Электронды оқулықты қолдану әдістемесі туралы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Ноября 2013 в 19:12, реферат

Краткое описание

Қазіргі кезде ақпараттық коммуникациялық технологиялар саласында ауқымды ілгерлеу жүріп жатыр. Ақпараттық технологияны қолданудың ең тиімді жолы сөзсіз жаһандық ақпаратқа қол жеткізу болып келеді. Қазақстан Республикасының білім беруді 2010 жылға дейін дамытудың Мемлекеттік бағдарламасында ақпараттық және коммуникативтік технологияны білім беру жүйесін жеделдетіп дамытуға қолдану негізгі міндеттердің бірі ретінде анықталады.

Содержание

КІРІСПЕ
1 БІЛІМ БЕРУДЕ ЭЛЕКТРОНДЫҚ КУРСТЫ ҚОЛДАНУ
Электрондық оқулық
Электронды оқулық және оған қойылатын талаптар
Электронды оқулықтарды пайдаланудың педогогикалық ұстанымдары
2 НЕГІЗГІ ҚЫЗМЕТШІ БАҒДАРЛАМАЛАР
2.1 Электронды курсты құру барысында қолданылған бағдарламалар
3 ҚҰРЫЛҒАН ЭЛЕКТРОНДЫ КУРСТЫ СИПАТТАУ
Қорытынды
Әдебиеттер тізімі

Прикрепленные файлы: 1 файл

нурасыл.doc

— 249.00 Кб (Скачать документ)

Мазмұны

КІРІСПЕ

1 БІЛІМ БЕРУДЕ ЭЛЕКТРОНДЫҚ КУРСТЫ ҚОЛДАНУ

    1. Электрондық оқулық
    2. Электронды оқулық және оған қойылатын талаптар
    3. Электронды оқулықтарды пайдаланудың педогогикалық ұстанымдары

2  НЕГІЗГІ ҚЫЗМЕТШІ БАҒДАРЛАМАЛАР

2.1 Электронды курсты құру барысында қолданылған бағдарламалар

3 ҚҰРЫЛҒАН ЭЛЕКТРОНДЫ  КУРСТЫ СИПАТТАУ 

Қорытынды 

Әдебиеттер тізімі

 

Кіріспе

 

Қазіргі кезде ақпараттық коммуникациялық технологиялар  саласында ауқымды ілгерлеу жүріп  жатыр. Ақпараттық технологияны қолданудың  ең тиімді жолы сөзсіз жаһандық ақпаратқа қол жеткізу болып келеді.

Қазақстан Республикасының  білім беруді 2010 жылға  дейін дамытудың  Мемлекеттік бағдарламасында ақпараттық және коммуникативтік технологияны білім беру жүйесін жеделдетіп дамытуға қолдану негізгі міндеттердің бірі ретінде анықталады.

 Ақпараттық технологияны  бәсекеге қабілетті ұлттық білім  беру жүйесін дамытуға және  оның мүмкіндіктерін әлемдік  білімдік ортаға енудегі сабақтастыққа  қолдану негізгі мәнге ие болып  отыр.

Білім беруді ақпараттандыру, білім салаларының барлық қызметіне ақпараттық технологияны енгізу және ұлттық модельді қалыптастыру қазақстандық білім беруді сапалы деңгейге көтерудің алғы шарты.

Қазір информатиканы  проблемалық әдістермен оқыту кең  түрде қолданылып отырғанда оқушылардың  информатикалық білім дәрежесін арттыру мұғалімдер қауымының алдындағы ең қиын да, күрделі міндеті.

Жалпы орта мектептің  оқу үрдісінде ақпараттық технологияны тиімді қолдану қазіргі уақытта  өзекті мәселенің бірі болып табылады.

Жұмыстың мақсаты: Macromedia Flash бағдарламасы ортасында электронды құрал жасау.

 Зерттеудің нысаны. Информатика пәні бойынша электрондық оқулық жасау және пайдалану.

Зерттеудің  міндеттері.

  1. Білімді ақпараттандыру саласы бойынша ақпараттық технологияларға негізделген білім беру стандарттарына, оқыту әдістері мен оқу бағдарламаларына ғылыми талдау жүргізу негізінде информатиканы оқыту қызметін анықтау.

2. Электрондық оқулық жасау және пайдалану технологиясын анықтау.

Курстық жұмыстың құрылымы:

кіріспеден, екі  тараудан, қорытындыдан,  пайдаланған  әдебиеттер тізімінен тұрады.

 

 

1. БІЛІМ БЕРУДЕ ЭЛЕКТРОНДЫҚ КУРСТЫ ҚОЛДАНУ

 

1.1Электрондық оқулық

 

ХХІ ғасыр – жаңа технология мен ақпараттандару ғасыры. Тәуелсіз Қазақстан да сол ғасырға нық  қадаммен басып келеді. Ел өмірінің барлық салалары компьютерлендіре бастады. Ендігі кезекте еліміздің ертеңі болар бүгінгі жас ұрпақты ақпараттық технологияның көмегімен тиімді білім беріп және жаңа технологияның даму заманыныда компьютердің қыр – сырын терең меңгертуіміз керек.

Ақпараттық технология электронды есептеуіш техникасымен жұмыс істеуге, оқу барысында компьютерді пайдалануға, модельдеуге, электронды оқулықтарды, интерактивті тақтаны қолдануға, интернетте жұмыс істеуге, компьютерлік оқыту бағдарламаларына негізделеді. Ақпараттық әдістемелік материалдар коммуникациялық байланыс құралдарын пайдалану арқылы білім беруді жетілдіруді көздейді.

Ақпараттық  технология – қазіргі компьютерліктехника  негізінде ақпаратты жинау, сақтау, өндеу және тасымалдау істерін қамтамасыз ететін математикалық және кибернетикалық тәсілдер мен қазіргі техникалық құралдар жиыны.

Электрондық оқулық - бұл дидактикалық әдiс-тәсiлдер мен ақпараттық технологияны қолдануға негiзделген түбегейлi жүйе. Электронды оқулықпен оқыту, оқытушының оқушымен жеке жұмыс iстегенiндей болады. Дәстүрлi оқытуда кейбiр оқушылар түсiнбей қалған материалды оқытушыдан қайталап сұрай беруге кейде қысылады, сол себептi жаңа тақырыпты дұрыс қабылдай алмауына әкеп соғады. Ал электронды оқулықпен жеке жұмыс iстеуiнiң арқасында сол тақырыпты бiрнеше қайталап оқуына, тыңдауына, тiптi түсiнбеген сөздi бөлiп анықтама бөлiмiнен қарауға, сол сөздiң түсiндiрмесiн бiлуiне, оның грамматикалық жасалу жолдарын бiлуiне көптен-көп көмегiн тигiзедi. Сонымен қатар оқушы грамматикалық анықтамаларды оқи отырып бiлiмiн тереңдете алады. Мiне, осындай мүмкiндiктердiң барлығы оқудың мотивациясын күшейтедi, оқушылардың тiлге деген қызығушылығын арттырады, оқуға деген белсендiлiгiн арттырады, оқытудың дәстүрлi ұйымдастыру формасынан шығып, оқытуды даралауды күшейтуге көп көмегiн тигiзедi. Мысалға, электронды оқулықты «Microsoft Word» тақырыбын өткенде пайдаландым, сабақты түсіндіру барысында электрондық оқулықтың тиімділігі аса зор болды:

1. Осы тақырып бойынша оқушы тыңдайды, оқиды, тест, бақылау сұрақтарына жауап береді.

2. Жаңа  информатика терминдерін түсініп, теориялық білімін практика жүзінде қолдануға негіз қаланады.

3. Берiлген тақырып көлемiнде түрлi зертханалық жұмыстарды өз бетімен жасайды. Бұл оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырады.

Электронды оқулықтар  оқушылардың:

  • бiлiм деңгейiн тереңдетуге;
  • өз бетiнше iздену қабiлетiн қалыптастыруға;
  • ойларын дамытуға;
  • студенттер немесе оқушылардың сөздiк қорының молаюына;
  • сабақта өзiн еркiн ұстап, өз мүмкiншiлiгiн кеңiнен пайдалана алуына;
  • өз iсiне талдау жасай алуға көптен-көп көмегiн тигiзедi.

Электрондық оқулықпен  оқытудың негізгі мақсаты: Оқыту  үрдісін үздіксіз және толық деңгейде бақылау, сонымен қатар ақпараттық ізденіс қабілетін дамыту.

Электрондық оқулықты пайдаланудың тиімді және тиімсіз жақтары:

Тимді жақтары:

  • ҰБТ-ге даярлаудағы тиімділігі жоғары;
  • Оқушының уақытын үнемдейді, оқу материалын іздеп отырмайды;
  • Оқушы оқулықты қажет етпей-ақ  кезкелген тарау  негіздерінен кез келген мәліметті алып, оқып үйренуіне болады;
  • Тақырыптың үлкен, қиын бөліктерін өткенде қосымша бейнехабар, клиптер, аудиохабарларды пайдаланады;
  • Таңдап алған хабарды көшіруге мүмкіндік бар;
  • Бағдарламаны меңгеруге арналған тест сұрақтармен қамтамасыз етілген;
  • Көрнекілік құралдарға деген мұқтаждықты азайтады;
  • Мүғалім әр оқушымен дербес жеке жұмыс жүргізуіне мүмкіндік туғызады;
  • Оқушының ой өрісін, дүниетанымын кеңейтуге, тану үрдісіне ықпал етеді;
  • Зерттеушілік қабілеті бар тұлға қалыптасады.

Тиімсіз жақтары:

  • Психология-педагогикалық талаптардың жоқтығы;
  • Оқып үйренудегі мамандық бойынша бағыты ескерілмеген;
  • Материалды толық қамтуы немесе оқулықтарды толық аудару;
  • Оқушының жеке ерекшелігі, денсаулық жағдайы ескерілмеген.

Берілген материалдағы санитарлық-гигиеналық нормалардың  сақталмауы.

Жоғарыда айтылған тиімсіз  жақтарды болдырмау үшін төмендегідей ұсынысты жасауға болады:

  1. Компьютерді сабақтың белгілі бір кезеңдерінде ғана пайдалану;
  2. Компьютерді пайдалану уақытын сақтау және қауіпсіздік ережесін сақтау ;
  3. Дәстүрлі және электронды оқытуды кіріктіру арқылы жүргізу. Себебі электронды оқыту – оқу пәнінің негізгі ғылыми мазмұнын қамтитын компьютерлік технологияға негізделген оқыту, бақылау, модельдеу, тестілеу т.б. бағдарламалар жиынтығы.

Заман талабына сай жас ұрпаққа сапалы білім беруде электрондық оқулықтарды информатиканы сабағында пайдалану – оқытудың жаңа технологиясының бір түрі ретінде қарастыруға болады. Ой өрісі дамыған шетелдік білім жүйесінен қалыспайтын жас ұрпаққа білім беру жолындағы ортақ міндетті өз мәнінде жүргізу қажет деп ойлаймыз.

 

1.2 Электронды оқулық  және оған қойылатын талаптар

 

Электрондық оқулықтың  дәстүрлі оқулықтан айырмашылықтары.  Дәстүрлі  оқулықтардың басты кемшілігі қолданылып келе жатқан баяндаудың  дәстүрлі сызықты тәртібі және проблемалық баяндалуының жоқтығы. Мұндай оқулықты оқу оқушының білім алуға қызығушылығын шыңдамайды. Сонымен қатар дәстүрлі оқулықты қолдану кезінде кері байланыстың ұйымдастыру және білім меңгеру үрдісін бақылау мүмкін емес. Электронды оқулықды  пайдалану кезінде аталған кемшіліктерден арылуға болады. Электронды оқулық оқыту үрдісінің нәтижелігін айтарлықтай арттырады. Оны оқушының өздік жұмысын әдістемелік тұрғыдан дұрыс ұйымдастыруға оқушының білімі мен дағдысын дамытуға мүмкіндік беретін қосымша оқу әдістемелік құрал ретінде қарастыруға болады. Электронды оқулық әдістемелік тұрғыдан дұрыс қарастырылуы логикалық құрылымы  оның оқытылатын материалдың базалық көлемін қамтуы және жақын болашақтыға ғылым мен технологиядағы жаңа бет алыстарды  ескерту қажет.  Электронды оқулық дәстүрлі оқулықтардан артықшылықтары мен компьютерлік технологиялардың мүмкіндігін ұштастыра білген жаңа ұрпақ әдебиеті болып табылады. Сондай электронды оқулық үрдісін дидактикалық цикілінің үздіксіздігімен толықтығын қамтамасыз ететін теориялық материалды ұсынатын білім деңгейін бақылаудың әр түрлі тәсілдерін көрсететін интерактивті кері байланыстын жүзеге асырылу жағдайында сервистік функцияларын қамтамасыз ететін қолдану мақсатындағы кешенді оқытушылық бағдарламалық жүйе. Электронды оқулық құрылымына дыбыстық фрагменттер, мультиплекация және видеофрагменттік енгізу электронды оқулық жасауды айтарлықтай  күрделендіргенмен оған динамика және ұғынуға күрделі сәттерді көрнекі түсінікті технологияның бұл мүмкіндіктерін береді. Алайда компьютерлік технологияның бұл мүмкіндіктері де дұрыс құрастырылған. Оқулықтың барлық жетістік артықшылықтарын толық көрсетуге жеткіліксіз. Илюстрацияны қолдану қажетті элементтің жанында жазудың шығуын қамтамасыз ететін көмекпен бірлесіп өте жақсы нәтиже берді. Мәтіндік баяндауда түсінуге қиын курс тармақтарында енгізілген анимациялық клиптермен видеоақпарат электронды оқулықда міндетті элемент болып табылады. Видео клиптер уақыт ауқымын өзгертуге және де құбылыстарды жеделдетіп және баяулатып көруіне мүмкіндік береді. Электронды оқулықтың  дамуындағы келесі баспалдақ оның мазмұнының дискретті фрагменттерден дианмикалық қалыптасуы. Оқулық фрагменттерін оқулық тармақтарының бөлуіне сәйкес бөліп қарастыруға болады.

Бірінші кезеңде бұл  пайдаланушыға бірегей сұраныс  жасау арқылы кез келген деңгейдегі оны қызықтырған тармақталған мәтінді  алуға мүмкіндік береді. Электронды оқулықты жетілдіру жолындағы тағы бір қадам материалда қарапайымнан күрделендіру немесе нақты бір тақырыпты оқытуға бағытталған оның модификацияларын  жасауды айтуына болады;

Ал ендігі ең маңызды  қадам материалдың баяндау тәртібін ескертетін оқулық фрагменттері арасынан ақпараттық байланыс құрылымын жасап енгізу болып табылады (мысалы фрагменттер арасындағы байланыс бір тармақты оқу қажеттілігінен нұсқауы мүмкін. Бұл жағдайдағы құрылым бәйтерек түрінде болады). Әрине байланыстарды ашып көрсету әзірленушімен айтарлықтай уақыт шығынын талап еткенімен Электронды оқулық сапасы бұл жағдайда біпр деңгей жоғары тұрады.

1) Алынған құрылым курсты әзірленушіге материалдың баяндалу тәртібін бақылауға көмектеседі. (А ұғымы В ұғымы арқылы анықталса, ал В А арқылы анықталатын жағдайларды ашып көрсетеді. Баяндаудың ең қолайлығы бірізділік қалыптастыруы);

2) Оқулық тармақтары  арасындағы ақпараттық байланыс  құрылымын пайдалану арқасында  пайдаланушының қажеттілігіне сай  модификацияны автоматты қалыптастыруға  мүмкіндік туады. (мысалы, пайдаланушының өзінің түсінігіне қажетті тармақты немесе барлық тармақтарды оқуға мүмкіндік беретін оқулықтың тармақтар бәйтерегіндегі жекелеген бұтақты бөліп қарастыру).

Электронды оқулықтарды  құру технологиясы. Сапалы  электронды оқулық жасау өте ұзақ көп еңбектенуді бірталай қаржыландыруды қажет етеін үрдіс. Сонымен бірге жақсы ұйымдасқан білімді мамандар командасы электронды оқулық мәтіннің авторы вебдизайнер бағдарламашылар суретші мен психологтың болуы шарт. Қыруар жұмыс көлемін жалғыз адам сапалы орындап шыға алмайды. Электронды оқулық жасау ұжымы үлкен болғанымен оқу материалының сапасына әдістемелік әзірленуіне баяндау стилі мен тіліне жауапты адам негізгі автор тек бір адам болуы керек. Кейбір жағдайларда 2 адам болуы мүмкін. Оқулықтың жасау үрдісінің техникалық дизайнерлік жақтарынан басқа барлық даулы мәселереден соңғы сөз айтатын дауды шешетін адамдар осы автор болуы керек. Егер бүкіл ұжым электронды оқулықдың негізгі мәніне кірісетін болса, онда электронды оқулық басқа оқулықтың бір түрі болып сапасына нұқсан келтіруі мүмкін. Қазіргі заманғы электрондық курстың сыртқы түріне қатысты жалпы талаптар:

  • оқулық интерфейсі жоғарыда аталған барлық жетістіктерді жүзеге асыратын және сонымен бірге оқулықтың авторлары  мен пайдаланушылардың  жеке тілектерін ескеруге мүмкіндік беретіндей қолайлы және әмбебап болуы тиіс;
  • оқулық әртүрлі режимде жұмыс істейде алуы керек. Желілік (интернет желісі арқылы және локаль(жергілікті) компакт диск  және басқа да таратушылар арқылы);
  • әр түрлі құралдармен жасалған оқулық жүйеге жеңіл бейімделу қажет.

Электронды оқулық құрудың ерекшеліктері:

Информация о работе Электронды оқулықты қолдану әдістемесі туралы