Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Апреля 2015 в 14:53, курсовая работа
Ақпараттың жиналуының, өндірудің және таралуының (ауыстырудың) есебі адамзат алдында оның қалыптасуының барлық кезеңдері алдында тұрды. Көп уақыт бойы оны шешудің негізгі құралдары адамның миы, тілі және естуі болды. Бірінші тібегейлі өзгеріс жазу түрі келгеннен бастап, ал содан кейін кітапжазулықты жасап шығарумен пайда болды. Түбірлі қалып электронды есептеуіш машиналары (ЭЕМ) пайда болғаннан бастап өзгерді. Негізінде бөлек есептерді шешу үшін ЭЕМ қолданудан бастап ақпаратты өндіру бойынша адам қызметінің сол не басқа аяқталған бөлшектерін комплекстік түрде автоматтау үшін олардың қолдануына келген кезде жаңа қадам жасалды.
Банкілік жүйе басқарылатын жүйе ролін атқарады. Орталық банк қаржы-несиелік тәуелсіз саясатты жүргізе отырып, парламентке немесе орындаушы билікке әртүрлі формалардағы есептерді беріп отырады. Коммерциялық банктер құқықтық тұлға ролін атқара отырып жалпы және арнайыландырылған банкілік заңнамалар негізінде әрекеттер жасап отырады, олардың іс-әрекеттері несиелік институттардың әрекеттерін бақылап отыратын орталық банк шығарған экономикалық нормативтермен реттеліп отырады (біршама мемлекеттерде коммерциялық банктердің іс-әрекеттерін қадағалау функцияларын басқа арнайы мемлекеттік органдар жүзеге асырып отырады).
Осы аталған барлық белгілер Қазақстандық банкілік жүйе қасиеттеріне тән, Қазақстандық банкілік жүйе өтпелі кезең сипатында болса да дамып отырған жүйе болып табылады. Банкілік жүйе бөліктерінің арасындағы өзара әрекеттер әртүрлі сипаттарға ие, жүйе әрекеттерінің нормативтік базасы жақсартылып келе жатыр.
Банкілік жүйенің белгілері:
Банкілік жүйе сыртқы ортадан оқшауланбаған, ол сыртқы ортамен тығыз қарым-қатынаста, экономикалық жүйенің ішкі жүйесі болып табылады. Жалпы жүйенің бөлігі бола отырып, банкілік жүйе жалпы және арнайы заңнамалар арқылы әрекет етіп отырады.
1.3. “Каспии” банкі акционерлік қоғамының
Қызылорда қаласындағы филиалының құрылымы,
орындайтын негізгі операциялары және қызметтері
Қазіргі заманғы коммерциялық банктер-мекемелер мен ұйымдарға және халыққа қызмет көрсететін банктер. Коммерциялық банктер банкілік жүйенің негізгі элементтері және экономикалық жүйенің субьектілері болып табылады. Олардың клиенттермен қарым-қатынастары коммерциялық сипатқа ие. Коммерциялық банк іс-әрекеттерінің негізгі мақсаты-максималды пайда алу болып табылады. Коммерциялық банктер клиенттерге кешенді түрде қызмет көрсетеді, коммерциялық банктердің осы белгісі қаржылық операциялары мен қызметтері шектетілген банктік емес арнайы несиелік ұйымдардан ерекшелендіреді.
“Каспийскии” банкі акционерлік қоғамы коммерциялық банк болып табылады. Бұл банк басқа да коммерциялық банктер сияқты төмендегідей функцияларды жүзеге асырады:
Қаржы-қаражаттарды депозиттерге қабылдау және несиелер беру функциялары бойынша ссудалық бағамдардың құрылуына және қолданылуына ықпалын тигізетін қаржы құралдарының қозғалысы банк операциясының негізін құрайды.
“Каспийскии” банкі акционерлік қоғамының негізгі операцияларына мыналар жатады:
Коммерциялық банк операциялары екі түрге бөлінеді:
1. Активті операциялар
2. Пассивті операциялар
Активті операциялар бұл-банктің пайда табуы үшін қолда бар ресурстарды орналастыру. Банктің активті операцияларына қысқа және ұзақ мерзімді несиелендіру, халыққа тұтынушылық несие беру, мекемелердің және фирмалардың өнімділігін арттыру үшін несие беру, бағалы қағаздарды иелену, лизинг, факторинг, инновациялық қаржыландыру және несиелендіру, ссудалар жатады.
Несиенің негізгі екі түрі бар: коммерциялық несие және банктік несие. Коммерциялық несиенің банктік несиеден басты ерекшелігі – ол тауар түрінде берілетін несие. Банктік несие-ол банктің шоғырланған қаражат қорынан клиенттерге қайтарым мерзімін белгілеп, ақша түрінде берілетін несие. Олардың екеуі де ұйымдастыру жағдайларына байланысты бірнеше түрлерге бөлінеді: тұтыну, лизинг, ауыл-шаруашылықтық, шаруашылықтық, ипотекалық, мемлекеттік, халықаралық және т.б.
Тұтынушылық несиесі-ол төлемін кейінге қалдырып тұтыну тауарларын несиеге алу. Несие алушы-халық, ал несие беруші-әртүрлі өндіріс орындары, фирмалар, банктер, мекемелер болуы мүмкін. Тұтыну несиесі коммерциялық несие формасында (яғни бөлшек сауда орындары арқылы төлемін кейінге қалдырып тауар сату) және банктік несие формасында (яғни тұтыну тауарларын сатып алуға ақша беру-ұзақ қолданылатын тауарлар жинау, жеңіл машиналар, тоңазытқыштар, теледидарлар және т.б.) беріледі.
Лизинг несиесі-ол тауар түрінде берілетін несие. Лизинг деп – мамандандырылған қаржы (лизинг) компанияларының делдалдық етуімен машиналарды, құрал-жабдықтарды, жылжымайтын мүліктерді және негізгі капиталдың басқа да элементтерін орташа немесе ұзақ мерзімге үшінші жаққа жалға беруді айтады.
Ауыл-шаруашылық несиесі-ол ауыл-шаруашылығындағы негізгі капитал мен айналмалы капиталдың қызметтерін қамтамасыз ету үшін берілетін қарыз капиталы. Ауыл-шаруашылығындағы өндірістік негізгі капиталдың (қордың) қалыптасуына және дамуына қозғалмайтын мүліктің кепілдігімен ұзақ уақытқа күрделі қаржы несиесін береді.
Ипотекалық несие-ол жылжымайтын мүліктерді-жерді, өндірісті және тұрғылықты ғимараттарды, үйлерді, пәтерлерді кепілдікке алып ұзақ мерзімге берілетін ақшалы несие.
Коммерциялық банктің пассивті операцияларына-депозиттер жатады. Депозиттер мынадай түрлерге бөлінеді:
“Каспийскии” банкі акционерлік қоғамының Қызылорда қаласындағы филиалының құрылымы:
Экспресс-несиелер бөлімі-бұл сомасы 5000,00 теңгеден 75000,00 теңгеге дейін берілетін немесе сомасы 50,00 АҚШ долларынан 500,00 АҚШ долларына дейін берілетін тауарлай не ақшалай несиелендіру бөлімі.
Тұтынушылық несиелендіру бөлімі-бұл жеке тұлғалардың тұтынушылық қажеттіліктерін, яғни жылжымайтын мүлік, автотранспорт сатып алуға және басқа да қажеттіліктерді өтеу үшін берілетін несиелермен айналысатын бөлім.
Кіші және орта бизнесті несиелендіру бөлімі-бұл жеке кәсіпкерлікті дамыту үшін және кіші және орта бизнесті дамытуға жұмсалатын қаржыларды өтеу үшін берілетін несиелермен айналысатын бөлім.
Депозиттерді қабылдау бөлімі-бұл жедел түрдегі салымдарды (срочные вклады) немесе талап етілгенге дейінгі (вклады до востребования) салымдарды қабылдау бөлімі.
Есеп-кассалық қызмет көрсету бөлімі-бұл ақшалай аударымдар, валюта айырбастау және кассалық операциялар орындалатын бөлім.
Бухгалтерия-бұл бухгалтерлік проводкілер жүргізілетін бөлім.
Кадрлар бөлімі-бұл мекемедегі қызметкерлер кадрларымен айналысатын бөлім.
Ақпараттық бөлім-бұл Автоматтандырылған Банктік БИСквит Ақпараттық жүйесінің модульдерін бақылау процессімен айналысатын бөлім.
Қауіпсіздік қызметі бөлімі-бұл бағдарлама бойынша Несие алушы тұлғаның репутациясын, яғни нақты факт тұрғысындағы несие алушы тұлғаның тұрғылықты мекен-жайын және несие алушы тұлғаның заңды орындауын тексеріп отыратын бөлім.
Қоршаған ортаны қорғау бөлімі-жалпы банк қызметкерлеріне қауіпсіздікті қамтамасыз ететін бөлім.
Жалпы бөлім-бұл мекеменің ғимаратына жөндеу жұмыстарын жүргізуді, ғимараттың кабинеттерінің ремонтын қадағалап отыратын бөлім болып табылады.
Әртүрлі банк жүйелерінің үйлесімділік мәселелері тасымалданатын деректер форматының стандарт түрін қолдануымен шешіледі. Ол мәтін түріндегі файлдарды ақпараттық өрістермен бөлу арқылы беріледі.
Өрістер тізбегі тіркелген, деректер ұзындығы айнымалы болады. Тіркелген ұзындығы бар деректерді қолдану, олардың өңделуін жеңілдетеді. Көп көлемді деректерде тасымалданатын файлдың шамасы туралы мәселе туады. Мұндай ауыстыру тәсілі тәжірбие жүзінде банк саласындағы қазіргі кезеңдегі автоматтандырылған жүйелердің барлығында қолданылады.
II. Арнайы бөлім
2. Деректер қоймасында экономикалық ақпаратты ұйымдастырудың теориялық аспектілері
2.1 Арнайы бағдарламалық қамтамасыз етудің таңдауын негіздеу
Қазіргі кезде қойылған есепті шешуге мүмкіндік беретін бағдарламалық жабдықтар мен берілгендер базасымен басқару жүйелерін (БББЖ) жасап шығарудың жүйелері өте көп. Дипломдық жобаны жетілдіру үшін (бағдарлама Windows аумағында жұмыс жасауы керек) бастапқы берілгендерге негізделеміз.
Windows аумағында жұмыс жасайтын БББЖ жетілдіру үшін бірнеше әртүрлі жүйелер қарастырылған болатын. Бұл жүйелер келесілерді ұсынады:
Microsoft фирмасының FoxPro БББЖ – бұл
жүйе қосымшаның ыңғайлы және
жеткілікті тиімді жұмысын
Visual FoxPro бөлек компоненттерден тұрады, олар ақпаратты сақтау мен ұсыну үшін қолданылады. Осы компоненттермен кестелер, берілгендерді ұсыну, формалар, есептеулер, сұраныстар, бвғдарламалар мен кітапханалар болып табылады. формалар мен есептеулерді жасап шығару үшін конструкторлар қолданылады, сондықтан осы объекіттер конструкторлық объекіттер деп аталады. Конструкторлық объекіттер құрама объекіттер болып табылады, яғни олар аса майда объекіттерден тұрады (алаңдар, батырмалар, диаграммалар, шектер секілді объекіттерден), олар интерфейс объекіттері деп аталады.
Интерфейс объекіттеріне жататындар:
- Мәтінтік объекіттер;
- Тікбұрыштар мен сызықтар;
- Алаңдар;
- Батырмалар;
- Графикалық объекіттер;
- OLE-объекіттер;
- Құжаттардың беттері.
Visual FoxPro-да ақпарат кестелерде
құрылады. Әр кестенің барабар
атауы болады (уникальное имя) және
ол кесте атауымен сәйкес
Әр объекіт бөлек файлда сақталады, негізгі объекіттерді құрайтын файлдардың атауларын сіз жеке өзіңіз бересіз, ал кестемен байланысты объекіттерді құрайтын файлдардың атаулары кесте атауымен сәйкес куеледі. Онда құралатын объекіт типінен тәуелді Visual FoxPro әр файлға объекітті идентификациялауға мүмкіндік беретін ұлғайтуды автоматты тьүрде береді.
Borland Delphi қосымшасы реляционды
Delphi – бұл компьютерлер қазір
инженерлік және ғылыми
Берілгендер базсымен (ББ) жұмыс жасайтын бағдарламаларды жасау үшін Delphi 5 жүйесінде Borland Database Engine (BDE) механизмі дәстүрлі түрде қолданылады. Delphi 5 құрамына BDE 5.01 версиясы кіреді, оны ақысыз әр түрлі тәсілмен жаңартуға болады. Бұл механизм кітапханалар жиынтығы түрінде іске асырылған, оларды бағдарлама үшін қамтамасыз етеді, ББ-на архитектурадан тәуелсіз қарапайым және ыңғайлы рұқсат. BDE механизмін қолданған кезде жетілдіруші оның бағдарламасы базамен физикалық деңгейде қалай жұмыс жасайтыны туралы ойламауына болады: локальді түрде, файл-серверлікте, не болмаса клиент-серверлік архитектурада. Әр түрлі өндірушілердің БББЖ қолдануға көшу барысында программистке өзінің бағдарламасының бастапқы кодын өзгертуге талап етілмейді. BDE келтіруде ғана өзгерістер енгізу жеткілікті.
Ондай драйверлер әр БББЖ үшін шығарылады, және BDE механизмі SQL Explorer утилитасынан шақырылатын арнайы редактордың көмегімен олардың қолдануына келтіріледі. Драйверлер Paradox, dBase, FoxPro секілді БББЖ стандартындағы берілгендер базасымен жұмыс жасай алады. Солай Delphi арқылы қиын графиктер, электронды кестелер, берілгендер базасын жасауға болады, бағдарламаға суреттер және көптеген басқаларын да енгізуге болады.
Информация о работе “Каспийскии” банкі акционерлік қоғамының