Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Ноября 2012 в 23:48, реферат
Көміртек барлық тірі организмдердің тәнінде болумен қатар, солардың ыдырауының нәтижесінде жаралған тас көмір, мұнай т.б. органикалық заттардың, онымен қатар анорганикалық заттарда да, көпшілік минералдардың құрамында болады. Ондай минералдар – жер бетінің әр жерінде тау-тау болып, жиналып кездесетін кальцит – СаСО3 (ізбес тас, мрамор, бор түрлерінде) және магнезит MgCO3 пен доломит – СаСО3∙МgCO3
Н2О + СО2 Н2СО3
Судағы ерітіндісінде қышқыл өте тұрақсыз болғандықтан, көміртек диоксиді мен суға ыдырап кетеді:
Н2СО3 СО2 + Н2О
Көміртек диоксиді СО2 негіздік оксидтермен әрекеттесіп, тұз түзеді:
Кальций гидроксидінің мөлдір ерітіндісіне СО2 газын жіберсе, ақ түсті тұнба-кальций карбонаты СаСО3 пайда болады:
СО2 + Са(OH)2 = CaCO3 + H2O
Кальций карбонатының судағы ерітіндісіне көміртек (IV) оксидінің артық мөлшерін жіберсе, суда еритін кальций гидрокарбонаты Са(HCO3)2 түзіледі:
Қолданылуы. Көміртек диоксиді тамақ өнеркәсібінде, сусынды, минералды суды газдандыруға, өрт сөндіруге, «құрғақ мұз» деген атпен тоңазытқыш қондырғыда қолданылады. Тамақ өнеркәсібінде көміртек диоксидімен өңдеп қантты тазартады. Одан кристалдық сода, көмір қышқылы, ас содасы, жуғыш заттар алып, тұрмыста қолданылады.
Көмір қышқылы Н2СО3 екінегізді әлсіз электролит, ол тұрақсыз қосылыс, бос күйінде алуға болмайды.
Көмір қышқылының Н2СО3 құрылымдық формуласы:
Көмір қышқылының судағы ерітіндісі әлсіз электролит, оның диссоциациялану дәрежесі 0,17%. Екінегізді қышқыл ретінде сатылап Н+ және НСО3- ионына диссоциацияланады да, карбонат ионының СО32- мөлшері аз болады:
Н2СО3 Н+ + НСО3- гидрокарбонат ионы
НСО3- Н+ + СО32- карбонат ионы
Химиялық қасиеттері.
Көмір қышқылы
басқа екінегізді қышқылдар
Н2СО3 + 2NaOH = Na2CO3
+ 2H2O
H2CO3 + NaOH = NaHCO3 + 2H2O
Гидрокарбонаттарға
сілтінің артық мөлшерімен
NaHCO3 + NaOH = Na2CO3 + H2O
Көмір қышқылының мынадай тұздары: Na2CO3, К2СО3, (NH4)2CO3 суда жақсы ериді, қалған карбонаттар суда аз ериді немесе ерімейді. Ал гидрокарбонаттарының бәрі суда жақсы ериді.
Көмір қышқылының тұздары қыздырғанда ыдырайды:
CaCO3 = CaO + CO2
2NaHCO3 = Na2CO3 + CO2 + H2O
Натрий және калий карбонаттары суда ерігенде гидролизденіп, сілтілік орта көрсетеді:
Na2CO3 + HOH NaOH + NaHCO3
CO32- + HOH HCO3- + OH- (сілтілік орта)
Басқа тұздардан карбонаттарды және гидрокарбонаттарды ажыратып-тану үшін күшті қышқылмен әсер етеді.
Карбонаттар мен гидрокарбонаттар анионын СО32- , НСО3- анықтайтын сапалық реакцияларға мынадай тәжірбие жасап көз жеткізуге болады. Мәселен, натрий карбонатына күшті қышқылдармен HCI, H2SO4 әсер етсе, «быжылдаған газ» бөліне бастайды. Ол СО2 газы:
Бөлінген көміртек (IV) оксидін мөлдір әк суынан өткізгенде, ақ түсті тұнба – кальций карбонаты СаСО3 пайда болады:
Қолданылуы. Тұздардың ішіндегі көп қолданылатыны, натрий гидрокарбонаты NaHCO3, ол ас содасы деп те аталады. Адам асқазанында қышқыл көбейгенде 2% - тік сода ерітіндісін ішеді. Ас содасы және аммоний гидрокарбонаты нан пісіруде, кондитер ісінде көп қолданылады.
Табиғи карбонаттар ішінде көп тарағаны кальций карбонаты СаСО3 деп аталатын минерал ретінде белгілі. Ол бордың, мәрмәрдің, әктастың негізі құрам бөлігін құрайды. Натрий карбонатының декагидраты Na2CO3 ∙10H2O химия өнеркәсібіне қажетті өнімнің бірі. Егер оны өте қатты қыздырса, кристалданған су ұшып, сусыз сода түзіледі:
2Na2CO3 ∙ 10H2O = Na2CO3 + 10H2O
Түзілген өнімнің техникалық атауы – кальцийленген сода. Оны пайдаланып, өндірісте сабын, шыны және кір жуатын заттар алады.
Құрамында көміртек бар заттар табиғатта көп таралған. Олардың бірі бұзылып, екіншісі түзіліп жатады. Органикалық заттар жанғанда, шірігенде көміртек (IV) оксиді атмосфераға таралады. Ал жасыл өсімдіктер жарықта күн сәулесінің энергиясын сіңіре отырып, фотосинтез процесі кезінде СО2 мен Н2О – дан органикалық зат – глюкоза С6Н12О6 түзеді. Бұл процесс күрделі, жалпы реакция теңдеуін былайша өрнектеуге болады:
6СО2 + 6Н2О С6Н12О6 + 6СО2
Табиғатта бос күйіндегі оттек газы және жануарларға азық болатын органикалық заттар осылай пайда болады. Адам өсімдіктерден және жануарлардан алынатын тағамдарды пайдаланады. Ондағы көміртек қосылыстары адам организміне өтеді. Тіршілік ету нәтижесінде организмде үздіксіз зат алмасу процесі жүреді де, көміртек қосылысы соңғы өнімдермен бірге тыныс алғанда, көміртек (IV) оксиді түрінде қоршаған ортаға бөлініп шығады.
Осы айналым
табиғатта жалғаса береді. Өсімдіктер
мен жануарлар қалдығының
Атмосферадағы
жинақталған көмірқышқыл газы
фотосинтез процесіне
Тау жыныстары
мен минералдар мүжілгенде, көмірқышқыл
газының қатысуымен
Көміртектің
айналымы осылай табиғатта
Пайдаланған әдебиеттер
1. Б.А. Бірімжанов «Жалпы химия», 327-342 беттер
2. Н.Нұрахметов, К.Сарманова,
К.Жексембина, Н.Заграничная, Ә.