Мәліметтер базасына анықтама

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Апреля 2014 в 08:54, реферат

Краткое описание

Қолданбалы ақпараттық жүйе, осы қасиеттері бар қандай да бір мәліметтерді басқару жүйесіне сүйенетін болса, онда бұл мәліметтерді басқару жүйесі мәліметтер базасын басқару жүйесі (МББЖ) болып табылады. Тексттік редакторлердің де, кестелердің де, графиктік редакторлердің де мүмкіндіктерін пайдаланатын интегрирленген пакеттерді жасауға талпыныс байқалып отыр. Бірдей операцияларды – мәліметтерді жасау және өңдеу деген сияқты, орындау үшін арналған әртүрлі программалардың көп болуы, ақпараттың әртүрлі үш негізгі түрі болуымен байланысты: сандық, графиктік, тексттік.

Прикрепленные файлы: 1 файл

шыгару курсавой.docx

— 360.22 Кб (Скачать документ)

Кіріспе

 

60-шы жылдары  «мәліметтер базасын басқару  жүйесі» (МББЖ) деп аталатын арнайы  программалық кешендер құруға  әкеліп соқтырды.

  • Мәліметтер базасын ұйымдастыру үшін файлдық жүйелерді қолданудың алғашқы тәжірибесі бастау болды. Файлдық жүйелер үлкен көлемдегі ақпаратты өңдеудің әртүрлі мәселелерін тапты және мәліметтер базасы теориясының дамуына негізгі бағыттарды қалады.

Қолданбалы ақпараттық жүйе, осы қасиеттері бар қандай да бір мәліметтерді басқару жүйесіне сүйенетін болса, онда бұл мәліметтерді басқару жүйесі мәліметтер базасын басқару жүйесі (МББЖ) болып табылады. Тексттік редакторлердің де, кестелердің де, графиктік редакторлердің де мүмкіндіктерін пайдаланатын интегрирленген пакеттерді жасауға талпыныс байқалып отыр. Бірдей операцияларды – мәліметтерді жасау және өңдеу деген сияқты, орындау үшін арналған әртүрлі программалардың көп болуы, ақпараттың әртүрлі үш негізгі түрі болуымен байланысты: сандық, графиктік, тексттік.

МББЖ ақпаратты сақтауға көбінесе қолданылады, олар осы мәліметтердің барлық типтерін, бір бүтінге біріктіруге мүмкіндік береді. Қазір ақпараттың басқа екі түрі дамып келеді: дыбыстық және видео ақпараттың. Олар үшін әлден редакторлары жасалған және енді олар мәліметтер базасының үзілмес бір бөлігі болулары да ғажап емес.

Келтірілген анықтама иерархиялық және желілік МББЖ-лардағы қойылған бағыт көрсетушілер үшін орын қалтырмайды. Осыған қарамай, МББЖ баба/ұрпақ қатынасын да жүзеге асыра алады, алайда, бұл қатынастар кестелердегі мәліметтер мәнімен ғана келтіріледі.

МББЖ-ның негізгі ерекшелігі – бұл тек мәліметтердің өзін ғана емес, сондай-ақ олардың сипаты мен құрылымын сақтау мен енгізуге арналған процедуралардың бар болуы.

МББЖ басқаратын және сақталған мәліметтердің сипаттамаларынан тұратын файлдарды, мәліметтер банкі деп атай бастады, содан соң «мәліметтер базасы» деп атады.

Жазба деректерді реттелген жүйеге келтіру адамзат мәдениетінің ажырамас белгісі болып табылады. Компьютерлік дерекқордың негізін түрлі кестелер, каталогтар, телефондық кітаптар, күнтізбелер, карталар мен атластар, әртүрлі картотекалар, анықтамалық басылымдар, құжаттар, т.б. құруы мүмкін.

Ақпарат қорын бір жерге шоғырландыру (ЭЕМ-нің жадында) ақпараттарды сақтауды әрі оны толықтырып отыруды қамтамасыз етеді; ал орталық ЭЕМ-мен желілік байланыс арқылы ақпаратты тұрақты әрі жылдам алуға болады. Компьютерлік дерекқор деректерді сақтауды, реттеуді, іздеуді және ЭЕМ-нің сыртқы құрылғыларына жіберуді қамтамасыз ететін белгілі бір файлдық жүйеге сүйенеді.

Пайдаланушылар мен дерекқор арасындағы қарым-қатынас дерекқорды басқару жүйесі арқылы жүзеге асырылады.

Дерек алмасу бірлігі ретінде арнаулы жазу өлшемі қабылданған. Әр жазудың құрамында өзіндік тақырып немесе осы жазуды іздейтін кілт («кілттік сөз») болады. Жазу тақырыптары дерекқордың мазмұны іспетті анықтамалық кестелерге біріктіріледі. Кілттер мен анықтамалық кестелер жасау дерекқордағы ақпараттарды іздеу мәселесін толықтай автоматтандыруды қамтамасыз ететін формальдық ережелерге бағынады. Дерекқорға өзгерту енгізу әрі толықтырып отыру компьютерлік желі әкімгерлері арқылы орындалады [1].

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1 Мәліметтер базасына анықтама

 

Мәліметтер базасы (орыс т. База данных; ағылш. database). Мәліметтерді пайдаланушының көзқарасы тұрғысынан қарастырғанда мәліметтер базасын былайша түсіндіруге болады:

  1. нақты атауы бар біртекті өнімдердің жиымы. Бұл жиымның ішкі құрылымына тәуелсіз іздестіру жұмыстарын жүргізуге рұқсат етілген. Жиымда магниттік таспаға немесе дискетке жазылған ауыл шаруашылығының барлық салалары мен ғылым саласы бойынша баспада жарияланған және жарияланбаған құжаттардың библиографиялық немесе фактографиялық алғашқы және соңғы сипаттамалары тұрады;

  1. жүйелі түрде ұйымдастырылған және пайдалануға ұсынылған мәліметтер жиынтығының объективтік формасы. Бүл мәліметтер компьютер көмегімен оңай табылады және өңделеді;

  1. мәліметтердің реттелген жиынтығы;

  1. мәліметтердің өзара байланысты жиынтығы.

Оны ұйымдастырудың ережесі мәліметтерді сипаттаудың, сақтаудың және амалды әрекет жасаудың жалпы принципіне негізделген. Мәліметтер базасынан библиографиялық және библиографиялық емес деп бөлу қабылданған. Библиографиялық Мәліметтер базасында құжаттар жайында екінші ретті ақпарат берілген. Мұнда рефераттар мен аннотациялар да қамтылған. Библиографиялық емес мәліметтер базасының көптеген түрлері бар: алуан түрлі объектілер мен құбылыстар жайындағы анықтамалық мәліметтер базасы алғашқы ақпараты бар мәліметтер базасының толық мәтіні, объектілер мен құбылыстардың сандық сипаттамалары мен параметрлері бар сандық мәліметтер базасы объектлердің бейнеленуі мен сипаттамалары бар мәтіндік-сандық мәліметтер базасы банктер, биржалар, фирмалар және т.б. берген қаржылық ақпараты бар қаржылық мәліметтер базасы салалар, аймақтар, елдер бойынша құқықтық құжаттары бар заңды мәліметтер базасы. Мәліметтерді өңдеу технологиясы бойынша мәліметтер базасы — орталықтандырылған мәліметтер базасы және үлестірілген мәліметтер базасы болып екіге бөлінеді. Орталықтандырылған мәліметтер базасы есептеуіш жүйенің жадында сақталады. Егер бұл есептеуіш жүйе компьютер желісінің құраушысы болса, онда мұндай базаға үлестірілген қатынас құруға мүмкіндік болады! Мәліметтер базасынан н пайдаланудың мұндай тәсілі дербес компьютердің жергілікті желілерінде жиі пайдаланылады. Үлестірілген мәліметтер базасы есептеу желісінің алуан түрлі компьютерлерінде сақталатын ' бірнеше бөліктерден, тіпті бірін-бірі қайталайтын бөліктерден тұрады. Мұндай базамен жұмыс істеу үлестірілген мәліметтер базасынан басқару жүйесінің көмегімен орындалады. Мәліметтерге қатынас құру тәсілі бойынша мәліметтер базасы жергілікті қатынас құру мәліметтер базасы және қашықтан (желілік) қатынас құру мәліметтер базасы болып екіге бөлінеді. Мәліметтер базасынан пайдаланушыларға алуан түрлі қолданбалы программалар, программалық кешендер, сондай-ақ, тұтынушы рөліндегі пән салаларының немесе мәліметтер көзінің мамандары жатады. Мәліметтер базасының қазіргі замангы технологиясында мәліметтер базасынан жасау, оны толықтыру және мәліметтерді пайдаланушылардың оған қатынас құруын жасақтау арнайы программалық аспаптар арқылы, яғни мәліметтер базасынан басқару жүйесі арқылы орталықтандырылған түрде жүзеге асырылады [2].

 

1.1  Мәліметтер базасын жоспарлау

МА құрамында мәліметтер базасын  жоспарлау, стандарттау жасау және еңгізу, шектеуліктермен процедураларды анықтау, концептуалды және логикалық жоспарлау деңгейтары бар ресурстарды басқару. МА ның негізігі міндеті:

  • жасаудың негізгі инструменттерін таңдау;

  • ақпараттар жүйе стратегиясын жасауға көмек беру;

  • жасалатын МБ – на баға беру;

  • корпоротивті мәліметтер моделін жасау;

  • талаптарды анықтау;

  • стандарттарды анықтау;

  • мәліметтерге кіру мүмкіндіктерін анықтау;

  • МБ концептуалды және логикалық жоспарлау;

  • қолданушыларды анықтау;

  • қолданылып отырған ақпараттық жүйесін  модернизациялау.

МБ-ның өмірлік циклінде жасалатын іс-әрекеттер:

  • мб жасауды жоспарлау.Мб-ның қосымшаларын өмірлік циклдің деңгейтарын эффекті түрде жүзеге асыру үшін арналған,алдын ала жұмыстар;

  • жүйеге талаптарды анықтау. Жұмыстардың қолдану диапазанын анықтау;

  • қолданушылардың талаптарын жинау және анализдеу. Жасалып отырған МБ-ны арқылы жасалған жұмыс жайлы ақпарат жинау және анализдеу;

  • МБ жоспарлау. МБ-ті өз міндетін атқару үшін немесе мақсатына жету үшін жасалатын процесс немесе жоспар;

  • МББЖ таңдау. Жасалып отырған МБ-ның қосымшаларына сай МББЖ-ң типі;

  • қосымшаларды жасау. МБ-мен жұмыс жасайтын программалардың және қолданушылардың интерфейсін жоспарлау;

  • прототиптерді жасау. МБ қосымшаларының жұмыс моделін жасау;

  • іске көшу. Жасалған қосымшалардың және МБ-ның физикалық іске асыру;

  • тестілеу. Қателер табу мақсатында қосымша программаларды іске асыру процессі;

  • бірге жүру және эксплуатация. Жұмыс аяқталғанына дейін жүйені басқару.

МББЖ – МБ қосымшаларының өмірлік циклының деңгейтары эффекті түрде жасауға дайындық жұмыстар. Транзакция бір немесе бірнеше қолданушылардың Мб кіру немесе өзгерту процессі.Өмірлік циклдің негізігі деңгейтарының бірі  ол мақсатты МББЖ  таңдау.Керек МББЖ-ны  үшін МББЖ-ң функционалдық мүмкіншілдіктері талапқа сай болуы керек.МББЖ таңдаудың негізігі деңгейтары :

  • компотенция шекарасын анықтау;

  • 2 немесе 3 МББЖ болуы керек;

  • өнімді бағалау;

  • негізігі таңдауды жасау және есеп беру.

Мәліметтер администраторы және МБ-ң администраторы мәліметтердің

және Мб-ң жұмыс басқаруына жауапты.

МБА – физикалық іске асыруды басқару. Мәліметтер базасы администраторының негізгі міндеттері:

  • мақсатты МББЖ таңдау және баға беру;

  • МБ-сын физикалық  жоспарлау;

  • мақсатты МББЖ –да МБ физикалық жоспарлауын іске асыру;

  • қорғау талаптарын анықтау;

  • тестілеу стратегиясын жасау;

  • қолданушыларды үйрету;

  • резервті көшірме жасап отыру [3]. 

 

1.2    Мәліметтер базасымен жұмыс режимі.

Мәліметгер базасын басқару жүйесінің екі жұмыс режимі бар: жобалаушылық және пайдаланушылық. Бірінші режим база құрылымын құру немесе баяндауға және оның объектілерін жасауға арналған. Екінші режимде базаны толтыру немесе одан мәліметтер алу үшін бүрын дайындалған объектілер пайдаланылады.

Жобалаушы кесте құрылымдарын мәліметсіз жасайды және оны тапсырыс берушімен бірге келісіп, бір қорытындыға келеді.

Базаны құрушылар базаны нақты мәліметтермен толтырмайды (тапсырыс беруші оларды құпия деп санауына болады және бөгде адамдарға ұсынбайды). База объектілерін қалау кезеңін де үлгілік мәліметтер мен эксперименттік толтыру бүған қосылмайды.

Базаны пайдаланушы - формалардың көмегімен оны ақпаратпен толтырады, мәліметтерді сұрау салулардың көмегімен өңдейді және қорытындыны нәтижелік кестелер мен есептер түрін де алады. Жалпы жағдайда пайдаланушылардың қызметі - нақгы жұмыс парағында қарастырылғандарға тана, база құрылымын басқаруға қолы жететіндей құралдары жоқ.

MS ACCESS 2000 МББЖ-мен жұмыс  істеу 
MS Access 2000 жалиы сипаттамасы қазіргі уақытта Micro¬soft Access-мәліметтер базасын басқарудың үстемдік (дербес) программалық жүйелері арасында ең танымалдарының бірі. Көпшілікке кең тараған танымалдық себептері мыналар:

• әмбебаптығы мен интерфейстің ойланып істелу деңгейі жоғары, өйткені көбінесе әр түрлі біліктіліктегі пайдаланушылардың жұмысына арналған, негіз құраушы режимінен оларды тікелей пайдалану режиміне икемді және жедел көшуге мүмкіндік беретін мәліметтер базасының объектілерін басқарудың жүйесі іске асқан;

• Microsoft Office құрамына кіретін программалық басқа өнімдермен, сондай-ақ  технологиясын қолдайтын кез келген программалық өнімдермен бірігіп-кірігу (интеграция) мүмкіндіктерінің терең дамуы;

• Жасалған жұмыста көрсеткіш құралдардың молдығы. 
 Мәліметтер базасы обьектілері. 
 Кез келген МББЖ-мен жұмыс процесінде мәліметтер базасында файл (немесе файл топтары) жасау басталған жері болып саналады.

Access мәліметтер базасын  құра алатын объектілердің типтеріне  басты терезенің негізгі боліктері  сәйкес келеді.Бұлар Таблицалар, Сұрау салулар,Есептер, Парақтар, Макростар мен Модулъдер. 
Терезе тақырыбы - мәліметтер базасының файл атауы.

Мәліметтер базасының негізгі объектілерге арналған қосымшасынан басқа үш бұйрықтық кнопкалары бар: Aшy, Конструктор, Құру. Олардың көмегімен кесте жұмысының режимі таңдалады.

Егер Таблица қосымшасы таңдалса, бұл қосымшаның терезесінде осы МБ-да бар кестелердің тізімі бейнеленеді.

Бар кестені ашу үшін оның атын бұл тізімде ерекшелеп, Ашу кнопкасын басу керек. Жаңа кестедегі МБ-ны іске қосу үшін Құру кнопкасын басу қажет.

Информация о работе Мәліметтер базасына анықтама