Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Мая 2014 в 10:24, шпаргалка
Работа содержит ответы на вопросы для экзамена по "Неорганической химии" на казахском языке.
Химиялық тепе-теңдік кезінде реакцилар тоқтамай, тек қарама-қарсы реакциялардың жылдамдықтары ғана теңесетін процесс болғандықтан оны жылжымалы динамикалықтепе-теңдік дейміз. Тепе-теңдікке келген жүйені, жағдайын өзгертпесе, қанша да болса ұзақ уақыт сақтауға болады. Ал, реакцияға қатынасушы заттың біреуінің болса а концентрациялары болмашы өзгертсек болғаны, тепе-теңдігіміз бұзылып, ауып, басқа заттардың барлығының концентрациялары өзгере бастайды. Тепе-теңдіктің бұзылуынан концентрациялардың өзгеру процесінтепе-теңдіктің аууы не ығысуы дейді.
Ле-Шателье принципі. Химиялық тепе-теңдік тұрақты жағдайда ғана қалпында болады. Жағдайын-концентрацияны, температураны, қысымды-өзгертсе, тепе-теңдік бұзылып, тіке немесе кері реакцияның бағытына қарай ауып ығысады. температура мен қысымды өзгертудің тепе-теңдікке тигізетін әсерімен танысайық. Жағдайын өзгерткенен химиялық тепе-теңдіктің ығысуының тәртібі Ле -Шателье принципі деп аталатын жалпы бір ережеге бағынады. Химиялық тепе-теңдік күйіне келіп тұрған жүйенің жағдайының (концентрация, температура, қысым) біреуін өзгерту, тепе-теңдікті сол өзгертуге қарсы әрекет туғызатын реакция бағытына қарай ығысады.Ле-Шательенің (1887ж) принципі химияға да, физикаға да ортақ жалпы принцип, біз оны бұл арада химиялық тепе-теңдікке температураның әсерін білу үшін Ле-Шателье принципин қолданатын болсақ: Температура көтерілгенде тепе-теңдік эндотермиялық реакция бағытына қарай, ал температура төмендегенде экзотермиялық реакция бағытына қарай ығысады. Мұны Вант-Гофф заңы деп атайды. N2+O2→2NO Басқаша айтқанда, бұл қайтымды реакциялардың тепе-теңдікке келіп тұрған жағдайында температурасын көтергенде, олар жылу сіңіретін - эндотермиялық реакцияның бағытына қарай ығысады; температурасын төмендетсек, тепе-теңдік жылу шығаратын -экзотермиялық реакцияның бағытына-солға қарай ығысады. Химиялық тепе-теңдікте тұрған заттардың ішінде газ күйіндегі заттар болса, онда тепе-теңдікке қысымның да әсері болады. Ле-Шателье принципіне сәйкес тепе-теңдікте тұрған жүйенің сыртқы қысымын күшейткенде тепе-теңдік жүйедегі молекулалардың жалпы саны азаятын реакцияның бағытына қарай, демек жүйенің ішкі қысымы кемитін жаққа қарай ығысады. Керісінше, сыртқы қысымды кеміткенде тепе-теңдік жүйедегі молекулалардың жалпы саны көбейетін реакцияның бағытына қарай , яғни ішкі қысымның өсуі жағына қарай ығысады.
Сутегі (латынша Hydrogenium),
Сутекті алғаш Г.Кавендиш зерттеп, оны «жанғыш ауа» деп атаған (1766). А.Лавуазье сутектің қасиеттерін зерттеп, химиялық элементтер тізіміне қосыпты (1787). «Сутек» терминін орыс химигі М.Ф.Соловьев ұсынды (өз тілінде, 1824).
Сутекті алғаш рет мырышпен тұз және күкірт қышқылын әрекеттестіру аркылы 1776 жылы Г. Кавендиш алған. Ол оған «жанғыш ауа» деген ат берген, себебі ол жай заттардың
арасындағы өте жанғыш газ. Ал 1783 жылы А. Лавуазье мен Ж. Менье суды термиялық айырып, ол оттек және
сутек элементтерінен тұратынын анықтаған,
казіргі колданылып жүрген атауын (Hydrogenium- су тудырушы) француз ғалымы А. Штон де Морво берген (1787 жылы). Оның орысша да, қазақша да аттары
осы мағынаны білдіреді.
Табиғатта тұрақты екі изотопы 1Н (протий) және 3Н (тритий) кездеседі, жасанды жолмен радиоактивті изотопы 3Н мен өте тұрақсыз 4Н алынған. Сутек - әлемде көп тараған
элемент. Массасы бойынша атмосферадағы сутектің мөлшері 3,5 *10 -6%литосфера мен гидросферада
Сутек иіссіз, ең жеңіл газ, суда ерімейді, палладий, платина, н
Асыл (инертті) газдар мен асыл металдардан басқа элементтердің
көпшілігімен химиялық қосылыстар түзеді. Күштітотықсыздандырғыш болғанд
Мысалы:
CuO +H2 =Cu + H2O және Fe3O4 +4H2 =3Fe+ + 4H2O, т.б.
Сутек азотпен әрекеттесіп,
Сілтілік және сілтілік жер металдармен әрекеттесіп гидридтер (LiH, NaH, CaH2, BaH2,т.б.) түзеді. Сутектің аса маңызды реакциясына CO-мен әрекеттесіп, температура, қысым, катализатор әсеріне байланысына әр түрлі органикалық қосылыстар (HCHO, CH3OH т.б.) түзу жатады.
Сутек элементінен тұратын жай зат — сутегі, ол екі атомнан тұрады, формуласы
Кәдімгі жағдайда сутегі тұрақты зат, ал қыздырғанда кейбір жай заттармен реакцияға түседі. Сутегі оттегінде көзге көрінбейтін жалынмен су түзе жанады. Бұл үдеріс баяу жүреді.
2Н2+ 02 = 2Н20 + 572кДж
Жай заттардан күрделі зат олардың тікелей әрекеттесуі аркылы алынса синтез деп аталады.
Бұл реакцияны жүргізу үшін калың қабырғалы сынауық алып, оны үшке бөліп сыртынан белгілеп алып, 1 бөлік О2, жәнө 2 бөлік Н2 жинап аламыз да (суды ығыстыру арқылы) оны орамалмен ораймыз. Сынауықтың аузына жанған шырпы апарғанда қопарылыс бере реакция жүреді. Сутегі оттегімен шабытты әрекеттеседі, нәтижесінде су түзіліп, жылу бөлінеді.
V(Н2): V(02) = 2 : 1 болғанда ғана олар қопарылыс береді, сондықтан осындай қатынаста алынған газ қоспасын «күркіреуік газ» деп атайды. Сутегі хлормен реакцияласқанда өткір иісті хлорлы сутек газын береді.
Н2 + Сl2 = 2HCl↑.
Қыздырылған күкірт арқылы сутегін өткізсек, жағымсыз иісті күкіртті сутек газы түзіледі:
Н2+ S H2S↑
Бейметалдардың сутекпен қосылыстарын атау үшін сутекті қосылыс түзуші, элемент атына ды, ді, ты, ті, лы, лі жалғаулары жалғанып, сутек сөзі қосылып оқылады.
Мысалы: HCl - хлорлы сутек; НВr - бромды сутек; H2S - күкіртті сутек; НҒ - фторлы сутек.
Кейбір бейметалдардың сутекті қосылыстарының тарихи қалыптасқан атаулары бар:
Сутегі өте белсендіметалдармен әрекеттескенде гидридтер деп аталатын тұз төрізді қатты заттар түзіледі:
H2+2Na=2NaH натрий гидриді
Н2+Са=СаН2 кальций гидриді
Сутектің металдармен қосылыстарын атау үшін металл атына гидриді деген сөз қосылып оқылады.
Күрделі заттарменәрекеттесуі: Егер мыс (II) оксидін қыздырып, оған сутегін жіберсек мыс оксидінің қара түсі жойылып қызыл түсті мыс бөлінеді:
CuO + Н2 = Н2О+Cu
Бұл реакцияда тотықсыздану үдерісі жүреді, өйткені сутек мыс (II) оксидіндегі оттекті өзіне қосып алады, сөйтіп сутек тотығады, ал мыс тотықсызданады.
Өнеркәсіпте сутек метанда конвергенциялау (
) несмесе суды электролиздеу (
) арқылы ашылады. Мұнай және химия өнеркәсібінде
қосымша өнім ретінде сутек бөлінеді.
Лабараторияда сутекті сұйытылған тұз
(
) немесе күкірт (H2SО4) қышқылдарына мырышпен әсер етіп
алады. Дүние жүзінде жылына шамамен 350*109
тонна сутек өндіріледі. Сутек, аммиак,
тұз қышқылы, жасанды сұйық отын алуда,
майларды гидрогенезациялауда, металдарды
сутек-оттек жалынында кесуде, мұнай фракцияларын гидротазалау мен
Сутектің жерде кездесетін ең мол көзі - су, сондықтан оны өндірісте суды тұракты электр тогының көмеимен айыру арқылы алады: 2Н2O = 2Н2↑ +02 ↑ бұл реакцияны алғаш рет А. Лавузье мен Ж. Менье қыздыру арқылы іске асырған (жоғары бағытталған бағдарша заттың үшқыштығын көрсетеді).
Сутегіні ендірістік мақсатта алудың басқа да тәсілдері бар.
Ал зертханаларда белсенді металдын, (Zn, Mg) қышқылдармен әрекеттесу реакциясы арқылы алады. Көп жағдайда мырышты пайдаланады. ↑
Бұл реакцияны жүргізу үшін газ өтетін түтігі бар сынауыққа 2-3 түйір мырыш салып, үстіне сұйытылған тұз немесе күкірт (H2S04) қышкылын құямыз. Сонда металл бетінен газ көпіршіктері (Н2) көтеріле бастайды. Бөлінген сутегін судың астында жинауға болады, өйткені сутегі суда нашар ериді немесе ауаны ығыстыру арқылы жинауға болады. Сутегіні жинайтын ыдыс төңкеріліп ұсталуы тиіс. Себебі сутегі ауадан 14,5 есе жеңіл. Енді осы тәжірибені күкірт қышқылымен жүргізейік: ↑ Бұл реакцияларда белсенді металл қышқыл құрамындағы сутектің орнын басып тұр, олай болса реакция типі - орын басу.
белсенді металл + қышқыл = тұз + сутек газ |
Осылайша алынған сутегінің тазалығы тұрған спирт шамына немесе шырпыға сутек жиналған сынауықты апарамыз, сонда сутегі таза болса баяу «пах» деген дыбыс шығарады, ал таза болмаса (сынауықтағы ауа толығынан ығыспаса) дыбыс қаттырақ естіледі. Сутегіні алу үшін өте белсенді металдар қолданылмайды, ол экономикалық жағынан тиімсіз. Металдың белсенділігі өте жоғары болғанда (К, Na, Са) олар сутекті судың құрамынан да ығыстыра алады: 2Na + 2HOH = 2 NaOH + Н2 ↑
Бұл реакция ете шабытты жүреді, бөлінген сутегінің өсерінен металдың түйіршігі су бетінде айнала қозғалып («жүгіріп») жүреді. Дәл осындай реакция кальцийді алғанда да байқалады. Са+ 2НОН = Са (ОН)2+ Н2↑ Зертханаларда сутегін және басқа да газдарды (С02, H2S, т.б.) қажеттілігіне қарай дүркін-дүркін алып түру үшін арнайы құрылғы қолданылады, ол «Кипп аппараты» деп аталады.
Сутек пен оттектің химиялық қосылысы.
Судың сапалық құрамы сутек пен оттектен тұратыны, ал сандық құрамы екі сутек атомы мен бір оттек атомынан тұратындығы мәлім.
Судың айырылуы электр тогының әсерінен жүреді, бұл реакциямен сендер сутекті алу әдісі бойынша таныссыңдар:
2H2O→2H2↑+O2↑
Күрделі заттың құрамдас бөліктеріне айырылуы - анализ деп аталады.
I. Судың металдармен әрекеттесу
реакцияларын сутегін ал
2Na + 2НОН = 2NaOH + Н2↑
Са + 2НОН = Са(ОН)2+ Н2↑
Белсенділігі тым жоғары емес металл сумен әрекеттескенде оның оксиді түзіледі:
Mg + НОН = MgO + H2
Белсенділігі төмен металдар сумен әрекеттеспейді.
II. Бейметалдармен әрекеттесуі: Су
кейбір бейметалдармен де
С + НОН=СО↑+Н2↑
Көмірді жағарда оған су қосып шылайтынын білесіңдер, сонда түзілген екі газ да жанғыш екен. Хлорды суға жібергенде екі қышқылдың қоспасы түзіледі.
Сl2 + НОН = НСlO + HCl
I. Активті металдардың оксидтерім
Na20 + Н20 = 2NaOH
Әктасқа су қосқанда оның қайнай бастағанын көреміз, реакция жылу бөле жүреді: СаО + Н20 Са (ОН)2 + Q
Металл оксидтері + су = негіз |
II. Кейбір бейметалдардың
S + O2 =SO2
Жану өнімін суға жіберсек: S02 + Н20 = H2S03 күкіртті қышқыл түзіледі, көк лакмус қызарады. Дәл осындай реакциялар басқа бейметалдардың да оксидтерімен жүреді. Сl20 + H20 = 2HCl0 N2O3 + H20 = 2HN02
Бейметалл оксидтері + су = қышқыл |
III. Белсенділігі жоғары
NaH + НОН = NaOH + Н2↑
IV. Кейбір тұздар сумен химиялық
әрекеттесіп
CuS04 + 5H20 = CuS04 * 5H20 мыс купоросы;
FeS04 * 7H20 темір купоросы;
Na2S04 * 10H20 глаубер тұзы.
Ауыр су — судың ауыр изотоптық түрі[1]. Химиялық формуласы HDO немесе
D2O. Оны 1932 жылы Америка ғалымдары Г. Юри
және Э. Осборн ашқан, алғаш 1933 жылы таза суды
электролиздеу арқылы бөлініп алынған.
Ауыр су құрамында сутегі атомдарының орнын оның ауыр
изотопы — дейтерий басқан. Ауыр су табиғи
және атмосфералық сулардың құрамында
кездеседі. Өзен мен көл сулары