Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Октября 2013 в 21:39, доклад
Қылмыстық жаза мемлекеттiк күштеу шараларының бірi болып табылады және ол мемлекеттiң қылмыспен қарсы күрес жүргiзу құралдарының бiрi ретiнде қолданылады. Мемлекет қылмысқа қарсы күрес жүргiзуде әр түрлi ұйымдастырушылық, тәрбиелiк, экономикалық, рухани шаралардың барлық түрiн кеңінен қолданады, сөйтiп қылмыстан сақтандыру мәселелерiне ерекше көңiл бөледi. Сондықтан да бiздiң жас, тәуелсiз мемлекетiмiз қылмысқа қарсы күрес қылмыстық жазаны қолдануда ең негiзгi басты күрес деп саналмайды, бұл құбылысқа қарсы күресте шешушi мәселелер жоғарыда аталып экономикалық, ұйымдастыру, тәрбие, қоғам мүшелерiнiң белсендiлiгiн, оларың құқықтық сана-сезiмiн жетiлдiру арқылы жүзеге асырылады.
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
1. Жаза тағайындаудың жалпы негіздері
2. Жауаптылықты жеңілдететін және ауырлататын мән-жайлар
3. Қатысып жасалған қылмыс үшін жаза тағайындау
4. Қылмыстардың жиынтығы бойынша жаза тағайындау
5. Қылмыстардың қайталануы жағдайында жаза тағайындау
6. Үкімдердің жиынтығы бойынша жаза тағайындау
7. Мерзімдерді қосу кезінде оларды белгілеу тәртібі және жаза мерзімдерін есептеу және жазаны есепке алу
ІІІ. Қорытынды
Жауаптылықты жеңілдететін немесе ауырлататын мән-жайлар қылмыстық заң арқылы белгіленеді. Қылмыстық заңда (53-бап) жауаптылықты жеңілдететін мән-жайлардың, үлгі тізбегі ғана берілген, өйткені жаза тағайындағанда жауаптылықты жеңілдететін, занда көрсетілген басқа мән-жайларды да соттың еске алуына болады. Ал жауаптылықты ауырлататын мән-жайлардың (54-бап) заңда көрсетілген тізбегі тұжырымды, сот осы заңда көрсетілген мән-жайлардан басқаларды жауаптылықты ауырлататын мән-жай деп тануға құқылы емес.
Жауаптылықты жеңілдететін немесе ауырлататын мән-жайларды қылмыс құрамының қажетті, жетілген мемесе жеңілдетілген белгілерімен шатастыруға болмайды. Мазмұны немесе атауы жөнінен олар бір-біріне сәйксс болады. Мысалы, басқа біреудің мүлкін қорқытып алушылықта ұйымдасқан топ жасаған қылмыс осы қылмыстың жетілдірілген құрамының белгісін көрсетеді. Сонымен бірге ұйымдасқан топ болып қылмыс жасау жауаптылықты ауырлататын мән-жайларға жатады. Сондықтан да мұндай мән-жай қылмыстың құрамының белгісі ретінде көрсетілсе, ол тағы да жауаптылықты ауырлататын мән-жайлар ретінде жаза тағайындағанда есепке алынбайды. Ол туралы Қылмыстық кодекстің 3-бабында "бір қылмыс үшін ешкімді де кайталап қылмыстық жауапқа тартуға болмайды" — деп көрсетілген. Қазакстал Рсспубликасы Жоғарғы Соты пленумының 1993 жылғы 24 маусымдағы № 3 Қаулысында "Егер заңда көрсетілген жауаптылықты жеңілдететін немесе ауырлататын жағдай кылмыстың бір белгісі ретінде Қылмыстық кодекстің айырықша бөліміндегі заңының, диспозициясында келтірілген болса, онда ол сол қылмысы үшін жаза тағайындаған кезде жауаптылықты жеңілдететін немесе ауырлататын жағдай ретінде қосымша есепке алынбайды деп көрсетілген. Мысалы, жан күйзелісі үстінде ашумен кісі өлтіруде жан күйзелу осы қылмыс үшін жаза тағайындағанда жауаптылықты жеңілдететін мән-жай ретінде есепке алынбайды.
Қазақстан
Республикасы Қылмыстық кодексінің
53-бабында қылмыстық
а) мән-жайлардың
кездейсоқ тоғысуы салдарынан алғаш
рет кішігірім ауырлықтағы
б) айыпкердің кәмелетке толмауы;
в) жүктілік;
г) айыпкердің жас балалары болуы;
д) қылмыс жасағаннан кейін зардап шегушіге тікелей медициналык және өзге де көмек көрсету, қылмыс салдарынан келтірілген мүліктік залал мен моральдық зиянның орнын өз еркімен толтыру, кылмыспен келтірілген зиянды жоюға бағытталған өзге де іс-әрекеттер;
е) жеке бастық, отбасылық немесе өзге де ауыр мән-жайлар тоғысуының салдарынан не жаны ашығандық себебімен қылмыс жасау;
ж) күштеп немесе психикалық мәжбүрлеу салдарынан не материалдық, қызметтік немесе өзге де тәуелділігі себепті кылмыс жасау;
з) қажетті корғанудың кұкықтық, дұрыстығының шартын бұзу, аса қажеттілік, қылмыс жасаған адамды ұстау, негізді тәуекел, бұйрықты немесе өкімді орындау жағдайларында қылмыс жасау;
и) қылмыс жасау үшін түрткі болып табылған жәбірленушінің, заңға кайшы немесе адамгершілікке жатпайтын қылығы;
к) шын жүректен өкіну, айыбын мойындап келу, кылмысты ашуға, қылмысқа басқа катысушыларды әшкерелеуге және қылмыс жасау нәтижесінде алынған мүлікті іздеуге белсенді жәрдемдесу.
2. Осы
баптың бірінші бөлігінде
3. Егер
жеңілдететін мән-жай осы
4. Осы баптың бірінші бөлігінің д) және к) тармақтарында көзделген жеңілдетуші мән-жайлар болып, ауырлататын мән-жайлар болмаған кезде жазаның мерзімі немесе мөлшері осы Кодекстің Ерекше бөліміндегі тиісті бапта көзделген жазаның неғұрлым қатаң түрінің ең жоғары мерзімінің немесе мөлшерінің төрттен үшінен аспауға тиіс.
Енді осы жеңілдетілетін мән-жайлардың ішкі мазмұнына тоқталайық:
1. Мән-жайлардың кездейсоқ тоғысуы салдарынан алғаш рет онша ауыр емес кылмыс істеу. Бұл жерде іс-әрекетті жеңілдететін мән-жайға жатқызу үшін біріншіден, қылмыс тұңғыш рет істелуі, екіншіден, ол кылмыс онша ауыр емес қылмыс санатына жатқызылуы, үшіншіден, қылмыс кездейсоқ жағдайға байланысты істелуі керек. Кездейсоқ жағдайда, мысалы, өте өнегелі адамның кылмыстық топқа кездейсоқ катысып, қылмысқа қатысуы. Іс-әрекетті кездейсоқ жағдайға жатқызу немесе жатқызбау нақты жағдайға байланысты шешіледі.
2. Айыпкердің
кәмелетке толмауы, жасы он
сегізге толмай қылмыс
3. Жүкті
әйелдің қылмыс істеуі. Қылмыстық
заң адамгершілік принципін
4. Айыпкердің жас балалары болуы. Жас балалар деп жасы он төртке толмағандар саналады. Егер айыпкердің жасы 14-ке толмаған бір баласының болуының өзі оған жеңілдік көрсетуге негіз болады. 14-ке толмаған басқа біреудің баласымен бірге тұру қылмыс істегенге айыпты адамға осы тұрғыдағы жеңілдікті колдануға негіз бола алмайды.
5. Қылмыс
жасағаннан кейін зардап
Мұнда кінәлі істеген қылмысының зардабын қылмысты істегеннен кейін өз еркімен болғызбайды, мысалы, абайсызда адамды қағып кеткен жүргізуші жәбірленушіні дер кезінде ауруханаға жеткізіп, өлімнен алып қалады, осы көмектің арқасында қылмыстың зардабы тиген кісінің қазаға ұшырауының болғызылмай қалуын айтамыз. Келтірілген зиянның есесін өз еркімен толтыру деп кінәлінің жәбірленушіге немесе заңды ұйымға өз қатесін түсініп, ерікті түрде келтірілген мүліктік немесе моральдық зиянның орнын толтыруы. Мысалы, ұрланған заттың өзін немесе оның құнын төлеуі, жәбірленушіні корлаған жағдайда одан кешірім сұрауы. Келтірілген зиянды жою дегеніміз кінәлі адамның өзі істеген қылмыстың зардабын өз күшімен бұрынғы қалпына келтіруі, мысалы, біреудің мүлкін қиратса, оны дәл бұрынғы қалпына келтіріп жөндеп беру, жәбірленушіге дене жарақатын түсіргенде оны емдетіп, соған қажетті шығынды өтеу сияқты әрекеттер жасау. Егер осы жоғарыда айтылған кылмыстың зиянды әрекеттері кінәлінің еркінен тыс, тергеу, сот арқылы одан күшпен өндірілген жағдайда, онда бұлар жауаптылықты жеңілдететін мән-жайлар болып есептелмейді.
6. Қылмысты
адамның жеке басына, отбасына
өзге де ауыр мән-жайлар
Кейбір кездерде ұстамсыз адамдар үшін осындай жағдайлар қылмыс жасау үшін жеткілікті болады. Жеке басына, отбасына және басқа да себептермен қылмыс істеу әр түрлі жағдайларда жүзеге асырылуы мүмкін. Олар кінәлінің өзінің, туысының ауыр науқаспен ауыруы, материалдык, жетіспеушілікке, жұмысындағы, отбасындағы ауыр жағдайға, отбасы мүшелерінің биморальдық тәртібіне, тұрғын үйдегі қолайсыз жағдайларға байланысты болуы мүмкін. Жазаны жеңілдететін мән-жайларға қызметіне, оқуына байланысты жайттар, жалақысының азаюы, жұмыстан шығарылуы, төмен ақы төлейтін жұмысқа ауыстырылуы сиякты мәселелері де жатады. Жеке басына, отбасына және басқа ауыр жағдайлардың кездесуіне байланысты қылмыс жасау — кінәлінің қылмысты мінез-құлкының пайда болуын тікелей қоздырса немесе себепші болса ғана жеңілдететін мән-жайларға жатады. Сондыктан да мас болып, ауыр материалдык жағдайды сылтау етіп, ұрлық жасау жауаптылықты женілдететін мән-жайға жатпайды. Жеке басына, отбасына немесе басқа да ауыр жағдайлардың кездесуінен қылмыс істеу кінәлі адамдар үшін кездейсоқ олардың тарапынан зұлымдық ниеттердің жоқтығын көрсеткен жағдайда, әлгіндей жағдайлар олардың басына тумаса, олардың қылмыс істейтін адамдар емес екендігін танытады.
7. Қылмысты
күштеп немесе психикалық
Осы жағдайлардың жауаптылықты жеңілдетудің қатарына жатқызылуы себебі, мұндай жағдайда қылмыс істеген адам еріксіз, басқа біреудің қорқытуынан, еріксіз көндірудің салдарынан немесе оған материалдық басқа да тәуелді болу себепті өз ойын емес, соның ойын іске асырады. Ондай жағдайлар болған күнде қылмыс істеген адам, бұл қылмысты өз бетінше істемеген болар еді. Бұл жерде қорқыту немесе еріксіз көндіру кінәлі адам тәуелді болып табылатын басқа адамның тарапынан пайда болады. Яғни, бұл жерде қылмыс жасаудың бастаушысы болып қорқыту, еріксіз көндіру, басқа да тәуелділікті пайдаланып кінәлі адамды қылмыс істеуге азғырған адам саналады. Сот қылмыстың мұндай жағдайларда ондай адамның әрекетіне баға беріп, оның қылмыстық жауаптылығын шешуі қажет. Бұл адамдар нақты қылмыстарды істеудің азғырушысы ретінде жауапқа тартылуы да мүмкін. Қоркыту, еріксіз көндіру салдарынан немесе материалдық я басқа жағынан тәуелді болуы себепті, қылмысты мәжбүрлік қажеттілік жағдайында істеген адам қылмыстық жауаптылықтан босатылады. Басқа жағдайларда, яғни мәжбүрлі қажеттілік белгілері жоқ болса, онда мұндай әрекеттер жазаны жеңілдететін мән-жайларға жаткызылады. Бұл жерде қорқыту дегеніміз кінәлінің өзін немесе оның жақын нақты бір заңсыз әрекетті колданамын деп корқытып, оның еркі мен санасына тікелей әсер ету арқылы оған белгілі бір іс-әрекетті істету болып табылады. Материалдық тәуелділік деп, өзін қылмысқа азғырған адамға кінәлінің қарыз болуы, соның асырауында болуы немесе өмір сүруі материалдық жағынан соған тікелей тәуелді болуы, басқа да материалдық, заттай жағынан оған кіріптар болуы айтылады.
Басқа жағынан тәуелді болу деп қызмет жөнінен, некелік, отбасылық, туыстық жағынан болатын тәуелділіктер айтылады.
8. Қажетті қорғанудың дұрыстығының шартын бұзу (аса мәжбүрлі) қажеттілік, қылмыс жасаған адамды ұстау, орынды тәуекел, бұйрықты немесе өкімді орындау жағдайларында қылмыс жасау.
Қылмысты
кажетті қорғану шебінен асса
да, коғамға кауіпті қиянаттан
қорғану үстінде істеу. Мұндай жағдайда
қылмыс істеу жауаптылықты жоймайды,
бірақ жеңілдететін жағдайға жатады.
Себебі кінәлі қоғамға, жеке адамға, тағы
да басқа заң қорғайтын мүддеге
қылмыстық қол сұғушылык
Қазақстан Республикасы жаңа Қылмыстық кодексінде қылмысты мәжбүрлік қажеттіліктен, қылмысты істеген адамды ұстаудан орынды тәуекелдің заңдылық шарттарын бұзу жағдайында істеу жауаптылықты жеңілдететін мән-жайға жатады деп тұңғыш рет көрсетілген. Қылмыс мәжбүрлі кажеттіліктің шарттарын сақтамау арқылы істелсе, онда оны істеген адамның әрекеті жауаптылықты жеңілдететін мән-жайға жатуы мүмкін. Мысалы, аса қажеттілік жағдайында істелген іс-әрекеттің нәти-жесінде келтірілген зиян тойтарылған зияннан көп болса, сондай-ақ кінәлі адамның төнген қауіпті шығын жұмсау арқылы тойтару мүмкіндігі бола тұрып, оны пайдаланбауы, т.б. әрекеттер.
Қылмыс істеген адамды ұстау — қоғамға пайдалы қылмысқа қарсы күрес жүргізудегі кажетті әрекет. Бірақта қылмыс істеген адамды ұстау да қылмыстың мәні мен ұстау жағдайына сай келмейтін жағдайда оған зиян келтіру қылмыс болып табылады. Мысалы, ол қарсылық көрсетпесе де, оған ұрып жарақат салу, істеген қылмысы үшін оны өзінше жазалау тағы басқа әрекеттер. Мұндай жағдайда кінәлінің істеген іс-әрекеті жауаптылықты жеңілдететін мән-жайларға жатады. Орынды тәуекелдің заңдылық шарттарың бұзу жағдайында қылмыс істеу де жауаптылыкты жеңілдететін мән-жайға жатқызылған. Орынды тәуекелге әр түрлі кәсіптік немесе шаруашылық бағытта жүргізілетін іс-әрекеттер жатады. Мысалы, медицина саласында адамға әр түрлі операциялар жасау, дене мүшелерін тігу, кейбір органдарды алып тастау, немесе оны қайта қондыру адамдардың жанын ауыртумен немесе оларға зиян келтірумен тікелей байланысты. Мұндай шараларды жүзеге асыру заңға, нормативті актілерге, нұсқаулар мен ережелерге қатаң негізделген. Осы талаптарды қатаң сақтау дәрігердің қылмыстық жауаптылығын жояды. Медицина ғылымы саласында жаңа жетістіктерге жету үшін әр түрлі ғылыми эксперименттің жүргізілуі шарт. Осы кәсіптің ережесіне, талабына сай жүргізілген ғылыми эксперименттің салдарынан кісі өлімі, мүліктің жойылуы орын алған жағдайда қылмыстық жауаптылыққа ешкім тартылмайды. Мысалы, адамның өмірін сақтап қалу үшін оған бауыр, ми, жүрек сияқты организм органдарын қондыру тәуекелі заңға немесе нормативті актілермен қалыптасқан тәжірибеге негізделіп сонда көрсетілген бірнеше шарттарды қатаң сақтай отырып жүзеге асырылуы.
Мұндай шарттарға мыналар жатады:
— Проблеманы алдын ала теориялық жағынан терең зерттеу және талқылау;
— жануарларға тәжірибе жасау арқылы нәтижені анықтау;
— эксперимент жасауға адамның келісімін алу.
Осы көрсетілген шарттардың біреуін болса да, орындамаса, нәтижесінде ауыр зардап орын алса, онда қылмыстық жауапкершіліктің болуы сөзсіз. Бірақ заң мұндай жағдайды жауаптылықты жеңілдететін мән-жайлардың қатарына жатқызады. Өндірістік шаруашылық тәуекелі кұқылы болу үшін ол ғылым, тәжірибе жинақтаған негіздерге, нормативті актілерді басшылыққа ала отырып, сонда көрсетілген барлық шарттарды катаң сақтап жүзеге асырылуы қажет. Бұл талаптарды орындамау, шаруашылық-өндірістік тәуекелге бел байлаған адамның ұқыпсыздығынан немесе жаңылысуынан басқа да әрекеттерінен немесе әрекетсіздігінен зиян келтірілсе, ол үшн кылмыстық жауаптылық белгіленеді. Бірак бұл жауаптылық та жеңілдететін мән-жайлар деп саналады. Қылмыс жасау үшін түрткі болып табылған жәбірленушінің заңға қайшы немесе адамгершілікке жатпайтын қылығы. Кейде жәбірленушінің заңға кайшы немесе адамгершілікке жатпайтын қылығы қылмысты арандатуға әкеліп соғады. Мысалы, жұбайлардың біреуінің бөгде біреумен көңіл қосуы, жыныстық катынаста болуы. Осы әрекеттің үстінен түскен ол өз жұбайын сабап, оның денесіне ауыр зиян келтіруі. Жәбірленушінің заңсыз әрекеті көп жағдайларда кінәлінің жан күйзелісін тудырады, осы себепті ол ашумен кылмыс істейді.