Инфарматика пәнін оқытудың дидактикалық принциптері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Ноября 2013 в 08:30, курсовая работа

Краткое описание

Қазіргі кезде білім беру ісін ақпараттандыру Қазақстан Республикасы Президентінің «Білім» Мемлекеттік программасы аясында жүзеге асырылуда. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінде жалпы білім беру мен мамандар дайындау салаларын ақпараттандыруға байланысты оқу - әдістемелік бірлестік, ғылыми-әдістемелік нұқаулар, информатиканы оқытуға қойылатын дидактикалық принциптердің мемлекеттік стандарты дайындалды. Информатиканы оқыту әдістемесі курсы информатика пәнін оқытудң мазмұны, мақсаты, әдісі, құралдары мен ұйымдастыру түрлерін зерттейтін бір жүйе ретінде қарастырылады. Яғни, болашақ информатика пәнінің мұғалімі дидактикалық принциптерді игеру нәтижесінде компьютерленген сынып жағдайындағы мектептің жұмысына дайын болып шығу тиіс.

Содержание

Кіріспе..............................................................................................................3
1.1.Информатика курсын оқытуда дидактикалық принциптерді пайдаланудыңғылыми-теориялық мәселелері.....................................................6
1.2.Дидактика принциптері – мұғалімнің басты құралы...........................11
1.3. Информатика курсын оқытуда көрнекілік принципті компьютерлік технология арқылы жүзеге асыру психологиялық-педагогикалық негіздемесі..............................................................................................................22
Қортынды.......................................................................................................58
Пайдаланылған әдебиеттер.........................................................................69
Қосымша.......................................................................................................70

Прикрепленные файлы: 1 файл

курстык.docx

— 93.36 Кб (Скачать документ)

Таңдалған алғашқы модельге сай киімдегі мата суретінің көрерменге әсерін ескеру қажет. Мата суретінің мінездемесі болашақ бұйымның конструкциясын анықтауға әсер етеді. 

 Киімді көркем констукциялауда  мата түсі үлкен роль атқарады. Белгілі бір түстер арқылы адамның жеке ерекшеліктерін айқындауға немесе оны керісінше жоғалтуға әсер етеді. Барлық түстер мынадай түстік қатарға жіктеледі:

1. Хроматикалық түстер  қатары - спектор   түстері: қызыл, қызыл сары, жасыл, сары, көк, көгілдір, сия көк және олардың арасындағы түстер.   

2. Ахроматикалық түстер, яғни түссіз түстер: ақ, сұр, қара түстер жатады.     

Хроматикалық түстен ахроматикалық  түстерге дейінгі қатар, қызылодан  аққа, қызылдан сұр түске, қызылдан қара түске дейінгі қатар т.с.с. түстердің ашықтылығы мен айқындылығын білдіреді.

Түстердің өзара үйлесімділігін гормония деп атаймыз. 

 Ахроматикалық түстер  бір -  бірінен тек бір белгісі бойынша – ашықтығы ( ашық-сұрғылт немесе қара-сұрғылт) бойынша ерекшеленеді. Хроматикалық түс, ашықтығы жағынын ерекшеленумен қатар, тағы да екі негізгі белгілермен  - түстік өңмен және қанықтылықпен сипатталады.  Түстік өң – бұл  «қызыл», «сары» және т.б. сөздермен анықталатын нәрсе және мұның өзі бір түсті екіншісінен ерекшеленіп тұрады. Бірақ қызыл таза қызыл немесе ахроматикалық, мысалы, сұрғылт қоспасы бар болуы мүмкін. Соның өзінде ол бәрі бір қызыл болып қалады -  сұрғылт қоспа оның түстік өңін өзгертпейді. Егер осындай ашықтықтағы сұрғылт түсті алсақ, онда жаңа (араластырылған) қызылдың ашықтығы да өзгермейді. Дегенмен мұндай кезде түс басқаша болады: онда оның үшінші белгісі- қанықтылығы өзгереді. Ахроматикалықтың қоспасынан хроматикалық түстің қанықтылығы азаяды. Мұндай қоспада ахроматикалық түс неғұрлым аз болған сайын, оның қанықтылығы да арта түседі. 

 Жалпы алғанда барлық  хроматикалық түс үш параметрмен  – ашықтылықпен, түстік өңмен және қанықтылықпен сипатталады.

Хроматикалық түстерді жылы және суық түстер деп шартты түрге  бөледі. Жылы түске спектордың сары-қызыл  бөлігі, ал суық түске көк- көгілдір бөлігі жатады. Бұл топтар өзінің жылы және суық түстер деген атауын бірі күн мен от түсімен ойша байланыстырылу, Екіншісі -  аспанның су мен тұздың түсімен ойша байланыстырылу арқылы алынған. Күлгін және жасыл түстер аралық жағдайға ие болады және алуан түрлі нақты жағдайларда, үйлесімді байланысты бірде, жылы бірде суық түске жатқызуы мүмкін. Егер көршілес түстер біртіндеп өзгере отырып, бірнен екіншісіне ауысатын спекторлық бөлісуді алып, сақинаша исек, онда бұл сақина бірікпейді, себебі шеткі түстердің қызыл және күлгін түстердің – арасында өтпелі қызыл-күлгін (қара-қошқыл) түстер жетіспейді.  Егер оларды қоссақ шеңбер бірігеді. Мұндай түстік шеңбер бізге түстер жөнінде көп нәрсені түсінуге көмектеседі. 

 Хроматикалық түстік шеңбердегі екі және үш түстері негізгі мүмкін болатын гормониялық үлесімділігін қарастырайық. 

 Қызыл, сары және  көк – негізгі түстер, оларды араластыру арқылы қалған барлық түстер мен реңдерді алуға болады. Қызыл-сары және жасыл, көкшіл- қосымша түстер, оларды араластыру арқылы тек ақ немесе сұр түстер алынады. 

 Варианттарын көрнекті  түрде көрсететін тәсілдердің  бірі «түс- түс». Түстердің кез келген екеуін араластыру үшіншіге қосымша түс береді: сары және жасыл түс (қызылға қосымша), көк пен қызыл күлгін, қызыл мен сары – қызғылт сары (көкке қосымша) түс береді.  

 Негізгі түстердің  синтезі арқылы пайда болатын  реңдерді неше түрлі араласу  денесін құру. Онда денелелерді  Род, Оствальд, Максвелл, Рабкин, т.б. ғалымдар өз жүйелерінде түсіндіруге негіз ретінде жасаған. Сол сияқты суретте көрсетілген тең бүйірлі үш бұрыштың төменгі екі бұрышына ақ пен қара түстерді орналастырып, оларды А және Қ әріпімен белгілейік. Ал жоғарғы бұрышына негізгі жеті, не он түстің біреуін қойып мақсатқа лайықты ауыстырып отырамыз. Сонда қызыл түсті - ҚЗ әріпімен, қызғылт-сарыны – ҚС, сарыны – С , сарғылт жасылды – СЖ , жасылды - СЖ, көкшіл жасылды- КЖ, көгілдір жасылды- КЖ2 , көгілдірді - К1,   көкті -К2 ,  күлгінді –К3, әріптерімен белгілей отырып бірнеше формула алуға болады:

1. Қызыл + ақ, қызыл + қара (ҚЗ +А, ҚЗ + Қ) ;

2. Қызғылт сары + ақ, қызғылт  сары +қара (ҚС +А, ҚС + Қ) ;

3. Сары+ ақ, сары + қара (С +А, С + Қ);

4. Сарғылт жасыл + ақ, сарғылт  жасыл + қара (СЖ +А, СЖ + Қ);

5. Жасыл + ақ, жасыл + қара (Ж +А, Ж + Қ);

6. Жасыл көк + ақ, жасыл көк + қара (ЖК +А, ЖК + Қ);

7. Көгілдір жасыл+ ақ, көгілдір  жасыл + қара  (КЖ2 +А, КЖ2 + Қ);

8. Көгілдір + ақ, көгілдір + қара (К1 +А, К1 + Қ);

9. Көк + ақ, көк + қара (К2 +А, К2 + Қ);

10. Күлгін + ақ, күлгін + қара (К3 +А, К3 + Қ);

11. Ақ+қара (А + Қ); 

 Ал енді осы үш  бұрыштың жоғарғы бұрышына қызыл  түсті қойып, ақ түс бағытында ақ пен қызылды араластыра өзгертсек, тағы да бірнеше қосымша түс алған болар едік. Ол түстің бір шетінде қызыл түс тұрады да, екінші шетінде ақ түс тұрады. Қызыл түстің ағара бастауынан, мәселен ал қызыл, қызғылтым, қызғылдау, ақшыл қызыл, және ақыры аяғында ақ пайда болса, қызылдың қара түс бағытында өзгеріп; қарая бастауынан, мәселен, қызғылт қоңыр, қоңырқай қызыл,қоңыр қызыл, күрең қызыл, сондан кейін қара түстің өзі шығады. Дәл осы тәсілмен жоғарғы бұрыштағы негізгі түсті ауыстырып отырсақ, формуладағы барлық қос түстердің аралығындағы түс варианттарын алуға болады.      

 Дәл осы сияқты төменгі  бұрыштардағы (А + Қ) ақ пен қара  түстердің аралығында : ақ, аппақ,  ақшаң, ақшыл, ақшылдау, ақ боз,  бозғыл, бозғылттау, бозғылт сұр, сұр, сұрша, сұрғылт, қарасұр, қарақоңыр, қара түстер спекторы орналасады.        

 Санымен қатар А  + Қ спектрінде өз ретінде А  + ҚЗ, ҚЗ + Қ, А + ҚС, ҚС + Қ , сондай  – ақ  А + ҚС, ҚС + Қ, А + С, С + Қ, т.б.с.с. аралық варианттары пайда болады. Тіліміздегі түр-түс атауларының жасалуы, сайып келгенде, міне, осы варианттарды  (яғни түс реңдерінің )  мүмкіндігінше дәл де нақтылы анықтыу тенденциясына байланысты.                   

 Табиғаттың сұлу көрінісі мен қоршаған ортадағы заттардың түстерін адам көзі арқылы байқайды. Түссіз заттар адам көзіне көрінбейді, ал белгілі бір туске ие болған заттарды, нәрселерді көре алады. Ерте заманнан бастап бүгінгі күнге дейін түс адам өмірімен тығыз байланыста болып адамға психологиялық, эмоциялық және рухани жақтармен әсер етуде.           

 Адамдар ерте заманнан  бастап түстік символға үлкен назар аударып отыр. Мысалға, ақ түс қайырымдылық, айығу мен адалдықты, тазалықты, қара күшті жеңетін: қызыл түс өмір энергия, күш символы болып саналды. Тұрмыстық қажетті бұйымдар дайындауда оның бетін түрлі түске бояу арқылы адамды аурудан айықтыратын, күш қуат беретін және бақыт, ырыс әкелетін түс деп сенім білдірген.           

 Қазіргі уақытта суретшілер  түс арқылы адамның көңілін  көтеріп немесе төмен түсіріп, затты қабылдауда белгілі реттілікпен назар аударуға бағыттайтын қасиеттерін басшылыққа алуда . Сондықтан да түс костюм композициялауда  үлкен орынға ие.            

 Түсті қабылдаудың психологиялық ерекшеліктері бар. Түс көрерменнің белсенді Эмоциялықреакциясын тудыратын  басты ұйымдастырушы кеңістік болып саналады. Тарихқа жүгінетін болсақ  түстің адам психологиясына әсері жөніндегің көптеген мысалдар бар. Оның бірі физика зертханасының бастығы өндіріс орнында қабырғаларды қара «түске»бояу нәтижесінде жұмысшылардың басым көпшілігі жүйке аурумен ауырғандығы анықталады. Сол сияқты Умкагодағы заводта жұмысшылар асханада тамақ ішуден бас тартады, себебі асхана ішіндегі мұнтаздай таза ақ түстер, адамдарға аурухананы елестетіп отырады. Ұшақ кабинасын «көңілді» түстерге бояу нәтижесінде, адамның басы айланып вестутуляр аппаратының жұмыс істеу қабілетін нашарлатқан. Сондықтан суретші түстің қабылдаудың психологиялық және физиологиялық ерекшеліктерін ескерту керек. Өткен ғасырдың Швед сұңғатшысы Ф. Ходляр түстің қасиетін зерттей отырып мынадай пікір ацйтқан: Түс затқа сипаттама беріп әрі оны айқы, әрі оны әсемдеп, сәнді эффектілерді жоғарылатуға әсер етеді. Түс формаға тәуелді болмай күшті музыкалық кері әсер тудырады. Түс моральді әсер етеді. Онда қуаныш пен көңілді элементтер қалыптасқан. Ашық бояулар мен көк түс демалуға әсер етіп, шаршағанды басады.              

 Көгілдір түс жұмыс қабілетін төмендетеді адам организімінің физиологиялық функциясын бояулатады.  Сиякөк түс қызыл мен көгілдір түстердің әсері секілді, адамды шаршатып жүйке жүйесіне кері әсер етеді. Түстердің мұндай адам психикасына әсері, мынаған байланысты, жекелеген түстер немесе олардың үйлесілімдігі көрерменде түстік ассоциация туғызуы мүмкін, ол өмір тәжірибесі, белгілі эмоция немесе кейіпкермен байлаысты. Дегенімен түстік ассоцация барлық адамдарда бірдей емес. Ол адамның түкмәні этникалық тегіне, мәдени салт- дәстүріне, іс- әрекет қызметіне, жас шамасына, темпераментіне байланысты.

Түс неғұрлым қанық болған сайын ол адам бойында белсенді әрі тұрақты әсер туғызады.

Түстік ассоциация  физиологиялық және эмоциялық болып бөлінеді. Физиологиялық түріне мына ассоциациялар жатады:

  • Температуралық – кез-келген түс суық немесе ыстық күйге ие, жылы түске қызыл, - қызыл-сары, сары және т. б.  отпен күн түстері жатады; суық түстер қар, мұз, су түстері көк, көгілдір, көкшіл- жасыл түс жатады; оларға қара түсті қосу арқылы оны жылытуға керісінше ақ түс қосу арқылы суық етіп көрсетуге болады. 
  • Салмақтылық – кейбір түстер ауыр болып келесі түстері жеңіл болып қабылданады; хроматикалық және ахроматикалық қою түстер ауыр болып көрінсе, қанықпаған түстер жеңіл сезінеді.
  • Кеңістікті – бір бейнелеу жазықтығында орналасқанымен бір түс таңбасы  алға қарай шығып көрінсе келесі түс біршама қашықтықта болып көрінеді. 
  • Акустикалық – кейбір түс айхайлап тұрса, екінші бір түс тыныш секілді қабылданады, әсіресе жылы түстер айхайлап көрінсе, хроматикалық және қанық емес, ақшыл, спектірлі суық түстер тыныштықпен үнсіздікті байқатады.
  • Фактуралық – кей бір түстер материал, тығыз әрі бұйым формасын шығаруға , фактурасын сезуге, көрсетуге көмектеседі; оларға жылы, шамалы қанықпаған түстер жатады; кейбір түстер фактурасыз, жеңіл болып көрінед, оларға бейматериалды суық, шегініп көрінетін түстерді жатқызуға болады.

 

  Эмоциялық күй туғызатын  түстер ассоциациясына мыналар  жатады:

Позитивті – ашық қаныққан, ашық, жылы түстер қуанышты, көңілді, жылы шырайлы, жағымды болып көрінеді.

Негативті -  кейбір түстер қайғы, көңіл күйді түсіріп, реніш, қорқыныштылықты тудырады, ондай түстер сиякөк, қаралау, шамалы қаныққан түстер жатады. 

Бейтарап – көптеген түстер пассивті болып аса белсенді реакция тудырмай керісінше тыныш, бейтарап, тұрақты болып қабылданады, мұндай түстерге сехроматикалық түстер, оншалықты қою немесе ашық түстер жатады. Физиологиялық түстік ассоциация көптеген адамдарда олардың өмір сүру образы тұрмысы мен темпераментіне қарамастан біркелкі әсер етеді.         

 Дегенімен, түстің адамдарға эмоциялық әсері түрліше байқалады, көбінесе, халықтың мәдени салт-дәстүріне байланысты, мысалы, европалықтарда ақ түс қуаныш болып саналса, Қытай халқы үшін бұл түс, қыс мезгілі мен адамның қаза болуына орай қайғы түсі болып саналады.            

 Сонымен,  түстердің гормониялық үйлесілімділігі және түстік ассоциация, түстің адамға психологиялық әсер етуі, көз бояушылық әсері, адам мінезіне, тұлғасы мен қызметіне сай әрі киімді қолдану мақсатына орай киім материалының түсін дұрыс қабылдай білуге баулып, дұрыс тәрбие беру болып саналады. И. Павловтың зерттеуі бойынша жүйке жүйесінің типтеріне түстік үйлесімдікті атап көрсетеді.

Көлемі бірдей төрт фигура – ішінде үшбұрыштың ауданы үлкен  болып көрінеді онан соң шеңбер, сосын овал, соңында төрт бұрыш пішімі кішірейіп көрінеді.   

           

 

 

  

 

 

                

Қара және ақ түсті екі бірдей квадраттардың пішімдері әртүрлі болып көрінеді. Қара квадрат ақ түсті квадраттан кіші болып көрінеді. Квадратты екі бірдей бөлікке горизонталь және вертиекаль сызықтарымен бөлсек, вертикаль сызықты квадрат ұзын, горизонталь сызықты квадрат қысқа болып көрінеді.

Көзбояушылық әсердің (иллюзия  – латын тілінен аударғанда “illisium”-призрак) үш түрі кездеседі. Олар:

Физикалық  - ол күн сәулесінің шағылысуы, сәуленің сынуы (стакан ішіндегі суда тұрған қасық) барысында байқауға болады.

Физиологиялық – көзбояу, ол адам көзінің құрылымына байланысты (көздің көрермендік жазықтығына қарай түрліше сезінуі).

Психологиялық – тұтас форманы қабылдауға, назар аударуы, жинақталған тәжірибесінің әсері болуы мүмкін.


Информация о работе Инфарматика пәнін оқытудың дидактикалық принциптері