Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Октября 2013 в 21:39, доклад
Қылмыстық жаза мемлекеттiк күштеу шараларының бірi болып табылады және ол мемлекеттiң қылмыспен қарсы күрес жүргiзу құралдарының бiрi ретiнде қолданылады. Мемлекет қылмысқа қарсы күрес жүргiзуде әр түрлi ұйымдастырушылық, тәрбиелiк, экономикалық, рухани шаралардың барлық түрiн кеңінен қолданады, сөйтiп қылмыстан сақтандыру мәселелерiне ерекше көңiл бөледi. Сондықтан да бiздiң жас, тәуелсiз мемлекетiмiз қылмысқа қарсы күрес қылмыстық жазаны қолдануда ең негiзгi басты күрес деп саналмайды, бұл құбылысқа қарсы күресте шешушi мәселелер жоғарыда аталып экономикалық, ұйымдастыру, тәрбие, қоғам мүшелерiнiң белсендiлiгiн, оларың құқықтық сана-сезiмiн жетiлдiру арқылы жүзеге асырылады.
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
1. Жаза тағайындаудың жалпы негіздері
2. Жауаптылықты жеңілдететін және ауырлататын мән-жайлар
3. Қатысып жасалған қылмыс үшін жаза тағайындау
4. Қылмыстардың жиынтығы бойынша жаза тағайындау
5. Қылмыстардың қайталануы жағдайында жаза тағайындау
6. Үкімдердің жиынтығы бойынша жаза тағайындау
7. Мерзімдерді қосу кезінде оларды белгілеу тәртібі және жаза мерзімдерін есептеу және жазаны есепке алу
ІІІ. Қорытынды
Жан күйзелу жауаптылықты жеңілдететін мән-жайға жату үшін ол біріншіден, жәбірленушінің өзінің заңсыз әрекеті салдарынан (күш көрсету, қорлау немесе басқа заңсыз әрекеттерінен), екіншіден, жан күйзелу, физиологиялық аффект жағдайында істеуі керек.
Физиологиялық аффект дегеніміз осы жоғарыда айтылған жағдайларға байланысты кінәлінің ашу үстінде жағдайды дұрыс бағалау және өзінің мінез-құлқына саналы түрде бақылау жасау қабілетінің елеулі кемуі болып табылады. Бірақ та мұндай жағдайда кінәлі қылмыстық жауаптылықтан босатылмайды, себебі адам өзінің әрекетін сезуден, өзінің іс-әрекетіне есеп беруден және оны басқару қабілеті мүмкіндігінен айырылмайды, тек мұндай қасиеттері елеулі түрде ғана кемиді. Сол себепті мұндай жағдайлар қылмыстық жауаптылықты жоймайтын, бірақ жауаптылықты жеңілдететін мән-жайлар қатарына жатқызылады.
Физиологиялық аффектіні анықтау үшін психологиялық сарапшылық тағайындалады. Шын жүректен өкіну, айыбын мойындап келуі, қылмысты ашуға, қылмысқа басқа қатысушыларды әшкерелеуге және қылмыс жасау иәтижесінде алынған мүлікті іздеуге белсенді жәрдемдесу.
Шын жүректен өкінуге қылмыс істеген адамның ағынан жарылып өзінің қылмысын мойындауы, өзінің іс-әрекетіне шын жүректен өкініш білдіріп, іс бойынша өзіне мәлім барлық жағдайларды бүкпесіз айту, қылмысқа бірге қатысушыларды әшкерлеп, келтірілген зиянды жою әрекеттері жатады.
Егер адам өзінің кінәсін бұлтартпас дәлелдер арқылы мойындауға мәжбүр болса, онда оның әрекеті шын жүректен өкінуге жатпайды. Кінәсін мойындап келу дегеніміз кінәлі адамның құқық қорғау немесе құқық колдану органына немесе ресми адамға өзінің жасаған қылмысы туралы шындыкқа жататын мәлімдеме жасай келіп, істеген іс-әрекеті үшін тиісті жазаны өтеуге әзір екенін білдіруін айтамыз.
Шын жүректен өкіну немесе кінәсін мойындап келуі әділ соттылықты жүзеге асыратын органдарға қылмысты ашуға және жүзеге асырылатын басқа жада қылмыстардың жасалуына тыйым салуға көмектеседі. Қылмысты ашуға, қылмысқа басқа катысушыларды әшкерелеуге және қылмыс жасау нәтижесінде алынған мүлікті іздестіруге белсенді жәрдемдесу әр түрлі нысанда көрініс табуы мүмкін. Мысалы, қылмыс құралын алған жерді көрсету, қылмысқа кімдер қатысты, қайда тұрады, олардың әрқайсысының атқарған ролі мен қызметі, жасырынып жатқан жерлері, ұрланған мүлктің сақталып тұрған орны және т.б. Кінәлінің мұндай әрекеттері оның жауаптылығын жеңілдетуге негіз болады. Жауаптылықты жеңілдететін осы жоғарыда айтылған жағдайларды көрсете отырып, заң сотқа бұдан басқа да мән-жайларды жауаптылықты жеңілдететін жағдайларды (ол туралы сот үкімінде негіздей отырып) жатқызуға құқық береді. Қылмыстық кодекстің 54-бабына сәйкес мыналар қылмыстық жауаптылық пен жазаны ауырлататын мән-жайлар деп танылады:
а) қылмыстарды әлде неше рет жасау, қылмыстардың қайталануы;
б) қылмыс арқылы ауыр зардаптар келтіру;
в) адамдар тобының, алдын ала сөз байласқан адамдар тобынын ұйымдасқан топтың немесе қылмыстық қауымдастықтын (қылмыстық ұйымның) құрамында қылмыс жасау;
г) қылмыс жасағанда айырыкша белсенді роль аткару;
д) айыпкер үшін психикасы бұзылуының ауыр түрінен зардап шегетіні алдын ала белгілі адамдарды не қылмыстық жауаптылық жасына толмаған адамдарды қылмыс жасауға тарту;
е) ұлттық, нәсілдік және діни өшпенділік немесе араздык себебі бойынша, басқа адамдардың заңды іс-әрекеті үшін кектенушіліктен, сондай-ақ басқа қылмысты жасыру немесе оны жасауды оңайлату мақсатында қылмыс жасау;
ж) жүктілік жағдайы айыпкер үшін алдын ала белгілі әйелге қатысты, сондай-ақ жас балаға, басқа да қорғансыз немесе дәрменсіз адамға не айыпкерге тәуелді адамға қатысты қылмыс жасау;
з) белгілі бір адамның өзінің қызметтік, кәсіби немесе қоғамдық, борышын өтеуіне байланысты оған немесе оның туыстарына қатысты қылмыс жасау;
и) аса қатыгездікпен, садизммен, қорлаумен, сондай-ақ жәбірленушіні қинап қылмыс жасау;
к) қару, оқ-дәрі, жарылғыш заттар, жарылғыш немесе оларды бейнелеуші кұрылғылар, арнайы дайындаған техникалық құралдар, тез тұтанатын және жанғыш сұйықтар, улы және радиоактивті заттар, дәрілік және өзге де химиялық-фармокологиялық дәрі-дәрмектер пайдаланып, сондай-ақ күш көрсетіп немесе психикалық мәжбүрлеу не жалпы кауіпті әдіс қолданып қылмыс жасау;
д) төтенше жағдайды, табиғи немесе өзге де қоғамдық нәубет жағдайларын пайдаланып, сондай-ақ жаппай тәртіп бұзушылық кезінде қылмыс жасау;
м) алкогольдік, есірткілік немесе уытқылық еліту жағдайында қылмыс жасау. Сот қылмыстың сипатына қарай бұл мән-жайды ауырлатушы деп танымауға құқылы;
н) адамның өзі қабылдаған антын немесе кәсіби антын бұза отырып, қылмыс жасауы;
о) қылмыскердің, қызмет жағдайын немесе шартқа байланысты өзіне көрсетілген сенімді пайдаланып, қылмыс жасауы;
п) өкімет өкілінің нысанды киімін немесе құжатын пайдаланып кылмыс жасау.
2. Егер осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген мән-жай осы Кодекстің Ерекше бөлімінің тиісті бабында қылмыс белгісі ретінде көрсетілген болса, ол жауаптылықпен жазаны ауырлататын мән-жай ретінде қайталап ескерілмеуі керек.
3. Жаза тағайындау кезінде сот осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілмеген мән-жайларды ауырлатушы мән-жайлар деп тани алмайды.
Жауаптылықты ауырлататын мән-жайлардың мазмұны төмендегідей:
1. Қылмыстарды
әлденеше рет жасау,
2. Қылмыс арқылы ауыр зардаптар келтіру. Зардап материалдық емес, моральдық және басқа түрде болуы мүмкін.
Қылмыстың ауыр зардаптарын сот істелген қылмыстың мәніне, істің нақты жағдайларына, сондай-ақ қылмыстан тікелей туындаған зардапты еске ала отырып анықтайды. Бұл мәселені шешуде қылмыстың объектісінің маңыздылығы, келтірілген зиянның мөлшері, орын алған ақау, дене жарақаты, кісі өлімі, басқа да мән-жайлар толық есепке алынады. Ауыр зардап қасақана немесе абайсыздықпен істелетін қылмыстарда бірдей болатындықтан, ол осы қылмыстардың барлығы үшін де жауаптылықты ауырлататын мән-жайлар ретінде есепке алынады.
Қылмыстық заңның диспозициясында қылмыстың белгісі ретінде көрсетілген жауаптылықты ауырлататын жағдайлар жаза тағайындағанда қайтадан еске алынбайды.
3. Адамдар
тобының алдын ала сөз
4. Қылмыс жасағанда айрықша белсенді роль атқару. Адамның қылмысты жеке өзі істегенде немесе топқа қатысып істегенде айрықша белсенді роль атқаруы мүмкін. Қылмысты табан астында ешбір негізсіз істеуі немесе қылмыс істеуге ұзақ уақыт дайындалуы, т. б. Егер қылмыс топ арқылы істелсе, онда топқа қатысушылардың әркайсысының айырықша ролі жеке-жеке ескеруге жатады.
5. Айыпкер үшін психикасы бұзылуының ауыр түрімен зардап шегетіні алдын ала белгілі адамды немесе қылмыстық жауаптылық жасына толмаған адамдарды қылмыс жасауға тарту. Қылмыс істеген адамның жүйке ауруымен ауыратын адамды немесе жас баланы пайдаланып қылмыс істеуі оның қоғам үшін ерекше зиянды екенін көрсетеді. Мұндай әрекетті істеген адам жас балаларды азғырады, олардың дұрыс қалыптасып адам болуына кесірін тигізеді, ауру адамды қылмысты әрекетке пайдаланып, өзін жауапкершіліктен тысқары қалдыруды көздейді. Мұндай жағдайдың қылмысты ауырлататын мән-жайға жататындығы сол, қылмыстың субъектісі, оның зұлымдық қылмысты ниетін басқа адамдардың қолымен — жас баланы немесе психикалық аурумен ауыратын адамды пайдалану арқылы жүзеге асырады. Қылмыстық кұқық теориясында мүндай әрекетті біреу аркылы орындаушылық деп атайды. Біреу арқылы орындаушылыққа қылмыстың субъектісі қылмыс істеуге қылмыстың субъектісі болып танылмайтын жас баланы немесе ауру адамды пайдаланғанын сезеді және соны тікелей істейді. Мұндай жағдайларда жас бала немесе ауру адам қылмыс істеудің кұралы ретінде пайдаланылады. Ал олардың, істеген қылмысының шын мәніндегі орындаушысы жас баланы немесе ауру адамды қылмысқа пайдаланған адамның өзі болады.
6. Ұлттық нәсілдік және діни өшпенділік немесе араздық себебі бойынша, басқа адамдардың заңды іс-әрекеті үшін кектенушілік, сондай-ақ басқа қылмысты жасыру немесе оны жасауды оңайлату мақсатында кылмыс жасау. Қазақстан Республикасы Конституциясының 14-бабында: тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша ешкімді ешкандай кемсітуге болмайды,— делінген. Ал, 19-бабында: әркім өзінің қай ұлтқа, қай партияға және кай дінге жататынын өзі анықтауға және оны көрсету-көрсетпеуге хақылы,— делінген.
Ұлттық немесе нәсілдік дұшпандықты немесе араздықты қоздыруға, ұлттық ар-намыс пен қадір-қасиетті кемсітуге, сондай-ақ азаматтардың нәсілдік немесе ұлттық тегіне карай олардың құқықтарын тікелей немесе жанамалай шектеуге немесе оларға тікелей немесе жанамалай артықшылықтар белгілеуге қасақана бағытталған іс-әрекеттерді қылмыстық заң кылмыс құрамына жатқызады. Бұл жерде басқа қымлыстарды ұлттық немесе дұшпандықтың немесе араздықтың салдарынан істеу туралы сөз болып отыр. Бұған жататындар: басқа ұлттар мен нәсілдердің өкілдерін осындай ниетпен корлауға, оларға жала жабуға, оларды ұрып-соғуға, дене жарақатың салуға, мүліктерін жоюға, бұзақылық және баска қылмыстарды істеуге бағытталған әрекеттері жатады. Кез келген қылмысты ұлттық немесе нәсілдік дұшпандықты немесе араздықты коздыру мақсатымен істеу жауаптылықты ауырлататын мән-жайларға жатады. Баска адамдардың заңды әрекеттері үшін кектенушіліктен қылмыс істегені үшін жазаны күшейтудің себебі сол, бұл жерде қылмыскер басқа адамға заңды әрекеттер істеуге кедергі келтіру, олардың заң қозғайтын кұқысы мен муддесіне кол сұғып отыр. Басқа қылмысты жасыру немесе оны жасауды оңайлату мақсатымен қылмыс жасауда да жазаны күшейтудің себебі сол. Бұл жерде қылмыс жасаған адам екі бірдей қылмысты қатар істеп отыр. Мысалы, өзінің ұрлығын көрген адамды, қылмысының ізін жасыру мақсатымен сол жерде өлтіріп кету. Немесе қылмысқа кедергі жасаған күзетшіні өлтіріп, банкті тонау, т. б. әрекеттер.
7. Жүктілік жағдайы айыпкер үшін алдын ала белгілі әйелге қатысты, сондай-ақ жас балаға, қорғансыз немесе дәрменсіз адамға не айыпкерге тәуелді адамға қатысты қылмыс жасау.
Жас балаға, кәрі немесе дәрменсіз халдегі адамдарға я кінәлінің біле тұра жүкті әйелге қарсы қылмыс істеуі. Қылмыстық құқық бойынша жас бала деп жасы он төртке толмағандар жатады. Кәрі адамдар мен кәрілік жасқа байланысты зейнеткерлікке шыққан, соған сәйкес қылмыскерге қарсылық көрсетуге қауқары жоқ адамдарды айтады. Дәрменсіз халдегі адамдар деп науқасқа, дертке ұшыраған, өзінің ақыл-есінен айырылған, дене бітімінің кемдігіне байланысты қылмыскерге қарсылық көрсетуге қабілеті жоқ жандарды айтамыз. Жүкті әйелдер деп кінәлінің оның әйтеуір жүкті екендігін дәлме-дәл біле тұра, соны сезіп, біліп, жәбірленушіге қарсы қылмыс істеуі болып табылады. Жас балаға, кәрі немесе дәрменсіз халдегі адамдарға, сондай-ақ біле тұра жүкті әйелге қарсы қылмыс істеу кінәлінің тұлғасын теріс сипаттайтын ерекше белгілер болып табылады. Айыпкерге тәуелділік материалдык, лауазымдық және басқадай болуы мүмкін.
Материалдық тәуелділік деп басқа адамның кінәліге негізгі немесе қосымша өмір сүру жағдайына байланысты кіріптарлығын айтамыз. Мысалы, жас балалардың, ата-аналардың, зейнетақы алмайтын ата-аналардың, балаларына материалдық тәуелділігі.
Лауазымдық жөніндегі тәуелділік деп тікелей немесе жоғары тұрған басшыға бағынышты болуын айтамыз. Басқадай тәуелділікке туыстық, ерлі-зайыптылық катынастар жатады.
8. Белгілі
бір адамның өзінің қызметтік,
кәсіби немесе қоғамдық
Өзінің қызметін немесе коғамдық борышын атқарып жүрген адамды өлтіру — қасақана кісі өлтірудің ауыр түрі болып табылады, ол туралы арнаулы қылмыс құрамы бар. Мұндай жағдайлардағы кінәлінің әрекеті арнаулы заңның диспозициясымен қамтылатындыктан жауаптылықты ауырлататын жағдай ретінде жаза тағайындағанда тағы да есепке алынбайды. Басқа қылмыстық заңда нақты қылмыс құрамы ретінде көрсетілмеген жағдайларда өзінің қызметін немесе қоғамдық борышын атқарып жүрген адамға қарсы қылмыс істеу жауаптылықты ауырлататын мән-жайға жатады.
Бұл жерде өзінің қызметін атқарып жүрген адам деп, меншік түріне қарамастан, мемлекеттік немесе коммерциялық, басқа да аппаратта заң бойынша белгіленген тәртіппен лауазым адамының функциясын атқарып жүрген адамды айтамыз.
Қоғамдық борышын атқарған адам деп қоғам, мемлекет, жеке адам мүддесі үшін пайдалы іс-әрекет жасап жүрген адамды айтамыз. Мысалы, халық жасақшысына қарсы қылмыс істеу, қылмысты тойтаруға қарсы әрекет жасаған адамға немесе жәбірленушіге көмек көрсетуге әрекеттенген адамға қарсы істелген т. б. қылмыстар. Аталған адамдардың туыстарына оның жақын туыстары және басқадай соларға қатысы бар адамдар жатады. Бұл ретте қылмыскер жоғарыда аталған қызметкерлердің туыстарына қарсы қылмыс жасап, оларға әсер ету арқылы, кек алу мақсатын місе тұтады.
9. Аса
қатыгездікпен, садизммен,