Информатиканы оқыту

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Ноября 2014 в 12:47, курсовая работа

Краткое описание

Ол оқыту мазмұны, әдісі мен ұйымдастыру түрлерінің өзгерісін тездетеді.. Бұл процестегі негізгі мәселе білім берудің мазмұны мен мақсатын өзгерту болып табылады, ал оны технологиялық жағынан қамтамасыз ету өндірістік мәселе.
Қоғамды индустрияландыру кезеңінде білім беру жүйесі алдынғы кезекте, маманданған сауатты орындаушыларды дайындауға бағытталса, - ал білім беруді информатикаландыру жағдайында бұл мәселе білім берудің негізгі мақсатына ауысады. Мұндағы негізгі мақсат - оқушының қоршаған әлем жайында табиғи ғылыми болжамын қалыптастырумен жалпы ізгілікті адамгершілікке дайындау.

Содержание

Кіріспе...........................................................................................................3
1 Информатиканы мектепте оқытудың жалпы мәселелері..................4-15
1.1 Қоғамды информатикаландыру және оның жалпы білім беру жүйесіндегі алатын орны мен ролі...................................................4
1.2 Информатика ғылым және орта мектептегі оқу пәні ретінде. Информатиканы оқыту әдістемесінің педагогикамен, психологиямен және информатика ғылымымен байланысы..................................7
1.3 «Информатика және есептегіш техника негіздері» курсын оқытудың әдістемелік жүйесі және мектепте білім берудің дамуы кезеңіндегі информатиканы оқытудың міндеттері.......................14
2 Информатиканы оқыту әдістері............................................................16-21
2.1 Информатиканы оқыту әдістеріне шолу.................................16
2.2 Білім мазмұны мен оқыту әдісі.................................................17
2.3 Информатика және дәстүрлі оқыту әдістері............................19
3 Информатика курсын оқыту................................................................22-31
3.1 Информатика курсын оқыту әдістемесін жетілдіру.............22
3.2 Дәстүрден тыс сайыс сабақ......................................................27
Қорытынды...................................................................................................32
Қолданылған әдебиеттер тізімі...................................................................33-36

Прикрепленные файлы: 1 файл

Информатиканы окыту.doc

— 268.00 Кб (Скачать документ)

Сондай-ақ, әдістерді топтаудың төмендегідей негіздері бар: білім алу тәсілі (теория және практика), кері бийланысты жүзеге асыру тәсілі (бақылау және өзіндік бақылау), оқушылардың ойлау әрекеттері (логикалық аспект).

Информатиканың мазмұнына қатысты оқытудың нақты әдісін аталған белгі параметрлердің комбинациясы ретінде түсінуге болады.

Енді информатиканы оқытуға қатысты маңызды деп есептелетін нақты әдістерді қарастырайық.

 

2.2  Білім мазмұны мен  оқыту әдісі

Әлем жайында білім. Окушының әлем жайында білімді меңгеруі қабылдау, түсіну, еске сақтау арқылы жүреді. Ал, әлемді, мысалы, адамды коршаған заттар әлемі,   оның   әлеуметтік   ортасы,   компьютерлік   әлем, адамның өзінің ішкі әлемі тәрізді ақиқатттылық арқылы түсінуге болады. Заттар әлемі мен олардың арасындағы байланысты окушылар қоғамнын информациялық ресурсына кіру арқылы және ЭЕМ-де модельдеу арқылы таниды. Білім беру жүйесінің алдындағы мүмкіңдіктер енді ғана ашылуда. Дәстүрлі әдіс мұғалімнің сөзі мен кітапқа сүйенеді.

Компьютерлік желілер оқушылардың алдына нақты мәліметтерді сақтау немесе меңгеру мәселесін коймайды, информация әлемінен өзіне қажеттіні алған, информациялық іздеу жуйелеріне сұранысты дұрыс қоя білу, өзінің сұранысын әрі жылдам, әрі икемділікпен түзете білу іскерлігінің болуын талап етеді.

Әлеуметтік орта компьютерлік әлемнің тәртіп ережесі арқылы, компьютерлік желіде, ұжымдық жұмыста адамдардың бір-біріне өзара әрексттесуі арқылы ашылады. Компьютерлік әлемді үйрену окушылардың ізденушілік зерттеу іс-әрекеті арқылы жүзеге асырылады, мысалы, компьютердегі "ойын ережесін", логикасын  меңгеру тәрізді.

Өзіндік тану компьютермен бейнеленетін жеке іс-әрекетін ойлау рефлекциясы  арқылы жүзеге асырылады. Компьютер іс-әрекеттің нәтижесін жылдам бере отырып, дәл осындай ойлау сапасының дамуын қамтамасыз етеді.

Іс-әрекет   мәселесін   жүзеге   асыру   тәжірибелері,    іс-әрекеттің   үлгісін   көрсету   және   инструктаж  жолымен компьютерлік әлемнің үнемі дамып отыратын жаңалығы мен    оқушылардың    ізденушілік    белсенділігі    арқылы   беріледі. ЭЕМ-мен жұмыс істеуде іс-әрекеттің стандартты түріне бара бар оқыту әдісі ақыл-ой әрекетін сатыдан қалыптастыру болып табылады. Дайын программа мен диалогты  меңгеруде  және  клавиатурамен  жұмыс  істеу дағдысын қалыптастыру үшін де бұл әдіс қолданылады.

Шығармашылық іс-әрекет тәжірибелері. Шығармашылық іс-әрекет тәжірибелері проблемалық есептер шығару, таныс емес программалық құралдарды меңгеру, модельдеу арқылы қалыптасады. Бұл жерде мұғалімге тән тәсіл - бір мәнді анықтауды талап ететін есепті қою. Программалау мен модельдеу саласындағы шығармашылық  тәжірибесі - ашық программалар әдісімен берілуі мүмкін. Бұған ұқсас тәжірибелердің көлемі  информатиканың жас ғылым саласы екенімен түсіңдіріледі.

Эмоционалды құндылық қарым-қатынас тәжірибесі. Эмоционалды құндылық қарым-қатынас тәжірибесі оқушылардың бір-бірімен және мұғаліммен қарым-қатынасы процесінде пайда болып, таратылады. Мектеп практикасында оқушыларға тікелей әсер ететін бірқатар тәжірибелер жинақталды. Педагогтың жеке басының үлгісін, оның іс-әрекетін, оқушыларымен, әріптестерімен және қоғаммен қарым қатынасын компьютерлік желі арқылы бағалау мүмкін емес.

Информатикаға тән тәрбиелік бағытта жұмыс істейтін оқыту әдісін атау қиын бірақ, информатиканы оқыту барысында жузеге асырылатын жағдайларды көрсетуге болады. Ол оқушыларға өзінің жұмысын  жазуды ұсыну, программада қате жібермеуге қойылатын талап (жұмыс нәтижесіне окушының жеке жауапкершілігі), сондай-ақ, эстетикалық құндылығы бар мәселе - оқушының жауабына кластың көңілін аудару болып табылады.

 

2.3  Информатика және дәстүрлі оқыту әдістері

Окытудың сөздііс әдісі, классикалық педагогика өз уақытында сөзбен білім берудің жеткіліксіз екенін мойындаған болатын, сондай-ақ, Я.Каменский информацияны кітаптан, лекциядан алудың жеткіліксіз екенін, заттарды өз бетімен танып, бақылау арқылы информация дамудың маңызды екенін атап көрсетеміз.

Көрнекті әдісі. Информатика курсындағы көрнектік әдісі - оқушьшың, жолдасының немесе мұғалімнің жұмысын бақылау, одан кейін компьютерлік ортаның жұмысының өзгерісін бақылау. Енді олардың ішіндегі негізгілерін қарастырайық.

Иллюстрация. Информатика курсында информацияның таңбалық табиғатын толық бейнелеп көрсетуге мүмкіндік бар. Бәрінен бұрын, көзге көрінбейтін нәрселерді бейнелегеннің пайдасы зор. Мысалы, тақтада сандық немесе текстің мәндермен жазылған тік төртбұрышты көрсету (ЭЕМ-нің барлық зердесінің үлгісін, зерденің ұяшықтарын көрсету). ЭЕМ-мен алғашқы танысу ретінде қағазға бейнеленген клавиатураны корсету, ол өзі де көрініп тұр, бірақ, клавиштардың қызметі сөзбен түсіндіріледі Бұл жерде иллюстрация сөзбен жалғастырылады.

Демонстрация. Мүғалім компьютердегі орындалатын іс-әрекеттің үлгісін үндемей-ақ, демонстрациялауға болады. Кез келген компилятор қателердің орны мен мәнін демонстрациялай алады. Оқушылар өзінің жұмысының нәтижесін мұғалімге немесе жолдастарына демонстрациялап бере алады. Алгоритмнің атқарылу процесі атқарылу кестесінің         көмегімен демонстрацияланады. Е-практикум жүйесін кестенің атқарылу мысалы ретінде түсінуге болады. Сондай-ақ, оку ойындарындағы  іс-әрекет           процесін демонстрациялауға да мүмкін болды.

Компьютерлік демонстрацияның маңызды ерекшелігі - көрнекі бейнелерді қозғалмалы күйінде басқару. Оқушы демонстрациялауды өзінің дербес қарқынымен орындайды және қайталауына мүмкіндігі бар.

ЭЕМ-нің кемегімен модельдеу мен көрнекі бейнелеу нәтижесінің белгілі бір қаупі бар. Кез келген компьютерлік модель шынайы ақиқаттан әлдеқайда жеңіл болады. Сонымен қатар, шынайы құбылыста көрінбейтін өзіндік қасиеті болады. Кейбір жағдайда компьютерлік бейненің         көрнекілігі   оқушыларды шатастыруы мүмкін. Сондықтан Я. Каменскийдің кітаптағы (компьютердегі) модель арқылы емес, шынайы құбылыстан тікелей үйрету қажет" деген тұжырымын әрдайым есте ұстаған дұрыс.

Бұл жерде мұғалім модельдің барлық уақытта шынайы құбылыстан өзгешелігі болатынын, кейбір-жағдайда шындықтан алшақтайтынын үнемі есінде сақтап, оқушыларға ескертіп отыруы тиіс. Бұны қарапайым мысал ретінде - жылдамдығы 8 км/сағ болатын горизонтқа бұрын жасай лактырылған тасіл моделін алуға болады. Бұл жағдайда жердің жазықтығы ескерілмейді.

Практикалык (іс-әрекеттік) әдістер. Қарастырылып отырған жағдайда практика окушының іс-әрекетіне қатысты теориямен емес, сөзбен және бақылаумен салыстырылады. Информатика білімнін үш түрлі кезін үйлесімді түрде біріктіреді: сөз, бақылау және іс-әрекет. Мысалы, нұсқауларды оқып, мүгалімнің әрекеті мен ЭЕМ-нің жұмысшы бақылай отырып (заттық әдіс), оқушылар компьютермен практикалық іс-әрекетті орындай бастайды.     Мұнда     әдістер     бірін  бірі толықтырады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3  Информатика  курсын оқыту

 

3.1  Информатика  курсын  оқыту әдістемесін  жетілдіру

Республикамызда болып жатқан өзгерістер халыққа білім беру жүйесінің барлық буындарында білім мен тәрбие беру ісін жаңа сатыға көтеруді, сабақ өту әдіс-тәсілдерін жетілдіруді талап етіп отыр. Бұл информатика мүғалімдерінен информатиканы оқытудың дәстүрлі әдістемелеу жүйесін, оны окыту әдістемесін жақсарта түсуді қажет етеді.

Ал, бұл мәселенің дұрыс шешілуі Қазақстандағы мектеп информатика пәнін оқыту әдістемесін кешенді түрде тұтастай қарастыра отырып, оның қалыптасу және даму тарихын тереңірек зерттеуді керекетеді.

Орта мектептерде информатика курсын окыту мәселелері 1950 жылдары Жаңасібір қаласының бірқатар мектептерінде АП.Ершов және оның қызметкерлері бағдарламалауды оқытты. 1960 жылдары Мәскеудің математикалық мектептерінде бағдарламашыларды дайындады. 1970 жылдары Мәскеу, Ленинград, Жаңасібір қалаларында компьютермен жұмыс істейтін мамандарды дайындады. 1970 жылдардың соңына қарай микро ЭЕМ-дердің жаппай шығарыла бастауына сәйкес А.П.Ершов, Г.А.Звеногородский, ЮАПервин мектеп информатика курсы тұжырымдамасын жасады. 1984 жылы кәсіптік және жалпы білім беретін мектептердің реформасының негізгі бағыттары белгіленді. 1985 жылы "Информатика және есептеуіш техника негіздері" пәні бағдарламасы түзелді. 1985-1986 жылдары А.П. Ершов, В.М.Монахов, ААКузнецов, Я.Э.Голц, М.П.Лапчик және т.б. алғашқы информатика оқулығы шықты.

1985 ж. 1 -ші қыркүйектен бастап, мектептерде жаппай информатика негіздерін оқыту, 1985 ж. жаңа оқу жоспары бойынша   педагогикалық институттарда "'информатика мұғалімін" даярлау басталды. 1986 ж. "Информатика и образование" журналы шығып, 1986 ж, оқулығына байқау жарияланды.

1987  ж. Информатиканы оқыту әдістемесінен М.П.Лапчиктің кітабы жарық көрді. Байқау негізінде информатикадан А.П.Ершов, А.Г.Кушниренко,

В.Г.Житомирский, В.А.Кайманның басқаруымен авторлар ұжымы алғашқы буын оқу құралдарын дайындады.

Сөйтіп, Қазақстанда 1986 жылдары А.П. Ершов, В.Н. Монахованың "Информатика және есептеуіш техника негіздері" атты оқулығы бойынша жүргізілгендігі белгілі. Ал 1998 жылдан бері 7-9 сыныптарға арналған информатика окулықтары мен мемлекеттік стандарты, типтік бағдарламасы жазылып оқу процесіне кеңінен енгізілуде.

Енді информатика курсының тақырыптарын оқыту әдістемесін қарастырайык:

Кіріспені оқыту әдістемесі. Кіріспе мақсаты: Пәнге деген қызығушылықты қалыптастыру және бекіту. Информатиканың жалпы мазмұнымен таныстыру; Компьютер сыныбындағы жұмыс ретімен ережелермен танысу т.б. Кіріспе бірінші рет информатиканың үш құрамдас тізбегі: Ақпарат, компьютер, алгоритм айтылады. Ақпарат түсінігі мысалдармен түсіндіріледі. Ақпараттық үрдістерді түсіндіру үшін де алдымен оларға мысалдар жүйесін келтіріп, қорытындыда оның белгілеріне сүйене отырып анықтама беріледі. Айта кететін мәселе, ақпаратты тұтыну, қолдану бұл да акпараттық үрдіс болып табылады. Кіріспе болімі оқушыларға компьютер мүмкіндіктері туралы информатика жайлы түсінік береді. Кіріспеден оқулық авторларының концепциясын көруге болады. Мұнда ақпарат, алгоритм, компьютер ұғымдары беріледі. Компьютер құрылысын оқыту әдістемесі. Компьютер құрылысы негізгі үш бөліктен тұрады: І.жүйелік блок, 2.монитор, З.пернелік тақта туралы, олардың кызметі жөнінде айтылады. Пернелік тақтадан енгізілген әрбір әріп, таңба т.б. басқа ешбір өзгеріссіз экранда белгіленеді. Пернелік тақтаның жазу машинасына ұқсастығын айта келіп, мұндағы негізгі айырмашылық қосымша пернелерінде және пернелердің біріккен қызметінде деп түсіндіру керек. Алғашқы сабақтарда барлық пернелердің қызметін бірден айтудың қажеті жоқ, әсіресе белгілі бір бағдарламаға қатысты өзгеріп отыратын перне қызметі (Ғ1-Ғ10), өйткені олардың қызметі туралы экранның төменгі жағында қысқаша анықтама беріледі.

Диск ұяшықты өткенде, оның дискетті оқуға арналғандығын айтса жеткілікті. Ең басты мәселе дискетті дұрыс енгізу және оны күтіп ұстау туралы мағлұмат берген жөн.

Процессорда барлық іс-әрекеттер түрленіп, орындалады. Компьютердің барлық жұмысын басқарады. Компьютер құрылысы бөлімі бірнеше деңгейлерді қамтиды. Атап айтқанда: құралдар құрамы және олардың қызметі, ол құралдардың өзара әрекеті, компьютер құрылысы және олардың жұмыс істеу принциптері карастырылады. Компьютердің ішкі, сыртқы, қосымша құрылғылары, олардың физикалық тұрғыдан алғандағы жұмыс істеу тәртіптері, үрдістері түгелімен баяндалады. Әсіресе оқушыларды кызықтыратын компьютер қалай жұмыс істейді? Файл қалай жазылады? т.б. сұрақтарға жауап беріледі.

Операциялық жүйені оқыту әдістемесі. Компьютер жұмыс істеуі үшін, алғашқы бағдарламалар жүйесі - операциялық жүйе жүктелуі тиіс. Дербес компьютер үшін операциялық жүйесін жасаған. Оның атқаратын қызметі: дискідегі каталогтар тізімін шығару, бағдарламаны көшіру, мәтіндік файлдың мазмұнын оқу, қарап шығу, бағдарламаны орындауға жүктеу. Дербес компьютердегі операциялық жүйе файлдар жинағынан тұрады. Операциялық жүйемен жүмыс істеу үшін ең алдымен нұсқаларының кызметімен танысады. Операциялық жүйелердің бұйрықтарын оқушылардың компьютерде орындайтын іс-әрекетіне сәйкес келетіндей етіп, ретімен плакатқа жазып іліп қою керек. Оның реті: бағдарламаны дискеттен жүктеу, нәтижені дискетке жазу, жұмысты аяқтау т.с.с. жазылады. Егер оқушылар операциялык жүйе қызметін меңгерсе, онда олар мүғалімге аса тәуелді бола қоймайды, өз бетінше жұмыс істеуге кіріседі. Оқыту әдісі - мүғалім оқушы компьютерінде түсіндіре отырып, демонстрациялап көрсетеді немесе плакат арқылы түсіндіреді.

Shift Ctrl қабық бағдарламасын оқыту әдістемесі. Ctrl көмегі арқылы операциялық жүйемен жеңіл жұмыс істей алады, өйткені экран мүмкіндігі толық паңдаланылады, панельде каталогтар мен файлдар тізімі, мерзімі, өлшемі және т.б. түгелімен экранда беріледі. Сонымен бірге, қажетті бұйрықтар арнайы пернелерге бекітілген. МС-дің М8 БОЗ-тан айырмашылығы қолдануға өте ыңғайлы етіп жасалған, сондай-ақ нұсқаларды пернетақтадан теріп отырудың кажеті жоқ тек арнайы пернені бассақ (Ғ1-Ғ10) жеткілікті. Сондай-ақ грамматикалык қателерді болдырмайды. Бұл біржағынан нұсқауларды енгізуде жіберілетін қателіктерді болдырмайды, әріуақытта үнемделеді. Оның үстіне акпараттар тізімі (каталог, файлдар) экранда алфавиттік ретпен беріледі.

Бағдарламалық қамтамасыздандыруды оқыту әдістемесі. Информатика курсының мақсаты-бағдарламаны пайдалана алатын қолдаушыларды дайындау екендігі белгілі. Қазіргі қолданушылар жұмысын дайын бағдарламада (операциялық жүйе, мәтіндік редакторлар, электрондық кестелер, берілгендер базасын басқару жүйесімен) жұмыс істеуден бастайды. Бағдарламалық қамтамасыздандыру мен жүмыс істеу және оны меңгеру күрделілігін, өзара байланысын, оқушылардың дайындығын ескере келіп, оқыту ретін мынадай тізбек бойынша жүгізу керек графикалық редактор — мәтіндік редактор — есептеу жұмыстары- электрондық кесте-берілгендер базасын басқару жүйесі. Бұл адамзат тарихының әртүрлі іс-әрекеттерді меңгеруімен сәйкес келеді: сурет салу, оқу, есептеу, басқару.

Операциялық жүйесін оқыту әдістемесі. Операциялық жүйесін оқытқанда: программаны жүктеу, бумалар, файлдармен жұмыс, дискімен, дискетпен жұмыс және де осы программаны орнату, қазақша қаріп енгізу және т.б. көптеген іс-әрексттер айтылуға тиіс.

Информация о работе Информатиканы оқыту