Конфуций және оның ілімі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Апреля 2014 в 20:04, реферат

Краткое описание

Ең атақты мұғалім ретінде даңқы шықты. Халық оны сүйіспеншілікпен Құң ұстаз деп атады. Конфуцийдің мектебінде төрт пән – ақлақ (мораль), тіл, саясат және әдебиет оқытылды. Конфуций 50 жасында Лу патшалығының жоғары дәрежелі мемлекеттік қызметшісі болып істеді. Сол шақта саяси қызметін бастады. Алайда, қаскөйлік интригалдар салдарынан лауазымды жұмысынан кетуге мәжбүр болады. Содан 13 жыл бойы Ежелгі Қытайдың Лу патшалығынан басқа мемлекеттерін аралайды. Бірақ еш жерде өз идеяларын қолданысқа енгізе алмайды да, ақыры 484 ж. еліне қайтып оралады. Содан өмірінің соңына дейін ұстаздықпен және көне даналық кітаптарды жинап, өңдеп, таратумен шұғылданған.

Содержание

1 Өмірбаяны
2 Шығармашылығы
3 Идеялары
4 Ұлы моралист
5 Конфуцийлік-даосистік мәдениет
5 Пайдаланылған әдебиеттер

Прикрепленные файлы: 1 файл

конфуций.docx

— 36.44 Кб (Скачать документ)

     Конфуций үшін тәжірибе — ең алдымен адамдар арасындағы қарым-қатынастар болып саналады. Дана адамның бойындағы ең басты қасиеттер — халықтан алшақтамауында, халық қалай өмір сүрсе, дәл солай тіршілік жасауында, қоғамдық салт- дәстүрлерді қатаң сақтай отырып, өмірден моральдық жағынан қанағат алуды басты орынға қоюында. Қытай қоғамында салт- дәстүрлер, салт-жоралар өмір сүрудің басты шарттары болып саналады. Демек, Конфуций үшін де салт-жоралар адам тіршілігінің, оның қоғамдық қызметінің негізі, адамгершілік қасиеттердің басты өлшемі, адамның белгілі бір ортада өзін-өзі үстай білуі жөнінде «Әңгімелер мен ой толғаулары» атты еңбегінде мынандай ақыл-кеңестер береді: «Қай ортада отырсаң да өзіңді құрметті қонақтарды қабылдап отырғандай ұстауға дағдылан. Қызмет бабында да өзіңді салтанатты құрбандықтарға басшылық жасап отырған адамдай сезін. Өзің қаламаған нәрсені басқаларға жасаудан сақтан. Осы айтылған өмірлік қағидаларды мүлтіксіз орындағанда отбасына ғана емес, сонымен бірге мемлекет мүддесіне ешқандай нұқсан келтірмейсің».

     Конфуций ілімі бойынша, салт-жораларды қатаң сақтаушы адамдар өзін қоршаған барлық адамдармен де татулық қарым-қатынаста өмір сүреді. Салт-жораларды сақтауда, әсіресе адам бойындағы «ұстамдылық» қасиетке айрықша мән-мағына берілді, өйткені ұлы ойшылдың пайымдауынша, ұстамдылық — өмір сүрудің негізгі шарты болып саналады. Сонымен қатар адамгершілік қасиеттер аясында саналылық пен ақылдылық және парыз бен қарызға да ерекше мән берілді. Осы сияқты адамгершілік қасиеттерді аяққа таптаған адамдарды қытайша «сөйлейтін жануар» деп атаған. Демек, Конфуций үшін адамгершілік — адамның мәдениеттілігінің ғана емес, сонымен бірге адам бойындағы бүкіл ізгілік қасиеттердің басты өлшемі болып саналады. Адамгершілік — адамның өз-өзіне жол табуы, ал ол жолды әрбір адам өзі таңдауы қажет. Ұлы данадан «Даналық дегеніміз не?» деп сұрағанда ол «даналық дегеніміз — халықтың болашағы мен игілігі үшін аянбай қызмет ету және рухтарды қастерлей білу» деп жауап берген екен. Ал «құдайлар мен ата-бабалар рухына қалай қызмет ету керек?» деген сұраққа «Сен адамға қалай қызмет етуді білмей тұрып, рухтарға қалай қызмет жасамақсың» деген жауап алынған екен. Рухтардың бар екендігін мойындай отырып, Конфуций салт-жоралардың тәрбиелік және адамгершілік жақтарына баса назар аударады. Ендеше, оған діннен гөрі этиканың өте жақын болғандығы даусыз. Осы орайда: «Ұлы дана дінге деген көзқарасын айқындап, неге белгілемеген?» деген орынды сұрақ туады. Оның сыры — Конфуций ілімінің бүркенші дін болуында, бұл адамның өмірлік принциптерін діни тұрғыдан қарастырады, сол арқылы адамгершілік және моральдық құндылықтарды қалыптастыра- ды. Конфуций іліміндегі адамның моральдық қасиеттері мәдениет түрінде көрініс тапқан. Өзін қоршаған ортаның қаталдығы мен зұлымдықтары жағдайыңда, басына қаншама тауқымет түсіп қиналса да ұлы уағызгер ешбір мойымаған, тіпті өмірінің сын сағаттарында да өзін-өзі ұстай білген. Ол мұндай сәттерде Көк тәңірінің құдіретіне қатты сеніп: «Көк менің қазаға ұшырауыма жол беруі мүмкін емес» деп қайталауды жақсы көрген.

     Көк тәңірінің қалауын сезініп-білу деген сөз — бұл өмірде өз жолыңды, өз тағдырыңды табу деген сөз. Жол (дао) ұғымы өз ілімін өз тағдырымен тығыз байланыста қарастырған Конфуций үшін басты нәрсе болып табылады. Ол үшін «дао» — шындық және әділдік жолы. «Дао» — жеке адамның ғана емес, бүкіл халық өмірінің шындығы. Шындық жолынан адамды да, халықты да күшпен, зорлықпен тайдыруға болмайды, ол адамның рухани байлығымен, адамдардың бірін-бірі түсінісе білу қасиеттерімен сабақтасады. Оның пайымдауынша, «шындық жолы» өз бастауын адам табиғатынан алып, адамдар арасындағы қалыптасқан шынайы қасиеттердің нәтижесінде одан әрі толыса түседі. «Шындық жолы» идеясы — адам мен көктің арасындағы көзге шалынбайтын, бірақ еш уақытта да үзілмейтін өзара байланыстардың бар екендігін айқындайды. «Адамның жан-жақты жетілуі» туралы мәселеге үлкен мән бере отырып, ол иерархиялық білім жүйесін жасады. Оның ойынша, «білімді адамдар» қоғамда қаншама жоғары бағаланса да, олардың адамгершілік қасиеттері әр уақытта да бірінші орында тұруы қажет. Білімділік адамды келелі істерге бастаса, адамгершілік дегеніміздің өзі — білімді жүзеге асыру болып шығады. Білім адамзатқа даналықпен бірге адамгершілікті де сыйлайды. Ол былай деді: «Адамды ұлылыққа жеткізетін дао (жол) емес, керісінше, даоны (жолды) ұлы қылатын адам».

     Бүгінгі таңда Конфуций идеялары қытай мәдениетінде кеңінен орын алып, өзінің өміршеңдігін көрсетіп отыр. Талай жантүршігерлік қоғамдық-саяси күйзелістерді бастарынан кешірген Қытай, Корея, Жапония, Оңтүстік-шығыс халықтары даосистік-конфуцийлік мәдениеттен рухани азық алуда. Жапонияның, Қытайдың, Тайваньның, Оңтүстік Кореяның қазіргі замандағы таңқаларлық мәдени жетістіктерінің сыры осында болса керек. Керек десе, Қытай елінде Конфуций ілімі тағы да елдің рухани өмірінің негізі деп жарияланып отыр. Олай болса, конфуцийлік-даосистік мәдениеттің тамыры тереңде жатыр, ол қоғамның шығармашылық мүмкіндіктерінің қозғаушы ұлы факторына айналып отыр.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

1 Биекенов К., Садырова М. Әлеуметтанудың түсіндірме сөздігі. Алматы: Сөздік-Словарь, 2007.

2 "Қазақ Энциклопедиясы" 11 - том

3 Мәдениеттану: жоғарғы оқу орнындары мен колледж студенттеріне арнлған оқулық. Алматы: Раритет, 2005.

4 Мәдениеттану негіздері: Оқулық. Алматы: Дәнекер, 2000.


Информация о работе Конфуций және оның ілімі