Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Ноября 2014 в 12:47, курсовая работа
Ол оқыту мазмұны, әдісі мен ұйымдастыру түрлерінің өзгерісін тездетеді.. Бұл процестегі негізгі мәселе білім берудің мазмұны мен мақсатын өзгерту болып табылады, ал оны технологиялық жағынан қамтамасыз ету өндірістік мәселе.
Қоғамды индустрияландыру кезеңінде білім беру жүйесі алдынғы кезекте, маманданған сауатты орындаушыларды дайындауға бағытталса, - ал білім беруді информатикаландыру жағдайында бұл мәселе білім берудің негізгі мақсатына ауысады. Мұндағы негізгі мақсат - оқушының қоршаған әлем жайында табиғи ғылыми болжамын қалыптастырумен жалпы ізгілікті адамгершілікке дайындау.
Кіріспе...........................................................................................................3
1 Информатиканы мектепте оқытудың жалпы мәселелері..................4-15
1.1 Қоғамды информатикаландыру және оның жалпы білім беру жүйесіндегі алатын орны мен ролі...................................................4
1.2 Информатика ғылым және орта мектептегі оқу пәні ретінде. Информатиканы оқыту әдістемесінің педагогикамен, психологиямен және информатика ғылымымен байланысы..................................7
1.3 «Информатика және есептегіш техника негіздері» курсын оқытудың әдістемелік жүйесі және мектепте білім берудің дамуы кезеңіндегі информатиканы оқытудың міндеттері.......................14
2 Информатиканы оқыту әдістері............................................................16-21
2.1 Информатиканы оқыту әдістеріне шолу.................................16
2.2 Білім мазмұны мен оқыту әдісі.................................................17
2.3 Информатика және дәстүрлі оқыту әдістері............................19
3 Информатика курсын оқыту................................................................22-31
3.1 Информатика курсын оқыту әдістемесін жетілдіру.............22
3.2 Дәстүрден тыс сайыс сабақ......................................................27
Қорытынды...................................................................................................32
Қолданылған әдебиеттер тізімі...................................................................33-36
Word мәтіндік редакторын оқыту әдістемесі. Word мәтіндік редакторлары - мәтін сызу, оны өңдеуғе арналған. Мектепте үйренуге жеңіл, матінді жоғары сапалы етіп дайындау үшін Word редакторы қолданыдады. Word -тың мүмкіндігі өте көп. Қаріптердің өлшемін әртүрлі етіп өзгерту арқылы, көркемдеуге болады. Жалпы, бұл соңғы жаңалықтардың бірі болып саналады. Тақырыпқа деген қызығушылықты ояту үшін басқа мәтіндік редакторлармен және жазу машинасымен салыстырып, бұл редактордың мүмкіндігіне, ерекшеліктеріне тоқталу керек. Монитор экранындағы әрбір символ әрбір әріп баспаға дәл сол күйінде шығады, сол себепті жіберілген қатені алдымен экранда түзетіп алған жөн. Сонымен мәтіндік редакторда жұмыс істегенде: мәтін енгізу, түзету, сосын баспаға шығару керек. Бұны оқушы жұмыс үстелінде демонстрациялап көрсеткен жөн. Нәтиженің нақтылығы қызығушылықты тудырады. Мұғалім окушыларға компъютерде мәтін енгізіп, оның қатесін түзетіңдер және грамматикалық қателерін де табыңдар деген тапсырма берсе болады. Оқушылар қателерді түзету барысында меңгеруге тиісті бұйрықтармен жұмыс істеуге тура келеді. Әрі мәтінді қатесіз, дұрыс енгізуге дағдыланады. Бұл өз кезегінде оқушылардың грамматикалық сауатты болуына үлкен септігін тигізеді. Мұғалім алдын-ала ішінде әріптері қалдырылған мәтін дайындап, бос орындарға дұрыс әріптерін қойып шығыңдар десе де болады. Мүғалім компьютерде мәтін енгізудің жетістіктерін әнгімелеп береді, сондай-ақ компьютерде жүмыс істеп көрсетуі тиіс. Оқушылардың нұсқаумен жұмыс істеуі, сұрақтарға жауап беруі, мәтіндік редакторды практикалык жұмыс істей отырып меңгеруі, өздерінің жеке іс-тәжірибелерін жинақтауы, яғни теориялық алған білімдерін практикалық қызметімен сабақтаса түседі.
Оқушыларды компьютерге екеуден отырғызған жағдайда, олар кезекпен жұмыс істеуі керек, өйткені тек бақылап отырып, бұл редакторды меңгеру мүмкін емес. Негізгі мақсаты: Оқушылардың жұмысын автоматтандыру. Мысалы, оқушылар кейбір қайталанатын сөздерді қайтадан енгізіп отырады, оларға міндетті түрде көшіріп, автоматты түрде жұмыс істеуін қадағалау қажет. Тағы бір айта кететін мәселе, оқушылар алғашқы жұмыс істеген кезден бастап-ақ бірден екі қол саусақтарын пайдалануы керек. Өйтпегенде олар тек бір қолмен, не бір саусақпен бір-бірлеп әріп теріп отыруы мүмкін. Әрі олардың қолдары жаттығып, қай әріп қайда орналасқандығына көздері үйренуі үшін "пернелік жаттығу" ойынын берген жөн.
Раіnt- графиктік редакторын оқыту әдістемесі. Раіnt - графиктік редакторы сурет салуға арналған. Мұның көмегімен әртүрлі бейнелерді, көріністерді т.б. әсем етіп бейнелеуге болады. Раіnt - редакторы пайдалануға өте жеңіл, мүмкіндігі жоғары. Қажетті сурет салуға арналған құрал саймандар: түзу, сызық, дөңгелек, төртбүрыш, өшіргіш, әріп жазуға арналған аЬс пернесі, түрлі түстер экранда жұмыс үстелінде орналасқан. Бағдарламаны қос та, істей бер. Раіnt графиктік редакторында компьютер көмегімен сурет салуды шектен тыс қолдануға болмайды, өйткені окушыларда сызба құралдары: сызғыш, циркульмен жұмыс істеу дағдыларын да қалыптастыруымыз керек. Раіnt графикалык редакторы- графиктік бейне түріндегі суреттер және оларды өңдеуге арналған арнайы бағыттағы программа.
Оқу мақсатына мыналар жатады: оқушыларды компьютерде сурет салуға практикалық, тұрғыдан дайыңдық жұмыстарын жүргізу; жұмыс істеу үшін тұрақты дағдыларын қалыптастыру; компьютерлік графика мүмкіндіктері мен ерекшеліктері туралы түсініктерін қалыптастыру; қандай да бір сурет үшін іс-әрекеттерін алгоритмдеу; сурет салу үшін бұйрықтардың түрлі комбинациясын қолдана білуге үйрету; ойлау жүйесін тәрбиелеу.
Тактаға көп қадамнан тұратын бұйрыктар қызметін жазып, оқушыларға редактормен жұмыс істеу нұсқаларын көрсету керек. Жұмыс істеудің қызық түрі- суретті топ болып орындау, оны оқушы жұмыс үстелінде баспаға шығару.
3.2 Дәстүрден тыс сайыс сабақ
Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту, қызығушылығын арттыру мақсатында, өз бетімен және топ болып жұмыс атқаруға баулу жағдайында қорытынды сабақтарын өткізу өте қолайлы. 7-сыныпта өткізілген дәстүрлі емес сабақтардың бір түрі сайыс сабағын әріптестеріне ұсынып отырмын.
Сабақтың тақырыбы: Раіnt: графиктік редакторы.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды "Раіnt графиктік редакторы" тақырыбы бойынша алған білімдерін нығайту, тиянақтау, бір жүйеге келтіріп қорыту, теориялық білімін практикамен ұштастыру. Сондай-ақ ойын түрлері арқылы оқушылардың тапқырлық, ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастыру, шығармашылыққа баулу, өз ойын тиянақты жеткізуін дамыту, сабаққа деген қызығушылығын арттыру.
Бүгінгі сабақта топ болып жарысып, шыңға өрлейміз. "Раіnt" шыңының басына қай топ бірінші жетеді, сол топ Қазақстанның көкбайрағы түстес жалаушаны ұтып алып, жеңімпаз аталады.
(1 -суреггі тақтаға іліп қоямын, суреттің екі жағында 2 топқа арналған тапсырмалар ілінеді). Сәттілік тілей отырып, сабақты бастаймын.
1-сайыс "Кім жылдам?"
1. Ақпараттық процестерді жүзеге асыратын құрал.
2. Бит деген не?
3. ЭЕМ буындарын атаңыз.
4. Компьютерге қандай ақпараттарды енгізуге болады ?
5. Компьютердің бөліктерін айтып беріңіз.
2-сайыс. Тест тапсырмалары: " Раіnt графиктік редакторы"
1. Раіnt графиктік редакторы қалай іске қосылады?
А) Бас менюдегі Программалар-Стандарттар- Раіnt графиктік редакторы қатарында тышқанды шерту арқылы:
Б) Менің компьютерім терезесінде Бас меню- Раіnt шарт белгісінде тышқанды екі рет шерту арқылы;
В) Есептеуіш терезесінде -Бас меню-Программалар-Стандарттар- Раіnt шарт белгісінде екі рет шерту арқылы.
2. Палитра не үшін қолданылады?
А) Графикалық редактор терезесінде салынған суреттерді негізгі және фондық түстерге бояу үшін;
Б) Салынған суреттерді тек негізгі түспен бояу үшін;
В) Салынған сурет-терді тек фондық түспен бояу үшін.
3. Негізгі және фондық түстер калай таңдалады?
А) Негізгі түс палитрадағы түстің қажеттісінде тышқанның сол жақ, ал фондық түс тышқанның оң жақ батырмасын шерту арқылы;
Б) Негізгі және фондық түстерді бір мезгілде таңдай аламыз;
Сурет 1
В) Негізгі түс палитрадағы түстің қажеттісінде тышканның оң жақ, ал фондық түс тышқанның сол жақ батырмасын шерту арқылы.
4. Тышқанньщ оң батырмасының көмегімен сурет салуға бола ма?
А) Болады, бұл кезде сурет фондық түспен салынады;
Б) Болады, бұл кезде сурет негізгі түспен салынады;
В) Болмайды, графикалық редакторда сурет салу үшін тышқанның тек сол жақ батырмасы ғана жұмыс істейді.
5. Графикалық редакторда мәтін атрибуттары тақтасы қалай басқарылады?
А) Саймандар тақтасындағы А батырмасында тышқанды шерткенде, мәтін атрибуттары тақтасы автоматты түрде экранға шығады;
Б) Тур-Мәтін атрибуттарының тақтасы командасын орындау арқылы;
В) Саймандар тақтасындағы А батырмасында тышқаңды шертіп, Тур-Мәтін атрибуттарының тақтасы командасын орындау арқылы.
6. Суретті баспаға шығару әрекеті қалай орындалады?
А) Салынған суретті белгілеп Файл-Баспаға шығару командасын орындау арқылы;
В) Суретте жұмыс үстеліңдегі жанама менюін ашып баспаға шығару командасын орындау арқылы;
С) Файл-парақтың макеті командасын орындап, одан кейін Баспаға шығару батырмасында тышқанды шерту арқылы.
3-сайыс. Бақылау сұрақтар (әр топқа)
1. Раіnt программасында қандай фигурамен жұмыс жасауга болады?
2. Терезенің ең төменгі жолы?
3. Үзіндіні көбейту үшін нені орындау керек ?
4. Суретті қалай бұрады?
5. Раіnt программасы қандай редактор?
6. Раіnt программасының мумкіндіктері.
7. Раіnt программасының бірінші терезе элементтері.
8. Суретке мәтін енгізу үшін нені қолданады?
9. Үзінді деген не?
10. Үзіндімен қандай амалдарды орындауға болады?
11. Үзіндіні қисайту және созу командасы қалай орындалады?
12. Раіnt программасының меню жолының командалары.
13. Раіnt программасының терезе элементтерін айтып беріңіз.
14. Палитра деген не?
15. Салынган суретті түсқагаз ретінде қалай пайдалынады?
16. Суретті қағазға басып шығару командасы?
17. Негізгі және фондық түстер қалай таңдалынады?
18. Құралдар тақтасында қандай құралдар орналасқан, саны неше?
4-сайыс. Информатикалық диктант
1. Сурет салу кезеңдерін жаз.
2. Меню жолы командаларын ретімен жаз.
3. Салынған суретті түс қағаз ретінде пайдалану үшін қандай әрекеттер орындау керек?
4. Үзінділерге қандай амалдар қолдануға болады?
5. Суреттің бөлінген бөлігін қалай атайды?
6. Үзіндіні жылжыту үшін қандай командалар орындалады?
5-сайыс. Практикалық жұмыс
1. "Туған жерім", "Туған күніңмен", "Қыс келді" деген тақырыптарға компьютерде сурет салып және шағын шығарма жазыңыз.
6-сайыс. "Капитан сайысы" Сөз жүмбақ шешу.
Сурет 2
1. Раіnt қызметі….салу.
2. Суретке мәтін ендіру құралы.
3. Жазба әріптерді улкен әріптерге өзгертетін перне.
4. Енгізу пернесі.
5. Раіnt терезесінің төменгі сол жағында түстер таңдайтын көрсеткіш.
6. Баспаға шығару үшін Файл - ... командасын орындаймыз.
7. Графиктік редактор.
Қорытынды
Уақыт өте білім беру жүйесін компьютерлендірудің ойдағыдай жүзеге асып келе жатқандығын практика көрсетіп келеді. Бұл мәселені: есептегіш техникамен, оның программалық қамтамасыз етілуінің біртіндеп жүзеге асырылуы, мұғалімдердің дайындалу қарқыны, информатика курсын оқытудың әдістемесінің оньщ ішінде нақты тақырыптарды оқыту әдістемесінің қалыптасып келе жатқандығынан байқауға болады.
Информатика және есептегіш техника негіздері жалпы білім беретін орта мектепке міндетті пән ретінде енгізілгелі бері курсты оқытудың белгілі тәжірибелері жинакталды. Сонымен катар, курсты оқытудың дидактькалық жүйесі де қалыптасып келеді. Қазақстан Республикасы Президентінің Білім беру жүйесін информатикаландыруға бағытталған бағдарламасына байланысты бірқатар шаралар жасалуда. Атап айтқанда, жалпы білім беретін орта мектептер қазіргі заман талабына сай техникамен және программалық қүралдармен жабдықталу үстінде. Аталған бағдарламаны жүзеге асыру мақсатында орта мектептегі информатика курсы бойынша Мемлекеттік білім беру стандарты құрылып, оқу процесіне енгізілді Мемлекеттік білім беру стандарты бойынша курс 7-қластан бастап окытылады. Бұдан информатика курсын оқытудың әдістемелік жүйесін айқындау мәселесі алдңғы кезекке шығады. Сонымен катар, педагог қауымдар үшін мектеп психологиясы мен жалпы дидактиканың ұғымдар жүйесінің көмегімен, сондай-ақ, орта мектептегі физика мен математиканы оқыту, жоғарғы мектептегі -информатиканы оқыту тәжірибелеріне сүйене отырып, орта мектептегі информатика курсын оқытудың бір жүйеге келтірілуі қажет болып отыр. Бұл мәселе, әсіресе, жас мамандарды - информатиканы оқыту процесіне жүйелендіруде өзекті мәселенің бірі болып есептеледі.
Қолданылған әдебиеттер тізімі
1. Авербух В.А., Гисин В.Б., Зайдельман Я.Н., Лебедев Г.В. Изучение основ информатики и вычислительной техники. — М.Просвещение, 1992.
2. Балапанов Е.Қ., Бөрібаев Б., Даулетқұлов А.Б. Информатикадан 30 сабақ. Алматы. 1998 ж.
3. Бидайбеков Е.Ы. Подготовка специалистов совмещенного с информатикой профиля о Республике Казахстан. Монография, Алматы, 1998 г. -12Тс.
4. Бидайбеков Е.Ы., Біләлов Ш., Григорьев С. Ақпараттану атаулары. (ағылшынша - орысша-қазақша атаулар). Алматы. Білім,1998 ж.
5. Бочкии А.И. Методика обучения ннформационному поиску. Инфо - 2000. N 3.
6. Бочкин А.И. Методика преподавания информатики. Учебное пособие. Минск.: Вышэйшая школа, 1998 г.
7. Варламова С.А. Методические приемы в преподавании
информатики. Инфо. - 2000. N 3.
8. Временные санитарно-гигенические нормы и правила
устройства, оборудования, содержания и режим работы на ПЭВМ и в
кабинетах вычислительной техники всех типов средних учебных заведений Инфо. -1990- N 2.
9. Бабанский Ю.К., Сластенин В.А., Сорокин Н.А.-Педагогика. Под ред. Ю.К. Бабанского - М.: Просвещение, 19ЬВ г.
10. Гейн А.Г., Линецкий Е.В., Сапир М.А., Щолохович М.Ф. Информатика. - М.: Просвещение, 1991.
11. Теоретические основы процесса обучения в советской школе. Под ред. В.В. Краевского, И.Я. Лернера.- М.: Педагогика, 1989.
12. Гейн А.Г., Линецкий Е.В., Сапир М.А., Шолохович М.Ф. Информатика: модели, алгоритмы и исполнители. Инфо. - 1989.- N 2-4.
13. Грибникова Т.З. Рекурсия В УАЯ и ЛОГО. ИнфО. - 1994. N1.
14. Ершов А.П., Монахов В.М., Кузнецов А.А. и др. Основы информатики и вычислительной техники: в 2 м. под ред А.П, Ершова и В.М. Монахова.- М.: Просвещение, 1985 г.
15. Ершов А.П., Монахов В.М., Кузнеңов А.А. и др. Основы информатики и вычислительной техники: В 2 ч. Под ред. А.П. Ершова. - М.;Просвещение, 1985-г.
16. Ершов А.П. Компьютеризация школы и математаческое образование. Основные направления работ по программе "Информатизация образования". ИнфО. - 1992. - N 5,6.
17. Зазина В.Н. Методика преподавания темы "Графики элементарных функций" на уроках информатики. ИнфО І996.- N 5.
18. Информатикадан Мемлекеттік білім беру стандарты. 7-11 . класс. Алматы, 1998 ж.
19. "Интернет и Я" журналы. 1998, N 4.
20. Каймин В.А., Щеголев В.А., Ерохина Е.А., Федюшин Д.П. Основы информатики и вычислительной техники. — М.:Просвещение, 1989.
21. Каймин В.А. Курс информатики; состояние, методика и перспективы. ИнфО. - 1990. N €.,