Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Мая 2014 в 10:24, шпаргалка
Работа содержит ответы на вопросы для экзамена по "Неорганической химии" на казахском языке.
1 сұрақ. Оксидтер. Оксидтердің жіктелуі.
Элементтің оттекпен қосылуынан түзілетін қосылысты оксид деп атайды.Оксидтердің көпшілігі әрбір элементтің оттекпен тікелей синтезінен алынады.Мысалы,Li2O, MgO, SO2, P2 O 5.Құрамында екі металдық атомы болатын қос оксидтер де кездеседі. Әдетте олардың формуласын жазғанда тұздармен шатастырмау үшін екі металдың таңбасын жақшаға алады. Мысалы, (Ca Ti ) O3 - титан – кальций триоксиді.Оксидтерді өздері түзетін оттекті қышқылдардың ангидриді ретінде де қарауға болады.Мысалы, В2 О3- бор ангидриді, өйткені ол бор қышқылының сусыз түрі. Оксидтердің суға қатынасына қарай, одан түзілетін гидраттың қасиетіне қарай, оксидтерді, қышқылдық, негіздік, амфотерлі деп бөледі.
Қышқылдық оксидтерді, көбіне бейметалдар түзеді, бірақ кей металдардың жоғары валентті оксидтері де, қышқылдық оксид.Қышқылдық оксидтердің көпшіілігі сумен тікелей қосылып қышқыл түзеді.
Негіздік оксидтердің барлығы металл оксидтері. Өте актив металдардың оксидтері болмаса, қалған негіздік оксидтер сумен әрекеттеспейді.
Амфотерлі оксидтерде әрі қышқылдық, әрі негіздік , әрі қышқылдық оксидтердің қасиеті бар.
Осы оксидтердің үш тобының ортақ қасиеті- тұз түзу, сондықтан бұлардың басын құрап тұз түзуші оксидтер деп атауға болады.
Номенклатурасы. Оксидтердің формуласын құру үшін әуелі тиісті элемент атомы, одан соң оттек атомының таңбасы жазылады. Халықаралық жүйеге сай атағанда оксидтердегі элемент атомынан соң жақша ішіне оның валенттігін рим санымен көрсетіп, одан кейін оксид деген сөз қосады. Оксидтерді атаудың тағы бір әдісі бар. Мұнда формуладағы оксид түзуші элементтің атомдар санынан басталып өзінің аталуы, одан соң оттек атомдарының саны беріліп оксид сөзімен аяқталуы тиіс.Мысалы, CuO мыс монооксиді, SO3 күкірт триоксиді.Атомдар саны грекше оқылады, яғни моно- бір, ди- екі, три- үш.
Алынуы.Оксидтер жай және күрделі заттар жанғанда, тотыққанда түзіледі, мысалы.
Fe + O2 = Fe2 O3
Күрделі заттар әрекеттескенде оксидтер түзіледі.
Cu(OH)2 = CuO + H2 O
Физикалық қасиеті жағынан оксидтер әртүрлі, көпшілігі – қатты заттар, біразы – газ, кейбіреудері – сұйықтық.Химиялық жағынан, алдымен суға қатынасын қарайды.Оксидтердің көпшілігі тікелей болсын жанама болсын сумен қосылыс түзеді. Сумен, көмірқышқыл газымен, фосфор оксидімен әрекеттеседі.
Қышқылдар – сутек атомдары мен қышқыл қалдығы деп аталатын топтардан құралған күрделі заттар.Қышқылдардың көбісі суда жақсы ериді және иондарға диссоциацияланады.
Қышқылдар құрамына қарай оттекті, оттексіз қышқылдар болып бөлінеді.Ал құрамындағы сутек атомдарының санына қарай қышқылдарды бірнегізді, екінегізді және үшнегізді деп жіктейді.
Аталуы.Қышқылдардың формуласында сутек атомдары бірінші орынға жазылады.Оттекті қышқылдарда оттек атомдары үшінші орынға , қышқыл түзуші бейметалл атомы ортаға жазылады. Мысалы, HNO3.Көп атомды аниондары бар қышқылдарға – ат, - ит жалғауларымен аяқталатыны бұрынырықта айтылады. Сонымен бірге дәстүрлі оттекті қышқылдарға тән – лылау, - лы , - лау, жалғаулары да сақталады.Мысалы, хлорлылау қышқыл, хлорлы қышқыл.
Алынуы. Мысалы, кейбір бейметалл оксидтерін суда еріту арқылы оттекті қышқылдар алуға болады.
Оттексіз қышқылдарды алу үшін кейбір хлор, бром, күкірт сияқты бейметалдарды тікелей сутекпен әрекеттестіреді. Оларды суда ерітіп қышқылдар алады.
Физикалық қасиеттері. Қышқылдар өздерінің аттарына сәйкес дәмдері қышқыл болады. Қышқылдардың көпшілігі дерлік күйдіргіш, мысалы, тұз, күкірт, азот қышқылдары сондықтан олармен жұмыс жасағанда өте сақ болу керек.Қышқылдардың барлығына жуығы суда ериді.Қышқылдар қатты күйде, мысалы, бор, фосфор қышқлы, сұйық күйде,мысалы, күкірт, азот қышқылы, газ күйінде,мысалы, тұз, күкірт қышқылы, бола алады.
Химиялық қасиеттері.Индикаторларға әсері. Қышқылдар судағы ерітінділерінде индикаторлар түсін өзгертеді. Оларда күлгін түсті лакмус ерітіндісі қызыл түске, метилоранждың алқызыл түсті ерітіндісі де қызғылт түске өзгереді, ал фенолфтолеин ерітіндісі түссіз күйде болады. Барлық қышқылдардың индикаторларды бірдей түске өзгертуін электролиттік диссоциация тұрғысынан олардың ерітінділерінде барлығына ортақ бірдей иондар – Н + сутек катиондары болуымен түсіндіріледі.
Металдармен әрекеттесуі. Сұйытылған күкірт қышқылы, тұз қышқылы т.б электрохимиялық кернеу қатарындағы сутектің сол жағында орналасқан металдармен әрекеттеседі. Реакция нәтижесінде тұз және газ күйіндегі сутек бөлінеді.Сонымен бірге негіздік және екідайлы оксидтермен, негіздермен, екідайлы гидроксидтермен , тұздармен әрекеттеседі.
Қолданылуы. Қышқылдар өздерінің химиялық қасиеттеріне сәйкес газдар жаңа қышқылдар, жаңа тұздар алуға қолданылады. Ұшқыш қышқылдар мен суда ерімейтін қышқылдарды көбіне тұздарына күшті қышқылмен әсер ету арқылы алады. Сонымен қатар , металлургияда металдарды оксидтерінен тазарту үшін, таза металдар алуға тыңайтқыштар, бояулар мен дәрі- дәрмектер, қопарғыш заттар алуға, мұнай өнімдерін тазартуда қолданылады.
2.Гидроксидтер.Еритін және
ерімейтін гидроксидтер.Алу
2Li+2HOH=2LiOH+H2↑
Sr+2HOH=Sr(OH)2+H2↑
2. Белсенді металдардың оксидтері
К2O+Н2O=2КOН
3. Ерімейтін және екідайлы
ZnSO4+2NaOH=Zn(OH)2↓+Na2SO4
Pb(NO3)2+2KOH=Pb(OH)2↓+2KNO3
4. Өндірісте ерімтал негіздерді олардың тұздарының
ерітінділерін электролиздеу ар
Негіздер дегеніміз молекула құрамында металл атомдарымен байланысқан
Негіздердің аталуы: Металл аталып оның валенттілігі жақша ішінде көрсетіліп гидроксиді деген сөз косылады:
NaOH—натрий гидроксиді, Са(ОН)2—кальций гидроксиді халықаралық номенклатура бойын
Кейбір негіздер үшін бұрыннан пайдаланып келген атаулары да бар, олар ерекше қасиеттеріне, белгілеріне қарай қойылған.
NaOH—күйдіргіш натр; Са(ОН)2—сөндірілген әк.
Қышқылдардың негізділігі түсінігіне негіздердің
ышқылдылығы сәйкес келеді, ол гидроксотоптардың санымен анықталады,химиялық реакцияларда олар қышқыл қалдығына алмасады. Негіздердің
калдықтарының валенттіліктері
Химиялық формулалардың молекуладағы ато
Негіздердің судағы ерітінділер
Қышқылдар сияқты барлығына ортақ анықтағыштары (
Барлық негіздерге ортақ қасиет - олардың қышқылдармен әрекеттес
Негіздердің қышқылдармен әрекеттесуін мына тәжірибеден көруге болады. Стаканға шамалап калий гидроксидін құйып алып, оған 1-2 тамшы фенолфталеин ерітіндісін тамызсақ ол таңқурай түсіне боялады. Енді осы стаканға жайлап шыны таяқшаменараластыра отырып күкірт қышқылының ерітіндісін тамызсақ, ерітіндінің түсі біртіндеп жойылады. Себебі мына реакция жүреді:
2КОН + H2SO4 = K2SO,4 + Н2О
Суда ерімейтін негіздер де қышкылдармен әрекеттеседі
Ғе(ОН)3+ЗНСl=ҒеСl3+ЗН2O
Осы реакцияның жүргенін бастапқы қызыл-коңыр түстің біртіндеп сарғыш тартқанынан және тұнбаның еруінен білуге болады. Бұдан мынадай тұжырымға келеміз:
негіз + қышқыл = тұз + су
Сынауыққа жаңадан әзірленген әк суынан аздап құйып алып, оған шыны түтікпен үрлесек, біраздан кейін лай пайда болады, себебі біз тыныс алғанда бөлінген көмірқышқыл газы реакцияға түседі:
Ca(OH)2+CO2=CaCO3↓+H2O
сілті + қышқылдық оксид = тұз + су
Суда ерімтал негіздердің (сілтілер) ерекше қасиеттері - ерімтал тұздармен әрекеттесе алуы.
Бұл реакция жүру үшін нәтижесінде бір зат тұнба
3NaOH+FeCl3=Fe(OH)3↓+3NaCl
Ba(ОH)2+Na2SО4=BaSО 4↓+2NaOH
Сонда мынадай қорытынды жасауға болады:
ерімтал жаңа жаңа сілті + тұз = тұз + негіз
Cu(ОH)2→СuО+H2О—Q
Олар қышқылдармен әрекеттескенде тұз және су түзеді, негіздік қасиет көрсетеді.
Zn(ОH)2+H2SО4=ZnSО4+2H20
Ал сілтілермен әрекеттескенде
Zn(OH)2→H2ZnO2
H2ZnO2+2NaOH=Na2ZnO2+2H2O
су + тұз сілті + екідайлы гидроксид+ қышқыл→тұз + су[2]
Тұздар орта, қышқыл, негіздік, қос және кешенді болып бөлінеді.
Тұздар көбіне халықаралық номенклатура бойын
Гидролиз тұрғысынан тұздар 4 топқа жіктеледі:
Күшті қышқыл мен күшті негізден түзілген
тұздардан [KCl, NaCl, Ca(NO3)2] басқасы гидролизденеді. Тұздар
қышқылдармен, сілтілермен және өзара
ион алмасу реакцияларына түседі, металдармен
әрекеттеседі. Тұздарды алудың 10-нан аса
жолы бар. Тұздар табиғатта кең таралған.
Тұздар қатты (ас тұзы) және еріген күйінде көл, теңіз, мұхит
суларында, өсімдіктер мен жануарлар организмінде
кездеседі. Тамақ өнеркәсібінде, ауыл шаруашылығында, медицинада, ме