Электронды оқулықты қолдану әдістемесі туралы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Ноября 2013 в 19:12, реферат

Краткое описание

Қазіргі кезде ақпараттық коммуникациялық технологиялар саласында ауқымды ілгерлеу жүріп жатыр. Ақпараттық технологияны қолданудың ең тиімді жолы сөзсіз жаһандық ақпаратқа қол жеткізу болып келеді. Қазақстан Республикасының білім беруді 2010 жылға дейін дамытудың Мемлекеттік бағдарламасында ақпараттық және коммуникативтік технологияны білім беру жүйесін жеделдетіп дамытуға қолдану негізгі міндеттердің бірі ретінде анықталады.

Содержание

КІРІСПЕ
1 БІЛІМ БЕРУДЕ ЭЛЕКТРОНДЫҚ КУРСТЫ ҚОЛДАНУ
Электрондық оқулық
Электронды оқулық және оған қойылатын талаптар
Электронды оқулықтарды пайдаланудың педогогикалық ұстанымдары
2 НЕГІЗГІ ҚЫЗМЕТШІ БАҒДАРЛАМАЛАР
2.1 Электронды курсты құру барысында қолданылған бағдарламалар
3 ҚҰРЫЛҒАН ЭЛЕКТРОНДЫ КУРСТЫ СИПАТТАУ
Қорытынды
Әдебиеттер тізімі

Прикрепленные файлы: 1 файл

нурасыл.doc

— 249.00 Кб (Скачать документ)

FLASH бағдарламасы арқылы  жасалынған анимация дыбыспен  де сүйемелдене алады. Және  бастапқы фонограмма үзіліссіз  болса да керекті кадрларды белгілі бір дыбыстық эффектілермен жеңіл синхронизациялауға болады. Сондай – ақ кез келген қолданушының оқиғасына дыбыс қосуға болады (мысалы, тышқанның батырмасын немесе компьютердің пернетақтасының пернесін басқан кезде).

FLASH бағдарламасы арқылы автоматты түрде FLASH роликтері қолданылатын веб – беттері үшін HTML кодын генерациялауға болады және бұл жұмыстың нәтижесін басқа таралған форматтарға да экспорттауға болады. Мысалы, анимацияланған GIF – файлын алуға немесе бағдарлама сияқты жүктелетін бөлек орындалатын роликтің файлын құруға болады. Бұндай іске асыру тәсілінде FLASH роликтерінен бағдарламаларды жіберуге болады. Бірақ бірде – бір бағдарлама не нәрсені де сидыра алмайды. FLASH жүйесінде ыңғайлы интерфейс болғанымен, онда графикалық редакторлардың мамандандырылған кейбір әдеттегідей мүмкіндіктері жоқ. Мысалы, FLASH бағдарламасында AdobePhotoShop бағдарламасы сияқты көлеңке түсіру және фильтрлерді қолдана алмаймыз. Сондай – ақ үш өлшемді обьектілерді құру инструментариийі жоқ (мысалы, 3D StudioMax бағдарламасында сияқты) және дыбысты редактрлеу мүмкіндіктері тым нашар.

Жалпы FLASH  бағдарламасының шығу тарихына тоқталып өтейік. FLASH бағдарламасы алғаш рет 1996 жылы пайда болды. Оның ең бірінші екі нұсқасы өте ыңғайсыз болды. Өйткені олар векторлық графика негізінде анимацияны жылдам құра алмады. Үшінші нұсқасында көптеген қосымша құрал – саймандар пайда болды,осының әсерінен Интернетте FLASH құралдары арқылы жасалынған сайттар пайда бола бастады. Бірақ бұл бағдарлама тек төртінші нұсқасы жасалған кезде ғана танымал болды. Оған қуатты иілгіш құрал – ActionScript тіл сценариі қосылды. Осы кезде FLASH технологиясы негізінде жасалынған  Web – сайттарының саны күрт өсті. Ал 2000 жылдың тамыз айында Macromedia компаниясы шығарған FLASH бағдарламасының бесінші нұсқасы жарық көрді. Бұл бағдарламаға Безье қисықтарын меңгеру үшін жаңа құрал – саймандар, көптеген кітапханалар қосылды. Бұл кітапханаларды әр кезде кез келген адам қолдана алатын болды.

Енді бұл FLASH бағдарламасымен  не істеуге болады және не істеуге болмайды соны қарастырайық.

Біріншіден, ол бізге  кескінді жеңіл салуға мүмкіндік  береді. Бұл жағдайда ол сызықтардың  түзу сызылуын бақылайды және де пайдаланушының қозғалыстарын түзейді. (бұл өте  актуалды, егер суретті графикалық планшетпен емес, тышқанмен салса). Көпқабатты кескіндерді де жеңіл жасауға болады.

FLASH бағдарламасын пайдалана  отырып, мәтіндік информацияны құрастыруға  болады, және бұл бағдарлама пайдаланушы  кейбір мәліметтерді енгізе алатындай  формалар жасай алады. Бұл пайдаланушылық формалар HTML құралдары жасайтын формаларды еске түсіреді және солар сияқты іс - әрекет жасай алады. Мәтіндік өрістер қарқынды өзгере алады. Одан басқа да әртүрлі қосымша мүмкіндіктері бар (мысалы, кернинг және тренинг үшін инструмент өте ыңғайлы).

FLASH бағдарламасы арқылы әр түрлі анимациялар құруға болады. Осында траекториямен обьектілерді жылжыту үшін, морфинг үшін (морфинг дегеніміз бір обьектінің формасын басқаға айналдыру), бір обьектінің бөліктерінің тәуелсіз анимациясы үшін қолайлы инструменттер бар. Анимацияның басқа түрлері үшін де инструменттер бар. Бірнеше қабатты қолданудың арқасында тек қана қозғалыстағы немесе формаларын өзгертетін обьектілерді анимациялау ыңғайлы; бұл жағдайда компьютер статикалық обьектілерді қайта салуға өзінің ресурстарын кетірмейді. Одан басқа басқару элементтерінің көмегімен (мысалы, батырма, меню және тағы басқа) қолданушымен жеңіл қарым – қатынас ұйымдастыруға болады. Бұл элементтер арқылы анимацияны басқаруға және, мысалы, интернеттен қажетті ресурстарды жүктеу кезінде сервермен қарым – қатынас жасауға да болады.

FLASH бағдарламасы арқылы  жасалынған анимация дыбыспен  де сүйемелдене алады. Және  бастапқы фонограмма үзіліссіз  болса да керекті кадрларды  белгілі бір дыбыстық эффектілермен  жеңіл синхронизациялауға болады. Сондай – ақ кез келген қолданушының оқиғасына дыбыс қосуға болады (мысалы, тышқанның батырмасын немесе компьютердің пернетақтасының пернесін басқан кезде).

FLASH бағдарламасы арқылы  автоматты түрде FLASH роликтері  қолданылатын веб – беттері  үшін HTML кодын генерациялауға болады және бұл жұмыстың нәтижесін басқа таралған форматтарға да экспорттауға болады. Мысалы, анимацияланған GIF – файлын алуға немесе бағдарлама сияқты жүктелетін бөлек орындалатын роликтің файлын құруға болады. Бұндай іске асыру тәсілінде FLASH роликтерінен бағдарламаларды жіберуге болады. Бірақ бірде – бір бағдарлама не нәрсені де сидыра алмайды. FLASH жүйесінде ыңғайлы интерфейс болғанымен, онда графикалық редакторлардың мамандандырылған кейбір әдеттегідей мүмкіндіктері жоқ. Мысалы, FLASH бағдарламасында AdobePhotoShop бағдарламасы сияқты көлеңке түсіру және фильтрлерді қолдана алмаймыз. Сондай – ақ үш өлшемді обьектілерді құру инструментариийі жоқ (мысалы, 3D StudioMax бағдарламасында сияқты) және дыбысты редактрлеу мүмкіндіктері тым нашар.

Егер сіз өзіңіздің  ролигіңіз үш өлшемді сценалар немесе редактрленген дыбысты қолданғыңыз  келсе, онда болашақ роликтің фрагменттерін  мамандандырылған бағдарламалар арқылы алдын – ала өңдеп алу дұрыс  болады. Дегенмен FLASH бағдарламасы (әсіресе  графика – анимациялық бөлімінде) кәсіби бағдарламалық пакеттерге өте жақын мүмкіндіктер ұсынады. Ал кейбір жағдайларда әуелі олардың көзқарасы жағынан қолдану ыңғайлылығы бұл көп жақты бағдарламаны құрастырушылардың негізгі мақсаты болады.

FLASH бағдарламасының ескі нұсқаларында сценарийлардің командалары бірден кез келген програмист емес адамға өте оңай және ыңғайлы болған.

Бір қызығы, басқа көп  бағдарламалардан гөрі кейбір қарапайым  операцияларды FLASH бағдарламасында  орындау әлдеқайда ыңғайлы. Бұл  қоланушы интерфейсінің алдын – ала ойластырылғанның арқасында.

Енді құралдар панелімен  таныссақ. Суретте көрсетілгендей ол төрт бөлімнен тұрады. Жоғарғы бөлігінде обьектіні салу және трансформациялау үшін Tools (құралдар) деген құралдар орналасқан. Сонан соң кескінді басқаратын құралдар орналасқан, яғни View (вид) Оларға: “руки” (Hand tool) және “лупа” (Zoom tool) арқылы оның масштабын үлкейтуге немесе кішрейтуге болады (кішрейту үшін жұмыс үстеліне тышқанды Alt пернесін баса отырып шерту керек) Бұл екі құрал роликтің кескінін ғана басқарады, ал оның мазмұнына әсер етпейді. Ары қарайда құралдар панеліне түс таңдайтын Colors (түстер) құралдары орналасқан. Бұл арқылы контурдың және бояудың түсін оңай таңдауға болады. Ең ақырғы ол Options (параметрлер) құрылады.

Мультипликациялық бейнелер жасауға арналған Macromedia Flash программасы өңдеушілер арасында кеңінен қолдау таптты. Future Splash графикалық программасы 1997 жылы Macromedia компаниясында пайда болған. 10 жыл ішінде Flash программасының векторлық графикасы мен анимациясы барлық Web – беттердің, браузерлердің және операциялық жүйелердің модульдер құрамына енді. Flash программасының жыл сайын жаңарып отыратын мүмкіндіктеріқолданушыларды қызықтрып, олардың санын жылдан-жылға арттыруда. Қазіргі таңда өңдеушілер Flash – тың көмегімен мультимедиялық жарнамалар, Web – беттер, ойын программалырын және электронды оқулықтар құруда. Енді Macromedia Flash программасына қысқаша тоқталып өтейік.

Macromedia Flash программасының  құлымы. Macromedia Flash программасын алғаш рет жүктегенде ол Web – беттерді жасауға арналған векторлық графикалық программаға ұқсайды. Бірақ оның мүмкіндіктері өте көп. Бұл мультимедиялық интерактивті өнім шығаратын орта. Ол жай ғана Web – беттеріне арналған суреттер мен анимациялардан басқа, күрделі және сапасы жағынан жоғары бейне сапасы бар мультфильмдер жасауға мүмкіндік береді. Macromedia Flash программасының Action Script тілі бар. Бұл тіл Java Script программалау тілі негізінде құрылған, бірақ Action Script тілінің артықшылығы XML, HTML тілі және тағы басқа тілдермен жеңіл байланыс құра алады.

Macromedia Flash программасы Web – беттер құрамындағы элементтерді (графикалық бейне, дыбыс, диограмма және тағы басқа) оңай бейнелейді.

Анимация жасауда программа  әр түрлі растрлық бейнелерді векторлық  форматқа айналдырып, әр кадрға сақтайды. Нәтижесінде анимациа жадыдан аз орынг алады. Яғни, ол компьютердің ресурсын аз талап етеді және Internet – ке қосылғанда тез жүктеледі. Осындай артықшылықтары программаны программистер және аниматорлар арасында тез танымал етеді.

Macromedia Flash программасының терезесінің жалпы құрылымы төмендегідей:

  • Меню жолы;
  • Негізгі құалдар тақтасы;
  • Сурет салу құралдар тақтасы;
  • Уақыттық шкала;
  • Жұмыс алаңы;
  • Launcher тақтасы;
  • Қалып қүй жолы.

Бұл терезе Macromedia Flash программасы алғаш жүктелгенде пайда болатын терезе. Жоғарыда аталған элементердің ішінде Launcher тақтасына толығырақ тоқталайық. Launcher тақтасын таңдаған кезде қосымша терезелер ашылады. Бұл тақта құрамына келесі терезелер кіреді:

Info, Transform, Stroke, Fill – объектінің сортқы пішінің және орналасу аймағы көрсетіледі;

Mixer, Swatches – объект түстерін басқару;

Character, Paragraph, Text Options – объектдегі мәтін параметрлерін орнату;

Instanse, Effect, Frame, Sound – кадрлар арасындағы өту эффектілерін және дыбысты басқару;

ObjectActions, MovieExplorer – объектіні программалау терезесі;

Library – кітапхана.

Қосымша терезелер қызметі  негізгі терезелермен тепе-тең. Жоба жасау үшін тек қана құралдар тақтасын қолдану жеткілікті емес, сонымен  қатар дизайнер-программистің өз идеясы болу керек. Сонда ғана ол Macromedia Flash программасының мүмкіндіктерін толық біле алады.

Осы мүмкіндіктерді пайдалана  отырып, жасалған электронды курстың  құрлымын көруге болады.

2.2 Архивтеу бағдарламалары

Файлдарды архивтеудің  қажеттілігі 

Дербес компьютерді пайдалану кезінде әртүрлі себептермен магниттік дискідегі (МД) информацияны жоғалтып немесе бүлдіріп алуымыз мүмкін.  
Бұл МД-нін физикалық ақаулықтарынан, абайсызда ойламаған жерден файлдарды өшіріп алудан немесе оларды түзету кезінде кеткен қатеден, компьютерлік вирустар әсерінен информацияның бузылуынан, файл эталоңдарын сақтауды талап етуден және т. б. болуы мүмкін. Осындай жағдайларда шығатын шығынды азайту үшін файлдардың архивтік көшірмесін алып, оларды тұрақты күйде жаңалап отыру керек.

Архиваторлар - дискідегі  орынды үнемдеу үшін файлдың көлемін  кішірейтіп сақтауға мүмкіндік беретін  программалар тобы. Олардың сақтау тәсілдері әртүрлі болғанымен, жалпы қызметін былай түсіндіруге болады: файлда қайталанатын фрагменттер болады, оларды түгелдей дискіде ұстаудың ешқандай қажеті жоқ. Сондықтан архив жасауға мүмкіндік беретін программалардың жалпы қызметі — файлда қайталанып тұратын фрагменттер орнына қысқаша басқа мелімет жазып, кейіннен оларды өз реттіліктерін сақтай отырып алғашқы қалыпқа келтіретін мүмкіндік болуы тиіс.  
Әрине архиватордың әртүрлі мәліметтер үшін тиімділігі әртүрлі болатыны өз-өзінен түсінікті, мысалы, текстік файлдарды екі есеге жуық, ал бояуларының қоюлығы онша емес сүр түсті суреттерді (PCX немесе BMP тәрізді форматтағы) қанықтылық ерекшеліктеріне қарай екі-төрт тіпті он есеге дейін тығыздан қысуға болады.

Архиваторлар файл көлемін 10—70%-ке дейін кішірейтуге мүмкіндік  береді.

Әдетте 20 Мб дискіні көшіру (СОРУ командасы арқылы) 60-қа дейін  дискет (көлемі 360 кб-тай) қажет етеді, ал архиватор көмегімен бұл көлемді 2 есе қысқартуға болады. Сондықтан мәліметтерді қысылған, кішірейтілген көлемде сақтауға мүмкіндік беретін арнайы архиватор-программалар жасалады.  
Файлдарды архивтеуге арналған программалар дискідегі файлдар көшірмесін қысылған күйде архивтік бір файлға орналастыруға, кейіннен файлды архивтен шығарып алуға, архив мазмұнын көруге, т. б. істер атқаруға мүмкіндік береді. Архивтік программалар бір-бірінен қысылған файлдың форматымен, жұмыс істеу жылдамдығымен, архивке орналастырғандағы файлды қысу деңгейі сияқты әртүрлі мүмкіндіктерімен айрықшаланады. Архивтеу программалары тегін (SHAPEWARE) немесе белгілі бір сомаға делдалдық әдіспен таратылады. Олардың ішінде кең таралған архиваторлар тобына ARJ, RAR, PKZIP және PKUNZIP тәрізді программалар жатады. Бұлардан басқа да архиваторлар бар.

Архивтік файл

Архивтік файл - қысылған күйде бір файлға енгізілген, қажет  болғанда бастапқы күйіңде шығарып  алуға болатын бір немесе бірнеше  файлдың жиынтығы. Оның мазмұны (архив құрамындағы қысылған файлдар тізімі) және әр файлдың сақтаулы циклдік бақылау коды болады. Архив құрамындағы әрбір файл үшін оның мазмұны тәрізді мынадай ақпараттар сақталады:

- файлдың аты;

- файл орналасқан каталог  туралы мағлұмат;

- файл көлемінің дискідегі  бастапқы және архивтегі қысылған түрдегі мөлшері (байтпен беріледі);

- архив бүтіндігін  тесеруге арналған әр файлдың  циклдік бақылау коды.

ARJ архиваторы программасын қолдану.

Бұл программаның бірнеше  нұсқасы бар. АRJ программасын қолдану командасның форматы мынадай:

  
ARJ <режимдері> [-<параметр> [-<параметр>...]] <архивтік файлдың аты> [<файлдың аты> [файлдың аты>...]]

ARJ программасының режимдері: ARJ программасының орындай алатын бірнеше функциялары бар. Қажетті функцияны таңдау программаны шақыру кезіндегі командалық қатарда белгілі бір латын әрпін көрсету арқылы орындалады.

ARJ программасы функциясын көрсету команда кодын және оның режимін енгізу жолымен жүзеге асырылады. Команда коды бір әріптен тұрады, ол бірден программа атынан кейін көрсетіледі, ол программа орындауы тиіс жұмыс түрін анықтайды. Мысалы: A (add) - архивке файл енгізу, T(tеst) — архивті тест арқылы тексеру, Е (extract) — файлды архивтен шығарып бастапқы қалыпқа келтіру, D (delete) -архивтегі файлды жою және т. с. с.

Информация о работе Электронды оқулықты қолдану әдістемесі туралы