Мұндай жасақтаманың бірнеше кемістігі
бар. Жаңадан бастаушылар үшін, ол өнімдер
санының жоғарғы шегін орнатуға мәжбүр
етеді. Осы шектен асырған бетте кесте
құрылымына жаңа бағандар тобын қосуға
тиіс боласыз, ал бұл - көлемдірек әкімшілік
тапсырма[5].
Тағы бір түйінді мәселе - өнімдерінің
саны ең үлкен мөлшерден азырақ жабдықтаушылар
біраз орынды зая кетіреді, себебі қосымша
бағандар бос қалады. Осындай жасақтаманың
ең үлкен кемістігі - ол кестені өнімнің
ұқсатқышы немесе атауы арқылы сұрыптау
немесе белгілеу сияқты көптеген тапсырмалардың
орындалуын қиындатады.
Егер қайталанатын топтарды көрсеңіз,
кестені екіге бөлу ниетімен жасақтаманы
назар салып қарап шығыңыз. Жоғарыдағы
мысалда біреуі жабдықтаушыларға, ал екіншісі
өнімдерге арналған, жабдықтаушының ұқсатқышымен
байланыстырылған екі кестені пайдаланған
дұрыс.
Қалыптау
ережелерін қолдану
Деректерді қалыптау ережелерін (кейде
қалыптау ережелері деп аталады) жасақтаудағы
келесі қадам ретінде қолдана аласыз Кестелеріңіздің
дұрыс құрастырылғанын көру үшін осы ережелерді
қолданыңыз. Ережелерді дерекқор жасақтамасына
қолдану үрдісі дерекқорды қалыптау немесе
жай ғана қалыптау деп аталады.
Қалыптау ақпарат элементтерінің барлығын
көрсетіп, алдын ала жасақтаманы құрастыру
сәтіне келген кезде барынша пайдаға асады.
Оның мақсаты - ақпарат элементтерін тиісінше
дұрыс кестелерге бөлгеніңізге көз жеткізу.
Ал қалыптау үрдісінің іске асыра алмайтыны
- бұл жұмысты бастау үшін сізде барлық
дұрыс деректер элементтерінің бар екеніне
көз жеткізу.
Ережелерді сіз кезек-кезек, әрбір қадам
сайын өз жасақтамаңыздың "қалыпты
пішіндер" деп аталатын қадамдардың
біріне жеткеніне көз жеткізе отырып қолданасыз.
Бес қалыпты пішін кеңінен қабылданған —
бірінші қалыпты пішіннен бесінші қалыпты
пішінге дейін. Осы мақалада олардың алғашқы
үшеуі қамтылған, себебі дерекқор жасақтамаларының
көпшілігі үшін солардың барлығы талап
етіледі.
Бірінші қалыпты
пішін
Бірінші қалыпты пішін осы жердегі кестедегі
жол мен бағанның әр қиылысында жалғыз
ғана мән болатынын және ешқашан да мәндердің
тізімі болмайтынын білдіреді. Мысалы,
сізде біреуден артық баға көрсетілген,
Баға деп аталатын өріс болуы мүмкін емес.
Егер жолдар мен бағандардың әр қиылысын
ұяша деп алсақ, әр ұяшада тек бір ғана
мән бола алады.
Екінші қалыпты
пішін
Екінші қалыпты пішін әрбір кілтсіз бағанның
тек бастапқы кілттің бір бөлігіне ғана
емес, тұтас кілтке толық тәуелді болуын
талап етеді. Бұл ереже сізде біреуден
артық бағаны бар бастапқы кілт болғанда
қолданылады. Мысалы, сізде төмендегі
бағандары бар кесте бар делік, онда Тапсырыс
ұқсатқышы мен Өнім ұқсатқышы бастапқы
кілтті құрайды:
Тапсырыс ұқсатқышы (бастапқы
кілт)
Өнім ұқсатқышы (бастапқы кілт)
Бұл жасақтама екінші қалыпты пішін ережесін
бұзады, себебі Өнім атауы Тапсырыс ұқсатқышына
емес, Өнім ұқсатқышына тәуелді, сондықтан
ол тұтас бастапқы кілтке тәуелді емес.
Өнім атауын кестеден алып тастау керек.
Ол басқа кестеге (Өнімдер) тиесілі.
Үшінші қалыпты
пішін
Үшінші қалыпты пішін әрбір кілтсіз бағанның
тұтас бастапқы кілтке тәуелді болуын
ғана емес, сонымен қатар кілтсіз бағандардың
бір бірінен тәуелсіз болуын талап етеді.
Басқаша айтқанда, әрбір кілтсіз баған
тек бастапқы кілтке ғана тәуелді болуға
тиіс. Мысалы, сізде төмендегі бағандары
бар кесте бар делік:
ӨнімҰқсатқышы (бастапқы кілт)
Шегерім ұсынылатын бөлшек бағаға (ҰББ)
тәуелді деп топшылайық. Бұл кесте үшінші
қалыпты пішін ережесін бұзады, себебі
кілтсіз баған, Шегерім басқа кілтсіз
бағанға (ҰББ) тәуелді. Баған тәуелсіздігі
сіз кез келген кілтсіз бағанды кез келген
басқа бағанға әсер етпестен өзгерте алуыңыз
керек дегенді білдіреді. Егер сіз ҰББ
өрісіндегі мәнді өзгертсеңіз, Шегерім
де тиісінше өзгереді де, сөйтіп, осы ережені
бұзады. Мұндай жағдайда Шегерім ҰББ ретінде
кілттенген басқа бір кестеге ауыстырылуға
тиіс [6].
3 Мәліметтер базасын
қорғау
Компьютерлік жүйелерге төнген
қауіптерге әр түрлі типтегі контршаралар
немесе бақылау шаралары (контрмеры) қолданылады.
Қазіргі кежде МББЖ қорғану деңгейі қолданылатын
операциондық жүйе мүмкіндігімен анықталады,
себебі,екі компонентердің жұмыстары
бір бірімен тығыз байланысты. Көпқолданылатын
ортада бақылау жасаудың түрлері:
қолданушыларды авторизациялау.қолданушыларға
обьектке немесе жүйеге кіруін рұқсатын
беру.қолданушылық рұқсатын беруге жүйе
администраторы жауапты.әр қолданушыға
кімнің кім екенін білу үшін идентификатор
беріледі.әр идентификаторды қолданушы
таңдаған және операциондық жүйеге белгілі
пароль болады.тіркелу кезінде қолданушы
жүйеге өзінің паролін еңгізу керек. мұндай
жағдай жүйегекіруді қадағалауды ұйымдастырады;
резервтік көшіру және қалыпқа
келтіру.кез келген мббж бұзылған жағдайда
оны қайта қалыпқа келтіру үшін, резервтік
көшіру құралдарын ұсыну керек.қорғау
деңгейі жоғары жерлерге әр уақытта мәліметтер
базасының журналдардың жазбаларының
резервтік көшірмелерін жасау керек.мббж
барлық өзгерістер жайлы жүйелік журнал
жасауға құралдарды ұсыну керек, олар
жауап бермеген жағдайда мәліметер базасын
эффекті түрде қалыпқа келтіру;
шифрлеу.дишифрлеу кілті жоқ
прораммаларға оқу мүмкін болмайтын арнайы
алгоритмдер арқылы мәліметтерді кодтау.шифрлеу
жүйесінің шифрлеу кілті болу керек ол
бастапқы мәліметтерді шифрлеуге арналған.шифрлеу
алгоритмі кілт арқылы қарапайым тексті
шифрленген текстке аударғаны туралы
суреттеледі.шифртексті дишифрлау үшін
дишифрлеу кілті болуы тиіс және шифленген
тексті қайтадан қарапайым текстке аударғаны
туралы дишифрлеу алгоритмі болады.шифрлеу
жүйесінің ең тараған түрі ол des – data encryption
standard.мұнда шифрлеу және дишифрлеу кілт
біреу ғана;
қосымша процедуралар.олар:авторизация
және аудентификация, көшіру, қалыпқа
келтіру, аудит, жаңа программалық қамтамасыздануын
қою,жүйелік программалық қамтамасыздануын
қою және модернизация.
Компьютерлік емес бақылау
құралдары компьютерге байланысты емес
шектеу қою және басқа административті
шаралар. Қауіпсіздік шаралар дегеніміз
сол шараға кеткен есептеші жүйесін қорғау
мақсатында анықталған құралдарды жұмсау,
кез келген жағдайларда жүйенің бүтінділігін
қамтамасыздау. Жеке компьютерлерді қорғаудың
бір ерекшелігі олардың әр қайсысының
жұмыс столында тұруы. Жеке компьютерді
қорғаудың ең тиімділігі ол әр қолданушының
индивидуальді идентификаторын және соған
сәйкес жеке паролдерді пайдалану. Жеке
компьютерді қорғаудың маңызды проблемасы
болып, жүйеге вирустардың кіріп кетуі
саналады. Олар қолданушылардың ойындарды
жүктегенде, дискеталармен алмасқанда
және жәлі де арқылы кіреді. Вирустардан
қорғану үшін түрлі антивирустық программаларды
қолданылған жөн. WEB ортасында МББЖ қорғау
келесілерден тұрады: прокси серверлер,
бранмауэрлер, цифрлік қол қоюды қолдану,
церберлерді қолдану, SSLжәне SHTTP технологиялар
қолдану. Статистикалық мәліметтер базасы
статистикалық ақпараттарды генерациялауға
қолданылады. Статистикалық мәліметтер
базасында ақпараттар құпиялы түрде сақталуы
керек [7].
Мәліметтер базасын қорғау
компьютерлік және компьютерлік емес
құралдар арқылы әдейі және әдейі емес
қауіптерден қорғау.Қорғау түсінігі мәліметтер
базасындағы сақталатындарға ғана қолданылмауы
керек.Қорғау жүйесіндагі ақаулар жүйенің
басқа бөліктерінде де болуы мүмкін [8].
Сондықтан мәліметтер базасын қорғау
қолданылатын құралдарды, программалық
қамтамасыздану,өзінің мәліметтерінде
аумағына алу керек.Қорғаудың эффекті
жұмыс істеу үшін талаптарды анықтайтын
бақылау құралдары керек.Мәліметтер базасы
мәліметтерін келесілерден қорғау:
ақпарат ұрлау және фальсификация.бұл
тек мәліметтер базасы ортасында ғана
емес кәсіпорын ішіндеде болуы мүмкін.
ақпаратты ұрлау көпшілік жағдайда дамдармен
іске асады, сондықтан мұндай жағдайларды
болдырмау керек. мысалы, төленетін жалақы
мәліметтеріне рұқсатты шектеу, нақты
санауды ұйымдастыру, барлық файлдарды
автоматты түрде өшіру;
конфиденциальност жоғалту
(құпияның бұзылуы).мәліметтерді құпия
түрде сақтауды білдіреді;
жеке мәліметтерге қол тигізбеуін
бұзу
Көрсетілген жағдайлар мәліметтердің
бұзылуына немесе жоғалуына себеп болады.
Кейде көрсетілген жағдайлар бір бірімен
байланысты болады, сондықтан бір жағдайға
түзетулер жасағанда екіншісі бұзылып
жатады. Сондықтан барлық жағдайларға
бірден назар аудару керек.
Қауіп дегеніміз әдейі немесе
әдейі емес жүйеге кері әсерін тигізетін
іс әрекет. Қауіп көрінетін (мәліметтердің
немесе құралдардың жоғалуы) және көрінбейтін
(клиенттердің немесе серіптестіктердің
сенімділігінің жоғалуы) Мәліметтердің
бұзылу қауіптердің келесі түрлері бар:басқа
адамның кіру рұқсатын алу; мәліметтерді
қате көшіру немесе өзгерту; программаларды
өзгерту; мәліметтерді бір құжатқа біріктіретін
ойланбаған методикалармен процедуралар;
кабельдік желіге қосылу; хакерлардың
қате мәліметтердің еңгізуі ; шантаж; құралдарды
,программаларды, мәліметтерді ұрлау;кіру
деңгейін жоғарлатқан қорғау жүйесінің
істен шығуы; персоналдың жетіспеуі және
забастовка;персоналдың білімдерінің
төменділігі;құпиялы мәліметтерді ашу
және көру; электр жүйесінің өшуі салдарынан
мәліметердің бұзылуы; компьбтерлік вирустардың
кіру салдарынан.Кез келген кәсіпорын
қауіптердің типтерін анықтау керек, соларға
сай керекті қорғау амалдарын жасау керек
[9].
Қорытынды
Мәліметтер базасында сақтаулы
ақпараттарды қолдануға байланысты пайда
болатын есептерді шешу үшін қолданушыға
мәліметтер базасында сақтаулы ақпараттарға
кіру әдісін жүзеге асыру үшін жұмысты,
оның модификациясын білу қажет емес.
Сонымен қатар программалық интерфейс
мәліметтер базасымен жұмыс істеуді көп
жеңілдетеді. Тіпті мәліметтер базасында
қиын сұраныстарға сұрау салғанда да алынатын
мәліметтердің құрамы оның орындалуына
дейін көрінеді. МББЖ өздігінен базадағы
мәліметтерді тестілейді және мәліметтерді
қателерді жоя отырып, бүтін жағдайға
әкеледі.
МББЖ орындайтын барлық функциялар
дұрыстап тексерілді, жасау процессінде
тестіленді және оның жұмыс істеуі гарантияланады.
Аталып өткен есеп берулер формаларымен
қатар есеп берудің туынды формасы қолданылады.
Есеп берулер дисплей экранына шығарылады
және баспаға шығаруға да болады.
Қарапайым сұраныстар генараторы
көмегімен іске асырылған.
Бұл жұмыс қойма есебі ақпараттық
жүйесінің программасын жасаумен және
жүзеге асырумен қорытындалады.
Мәліметтерге қатынас құру
тәсілі бойынша мәліметтер базасы жергілікті
қатынас құру мәліметтер базасы және қашықтан
(желілік) қатынас құру мәліметтер базасы
болып екіге бөлінеді. Мәліметтер базасынан
пайдаланушыларға алуан түрлі қолданбалы
программалар, программалық кешендер,
сондай-ақ, тұтынушы рөліндегі пән салаларының
немесе мәліметтер көзінің мамандары
жатады. Мәліметтер базасының қазіргі
замангы технологиясында мәліметтер базасынан
жасау, оны толықтыру және мәліметтерді
пайдаланушылардың оған қатынас құруын
жасақтау арнайы программалық аспаптар
арқылы, яғни мәліметтер базасынан басқару
жүйесі арқылы орталықтандырылған түрде
жүзеге асырылады
Қойма қорларын басқару жүйесінде
ақпараттық технологияларды қолдану барысында
қойма жұмысы оптимизацияланып, еңбек
өнімділігі өсіп, өндірістік және технологиялық
стандарттың орындалуы қамтамасыз етіледі.
Пайданылған әдебиеттер
тізімі:
1. Анализ данных в Access Сб.рецептов,
Блюттман К.,Фриз У., СПб: Питер, 2008
2. Дж. Тельман, "Основы систем
баз данных", Москва, Финансы и статистика',
2003г