Macromedia Flash бағдарламасының мүмкіндіктері туралы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Января 2014 в 12:57, лекция

Краткое описание

Macromedia Flаsh нұсқасы — оқытудың қазіргі кездегі ақпараттық технологиялары - қазіргі оқыту технологиясын интерактивті программалық-әдістемелік сүйемелдеумен қамтамасыз ететін компьютерлік техника, телекоммуникациялық байланыс құралдары, аспаптық программалық құралдар жиыны болып табылады.
Казіргі кезде ақпараттандырылған қоғам қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін мына мәселелерді шешу керек: компьютерлік техника кабинеттерін жетілдірілген жаңа құралдармен қажетті деңгейде жабдықтау, толықтыру және бағдарламалық жабдықтамалар пакетімен қамтамасыздандыру.

Содержание

КІРІСПЕ
Flash технологиясы
Macromedia Flаsh программалау ортасы және мүмкіндіктері
Macromedia Flаsh программасының жұмыс істеу элементтері
Объектіні таңдау құралдары.
Түзу салу құралдары:
Объектілер кітапханасы.
Интерактивті анимация құру
Кадрлық анимация
Мәтінмен жұмыс жасау
Суреттерді ауыстыру программасы
Тәжірибелік жұмыстар
Қорытынды
Әдебиеттер тізімі

Прикрепленные файлы: 1 файл

Macromedia Flash адистемелик нускау.docx

— 9.71 Мб (Скачать документ)

Әдістемелік мақсаты: Macromedia Flаsh нұсқасы — оқытудың қазіргі кездегі ақпараттық технологиялары - қазіргі оқыту технологиясын интерактивті программалық - әдістемелік сүйемелдеумен қамтамасыз ететін компьютерлік техника, телекоммуникациялық байланыс құралдары, аспаптық программалық құралдар жиыны болып табылатынын көрсету. Macromedia Flash— Macromedia компаниясы кез келген көріністермен кескіндерді өндегенде, WEB-сайттар мен презентацияларды құруға бағытталған интерактивті анимацияны құратын интегралданған орта туралы түсінік беру.   Векторлық графикаға бағытталған Flash - бағдарламасының негізгі өндеу кұралы мултимедияның барлық негізгі элементтерін: козғалыс, дыбыс және объектілердің интерактивтілігін пайдалануды қамтамасыз ететінін ашу.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ЖОСПАРЫ:

 

КІРІСПЕ

  1. Flash технологиясы
  2. Macromedia Flаsh программалау ортасы және мүмкіндіктері
  3. Macromedia Flаsh программасының жұмыс істеу элементтері
      1. Объектіні таңдау құралдары.
      1. Түзу салу құралдары:
  1. Объектілер кітапханасы.
  2. Интерактивті анимация құру
  3. Кадрлық анимация
  4. Мәтінмен жұмыс жасау
  5. Суреттерді ауыстыру программасы
  6. Тәжірибелік жұмыстар

Қорытынды

Әдебиеттер  тізімі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

Macromedia Flаsh нұсқасы — оқытудың қазіргі кездегі ақпараттық технологиялары - қазіргі оқыту технологиясын интерактивті программалық-әдістемелік сүйемелдеумен қамтамасыз ететін компьютерлік техника, телекоммуникациялық байланыс құралдары, аспаптық программалық құралдар жиыны болып табылады.

Казіргі кезде ақпараттандырылған қоғам  қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін мына мәселелерді шешу керек: компьютерлік техника кабинеттерін жетілдірілген  жаңа құралдармен қажетті деңгейде жабдықтау, толықтыру және бағдарламалық  жабдықтамалар пакетімен қамтамасыздандыру. 
 Ақпараттық технологияларды оқу үрдісінде пайдаланудың ғылыми-педагогикалық, әдістемелік негіздері әлі қалыптасу үстінде. Оқытудың қазіргі кездегі ақпараттық технологиялары - қазіргі окыту технологиясын интерактивті программалык-әдістемелік сүйемелдеумен қамтамасыз ететін компьютерлік техника, телекоммуникациялық байланыс құралдары, инструменталдық программалык кұралдар жиыны болып табылады. Осы ақпараттық технологияларды оқу үрдісінде жүзеге асыруда мұғалімдер үшін кейбір мәселелер туындайды, яғни мұғалімнің күнделікті сабакка дайындығында немесе сабақтан тыс қосымша білім алу түрлерлерінде осы аталған ақпараттық технологиялар кұралдарының және жабдыктамалардың жеткіліксіз болуында. Бағдарламалык жабдықтамалар ақпараттық компьютерлік технологияның қолдауымен оқыту істерінің кез келген түрлерін жүзеге асыруда колданылады.

Қазіргі кезде осындай бағдарламалық  жабдықтамалар түрлері баршылық. Олар интерфейстерімен және жұмыс істеу принциптерімен ерекшеленуі мүмкін, бірак сол жабдықтамаларды оларды оку үрдісін қолдайтын мүмкіндіктер біріктіреді. Осындай бағдарламалардың негізгі кызметтеріне мыналарды жатқызуға болады:

  1. жаңа материалды түсіндіру мүмкіндігі;
  2. білімді бакылауды тестілеу түрінде ұйымдастыру;
  3. қарастырылатын оқу материалын демонстрациялау.

  Әрине, осы аталған бағдарламалық жабдықтамалардың қызметтерін пайдалану және оны жүзеге асыру пән мұғалімдері үшін неғұрлым қарапайым болуы тиіс. Сәйкесінше, тестілік тапсырмаларды жеңілдететін және сабаққа қажетті материалдарды дайындау технологиялары болуы керек. 

 Осы аталған бағдарламалық жабдықтамалардың бірі — Macromedia Flash бағдарламасы. Macromedia Flash— Macromedia компаниясы кез келген көріністермен кескіндерді өндегенде, WEB-сайттар мен презентацияларды құруға бағытталған интерактивті анимацияны құратын интегралданған орта. Векторлық графикаға бағытталған Flash - бағдарламасының негізгі өндеу кұралы мултимедияның барлық негізгі элементтерін: козғалыс, дыбыс және объектілердің интерактивтілігін пайдалануды қамтамасыз етеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. Flash технологиясы

 

Қазіргі күштің талабына сай, интернет арқылы үлкен көлемді ақпаратпен алмасуы, соның ішінде анимациялық (қозғалыстағы бейнелер қатары) ақпаратпен жұмыс  істеу үлкен көлемді жадыны қажет  етуіне байланысты, мәліметтердің көлемін  қысқартуға мүмкіндік беретін Flash техналогиясын  пайдалану тиімді болып табылады.

Flash техналогиясының  негізгі векторлық графикалық  форматынан Shockwave Flash (SWF) құрылды. Бірақ  бұл ең алғаш векторлық формат  емес,  SWF құрушылары ойдағыдай тапқан графиканың бейнелеу мүмкіндігі арасындағы үйлесімді, онымен жұмыс жасайтын инструментальді құралдар және қорытындысында Web – парақтарының қосылуының механизмі.

SWF қосымшасының  артықшылығы оның жеңіл тасымалдауында, яғни бұл формат әртүрлі аппараттық  – программалық платформада қолданылады  (сонымен қатар, ОЖ – сі Mac OS Macintosh компьютерлер және Windows ОЖ –  мен жабдықталған IBM компьютерлері). Тағы бір SWF – тың ерекшелігі: құрылған негізгі бейнелер тек анимацияланып ғана қоймай, сонымен қатар олар қосымша интербелсенді элементтер мен аудио құрылғылардың болуына мүмкіндік туғызады.

Интербелсенді мультимедиялық қосымшалардың тасымалдауы  мен құру мүмкіндігінің күрт өсуі танымал SWF форматының Web – дизайнерлердің ортасында орындалады. Сондықтан  бұл форматтың пайда болуы Macromedia фирмасында Plug_In компонентінің қоса салынған 2 негізгі желі браузері үшін құрылған: Internet Explorer және Nestcape Communicator.

SWF форматының  тарауына Бүкіләлемдік компьютерлік  желі көп әсерін тигізді. SWF форматының танымал болуының тағы бір себебі,  Macromedia фирмасы бұл форматтың жеңіл және оңай құрал – саймандармен қолданылуы.

Мультимедиялық  презинтациялар құру үшін -  Macromedia Director Shockwave Studio, ал графикалық бейнелерді салу үшін — Macromedia Freehand, Macromedia Fireworks,интербелсенді оқытушы курстарын құру үшін — Macromedia Authorwave, Macromedia Course Builder.

Сондықтан да Web – публикациясының ішінде ең танымал, әрі жеңіл қолдануына ыңғайлы  болып келетін — Macromedia Flash болып  табылады.

Macromedia Flash Web – парақтарын толық құруға  және әрбір сайттың анимациясымен  безендірілуіне мүмкіндік береді. SWF форматының көмегімен, оны әдетте Flash деп атап кетті.

Flash техналогиясының  құрамына мыналар кіреді:

-      векторлық графика;

-      анимацияларды қолдау;

-      интерфейстің интербелсенді элементтерін құру мүмкіндігі;

-      әртүрлі графикалық форматтарды қолдау (сонымен қатар растрлы графикалы да);

-      Flash фильмдерді HTMLформатына қосу;

-      Flash фильмдерін Web- браузерде көру мүмкіндігі;

-     әртүрлі визуальді саймандардың болуы

 

 

  1. Macromedia Flаsh программалау ортасы және мүмкіндіктері

 

  Қазіргі уақытта  - беттерді ресімдеуде растірлік графика пішімдері болып GIF (Graphics Interchange Format, мәліметтерді алмастыру үшін арналған графикалық пішім), JPEG (Join Photjgraphic ExpertsGroup -  бейнелер бойынша эксперттердің біріккен тобы) және PNG (Portable Nrtwork Graphics - ауыспалы графикалық пішім) табылады.

Растрлік  графиканы қолдану барысында  бейне (кескін) нүктелер (пикселдер-  pixel) жиынтығы ретінде сипатталады. Сондықтан бұл нүктелер бір - бірімен байланыспаған және олардың әрқайсысы үшін түс пен координаталар беру қажет етіледі. Қарапайым жағдайда, егер екі түсті кескін (мысалы, қара- ақ) қолданылса, онда әрбір пиксел үшін бір екілік разряд жеткілікті: 0- қара; 1- ақ, 256- түсті сурет үшін мұндай разрядтан әрбір пиксел үшін 8- ден болады (256 – 28). Өте күрделі, фотаға жуық түсті бейнелердің әрбір пикселдері 24 - ке дейінгі разрядты қажет етеді. Оыған байланысты растірлік кескіндерлі файлдардың өлшемі кескіні түсі тереңдеген сайын өте тез өсіп отырады.

Растрлық кескіндердің тағы бір кемшілігі кескін сапасының мониторлық рұқсат етілетін қабілеттілігімен анықталатын пиксел өлшемнен тәуелді екендігінде. Сондықтан, сурет бір мониторға тартымды болып көрінсе, екінші бірінде дұрыс көрінбеуі мүмкін. Растрлық өлшемін өзгерту қарапайым  жұмыс емес. Мұндай бейнені өзгерту деген, ондағы пикселдер санын ұлғайту дегенді білдіреді.

Бағдарламаның графикалық мүмкіндіктерінің тағы бірі – векторлық графика. Векторлық графика - бұл суреттегі орны математикалық формуламен тікелей сипатталатын қисық түзулер жиынтығының көмегімен кескінді (бейнені) ұсыну тәсілі. Мысалы, кез келген шеңберді сипаттау үшін үш - төрт сан қажет болады: радиус, шеңбер ортасы, координаталары және қалыңдығы. Осыған байланысты, векторлық графиканы растрлық пен салыстыру бойынша ол бірнеше артықшылықтар қатарына ие:

-       Векторлық кескіндерді сипаттайтын матаматикалық формулалар растрлық кескіндер пикселге сипаттауға қарағанда компьютер жадында аз орынды иеленеді;

-         кескінді (немесе оның жекелеген фрагменттерін) оның сапасын жоғалтпай шексіз маштабтау мүмкіндігі,

-         векторлық бейнені бір платформада екіншісіне оңай ауыстыру.

Веторлық  кескіндердің нақы кемшіліктері де бар мысалы, векторлық пішімде фотоға жуық кескіндерді ұсыну өте күрделі. Осыған байланысты ең күрделі шешім- компромистік шешім. Тек шешімді Flash бағдарламасын құрған авторлар қолданған. Осы құрамдық көмегімен web - беттерді әрлеу барысында тек векторлық қана емес растрлық бейнелерде қолданылады және сипатталады.

Macromedia Flash сурет салуға  қажетті көп функцияналды құралдар  жиындығынан және сценари жазуға  арналған объектілі – бағытталған  тілден тұрады. Flash программасы екі  компоненттен тұрады: қосымша құрылатын  редакторлау ортасы және осы  қосымшаларды жіберуге арналған SWF – файл түрінде танымал Flash Player ойнатқышы (проигрыватель).  

Flash ActionScript тілінен тұрады. ActionScript («Action» - әрекет, «Script» - сценарий) – сценарий құруға арналған объектілі – бағытталған тіл.

Flash ортасының жұмыс  аймағы.

Flash8 программасын бірінші  рет қосқанда бірнеше категориядан  тұратын алғашқы парақ ашылады: Open Recent Item (Соңғыларды ашу - Открыть  недавний), Create New (Жаңаны құру –  Создать новый) және Templates (Шаблоны).

Flash – тің терезесі:

Тақырып жолағы     Негізгі меню 

           Құжат бөлімдері       Редакторлау панелі      Уақыт шкаласы



 

Құрал –  саймандар панелі     Қасиеттер  терезесі        Жұмыс аймағы   Панелдер

(Tools)    (Property Inspector)

 

Жұмыс ортасы бірнеше бөлімдерден тұрады (секциялардан). Әрбір бөлім көптеген әр түрлі  басқару элементтерінен тұрады.

  • Меню ортақ командалардан, мысалы: Сохранить, Копировать т.б. және Flash –ке арналған арнайы командалардан тұрады.
  • Уақыт шкаласы (Timeline). SWF – файлдарында кадрлар Flash  анимациясының тарихын сақтайтын уақытша шкалада орналасады. Уақытша шкала кадрлар (frames) жиынтығынан және кілттік кадрлардан (keyframes) тұрады. Уақытша шкала құжат мазмұнын ұйымдастыруда қолданылатын бір немесе бірнеше қабаттардан тұруы мүмкін. Уақытша шкалада жылжуда және жұмыс жасауға қажетті ағымдағы кадрды таңдау үшін  ағымдағы кадрды көрсеткіш (playhead) қолданылады.
  • Панелдер. Flash панелдер арқылы құрылатын қосымшаны жеңіл басқара алады. Панелдер түстік өңдеулерді және ActionScript сценарилерінің қимылдарын қосуға, объектілерді реттеуге және элементтерін басқаруға мүмкіндік жасайды.
  • Жұмыс аймағы (Stage). Flash –те жұмыс жасауда құжаттың барлық көрінетін объектілерінен тұратын жұмыс ортасы.
  • Құжаттар бөлімдері (Document Tabs) және Редакторлау панелі (Edit Bar). Flash – те әрбір ашылған құжатқа жеке бөлімшелер құрылады және олар ашық тұрған файлдар арасында  жылдам ауысуға ыңғайлы. Редакторлау панелі ағымдағы сәтте сіз не редакторлап отырғаныңызды көрсетеді: сценарий, экран, символ немесе элементтер топтары.
  • Қасиеттер инспекторы (Property Inspector). Қасиеттер инспекторы – кез – келген ерекшеленген объект туралы ақпарат көрсететін, жанама – бағынышты панель. Қасиеттер инспекторы көптеген параметрлерді өзгертіге мүмкіндік береді.

 

Flash – те бірінші  құжатты құру.

Flash программасында бірнеше типті құжат құруға болады. SWF- файлы сияқты медиафильмдер құруға және оларға анимация және видео қосуға болады.

1 – жаттығу. Осы жаттығуда  орындау арқылы FLA форматындағы жаңа файл құрасыз. (FLA – Flash қосымшасында құрылған, редакторланатын файл форматы).

  1. Flash программасын ашыңыз: Пуск – Все программы – Macromedia – Macromedia Flash 8.
  2. Create New (Создать новый) бөлімінен Документ Flash батырмасын таңдаңыз.
  3. Жаңа құжат ашылған соң Құжат қасиет (Свойства документа) сұхбат терезесінде жұмыс аймағының көлемін орнатыңыз: 780х520 пиксельге теңестіріңіз. Ол үшін Инспектор свойств панеліндегі Размер батырмасын шертіңіз. Документ – Свойства (Document Properties) терезесі ашылады. Ашылған сұхбат терезесінде еніне 780 және биіктігіне 520 пиксель енгізіңіз. Заголовок (Title) өрісіне Үй парағы текстін енгізіңіз. Описание (Description) өрісіне веб – түйіннің қысқаша сипаттамасын енгізіңіз. Мысалы, Біздің кітап магазині кез – куелген тақырыпта анықтамалар ұсынады.

Информация о работе Macromedia Flash бағдарламасының мүмкіндіктері туралы