссіз фрагменттері жоқ қабатты да жартылай түссіз етуге де рұқсат етіледі. Мұны түссіздік (непрозрачность) дәрежесі шамасы арқылы көрсетеміз. Егер бұл шама 0-пайыз болса, қабат толығымен түссіз болады және керісінше. Қабаттар палитрасының төменгі жағында 6 түйме орналасқан. Оның ең соңғы түймесін таңдау арқылы активті қабатты жоюға болады. Бесінші түйме жаңа қабат құруға мүмкіндік береді. Әдетте қабаттарға  еayers 1, еayers 2, тағы сол сияқты аттар беріледі. Қабаттың атын өзгерту қажет болса, қабатты 2 рет шертіп, жаңа атау енгіземіз.              

Қабаттың көшірмесін алу үшін менюден Қабат→Дублировать. Қабаттар палитрасының жоғарғы жағында Lock деген атпен біріктірілген 4 түйме қабаттың бетіне байқаусыздан өзгеріс енгізуден сақтайды. Олардың қызметтері:

- көріністің түссіз аймақтарын өзгертуге рұқсат етпейді.

  

- көріністің түссіз де, түсті де аймақтарын өзгертуге рұқсат етпейді.

 

- көріністің қабат үстіне орналасуын өзгертуге рұқсат етпейді.

 

- қабатпен кез келген операция жасауға және оны жоюға рұқсат               

  етпейді.

         Бұдан басқа қабаттарының қасында             мынадай түйме бар. Оның қызметі осы белгімен белгіленген қабатпен активті қабат (қылқалам белгішесімен белгіленген) арасында байланыс орнату. Бұл түйме бірнеше қабаттың бірге жұмыс істеуі кезінде қолданады. Бірнеше қабаттарды уақытша байланыстырудың басқада тәсілі бар.  Ол үшін  бірнеше қабатты бір 


жиынға біріктіруге болады. Жаңа бос жиынды құруға арналған түйме  палитраның төменгі  жағындағы 3-і  түйме. Жиынға Set 1, Set 2, тағы сол сияқты атаулар беріледі. Жиынның қасында орналасқан   түймесін шертсек, жиынның құрамына кіретін барлық қабаттарды программалар жасырады да, түйме басқа түрге өзгереді. Қайтадан шертсек жиынға кіретін қабаттарды көре аламыз.

    Қабат маскасы – бұл қабат үстіне орналасатын және қабат бөліктерін көрінбейтін немесе жартылай көрінетін етуге мүмкіндік беретін арнайы маска. Қабаттың бір маскасы ғана болуы мүмкін. Қабат маскасы “Қабаттар”  палитрасында көрінеді. Каналдар палитрасында қабат маскасы жаңа қатарға орналасады және оның аты қабат атауына Mask сөзі қосылып аталады. Маска мөлдірлігі негізгі түске байланысты. Егер негізгі түс қара болса, онда маска мөлдір. Егер ақ болса, мөлдір емес болады. Негізгі түс ретінде кез келген басқа түсті таңдалған кезде маска жартылай мөлдір болады. Қабат маскасын фон қабаты үшін құруға болмайды. Қабат маскасы қабаттар палитрасының төменгі жағындағы “Қабат маскасын қосу” функционалдық түймесі арқылы құрылады.                                                                                                                                                                                                        

    Саймандар панелі (Toolbox) Photoshop-тың графикалық құралдарының түймелерінен тұрады. Бұл саймандар панелінде 20 түйме бар. Бірақ 40-тан асатын сайманы бар. Бұлар көптеген операциялар және процедуралар, ерекшелеулер, бояулар, редактрлеумен және кескінді көрумен байланысты тез орындауға арналған құралдар.   Бұдан басқа, саймандар панелі түсті таңдаудағы басқару элементтерінен, жылдам маска режиміне ауысу және экрандағы кескіннің көрінісін өзгерту тәсілінен тұрады. Саймандар панелі кейбір саймандардың түймелерінің төменгі оң жақ бұрышында кішкентай үшбұрыштар бар. Бұл деген құралдың өзінің ашылатын қосымша саймандар панелі бар екендігін айқындайды. Мұндай панельді ашу үшін үшбұрыштың үстіне тышқанның сол жақ батырмасын басамыз.

Информация о работе Разработка электронного учебника