Macromedia Flash бағдарламасының мүмкіндіктері туралы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Января 2014 в 12:57, лекция

Краткое описание

Macromedia Flаsh нұсқасы — оқытудың қазіргі кездегі ақпараттық технологиялары - қазіргі оқыту технологиясын интерактивті программалық-әдістемелік сүйемелдеумен қамтамасыз ететін компьютерлік техника, телекоммуникациялық байланыс құралдары, аспаптық программалық құралдар жиыны болып табылады.
Казіргі кезде ақпараттандырылған қоғам қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін мына мәселелерді шешу керек: компьютерлік техника кабинеттерін жетілдірілген жаңа құралдармен қажетті деңгейде жабдықтау, толықтыру және бағдарламалық жабдықтамалар пакетімен қамтамасыздандыру.

Содержание

КІРІСПЕ
Flash технологиясы
Macromedia Flаsh программалау ортасы және мүмкіндіктері
Macromedia Flаsh программасының жұмыс істеу элементтері
Объектіні таңдау құралдары.
Түзу салу құралдары:
Объектілер кітапханасы.
Интерактивті анимация құру
Кадрлық анимация
Мәтінмен жұмыс жасау
Суреттерді ауыстыру программасы
Тәжірибелік жұмыстар
Қорытынды
Әдебиеттер тізімі

Прикрепленные файлы: 1 файл

Macromedia Flash адистемелик нускау.docx

— 9.71 Мб (Скачать документ)

Заголовок (Title) және Описание (Description) өрістері HTML тегтері сияқты метадеректер үшін қолданылады.  Метадеректер іздеу жүйесінде пайдаланушының сәйкес сұрауына  веб – түйінге сілтеме көрсету үшін қолданылады.

OK батырмасын басыңыз.

  1. Инспектор свойств (Property Inspector) панелі арқылы секундтаорындалатын кадрлар санын өзгертіңіз – фреймпрейд (frames per second, fps)

  1. Файл – Сохранить как (File – Save As) командасы арқылы bookstore1.fla атымен сақтаңыз. Файлды сақтамас бұрын жұмыс столында TechBookstore папкасын құрыңыз. Осы папкаға барлық файлдарды сақтап отырыңыз.
  2. Файл – Закрыть (File – Close ) командасын орындаңыз.

 

Панелдермен жұмыс.

 

  1. Файл – Открыть (File – Open) командасы арқылы bookstore1.fla файлын ашыңыз.
  2. Осы файлдың жаңа нұсқасын сақтау үшін Файл – Сохранить как командасын орындап bookstore2.fla файлын сақтаңыз.
  3. Окно (Window) менюі арқылы Архив (History) панелін ашыңыз. Ол үшін мына командаларды орындаңыз: Окно – Другие панели – Архив (Window – Other Panels – History).

Панелді ашу/жинау (Развернуть/ Свернуть) батырмасы

 

Жылжыту маркері Параметрлер менюі                      


 

 

  1. Жылжыту маркерін қолданып панельді басқа панелдер тұрған жерге қойыңыз.
  2. История панелін ораңыз.
  3. Компоненты (Components) панелін ашу үшін мына команданы орындаңыз: Окно – Компоненты (Window – Components) және бұл панелді де қажет орнына орналастырыңыз. Бұл панелді Ctrl +

F7  пернелері арқылы да ашуға болады.

  1. Components панелінде User Interface (Пользовательский интерфейс) категориясын ашыңыз және жұмыс аймағына  Button (кнопка) компонентін жылжытыңыз.

  1. Окно менюінен Выравнивание (Align) панелін ашыңыз. Выделение (Selection) құралы арқылы кнопканы ерекшелеңіз, содан кейін Выравнивание (Align) панелі арқылы жұмыс өрісінің ортасына қойыңыз.

  1. Веб – сайт құру үшін қажетті қосымша панелдерді ашыңыз.

Действия (Actions) панелін ашып, қажет орнына орналастырыңыз.

  1. Окна – Макет рабочей области – Сохранить текущий (Window – Workspace Layout – Save Current ) командасы арқылы орналасқан панелдерді сақтаңыз.

Уақыт шкалаларды және кадрларды қолдану.

 

SWF – файлдардың барлық мазмұны уақытша шкалада орналасады. Уақыт шкаласы уақыттың әр түрлі сәтінде бейнеленетін әркеттерді көрсетеді. Ол арқылы фильм анимациясы жасалады. Уақыт диаграммасы қабаттардың өзара орналасуын, сценадағы объект жағдайының өзгеру тізбегін сипаттау т.б. әрекеттерді орындайды. Ол анимация жасаудағы және фильмнің интерактивті элементінің күйін сипаттаудағы негізгі құралы болып табылады.

Кілттік кадр (keyframes) - уақыт шкаласындағы өзерісті анықтайтын кадр. Кілттік кадрда жаңа объект немесе анимация пайда болуы мүмкін.

  1. Егер экранда уақыт шкаласы көрсетілмесе мына команданы орындаңыз: Окно – Временная шкала (Window – TimeLine).

 

Қабат  Қабатты қорғау   Қабатты көрсету/ көрсетпеу         Жанама меню (Кадрлар түрлері)


       Қабат аты   Қабатты контур түрінде көрсету  


 


    Бағыттаушы қимыл қосу «Оқу бастиегі»    Қабатты жою.

Қабат қосу            Қабаттар папкасын қою

 

Уақыт диаграммасы  төмендегі элементтерден құралады:

  • Қабат және оның сипаттамасы, яғни қабат аты (Layer1) және объек атрибуттары (көрінуін басқару - Show/Hide, блокировкалау -  Lock/Unlock, контурын көрсету - OutLines). Қабат – қандай да бір өзіндік атрибуттарды орнатуға болатындай фильм сценасының бөлігі. Ол бірінің үстіне бірі салынған түссіз қағаз беттері (калька) тәрізді. Flash-те қабат саны – 16000. Қабат саны  файл көлемін өзгертпейді. Қабат қосу және оны жою үшін, контекстік менюден сәйкес Insert Layer, Delete Layer командалары таңдалады.
  • Уақыт диаграммасы. Ол кадрлар шкаласынан, «оқу бастиегінен» (счытывающая головка), әр қабат үшін уақыт диаграммасынан тұрады. Кадрлар шкаласы барлық қабат үшін жалпы және 5 қадамнан өсу ретімен нөмірленеді. Оқу бастиегі (Play head) – анимацияның ағымдық кадрын көрсететін индикатор. Кезекті кадрды жасау және фильмді орындату кезінде оқу бастиегі уақыт диаграммасы бойымен автоматты жылжиды.
  • Қалып-күй қатары. Ол столдағы анимациялық кадрларды бейнелеуді басқарубатырмаларынан тұрады.  Әр қабат кадрлардан тұрады. Кадрдың екі түрі бар: кәдімгі (Regular) және кілттік (Key Frame). Кілттік кадрлар анимация өзгеретін жерде болады. Кілттік кадр қойылғанда (Insert Key Frame), соңғы кадр жаңа жерге көшіріледі. Екі кілттік кадр арасындағы кадрлар кәдімгі болып табылады. Flash-те кадр саны – 595. Flash-фильмді орндату кезінде қалыпты жағдайда 1 секундта 12 кадр өтеді. Ол кадырлар алмасу жиілігі болып табылады және экранның төменгі бөлігінде Properties терезесінде Frame Rate (Кадр жиелігі) пунктінде көрсетіледі.

 

Уақыт шкаласымен жұмыс.

  1. Уақыт шкаласы аймағының көлемін өзгерту.

Қабат аттарын шығару үшін уақыт  шкаласының көлемін өзгертуге болады, ол үшін тышқан көрсеткішін қабат  аттарын уақыт шкаласынан бөліп  тұратын сызыққа апарыңыз. Көрсеткіш  екі бағыттағы бағытшаға өзгергенде тышқанның сол жақ батырмасын басып тұрып сызықты оңға қарай  жылжытыңыз.

  1. Уақыт шкаласының оң жақ жоғарғы бұрышындағы параметрлер менюі арқылы кадрлар түрін өзгертіңіз.

  1. 1-қабатта жаңа кадр құрыңыз. Ол үшін мына команданы орындаңыз: Вставить\ Шкала времени\ Поле (Insert\Timeline\Keyframe).

Бос кадр бос шеңбермен белгіленеді, ал егер кілттік болса боялған  шеңбермен белгіленеді.

Кілттік кадр – өңдеуге арналған кадр. Егер кадрда бейне бар болса, онда уақыт шкаласында кілттік кадр қара боялған шеңбермен, ал сурет жоқ болса боялмаған ақ шеңбермен бейнеленеді. 

Жай кадр – анимацияда көрінетін, бірақ кадрды жасауда пайдаланушы қатыспаған кадр.


F6 – кілттік кадр қояды (боялған  шеңбер)

F7 – бос кадр қояды (боялмаған  шеңбер)

F5 – жай кадр қояды (тік  төртбұрыш)

  1. Кадрларды ерекшелеңіз, орнын ауыстырыңыз және жойыңыз.

Бірнеше кадрды қатар ерекшелеу үшін, бірінші  кадрды  шертіңіз және  Shift пернесін басып тұрып соңғы кадрды ерекшелеңіз. Егер кадрлар арасынан бірнеше кадрды ерекшелеу керек болса Ctrl пернесін басып тұрып қажет кадрларды  ерекшелеңіз. Ал кадрларды жою үшін Del немесе Backspace пернесін шертіңіз.

 

  1. Macromedia Flаsh программасының жұмыс істеу элементтері

Құралдар  панелі төрт негізгі бөлімдерден  тұрады: Tools (Құралдар), View (Вид), Colors (Цвета), Options (Параметры). Әр бөлімде қандай да бір тапсырманы орынлайтын батырмалар орналасқан.


        • Құралдар

 

 

 

 

 

 

 

Вид (Түрлері)


 

Түстер


 

 



                    

Құралдар панелінде ерекшелеу, графиктік объектілерді құруға арналған, жұмыс өрісінің түрін және ондағы элементтер орнын өзгертетін құралдар бар. Қасиеттер панелінде (Property Inspector) панелінде ағымдағы құрал туралы ақпарат көрсетіледі.

 





 


  



 






 



 




 

 

    1. Объектіні таңдау құралдары.

Графиктік объектілер екі компоненттен тұрады: жиегі (контур – Stroke) және бояу (заливка  – Fill). Бұл компоненттердің қасиеттері (түсі, формасы, өзара орналасуы) бір  – біріне тәуелсіз өзгеруі мүмкін. Екі элементтің біреуін жоюға  да болады.

Бес таңдау құралдары бар:

  • - Ерекшелеу құралы (Selection Tool (V)) – кез – келген объектіні немесе объектілер тобын тіктөртбұрыш формасында ерекшелейді.
  • - (Subselection Tool (A) Подвыделение) – объектіні толығымен ерекшелейді, объектінің формасын өзгерте алады, бірақ объектіні жылжыта алмайды.
  • - Lasso Tool (L) (Лассо) – объектіні кез – келген  формада таңдайды; бұл бірнеше объект немесе объектінің жеке бөліктері болуы мүмкін.
  • - Free Transform Tool (Q) (Свободная трансформация) – кез – келген аймақты тіктөртбұрыш формасында ерекшелейді, объект жиегіне және бояуына қатар әсер етеді және оны редакторлай алады.
  • - Pen Tool (P) (Қарындаш) – негізінде сурет салу құралдарына жатады, бірақ объект контурын таңдауға да қолданылады.

 

    1. Selection Tool (Ерекшелеу құралы)

 

Ерекшелеу құралы қосылғанда Опция (Options) құралдар панелінде қосымша параметрлері шығады:

  • - Snap to Objects (Привязать к объекту) – егер модификатор қосылған болса, онда жылжытылатын объект басқа объектілермен байланыстырылады.

 

  • Smooth (Размыть) – батырманы шерту сынық сызықты қисыққа айналдырады;
  • - Straighten (Резкость) – сызықтың майысқан жерін азайтады. Бірнеше рет шерту арқылы қисықты түзуге айналдыруға болады.

 

    1. Lasso құралы.

 

Лассо арқылы объектіні  кез –  келген формада айналдыру арқылы ерекшелейді.

Лассо құралына арналған екі модентификатор қарастырылған:

  1. Magic Wand (Волшебная палочка) – таңдалған аймақтың жиектерін жазуға мүмкіндік береді;
  2. Polygon Mode (Режим полигонов) – түзу сызықтармен шектелген таңдау аймағын қалыптастырады;

Осы режимнің келесі параметрлері бар:

  • Порог – таңдау аймағының контурының бұрыштарының босағалық мәндері;
  • Сглаживание – тегістеудің дәрежесі, мәндері сәйкес тізімнен таңдалады: пиксел, грубо, нормально, гладкий.

 

  1. Subselection (подвыделение) құралы.

Subselection құралы жоғарыдағы екі ерекшелеу  құралдарынан айырмашылықтары бар:

  • Объектіні ерекшелеуде ол жиек пен бояуға бөлінбей бүтін түрде қарастырылады;
  • Оның жұмысы Безье қисығына негізделген.

    1. Түзу салу құралдары:
  • Түзу (bine Tool (Линия) ) – түзулерді және сынық түзулерді салуға арналған құрал; модификатор батырмалары жоқ; парамертлері: қалыңдығы және түсі, типі.
  • Pen Tool (Перо) — Безье қисығы құралына негізделген түзулерді салуға және қисықтарды жазуға арналған құрал; ол үшін Flash – те сурет салуда базалық нүктелер құрылады және сол арқылы қисықтар өңделеді;
  • Pencil Tool (Карандаш) — кез – келген түзуді салуға арналған құрал;
  • Brush Tool (Кисть) — қылқалам арқылы түзу салу құралы.

Pen Tool  (Перо) құралы.

Түзу  сызықты салу үшін кесіндінің бірінші  және соңғы нүктесін көрсету керек. Нүкте тышқанды шерту арқылы құрылады.

 

Салынған  түзуді тұйықталмаған немесе тұйықталған  фигура түрінде  салуға болады. Тұйықталған  фигура салу үшін алғашқы нүктеде  суретті аяқтау керек.

Қисық  сызық перо арқылы жанама сызықтарды жылжыту арқылы салынады. Жанама сызық  – базалық нүкте арқылы өткізілген түзу. Жанама сызықтың ұзындығы және бағыты қисық сегментінің көлемін және тереңдігін анықтайды. 

Қисық сегментін  салу үшін мына әрекеттерді орындау  керек:

Информация о работе Macromedia Flash бағдарламасының мүмкіндіктері туралы