Шпаргалка по "Неорганической химии"

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Мая 2014 в 10:24, шпаргалка

Краткое описание

Работа содержит ответы на вопросы для экзамена по "Неорганической химии" на казахском языке.

Прикрепленные файлы: 1 файл

бейорганика (2).doc

— 548.50 Кб (Скачать документ)

Электролиттік диссоциациялану дәрежесі.

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Мында өту: шарлау, іздеу

Күшті және әлсіз электролиттер Электролит молекуласындағы атомдар арасындағы байланыстың беріктігіне карай диссоциацияланған молекулалар саны диссоциацияланбаған молекулалар санынан не көп, не аз болуы мүмкін. Электролит молекуласындағы байланыс әлсіз болса, диссоциацияланған молекулалар саны көп болады. Керісінше байланыс берік болғанда, иондарға айналатын молекулалар саны аз болады. Электролиттің қандай мөлшерде диссоциацияланғанын көрсететін шама -иссоциациялану дәрежесі деп аталады және α (альфа) әрпімен белгіленеді. Диссоциациялану дәрежесі дегеніміз — диссоциацияланган молекулалар санының ерітіндідегі жалпы молекулалар санына қатынасы. Диссоциациялану дәрежесін процентпен көрсету үшін оның шамасын 100-ге көбейтеді. Мысалы, электролиттің диссоциациялану дәрежесі 60% болса, бұл оның 100 молекуласының 60-ы иондарға ыдырағанын білдіреді. Диссоциациялану дәрежесіне байланысты электролиттер 3 топқа жіктеледі.

  1. Күшті электролиттер, олардың диссоциациялану дөрежелері 30%-тен жоғары болады. Мысалы: HN03 91%, NaCl 84%, HC1 92%, КОН жәнө NaOH 84% болады. Күшті электролиттердің молекулалары сүйылтылған ерітіндіде иондарға толығымен ыдырайды.
  2. Орташа электролиттер. Олардың диссоциациялану дәрежелері 3% пен 30% аралығында болады. Мысалы: Н3Р04 26%, HN02 6,5%, т.с.с.
  3. Әлсіз электролиттер. Олардың диссоциациялану дәрежелері 3%-тен төмен болады. Мысалы, СН3СООН (сірке кышкылы) 1,3%, NH4OH (аммоний гидроксиді) 1,3%, Н2С03 (көмір қышқылы) 0,171'/о, H2S (күкіртті сутек қышқылы) 0,07%, т.с.с.

Айта кететін жағдай, тамаққа қосылатын қышқылдар — сірке қышқылы, лимон қышқылы, алма қышқылы, сол сияқты дәрі ретінде қолданылатын бор қышқылы, ацетилсалицил қышқылы (аспирин) әлсіз электролиттерге жатады. Судың диссоциациялану дөрежесі (бөлме температурасында) =10~9, яғни бір миллиард молекуладан біреуі ғана диссоциацияланады. Сондықтан оның диссоциациялану теңдеуін жазбай молекула түрінде бейнелейді.

Электролиттердің диссоциациялану дәрежесіндегі айырмашылықты, олардың электрөткізгіштігі арқылы анықтауға болады. Ол үшін концентрациялы сірке кышқылының ерітіндісіне электр өткізгіштікті тексеретін аспаптың электродтарын батырып, ток көзіне қосамыз. Электр шамы әлсіз жанады. Енді электродтарды дистилденген сумен жуып, концентрациясы сірке қышқылының концентрациясындай тұз қышқылының ерітіндісіне салып ток көзіне косамыз, аспаптың шамы жарқырап жанады. Сірке кышқылында диссоциацияланған молекулалар саны аз, сондықтан электр шамы әлсіз жанады, яғни электрөткізгіштік ерітіндідегі иондар санына байланысты болады. Ал тұз қышқылының ерітіндісінде диссоцияланған молекулалар саны өте көп болғандықтан электр шамы жарық жанады.

Электролиттердің иондарға ыдырауының сандық мәні диссоциациялану дәрежесі арқылы өрнектеледі. Диссоциациялану дәрежесі дегеніміз — иондарға ыдыраған молекула санының жалпы молекула санына қатынасы. Электролиттерді диссоциациялану дәрежесінің мәніне қарай 3-ке бөледі: күшті, орташа, әлсіз электролиттер.[1]

 

 


Информация о работе Шпаргалка по "Неорганической химии"