Информатиканы окыту дид принцип

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Октября 2013 в 21:39, доклад

Краткое описание

Қылмыстық жаза мемлекеттiк күштеу шараларының бірi болып табылады және ол мемлекеттiң қылмыспен қарсы күрес жүргiзу құралдарының бiрi ретiнде қолданылады. Мемлекет қылмысқа қарсы күрес жүргiзуде әр түрлi ұйымдастырушылық, тәрбиелiк, экономикалық, рухани шаралардың барлық түрiн кеңінен қолданады, сөйтiп қылмыстан сақтандыру мәселелерiне ерекше көңiл бөледi. Сондықтан да бiздiң жас, тәуелсiз мемлекетiмiз қылмысқа қарсы күрес қылмыстық жазаны қолдануда ең негiзгi басты күрес деп саналмайды, бұл құбылысқа қарсы күресте шешушi мәселелер жоғарыда аталып экономикалық, ұйымдастыру, тәрбие, қоғам мүшелерiнiң белсендiлiгiн, оларың құқықтық сана-сезiмiн жетiлдiру арқылы жүзеге асырылады.

Содержание

І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
1. Жаза тағайындаудың жалпы негіздері
2. Жауаптылықты жеңілдететін және ауырлататын мән-жайлар
3. Қатысып жасалған қылмыс үшін жаза тағайындау
4. Қылмыстардың жиынтығы бойынша жаза тағайындау
5. Қылмыстардың қайталануы жағдайында жаза тағайындау
6. Үкімдердің жиынтығы бойынша жаза тағайындау
7. Мерзімдерді қосу кезінде оларды белгілеу тәртібі және жаза мерзімдерін есептеу және жазаны есепке алу
ІІІ. Қорытынды

Прикрепленные файлы: 1 файл

Қазақстандағы Жаза тағайындаудың негіздері.docx

— 72.48 Кб (Скачать документ)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

5. ҚЫЛМЫСТАРДЫҢ  ҚАЙТАЛАНУЫ ЖАҒДАЙЫНДА ЖАЗА ТАҒАЙЫНДАУ

 

Қылмыстардың  кайталануының түсінігі Қылмыстық кодекстің 11-бабында белгіленген, Қылмыстық Кодекстің 59-бабының 1-бөлігінде көзделген жағдайлар қылмыстың қайталануы жағдайында жазаның түрі мен мөлшерін тағайындау мәселесін шешуде манызды роль атқарады. Қылмыстың қайталануы қылмыс істеген адамның іс-әрекетінің коғамға қауіптілігін және қылмыскердің тұлғасын сипаттайтын белгі болып табылады.

Қылмыстық кодекстің 59-бабының екінші бөлігінде қайталанып жасалған қылмыс үшін жаза тағайындаудың ерекшелігі көрсетілген. Баптың осы бөлігіне сәйкес: 1) қайталап жасалған қылмыс үшін жазаның мерзімі мен мөлшері жасалған қылмыс үшін көзделген ең қатаң жаза түрінің ең жоғарғы мерзімі мен мөлшерінің жартысынан төмен; 2) қылмыстардың қауіпті қайталанғаны үшін — үштен екісінен төмен; 3) қылмыстардың аса кауіпті қайталанғаны үшін — төрттен үшінен төмен болмауға тиіс. Мысалы, Қылмыстық кодекстің 169-бабындағы қарулы бүлік жасағаны үшін ең жоғарғы жаза 15 жылға дейінгі бас бостандығынан айыру болып белгіленген. Қайталанып жасалған қылмыстың түрлеріне байланысты осындай тәртіппен көтеріңкі жаза мөлшері мен түрін белгілеу бұрын қасақана қылмыс жасағаны, сотталғандығына қарамастан тағы да қасақана қылмыс істеп түзелу жолына түспегендерге берілген лайықты жаза болып табылады. Мұндай түзелу үшін ауырырақ жаза тағайындау қажеттілігі өзінен-өзі түсінікті.

 

 

6. ҮКІМДЕРДІҢ  ЖИЫНТЫҒЫ БОЙЫНША

ЖАЗА  ТАҒАЙЫНДАУ

 

1. Егер  сотталған адам үкім шығарылғаннан  кейін, бір жазаны толық өтегенге  дейін жаңадан қылмыс жасаса, сот соңғы үкім бойынша сот  тағайындаған жазаға соттың алдынғы  үкімі бойынша жазаның өтелмеген бөлігін толық немесе ішінара қосады.

2. Үкімдердің  жиынтығы бойынша түпкілікті  жаза, егер бас бостандығынан  айырумен байланысты болмаса,  осы Кодекстің Жалпы бөліміндегі  осы жазалау түрі үшін көзделген  жазалардың ең жоғарғы  мерзімінен  немесе мөлшерінен аспауы керек. 

3. Үкімдердің  жиынтығы бойынша бас бостандығынан  айыру түріндегі түпкілікті жаза 25 жылдан аспауы керек. Егер  адам үкімдердің жиынтығында осы Кодекстің 58-бабының 4-бөлігінде аталған қылмыстардың біреуін болса да жасаған деп танылған үкім қамтылатын болса, бас бостандығынан айыру түріндегі үкімдер жиынтығы бойынша түпкілікті жаза 30 жылдан аспауы керек.

4. Үкімдердің  жиынтығы бойынша түпкілікті  жаза қайта жасалған қылмыс  үшін тағайындалған жазадан да, соттың оның алдыңғы үкімі бойынша тағайындалған жазаның өтелмеген бөлігінен де артық болуы тиіс.

5. Үкімдердің  жиынтығы бойынша жаза тағайындау  кезінде жазалардың қосымша түрлерін  қосу осы Кодекстің 58-бабында көзделген ережелер бойынша жүргізіледі (Қылмыстық кодекстің 60-бабы)

Осы айтылған заң нормаларының мазмұны төмендегідей: 

Қылмыс  жасап үкім бойынша жаза алған  адамның тағы да қылмыс істеуінің  қоғамға қауіптілігі орасан, сондықтан  жаңа Қылмыстық кодекс мұндай қылмыскерлерге қылмыстардың жиынтығы бойынша жаза тағайындауға қарағанда қатаңырақ  жаза тағайындау тәртібін белгіленген. Үкімдердің жиынтығы бойынша жаза тағайындағанда сот істелген қылмыстың ауырлығына қарамастан заң талабына сәйкес бұрынғы  үкім бойынша тағайындалған, жазаның  өтелмей қалған бөлігін түгелдей, я болмаса ішінара қосып белгілейді. Қылмыстық кодекстің 58-бабында көрсетілген сендіру ережесі бұл бапқа қолданылмайды.

Үкімді  жинақтап тағайындаған ақырғы жаза жаңа істелген қылмысқа тағайындалған жазадан  да, сондай-ақ алдыңғы үкім бойынша  өтелмей қалған жазаның бөлігінен  де артық болуы керек.

Бірнеше үкім бойынша жаза өтеу мерзімі соңғы қылмыс үшін үкім шығарылған уақыттан бастап есептеледі. Үкімдерді жиынтықтап қосқанда жазаның жалпы мерзімі, егер, ол бас бостандығынан айырумен байланысты болмаса жазаның сол түріне белгіленген ең ұзақ мерзімінен аспау тиіс. Бас бостандығынан айыру түріндегі жазаларды қосқанда жазаның жалпы мерзімі 25 жылдан аспауы тиіс. Бас бостандығынан айыру жазасы 20 жылдан артық мерзімге тағайындалған қылмыстар бойынша немесе өлім жазасы немесе өмір бойы бас бостандығынан айыру қолдануға болатын қылмыстар істегені үшін жазаның жалпы мерзімі 30 жылдан аспауы тиіс (58-бап, 4-бөлігі). Үкімдерді жиынтықтап жаза тағайындағанда негізгі жазаға жауаптылықты белгілейтін бапта көрсетілген қосымша жазаларды да қосуға  құқылы. Әр түрлі түрдегі қосымша жазалар жеке-жеке орындалады.

 

 

7. МЕРЗІМДЕРДІ   ҚОСУ КЕЗІНДЕ ОЛАРДЫ  БЕЛГІЛЕУ  ТӘРТІБІ  ЖӘНЕ  ЖАЗА  МЕРЗІМДЕРІН  ЕСЕПТЕУ ЖӘНЕ ЖАЗАНЫ  ЕСЕПКЕ АЛУ

  

1. Қылмыстардың  жиынтығы және үкімдердің жиынтығы  бойынша жазаларды ішінара немесе  толық қосу кезінде бас бостандығынан  айырудың бір күніне:

а) қамаудың немесе тәртіптік әскери бөлімде  ұстаудың бір күні: 

б) бас  бостандығын шектеудің екі күні:

в) түзеу  жұмыстарының немесе әскери қызымет  бойынша шектеудің үш күні:

г) қоғамдық жұмыстарға тартудың 8 сағаты сәйкес келеді.

2. Айыппұл  салу белгілі бір лауазымдарды  атқару немесе белгілі бір  қызметпен айналысу құқығынан  айыру, арнаулы, әскери немесе  құрметті атақтан, сыныптық шеннен, дипломатиялық дәрежеден, біліктілік  сыныбынан және мемлекеттік наградаларынан  айыру сондай-ақ мүлікті тәркілеу  оларды бас бостандығын шектеу  мен түзеу жұмыстарымен, қамаумен, тәртіптік әскери бөлімде ұстаумен, бас бостандығынан айырумен қосқан  кезде дербес орындалады (Қылмыстық  кодекстің 61-бабы).

1. Белгілі  бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айырудың түзеу жұмыстарының, әскери қызмет бойынша шектеудің, бас бостандығын шектеудің, қамаудың, тәртіптік әскери бөлімде ұстаудың, бас бостандығынан айырудың мерзімі айлармен және жылдармен, ал қоғамдық жұмыстарға тартудың мерзімі сағатпен есептеледі.

2. Осы  баптың бірінші бөлігінде көрсетілген  жазаларды ауыстыру немесе қосу  кезінде, сондай-ақ жазаны есепке  алу кезінде мерзімі күндермен  есептелуі мүмкін.

3. Үкім  заңды күшіне енгенге дейін  қамауда ұстау бас бостандығынан  айыру, қамау, тәртіптік әскери  бөлімде ұстау түріндегі жаза  мерзімінің бір күніне бір  күн есебімен, бас бостандығын  шектеу түрінде ұстауға - екі  күнге бір күн, түзеу жұмыстарымен  әскери қызмет бойынша шектеуге  – үш күнге бір күн, ал  қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі  жазалау мерзіміне қоғамдық жұмыстардың  8 сағаты қамауға ұсталған бір  күн есебімен есептеледі.

4. Сот  үкімі заңды күшіне енгенге  дейін адамды қамауда ұстау  уақыты мен Қазақстан Республикасы  шегінен тыс жерлерге жасалған  қылмыс үшін сот үкімімен тағайындалған  бас бостандығынан айыру жазасын  өтеу уақыты адам осы Кодекстің 8-бабының негізінде берілген жағдайда бір күнге бір күн есебімен есептеледі.

5. Сот  қарағанға дейін қамауда ұсталған, сотталушы адамға айыппұл, белгілі  бір лауазымдарды атқару немесе  белгілі бір қызметпен айналысу  құқығынан айыру түріндегі жазаны  тағайындау кезінде сот қамауда  ұсталған мерзімді ескере отырып, тағайындалған жазаны жеңілдетеді  немесе оны осы жазаны өтеуден  толық босатады.

6. Қылмыс  жасағаннан кейін психикалық  аурумен науқастанған адамға  медициналық сипаттағы мәжбүрлеу  шаралары қолданылған уақыт жаза  мерзіміне есептеледі (Қылмыстық  кодекстің 62-бабы).

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

 

 Жаза  тағайындау – жасаған қылмыста  айыпты деп танылған адамға  айыптау үкімі шығарарда қылмыстыық  ықпал жасаудың нақты шарасы соттың таң

дауы.

Жаза тағайындау, яғни айыптау үкімін шығарарда жаза таңдау сот қызметіндегі маңызды, жауапты  сәті. Бұл жайында Қазақстан Республикасының  Жоғарғы Соты Пленумының 24. 06. 1999 жылғы  «Жаза тағайындағанда соттардың  зандылықты сақтау туралы» №3 қаулысында айтылған. Жаза мақсатының жүзеге асырылуы көбіне тағайындалған жазаға байланысты. Жаза тағайындау әлеуметтік әділеттіктін қалпына келуіне, сотталған адамның түзелуіне, соттылығының да, басқа адамдардың да жаңа қылмыс жасауы болдырмауға көмегін тигізеді.

Бұл мақсатқа қол жеткізу үшін жаза дәлелді  де әділ болуға тиіс. Қылмыс жасаған  адамға, Қылмыстық Кодекстің 52-бабында, оның түзелуі және жаңа қылмыстың  алдын алу үшін қажетті және жеткілікті жаза тағайындалуға тиіс.

Жаза  тағайындау белгілі бір принциптерге негізделеді, олар қылмыстық заңның жалпы құқықтық және салалық арнаулы  принциптерінің нақты көрінісі болып  табылады. Жаза тағайындаудың негізінде  жатқан принциптер мыналар: заңдылық, адамгершілік, жазаның әділеттілігі, жазаның дәлелдігі және үкімде оның себебінің міндетті түрде көрсетілуі, жазаны жеке даралау, қылмыстық қудалау шараларын үнемдеу. Бұл принциптер Қылмыстық Кодекстің нормаларында өз көрінісін табады.

Заң жаза тағайындау кезінде сотты жаза мақсаттарының  бірі болып саналатын – жазаның  сотталған адамның түзелуіне  әсер ететіндігіне көре білуге, және барлық мән-жайларды ескере отырып, жазаның  мүмкіндігінше ауырлығы төмен, жұмсақтау түрін дұрыс тағайындай білуге, оның мөлшерін анықтауға міндеттейді. Сонымен қатар, сот ізгілік қағидатын басшылыққа ала отырып, айыпкерге тағайындалған жазаның оның отбасының және оның асырауындағы тұлғалардың тұрмысы жағдайына мүмкін болар ықпалын да ескеруі керек. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

 

 

  1. Қазақстан Республикасының Конститудиясы (өзгертулер мен толықтырулар қоса) 30 тамыз, 1995 жыл
  1. Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексі (өзгертулер мен толықтырулар қоса). 16 шілде, 1997 жыл.
  1. Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу Кодексі. 13 желтоқсан, 1997 жыл.
  2. Қазақстан Респулиқасының Қылмыстық Атқару Кодексі. 13 желтоқсан, 1997 жыл.
  3. Қ Р Жоғарғы Сотының пленуымының «Қылмыстық жаза тағайындаған кезде соттардың заңдылықтарды сақтауы туралы» 30 сөуір, 1999 жыл.
  4. Ағыбаев А.Н. Қылмыстық құқық. Жалпы бөлім. Алматы 2001.
  5. Кайыржанов Е.И. Угаловное право. Р. К. Общая часть. Алматы, 1997.
  6. ҚР ҚК түсініктеме. Алматы, 2001.
  7. Алауханов Е.О. Рахметов С.Н. Жаза практикалық оқу құралы. Алматы: Өркениет 1999 ж.
  8. Уголовное право РК. Общая часть, Жеті жарғы, Алматы.-1998.
  9. Уголовно-исполнительное право Р.К. Алматы, 1997.
  10. Рахметов С.Н. Кулмуханбетова Б.А. Нурумбетов А.А. Наказание. Алматы, 1998.
  11. Чукмайтов Д.С. Применение уголовное наказания в делах предупреждения редедивных преступлений. Алматы, 1997.
  12. Ағыбаева А.М. Нәріпбаев М.С. Баймурзин Г.И. Русско-казахский терминологический словарь по уголовному праву. Алматы., 1994.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ С. АМАНЖОЛОВ  АТЫНДАҒЫ ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК  УНИВЕРСИТЕТІ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

РЕФЕРАТ

 

Тақырыбы: Қазақстандағы жаза тағайындаудың негіздері

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Орындаған: Айтқалиева Ш. Д

                                                                      Тексерген: Дуйсембаева С. Д

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Өскемен қаласы

2013 жыл

1 Соловьев А. Д. Вопросы применения наказания по советскому уголовному праву–М., 1958. – С. 7.

2 Сонда.

3 Меньшагин В. Д. Основные принципы применения наказания по советскому уголовному праву. В кн.: Применение наказания по  советскому уголовному праву. – М., 1958.- С. 5; Карпец И.И. Индивидуализация наказания в советскому уголовному праве. – М., 1961. –С. 13-15.

4 Курс советского уголовного права. Часть Общая. –Т III. Наказание.- М., 1980.- С. 11.

5 Ағыбаев А.Н. Қылмыстық құқық: Оқулық. Алматы, Жеті жарғы, 1998 жыл

 

 


Информация о работе Информатиканы окыту дид принцип