Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Октября 2013 в 21:39, доклад
Қылмыстық жаза мемлекеттiк күштеу шараларының бірi болып табылады және ол мемлекеттiң қылмыспен қарсы күрес жүргiзу құралдарының бiрi ретiнде қолданылады. Мемлекет қылмысқа қарсы күрес жүргiзуде әр түрлi ұйымдастырушылық, тәрбиелiк, экономикалық, рухани шаралардың барлық түрiн кеңінен қолданады, сөйтiп қылмыстан сақтандыру мәселелерiне ерекше көңiл бөледi. Сондықтан да бiздiң жас, тәуелсiз мемлекетiмiз қылмысқа қарсы күрес қылмыстық жазаны қолдануда ең негiзгi басты күрес деп саналмайды, бұл құбылысқа қарсы күресте шешушi мәселелер жоғарыда аталып экономикалық, ұйымдастыру, тәрбие, қоғам мүшелерiнiң белсендiлiгiн, оларың құқықтық сана-сезiмiн жетiлдiру арқылы жүзеге асырылады.
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
1. Жаза тағайындаудың жалпы негіздері
2. Жауаптылықты жеңілдететін және ауырлататын мән-жайлар
3. Қатысып жасалған қылмыс үшін жаза тағайындау
4. Қылмыстардың жиынтығы бойынша жаза тағайындау
5. Қылмыстардың қайталануы жағдайында жаза тағайындау
6. Үкімдердің жиынтығы бойынша жаза тағайындау
7. Мерзімдерді қосу кезінде оларды белгілеу тәртібі және жаза мерзімдерін есептеу және жазаны есепке алу
ІІІ. Қорытынды
Жәбірленушіге қинап, қорлық көрсету деп кінәлінің жәбірленушіге қарсы шектен шыққан арсыздықпен қылмыс істеп, оның ар-намысын, адамгершілігін аяққа басу аркылы оған моральдық немесе материалдық зардап келтіруін айтамыз.
Осы айтылғандарды жауаптылықты ауырлататын мән-жайларға жатқызғанда сот кінәлінің ерекше қаталдықпен немесе жәбірленушіге қорлық көрсетіп қылмыс істеу тәсілін колдануды сезгенін анықтау өте қажет болып табылады.
10. Қару оқ-дәрі, жарылғыш заттар немесе оны бейнелеуші қондырғылар, арнайы дайындалған техникалық құралдар, тез тұтанатын және жанғыш сұйықтар, улы және радиоактивті заттар, дәрілік және өзге де химиялық, фармакологиялық дәрі-дәрмектер пайдаланып, сондай-ақ күш көрсеткен немесе психикалық мәжбүрлеу не жалпы қауіпті әдіс қолданып қылмыс жасау. Қылмыскердің көрсетілген құралдарды, қаруларды колдануы қоғам үшін қауіпті басқа да тәсілдерді пайдалану қылмыстың қоғамға қауіптілігін жоғарлатады. Сол үшін оған қатаң жаза белгіленеді. Жалпыға қауіпті тәсілді қолданып кылмыс істеу. Мұндай тәсілді қолданып қылмыс істеу қылмыстық заң қорғайтын көптеген қоғамдық қатынастарға зиян келтіру қаупін туғызады. Жалпыға қауіпті тәсілдерге: жарылыс, қопарылыс ұйымдастыру, өрт қою, су астында қалдыру, қопарылыс жасайтын заттарды, уландыратын газдарды пайдаланып қылмыс істеу жатады. Жауаптылықты ауырлататын мән-жайлар орын алу үшін қылмысты жалпыға қауіпті тәсілді қолданып істеу фактісі болу қажет.
11. Төтенше жағдайды, табиғи немесе өзге де жағдайларды қылмыс жасау үшін пайдалану, сондай-ақ жаппай тәртіп бұзушылық кезінде қылмыс жасау. Мұндай әрекеттерді төтенше жағдайды немесе жұртшылыққа келген ауыртпалық жағдайларды пайдаланып қылмыс жасау деп атаймыз.
Жұртшылыққа келген ауыртпалық жағдайына жер сілкіну, су тасқыны, қар көшкіні, өрт апаты, дауыл соғуы сияқты оқиғалар жатады. Төтенше жағдайға — мемлекетте жаппай тәртіпсіздікке немесе басқа оқиғаларға байланысты пайда болған ерекше жағдайға байланысты белгілі бір уақытқа тәртіп сақтау үшін енгізілген ерекше құқылық шаралар болып табылады.
Бұл туралы осы мәселеге арналған занда нақты айтылады. Төтенше жағдайдың жариялануына байланысты ерекше корғану шараларын, құзыреттерді іске асыратын арнаулы органдар құрылады. Кінәлі адамның басқа уақытқа қарағанда осы жағдайды пайдаланып қылмыс істеуі оның жауаптылығын сөз жоқ ауырлатады. Жаппай тәртіпсіздіктің түсінігі 241-бапта берілген.
12. Алкогольдік, есірткілік немесе уыткұмарлық елігу жағдайында қылмыс жасау. Адамның осындай күйде болып қылмыс істеуі кінәлінің келтіретін зияндылығының сау адамға қарағанда едәуір зор болатындығы, сонымен бірге оның қауіптілік дәрежесінің де үлкен екендігін көрсетеді. Қандай жағдайда мас күйге келудің, қылмысты саралау үшін маңызы шамалы адамның алкоголь ішімдігін есірткілік немесе уландыратын заттарды пайдаланып мас күйге келуі арқылы қылмыс істеуі мүмкін. Сот істелген қылмыстың сипатына карай бұл мән-жайды жауаптылықты ауырлататын мән-жай деп танымауға да құқылы. Мысалы: отбасына, жеке басына келген ауыр қайғыдан, күйіктен ішіп мас болуы немесе мас болып маңызы шамалы қылмысты істеу, т. б. жағдайлар.
13. Адамның
өзі қабылдаған антын немесе
кәсіби антын бұза отырып
14. Қылмыскердің
қызмет жағдайын немесе шартқа
байланысты өзіне көрсетілген
сенімді пайдаланып қылмыс
15. Өкімет
өкілінің нысанды киімін
3. ҚАТЫСЫП ЖАСАЛҒАН ҚЫЛМЫС ҮШІН
ЖАЗА ТАҒАЙЫНДАУ
Қылмыстық кодекстің 29-бабында қылмысқа қатысушылардың жауаптылығы туралы ғана айтылған. Бұл жерде қатысудың түріне байланысты жазаны ауырлату немесе жеңілдету мәселесі сөз болмаған. Қатысып жасалған қылмыс үшін жаза тағайындау Қылмыстық кодекстің 57-бабында арнайы қарастырылған. Осы бапқа сәйкес:
Қатысып жасалған қылмыс үшін жаза тағайындау кезінде оны жасауға адамның іс жүзінде қатысу сипаты мен дәрежесі, осы қатысудың қылмыс мақсатына жету жөніндегі мәні, оның келтірілген немесе келтіруі мүмкін зиянының сипаты мен мөлшеріне ықпалы ескеріледі5.
Қатысып жасалған қылмыс үшін жаза олардың іс-әрекеті сараланған Қылмыстық кодекстің Ерекше бөлімінің тиісті баптарында көрсетілген санкция шеңберінде қатысудың нысаны мен түріне қарамастан тағайындалады.
Сот қатысушыларға
жаза тағайындағанда жаза тағайындаудың
жалпы бастамаларын (52-бап) және 57-баптың
шарттарын басшылыққа алуға міндетті,
Қылмыстық кодекстің 57-бабында жаза
тағайындау кезінде оны жасауға
қатысқан адамның 1) қатысу сипатын
және дәрежесін; 2) кылмыс мақсатына
жетудің мәнін; 3) келтірілген немесе
келтірілуі мүмкін зиянның сипаты мем
мөлшерін ескеруді талап етеді. Қатысу
сипаты катысушының атқарған ролімен
сипатталады. Бұл жерде қатысушы кім болып
роль атқарады — ұйымдастырушы ма, айдап
салушы ма, орындаушы ма әлде көмектесуші
ме? Әдетте, ұйымдастырушыларға, айдап
салушыларға, орындаушыларға қылмысқа
көмектесушілерге қарағанда жаза каталырақ
тағайындалады. Қатысу дәрежесі қылмысты
мақсатқа жетудегі қатысушылардың сіңірген
енбегінің көрінісі аркылы белгіленеді.
Ал қылмыс мақсатына жетудің мәні — алға
қойған мақсаты толық орындалды ма, жоқ
па осыған байланысты. Келтірілген немесе
келтірілуі мүмкін зиянның сипаты мен
мөлшерін анықтағаңда оларды туғызуға
істелген қатысушының әрекет белсенділігі,
атқарған функциясы есепке алынады. Қылмыстық
кодекстің 57-бабының 2-бөлігінде "Қатысушылардың
біреуінің жеке басына катысты жауаптылық
пен жазаны жеңілдететін немесе ауырлататын
мән-жайлар тек сол қатысушыға жаза тағайындау
кезінде ғана ескеріледі"—делінген.
Яғни, мұндай
ретте ересектерге қарағанда
жасы толмағандарға жазаның
4. ҚЫЛМЫСТАРДЫҢ ЖИЫНТЫҒЫ БОЙЫНША
ЖАЗА ТАҒАЙЫНДАУ
Сот тәжірибесінде бір адамның қылмыстық заңның әр түрлі баптарында көрсетілген екі немесе одан да көп қылмыстарды істеп, осы қылмыстардың бірде-біреуі үшін сотталмаған жағдайлары жиі кездеседі. Сондай-ақ, іс бойынша үкім шығарғаннан кейін, сотталған адамның алғашқы іс бойынша үкім шығарылғанға дейін басқа бір қылмысты істегендігі үшін кінәлі екендігі анықталатын жағдайлар да кездеседі. Мұндай жағдайлар қылмыстың жиынтығын құрайды.
Бір адамның бірнеше қылмыстарды істеуі, оның істеген әрбір қылмысы үшін заңда белгіленген тәртіппен тиісті жаза белгілеуді қажет етеді. Мұндай жағдайда заң қылмыстарды жиынтықтап жаза тағайындау тәртібін белгілейді. Бір адам қылмыстық заңның әр түрлі баптарында көрсетілген екі немесе одан да көп қылмыстарды істегенге кінәлі деп танылып, соның бірде біреуі үшін сотталмаса, онда оның әрекетінде қылмыстың жиынтығы бар деп саналады. Бұл жерде заңда белгіленген негіздер мен қылмыстық жауаптылыктан босатылған адамның бұрынғы істеген қылмысы есепке алынбайды. Қылмыстардың жиынтығында сот негізгі жазаны, ал керекті реттерде және косымша жазаны әрбір қылмысқа бөлек тағайындап алып, түпкілікті жазаны ауырырақ жазаға сіңіру жолымен немесе тағайындалған жазаларды түгелдей, я болмаса, ішінара қосу жолымен заңның ауырырақ жаза белгіленген бабындағы шектен асырмай жазаны жиынтықтап, бірақ тағайындайды (58-бап, І-бөлігі).
Осы заңның талабына сәйкес сот әрбір қылмыс үшін жазаны бөлек-бөлек тағайындайды. Оның өзіндік маңызы зор. Өйткені, бұл кассациялық немесе бақылау сатыларында істеген қылмыстардың біреуі үшін үкімді өзгертуге мүмкіндік туғызады. Әрбір кылмыс үшін жазаны бөлек тағайындау рақымшылық актісін қолдануға да қолайлы мүмкіндік туғызады. Өйткені, кінәлінің істеген қылмысының, біріне рақымшылық актісі қолданылуы, ал екіншісіне оның қолданылмауы мүмкін немесе бір кылмыс үшін рақымшылық актісі бойынша тұтас алынып тасталуы, ал екіншісі қылмысы үшін жаза мөлшері сол негізбен қысқартылуы мүмкін.
Қылмыстардың
жиынтығы бойынша сот жаза тағайындағанда
жаза тағайындаудың жалпы
Тағайындалған жазаларды түгелдей қосып жаза белгілеу дегеніміз әрбір қылмысқа бөлек-бөлек жаза тағайындап алып, сол жазаларды бір-біріне түгелдей қосып, ақырғы жазаны анықтау болып табылады. Жазаларлды түгелдей қосу принципі сот тәжірибесінде көп жағдайларда істелген қылмыстардың мәні мен зияндылық дәрежесі өзара ұқсас болған жағдайларда қолданылады. Тағайындаған жазаларды ішінара косып, жаза белгілеу дегеніміз сот ауырырақ жазаға басқа қылмыс үшін тағайындалған жазаны ішінара косып, ақырғы жазаны аныктайды. Қылмыстың жиынтығы бірнеше қылмыс үшін жазаны толық немесе ішінара косу жолымен тағайындалғанда ақырғы жаза мөлшері ауырырақ жаза белгілеген баптың шегінен асырылмай белгіленуі мүмкін. Мысалы, ұрлық үшін 3 жылға, ауырлататын жағдайдағы бұзақылығы үшін 4 жылға тағайындалған жазаны, сот ішінара қосу жолымен ақырғы жазаны 5 жылдан бас бостандығынан айыруға деп белгілейді.Өйткені, ауырлататын бұзақылығы үшін (257-бап, 2-бөлік) жазаның ең жоғарғы шегі заңда 5 жыл деп көрсетілген. Бұл шектен асуға болмайды.
Қылмыстардың жиынтығы бойынша жаза тағайындағанда соттын кайсы принципті басшылыққа алатыны (сіңіру жолымен немесе түгелдей, ішінара қосу жолымен) нақты жағдайларға байланысты, істің, жағдайына, қылмыскердің тұлғасына, әр қылмыс үшін тағайындалған жазаның түрі мен ауырлығына сәйкес шешіледі. Адам кінәлі деп танылған қылмыстар үшін тағайындалған қосымша жазаны сот негізгі жазаға қоса алады.
Егер іс бойынша үкім шығарылғаннан кейін сотталған адамның алғашқы ісі бойынша үкім шығарғанға дейін басқа бір қылмыс істегендігі анықталса, бұл жағдайда да жаза осы ережелер бойынша тағайындалады. Бұл ретте жазаның мерзіміне бірінші үкім бойынша өтеген жаза есептелінеді. Мысалы, кінәлі адам әйел зорлағаны үшін 5 жылға бас бостандығынан айырылуға сотталған. Ол осы жазаның екі жылын өтеген соң, оның осы қылмыс үшін сотталғанға дейін бұзақылық істегені анықталады. Сот қылмыскерді бұзақылығы үшін кінәлі деп тауып, сол үшін оны 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына кескен. Тағайындалған жазаларды түгелдей қосу аркылы, оның ақырғы өтейтін жазасы 8 жыл бас бостандығынан айыруға деп белгіленген. Сот оның бірінші үкім бойынша өтеген екі жыл жазасын есепке ала отырып, ақырғы өтеу жазасының мерзімін 6 жыл деп белгілеген. Қылмыстық кодекстің 58-бабының, 3-бөлігінде: "Егер қылмыстардың жиынтығында орташа ауырлықтағы қылмыс, ауыр немесе аса ауыр қылмыс қамтылса, түпкілікті жаза жазаларды ішінара немесе толық қосу жолымен тағайындалады. Бұл орайда бас бостандығынан айыру түріндегі түпкілікті жаза жиырма жылдан аспауы керек",— деп белгіленген. Ал осы баптың төртінші бөлігінде: "Егер қылмыстардың жиынтығында осы Кодексте жиырма жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру немесе өлім жазасы не өмір бойы бас бостандығынан айыру көзделген, ең болмағанда, бір аса ауыр қылмыс қамтылатын болса, түпкілікті жазалау ішінара немесе толық косылып тағайындалады. Бұл орайда бас бостандығынан айыру түріндегі түпкілікті жазалау 25 жылдан аспауға тиіс",—деп көрсетілген. Мұндай ережелер істелген қылмыстық қоғамға қауімтілігі қандай санатқа жататынына, қылмыскердің жеке басының кім екендігі ескеріле отырып, әділетті жаза тағайындауға мүмкіндік береді. 58-баптың 3-4-бөлігінде көзделген қылмыстардың санатының түснігі Қылмыстық кодекстің 10-бабында берілген.
Қылмыстар жиынтығы бойынша тағайындалған негізгі жазаға жиынтықты кұрайтын қылмыстар үшін тағайындалған қосымша жазалар қосылуы мүмкін. Жекелеп немесе толық қосылған жағдайда түпкілікті қосымша жаза осы Кодекстің Жалпы бөлімінің сол жазалау түрі үшін белгіленген ең жоғары мерзімінен немесе мөлшерінен аспауы керек (58-бап, 5-бөлігі). Мысалы, белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қызметте болу құқығынан айыру Қылмыстық кодекстің 41-бабына сәйкес қосымша жаза ретінде 3 жылға дейінгі мерзімге косылуы мүмкін.