Информатиканы оқыту

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Ноября 2014 в 12:47, курсовая работа

Краткое описание

Ол оқыту мазмұны, әдісі мен ұйымдастыру түрлерінің өзгерісін тездетеді.. Бұл процестегі негізгі мәселе білім берудің мазмұны мен мақсатын өзгерту болып табылады, ал оны технологиялық жағынан қамтамасыз ету өндірістік мәселе.
Қоғамды индустрияландыру кезеңінде білім беру жүйесі алдынғы кезекте, маманданған сауатты орындаушыларды дайындауға бағытталса, - ал білім беруді информатикаландыру жағдайында бұл мәселе білім берудің негізгі мақсатына ауысады. Мұндағы негізгі мақсат - оқушының қоршаған әлем жайында табиғи ғылыми болжамын қалыптастырумен жалпы ізгілікті адамгершілікке дайындау.

Содержание

Кіріспе...........................................................................................................3
1 Информатиканы мектепте оқытудың жалпы мәселелері..................4-15
1.1 Қоғамды информатикаландыру және оның жалпы білім беру жүйесіндегі алатын орны мен ролі...................................................4
1.2 Информатика ғылым және орта мектептегі оқу пәні ретінде. Информатиканы оқыту әдістемесінің педагогикамен, психологиямен және информатика ғылымымен байланысы..................................7
1.3 «Информатика және есептегіш техника негіздері» курсын оқытудың әдістемелік жүйесі және мектепте білім берудің дамуы кезеңіндегі информатиканы оқытудың міндеттері.......................14
2 Информатиканы оқыту әдістері............................................................16-21
2.1 Информатиканы оқыту әдістеріне шолу.................................16
2.2 Білім мазмұны мен оқыту әдісі.................................................17
2.3 Информатика және дәстүрлі оқыту әдістері............................19
3 Информатика курсын оқыту................................................................22-31
3.1 Информатика курсын оқыту әдістемесін жетілдіру.............22
3.2 Дәстүрден тыс сайыс сабақ......................................................27
Қорытынды...................................................................................................32
Қолданылған әдебиеттер тізімі...................................................................33-36

Прикрепленные файлы: 1 файл

Информатиканы окыту.doc

— 268.00 Кб (Скачать документ)

 


 


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Информатиканы  оқыту  әдістемесі (5-7  сыныптар)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

МАЗМҰНЫ

 

Кіріспе...........................................................................................................3

1  Информатиканы  мектепте оқытудың  жалпы  мәселелері..................4-15

1.1  Қоғамды информатикаландыру  және оның жалпы білім беру  жүйесіндегі алатын орны мен  ролі...................................................4

1.2  Информатика ғылым және  орта мектептегі оқу пәні ретінде. Информатиканы оқыту әдістемесінің  педагогикамен, психологиямен және  информатика ғылымымен байланысы..................................7

1.3  «Информатика және есептегіш  техника негіздері»  курсын оқытудың  әдістемелік жүйесі және мектепте  білім берудің дамуы кезеңіндегі  информатиканы оқытудың міндеттері.......................14

2  Информатиканы оқыту әдістері............................................................16-21

2.1  Информатиканы оқыту әдістеріне  шолу.................................16

2.2  Білім мазмұны мен оқыту  әдісі.................................................17

2.3  Информатика және дәстүрлі  оқыту әдістері............................19

3   Информатика  курсын оқыту................................................................22-31

3.1  Информатика  курсын  оқыту әдістемесін  жетілдіру.............22

3.2  Дәстүрден  тыс  сайыс сабақ......................................................27

Қорытынды...................................................................................................32

Қолданылған әдебиеттер тізімі...................................................................33-36

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

Қазіргі уақытта "қоғамды информатикаландыру", "білім беруді информатикаландыру" деген сөз тіркестері біздің сөздік қорымызға еніп кетті. Олай болса, қоғамды информатикаландыру дегеніміз не? Қоғамды информатикаландыру дегеніміз – ғылыми техникалық прогресс жетістіктерінің күнделікті тұрмысқа ауқымды енуінің нәтижесі, яғни адам өміріне іс-әрекеттің интеллектуалды түрлерінің жан-жақты әсер етуі мен ролінің жоғарылауына байланысты объективті процесс.

Ол оқыту мазмұны, әдісі мен ұйымдастыру түрлерінің өзгерісін тездетеді.. Бұл процестегі негізгі мәселе білім берудің мазмұны мен мақсатын өзгерту болып табылады, ал оны технологиялық жағынан қамтамасыз ету өндірістік мәселе.

Қоғамды индустрияландыру кезеңінде білім беру жүйесі алдынғы кезекте, маманданған сауатты орындаушыларды дайындауға бағытталса, - ал білім беруді информатикаландыру жағдайында бұл мәселе білім берудің негізгі мақсатына ауысады. Мұндағы негізгі мақсат - оқушының қоршаған әлем жайында табиғи ғылыми болжамын қалыптастырумен жалпы ізгілікті адамгершілікке дайындау.

Бұл мәселенің негізгі ядросы жалпы білім беретін орта мектептегі информатика курсынан басталады. "Информатиканы оқыту әдістемесі" деп аталатын курс мектептегі информатика курсының жалпы ғылыми оқу-әдістемелік, дидактикалық,  ұйымдастырушылық, педагогикалық, психологиялық мәселелерін жан-жақты қарастыратын курс болып табылады.

 

 

 

 

 

 

1  Информатиканы  мектепте  оқытудың  жалпы  мәселелері

 

1.1  Қоғамды информатикаландыру  және оның жалпы білім беру жүйесіндегі алатын орны мен ролі

Жалпы білім беретін мектептерге программалау элементтерінің енгізілгендігіне 40 жылдан астам уақыт болды.  Информатиканың, программалау элементтерінің орта мектепке енгізілуінің өзіндік тарихы.бар, яғни оны бірнеше кезенге - бөлуге болады.

Бірінші кезең, -бұрынғы Одақтағы 50-жылдардың бас кезіндегі алғашқы ЭЕМ-дың пайда болуына байланысты. Осыған байланысты, адам қызметінін жаңа саласы дами бастады. Программалаудың қалыптасу кезеңінде тілдік  құралдар мен әдістер жеткіліксіз болды. Соған қарамастан окқушылардың - программалауды түсініп, игеруіне ешқандай принципті қиыншылық болған жоқ.

Алғашқы ЭЕМ-лар пайда болғаннан кейін көп кешікпей ғылыми-зерттеу мекемелерінде және ірі жоғары оқу орындарында программалауды және ЭЕМ-де жұмыс істеуді зерттейтін топтар пайда бола бастады. 50-жылдардың аяғына қарай, А.П.Ершовтың басқаруымен Новосибирск қаласынвң кейбір мектептерінде тәжірибелер жүргізілгендігі белгілі. Бұл тәжірибе сондағы ғылыми қалашықтағы есептегіш техника негізінде жүргізілді. Басталған жұмысқа университеттер мен ғылыми-зерттеу  институттарының көптеген ғалымдары қатысып, араласты. Бірақ, мұндай алғашқы қадамдардың жалпы білім беретін орта мектеп үшін міндетті курстың қалыптасуына қатысы жоқ еді.

Екінші кезең, математикаға бейімделген мектептер негізінде программалауға мамандандыруға байланысты. Информатиканы мектепте оқытуды 1959 жылдан басталды деуге болады, өйткені Мәскеу қаласының N444 мектебінде С.И.Шварцбурд жоғарғы класс оқушыларына ЭЕМ жұмысын үйретуге бағытталған эксперимент жүргізуді бастады. Мұндай мектептерде жалпыға бірдей орта білім негізінде программист дайындау көзделген болатын. Осы мақсатқа сәйкес, С.И.Шварцбурдтың жүргізген тәжірибелік жұмысы көпшілікке белгілі болды.

Программалау саласында мамандандырылған мектептер жүйесінің дамуы тағы бір маңызды роль атқарды. Оқушларды программалауға үйретуге арналған мақалалар мен әдістемелік  талдамалар көптеп шыға бастады.

Бұл жылдары математикаға бейімделген мектептер үшін дайындалған оқу құралдары кең таралды және бұл құралдар белгілі бір программалау жүйесі негізінде жасалды. Осы жинақталған материалдар программалау бойынша факультативтік курстардың қалыптасуында маңызды роль атқарды.

Келесі кезең, арнаулы факультативтік курстардың ашылуына байланысты. Факулътативтік курстың мақсаты - оқушылардың жан-жақты мүмкіндіктерін дамытуға  және білімдерін тереңдетуге бағытталған жаңа оқу жұмысының түрі ретінде қарастырылды. Ол жөнінде  КОКП ОК мен КСРО Министрлер Кеңесінің 1966 жылғы "Жалпы білім беретін орта мектеп жұмысын одан әрі жақсарту шаралары" туралы қаулысында көрсетілді. Математака және оның қолданылулары бойынша жүргізілген факультативтерде арнаулы үш курс әртүрлі деңгейде ЭЕМ-ның қолданылуын қажет етті. "Программалау", "Есептеу математикасы", "Векторлық кеңістіктер және сызықтық программалау". Осы факультативтік  курстардың енгізілуіне байланысты программалауды орта мектепке енгізу кезеңі басталды.

Кейінірек, сол кездегі математикалық орта білімнің қайта құрылуына байланысты жаңа таңдаулы тақырыптар ұсынылды. "Санау жүйелері және ЭЕМ-нің арифметикалық құрылғылары (7-класс), "Алгоритмдеу және программалау" (8-класс), "Кибернетика негіздері" (9-10-кластар), "Программалау тілдері" (10-класс).

Дәл осы кезеңде арнаулы факультативтік курстар бойынша оқыту мазмұны мен әдістерін жасау мәселелеріне байланысты әдістемелік мәселелер В.М.Монаховтың және т.б, көптеген ғалымдардың , еңбектерінде өз шешімін тапты. Мектептер мен есептегіш техникасы бар өндіріс орындары арасындағы байланысты қалыптастыру тәжірибесі жинақталды. Бұл тәжірибе кейін оқу-өндірістік комбинаттары арқылы мектептегі оқыту ісіне есептегіш техниканы енгізуге негіз болды.

Сонымен келесі кезең, оқу-өндірістік комбинаттары негізінде мамандандыруға байланысты. Оқу-өндірістік комбинаттары негізінде оқушыларды есептегіш техниканы меңгеру және пайдалануға байланысты көптеген мамандықтарға дайындау мүмкін болды. Атап айтқанда, ЭЕМ операторы, ЭЕМ үшін мәліметтерді дайындау құрылғыларын жөндеу және күту бойынша электромеханик, электронды аппаратураны реттеуші, программалаушы лаборант, есептеу жұмыстарының операторы дайындалды.

Одан кейінгі кезең, жалпы білімдік бағдардың дамуымен сипатталады. Математикаға бейімделген мектептерде, әсіресе, ОӨК-ның оқу программаларында  оқушыларға программалауды оқытудың арнаулы кәсіби бағдардағы мүдделері қарастырылады. Сонымен қатар, программалаудың жалпы білімдік әсері және алгоритмдеудің мектептегі дәстүрлі пәндерге пәнаралық әсерінің мазмұндық-әдістемелік мәселелері зерттелді. Алдынғы кезекте математикаға әсері қарастырылды.

Мектептегі компьютерлендіру саласында нақты ұйымдастыру-әдістемелік шаралардың жасалуына КОКП сәуір (1984) Плеумында және КСРО Жоғарғы Кеңесі сессиясында бекітілген "Жалпы білім беретін орта және кэәсіби меетеп реформасының негізгі бағыттары" атты қаулысы себеп болды. Мектеп реформасының негізгі міндеттерінің бірі информатиканы оқу-тәрбие процесіне енгізу және жастардың компьютерлік сауаттылығын қамтамасыз етуге бағытталды. 1984 жылдың соңында КСРО ПҒА оқыту мазмұны және әдістері ҒЗИ мен КСРО ҒА-ның Есептеу Орталығының басқаруымен жалпыға міндетті пән "Информатика және есептегіш-техника негіздерінің" бағдарламасын жасау жұмысы басталды. Бұл жұмыс 1985 жылдың ортасында аяқталып, КСРО оқу министрлігінде мақұлданды.

Үкіметтің келесі шешімдерінде жастардың компьютерлік сауаттылығын тез қалыптастыру мәселесі қойылды. Ол үшін жалпы білім беретін орта мектепке "Информатика жәке есептегіш техника негіздері міндетті пән ретінде енгізілді, яғни 1985 жылдың қыркүйек айының 1-нен бастап "Информатика және есептегіш техника негіздері (НИЕТ) курсы оқытыла бастады. Мектепті компьютерлендіру мәселесіне мемлекеттік тұрғыдан көңіл бөлудің нәтижесінде 1986-87 оқу жылының басында "Информатика и образонание" журналының 1-нөмірі шықты. Бұл ЭЕМ-ны оқу процесіне енгізудің әдістемелік, дидактикалық, техникалық, ұйымдастырушылық, педагогикалық, психологияқ мәселелерін қамтитын журнал. Сонымен қатар, біздің Республикамызда да "Қазақстан мектебі" журналының қосымшасы ретінде "Информатика Физика Математика" журналы шыға бастады.

Компьютер алғаш оқу процесіне енгізілгенде мынадай екі үлкен мәселе көзделген: 1) компьютер оқу объектісі, яғни пен ретінде оқытылуы болса, 2) компьютердің жалпы оқу процесіңдегі қолданылуы. Міне, программалау элементтерінің орта мектепке енгізілуінің қысқаша тарихы осындай.

 

1.2  Информатика ғылым  және орта мектептегі оқу пәні  ретінде. Информатиканы оқыту әдістемесінің  педагогикамен, психологиямен және  информатика ғылымымен байланысы

Қазіргі     әлемнің      ғылыми      бейнесінің      негізгі сипаттамасы          қоғамдағы және табиғаттағы информациялық  процестер    мен    факторлардың фундаментальды ролін мойындау болып табылады.

Өткен ғасырда әлемнің ғылыми бейнесі ертерекге екі негізгі ұғым төңірегінде құрылғаны белгілі: зат және энергия. Сөйтіп, ғылыми көзқарасты қалыптастыруда негізгі ролді осы ұғымдарды сипаттайтын ғылымдар атқарады: физика, химия, математика. Мысалы, заттар мен энергияның сақталу заңы тек физика мен химияның ғана заңы емес, универсал ғылыми принципке айналды: «жоқтан ешнәрсе пайда болмайды».

Бұл жағдай біздің ғасырдың басында әлемнің бейнесін жаңаша тұжырымдайтын идеяның тууына байланысты өзгере бастады. Мұндағы негізгі мәселе ұйымдастырушылық немесе қазіргі айтыльіи жүргеніндсй информациялық факторларға байланысты. Дәлірек айтсақ, алдыңғгы кезекке жеке пәндер немесе құбылыстар ғана емес, олардың өзара байланысы мен өзара әсерлесу мәселесі қойылды. Бұл мәселемен айналысатын ғылым информатика деп аталады.

Сонымен, информатика - ЭЕМ-дегі, көмегімен информацияны іздеу,сақтау, жинақтау, тарату, өңдеу мен оқдеудің  әдісі, тәсілдері мен  заңдылықтарын қарастыратын математикалық ғылым. Қазіргі информация ағымын адамзат тек ЭЕМ-нің көмегі арқылы ғана қабылдайды. ЭЕМ информацияны автоматты түрде өңдеуді жүзеге асырады. Сондықтан ЭЕМ-да программалау информатиканың негізгі ядросы болып табылады, ал кәзіргі есептегіш техникалар - оның материалдық базасы.

"Информатіка" термині біздің еліміздегі әдебиеттерде пайдаланылғанына аз ғана уақыт болды. Оның шығу тарихына көз жүгіртсек, ол ЭЕМ-ның пайда болуынан басталады. Екінші дүниежүздік соғыстан кейін. кибернетика қарқынды даму жолына түсті. Ол жасанды, биологиялық, әлеуметтік және т.б." әртурлі жуйелердегі басқару  мен  байланыс  туралы  жалпы  ғылым   ретінде дамыды. Кибернетиканың дамуын 1948 жылы американ математигі Норберт Винердің "Кибернетика: жануарлар әлемінде және машинадағы басқару мен байланыс" деген атақты кітабының дамуымен байланыстырады. Бұл жұмыста басқарудың жалпы теориясының жасалу жолдары мен әртүрлі жүйелерге арналған басқару және байланыс проблемаларын зерттейтін әдістердің негізі қаланды.

Кибернетика ЭЕМ-мен қатар дами отырып, уақыт өте жалпы ғылымға — информацияны өңдеу туралы ғылымға айнала бастады. Кибернетикада информаңияның төмендегідей анықтамасы қабылданған: информация  дегеніміз кайсыбір жүйенің қоршаған ортадан кабылдайтын (еңгізілетін информация), керісінше қоршаған ортаны беретін және өзінде сақтайтын амалдардың, әсерлердің немесе мәліметтің кез келген жиынтығы.

Кибернетика өзінің дамуында бірталай тартысты кезендерді бастаған өткізді. Академик А.И. Берг жазғанындай, "...1955-57 жылдары, кейін де біздің әдебиеттерде кибернетиканың маңызы мен мүмкіндіктерін бағыттауға өрескел қателер жіберілген. Бұл біздің елімізде ғылымның дамуына үлкен зиянын тигізді, көптеген теориялық жағдайларды жете зерттеудің және электрондық машинаның-өзін жасаудың тоқтап қалуына әкелді,- дейді озінің "Возможное и невозможное в кибернетике" атты еңбегінде.

Сондай-ақ, философиялық сөздіктің 1959 жылғы" басшылығында кибериетиканы "буржуазиялық жалған ғылым" деп көрсетті. Мұның басты себебі, біріншіден, қарқынмен дамып келе жатқан ғылымды классикалық бағыттағы кейбір ғалымдар жете бағаламаудың салдарынан, "екіншіден, кейбіреулер іс жүзінде, қолданылатын әртүрлі облыстарда кибернетиканың нақты проблемаларын жете зерттеудің орнына шамадан тыс бос сөздер айтылды, кибернетиканың денсіз мүмкіндіктері жайлы жартылай фантастикалық болжау жасалды, осылайша ғылымның беделі түсті.

Кибернетиканы қолданудың қызықты перспективалары халық шаруашылығында математикалық әдістер мен ЭЕМ-дерді жоспарлау мен басқару мақсатында кеңінен қолданудың ұсынысын тудырды.

Сонымен, кибернетика термині пайда болғаннан кейін дүние жүзілік ғылымда  ағылшын  сөзі "сопіриіег зеіепсе" қолданыла бастады, ал одан кейінірек, 60-70-жылдар деңгейінде француздар  хершшин енгізді. Орыс тілінде информатика терминінің ең алғашқы қолданылуы ғылыми техникалық информация мен документатистиканың пайдаданылу саласына байланысты болды. Сондай-ақ, 1976 жылы А.П. Ершовтың басқаруымен неміс тілінен аударылған жоғарғы оқу орындарына арналған информатика курсының оқулығы мен есептер жинағының шешімін бастап "информатика" термияі басқа магынада пайдалаяыла бастады.

Информация о работе Информатиканы оқыту