Разработка электронного учебника

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Мая 2013 в 00:30, дипломная работа

Краткое описание

Оқулығымның HTML тілінде дайындалу себебі, HTML программалау ортасы кез келген қосымшаны дайындауға болатын, жылдамдығы тез қуатты тілдердің бірі болуы және де басқа деректер қорымен жақсы байланысатынында. Онда көптеген тәгтер мен атрибуттарды пайдаланып программа дайындау, анимация, форма құру, жүгіртпе жол, мультимедия процестерін ұйымдастыру, басқа офистік қосымшаларды шақыру, олармен жұмыс істеу және тағы басқа іс-әрекеттерді орындау мүмкіндігі бар.

Содержание

Кіріспе . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 3

І-тарау. HTML программасына түсінік беру

HTML тілінің атқаратын қызметі . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 5
HTML тілінің синтаксисі мен құрылымы . . . . . . . . . . . . . . . . . . .11
HTML тілінің мүмкіндіктері . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 26

ІІ-тарау. Adobe Photoshop программасының қолдану оқулығы

2.1 Adobe Photoshop программасымен таныстыру . . . . . . . . . . . . . . .32
2.2 Adobe Photoshop-тың құралдарымен жұмыс . . . . . . . . . . . . . . . . 43
2.3 Мәтінмен жұмыс . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 48
2.4 Adobe Photoshop программасының қолдану салалары . . . . . . . .50

Қорытынды . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 53

Пайдаланылған әдебиеттер . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 54

Прикрепленные файлы: 1 файл

Дип.-HTML-программасы-арқылы-құрылған-Adobe-Photoshop-программасының-қолдану-оқулығы.doc

— 3.99 Мб (Скачать документ)

    Тәгтерді жазудағы тағы бір маңызды мәселе бос орындар қалдыру. HTML кодтарының кейбір тұстарына бос орын қалдыру міндетті болса, кейде артық қалдырылған бос орын броузерді қатты шатастыратыны сонша, ол ешқандай да ақпарат бере алмай қалады.

    Жоғарыда айтылған атрибуттар тәгтердің әрекетін анықтайды. Көп жағдайда тәгтер атрибутсыз жұмыс жасайды. Алайда міндетті түрде атрибуты болуы тиіс тәгтер кездеседі. Атрибуттар тәгтердің атауынан кейін бір бос орын тасталып, мән меншіктеліп жазылуы керек. Тәгтерде бірнеше атрибут болса, олар бос орын арқылы ажыратылып жазылады.

    HTML тілінде тәгтерге атрибуттар тіркеліп, атрибуттарға мәндер меншіктеліп жазылған сөйлем жол деп аталады. Атрибуттарға міндетті түрде мән меншіктелуі тиіс. Бұлай болмаған жағдайда HTML тәгті қабылдамайды. Атрибуттарға меншіктелетін мәндер сандық, мәтіндік, пайыздық, т.с.с. болуы мүмкін. Атрибуттардың алдына теңдік белгісі (═) қойылады және он алтылық мәндерден басқа типтегі мәндер тырнақшаға (“”) алынып жазылады. Бұл HTML-да жол жазудың жалпы ережелерінің бірі. Жабылу тәгінің ешқашанда атрибуттары болмайды.

    HTML құжаты сол құжаттың негізгі мәтінінен және белгілеу тәгтерінен тұрады да қарапайым символдар жиыны болып табылады.

  1. HTML құжатының кез келгені <HTML> ашылу тәгінен басталып, соған сәйкес </HTML> түріндегі жабылу тәгімен аяқталады. Осы екеуінің ортасында құжаттың тақырыптық бөлігі мен тұлғасы болып келетін негізгі бөлігі орналасады.
  2. Құжаттың тақырыптық бөлігі <HEAD> және </HEAD> тәгтерінің ортасында тұрады да, жалпы құжат туралы мәлімет береді. Әдетте бұл бөлікте <TITLE>...</TITLE> тәгтерімен шектелетін құжаттың ресми атауы орналасады. Көптеген броузерлер бұл атауды терезе тақырыбында тұратын файл аты есебінде пайдаланады.
  3. Жазылатын мәтін құжат тұлғасы деп аталатын <BODY> және </BODY> тәгтерінің ортасына жазылады.

    Осы айтылған төрт тәг  HTML  құжатының кез келгенінде болуы тиіс. HTML тілінің құрылымы олардың толық болуын талап етеді. Өйткені алдын ала тұтынушының қандай броузер пайдаланатыны, оның қалай жұмыс істейтіні программа құрушыға белгісіз.

    Құжатта қолданылып жатқан тәгтер мен әрекеттерге берілетін түсініктемені құжат денесінің кез келген тұсына енгізуге болады. Түсініктеме үлкен Web-беттер құрғанда өте тиімді. Түсініктеме арнайы символдардан <!- басталады да, түсінік беретін мәтін осыған жалғаса жазылады. Түсінік мәтін соңына -> символдары жазылуы тиіс, түсінік мәтін “үлкен” таңбасынан (>) өзге кез келген символдардан құрастырыла береді.

    HTML  құжатының денесі орналасатын негізгі бөлігі <BODY>...</BODY> тәгтері арқылы іске асырылады. Құжат денесіне енгізілетін ақпарат келесідей болуы мүмкін:

    Мәтін. Құжат құрамында кездесетін мәтіндер. Олар оқылуы жеңіл әрі түсінікті болу үшін форматталуы да мүмкін.

    Графикалық кескін. Құжатта жылжытуға немесе ақпаратты көрнекі түрде беру үшін енгізілетін графикалық ақпарат.

    Сілтеме. Web түйіннің ішінде оңай жылжуға және желінің басқа да тұстарына жылдам өтуге арналған сілтемелер.

    Мультимедиа және арнайы программалар. Бейнероликтер, Java аплеттерімен, Flash, Shockwave программаларымен жұмысты басқаратын тәгтер құжат денесінде орналасуы тиіс.

    Мәтіндерді жаңа жолдардан басталатын абзацтарға қалай бөлу керек? Ол үшін <P> және </P> тәгі қолданылады. Оны абзацтың басына қою керек. Алдын ала көру программасы бұл тәгті кездестіргенде абзацтың алдына бос қатарды қояды. Бір абзацты жаппай, жаңа абзац бастап кетсек, алдыңғы абзац автоматты түрде жабылады. Сондықтан көбіне </P> жабылу тәгін жазбауға да болады.

                                   <P> тәгінің жазылу түрі:

                                          <P> мәтін </P>.

    Абзац мәтінінің бетте орналасуы тәгтің ALIGN атрибутына меншіктелетін параметрлерге байланысты. ALIGN атрибутының туралау параметрлерін де беруге болады:

    • RIGHT – оң жағынан туралау;
    • LEFT – сол жағынан туралау;
    • CENTER – ортасымен туралау;
    • JUSTIFY – енінен туралау.

    Мәтінді туралаудың тағы бір әдісі бар, яғни мәтіннің сол және оң жағының қашықтығы бірдей болады, оның жазылу түрі:

                                 <CENTER> мәтін </CENTER>.

    Егер мәтінді жаңа жолдан бос орын қалдырып жазу керек болса, онда <Р> тәгінен кейін бос орынды білдіретін бірнеше белгіні қою керек, яғни &nbsp. Мысалы,

                 Тақырып

                 <Р>&nbsp; &nbsp; &nbsp; Мәтін.

    Мәтіннің логикалық бөліктерін белгілеу үшін әдетте тақырыптарды пайдаланады (headings). Олар латынның бас әріптерімен (Н) немесе кіші әріптерімен (Һ) белгіленеді. әріптер кейінгі цифр тақырыптың өлшемін білдіреді және олар алты түрлі болады. Кез келген мәтін тәрізді тақырыпты сол жақ шеті бойынша, оң жақ шеті бойынша және ортасымен туралауға болады. Тақырыпты тасымалдауға болмайды.

    Мәтіннің логикалық бөліктерін ерекшелеуде қандай элементтерді пайдалануға болады? Ең жақсы бір әдіс – көлденең сызығы (Horizontal Rule). Ол <HR> тәгімен сипатталады, мұнда жабылу тәгін қолданбауға болады. <HR> тәгінің алдына немесе одан кейін <P> немесе  <BR> тәгін қою керек. Егер сізді мәтіннің сызықтан қашықтығы қанағаттандырмаса, онда <HR> тәгінен кейін бірнеше <BR> тәгін бірінен кейін бірін орналастырыңыз.

Мысалы,

                   Тақырып

                  <HR>

                 <BR><BR><BR> Мәтін

    <BR> көп болған сайын мәтін сызықтан алшақтайды. Мұны сызықтан басқа жағдайда да қолдануға болады.

    <HR> тәгінің міндетті емес атрибуттарын да айта кеткен жөн:

<HR ALIGN=”…” COLOR=”…” NOSHADE SIZE=”N” WIDTH=”N”>

Мұндағы,

  • align=”…” – тырнақшаның ішіне туралау түрлері көрсетіледі, яғни right (оң жақ), left (сол жақ) және center (ортадан). Сәйкесінше сіздің сызығыңыз оң жақ, сол жақ және ортада орналасады.
  • color=”…” – тырнақшаның ішіне сызық түсі орнатылады. Ол стандартты түрде беріледі (бұл туралы кейінірек әңгіме етіледі). Бұл атрибут тек Internet Explorer 3 немесе 4 программаларында жұмыс істейді.
  • Noshade алдын ала орнатылған қалың сызық.
  • size=”n” – сызықтың қалыңдығы, мұндағы n –пиксельмен берілген қалыңдығы.
  • width=”n” немесе width=”n%” - мұнда n пиксельмен немесе пайызбен берілген сызықтың ені.

    Ең көп қолданылатын параметрлер сызықтың қалыңдығы мен мөлшері. Олар size немесе width параметрлері арқылы беріледі: <HR SIZE=2 WIDTH=”10%”>.

    Көлденең сызықты кез келген графикалық редакторда салуға болады, одан кейін HTML-кодын қою керек.

    Кез келген графикалық редакторда түрлі-түсті сызықты сызып, оны 1.gif түрінде өзіңіздің құжаттарыңызға, яғни осыған қатысты құрылған файлдары тұрған бумаға сақтаңыз. Сызылған сызықты параққа код арқылы орналастыру керек. Ол үшін <img src> тәгін пайдаланыңыз:

                    <img src=1.gif>

    HTML тілінде программа құру барысында сіздің парағыңызда мәтінді өзгеріссіз, яғни форматтау элементтері сол күйінде (қаріп түрін, өлшемін, кестені, т.б.) берілу үшін <PRE> және </PRE> қосарланған тәгін пайдалану керек.

    <PRE> және </PRE> тәгтерінің арасына мәтіндік редактордан көшірілген кез келген мәтіннің бірнеше абзацтарын орналастыруға болады. Бұл тәгтердің қалай жұмыс істейтінін толық түсіну үшін кесте орналасқан кез келген мәтінді таңдап, орналастырып, нәтижесін көре аламыз.

    HTML-де сіз Web-парақтарыңызды әшекейлеу барысында - өте қажет элемент – тізімдерді қолдану. Тізімдер пайдаланушыға Web-беттегі ақпараттың негізгі бөліктерінің басты мәселелерімен таныстыруда үлкен маңызға ие. HTML тілінде тізімдер ақпаратты логикалық элементтер тізбектеріне бөліп қарастыруға мүмкіндік береді.

    Тізімдер сонымен қатар Web-дизайнда да көп пайдасын тигізеді. Оның көмегімен маңызды ақпараттар тізбегін ерекшелеп қоюға, глоссарийлер, т.с.с. жасауға болады.

    HTML тілінде тізімдерді құруда қолданылатын тәгтер:

  • <UL> … </UL> - маркерлі тізім;
  • <OL> … </OL> - нөмірленген тізім;
  • <LI> - тізім элементі;
  • <DL> … </DL> - анықтамалар тізімі.

    Тізімдер әр түрлі болады, яғни маркерленген, нөмірленген және ішкі тізімдер.

    Нөмірленген тізімде (Ordered List) әрбір элементтің тізбектелген нөмірден тұрады. Программа алдын ала орнатылған араб цифрларын (1, 2, 3, 4, ...) орналастырып шығады.

    Маркерленген тізімде (Unordered List) тізімнің әрбір элементіне маркер қойылады. Маркерленген тізімді құру үшін келесі тәгтер қолданылады:   

<ul> .. </ul>.

    Ішкі тізім (Nested Lists) маркерленген және нөмірленген тізімдердің екеуінен құралады. Сондықтан оны құру үшін маркерленген және нөмірленген тізімдердің тәгтері қолданылады.

    <UL> тәгінің TYPE атрибуты – маркердің типін білдіреді. Оны көрсету шарт емес. Оның параметрлері:

  • <ul type=”circle”> - дөңгелек;
  • <ul type=”disk”> - бос дөңгелек;
  • <ul type=”sguare”> - шаршы (квадрат).

    <OL> тәгінің шартты емес атрибуттары <ol start=”n” type=” ”>

  • start=”n”, n – тізімнің басталатын нөмірі;
  • type=”…” – тырнақшаның ішіне әріптер немесе цифрлар жазылады, яғни A – бас әріптер (яғни A, B, C, …); а – кіші әріптер (a, b, c, …);  I – рим цифрлары (I, II, III, IV, …); 1 – араб цифрлары (1, 2, 3, …).

    Терминдер сөздігін параққа кірістіру үшін <DT> немесе <DD> тәгтерін пайдалану керек.  <DT> - парақтың сол жағынан отступсыз жазылады. <DD> - парақтың сол жағынан отступпен жазылады.

    Енді құрған құжатымыздың парағын әшкейлеп, бояп, қаріптің түсін, фонын, түсқағазды кірістіруді қалай жасаймыз? Яғни қандай тәгтер мен атрибуттарды қолданатынымызды айтып өтейін:

           Web-бетті түспен әшекейлеу:

  • BGCOLOR – құжаттың жалпы мәтіндік фон түсін анықтайды, егер ол көрсетілмесе, ақ түс қолданылады.
  • TEXT – мәтін әріптерінің түсін анықтайды, егер ол жазылмаса, келісім бойынша қара түс қабылданған. Фон түсін өзгеркенде соған үйлесімді символдар түсі бекітіледі. Егер <FONT COLOR=”…” </FONT> параметрі берілсе, онда мәтіннің түсі өзгереді. Бұл әрекетті түсіндіру үшін парақтың фонын жасыл түспен, ал қаріп түсін сары түспен боялған әрекетті көріңіз: <BODY BGCOLOR=”green” TEXT=”yellow”>. Бұл әрекетті керісінше жасап көруге болады.
  • LINK – гипермәтіндік сілтеме ретінде сөз тіркесінің түсін белгілейді. Егер көрсетілмесе, ол көк түс болып саналады.
  • VLINK – пайдаланылған гипермәтіндік сілтеме түсін анықтайды. Келісім бойынша ол қызылқоңыр түс болып саналады. Бірақ VLINK-тің көмегімен түс өзгермейді.
  • ALINK – гипермәтіндік сілтемені курсор көрсетіп тұрған кездегі оның түсін белгілейді. Бұл параметр өте сирек өзгертіледі.
  • BACKGROUND – мәтіннің фонында орналасатын суретті анықтайды, ол түсқағаз (обои) ролін атқарады. Суреттік файлдың типі gif немесе jpg болуы тиіс.

    Түстерді ағылшын тіліндегі аттарымен сипаттауға болады, яғни black, white, green, blue, yellow және т.б. Бірақ түсті сипаттаудың басқа түрі де бар.

    HTML тілінде түрлі түстер он алтылық сандар түріндегі RGB тәсілімен берілуі де (color=”#COFFCO”) мүмкін, оның мүмкіндігі өте мол. Мұндағы алғашқы екі сан қызыл () түс бөлігін, келесі екі сан – жасыл түс () бөлігін, соңғы екі сан көк () түс бөлігін анықтайды. Жоғардағы көптеген параметрлер түсті пайдаланады, олар ағылшын тіліндегі негізгі он алты түс атымен немесе солардың кодтарымен беріледі.

    HTML-құжатына түсқағаз (обои) <BODY> тәгінің BACKGROUND параметрінің көмегімен орналастырылады. Түсқағаздың графикалық файлы 5 Кбайттан аспау керек. Түсқағазды желі арқылы табуға болады. Интернетте табылған түсқағазға тышқанның оң жақ түймесін шертіп, Save Picture as (Сохранить рисунок как) командасын таңдап, сонан соң HTML-құжаттары тұрған бумаға атау беріп сақтау қажет. BGCOLOR түсі түсқағаз түсіне ұқсас болуы керек. Қаріптің мөлшері үлкендеу болуы тиіс, себебі мәтін түсқағаз фонынан ерекшеленіп және анық оқылуы тиіс.

       Мысалы,

              <BODY BACKGROUND=”Saltanat.jpg” BGCOLOR=”blue”>.

    Интернет желісін пайдаланушылар арасында байланыс болмаса, онда желі жай ғана ақпарат баспаханасы ретінде жұмыс істер еді. Кез келген желінің негізі – байланыс болып табылады. Web-беттің негізгі мәні осы байланысты ұйымдастыру. HTML құжаттарында гиперсілтемелерді ұйымдастыру өте жеңіл. Сілтемелерді абсолютті және салыстырмалы түрлері бар.

Информация о работе Разработка электронного учебника