Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Ноября 2014 в 12:47, курсовая работа
Ол оқыту мазмұны, әдісі мен ұйымдастыру түрлерінің өзгерісін тездетеді.. Бұл процестегі негізгі мәселе білім берудің мазмұны мен мақсатын өзгерту болып табылады, ал оны технологиялық жағынан қамтамасыз ету өндірістік мәселе.
Қоғамды индустрияландыру кезеңінде білім беру жүйесі алдынғы кезекте, маманданған сауатты орындаушыларды дайындауға бағытталса, - ал білім беруді информатикаландыру жағдайында бұл мәселе білім берудің негізгі мақсатына ауысады. Мұндағы негізгі мақсат - оқушының қоршаған әлем жайында табиғи ғылыми болжамын қалыптастырумен жалпы ізгілікті адамгершілікке дайындау.
Кіріспе...........................................................................................................3
1 Информатиканы мектепте оқытудың жалпы мәселелері..................4-15
1.1 Қоғамды информатикаландыру және оның жалпы білім беру жүйесіндегі алатын орны мен ролі...................................................4
1.2 Информатика ғылым және орта мектептегі оқу пәні ретінде. Информатиканы оқыту әдістемесінің педагогикамен, психологиямен және информатика ғылымымен байланысы..................................7
1.3 «Информатика және есептегіш техника негіздері» курсын оқытудың әдістемелік жүйесі және мектепте білім берудің дамуы кезеңіндегі информатиканы оқытудың міндеттері.......................14
2 Информатиканы оқыту әдістері............................................................16-21
2.1 Информатиканы оқыту әдістеріне шолу.................................16
2.2 Білім мазмұны мен оқыту әдісі.................................................17
2.3 Информатика және дәстүрлі оқыту әдістері............................19
3 Информатика курсын оқыту................................................................22-31
3.1 Информатика курсын оқыту әдістемесін жетілдіру.............22
3.2 Дәстүрден тыс сайыс сабақ......................................................27
Қорытынды...................................................................................................32
Қолданылған әдебиеттер тізімі...................................................................33-36
Үшінші рет бұл термин орыс тіліне кең мағынада -информацияның өңделуін және берілу процестерін зерттейтін іргелі ғылымның атауы түрінде кірді. Мұндай аныктаманың арқасында информатика философиялық және жалпы ғылыми категориялармен тікелей байланысын, оның "дәстүрлі" академиялық ғылыми пәндер арасындағы орны анықталды.
Информатиканың маңызды ерекшелігі - оның қоғамдық қызметтің барлық негізгі түрлерін қолданылуы: өндірісте, басқаруда, ғылымда, білім беруде, жоспарлауда және сауда операцияларында, қоршаған ортаны қорғауда, криминалистік медицинада және т.б. орындарда колданыды. Информатика көптеген нақты информациялық процестердің технологиялардың барлығына ортақ моселелерді зерттейді. Осы технологиялар информатиканың объектісі болып табылады.
"Ғылымның объектісі" және оның тақырыбы ұғымдарының айырмашылықтары туралы дәл түсінік кез келген ғылымның мағынасын ашу өте маңызды. Обьект дегеніміз зерттеушінің іс әрекеті бағытталған шын өмірдегі бір облыс, ал тақырып оны зерттеу субъектісімен байланыстыратын буын. Сондықтан ғылымның тақырыбы ұғымымен бірдей емес, ол танымның объектісін және-субъективті жақтарының диалектикалық бірлігін көрсетеді. Әр ғылымның өкілдері бір объектіні әр қырынан көреді, әртүрлі міндеттер тұрғысынан қарайды. Окыту әдіскердің де, дидактиктың да, психолог және кибернетиктің де зерттеу объектісі бола алады. Олардың әрқайсысы бұл объектіден өзіне тән нәрсені ғана ажыратады, зерттеудің әртүрлі мақсаттарын қойып, зерттеу нәтижелерін өздерінше түсіндіреді. Басқаша айтқанда олардың әрқайсысы өз тақырыбы бойынша жұмыс істейді. Бұл мамандардың бәрі бір сабаққа келіп, әр қайсысы өз ғылымының тұрғысынан таңдайды. Дидакт мүғалімнің қандай жалпы дидактикалық әдісті қолданғанын, қандай жалпы принциптерді жүзеге асырғандығын ойлайды; әдіскер оқыту әдістері мен сабақ материалының осы пәнді мектепте оқытудың міндеттеріне сәйкес болуына назар аударады. Психологты ерекше қызықтыратыны окушылардың сабақты ұғынуы, үғынудың жалпы заңдылықтарының көрінуі, ал кибернетикке оқыту тура және кері байланысы бар басқару жүйесі болып көрінеді.
Информатиканың тақырыптары оның әртүрлі салада қолданылатындығымен анықталады. Қоғамдық өмірдің көптеген салаларында қолданылатын әртүрлі информациялық технологиялардың жалпы сипаттамаларымен қатар әрқайсысының өзіндік ерекшеліктері бар. Осыған байланысты операциялар мен процедуралардың әртүрлі жинақтарына, кибернетикалық жабдықтардың әр түріне және әртүрлі информациялық тасымалдаушыларға негізделген "пәндік информатикалар" пайда болды.
Информатиканың дамуына байланысты оның кибернетикамен байланысы мен айырмашылықтары туралы сұрақ туады. Осыған орай кибернетиканың тақырыбын дәлірек анықтап, оның мазмұнын айқындау қажет.
Қазіргі кезде информатиканың ықпалына көп сүйенетін саланың бірі халық ағарту жүйесі.
Ал, мектсптегі информатиканың проблемаларын қарастыратын сала мектеп информатикасы деп аталады.
Мектеп информатикасы информатика ғылымының бір саласы ретінде, мектептегі оқу процесінде пайдаланылатын ЭЕМ-ді программалық, техникалық, ой-әдістемелік және ұйымдастырушылық жақтарынан қамтамасыз етуді зерттейтін сала ретінде анықталады.
Мектеп информатикасын программалық камтамасыз ету орта мектептің информациялық, басқару және оқыту жүйелерін қамтиды, оның құрамында осы жүйелерді жобалауға арналған сериялық құралдар бар.
Мектеп информатикасын техникалық қамтамасыз етудің міндеттері: мектептегі оқу-тәрбие процесін сүйемелдеуге арналған техникалық құралдарды таңдауды экономикалық жағынан негіздеу; мектептегі есептегіш техника кабинетін жабдықтаудың параметрлерін анықтау;
орта мектепке арналған сериялық құралдар мен өзгеше жасалған кұралдарды тиімді пайдаланудың әдістерін табу. Мектеп информатикасын оқу әдістемелік жағынан қамтамасыз ету үшін ол курс бойынша оқу программалары, әдістемелік құралдар, оқулықтар жасалуы қажет.
ұйымдастырушылық жағынан қамтамасыз етудің проблемалары: мектеп информатикасының негізін қалау және оны тұрақты сүйемелдел отыруға байланысты ұйымдастырушылық-техникалық шаралар; педагогикалық программалық құралдарды жасауды және оларды көбейтуді, мектеттке жеткізуді ұйымдастыру; оқу - ағарту жүйесінің барлық сатылары үшін кадрлар дайындау, " кадрлар ииформатиканы мектепке жаңа ғылыми пән ретінде, басқа пәндерді оқытуды жетілдіру мақсатында құрал ретінде пайдалану.
Мектеп информатикасының келесі бесінші саласы -оны психологиялық-педагогикалық қамтамасыз ету, ол өзінің маңыздылығына байланысты алғашқы болып қарастырылатын мәселеге жатады. Қазіргі ЭЕМ-нің мектептегі оқу тәрбие процесіне еңгізілуі комльютерлендірудің барлық проблемаларын шеше алмайтыны анық. ЖИТ-ны пайдалану жағдайында оқу процесін тиімді және өз мақсатына жете алатындай етіп ұйымдастыру үшін бірқатар педагогикалық, психологиялық проблемаларды шешу қажет. Осыған байланысты педагогикалық психологияның және дидактиканың дәстүрлі қағидалары қосымша зерттеуді талап етеді. Бұл жерде оқытуды компьютерлендірудің; екі түрлі негізгі бағыты бар екенін ескеру қажет, олар компьютер оқу объектісі және компьютер оқу құралы ретінде.
Комньютерді зерттеу объектісі ретінде алатын болсақ, жалпы білім беретін орта мектепке "Информатика және есептегіш техника негіздері" деп аталатын жаңа пән еңгізілді. Мектепке енгізілген бұл пән жаңадан дамып келе жатқан информатика ғылымының барлық мазмұнын қамти алмайды. Ол ақушыларды мектептегі басқа пәндерді оқуға қажетті білім, іскерлік пен дағдылармен қаруландыруы тиіс.
Информатиканы орта мектепте оқыту жөнінде қалыптасқан әртүрлі көзқарастар бар. Енді мектептегі информатика курсының мазмұны мен әдістемелік ерекшеліклеріне тоқталайық.
1. Мектептегі "ИЕТН" курсының мазмұны "информация"-алгоритм-ЭЕМ" деген үш іргелі ұғымға негізделеді. Ол бір жағынан пәннің информатика ғылымымен байланысын қамтамасыз етсе, екінші жағынан оқушылардың теориялық дайындық деңгейін меңгеруі үшін беріледі.
2."ИЕТН" курсының маңызды ерекшелігі оның басқа пәндермен тығыз байланысы. Мектептегі информатика курсының орнын жалпы ғылымдар жүйесіндегі философия ғылымының орнымен салыстыруға болады. Информатиканы оқу барысында алған- білім мен іскерліктерін басқа пәндерді оку барысында кеңінен қолдана алады.
3. Мектептегі білім қорына информатика курсы арқылы еңгізілген жаңа маңызды білім - шамалар ұғымының кеңейтілуі. Оқушы бұған дейін сандық мәндерге ие болатын айнымалы шамалар мен ғана жұмыс істеді. Ал, информатика курсында әртүрлі типтегі шамалармен жұмыс ісгеуге тура келеді: сандық, литерлік, графикалық шамалар. Сонымен бірге, оқушылар массив түрінде ұйымдастырылган мәліметтермен танысады.
4. Мектепте информатика негіздерінің енгізілуіне байланысты мектеп тарихында алғаш рет окушыларға есептің басынан бастап, алынған нәтижені талдауға дейін үйрететін практикалық есепті шығарудың барлық кезендері туралы мағлұмат беріледі. Оқушыны кез келген есептің математикалық моделін құра білуге үйретеді. Бұл информатиканы басқа пәндермен тығыз байланыстыратын буын.
Сонымен мектепке еңгізілген информатика пәні дәстүрлі әдістегі іскерлік пен дағдыны жаңаша қалыптастырып, басқа пәндерді оқытуға өзінің ерекше үлесін тигізеді.
1.3 «Информатика және
есептегіш техника негіздері»
курсын оқытудың әдістемелік
жүйесі және мектепте білім
берудің дамуы кезеңіндегі
Жалпы білім беретін орта мектепке "Информатика және есептегіш техника негіздері" курсының енгізілуіне байланысты педагогика ғылымының жаңа саласы пайда болды, оның зерттеу объектісі — информатиканы оқыту әдістемесі деп аталады. Мүұнда қоғамның алға қойған мақсатына байланысты информатканы оқытудың заңдылықтары қарастырылады. Оқыту заңдылықтары информатика дамуының нақты кезеңіне сай зерттеледі.
Қазіргі уақытта информатиканы оқыту әдістемесі қарқынды даму үстіңде, оның көптеген мәселелері теориялық жағынан зерттеуді талап етеді. Педатогика ғалымының осы саласы тұтас, әрі толық бір мәнді болу үшін информатиканың барлық деңгейде оқытылуы зерттелуі керек: мектепке дейінгі кезеңде, мектепте, орта оқу буындарының барлық типтерінде, жоғарғы мектепте, информатиканы өзінше оқитындар үшін және т.с.с. Осы аталган буындардың бәрі қазіргі уақытта педагогика ғылымының алдына өзіне тән проблемаларын қоюда.
Біздің жағдайда алдыңғы кезекте қарастыратын мәселеміз, мектеп көлемінде оқытылатын "Информатика" курсын оқыту әдістемесі.
Информатиканы оқыту әдістемесі оқытудың жалпы мақсаттарына сәйкес өзінің алдына келесі негізгі міндеттерді қояды: Информатика және есептегіш техниканы үйретудің нақты мақсатын және орта мектептегі жалпы білім беру пәнінің мазмұнын анықтау, оқыту түрлерін ұсыну. Информатика мен есептегіш техниканы оқытудың барлық құралдарын қарастыру (оқу құралдары, программалық құралдар, компьютерлер және т.б.), мүғалімнің практикалық жұмысына оларды қолдануға нұсқаулар беру.
Мектеп пәндерін оқыту әдістемесінің алдына қойылатын дәстүрлі сұрақтар информатиканы оқыту әдістемесінің де алдына қойылады.
1. Оқытудың мақсаты (Не үшін оқытамыз).
2. Оқытудың мазмұны (Нені оқытамыз).
3. Оқытудың әдісі (Қалай оқытамыз).
4. Оқыту туралы (Неден оқытамыз)..
5. Оқытуды ұйымдастыру жолы (Қайтіп оқытамыз).
Бұл айтылғандардан басқа екі мәселеге көңіл аудару керек. Олар:
1) қалай оқытамыз?,
2) кім оқытады?
Соңғы екеуіндегі кімді оқытамыз деген сурақта; қай жастағы окушыны қалай оқыту керек. Яғни қай нәнді, оның бөліктерін, қай кластан бастау керек дегенді білдіреді. Информатиканы оқыту әдістемесі жаңадан қалыптасып келе жатқан жас ғылым. Педагогика ғалымының іргелі бөлігі ретінде өзінің дамуында информатиканы оқыту адістемесі философияға, педагогикаға, психологияға, информатикаға сүйенеді. Сонымен қатар, орта мектептің кеңейтілген практикалық тәжірибесін басшылыққа алады. Информатика әдістемесіне біріктірілген барлық әдістемелік педагогикалық білімдер мен тәжірибелер жиынтығынан "Информатиканы оқыту әдістемесі" деп аталатын пән бөлініп шығады. Бұл оқу пәнінің мазмұнында информатиканы оқыту әдістемесінің жалпы теориялық негіздері, типтік техникалық кұралдар жинағы және сонымен бірге мектеп курсының нақты тақырыптарын оқыту әдістері қарастырылады.
2 Информатиканы оқыту әдістері
2.1 Информатиканы оқыту әдістеріне шолу
Әдісті жалпы түрде белгілі мақсатқа жетуге бағытталған әрекет тәсілі ретінде анықтауға болады.
Дидактикада оқушының іс-әрекеті, мұғалімнің іс-әрекеті және олардың бірлескен іс-әрекеті деп бөледі. Мысалы, оқушыларға арналған инструкцияны жасау - педагогтың іс-әрекеті; инструкциямен ЭЕМ-дегі программамен жұмыс істеу - окушының іс-әрекеті; ЭЕМ-де орындалған оқушының жұмысының нәтижесін қорғау (тапсыру) — олардың бірлескен іс-әрекеті.
Информатика курсында оқушылар мен мұғалімнің бірлескен іс-әрекетінің көлемін қысқартуда іс-әрекеттің тәуелсіз түрі салыстырмалы түрде елеулі орын алады. Курстың мақсаттарының бірі ЭЕМ-мен жұмыс кезіндегі оқушының педагогтан тәуелсіздігі, одан кейін программистен тәуелсіздігі, өз бетімен білім алуға дағдының қалыптасуы. Сондай-ақ, компьютер мұғалім мен оқушы арасындағы тәуелсіз іс-әрекеттің көлемін едәуір кеңейтеді. Әрине, бұл педагогты іс-әрекетінен толық босатады деген сөз емес. Педагогтың оқыту алгоригміндегі жузеге асырылатын білімі мен тәжірибелері оқушының өз бетіндігінің жоғарылауына әкеледі.
Сондай-ақ, информатика курсында танымды басқару мен өзіндік басқару функциясы айқын көрінеді. Компьютермен жұмыс істеген оқушының өз бетінділігі басым, оның алдына қойған мақсаты бар. Мұғалімнің міндеті оқу іс-әрекетін ұйымдастырып, окушының іс-әрекетін басқару.
Сөйтіп, оқыту әдісі жалпы мағынада, оқушының жеке тұлғалық қасиетін өзгертуге бағытталған танымдық іс-әрекетін басқару әдісі ретінде қарастырылады.
Оқыту әдісін топтауға арналған негіздер жиынтығы айтарлықтай. Оқыту әдісін оқыту мазмұн бойынша топтау өнімді (продуктивті) болып есептеледі:
1) әлем жайында білім;
2) іс-әрекет тәсілдерін жузеге асыру тәжірибелері;
3) шығармашылық іс-әрекет тәжірибесі;
4) эммоционалдық құндылық қатынас тәжірибесі.
Бұған оқушыларды тәрбиелеудегі педагогтың әсері де қосылады.
Оқушылардың белсенділігі мен өз бетіншілігнің негізгі дидактикалық функциясы оқыту мазмұнымен тығыз байланысты. Дайын мәліметті меңгерудегі репродуктивті іс-әрекетте оқушының белсенділігі төмен болатыны, ал проблемалық іздеу тәсілінде, шығармашылық іс-әрекетте белсенділіктің жоғары болатыны белгілі.
Ю.К. Бабанскийдің еңбектерінде әдістерді топтаудың толық тізімі келтірілген. Информацияны қабылдау тәсілі бойынша топтау дәстүрге айналған сөздік әдіс, пәндік шолу және практикалық.