Кредиттің қажеттілігі және оның мәні

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Ноября 2015 в 01:43, реферат

Краткое описание

Бұл жұмыстың басты мақсаты; кредиттің қажеттілігі және оның мәнін ашу туралы, қызметі және формалары мен түрлерін анықтау, еліміздегі кредит жүйесін талқылау. Осы мақсатыма жету жолында мен алдыма келесі міндеттерді қойдым:
Кредиттің мәнін анықтау;
Мемлекеттің ақша-несие саясатының мақсаттары;
Қазақстан Республикасындағы ақша-несие саясаттарының бағытын талдау;
ҚР-дағы ақша-кредит саясатының 2015 жылға арналған негізгі бағыттары;
2015жылғы ақша-кредит саясатының құралдары;

Прикрепленные файлы: 1 файл

финансы кредит.doc

— 251.50 Кб (Скачать документ)

КІРІСПЕ:

 

 

 

Бұл жұмыстың басты мақсаты; кредиттің қажеттілігі және оның мәнін ашу туралы, қызметі және формалары мен түрлерін анықтау, еліміздегі кредит жүйесін талқылау. Осы мақсатыма жету жолында мен алдыма келесі міндеттерді қойдым:

  • Кредиттің мәнін анықтау;
  • Мемлекеттің ақша-несие саясатының мақсаттары;
  • Қазақстан Республикасындағы ақша-несие саясаттарының бағытын талдау;
  • ҚР-дағы ақша-кредит саясатының 2015 жылға арналған негізгі бағыттары;
  • 2015жылғы ақша-кредит саясатының құралдары;

 

 

Қазіргі таңда Қазақстан Республикасының ақша-несие саясатының басты  мақсаты - Ұлттық валютаның тұрақтылығын, яғни оның төлем қабілеттілігі мен басқа шетел валюталарына қатысты тұрақтылығын қамтамасыз етуді көздейді. Қазақстан Республикасында экономикалық реформаларды жүзеге асыру үшін нарықтық зкономика аумағында жинақталған ақша кредит қарым- қатынасының, банк қызметінің даму тәжірибесін дұрыс қолдана білу керек.

Кредиттің мәнін тану үшін оның негізін ашу керек, яғни кредиттік қатынастар туындайтын базаны қарау керек. Кредит ақшасын жарату, алу және оны пайдалану қайтарым негізінде жүзеге асады. Кредиттелген құнның қайтарылу кезеңі оның жалпы ауыспалы айналымын ғана аяқтайды. Қайтарымдылық – кредиттік қатынасқа тән белгіні анықтайтын өзіндік ерекшелікті көрсетеді.

Кредит объективті қажеттіліктен туындаған және ол қоғамдық өндіріс процесінде маңызды рөл атқарады. Кредит ақшалай капиталдың қарызға трансформациясын қамтамасыз етеді және кредит берушілер мен қарызға алушылардың арасындығы қарымқатынасты білдіреді.

Оның көмегімен мемлекеттің, халықтың, ұйымдардың және кәсіпорындардың табыстары мен еркін ақшалай қаражаттары жинақталып, уақытша пайдаланудың төлеміне аударылатын кредит капиталына айналады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  • Кредиттің қажеттілігі және оның мәні:

      Кредиттің қажеттілгі және кредит қатынастарының пайда

             болуы және оның мәні:

 

 

 

 Кредит - ақша сияқты тарихи экономикалық категория болып табылады. «Кредит» деген сөз, «қарыз», «кредит» деген « kredo» - сенемін деген мағына беретін латынша «kreditum » деген сөзден шығады.

     Кредиттің мүмкіндігін шындыққа айландыру үшін белгілі бір талаптар бар. Біріншіден, кредит келісімінің қатысушылары – кредит беруші мен қарызға алушы – экономикалық байланыстардан туындайтын міндеттемелердің орындалуын өз мойнына алуға материалдық жағынан кепілдік беретін дербес заңды субъектілер болуы керек.

Екіншіден, егер кредит берушы мен кредит алушының мүдделері бір жерден шықса, онда бұл жағдайда кредит өте қажет болады. Кредит келісімін жүзеге асыру үшін оның қатысушалары міндетті түрде кредитке өзара қызығушылық танытулары керек.

Кредит беруші мен қарызға алушының арасында мүдделілік бірдей болған кезде, бір жағынан, кредитке ақшалай қаражатты ұсынуда, екінші жағынан- оны алуда кредиттік қарым-қатынастар туындайды.

 

     Кредиттің мәнін анықтаған кезде бірқатар әдістемелік принциптерді ұстану керек, кредиттердің барша түрі формалардан тәуелсіз көрсетуі керек:

-кредит келісімі тұтасымен алғанда  кредиттің мәнін ашуы керек. Егер  бір келісімде кредит қайтарылмаса, онда бұл өзінің қайтарылатын қасиетін жоғалтатынын білдіреді;

-кредиттің мәнін талдауда кредиттің  құрылымын, қозғалыс сатыралын, кредиттің  негізін қарастырған жөн.

Несиенің экономикадағы орыны мен рөлі, оның атқаратын қызметтерімен сипатталады. Жалпы несие экономикалық категория ретінде төмендегідей қызметтерді атқарады:

• қайта бөлу;

• айналыс шығындарын үнемдеу;

• айналыстағы нақты ақшалардың орнын уақытша алмастыру;

 

 

 

• капиталдың шоғырлануын жеделдету

• ғылыми-техникалық прогрессті жеделдету.

Несиенің қайта бөлу қызметі, кез келген елдің ұлттық экономикасының толық қанды жұмыс жасауына өз үлесін қосады. Несиенің бұл қызметінің көмегімен экономикалық жүйенің бір саласынан екінші бір саласына капитал ағымы болады. Несиенің бұл қызметінің, қаржының қайта бөлу қызметінен айырмашылығы қаржының бөлінуі əкімшілік негізде жүргізілсе, ал салалар мен аймақтар арасындағы капитал ағымы несие арқылы, яғни ол нарықтық механизм негізінде жүзеге асырылады. Несиенің айналыс шығындарын үнемдеу қызметінің іс жүзіне асуы несиенің экономикалық мəнінен туындайды. Шаруашылық субъектілеріндегі ақшалай қаражаттардың түсуі мен жұмсалуы арасындағы уақытша болатын алшақтық кей жағдайларда қаржылай ресурстарға деген қажеттілікті туындатады. Міне, сондықтан да мұндай жағдайларда қарыз алушылардың барлық категориялары өздерінің меншікті қаражатқа деген жетіспеушіліктің орнын толтыру үшін несиені пайдаланады. Бұл дегеніміз капитал айналымын қамтамасыз етіп қана қоймай, айналыс шығындарын үнемдеуге де мүмкіндік жасайды. Ал, келесі қызметі, яғни несиенің айналыстағы нақты ақшалардың орнын уақытша алмастыруы. Қазіргі несиелік шаруашылықта мұндай орнын алмастыруға толық мүмкіндік бар. Бұл қызметі іске асу процесінде тек қана тауар айналысын емес, сондай-ақ нақты ақшалардың уақытша орнын ауыстыра отырып, ақша айналысын да жылдамдатады. Несиенің бұл қызметі несиелік ақшалар: чектер, вексельдер, несиелік карточкалар көмегімен жүзеге асырылады. Несиенің бұл қызметі арқылы ақша айналысының жылдамдығы мен қатар, айналыстағы ақша массасына жəне төлем айналымына да ықпал етеді. Капиталдың шоғырлану процесі қызметі экономиканың тұрақты дамуына жағдай жасау үшін маңызды болып табылады. Мұндай міндеттерді шешуде несиенің бұл қызметі өндірістің ауқымын ұлғайта отырып, пайда алуға мүмкіндік береді. Несиенің ғылыми-техникалық прогрессті жеделдету қызметі ғылыми- техникалық ұйымдардың қызметін қаржыландырумен сипатталады. Сондықтан да, несиенің көмегінсіз көптеген ғылыми-зерттеу орталықтарының (бюджеттік қаржыландыруда отырғандардан басқалары) жұмыс жасауы қиынға түседі. Сондай-ақ несие өндіріске ғылыми технологияларды жаңалық ретінде енгізу үшін де аса қажет болып табылады. Себебі, ондай шығындар бастапқыда кəсіпорынның қаражатымен, оның ішінде орта жəне ұзақ мерзімді банктің несиелері есебінен қаржыландырылады.

Несиенің формалары, оның құрылымымен жəне белгілі бір дəрежеде несиелік қатынастардың мəнімен тығыз байланысты келеді. Несиенің формасы – бұл несиелік қатынастар құрылымының, олардың негізгі қызметтерінің яғни, əр алуан сыртқы жəне ішкі өзгерістер барысында толық сақталатын көрінісін білдіреді. Несие берушілер мен қарыз алушылар арасындағы байланыстар қалай өзгергенімен де, несиенің формасы сол күйінде сақталады. Несиенің екі формасы бар: тауарлы жəне ақшалай. Мұндағы тауар түрінде берілетін несиені - коммерциялық, ал ақша түріндегі несиені – банктік деп атайды. Қалған несиенің түрлері осы екі формасыың тəжірибеде қолдануынан туады. Коммерциялық несие – бұл қарыз берушінің қарыз алушыға қарызға берген тауарын білдіреді. 66 Коммерциялық несие - бұл вексель айналысының пайда болуына себеп болған, экономикадағы несиелік қатынастардың алғашқы формасы. Несиенің бұл формасының басты мақсаты – тауарлардың өту процесін жеделдету, сондай-ақ одан пайда табу. Мұнда қарыз алушы да жəне оны берушілер ретінде кəсіпкерлер мен бизнеспен айналысатындар бола алады. Коммерциялық несие көбіне тауарды сатып алушыда нақты ақшаның болмай қалуы барысында туындайды. Мұндай жағдайда, айналыс құралы ретінде, қарыз алушының көрсетілген соманы уақытында төлейтіндігін куəландыратын арнайы қарыздық міндеттеме - вексель қолданылады. Коммерциялық несиенің банктік несиеден айырмашылғы төмендегідей: • қарыз беруші рөлінде банктік мекемелер емес, яғни тауар немесе қызметті сатумен айналысатын кез келген заңды тұлға бола алады; • коммерциялық несие тек қана тауар формасында беріледі; • қарыз капиталы өнеркəсіптік немесе сауда капиталымен байланысты; • коммерциялық несиенің орташа құны сол кезеңдегі банктік пайыз мөлшерімен салыстырғанда төмен болады; • қарыз беруші мен қарыз алушы арасындағы несиелік мəміленің заңи түрде рəсімделуі барысында, бұл несие үшін төленетін ақы тауар бағасының құнына қосылады. Банктік несие – бұл банктік мекемелерден қарыз алушыларға ақшалай түрде берілетін несиені білдіреді. Банктік несие - бұл экономикадағы кеңінен тараған несиелік қатынастардың формасы болып табылады. Банктік несие бойынша несиелік қатынастың құралына несиелік шарт немесе несиелік келісім жатады. Банктік несиеде несие беруші: банк жəне арнайы қаржы мекемелері болса, ал қарыз алушылар ретінде: кəсіпкерлікпен немесе бизнеспен шұғылданатын қаржы ресурстарына деген сұранысы бар кез келген заңды ұйым болып табылады. Мұндағы қарыз берушінің басты мақсаты - бұл пайыз түрінде табыс алу. Несиенің түрлері коммерциялық жəне банктік несиеден туындайды. Коммерциялық банктер өздерінің клиенттеріне əр түрлі несиелер береді. Оларды мынадай белгілеріне байланысты жіктеледі:

I. Қарыз алушылар категорияларына  қарай:

1. Қаржылық институттарға берілетін  несиелер:

• мақсатты қорларға;

• банктерге;

• қаржы-несиелік мекемелеріне.

2. Қаржылық емес агенттерге берілетін несиелер:

• өнеркəсіп салаларына;

• ауыл шаруашылығына;

• саудаға;

• дайындау ұйымдарына;

• жабдықтау-сату ұйымдарына.

• кооперативтерге;

• жеке кəсіпкерлерге.

3. Тұтыну мақсатына берілетін  несиелер.

II. Мерзіміне қарай:

• қысқа мерзімді (1 жылға дейін);

• орта мерзімді (1 жылдан 3 –5 жылға дейін);

• ұзақ мерзімді (5 жылдан жоғары).

III. Тағайындалуы жəне пайдалану  сипатына қарай:

• негізгі қорларға жұмсалатын;

• айналым қаражатына жұмсалатын.

IV. Қамтамасыз ету дəрежесіне қарай:

Қамтамасыз етілген:

• кепіл-хатпен,

• кепілдемемен;

• кепілдікпен Сақтандырылған. Қамтамасыз етілмеген:

• сенім (бланктік)несиесі.

V. Қайтарылу дəрежесіне қарай:

1) Стандартты несие - қайтарылу  уақыты жетпеген, бірақ қайтуында  ешқандай күмəн жоқ несиелер;

2) Күмəнді несиелер - қайтарылу  уақыты кешіктірілген, мерзімі ұзартылған  жəне банк үшін тəуекел туғызатын  несиелер. Соңғы қабылданған активтердің  жіктеу ережесіне сəйкес, күмəнді  несиелер ішінара бөлінеді:

1- санатты күмəнді,

2-санатты күмəнді,

3-санатты күмəнді,

4-санатты күмəнді,

5-санатты күмəнді.

3) Үмітсіз несиелер - қайтару уақыты  кешіктірілген, мерзімі өткен ссудалар  шотына жазылған несиелер.

VI. Валютамен берілуіне қарай: •  ұлттық валютамен; • шетел валютасында.

VII. Берілу шартына қарай:

1. Тұтыну несиесі - бұл жеке тұлғаларға  тұтыну тауарларын сатып алу  үшін жəне тұрмыстық қызметтерді  өтеуге берілетін несие.

2. Ипотекалық несие – бұл  қозғалмайтын мүліктерді (тұрғын  үйді, өндіріс ғимараттарын, жерді  жəне т.с.с.) кепілге ала отырып, ұзақ мерзімге берілетін несие.

3. Овердравт несиесі – клиенттің  шотынан қаражатты шегеру, дебеттік  қалды бойынша берілетін қысқа  мерзімді несиенің формасы.

4. Овернайт несиесі – өтімділікті  қолдау мақсатында бір түнге  берілетін банкаралық несиенің түрі.

5. Онкольдық несие – кредитордың  алғашқы талабы бойынша өтелетін  қысқа мерзімді несие.

6. Банкаралық несие – банктердің  бір-біріне беретін несиесі.

7. Ломбардтық несие – тез  іске асатын бағалы заттарды  немесе бағалы қағаздарды кепілге  алып, берілетін несие.

8. Лизингтік несие - құрал-жабдықтарды  жалға алумен байланысты берілетін  несие.

9. Рамбурстық несие – шикізаттарды  ішке алып кіру жəне жартылай  фабрикат жəне дайын өнімдерді  сыртқа шығару тəжірибесінде  пайдаланылатын несие.

10. Сенім несиесі – банктің сеніміне кірген, төлем қабілеті жоғары клиенттерге берілетін несие.

11. Маусымдық несие – жабдықтаушының  қаржыландыру уақыты мен түсімді  алу мерзімі арасындағы уақыт  бойынша алшақтықты жабуға араналған  несие.

ІХ. Несиелеу объектісіне қарай:

• меншікті айналым қаражаттарын толықтыруға;

• материалдық запастар жиынтығы мен өндіріс шығындарына:

• сыртқы экономикалық қызметке байланысты тауарларды экспорттау мен импорттауға;

           •  азаматтардың жеке қызметтері  үшін шикізаттар, материалдар, құралдар жəне басқа да мүліктер алуына;

• ломбардтық, кепілдік жəне ссудалық операцияларға;

• театрлар жəне демалыс үйлерінің кірістері мен шығыстары арасындағы маусымдық үзілістерге; • күрделі жұмсалымдарды қаржыландыруға;

• тез өтелетін тиімділігі жоғары шараларға. Тұтыну несиесінің басты тағайындалуы халыққа тауарлар сатуды ынталандыруға бағытталады. Тұтыну несиесі бөлшек саудамен тығыз байланысты: бір жағынан тауар айналымының ұлғаюына сай несиенің көлемі өседі, сонымен қатар, тауарды несиеге алу сұранысы туындайды; екінші жағынан, халықты несиелеудің өсуі, сұраныстың төлем қабілеттігін ұлғайтады. Мұндай тəуелділік, əсіресе бүгінгі тауарлар нарығын толтыру жағдайында пайда болуда. Тұтыну несиесінің дамуы əр түрлі елдерде əр қалай дəрежеде қалыптасуда. Италия мен Жапонияда халықтың қарызының жалпы сомасы, сол елдің ішкі жиынтық өнімінің 10%-ын, Германия мен Францияда -30%-

 

 

ын, ал, Ұлыбритания мен АҚШ-та 60%-ын құрайды екен. Бұл елдердің тəжірибелерінде тұтыну несиесін ең қымбат тауарларды: автомобиль, электр тұрмыстық құралдарды, жиhаздарды жəне т.с.с. сатып алу барысында жиі пайдаланады. Бұл елдердің тұтыну несиесінің жартысынан көп бөлігі автомобилдерді сату үлесіне тиеді. Экономикалық мазмұны жағынан тұтыну несиесі банктік несиенің бір бөлігі ретінде, оның басты бағыты тек жеке тұлғалармен тікелей байланысты болып келеді. Сондықтан да, несиенің бұл формасының экономикасы дамыған елдерде кеңінен пайдалануының екі түрлі себебі бар: біріншісі, субъективті, яғни бұл несие халыққа ең жоғарғы деңгейде материалдық игіліктерге қол жеткізуге қолайлы жағдай жасаса; екіншісі, объективті, яғни кез келген қоғамның дамуының басты бір экономикалық мəселесі - бұл дайын өнімді өткізу десек, ендеше тұтыну несиесін қолдану аталған мəселені шешуге мүмкіндік береді. Тұтыну несиесі көптеген елдердің экономикасында маңызды рол атқарады, сондықтан да, оны мемлекеттік ұйымдар тарапынан белсенді түрде реттеп отыру қажет. Мұндай реттеуді екі түрге бөледі: берілу жəне пайдалану деңгейінде реттеу. Берілу деңгейінде мемлекет тұтынушыларды ынталандыруға тиіс. Қазақстанда тұтыну несиесі кеңінен дамып отырған несиеге жатады. Екінші деңгейдегі банктер тəжірибесінде тұтыну несиесінің мынадай түрлері қолданылуда: - автомобилдік несие; - ұзақ мерзімде пайдаланылатын тауарлар сатып алуға берілетін несие; - тұрғын үйді жөндеу жұмыстарына берілетін несие; - кейінге қалдымайтын қажеттіліктерге (оқу, емделу, демалу жəне т.с.с) берілетін несие Мұнда автомобильдік несие бойынша жаңа жəне жүрілген автомобильдерді банк несиесі көмегімен алуға болады. Ұзақ мерзімде пайдаланылатын тауарларға мыналар жатады:

Информация о работе Кредиттің қажеттілігі және оның мәні