Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Апреля 2014 в 20:04, реферат
Ең атақты мұғалім ретінде даңқы шықты. Халық оны сүйіспеншілікпен Құң ұстаз деп атады. Конфуцийдің мектебінде төрт пән – ақлақ (мораль), тіл, саясат және әдебиет оқытылды. Конфуций 50 жасында Лу патшалығының жоғары дәрежелі мемлекеттік қызметшісі болып істеді. Сол шақта саяси қызметін бастады. Алайда, қаскөйлік интригалдар салдарынан лауазымды жұмысынан кетуге мәжбүр болады. Содан 13 жыл бойы Ежелгі Қытайдың Лу патшалығынан басқа мемлекеттерін аралайды. Бірақ еш жерде өз идеяларын қолданысқа енгізе алмайды да, ақыры 484 ж. еліне қайтып оралады. Содан өмірінің соңына дейін ұстаздықпен және көне даналық кітаптарды жинап, өңдеп, таратумен шұғылданған.
1 Өмірбаяны
2 Шығармашылығы
3 Идеялары
4 Ұлы моралист
5 Конфуцийлік-даосистік мәдениет
5 Пайдаланылған әдебиеттер
ҚР ғылым және білім министерлігі
Тақырыбы: Конфуций және оның ілімі
Орындағандар: Қабдылов Еркебұлан
Қаскелең 2014
Жоспар:
1 Өмірбаяны
2 Шығармашылығы
3 Идеялары
4 Ұлы моралист
5 Конфуцийлік-даосистік мәдениет
5 Пайдаланылған әдебиеттер
Конфуций, Кун-цзы, яғни ұстаз,"Ұстаз Күн" деп атаған. Құң-фу-цзы (б.з.б. 551, Цзоу, Лу патшалығы (қазіргі Қытайдың Шандунь провинциясындағы Цюйфу қаласы – 479 ж.ш., сонда) – Ежелгі Қытай ойшылы, философ, тарихшы, мемлекет қайраткері, Қытайдың мемлекеттік діні – конфуцийшілдіктің негізін салушы. Кедейленген ақсүйектер отбасында дүниеге келген. Өмірінің көп бөлігін Лу патшалығында өткізген. Б.з.б. 11 – 3 ғасырларда болған осы көне мемлекет ежелгі дәуірдегі қытай тарихы мен мәдениетінің дамуында елеулі рөл атқарғанмен, 6 – 5 ғасырлардан бастап құлдырау кезеңін бастан кеше бастаған-ды. Сондай шақта өз отанында өмір сүрген Конфуций өзіне дейін өркен жайған философиялық ой маржандарын оқып-тоқып өсті. Жас шағында төменгі буындағы шенеунік қызметін атқарып жүрді. Сосын жеке мектеп ашып, 22 жасында бала оқыта бастады. Кофуцийдің он мыңга жуык шәкірттері бар және жиырма шактысы ертелі-кеш жанында болган деген деректер бар. Қытайдағы тұңғыш жекеменшік оқу орнының негізін қалаушы атанды.Ең атақты мұғалім ретінде даңқы шықты. Халық оны сүйіспеншілікпен Құң ұстаз деп атады. Конфуцийдің мектебінде төрт пән – ақлақ (мораль), тіл, саясат және әдебиет оқытылды. Конфуций 50 жасында Лу патшалығының жоғары дәрежелі мемлекеттік қызметшісі болып істеді. Сол шақта саяси қызметін бастады. Алайда, қаскөйлік интригалдар салдарынан лауазымды жұмысынан кетуге мәжбүр болады. Содан 13 жыл бойы Ежелгі Қытайдың Лу патшалығынан басқа мемлекеттерін аралайды. Бірақ еш жерде өз идеяларын қолданысқа енгізе алмайды да, ақыры 484 ж. еліне қайтып оралады. Содан өмірінің соңына дейін ұстаздықпен және көне даналық кітаптарды жинап, өңдеп, таратумен шұғылданған. Конфуций өзіне арнайы бөлінген орынға жерленген. Оның қасына ұрпағы, жақын шәкірттері мен ізбасарлары қойылған. Тұрғын үйі ғибадатханаға айналдырылып, Конфуций рухына тағзым етушілер зиярат жасайтын орын ретінде әйгілі болған. Конфуций ілімі ол қайтыс болғаннан кейін б.з.б. 136 ж. мемлекеттік идеологияға айналған шақта ол “он мың ұрпақтың ұстазы” деп жарияланды. Мемлекет Конфуцийді 1503 ж. қасиеттілер, әулиелер қатарына қосты. Конфуций есімі Қытайда 1911 ж. болған ұлттық-буржуазиялық революцияға дейін ресми түрде ардақталған.
Конфуций өзіне тән төл ілім жасамаған деген пікір қалыптасқан, ол Ежелгі Қытайдың бес классикалық шығармасын – “Шуцзин” (тарих кітабы), “Щицзин” (әндер мен гимндер кітабы), “Лицзин” (рәсімдер туралы жазбалар), “Юэцзин” (музыка туралы кітап), “Ицзин” (өзгерістердің канондық кітабы) жинастырып, қайта әңгімелеген және оларға түсіндірмелер берген. Осы ретте тұжырымдалған басты көзқарастары мен ілімі жайындағы мағлұматтар “Әңгімелер мен пайымдар”' (“Лунь юй”) деген кітапта таратылып баяндалған. Бұл кітап Конфуций айтқан ойлар мен оның жақын шәкірттерімен және ізбасарларымен әңгіме-дүкенінің жазбасы болып табылады. Зерттеушілер Конфуцийдің жеке басына тиісті деп тек “Көктем мен Күздің, Лу мемлекетінің тарихы кітабына” түсіндірмелерін атайды. “Ұлы ілім” мен “Аралық туралы ілім”' атты туындылар да Конфуцийдің өзінікі емес, ол тек мұның екеуін де қайта әңгімелеп берген деп саналады. Конфуций ілімінің өзіндік сипаты антропоцентризммен, яғни адамды ғаламдық ғимараттың кіндігі және ең жоғарғы мақсаты деп білетін көзқараспен айқындалады. Конфуций ой-пікірінің негізгі мазмұны табиғат заңдарына сәйкес келетін, адамдардың бірлесіп өмір сүруіндегі парасатты реттілікті, тәртіпті қамтамасыз етудің аса маңызды шарттары болып табылатын қарапайым да ғаламат зор “5 ізгілікті” ұғындыруға арналған. Конфуций ғарыш пен әлемнің пайда болуы, эволюциясы мәселелерімен әуестенбеген деген пікір бар, өйткені ол рухтар мен о дүние мәселесіне көңіл бөлмеген. Бұл Конфуцийдің:” “Өмірдің не нәрсе екенін білмей тұрып, өлімнің не екенін білу мүмкін бе?”, – деген, сондай-ақ: “Адамдарға қызмет ете білмей тұрып, рухтарға қалай қызмет көрсетуге болады?” – деп түйген қағида іспетті ой-тұжырымдарынан аңғарылады. Ол адам проблемасына, оның ақыл-ойына, адамгершілік кескін-келбетіне мол көңіл бөлді. Конфуцийдің саяси-этикалық маңызды ұғымы – адамшылық, адамның әділ, ақжүрек болуы (жэнь). Ұлдың кішіпейіл болуын, ата-ананы, жалпы үлкен кісілерді сыйлап жүруін анықтайтын “сяо” тұжырымдамасы да осы қатарда. Бұл екі ұғым жасы үлкен мен орны жоғары адамдарға сый-құрмет көрсетіп отыруға, ел басына адалдыққа, т.с.с-ларға негізделген этик. және әлеуметтік қатынастар жиынтығын білдіреді. Ол “текті ерлерді” (цзюнь цзы) шешімді түрде “ұсақ пенделерге” (сяо жэнь) қарсы қойып отырған. Алғашқысы кейінгісін басқарып отыруға, оларға үлгі болуға тиіс деген.
Осындай этикалық теориялары негізінде Конфуций өзінің саяси тұжырымдамасын дамытты, бұл орайда оның: “Билеуші – билеуші, ал бағынышты – бағынышты, әке – әке, ал ұл – ұл болу керек”, – деген атақты сөзі кеңінен мәлім. Конфуцийдің мемлекетті “адамгершілікпен басқару” теориясы оған дейін де болған идеяға – басқарушы билігін құдіреттендіру идеясына сүйенді. Соған сүйене отырып, оны дамытты әрі негіздеді. “Басқару – түзету деген сөз” деген қанатты сөзбен тұжырымдалатын негізгі принцип “чжень мин” ілімінде көрініс тапқан. Мұнда Конфуций қоғамдағы әр нәрсені өз орнына қою қажеттігін, әркімнің міндетін қатаң да дәл анықтау керектігін айтты (Конфуций бойынша мемлекет – үлкен отбасы). Ол ел билеушілерін халықты заңдар мен жазалаулар негізінде емес, ізгілік жасаушылар жәрдемімен биік адамгершілік, имандылық қасиеттер танытатын тәртіпті үлгі ету жолымен басқаруға үндеді. Халықты салық, салғырт салумен қинамай, әдет құқығы негізінде басқаруды қош көрді. Ең бастысы – шынайы принципті әрқашан басқарушы қатаң ұстануға тиіс деп білді, сонымен бірге адамдар мен олардың игіліктеріне қамқорлық көрсету – басқарушы парызы. Адамдардың байлық пен мәртебені бәрінен жақсы көріп, кедейлік пен жасқанбаушылықты жек көретіндерін дана билеуші жақсы білуге тиіс. Билеуші үшін – кісі сеніміне ие бола білу өте қажет. Осы пайымынан туындайтын: “Билікке қалай жетуге болады?”– деген сұраққа Конфуций: “Халықтың сүйіспеншілігіне қол жеткіз, – деп жауап берген, – сонда сен билікке жетесің, егер халықтың сүйіспеншілігін жоғалтар болсаң, онда билікті де жоғалтып аласың”.
Конфуцийді ұлы моралист деп атайды, өйткені ол өзінің саяси-әлеуметтік доктринасын моральдік максимумдарға – биік мораль, лайықты, дұрыс тәртіп, этикет эталондарына (ли) негіздеді. Нашар мінез бен келеңсіз әдетті өзгертудің ең жақсы құралы ретінде музыкаға (юе) зор мән берді. Конфуций мүлтіксіз, жетілген адам (цзюнь-цзы) тұжырымдамасын жасады. Мұндай адамның асылдығы, Конфуций бойынша, шыққан тегіне емес, алған тәрбиесіне байланысты болмақ. Өте оңды, тамаша адам өзін-өзі жетілдіру нәтижесінде қалыптасады. Ойшыл ретінде Конфуций мұндай кісіні адамшыл (жень), әділ, адал, ақжүрек болу керек деп есептейді. Ол әрқашан білім ала беруге ұмтылып тұруға тиіс. Ата-анасына, жалпы қарт адамдарға айрықша ілтипатпен қарым-қатынас жасау ләзім. “Бүкіл өмірің бойы басшылыққа алуға тұратын сөз бар ма?” деген сұраққа орай Конфуций: “Бар, ол сөз – мейірімділік”, – деп жауап берген. Конфуций адамдар арасындағы (отбасында, қоғамда, мемлекетте) мүлтіксіз қарым-қатынас заңын мынандай қанатты сөзбен тұжырымдаған: “Өзіңе тілемейтініңді басқаға жасама”. Бертінгі ұрпақ адамгершіліктің алтын ережесі ретінде дәріптейтін осынау Конфуций іліміндегі тұжырымдама ілгерілі-кейінгі ойшылдар пайымдауында адам мінез-құлқы мен тәртібінің іргетасы іспетте қолданылуда. Конфуцийдің ізбасарлары оның ілімін басшылыққа алып, дамытып отырды. Мысалы, Мэн-цзы (б.з.б. 372 – 289 ж.) өз тұжырымдамасында басқарудағы басты рөлді халыққа берді. “Мемлекетте халық ең бастысы болып табылады, – деді ол, – одан кейін топырақ пен дән рухтары, ал ең соңғы орында ел басшысы тұрады”. Жалпы алғанда, Конфуций ізбасарларына қатаң әлеуметтік жіктелу идеясын, сондай-ақ, қоғам мүшелері міндеттерін отбасындағы қызмет бөлу тәрізді [[иерархия|иерархиялық бөлініске салуды жақтау идеясын қорғау тән. Мемлекет – халық игілігін қамтамасыз ету және қажет тәртіпті орнату құралы. Солай бола тұра, мемлекет бәрін қамтитын және баршаға ортақ, бәрі орындауға міндетті, бірақ бет-бейнесіз заңға да, тиран-билеушінің озбырлығына да сүйенбеу керек, керісінше, мемлекет – билеуші мен оның көмекшілерінің даналығына, ізгілік-мейірімділігіне арқа сүйеуге тиіс. Конфуцийдің саяси доктринасына әр заманда әрдайым мұқият көңіл бөлініп отырды. Конфуций мен оның ізбасарларының ілімінде бейнеленген идеялар осы күнге дейін Қытай саяси мәдениетінің аса маңызды құрамдас бөлігі болып табылады.
Конфуцийлік-даосистік мәдениет. Қытай этносы қытай халқының басқа халықтардан өзгеше мәдениетінің қалыптасуына ерекше ықпал жасады. Қытайлықтар болмыс құпиялары мен өмір мен өлім мәселелерінен гөрі жарылқаушыларға бас иіп, оларға еліктеуді өздерінің қасиетгі парызы деп санады. Қытай елінде о дүниедегі рахат өмірді уағыздаушылардан гөрі, осы нақты өмірдің мән-мағьнасын терең түсіне отырып «өмір үшін өмір сүруге» үйретушілерді ұлылар қатарына жатқызып, олардың даналық қағидаларына бас иген. Дәстүрлі қытай мәдениетінің өзіндік бет-бейнесінің қалыптасуына діннен гөрі, салттық этиканың ерекше әсер етуі де осы жағдайға тікелей байланысты болса керек.
Даосизм адамзатты табиғатпен бірлікке шақырды. Сонау көне заманда басталған бұл тамаша дәстүр ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып, күні бүгінге дейін өзінің өміршеңдігін көрсетіп отыр. Сон-дықтан да қытай халқының мәдени туындыларында адамның табиғатпен байланыстары жан-жақты көрсетіліп, тамаша бейнеленеді. Даосизмнің негізін қалаушы — Лао-Цзы өз заманында «кәрі дана» деген атаққа ие болған. Бұл діни жүйе діннен гөрі философияға жақындау болып келеді. Даосизм жергілікті дін ретінде б.з.б. VI ғасырда қалыптаса бастаған. Лао-Цзының өмірі туралы мәліметтер өте аз, әрі жұмбақ жақтары да аз емес. Сол кезеңдегі тарихи деректерге сүйенсек, этикалық ілімнің негізін қалаушы Конфуций Лао-Цзыға арнайы келіп одан өзінің шығармашылық қызметі жайындағы пікірін білгісі келетіндігін білдіреді. Бірақ, «Көрі дана» Конфуцийді «Әлеуметтік жобалар мен реформалар жасауға босқа уақыт кетірдің, оның барлығы да бос әурешілік» деп қатты сынға алады. Лао-Цзының тұжырымдауынша, халық даоны (дао — жол деген мағынаны береді) негізге алуы қажет, өйткені даосизм ілімінің негізі табиғатпен байланысты. Одан әрі ол былай деп пайымдайды: «Адамзат Жерге, Жер Аспанға тәуелді, Аспан даоны, ал өз кезегінде дао табиғилықты қажет етеді». Олай болса дао — адамзат баласының тіршілігі мен бізді қоршаған жарық дүниенің дәнекершісі болып табылады. Дао — жер бетіндегі тіршілік атаулының негізі, бүкіл заттық дүние мен табиғат құбылыстарының қайнар көзі. «Дао ілімінде жеке адамның адамгершілік тұрғыдан жетілуі — өзін қоршаған ортамен үйлесімділігімен байланыста қарастырылады. Лао-Цзының бұл атақты философиялық-діни қағидалары «О пути к добродетели» атты еңбегінде жан-жақты баяндалады.
Қытайдағы түрлі мәдени дәстүрлер тоғысында конфуцийлік ағым даосизм мен буддизмнен де басым болып, өзінің өміршеңдігін танытты. Бірақ, Конфуций ілімі оларды мүлде ығыстырған екен деген ұғым туып қалмауы керек. Қалай болғанда да, император У-дидің билігі кезінде Конфуций ілімі жұлдызы жанып үш діннен (сянь цзяо) де мерейі үстем болып, қытай қоғамында ерекше орынға ие болды. Конфуций ілімінің үстемдігін кездейсоқ жағдай деп қарастыруға мүлде болмайды, олай болатын себебі бүл жүйе осы бір ұлан-байтақ империяны басқаруға өте қолайлы болса, екінші жағынан, қарапайым халықты бағыныштылықта ұстаудың басты кепілі болды. Оның үстіне шенеуіктер аппараты осы діннің қағидаларына сүйене отырып, кей кездерде императорларға да ықпал ете алатындай дәрежеге жетті. Өйткені, императорға елді басқаруда шексіз билік берілгеніне қарамастан, император Конфуций қағидаларынан ауытқыса, немесе шектен тыс астамшылық жасап өз билігін дұрыс жүргізбесе, қоғамда экономикалық және әлеуметтік тоқырауларға жол берсе, сөйтіп өзінің сүреңсіз іс-әрекеттерімен халық наразылығын тудырса өз құқықтарынан мүлде айырылатын еді. Міне, сондықтан да бұл тезис Конфуций ережелерінен ауытқыған императорларға үлкен ескерту сияқты болатын. Осы тұрғыдан алып қарастырғанда, Конфуций ілімі саясатқа да, әкімшілік жүйенің қалыптасуына да өз әсерін тигізбей қойған жоқ. Бұл ілім қытай қоғамының сан-саласын жан-жақты қамтып қана қоймай, бүкіл қытай халқының ұлттық мәдениетінің қалыптасуына орасан зор ықпал жасады. Сонымен қатар бұл ілім дінге қарағанда мемлекеттік идеологияға және мемлекеттік адамгершілік заңдар жүйесіне өте жақын.
Конфуцийлік-даосистік мәдениет шеңберіндегі білімнің сипаты білімді батыс еуропалық тұрғыдан түсінуден мүлде басқаша болып келеді. XX ғасырда Еуропа ойшылдары қытай халқы мен қытай даналарының рухани және интеллектуалдық жетістіктеріне немқұрайлы, менсінбеушілік тұрғысынан қарап келді. Басқаны былай қойғанда, атақты Гегельдің өзі де қытай философтарының еңбектерін жете бағаламаған. Ол Конфуций жайында былай деп мәлімдеді: «Оның ілімі философиялық тұжырымдардан жұрдай, ал оның шығармаларына баға беретін болсам, автордың беделін сақтау үшін оларды шет тілдеріне аудармай-ақ қойған жөн болар еді». Бүл мәселе төңірегінде көптеген ғылыми зерттеулер жүргізген Батыс Еуропалық ғалым М. Каррьер былай деп жазады: «Әрине, қытайлықтардың еуропалықтардан бұрын талай жаңалықтар ашқандығына ешкім шүбә келтірмейді, бірақ олар тек өз пайдаларын ғана көздеді, сондықтан да бұл жетістіктер нағыз ғылым дәрежесіне көтеріле алмақ емес». Мұндай үзілді-кесілді айтылған пікірлер бізді мынандай ойға жетелейді: білім дегеніміздің өзі не, ал егер ол адамзаттың игілігі үшін қызмет ететін болса білімнің өзі қытай мәдениетінде қандай орын алған? Осы орайда, білімнің қоғамдық-тарихи тәжірибе арқылы тексерілген, ғасырлар ағымында ой елегінен өткізілген өмірлік шындықты тану процесінің заңды нәтижесі болып табылатындығын ешкім де жоққа шығара алмас. Түрлі салаларға бөлінетін «білім жүйесі» мәдениетпен, оның дәстүрлерімен және құндылықтар дүниесімен тығыз бай-ланыста болады. Олай болса, әрбір тарихи кезең мәдениетінің өзіндік менталитеті, өзіндік құндылықтары бар. Сонда төлтума мәдениеттен басқа мәдениеттерді қалай бағалауымыз керек? Бүл жайында В.М. Алексеев былай деп жазады: «Мәселе біздің жат елдің мәдениетін қалай қабылдауымызда емес, мәселе сол мәдениетті жасаушы қытайлықтардың өздеріне байланысты. Біздің әсеріміз, ой-пікіріміз қытайлықтардың өздері рахаттанып, ал біздердің таң қалған сәтімізден басталады»
Білім туралы конфуцийлік ілім әлеуметгік — өнегелілік мәселелерге арналған. Конфуций үшін «білу» — ол адамдарды танып-білу болып табылады. Бір ғажабы, қытай халқының ғылыми-техникалық саладағы тамаша жетістіктеріне қарамастан, табиғатты танып-білу Конфуцийді онша қызықтырмаған. Шындығында да, қытай ғалымдары ғылым мен техника саласында қомақты табыстарға жеткен. Тіпті Конфуций өмір сүрген кезеңнен бір мың жыл бұрын Хуанхэ жазығының байырғы тұрғындары күнтізбені, иероглифтерді және т.б. білген. Одан кейін олар компасты, оқ-дәріні ойлап тапқан, фарфор және жібек жасауды меңгерген. Бірақ Конфуций ғылыми-техникалық білім өте қауіпті, ол адамдардың рухани жетілуіне кедергі жасайды деп түсінген. Ол адам бойындағы табиғи қасиеттерді одан әрі дамытуды және оның кемшіліктерін жоюды өзінің басты азаматтық парызы деп түсінген. Ұлы ғүлама өз шәкірттеріне «Адамды ұлылыққа жеткізетін шындық емес, керісінше шындықты ұлылық дәрежеге жеткізетін — адам» деп қайталауды өте жақсы көрген. Конфуций адам бойындағы қателік-кемшіліктерді сырттай бақылап қана қоймай, оның жіберген қателіктерін мұқият зерттеуді өз шәкірттерінен қатаң талап етіп отырған. Ол кітаби білімді өмірден алшақ, сондықтан да ол ақылды адамның өзін де ақымаққа айналдырып жібереді деп есептеп, бұл ойын былай деп тұжырымдаған: «Сіз канонның үш жүз өлеңін жатқа айтуыңыз ғажап емес, бірақ сіз мемлекет сеніп тапсырған тиісті қызметіңізді ойдағыдай атқара алмасаңыз қаншама ғұлама бол- саңыз да сіздің білімділігіңізден не пайда?»