Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Ноября 2013 в 08:30, курсовая работа
Қазіргі кезде білім беру ісін ақпараттандыру Қазақстан Республикасы Президентінің «Білім» Мемлекеттік программасы аясында жүзеге асырылуда. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінде жалпы білім беру мен мамандар дайындау салаларын ақпараттандыруға байланысты оқу - әдістемелік бірлестік, ғылыми-әдістемелік нұқаулар, информатиканы оқытуға қойылатын дидактикалық принциптердің мемлекеттік стандарты дайындалды. Информатиканы оқыту әдістемесі курсы информатика пәнін оқытудң мазмұны, мақсаты, әдісі, құралдары мен ұйымдастыру түрлерін зерттейтін бір жүйе ретінде қарастырылады. Яғни, болашақ информатика пәнінің мұғалімі дидактикалық принциптерді игеру нәтижесінде компьютерленген сынып жағдайындағы мектептің жұмысына дайын болып шығу тиіс.
Кіріспе..............................................................................................................3
1.1.Информатика курсын оқытуда дидактикалық принциптерді пайдаланудыңғылыми-теориялық мәселелері.....................................................6
1.2.Дидактика принциптері – мұғалімнің басты құралы...........................11
1.3. Информатика курсын оқытуда көрнекілік принципті компьютерлік технология арқылы жүзеге асыру психологиялық-педагогикалық негіздемесі..............................................................................................................22
Қортынды.......................................................................................................58
Пайдаланылған әдебиеттер.........................................................................69
Қосымша.......................................................................................................70
Информатиканы оқытуда жеке және ұжымдық оқыту бірін – бірі толықтырып тұрады. Ұжымдық жұмысты тұрақты, дұрыс ұйымдастырғанда оқушылармен жеке жұмыс істеуге мүмкіндік туады. Бұл кезде компьютер екі жақты құрал ретінде жұмыс атқарады. Ал оқыту программаларының дайын түрлерін кеңінен таратуға, біркелкі топтық, ұжымдық оқытуды ұйымдастыруға көмектеседі. Әрбір оқушы мұндай программалармен жұмыс істегенде өз әдіс – тәсілдерін, жұмыс қарқынын, қиындықтардан шығу жолдарын жеке таңдайды.
Оқыту программалары арқылы, мұғалім жұмыстың кейбір бөлігін автоматты басқаруға жібергенде оқушылармен жұмыс жүргізуге бөлінген уақыт үнемделіп, жеке оқытуға мүмкіндік пайда болады. Оқушылардың дара қасиеттерін байқауда жеке оқыту тиімді нәтиже береді.
Оқу әрекетінің қарқындылығы мұғалім мен оқушының бірлескен іс- әрекетінің пайдалы коэффициенті ең үлкен мәнге ие болуына байланысты қарастырылады.Мұндағы нәтиже күш салу қатынасымен анықталады. Бұл ең алдымен, олардың бірлескен жұмысында басқа әрекеттердің болмауына негізделеді.Мысалы, қарапайым алгоритмдер үшін қолайлы блок- схемаларды күрделі алгоритмдерге пайдаланғанда информатика сабағы сызу сабағына «айналып» кетуі мүмкін. Алгоритмдеуді жүйелі үйренуде программалау тілдерін қолдануды тиімді, ал есептеулерге қарапайым калькуляторды пайдалану қажет. Компьютерлік уақыт шектеулі болған жағдайда оқушыларға компьютермен жұмыс істеуге қажетті нұсқауларды алдын ала үйретіп, онан соң дисплей алдына отырғызу оқытудың қарқындылығын арттырады. Компьютермен жұмыс істегенде программалардың орындалуына сәйкес шығатын мәліметтердің түсініктілігі оқушы әрекетінің қарқындылығын арттырады. Оқу қарқындылығы оқыту мақсатына тәуелді. Бұл кезде есептеу жұмыстары калькулятор көмегімен және программалау тілінде қатар меңгеріледі [3].
Теория мен практиканың байланысы тек принцип қана емес, оқытумен тәрбиелеудің негізгі заңы болып табылады. Теория мен практиканы ғылымның барлық саласында үйлестіре дамыту аса қажетті іс.
Теорияны практика жүзінде тексеруде, ғылым мен техниканың жетістіктерін практикаға енгізуде меңгерген білімді өмірде қолдануда информатика пәні еңбек сабағынан асып түседі. Себебі, оқушылар ешқандай материалдық шығынсыз мектепке, мұғалімге, сыныпқа, өзіне қажетті пайдалы еңбек етеді. Мысалы, дидактикалық үлестірмелі материалдар дайындау, кітапхана, мектеп құжаттары, оқушылар үлгерімі қорын жасауда теория мен практиканың айырмашылығы аз болуы мүмкін.
Информатика пәнін оқып – үйренуде теорияның ғылыми категорияларымен практикалық байланысына мәні өте үлкен. Жалпы жағдайда теория практика нәтижесін болжайды, ал практика теорияның тексеру құралы қызметін атқарады. Информатика сабағында қандай да бір бағдарламаны компьютерге енгізіп нәтиже алу кезінде теория мен практика тығыз бірлікте болады. Компьютерлік ортада жұмыс істеу тек практикада жүзеге асырылады, өйткені теориялық сабақта оны алдын – ала болжау қиын. Практикадан қолданыс таппаған, өмірмен байланысы жоқ білімді оқушылар нашар меңгереді.
Сонымен, информатиканы оқыту әдістемесі дидактиканың принциптерін нақтылайды және толықтырады. Өзінің негізгі категорияларының жан – жақтылығына сәйкес басқа дербес әдістемелерімен өзара тығыз байланыста болып, осы байланыстар арқылы мектептегі басқа пәндермен біртұтас даму бағытын ұстанады.
Адам баласының өмірде, тұрмыста тұтынатын заттарын қажеттілік деп түсінуге болады. Қажеттілік барлық уақытта адамның белсенділігін туғызады және оны іс - әрекетке итермелейтін түрткі болып табылады. Қажеттіліктіің қызығушылыққа байланысты туындалуы да мүмкін.
Қызығушылық – адамның бір затты немесе бір құбылысты білейін, көрейін деп айрықша ықылас қою. Информатика пәнінде оқушылар оқушылар оқуды ынталана бастағанымен уақыт өте келе қызығушылықтары төмендігі байқалады. Мектеп мұғалімдері мұның себебін оқушы қажеттілігімен байланыстырады. Олардың пікірінше, егер қажеттілік болса, онда оқушылардың пәнге деген қызығушылығы артады. Егер қажеттілік жоқ болса, онда оқушылардың пәнге деген қызығушылығы төмендейді.
Қажеттілік оқушының іс - әрекетіне байланысты емес. Қажеттілік түрлері:
Есептеу техникасы кабинетінде
техника қауіпсіздігін
Сынып оқушыларын белгілі бір орынға тіркеп қою журналын жүргізу, олардың техниканы күтіп ұстауға деген сезімін оятады. Бұл оқушының жеке файлын жоюдан сақтайтындығы секілді, өз жұмыс орын (ОЖО) қорғаштап, ұқыппен қарауына әсер етеді.
Компьютерлік ойындар «жалған» қауіпсіздікпен бірге жүреді. Себебі, бұл кезде психологиялық тұрақтылықпен бірге, еріктен тыс жауапкершілік болуы мүмкін. Оны өмірдің нағыз тығырықты жағдайында немесе секунндтардың санаулы сәтінде адам баласында қандай мінездің басым болатынын алдын – ала болжап айту қиындығымен салыстыруға болады. Бұл жағдайда компьютерлік ойындар қалыптастырған «стереотиптің» іске қосылуыда ғажап емес.
Биогендік қажеттілік сезімдік көңіл -күйге байланысты туындауы мүмкін. Мысалы, оқушыда кейде ата – анасымен, құрбы – құрдастарымен, т.б. қарым – қатынаста жеткіліксіз болған сезімдік көңіл – күй компьютермен жұмыс істегенде пайда болады. Кейбір оқушылардың компьютерге «байланып» қалуы өз көңіл – күйін көтеру қажеттігінен туады.
Биогендік қажеттіліік іздеу және бағыт алу қажеттілігіне байланысты болады. Іздеу қажеттілігі қауіпсіз және еркін түрде қоршаған ортаны танып – білуге деген оқушы әрекетінен көрінеді. Мысалы, жас нәрестенің айналадағы заттарды ұстап, көріп, танитынына ұқсас, оқушының да компьютер құрылғыларының, клавиштердің қызметімен еркін отырып танысқаны дұрыс. Сондықтан, мұғалім «бұл клавишті баспа, мұндағы құрылғыға тиме» - деген секілді жөнсіз шектеулер жасамай, алдын – ала маңызды бағдарламалар мен берілгендерді жойып жіберуден қорғап қоюды ескергені жөн.
Оқушыға іздеу белсенділігі кезінде жасалған әрекеттердің әсерін зерттеу, сол арқылы дұрыс бағдар алуын қамтамасыз ету қажеттілігін қанағаттандыруы және ортаны басқару командаларын өздері табуы ұнайды.
Қажеттіліктің мұндай іздеу түрі оқушыға қызықты болып көрінеді. Мысалы, ол жаңа бір текстік редакторға енген соң ешкімнің көмегінсіз өз бетінше іздей отырып, оны басқаруға ұмтылады.
Бағыт алу қажеттілігі оқушының кейбір бағдарламада жұмыс істеп отырғанында онша модель құруы, есептерді шешуде, сурет салуда, т.с.с. мақсатты жұмстарындарында белгілі бір бағыт алуынан, тосын немесе кездейсоқ жағдайларда жол табуынан көрініс табады. Мысалы, таныс емес бағдарламада жұмыс істеп отырғанда техникалық ақаудың немесе басқа жағдайлардан пайда болса, олар обалжып немесе дағдарып қалмай, тиімді шешімдер қабылдап, мақсатқа жетуге бағыт алуы тиіс.
1.3. Информатика
курсын оқытуда көрнекілік
Көрнекілік адамзат баласымен бірге сол сәттегі зат немесе құбылысты бейнелеуден, яғни ақпаратты беру қажеттілігінен пайда болған болуы мүмкін. Бұл туралы бізге дейін келіп жеткен тас үрдігірлердегі, жартастардағы суреттер куә. Көрнекілікпен оқыту алғашқы мектептер пайда болғаннан бері басталды. Мектеп тәжірибесінде көрнекілікпен оқыту элементтерін ең алғаш пайдаланған адам есімі тарихта сақталмаған.
Адамдар көрнекілікпен оқытуды
жазу пайда болғаннан бұрын
Бірақ, бұл кезде көрнекі оқыту деген термин әлі пайда болмаған, сондай-ақ көрнекілікпен оқытудың қатаң теориялық негіздемесі жасалынбаған болатын. Көрнекі құралдарды қолдану интуитивті таза көру түсініктерінен құралды. Көрнекілік принципінің негізін қалаушы, оны негіздеген чех педагогы Ян Амос Коменский (1592-1670) көрнекілікке анықтама берді, оны біз «Дидактиканың алтын ережесі» дейіміз. Дәл осы ереже мектепті дамытудың ең маңызды жолдарының бірі болды, сөйтіп көптеген педагогикалық зерттеулердің баспалдағы болды. Я.А.Коменский адам баласы, әртүрлі сезім мүшелері арқылы қоршаған орта туралы, көрген білгені жайлы қабылдағаны жөнінде толық, дәл ақпарат алады.
«... көз арқылы көреді, құлақ арқылы естиді, иіс сезу мүшелері арқылы иіс қабылдайды, дәм сезу мүшелері арқылы дәм сезді, сипап сезу мүшелері арқылы сипап сезеді. Мұның барлығы да мида жүзеге асады. Өйткені мида көру, есту, тері, қозғалыс, иіс, дәм т.б. анализаторлардың жүйке орталықтары бар.
Сезім мүшелерінің мимен байланыстығы жайлы Шәкәрім: «Тән сезіп, көзбен көрмек, мұрын-исі, тіл-дәмнен хабар бермек. Чех педагогы Я.А. Коменский оқытуда табиғи заттарды қолдана отырып қабылдау керек деп есептеген, егер де табиғи заттар болмаса, онда оны сурет не бейне көшірмесімен алмастыру қажет деген. Бұл жоғарыда аталған мәселені құбылысты тануға қатысты дей келе педагог Я.А. Коменский адам баласы білімді басқа бір адамның сөзімен емес, тікелей өз көзімен кхөре отырып, тікелей қабалдаудан алғаны жөн екндігі айтқан.
Я.А. Коменский көрнекілік мәселесін айта келе мұнда көруге басты назар аудару керектігіне тоқталған. Оның көрнекілігі принципін есепке ала отырып жазған «Суреттегі сезімтал заттар әлемі» атты алғашқы кітабы «тілді» оқытуда көп әрі ұзақ қолданылған болатын. Бұдан, Я.А.Коменский көрнекілікті сезімдік таныммен ұштастырғандығын байқаймыз. Барлық білімді алудың негізгі бақылау болып табылады деген болатын.
Г.Песталлоцци (1746-1827) бақылау абстрактілі ойлауды дамытудың алғашқы қадамы дей келе, көрнекілік тереңірек негіздеме жасап, осы мәселері одан әрі қарай зерттеген. «Мен қазіргі уақытта өткеніме қарап, адамзат болсын оқыту үшін не істедім? Деген сұрақты өзіме, барлық танымның абсалютті негізгі принципін берік орнаттым деп жауап беремін?
Қоршаған ортаның сезім мүшелеріне әсерін баяндай отырып, Г.Песталоцци былай деп жазды: «Адамның табиғатты тануы, оны сезім мүшелері арқылы қабылдауы адам танымының негізі болып табылады».
Швецариялық педагог Г.Песталоцци балалардың ойлау қабілеті мен сөйлеу қабілетін көрнекілік арқылы жүзеге асыруға болады деді.
Бақылаудың үш негізгі кезеңін атап көрсеткен:
Г.Песталоцци, көрнекілікпен
оқытудың маңыздылығы ойлау мен
сөйлеуді дамытады, жекеден бүтінге
біртіндеп өтуге мүмкіндік
- қандайда бір затты ұзақ уақыт демонстрациялап көрсетуге болмайды, яғни әрбір пән мұғалімі көрнекі материалды қалай, қанша уақыт пайдалану туралы әбден ойлануы тиіс;
- қандайда бір затты қайталап пайдалану, көрсету, оқушыны жалықтырады, оның сабаққа деген қызығышулығын төмендетеді, яғни сабақта әртүрлі көрнекіліктерді қолдануы тиіс;
- мезгілсіз үлестер, басқа
заттар апперцептивтік
- «Жақыннан алысқа, жеңілден
ауырға» біртіндеп өту керек
деп есептейді Ф.Дистерверг, яғни
қарапайымнан күрделіге
Көрнекілікпен оқыту жайлы, сол заманғы педагогтар қоршаған орта жайлы сезім ағзалары арқылы жанама қабылдауды айтқан болатын. Көрнекілікпен оқытудың анықтамасы, мақсат категориялары мен іс-әрекет тікелей мәселеге ретінде қойылмады.
Информация о работе Инфарматика пәнін оқытудың дидактикалық принциптері