Электронды оқулықты қолдану әдістемесі туралы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Ноября 2013 в 19:12, реферат

Краткое описание

Қазіргі кезде ақпараттық коммуникациялық технологиялар саласында ауқымды ілгерлеу жүріп жатыр. Ақпараттық технологияны қолданудың ең тиімді жолы сөзсіз жаһандық ақпаратқа қол жеткізу болып келеді. Қазақстан Республикасының білім беруді 2010 жылға дейін дамытудың Мемлекеттік бағдарламасында ақпараттық және коммуникативтік технологияны білім беру жүйесін жеделдетіп дамытуға қолдану негізгі міндеттердің бірі ретінде анықталады.

Содержание

КІРІСПЕ
1 БІЛІМ БЕРУДЕ ЭЛЕКТРОНДЫҚ КУРСТЫ ҚОЛДАНУ
Электрондық оқулық
Электронды оқулық және оған қойылатын талаптар
Электронды оқулықтарды пайдаланудың педогогикалық ұстанымдары
2 НЕГІЗГІ ҚЫЗМЕТШІ БАҒДАРЛАМАЛАР
2.1 Электронды курсты құру барысында қолданылған бағдарламалар
3 ҚҰРЫЛҒАН ЭЛЕКТРОНДЫ КУРСТЫ СИПАТТАУ
Қорытынды
Әдебиеттер тізімі

Прикрепленные файлы: 1 файл

нурасыл.doc

— 249.00 Кб (Скачать документ)

 

Дәстүрлі оқулықтарға  қарағанда электронды оқулықтың  түс көмегімен қабылдау үрдісіне үлкен әсер ете алады. Алайда мұнда аса сілтеушіліктен аулақ болу керек. Оқулықтың мақсаты қажетті ақпаратты адам санасына неғұрлым тиімді тәсілмен жеткізе білуі. Түстерді тым өрескел қолдану керісінше жағымсыз әсер етіп адамның ойын жан-жаққа шашыратып бөліп жібереді. Интернет үшін веб парақ жасау тәжірибесі бір веб парақта көп тегенде 4 түс қолдану жағымды әсер ететіндігін дәлелдеп отыр. Яғни, оқулықтың веб дизайнның ойластырмас бұрын алдымен түс гаммасын анықтап алған жөн. Электронды оқулық түстерін ақпаратты жалықпай жақсы қабылдау қамтамасыз етіп, материалды эстетикалық тұрғыдан және жеңіл меңгеруге септігін тигізеді. Қою фонда ашық түсті мәтінді қолдану керек. Тек мәтін ашық түспен жазылса ғана дұрыс нәтиже береді. Мәтіндік ақпаратты көп парақтар фоны ақ болу керек. Қара фон  қолданылмайды. Шрифтің түсі қара, қою жасыл, қою көк болған абзал. Қызыл шрифті тек мәтін атаулары, ең маңызды ақпаратты бөліп көрсету үшін қолданылады.

Электронды оқулық басылымының  функцияларына қойылатын талаптар. Электронды оқулық басылыммен жұмыс жасау үшін келесі функциялар жүзеге асырылуы керек: Пайдаланушының тіркеу функциясы; деректерді құру функциясы; бағыттама функциясы; мазмұнын құрастыруды ұйымдастыру; оқыту троекториясын анықтау; оқыту және білімді бақылау; тестілеу; статистикалық есептеу;

  • Пайдаланушы тіркеу функциясы- электронды оқулықтарда пайдаланушы туралы деректерді енгізу, өзгерту және жоюды қамтамасызз ету керек;
  • Деректерді құру функциясы- мазмұн мен тестілеу нәтижелерінің бүтіндігін сақтау керек, сондай-ақ белгілі бір деректерге рұқсат алу керек және басқа деректерге шектеуді жасау үшін пайдаланушыларды авторландыру керек.
  • Бағыттама функциясы электронды оқулықтың құрылымы бойынша, қозғалу мүмкіндігін қамтамасыз ету керек;
  • Мазмұнын құрастыруды ұйымдастыру- тапсырмалар орындауды сұрақтарға жауап берудің және білімді бақылауды талап етпей электронды оқулықтың мазмұныны мен алдын ала танысу мүмкіндігімен қамтамасыз ету керек;
  • Тестілеу функциясы-тұтас электронды оқулық ойынша тесттен өту уақытын өзгерте алатын және нәтижелерді тіркеу мүмкіндігі бар автоматты тестілеу құрамдарын қамтамасыз ету керек;
  • Статистикалық есептеу функцияларын оқыту білімін меңгеру деңгейі туралы нақты ақпаратты және ол туралы сұранысқа байланысты басқа статистикалық деректерді беру мүмкіндігіне ие болу керек.

Электронды оқулық мазмұнының құрылымына қойылатын талаптар. Электронды оқулық контентті 3 деңгейлі семантикалық оқыту бірліктеріне бөліну керек:

  1. Модульдер;
  2. Блоктар;
  3. Сабақтар.

Модуль – блоктан блокқа өскен сайын мағыналы байланыстар бар логикалық байланысын блоктар тізбегінен тұратын электронды оқулықтардың бірі синтактикалық, симантикалықжәне фрогматикалық оқу бірлігі.

Блоктар – Сабақтан сабаққа өскен сайын мағыналы байланыстары бар логикалық байланысқан сабақтар тізбегінен тұратын электронды оқулықтардағы орташа синтатикалық, симантикалық және фрагмантикалық оқуыту бірлігі.

Сабақ - синтатикалық, симантикалық және фрагмантикалық оқуыту бірлігі және ол бірнеше оқыту элементтерінен тұрады. Сабақтарға міндетті оқыту элементтері болып теориялық материал, мысалдар тапсырмалар, сұрақ-жауаптар және тесттер есептелінеді. Ал міндетті  емес элементтерге оқыту ақпаратын меңгеру және түсінк есте сақтауға септігін тигізетін және ақпараттық тығыздықты қамтамассыз ететін ақпараттық графика, аудио және видео жатады.

Электронды оқулықты әзірлеушіге қойылатын талаптар.Әзірлеуші  оқушылар өтуі тиіс оқу бағдарламасын өзі толық білуі тиіс және бағдарламаны оқушы сұранысымен оқытудың арнайы  міндетерімен сәйкес келтіріп, әзірленетін электронды оқулықтың көмегімен жеткізгісі келетін оқу мақсатын дәл анықтауы керек. Электронды оқулық әзірлеуші электронды оқулықның жасау жоба сайысының нәтижесі негізінде электронды оқулықты жасау және қолдану саласындағы басты мамандардан тұратын авторлық топты жақтайды.

Электронды оқулықтың әзірлеуші жәке немесе заңды тұлға болуы мүмкін. Авторлық топ құрамына ғылыми жетекші пән мамандары, бағдарламашылар, дизайнер аудио және видеорежиссерлар және т.б. кіреді. Информатика және ақпаратық технологиялар саласындағы ғылыми-докторлармен кандидаттар ғана ғылыми жетекші бола алады. Пән мамандары сәйкес білім саласындағы ғылым доктарлармен кондидаттары білім беруді ұйымдастырудың барлық деңгейлеріндегі тәжірибелі оқытушылар болуы мүмкін.

Электронды оқулықтың  материалдық техникалық базаға қойылатын талаптар. Біздің байланыс желілеріміздің өткізгіштік қабілетімен интернетке кіру мәселесі әлі жақсартуды қажет ететіндігі қазіргі кездегі өзекті мәселенің бірі. Осыны және қолданыста әлі де баяу жылдамдықты компьютерлер жүргізгенін ескере отырып жекелеген HTML файлдың (графикамен бірге жалпы өлшемі 500 кбайт аспауы қажет екендігі анықталады). Мұны интернетпен жұмыс тәжірибесінде дәлелдеп отыр. Сонымен қатар аппараттық қамтамассыздандыру да өте маңызды мәселе. Электронды оқулықты әзірлеу және сынақтан өткізетін авторлық ұжымның аппараттың қамтамассыздануы: компьютерден (толық жинақталған) принтерлерден (түсті және ақ-қара) сканер, сандық фотоапарат, цифлық видеокамералардан тұруы керек.

 

1.3 Электронды оқулықтарды пайдаланудың педогогикалық ұстанымдары

 

 Қазіргі қоғамдық  өзгерістердің тез қарқындап  дамуы жаңа заман талабына  сай сапалы мамандарды дайындауды  қажет етіп отыр. Болашақ мамандар  үнемі өзгеріп отыртын әлеуметтік-экономикалық  үрдістерді талдай білуі,нарықтық  бәсеке жағдайында лайықты шешімдер қабылдап жүзеге асыра алатын болуы тиіс.

Қазақстан Республикасында  білім беру жүйесіндегі реформалау үрдісі дегеніміз – оның мазмұны  мен сапасын арттыру, білім берудің  ұлттық моделін жетілдіру, ақпараттық технолгияларды енгізуге байланысты жаңаша ақпараттық  технологиялық дәуірде өмір сүру. Сондықтан да жаңа ақпараттық технологияларды игерген мамандарды даярлау – бүгінгі күннің өзекті мәселесі.

Қазіргі кезеңде кәсіби білім берудің теориялық және технологиялық негізін жасаудың тиімді жолдары іске асырылуда. Ғылыми – педогогикалық әдебиеттерде «технология – өнер, шеберлік және logos – ғылым, заң», яғни «технология дегеніміз – шеберлік (өнер) туралы ғылым» деп көрсетілген.

Болашақ мұғалімдердің  электронды оқулықтарды оқу үрдісінде  қолданудың дидактикалық негізі – оның оқу мақсаттарын жетілдіруге бағытталған мазмұнына қойылатын талапты, әдістерді, оқыту құралдары мен түрлерін ұйымдастыру сияқты дидактикалық ұстанымдарын орындау. Ю. Бабанский, В. Монахов, М. Скаткин, т.б. ғалым-педагогтардың еңбектерінде оқу үрдісінде компьютерлік технологияны қолданудың әдістемелік проблемалары, оқу жүйесін ақпараттындырудың аспектілері, оқу тәрбие үрдісін дидактикалық қамтамасыз ету, педагогикалық үрдіс ұстанымдарының ендірілуі қарастырылған.

Электронды оқулықтарды  құру мен оларды пайдаланудың әдіс-тәсілдері Л. Добро, О. Митина, В. Чижиков, Е. Трофимова, С. Федиягин, В. Тихоненко, Л. Боревский, Е. Аленичева, Н. Монастырев, Г. Нұрғалиева, Е. Гаевская, А. Ульман, Ж. Абельдина және т.б. еңбектерінде арнайы қарастырылған.

Сонымен, педагогикалық білім беру жүйесінің оқу-тәрбие үрдісінде электронды оқулықты қолдану болашақ мұғалімдердің бойында іздемпаздық-танымдық, іс-әрекеттік-зерттеушілік қабілеттерді қалыптастыратыны белгілі.

Болашақ мамандардың  меңгеруге қажетті білім, біліктілігі және дағдылары мазмұнының өзгерісі мен көлемі үздіксіз өсуде. Білім беру салаларында электронды оқулықтарды пайдаланып, оқыту сапасын арттыру, тез модернизациялау және интенсификациялаудың тәсілдерін даярлау жүйесі бойынша ізденістер қарастырылуда. Электронды оқулықтарды оқыту үрдісінде қолдану педгагогикалық тәжірибеде оқу үрдісін интенсификациялауға, оқытуды дамыту идеяларын жетілдеруді жүзеге асыратын психологиялық-педагогикалық технологиялар жүйесін арттыруға мүмкіндік береді.

Электронды оқулықты қолдану болашақ мұғалімдердің кәсіби даярлығын және оқу қарекетін жетілдіруде міндетті бөлік болып табылады. Сондықтан да кез келген деңгейдегі білім беруде маман даярлау үшін олардың болашақ кәсіби әрекеттерінде электронды оқулықты қолдану қажет.

Электронды оқулықпен  оқыту, оларды жетілдіруге қажетті  жағдайларды құру, өңдеу және өндіру, жаңаны дәстүрлі әдіспен қиылыстырудың  жолдарын іздеу психологиялық-педагогикалық, оқу-әдістемелік проблемаларды шешуді талап етеді. Оларды әр түрлі бағыттар қатарында ажыратуға болады:

- Оқу үрдісіне электронды  оқулықты енгізу проблемасын  шешу үшін біріңғай ғылыми  әдістемелік кешенді жетілдіру;

- Тәжірибелік қарекетте  электронды оқулықты пайдаланудың  әдістемесін жасу;

- Электронды оқулықпен  оқытатын педагогикалық кадрларды даярлау және оны оқу үрдісіне енгізу;

- Жоғарғы оқу орындарын  материалдық-техникалық жабдықтау;

- Қажетті әдістемелік  қамсыздандыруды іздеу, өңдеу  және құру.

Болашақ мамандар кәсіби білім мен біліктілік жүйелерін  меңгерулері керек, себебі олар кәсіби даярлығын жетілдіруде электронды оқулықты қажетті деңгейде қолдана білуі тиіс.

Оқу үрдісінде электронды оқулық оқыту, тәрбиелеу, дамыту және білім  мазмұнын меңгерудің диогностикалық құралы мен объектісі бола алады. Оқу  үрдісінде электронды оқулықты пайдаланудың екі бағытын айтуға болады.

  1. Білім, біліктілік және дағдыларды меңгеру әртүрлі міндеттерді шешу дағдыларын қалыптастыруда электронды оқулықты қолдану  мүмкіндіктерін айқындайды.
  2. Электронды оқулықтар оқу тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруды арттырудың қуатты құралы бола алады.

Ақпараттың жалпы қасиеттерін  талдаудан, оның түрлері мен функциялары, адамның дамуы мен тәрбиесінен  жаңа талаптар туындайды. Ақпарат оқу  үрдісінің әрбір кезеңінде, білім  алушының қарекетінде компьютерді  тиімді пайдалануы тиіс. Бұл оқыту құралы әдістерінде таңдауды, оқытуды ұйымдастыруды анықтайды.

 

 

 

 

 

 

2  НЕГІЗГІ ҚЫЗМЕТШІ  БАҒДАРЛАМАЛАР

 

2.1 Электронды курсты  құру барысында қолданылған бағдарламалар

 

Macromedia Flash 8 бағдарламасы фильм құруға аниматция жасауға және Web сайттарды безендіруге өте қолайлы бағдарлама. Әр түрлі бағдарламалар белгілі бір мақсатта құрылады. Бұл бағдарламаның негізгі мақсаты деңгейі өте жоғары, көрермендер мен қолданушыларды өзіндік ерекшелігімен қызықтыратын мультимедиалық фильмдер құру. Оның әрекеттері төменде аталған құралдар арқылы іске асады.

  1. құрал саймандар панелі
  2. уақыттың диаграмасы
  3. кітапхана терезесі
  4. үстелі

Flash 8 бағдарламасы іске  қосқанда аталған құралдарды  бар терезе ашылады

FLASH бағдарламасының шығу  тарихы FLASH бағдарламасы алғаш рет 1996 жылы пайда болды. Оның ең бірінші екі нұсқасы өте ыңғайсыз болды. Өйткені олар векторлық графика негізінде анимацияны жылдам құра алмады. Үшінші нұсқасында көптеген қосымша құрал – саймандар пайда болды,осының әсерінен Интернетте FLASH құралдары арқылы жасалынған сайттар пайда бола бастады. Бірақ бұл бағдарлама тек төртінші нұсқасы жасалған кезде ғана танымал болды. Оған қуатты иілгіш құрал – ActionScript тіл сценариі қосылды. Осы кезде FLASH технологиясы негізінде жасалынған  Web – сайттарының саны күрт өсті. Ал 2000 жылдың тамыз айында Macromedia компаниясы шығарған FLASH бағдарламасының бесінші нұсқасы жарық көрді. Бұл бағдарламаға Безье қисықтарын меңгеру үшін жаңа құрал – саймандар, көптеген кітапханалар қосылды. Бұл кітапханаларды әр кезде кез келген адам қолдана алатын болды.

Енді бұл FLASH бағдарламасымен не істеуге болады және не істеуге болмайды соны қарастырайық.

Біріншіден, ол бізге кескінді жеңіл  салуға мүмкіндік береді. Бұл жағдайда ол сызықтардың түзу сызылуын бақылайды  және де пайдаланушының қозғалыстарын түзейді. (бұл өте актуалды, егер суретті графикалық планшетпен емес, тышқанмен салса). Көпқабатты кескіндерді де жеңіл жасауға болады.

FLASH бағдарламасын пайдалана отырып, мәтіндік информацияны құрастыруға  болады, және бұл бағдарлама пайдаланушы кейбір мәліметтерді енгізе алатындай формалар жасай алады. Бұл пайдаланушылық формалар HTML құралдары жасайтын формаларды еске түсіреді және солар сияқты іс - әрекет жасай алады. Мәтіндік өрістер қарқынды өзгере алады. Одан басқа да әртүрлі қосымша мүмкіндіктері бар (мысалы, кернинг және тренинг үшін инструмент өте ыңғайлы).

FLASH бағдарламасы арқылы  әр түрлі анимациялар құруға  болады. Осында траекториямен обьектілерді  жылжыту үшін, морфинг үшін (морфинг  дегеніміз бір обьектінің формасын  басқаға айналдыру), бір обьектінің бөліктерінің тәуелсіз анимациясы үшін қолайлы инструменттер бар. Анимацияның басқа түрлері үшін де инструменттер бар. Бірнеше қабатты қолданудың арқасында тек қана қозғалыстағы немесе формаларын өзгертетін обьектілерді анимациялау ыңғайлы; бұл жағдайда компьютер статикалық обьектілерді қайта салуға өзінің ресурстарын кетірмейді. Одан басқа басқару элементтерінің көмегімен (мысалы, батырма, меню және тағы басқа) қолданушымен жеңіл қарым – қатынас ұйымдастыруға болады. Бұл элементтер арқылы анимацияны басқаруға және, мысалы, интернеттен қажетті ресурстарды жүктеу кезінде сервермен қарым – қатынас жасауға да болады.

Информация о работе Электронды оқулықты қолдану әдістемесі туралы