“Каспийскии” банкі акционерлік қоғамының

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Апреля 2015 в 14:53, курсовая работа

Краткое описание

Ақпараттың жиналуының, өндірудің және таралуының (ауыстырудың) есебі адамзат алдында оның қалыптасуының барлық кезеңдері алдында тұрды. Көп уақыт бойы оны шешудің негізгі құралдары адамның миы, тілі және естуі болды. Бірінші тібегейлі өзгеріс жазу түрі келгеннен бастап, ал содан кейін кітапжазулықты жасап шығарумен пайда болды. Түбірлі қалып электронды есептеуіш машиналары (ЭЕМ) пайда болғаннан бастап өзгерді. Негізінде бөлек есептерді шешу үшін ЭЕМ қолданудан бастап ақпаратты өндіру бойынша адам қызметінің сол не басқа аяқталған бөлшектерін комплекстік түрде автоматтау үшін олардың қолдануына келген кезде жаңа қадам жасалды.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Текст.doc

— 556.50 Кб (Скачать документ)

 

Валюта

2003

2004

2005

2006

USD

58447

157748

214328

293914

DEM/EURO

801

1142

2742,1

3016

RUR

151466

1180825

1635636

1162673


 

Кесте көрсеткіштерінен көріп отырғанымыздай, банктің 2003-2006 жылдар аралығындағы аударымдар көлемінің басым бөлігін АҚШ долларымен жасалған операциялар құрап отыр, ол 2003 жылы - 58447 АҚШ доллары көлемінен 2006 жылы – 293914 АҚШ долларына артқан.

Банктік реформаны жүргізудің қажеттілігі ол қаржы  ресурстарының дұрыс бөлінбеуінен, банктерде мерзімі өткен қарыздардың зиянды мемлекеттік кәсіпорындардың есебінен көбеюі, шаруашылық органдарының арасындағы төлемдер мен есеп айырысуларды жүргізуде бұрынғы жүйенің қабілетсіздігі деп түсіндіріледі.

Қазақстанда банктік реформаны жүргізу нәтижесінде екі деңгейлі банктік жүйе құрылды: Ұлттық банк (жоғары деңгейлі) және коммерциялық банктер (төменгі деңгейлі).

Банкаралық несие -бұл комммерциялық банктердің бір – біріне беретін несиелері.

Банкаралық несие бұл басқа ресурстармен салыстырғанда өте қымбат ресурс болып табылады.

Банкаралық несиенің негізін банкаралық депозиттер құрайды. Банкаралық  депозиттер-бұл банктердің бір-бірінде ашқан корршотындағы қаражат қалдықтары.

 

 

 

2.4 Ақпараттық жүйенің  деректер қорын жобалау

 

Дипломдық жұмыс «Банк несие бөлімінің ақпараттық жүйесі. Тұтынушылық несиелендіру бөлімінің ішкі жүйесін құру» қарастырады. Бұл ақпараттық жүйе банк қызметкерінің жұмыс процессін автоматтандырады, яғни тұтынушылық несие бөлімінің  ішкі жүйесінің жұмысына жаңа ақпараттық технологияларды қолдану. Ақпараттық жүйенің негізгі мақсаты – банк клиентерінің деректер базасын құру болып табылады..

Дипломдық жұмыстың негізгі есебі – ақпараттық жүйені құру және төмендегі функцияларды орындау:

- деректер қорына әрбір клиентті  тіркеу және енгізу;

- жүргізілген оперциялар жөнінде  түбіртекті шығару;

Бағдарламаға қойылатын  талаптар.

Жобаланған бағадарламалық кешеннің жұмысын қазіргі кезеңнің талаптарына сәйкес кең таралған дербес ЭЕМ қамтамасыз ету қажет.

Қазіргі заманғы талаптарға сай ақпараттық жүйені құру, яғни ғылыми техникалық процестің өркендуіне сәйкес бағдарламаны модернизациялау және қолданушы интерфейсін жобалау құралдарының қолайлы болуы.

Енгізетін ақпараттар тізімі:

-банк бөлімне клиент жайлы  мәліметтер: клиенттің фамилиясы, аты  және әкесінің аты, жеке куәлік  нөмірі, берілген күні, салық төлеушінің  тіркеу нөмірі.

Баспа есептерінің тізімі.

- операция орындалғаны жайлы  түбіртек;

Фирма офисінің компьютерлік техникамен жабдықталуына қойылатын тадаптар.

-кіріс құжататрды шығару үшін принтер;

- қолма қол ақшаны тексеруге арналған аппарат;

-қолма қол ақшаны сануға арналған аппарат;

-көшірмесін алу аппараты.

Ақпараттар жүйесінің деректер қоры бірнеше кестелерден тұрады.

Деректер базасында төмендегідей операциялар белгіленеді: есепке жөнелту, есептен алу, шетел валютасын сату және сатып алу. Әрбір кесте жеке қарастырылады.

1-сурет.  Клиенттер

 

Клиенттер кесетесі 10 өрістен тұрады, мұның ішінде «клиент коды» өрісі алғашқы кілттік болып табылады, себебі ол бір мәнді жазуды белгілейді. Бұл жерде қолма-қол ақшаны алу және түсіру операциялары бойынша деректер енгізіледі.

Деректер қоймасындағы кестелер және өрістер:




 


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3 Экономикалық ақпараттық жүйелерді бағдарламалық қамсыздандыру

2.5 Экономикалық ақпараттық жүйелер және олардың құрылымы

 

Қазіргі уақытта компьютер және басқа да электронды есептеуіш машиналар қоғамда немесе адам өмірінде маңызды орын алады. Ақпараттық машина ретінде оларды қолдану атына сай келмесе де соңғы жылдары коммерциялық компанияларға тікелей экономикалық тиімділік беретін нақты өндірістік жобаны дайындауда талап етілетін уақытты қысқартуға жол беру, оларды іске асыру кезінде өндірілмеген шығындарды азайту, бухгалтерлік, техникалық және басқа да құжаттардың түрлерін дайындауда қатенің пайда болу мүмкіндігін шығарып тастау және тағы басқа оларды қолданудағы негізгі түрлері болып табылады.

Ақпараттандыру-бұл қазіргі қоғамның дамуындағы шешуші фактор, бірақ қоғам бұған алдын ала дайын болуы керек. Мұндағы ерекше өзектілік экономикалық және әлеуметтік сұрақтарды шешуде ақпараттық-есептеуді қамтамасыз етуде халықтың ақпараттық қажеттілігін қанағаттандыру қажет.

Компьютер мекеменің басқарушылық жүйесінің ажырамас бөлігі болғандықтан, басқарудың қазіргі тәсілі ақпараттық технологияның ақша жұмсалымын да болжайды. Ақпараттық технологияның дамуы, алға ұмтылуы нәтижесінде оларды қолдану облыстарының кеңейтілімі бақыланады. Бұрын тек бухгалтерлік есепті автоматтандыру облысында ғана қолданылатын ақпараттық жүйелер бүгінгі күні көптеген басқа да енгізілім облыстарында да қолданылады. Ақпараттың жиналуы, сақталуы, өңделуі және таратылуы қоғамға ақпараттық жүйенің пайда болуына әкелді. Осыған байланысты жүйе ұғымына тоқталып кетейік.

“Жүйе” ұғымына  “ақпараттық” сөзінің қосылуы оны құру және жұмыс істеу мақсатымен бейнеленеді. Ақпараттық жүйелер қандай да бір облыста тапсырма шешімін қабылдау процесінде қажетті ақпараттарды іздеу, беру, өңдеу, сақтау және жинауды қамтамасыз етеді. Олар жаңа өнімдерді құруға және мәселелерді талдауға көмектеседі.

Экономикалық ақпараттық жүйелердің қазіргі уақыттағы түсіндірілуі дербес компьютер ақпараттарын қайта өңдеуде негізгі техникалық құралдар ретінде қолдануды болжайды. Үлкен мекемелерде дербес компьютерлердегі ақпараттық жүйелердің техникалық қоймасы құрамына супер ЭЕМ немесе мэйнфрейм кіруіне болады. Сонымен бірге, егер өндірілген ақпаратты тағайындау үшін және онсыз оны алуға немесе көруге мүмкіндік жоқ болғандықтан адамның рөлі есептелінбесе, онда ақпараттық жүйенің техникалық алмастырылуы өзінен өзі ештемені бермейді.

Экономикалық ақпараттық жүйе нақты экономикалық объект үшін құрылады. Ақпараттық жүйе – алдыға қойылған мақсатқа жету мүддесінде ақпараттарды беру және өңдеу, сақтау үшін қолданылатын тәсілдер мен  құралдардың өзара байланысқан жиынтығы.

Қазіргі уақытта экономикалық ақпараттық жүйенің әр түрлі тағайындалуында ақпараттық жүйелердің үлкен көлемі жұмыс істейді. Олар бір-бірінен келесі факторлар бойынша ерекшеленедi: ақпараттық жүйені жинақталған тәжірибе бойынша құру және жұмыс істеу; қолданылған құралдарымен деректерді жинау, табыстау мен өңдеу және т.б.

 

2.6 Қолданушыға нұсқау

 

Қолданушы нұсқауы қолданушыға бағдарламамен жұмыс істеуді үйретуге арналған. Қолданушының компьютермен жұмыс істеу дағдысы болу керек,  яғни пернелер тақтасымен, тышқанмен, тереземен, операциялық жүйемен  Windows,  және берілген хабарламалармен жұмыс істей білуі қажет.

Бағдарлама үшін деректер қоры (ДҚБЖ) Microsoft Access 2003 жасалған. Бұл бағдарламаға ену үшін Microsoft фирмасынның дайындаған ADO технологиясымен іске асады.

Бағдарлама сипаттамасы. Бұл бөлімде жүйенің негізгі жұмыс режимі көрсетілген.

Басты менюде:

1 – суретте жүйенің жасаушысы, несие алушы жайлы туралы толық  мәліметтер,  қарыз алу шарты: қарыз сомасы, қарыз алу валютасы, сыйақы мөлшері, алғашқы төлем, алдын-ала өтеу құқы, қарыз алушыға беру мақсаты.

2 – суретте басқа да мәліметтер: төлем туралы мәлімет, қарыз алушының  жұмысы жайлы мәліметтер, жанұялық  жағдайы көрсетіледі.

Сонымен бірге берілген несиелер есебінің тізімі көрсетілген.

Неисе беру шарттары:

Әрбір ай бойынша шығын = семьядағы адам саны * 6.000,00 тг + 7.500,00 тг. Егер де осы формула бойынша есептелген қалған қаржы әр ай сайынғы төленетін белгілі бір несие түрінің негізгі қарызы мен оның есептелген үстіндегі пайызын жауып тұрса онда Банк филиалының Несиелік комитетімен келісім жүргізе отырып осы клиентке несие беру туралы шешім қабылданады. Осыдан кейін бұл клиент несие алушылардың қатарына жатқызылады.

Ал егер аталған шарттар орындалмаса, онда несие берілмейді.

III. Экономиалық бөлім

3.1 Жалпы экономикалық түсініктер

 

Нарықтық қатынастарға өту нақты алғанда экономиканың әлдеқайда жаңа сапалық күйіне көшуді білдіреді. Мұның өзі тұтастай бірқатар объективті факторлардан көрінеді.

Нарықтық экономиканың тиімді жұмыс істеуінің негізгі шартты  нарықтық іс басындағы субъектілердің толық өзін-өзі басқаруды мен олардың эканомикалық жауапгершілігіне негізделетін тәуелсіздігі болып табылады. Әміршілік - әкімшілік экономикаға тән «әкімшілдік адам» моделінің орнына ақыл – ойына жүгініп жұмыс істейтін, өз пайдасын ерекше ойлайтын, ілкімшіл де іскер, нар тәуекелге бара білетін, өз іс – қимылына жеке  жауапкершілікпен қарайтын «экономикалық адам» келуі керек.

Қазқстан Республикасы Конституциясының 26 – бабының төртінші тармағында жазылғандай: «әкімнің кәсіпкерлік қызмет еркіндігіне, өз мүлкін кез келген заңды кәсіпкерлік қызмет үшін  еркін пайдалануға құқығы бар».

Баршаға белгілі, өндірістің негізгі факторлары табиғи, еңбек және өндірістік ресурстар болып табылады. Нарықтың экономика жағдайында осы факторлардың жұмыс істеп, қозғалысқа түсуіне ерекше әсер ететін нақты күш бар. Олар – іскерлік, басқару және өз мүмкіндіктерін белгілі бір мақсатта жетістікке қол жеткізуге пайдIалана білу икемдігі, сондықтан да осы бір адами қасиеттерді, өндірісті алға жылжытатын күштің төртінші факторы ретінде айтуға толық құқымыз бар және оны іс жүзінде пайдалана білетін адамдар іскер, бизнесмен, ал олардың экономикадағы немесе өмірдің  кез келген саласындағы қызметі іскерлік немесе бизнес деп аталады.

Ағылшын тілінен тікелей аударылғанда «бизнес» («business») сөзі іс, шаруа, коммерциялық қызмет, сондай – ақ тиісінше «бизнесмен»  («business men »)   сөзі іскер адам, іскер деген ұғымдарды білдіреді.

Көптеген отандық әдеби басылымдарға бизнес сөзі іскерлік ұғымымен теңдестіріледі, сондықтан біз бұдан әрі екі терминді де пайдалана беретін боламыз.

 «Бизнес» ұғымының экономикалық мәні   экономикалық басылымдарда да әрқилы айтылып жүр. Бірақ, барлық авторлар көптеген мәселелерде таласқанымен, ең басты мәселеде бір жерден шығып келеді. Бизнес немесе іскерлік – бұл адамдардың кез келген саладағы, ең алдымен тауарды өндірумен, бөлуімен, айырбастауымен және тұтынумен байланысты және табыс немесе басқадай түрдегі экономикалық пайда алуға бағытталған экономикадағы  қызмет түрі.

 Бұл ұғым адам қызметінің қай саласында қолданылғанына қарай бизнестің бірнеше түрлері пайда болды: өндірістік бизнес, саудалық, қаржылық, делдалдық, қамсыздандыру және т.б. Осылардың ішінде агробизнес ерекше орын алады.

                               

3.2 Экономикалық тиімділік

 

Пайдалылық коэффициенті.

  1. Рентабельдік коэффициенті.

Рентабельділік коэффициенті  екі позиция бойынша анықталады.

а) сатылым рентабельділігі =таза табыс: сатылым х100 %

б) активтер табыстылығы =таза табыс: жалпы активтер х100 %

    «Айжан» ЖШС  бойынша:

Берілгені: - таза табыс                                                      7091м. теңге

   -сатудан түскен қаражат                           57079 м. теңге

                  -жалпы активтер                                        61241 м. теңге

а) Сатылым рентабельділігі        7091  .100=12,42%

                                                       57079

б) Активтер табыстылығы           7091  .100=11,57%

                                                       61241

   Бұл дегеніміз:

  1. Фирма сатылымының әр 100 теңгесіне 12,42 теңге пайда табады деген сөз. Осы көрсеткішті бәсекелес фирмалар көрсеткішімен салыстыруға болады.
  2. Фирма жалпы активтердің әр 100 теңгесіне 11,57 теңге пайда алады деген сөз.

 

3.3 Осы бағдарламалық өнімді жаратудың шығынының

анықтамасы

 

Бағдарламалық өнімнің шығыны бағдарламаны құрушының еңбек ақысынан және бағдарламаны отладкалау кезіндегі машиналық уақытқа кеткен төлемінен құралады:               

Информация о работе “Каспийскии” банкі акционерлік қоғамының