Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Ноября 2013 в 08:30, курсовая работа
Қазіргі кезде білім беру ісін ақпараттандыру Қазақстан Республикасы Президентінің «Білім» Мемлекеттік программасы аясында жүзеге асырылуда. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінде жалпы білім беру мен мамандар дайындау салаларын ақпараттандыруға байланысты оқу - әдістемелік бірлестік, ғылыми-әдістемелік нұқаулар, информатиканы оқытуға қойылатын дидактикалық принциптердің мемлекеттік стандарты дайындалды. Информатиканы оқыту әдістемесі курсы информатика пәнін оқытудң мазмұны, мақсаты, әдісі, құралдары мен ұйымдастыру түрлерін зерттейтін бір жүйе ретінде қарастырылады. Яғни, болашақ информатика пәнінің мұғалімі дидактикалық принциптерді игеру нәтижесінде компьютерленген сынып жағдайындағы мектептің жұмысына дайын болып шығу тиіс.
Кіріспе..............................................................................................................3
1.1.Информатика курсын оқытуда дидактикалық принциптерді пайдаланудыңғылыми-теориялық мәселелері.....................................................6
1.2.Дидактика принциптері – мұғалімнің басты құралы...........................11
1.3. Информатика курсын оқытуда көрнекілік принципті компьютерлік технология арқылы жүзеге асыру психологиялық-педагогикалық негіздемесі..............................................................................................................22
Қортынды.......................................................................................................58
Пайдаланылған әдебиеттер.........................................................................69
Қосымша.......................................................................................................70
Ұлы орыс педагогы К.Д.Ушинский (1824-1870) көрнекілік принципі туралы материалистік тұрғыдан негіздеме жасады. Өз кезегінде бұл көрнекілік мәселесінің өзектілігін шешуге үлкен қадам болды. Ол көрнекілікті тек көру сезімімен ғана байланыстыруға болмайды. «Балалар форма, бояу, дыбыс, сипап сезу арқылы ойлайды»-деген болатын. К.Д. Ушинский көрнекі оқытудың анықтамасын баланың жанама түрде қабылдаған, ол мұғалімнің басшылығымен оқыту үрдісінде кезінде немесе баланың өз бетінше бақылау нәтижелеріне тәуелсіз түрде жүзеге асырылатын ілім деген болатын. Бейнелік сөйлеуді ол көрнекіліктің ерекше әрі маңызды түрі деп есептеді. Оқу үрдісі кезінде мұғалім өзінің әңгімесін тірілте алады. Біріншіден балаларға сол заттың өзін көрнекті етіп көрсетеді. Балалар көрген затқа қарай отырып, оқыған материалдарын еске түсіріп қана қоймай, жанама созерцанияны толықтырады. Екіншіден, сұрақты тірілтіп әртүрлі етеді. К.Д.Ушинский үшін көрнекілік - дидактикалық принциптің ішіндегі ең маңыздысы, өйткені оқыту әдістері мен тәсілдерінде, оқыту осы көрнекілік принципіне сүйенеді. Константин Дмитриевич көрнекілік ойлауды тәрбиелейді деп оған үлкен маңыз берді. Ол, баланы логикалық материалға тек көрнекі нақты материал арқылы ғана жаттықтыруға болады деп есептейді. Зат ең адымен баланың санасында көрініс табуы тиіс, ал содан кейін көрініс табуы тиіс, ал содан кейін мұғалімнің жетекшілігімен алған әсері түсінік ой пайда болады, осыдан келіп сөз өрнекітеледі. Көрнекі оқыту бақылампаздықты дамытады, бұл дегеніміз «ақылдың дамуына» септігін тигізеді. Орыс педагогы К.Д.Ушинский көрнекі оқытудың рөлі мен орнын дұрыс түсінді, ішкі тірек идеясын ұсынды. «Балаға қандай да бір бес таныс емес сөзді үйретіңіз, ол ұзақ уақыт бойы, нәтижесіз тер төгеді, егерде оны дәл осындай 20 сөз бен суретпен байланыстырып үйретсеңіз, онда бала бұл сөздерді бірден-ақ үйреніп алады. Сіз балаға өте қарапайым ойды айтсаңыз ол бәрібір сізді түсінбейді, егер де сіз осы балаға күрделі суретті көрсетіп түсіндірсеңіз, онда ол бала сізді жылдам, тез арада түсінеді». К.Д.Ушинский көрнекі оқытуда іс-әрекеттің элементті де айтқанын кездестіреміз. Ол былай деп жазады: «Біз өзіміз тікелей сипап сезу арқылы қабылдаған бейнелеріміз дәл сол қалпында, өте ерекше дәлдікпен есімізде қалғандығын байқауға болады, өзіміз көрген суреттер басқа да идеяларда қосып аламыз. Бұдан затпен ішкі іс-әрекет нәтижесінде түсінікті меңгеру жүзеге асады. К.Д.Ушинский 1860 жылы сәуір айындағы Смольный институтында оқу курсын құруда жазған түсініктеме хатында қолданылып жүрген бағдарламасына сын айта отырып, осы пән бойынша өзінің бағдарламасын ұсынды. Оқыту кері ретпен орналасқан деп көрсетті. Алдымен отвлеченный сандар оқытылды, содан кейін аталуы сандар, бөлшек, және соңына қарай өлшеулер туралы көрнекі түсініктер оқытылды. Ал К.Д.Ушинский оқытуды өлшеулердегі көрнекі түсініктен бастау керек өйткені, олар көрнекі, деді.
К.Д.Ушинский нақтылықтан абстрактілікке іс-әрекеттен теориялық жалпылауға өту керектігін айтқан болатын. К.Д.Ушинский көрнекі оқытудың мағынасы терең түсінді, өйткені көрнекі оқыту ақыл-ой қабілетін дамытуға, материалды беруді жеңілдетуге, оқу қызметінде белсенділік пен өз бетінше жұмыс істеуіне, алған білімдерін жүйелеуге, материалды эмоциальді түрде қабылдауға тигізер әсері өте мол. К.Д.Ушинский көрнекілік жөнінде өз позициясында болды. Көрнекілік қасиеті заттар мен құбылыстарды сезімдік қабылдауға байланысты болмақ. Ол көрнекілік ілімін ойлауды дамыту тұрғысынан қарады. Көрнекілік принципін немқұрайды қарамады. Көркем материалдармен жұмыс істеудің жаңа әдістерін жасады. Тірі бейнелі сөзді көрнекі құрал деп есептеді. Сөйтіп, көрнекі оқытуға айрықша еңбек сіңірген педагог.
Н.Ф.Бунаков (1837-1904) бастауыш
сыныптағы көрнекі оқыту
В.П.Вахтеров (1853-1924) көрнекі оқытуды адамның моторлық іс-әрекетінің элементіне байланысты деп есептеген. Сондықтан, ол сурет салуға, ермек сазбен, аппликациямен жұмыс істеуге көп уақытың бөлген. Бұл уақытын алып, оқытуға кері әсерін тигізді. «Көрнекі оқыту» терминінің орнына «заттың оқыту» деген терминді қолдануды ұсынды. Бұл тірекке, барлық ішкі сезімдерге байланысты. «Балалар еш уақытта да тек көрумен қанағаттанбайды, олар затты ұстап көруі тиіс, оның қалай дыбыс шығаратындығын білуі үшін ұрып, тыңылдатып көреді. Оның ауыр-жеңіл екендігін, яғни салмағын білуі қажет, ол заттың сынатындығын, яки сынбайтындығын тексеру үшін, оны лақтырып көреді... Сондықтан да «көрнекі оқыту» деген сөздің орнына «заттың оқыту әдісі» дегенді қолданған өте орынды деп есептейді. Демек, жоғарыда аталған жұмыстарда көрнекі оқыту сезім ағзаларына әсер етіп, нақты қабылданған нысан немесе құбылыспен байланысты делінген. Сол замандығы ғалым-педагогтардың еңбектері, көрнекі оқыту өзектілігін айтып, көрнекі оқытудың мағынасын негіздеә түскен К.Д. Ушинский, мектепте көрнекі оқытудың әдістемесін жасады, қызметтік іс-әрекетті көрнекілікпен байланыстырады. Бірақ, олар көрнекілік қасиеті тек нақты заттарға ғана қатысты, ал абстракты түсінікті көрнекі түсінікпен байланыстыруға болмайды деп ойлады. Көрнекілік принципті пайдалану әдістемесі жайлы жазылған жазылған жұмыстар негізінен бастауыш сынаптардағы ана тілін, әдебиетті оқытуды қамтыды. Көрнекі оқытудың компоненттік құрамы әлі анықталмады.
Қазіргі уақытта психологиялық-
Ол шындық нысанға тиісті емес, логикалық ойлауға тиісті, себебі оның формасы сипаттамасынан көрінеді. Оның басты ерекшіліктері білім мазмұнынан көрініс табады. Абстрактілі және нақты көрнектіліктер әр түрлі гнесологиялық роль атқарады. Абстрактілі көрнекілік материалды тез «қамтуға» мүмкіндік беріп, оның бейнелеуін жеңілдетді. Э.Г.Мингазов көрнекіліктің практикалық формасын тану қажет деп есептейді. «Көрнекіліктің практикалық формасының маңызы - оны бақылауда, практикалық іс-әрекеттің нәтижесі мен қабылдауында»- дейді Э.Г.Мингазов. шындықты танудың диалектикалық жолын және көрнекілікті айта келіп, ол «Көрнекілік таным деңгейіне, барлық үш баспалдағына тиісті деп қорытындылайды. Сонымен «көрнекілік» терминіне шектеу қойыла бастады. Көрнекілік абстрактілі деңгейінде қарастырылады. Көрнекі оқытуда оның мүмкіндіктерін тек бастауыш сыныпта ғана емес,оны жалпы білім беретін орта мектептің жоғарғы сыныптарында, информатика, физика, химия және т.б. пәндерін оқытуда қолдануға болады. Бірақ, көрнекі оқытудың оның сипаттамасы берілмеген, оның маңызын анықтайтын компоненттері де жоқ делінген.
Қазіргі заманғы бірқатар психологиялық зерттулерде Н.А.Мечинская, П.Я.Гальперин, Т.В.Кудрявцев, Л.В.Занков көрнекілік практикалық қызметте, іс-әрекетте және абстрактілі деңгейде қарастырылған.
З.И.Калмыков: «Көрнекіліктің жоғары формасы - затпен практикалық іс-әрекет», деп есептеген. Көрнекіліктің практикалық қызметі, оны пікірінше, тек табиғи ғана, және олармен іс-әрекеттік (табиғи, тұрмыстық, өндірістік нысандар) байланыста ған емес, оқушылардың затпен, оларды алмастыратын (сызба, сүлбе, сурет) затпен іс-әрекет жасауында. З.И.Калмыков. көрнекіліктің практикалық формасына осы көрнекі құралдармен жасалған іс-әрекеттер, бақылауға болатын заттар, сондай-ақ көрнекі бейне тудыратын ойлау эксперименттері жатады деп есептелген.
Сонымен, көрнекілікке іс-әрекеттік, қызметтік компонент енеді, яғни көрнекі оқыту түсінігі қызметтік іс-әрекетпен тығыз байланысты, өткені объектімен тікелей практикалық іс-әрекет жасау, не оны алмастыратын затпен жасалған іс-әрекет, сондай-ақ ойлауда енеді.
Ғылымдардың кейбір топтары көрнекілік түсінікті бейнелік түсінікпен байланыстырады. Оқытудағы көрнекілік объективті шындық бейненің сезімдік - көрнекі түрі, жанама қабылдауға айналады, содан білім алуға, тануға деген жетістік нәтижелеріне қол жеткіземіз деп есептейді.
Л.Н. Нуритдинов көрнекілік түсінігін бейне түсінігімен байланыстырып, оның екі түрі бар деп есептейді. Бірінші топқа сезімдік көрнекілік бейнелер енеді, ол шындық нысандар. Екінші топқа рациональды бейнелерді жатқызады. Сезімдік қабылдауға мүмкін емес, обьективті әлеммен байланыстыратын бастрактылы форманы айтады. Бейнелік түсінік пен көрнекілік бөлінбейтін байланыста, сондықтан көрнекіліктің екі баспалдағын: сезімдік және рациональдықты бөліп көрсетеді.
«Рациональдық көрнекілік дидактикалық құрал. Теориялық түсінікті сезімдік – нақтылы формаға айналдырады. Осы құрал көмегімен оқушылардың шығармашылық белсенділігі, логикалық ойлауы дамиды. Олардың өз бетінше танымдық дағдыларны қалыптастырады. Сонымен бірге шығармашылық, ғылыми дүниетанымдық көзқарасын, түсінігін қалыптастырады». Бұдан, оқытудағы көрнекілік жайлы түсінік туралы нақты анықтама берімегендігін көреміз. Оқылатын құбылыс жайында сезімдік бағыт болып көрсетіледі. Л.М.Фридман: Көрнекілік – қоршаған ортадағы обьектілерді танудағы елестету және ойлау, есте сақтау, қабылдауда құрылатын психикалық бейненің ерекше қасиеті. Кез-келген бейне көрнекті емес. Қандайда бір обьектінің көрнекілік бейнесін құру үшін сол обьект жайлы білім керек. Л.М. Фридман психикалық бейне көрнекілік туралы әртүрлі дәрежеде деп айтқан. Адам баласының жеке ерекшеліктеріне, нысан қаншалықты таныс және қаншалықты түсінікті екендігіне байлнысты болжау. Зат немесе құбылыс адам үшін көрнекі бола бастайды, егерде ол сол адам үшін психикалық бейнелер құбылысқа немесе бұл затқа сәйкес болып табылатын көрнекілік. Ал обьектілердің өздері көрнекілік қасиетіне ие емес.көрнекі бейнені құрудағы ішкі шарттары белсенді танымдық қызмет болып табылады, ол нысанның көрнекі бейнесін қалыптастыруға бағытталады. Белсенді емес обьектіні бақылау оның көрнекі бейнесін құруға келтірілмейді. Л.М.Фридман мынадай дейді: Көрнекілік бұл – түсінік пен белсенділік. Көрнекілікті түпкілікті аша отырып, перцептивтік жоспар бойынша мақсатты бағдарланған қызметті негіз етіп алады. Көрнекі оқыту термині қолданылмайды [6].
В.Г.Болтянский: Соңғы
жылдары оқу үрдісіндегі
Изоморфизм құрылымның
бірегейі ретінде
Информация о работе Инфарматика пәнін оқытудың дидактикалық принциптері