Инфарматика пәнін оқытудың дидактикалық принциптері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Ноября 2013 в 08:30, курсовая работа

Краткое описание

Қазіргі кезде білім беру ісін ақпараттандыру Қазақстан Республикасы Президентінің «Білім» Мемлекеттік программасы аясында жүзеге асырылуда. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінде жалпы білім беру мен мамандар дайындау салаларын ақпараттандыруға байланысты оқу - әдістемелік бірлестік, ғылыми-әдістемелік нұқаулар, информатиканы оқытуға қойылатын дидактикалық принциптердің мемлекеттік стандарты дайындалды. Информатиканы оқыту әдістемесі курсы информатика пәнін оқытудң мазмұны, мақсаты, әдісі, құралдары мен ұйымдастыру түрлерін зерттейтін бір жүйе ретінде қарастырылады. Яғни, болашақ информатика пәнінің мұғалімі дидактикалық принциптерді игеру нәтижесінде компьютерленген сынып жағдайындағы мектептің жұмысына дайын болып шығу тиіс.

Содержание

Кіріспе..............................................................................................................3
1.1.Информатика курсын оқытуда дидактикалық принциптерді пайдаланудыңғылыми-теориялық мәселелері.....................................................6
1.2.Дидактика принциптері – мұғалімнің басты құралы...........................11
1.3. Информатика курсын оқытуда көрнекілік принципті компьютерлік технология арқылы жүзеге асыру психологиялық-педагогикалық негіздемесі..............................................................................................................22
Қортынды.......................................................................................................58
Пайдаланылған әдебиеттер.........................................................................69
Қосымша.......................................................................................................70

Прикрепленные файлы: 1 файл

курстык.docx

— 93.36 Кб (Скачать документ)

 Изоморфизм және қарапайымдылық  – оқу құрал-жабдықтардың көрнекілігіне  келіп бекітіледі. В.Е.Евдокимов көрнекілік бейне түсінігін қызметтік іс-әрекетпен байланыстырған. А.Н.Леонтевтің пікірінше, көрнекілік оқушылардың атқаратын ішкі іс-әрекеттің ішкі тірегі болуы керек делінген.

Сонымен, көрнекілік түсінігі алғашқыға қарағанда едәуір айтарлықтай өзгерді. Қазіргі уақытта ол, нақты деңгейде ғана емес, қызмет, іс-әрекет үрдісінде абстрактілі деңгейде қарастырылады. Көрнекілік түсінігіне бірыңғай түсінік жоқ, оқытудағы көрнекілікке анықтама берілмейді. Оны құрайтын компоненттерге сипаттама берілмеген информатикадағы көрнекі оқыту жеткілікті дәрежеде зерттелмеген. Информатиканы оқыту үрдісіндегі мұғалім іс-әрекеті абстрактілі сипат түрінде. Оқытудағы дидактикалық принциптерін аса жүйелі қолдану қажеттілігі туындауда. Көрнекі оқыту мұғалімге  оқытудың белсенді әдістерін меңгеруге септігін тигізіп, материалды оқып-үйренуде ғылыми принциппен шамаға лайық принципті байланыстырады. Сондай-ақ оқушылардың информатикалық дайындығын ұлғайтып, оқытылып жатқан материалды, түсінікті жан-жақты және толық қалыптастыруды қамтамасыз етеді. Логикалық ойлаудың жоғары деңгейіне жеткізіледі. Оқушылардың информатикаға қызығушылығын арттырады. Материалды эстетика тұрғыдан қабылдауға жәрдем етіп, оқушылардың жұмысқа шығармашылықпен қарау керектігіне тәрбиелейді.

Көрнекі оқыту әдістерін  тиімді пайдаланудың негізгі мәселесі практикада белсенді әдістерді табу және қолдану болып табылады. Сонымен  бірге оқу танымдық іс-әрекетті ұйымдастыру.  Қойылған мәселені шешу үшін  оқылатын нысанның негізгі сипаттарын анықтау және информатиканы оқытудағы көрнекілік анықтамасын беру. Оқу қызметі үрдісіндегі көрнекі құралдарды пайдалану жолдарын көрсету. Осындай ғылыми негізделген жұмыс көрнекі құралдарды тиімді пайдалану әдістемесін және оқытуды ұйымдастыру әдістерін жасауға әкеледі. Зерттеулерімізде оқылатын нысанның бүтіндігін өрнектейтін ғылыми құралдарды табу үшін жүйелік тұрғыдан қарастырдық. Көрнекі оқытудағы әртүрлі әдістер ішінен нысан -жүйе құрайтын, оның қасиеттері мен белгілерін зерттеп бөліп көрсету керек. Ғылыми әдебиеттерде оны жүзеге асырудың, жүйеге келтірудің жолдары бар. Екі негізгі жолды қарастырайық:

  • талдау кезеңдерінің мақсатын анықтау жүйесін іздеу;
  • жүйелік сапа және интеграциялау жүйелерін іздеу.

Бірінші жолдың мағынасы мынада. Ортадан жүйені бөліп алуды мақсат атқарады.  

Жүйелік принципін іске асыру келесі бағыттарда жүргізіледі:

  • жүйе құрайтын фактор ретінде мақсатын анықтау, объективті реальды шындықтың элементтер жиынтығын анықтауға келтіретін жүйе;
  • жүйе компоненттері арасындағы өзара байланыс құрылымын орнату;
  • оның динамикадағы ерекше құрылымын анықтау;
  • оның генезистегі, қалпына келудегі жүйе зерттеуін қарастыру.

Екінші жолы біріншісінің жалғасы және толықтамасы болып табылады.

Компоненттерді оқи отырып, бірыңғай бүтін алып келеді. Олардың  сапасы анықталып, жүйе сапасы ретінде қарастырылады. Компоненттердің өзара іс - әрекері механизмін ашу және оны бөліп көрсету аса маңызды. Сөйтіп, элементтерді интеграциялап бір жүйеге келтіру керек.

Жүйелік зерттеудің негізгі мәселесі әртүрлі бейнелік байланыстар орнату және оқып үйрену деп есептейміз. Компоненттік құрамдағы қарастырылатын объектіге тиісті. Жүйелік зерттеуде оқытудың жүйесіне анализ және синтез жасаймыз. Ең алдымен, танымды қарастырып отырған зерттеу нәтижелері талданады. Зерттелетін нысан бірнеше ғылымдарға бөлініп, оның әрқайсысы оны біржақты өз көзқарасымен зерттейді.

Жүйелік зерттеулерде алынған  біржақты түсініктер синтезделеді. Дидактикалық заңдылықтарды зерттей отырып, жүйелік  зерттеуді жүзеге асырудың бір жолы модельдеу болып табылады. Модель дидактикалық жүйенің негізгі, басты мәселелерін көрсетуі тиіс. Сөйтіп, информатикалық тұрғыдан сипатталады. Одан басқа, құрылым элементін анықтайтын әрбірінің ролін есепке алып ескерген жөн. Сондай-ақ оның функциясын да. Жүйелік зерттеуден келіп, көрнекі оқытуды зерттей отырып, осы үрдістің құрылымын анықтаймыз. Ол танымдық қызметтің, іс-әрекеттің моделін құрады. Бұл құрылымды оқып-үйрену оқу үрдісінің спецификалық білімін білмей мүмкін емес. Педагогикадағы және әдістемедегі бар әдістерді қолданып, көрнекі оқыту түрлерін және көрнекі құралдарды қолдану әдістемесінің ерекшеліктерін анықтадық. Көрнекі оқытудың құрылымын оқып-үйренгеннен соң көрнекі оқыту жағдайында танымдық қызметті ұйымдастыру жүйесін модельдеу керек. Көрнекі оқытудың компоненттік құрамы. Көрнекі оқытудың анықтамасы.   Көрнекілік проблемасын тарихи тұрғыдан қарастыра отырып, көрнекілік түсінікті алғашқыда сол заттың немесе құбылыстың көру қабылдауына қатысты екендігін білдік. Кейініректе, ол сезімдік қабылдаудың (есту, көру, сипап сезу, иіс арқылы, дәм арқылы сезу) түсінігі ретінде қарастырылды. Содан кейін, көрнекілікті зерттеуде бақылау және тәжірибе, практикалық іс-әрекет қосылды делінді. Көрнекілік деп,  нақты зат бейнесін түсінген.        

 Жүйелік зерттеулерде көнекілікпен оқытуды анықтау үшін жүйенің компоненттік құрамын орнату. Берілген үрдістегі әртүрлі ғылыми зерттеулер мен жинақталған тәжірибелерді ескерген дұрыс.        

 Көрнекі оқытуда мақсатты  орнатудың ролі ерекше маңызды.  Бұл компоненттерді біз, Ф.Фребель,  И.Гербарт, К.Д.Ушинский және оның  шәкірттерінің еңбектерінен көреміз.  Қандай да бір нәрсеге үйрету алдында, объектіден тірек сапаларын бліп алуымыз керек. Сөйтіп, нені оқытамыз, яғни мақсатты қойып, мақсатты орнатуымыз қажет. Бір мақсатты орнатуда оқыту үрдісі көрнекі болуы мүмкін, ал басқада бұл үрдіс тіптен көрнекі болмайды. Мақсатты қою әдістері әртүрлі бейнелік. Көрнекі оқыту – перцептивтік жоспарда қызмет, іс-әрекеттің анықталған түрі. Я.А.Коменский, Г.Песталоцции оқыту негізі адам баласының нысан мен құбылыстарда сезімдік қабылдауы деп есептеген болатын. Бұл идея Ф.Фребель (көрнекі оқытудың бір жағы – көрнекі құралдар негізінде түсініктермен ұғымдарды түрлендіру), К.Д.Ушинскии (жанама нақты бейне, нақты материалда оқыту керек, жай сөзбен оқытудың қажеті жоқ) еңбектерінен көрініс тапқан. Олардың шәкірттері мен және қазіргі психологиялық – педагогикалық әдебиеттерде де құнды мәліметтер берілген. Е.Н.Кабанов–Меллер ассоциацияның сенсорлығын бөліп көрсеткен. Ол бірінші рет оқу материалын қабылдау үрдісі кезінде. Көрнекі оқыту бірінші ассоциация кезінде пайда болады. Екінші ассоциация еске сақтау материалы кезінде пайда болады. Сондай-ақ бұдан басқа аралық ассоциация да бар. Адам баласының түсінігімен ішкі қабылдаған арасындағы байланыста жүзеге асады. Бұл концепция ассоциативті – рефлекторлы деген атқа ие болған. Оның өкілдері Е.Н.Кабанов – Меллер, Н.А.Менчинский, Д.Н.Боглоявленский болып есептеледі.        

 Сезімдік компонент көрнекі оқытудың қажетті шарты болып табылады. Обьектіні белсенді емес қабылдаған адамнан көп бөлшектер естен шығады. Белсенді ойлау қызметі, іс-әрекеті кезінде қабылдау үрдісін едәуір айтарлықтай дәрежеде байытады. Ойлау қызметі мен түсінікті (П.Я.Гальперин, А.Н.Леонтьев, Н.Ф.Тальзин) кезеңдік қалыптастыруда меңгеру үрдісі сыртқы (практикалық) немесе ішкі (ақылдылық) іс-әрекет болып табылады. Қызмет іс-әрекет меңгерілетін аденватты білімге қатаң болуы тиіс. Ақылдылық қызмет меңгеру сыртқы практикалық қызмет, іс-әрекетке сәйкес интериоризация үрдісінде жүргізіледі.

  1. кезең – қызмет (заттық қызмет)негізінде бағытталған орнату – мақсатты орнату;
  2. кезең – материалдық заттық қызмет (шындық заттармен жұмыс) немесе материалдық қызмет (модельмен жұмыс);
  3. кезең – сыртқы сөздік қызметті қалыптастыру (жоғары дыбыстық қызмет);
  4. кезең – сөзді өз ішінен орындау қызметі;
  5. кезең – ішкі ақыл-ой қызметі (қызмет қысқартылған, автоматтандырылған, жабық қызметке айналады). 

 

     Жаңа материалды меңгеру үшін жоғарыда көрсетілген бес қызмет түрлерінің барлығын орындау керек. Оқыту үрдісі оқушының қызметін іс-әрекетінсіз жүзеге асуы мүмкін емес. Біз Л.Р.Леонтьев және оның шәкірттерінің көзқарасын зерделей отырып, мұғалімнің сыртқы қызметі мен оқушылардың ішкі қызметі мазмұнды, материалды анықтауда және түсінікті қалыптастыруда көрнекі оқыту құрылымының ажырамас, бөлінбес элементі. Оқушының танымдық қызметін өндіру негізінде өнімді ойлау дамыды. Көрнекілік принципі К.Д.Ушинский түсінігінше баяндалды, бұл жеткілікті де болды. Оқытудың басты мақсаты болып, мұғалімнің сабақты толық түсіндіруімен шектелді. Оқушылар оқылатын материалды берік, жетік, әрі егжей-тегжейлі меңгеріп, оны есте сақтауы үшін, мұғалім материалды көрнекі түрде түсіндіруге тырысты. Оқылатын материалды жарқын, әрі тірі етіп көрсетті. Мұғалім оқушының сезіміне (сезім мүшелеріне) толығымен әсер етіп, нақты сезімдік модельдерді демонстрациялап көрсетті. Оқушылардан тек қана мұғалімнен көргенін естігенін қайталап айтып беру, берілген бейне немесе алгоритм ізімен жүру талап етілді. Оқушылардың ынта ықыласы олардың өзіндік танымдық қызметі есептелінбеді, мадақталмады және негізінен дамымады.

Мектеп алдына бұдан да күрделі мәселелерді қоя отырып, ақпарат көлемінің ұлғаюына орай, адамға қажет білім көлемінің  артуына байланысты оқыту үрдісі мен оқушыға қоятын талаптар да өзгерді. Жалпы білім беретін орта мектеп информатика бағдарламасында (1-11сыныптар) былай делінген: мектептің негізгі міндеттерінің бірі оқушыларға терең әрі берік білім беру. Алған білімдерін қызмет саласында күнделікті тұрмыста саналы және рационалды түрде қолдана білуі тиіс.  Ескі дәстүр бойынша білім беріп, білім алып оны жай ғана есте сақтап айтып беру бүгінгі күнгі талапты қанағаттандырылмайды, жеткіліксіздік танытады. Жаңа білімді алу үшін оқушылардың өздері белсенділік танытып, қазіргі ғылыми техникалық ақпараттың қаржы тап дамуы кезінде оқушылар өз бетінше білім ала отырып, өз білімдерін өздері толықтыруы тиіс. Л.С.Выготский оқыту баланың кешегі емес, ертеңгі дамуына бағытталуы керек. Мұғалім оқушыларға танымның жалпы әдістерін меңгеруді үйретуі қажет. Сондай-ақ оқу қызмтінің жалпы әдіс-тәсілдерін үйретуі керек.     

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қортынды

 

Дидактика принциптері - мұғалім  құралы. Информатика пәні жаңалығы, оның үнемі өзгерісте болып, техникалық құралдарының әртүрлілігімен бағдарламалық  құралдарының үздіксіз жаңарып отыруында. Сондай-ақ, жаңа бағдарламаны информатиканы  оқыту әдістемесінің жеткіліксіз  дәрежеде қарастырылуы тәжірибелі мұғалімнің курсты оқыту әдістері мен мазмұнына  тереңірек назар аударуды қажет  етеді. Дәл осы кезде оған дидактикалық жалпы бірінсіптері жәрдем береді

Педагогиканың дидактика  деп аталатын тарауында кез келген оқу пәнін оқытуға қойылатын  жалпы, бірыңғай талаптар жиыны -дидактикалық бірінсіптер тағайындалған. Яғыни олар өзінің принциптері арқылы бөлінеді.

Бұл курыстық жұмысты қорыта келе заман ағымына сай оқушыларды инфарматика сабағына дұрыс оқыту. Алға қойылатын мақсат міндетіде  ақпараттық ғасырдан келер ұрпақтың кенде қалмауын қамтамасыз ету

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер

1. А.Бочкин. Методика преподавания  информатики. Минск" 
Вышэйшая школа"   1998. - 430 стр.

2. К.Халықова К. Информатиканы  оқыту әдістемесі. Алматы. Білім, 2000.

3. Ә.Бүркіт. Компьютерлік технология негіздері. Шымкент, 1998.

4.Ә.Бүркіт. Информатиканы оқытудың теориялық негіздері мен әдістемесі. Шымкент, 1998.

5. Н.Ермеков. Информатика 8-сынып. Алматы: Жазушы, 2001, 187 бет.

6. Н.Ермеков, Ж.Қараев, В.Криворучко, В. Кафтункина 
Информатика 9-сыньш, Алматы: Жазушы, 2001, 183 бет.

7. А.Ершов. Компьютеризация  школы и математическое 
образование. Основные направления работ по программе 
"Информатизация образования", ИнфО.   1992. N 5,6.

8. Н.Сафронова. Теория  и методика обучения информатики.  Москва, 2008.

9. А.Карпова. Осуществление  принципа наглядности. Ярославль, 2007.

10. А.Қоянбаев. Педагогика, Астана, 2006.

11. Г.Жақыпбекова. Информатиканы  оқытудың жалпы әдістемесі. Шымкент  , 2005. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қосымша    

 Жалпы білім беретін  орта мектептің информатика пәнін оқытуда компьютерлік технология арқылы көрнекілік принципті жүзеге асырудағы түр-түстің атқаратын ролі зор. Көптеген елдердің ғалымдары талай жылдардан бері бірлесе еңбек етіп келеді. Осы орайда түр-түс тану ғылымына  көп еңбек есімдері белгілі Ньютон Ломоносов, Вернер, Риджвей, Саккардо, Мэтьюс, Хеллок, Рунге, Уорхерст, Обертюр Люнте, Оствальд, Гете, Менсель, Мерц, Поол, Рихтер, Гессельгрин, Мищенко, Чернов, Бухарцев, Рабкин сияқты ғалымдардың есімін атап өту керек. 

Көзбен көруге болатын  сан түрлі түстерді бір жүйеге келтіру жолында алғашқы қадамды  Ньютон жасады. Ньютон жарық сәулесінің призмадан өткен кезде жеті түске бөлінетінін: қызыл, қызыл сары, жасыл, көк, күлгін көкжәне күлгін деп анықтады. 

Информация о работе Инфарматика пәнін оқытудың дидактикалық принциптері