Кредиттің қажеттілігі және оның мәні

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Ноября 2015 в 01:43, реферат

Краткое описание

Бұл жұмыстың басты мақсаты; кредиттің қажеттілігі және оның мәнін ашу туралы, қызметі және формалары мен түрлерін анықтау, еліміздегі кредит жүйесін талқылау. Осы мақсатыма жету жолында мен алдыма келесі міндеттерді қойдым:
Кредиттің мәнін анықтау;
Мемлекеттің ақша-несие саясатының мақсаттары;
Қазақстан Республикасындағы ақша-несие саясаттарының бағытын талдау;
ҚР-дағы ақша-кредит саясатының 2015 жылға арналған негізгі бағыттары;
2015жылғы ақша-кредит саясатының құралдары;

Прикрепленные файлы: 1 файл

финансы кредит.doc

— 251.50 Кб (Скачать документ)

Ақша саясатының құралы ретінде Ұлттық банкіге ашық нарықта операцияларды пайдалануға бағалы қағаздардың жеткіліксіз «портфелі» жол бермейді. Мемлекеттік бағалы қағаздарды Ұлттық банкінің сату-сатып алу операциялары көбінесе екінші реттегі нарықты жандандыру мақсатында жүзеге асырылады. Егер, оның даму динамикасы бойынша қарасақ мұндай жағдай негізінен мүмкін болады.

Ақша массасын шұғыл түрде реттеудің басты құралына ақша агрегаттары бойынша мақсатты бағдардан шығатын, көлемі белгіленген Ұлттық банкінің ноталарының эмиссиясы жатады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  • Қазақстан Республикасы ақша-кредит саясатының

2015 жылға арналған негізгі бағыттары:  

 

Әлемдік экономиканың жай-күйі және оның жұмыс істеу талаптары қазіргі уақытта тұрақсыз және түрлі бағыттағы болып бағаланады. Еуроаймақ жаңа экономикалық рецессия толқынының алдында тұр. Қытай, Ресей және нарықтары қалыптасу үстіндегі бірқатар елдер экономикасының өсу қарқынының баяулағанын көрсетіп отыр. Мұнайды экспорттаушы елдердің жағдайы мұнайдың әлемдік бағасының 2014 жылдың ортасынан бері байқалып отырған төмендеуімен қиындай түсуде. Сонымен қатар сақталып отырған геосаяси белгісіздік ғаламдық экономикадағы ахуалдың нашарлауына ықпал ететін тағы бір фактор болып табылады.

Осылайша, Қазақстан экономикасының 2015 жылы дамуына әлемдік қаржы және тауар нарықтарындағы құбылмалылықты және онымен байланысты капиталдың тұрақсыз ағындарын қоса алғанда, қолайсыз сыртқы факторлар әсер ететін болады.

Бұл жағдайда Қазақстан Республикасының ақша-кредит саясаты баға тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталатын болады. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (бұдан әрі – Ұлттық Банк) қысқамерзімді теңгемен өтімділікті беру және алу бойынша ақша-кредит саясатының құралдар жүйесін кеңейтуді, сондай-ақ өзінің ішкі ақша нарығына қатысуын ұлғайтуды жоспарлап отыр. Өтімділікті беру және алу ашық нарық операциялары (Ұлттық Банктің бастамасы бойынша) және тұрақты қол жеткізу операциялары (банктердің бастамасы бойынша) арқылы жүзеге асырылатын болады. Бұл ретте кері РЕПО операциялары өтімділікті беру жөніндегі негізгі операциялар болады. Ұлттық Банк күш-жігерін нарықтық мөлшерлемелерді және олардың құбылмалылығын тиімді диапазонда ұстап тұру арқылы пайыздық саясаттың тиімділігін арттыруға салады.

Валюта саясаты Қазақстан экономикасының ішкі және сыртқы бәсекеге қабілеттілігінің арасында теңгерімді қамтамасыз ететін болады.

Ұлттық Банк сондай-ақ экономиканы дамытудың ықтимал сценарийлік нұсқаларының іске асырылуына қарай ақша-кредит саясатының баға тұрақтылығы жөніндегі негізгі мақсаты мен қаржы жүйесінің тұрақтылығына жәрдемдесу арасындағы теңгерімді қолдайтын болады.

Ақша-кредит саясатының шараларын іске асыру экономиканың орнықты ұзақмерзімді өсуі және инфляцияны нысаналы дәлізде ұстап тұру үшін жағдайларды қамтамасыз етуге бағытталған.

 

Ұлттық Банк Қазақстан Республикасының ақша-кредит саясатының негізгі бағыттарын әзірлеу шеңберінде төменде келтірілген кестеде ұсынылған 2015 жылы ел экономикасы дамуының екі сценарийлік нұсқасын қалыптастырды:

 

Мұнайдың әлемдік бағаларының орташа жылдық деңгейі сценарийлік нұсқаларға бөлудің негізгі критерийі деп белгіленді. Макроэкономикалық жағдайдың дамуының екі сценарий қаралды, олар Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігінің ІЖӨ болжамдарының негізінде Brent сұрыпты мұнайдың орташа жылдық бағаларының бір баррель үшін 50 және 60 АҚШ доллары деңгейін көздейді.

Төлем балансының сценарийлік болжамдарын әзірлеу үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігінің халықаралық қаржы ұйымдарының қатысуы бар инвестициялық және инфрақұрылымдық жобалардың іске асырылуын қоса алғанда, тауар өндірісінің нақты көлемдері жөніндегі ақпаратын, сондай-ақ Ұлттық Банкте тіркелген валюталық операциялардың мониторингі нәтижелері пайдаланылды.

Ұлттық Банктің бағалауы бойынша қаралатын кезең бойы кредиттеу көлемдерінің тұрақты өсуі күтілуде. Кредиттеу көздерінің бірі ретінде 2015-2017 жылдары Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан ел экономикасын қолдауға бөлінетін қаражат болады. Сонымен қатар кредиттеудің көлеміне ортамерзімді және ұзақмерзімді кезеңдерде Ұлттық Банктің екінші деңгейдегі банктер активтерінің сапасын жақсарту жөніндегі шаралары да ықпал ететін болады.

Екінші деңгейдегі банктер активтерінің сапасын жақсарту және екінші деңгейдегі банктердің жұмыс істемейтін қарыздарының көлемін азайту жөніндегі қызметі шеңберінде Ұлттық Банк проблемалық активтер сапасын жақсарту жөніндегі операцияларды жүргізу кезіндегі әкімшілік кедергілерді төмендетуге, кепіл кредиторларының құқығын күшейтуге, жұмыс істемейтін активтерді беру кезінде операцияларды жүргізу кезінде бейтарап салық жағдайларын жасауға бағытталған банктердің жұмыс істемейтін кредиттері мен активтерінің мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы Заңының жобасын әзірлеуде.

Ұлттық Банк «Проблемалық кредиттер қоры» АҚ мен екінші деңгейдегі банктердің ынтымақтастығының тиімділігін арттыру үшін қолайлы жағдай жасау жұмысын жалғастыратын болады. Жұмыс істемейтін қарыздардың (негізгі борыш және/немесе сыйақы бойынша төлем мерзімі өткен қарыздар) деңгейін екінші деңгейдегі банктердің несие портфелінің 10%-дық деңгейі бойынша нысаналы көрсеткішке қол жеткізу Ұлттық Банктің осы бағыт бойынша негізгі мақсаты болып табылады.

Ұлттық Банктің бағалауына сәйкес 2014 жылдың қорытындысы бойынша тауарлар экспорты және импорты бір мезгілде төмендеген кезде, сауда балансы профицитінің 2013 жылғы деңгейде сақталуы күтіледі. Ағымдағы шоттың басқа баптары бойынша қызметтер импортының және шетелдік инвесторларға кірістерді төлеудің төмендеуіне байланысты теріс сальдосының қысқаруы күтілуде. Осылайша, жыл аяғында басты факторлардың айтарлықтай нашарлауына қарамастан, 2014 жылдың қорытындысы бойынша тікелей және басқа да ұзақмерзімді инвестициялар бойынша жоғары таза әкелінуі сақталған кезде ағымдағы шот профицитінің сақталуы күтіледі.

2015 жылы Қазақстан экономикасы  дамуының барлық сценарийлері  іске асырылған жағдайда жылдық  инфляцияны 6,0-8,0% дәлізінде ұстап  тұру Ұлттық Банктің негізгі  мақсаты болып табылады.

Мұнайдың әлемдік бағасының орташа жылдық деңгейі бір баррель үшін 50 АҚШ доллары болатын бірінші сценарий іске асырылған кезде нақты ІЖӨ-нің нақты өсу қарқыны 1,5% деңгейде бағаланады.

Осы сценарийдің 2015 жылы іске асырылуы тауарлар импорты мен резидент еместерге кірістерді төлеу көлемі төмендеген кезде таза экспорттың төмендеуін көздейді. Осылайша алда болатын кезеңде ағымдағы шоттың тапшылығы ІЖӨ-нің 4,0%-нан аспайтын болады.

Қаржы шотында өткен жылдары іске асырылған жобалар бойынша қаржыландыру шегін еңсеруге және шетелдік тікелей инвесторлар қатысатын жаңа жобаларды іске асырудың кейінірек мерзімге ықтимал ауыстырылуымен байланысты тікелей инвесторлар бойынша ағынның төмендеуі күтіледі.

Ақша ұсынысының серпіні де номиналды ІЖӨ-нің серпініне сәйкес келетін болады, бұл болжанатын кезеңде монеталандырудың 2014 жылғы деңгейде сақталуын қамтамасыз етеді.

Екінші сценарий іске асырылған жағдайда мұнайдың орташа жылдық бағасы 2015 жылы бірінші сценарийдегіден аздап жоғары болады, алайда 2014 жылдағы нақты деңгейден төмен болып қалыптасады және бір баррель үшін 60 АҚШ долларына жуық болады. Нәтижесінде 2015 жылы ІЖӨ-нің нақты өсу қарқыны 2,0%-ды құрайды.

2015 жылы сауда балансы профицитінің  және резидент еместерге төленетін  кіріс деңгейі төмендейді деп күтіледі. Нәтижесінде, 2015 жылы ағымды операциялар шотының тапшылығы ІЖӨ-нің 3,0%-нан аспайды.

Қаржы шотында халықаралық қаржы ұйымдарынан және Қазақстан Республикасы Ұлттық қорынан трансферттерінен жаңа мемлекеттік қарыз алу есебінен өтелуі мүмкін жеке сектордың таза қарыз алуының қысқаруы мүмкін.

2015 жылы ақшаға деген сұраныс  осы сценарий кезінде алдыңғы  сценариймен салыстырғанда едәуір  жоғары болады. Сондай-ақ, ақша ұсынысының  серпіні ІЖӨ-нің номиналды өсу  қарқынына сәйкес келетін болады, бұл болжамды кезеңде 2014 жылмен салыстырғанда монеталандырудың аздап өсуін қамтамасыз етеді.

Ұлттық Банк Қазақстан Республикасы экономикасы дамуының бірінші сценарийінің іске асырылуын неғұрлым ықтимал деп есептейді. Осы болжамдарға негізделе отырып, 2015 жылға арналған ақша-кредит саясатының шаралары әзірленді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  • 2015 жылғы ақша-кредит саясатының құралдары

 

 Ұлттық Банк 2015 жылы инфляция бойынша нысаналы бағдарға қол жеткізу үшін қысқамерзімді өтімділікті ашық нарық операциялары, тұрақты қолжетімділік арқылы, сондай-ақ ең төменгі резервтік талаптар тетігі арқылы реттейтін болады.

Банктер портфеліндегі өтімді бағалы қағаздардың көлемі шектелгенін ескере отырып, кепілді қамтамасыз ету тізбесін кеңейту жоспарланып отыр, ол банктердің қысқамерзімді теңге өтімділігіне деген қолжетімділігін қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, банктерге нарықтық емес активтерді (жоғары сападағы кредиттік портфель) кепілге қоя отырып өтімділік беру тетігін әзірлеу мүмкіндігі және депозитті аукциондарды өткізу мүмкіндігі зерделенеді.

Өтімділікті беру бойынша ашық нарық операциялары шеңберінде Ұлттық Банк 7 күндік мерзімге кері РЕПО аукциондарын өткізеді. Бастапқы кезеңде бұл операциялар аптасына 2 рет өткізіледі.

Кепіл құралдары жеткіліксіз болған жағдайда, Ұлттық Банк қажеттілігіне қарай валюталық своптар арқылы өтімділік беретін болады.

Өтімділіктің артық болуы туындаған жағдайда аптасына 2 рет болатын 7 күндік мерзімдегі тікелей РЕПО аукциондары оларды алудың негізгі құралдары болады. Қысқамерзімді ноттарды апта сайынғы негізде 28, 91 және 182 күндік мерзіммен шығару жалғасады.

Ұлттық Банк тұрақты қолжеткізу операциялары ретінде күн сайынғы негізде 1 күндік мерзімімен кері РЕПО операциялары арқылы өтімділік береді. Ұлттық Банктің депозиттері тұрақты негізде 1 және 7 күндік мерзімдерге қол жетімді болады.

Ұлттық Банк 2015 жылы теңге құралдарының тартымдылығын арттыруға бағытталған пайыздық саясатты жүргізуін жалғастырады. Ұлттық Банктің пайыздық мөлшерлемелер жүйесінде ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесі көбіне индикативті рөл атқарып, инфляция деңгейі мен инфляциялық күтулерді көрсететін болады.

Шетел валютасындағы банктер міндеттемелерінің өсуін бұдан әрі ынталандырмау мақсатында ең төменгі резервтік талаптар тетігін банк секторының өтімділігін басқару құралы ретінде жетілдіру шеңберінде Ұлттық Банк резиденттік және мерзімділік қағидатын сақтай отырып, теңгемен және шетел валютасымен міндеттемелерді бөлуді енгізу арқылы резервтік міндеттемелердің барынша нақты құрылымын ендіреді. Қосымша, банктердің өтімділікті басқару бойынша мүмкіндіктерін жақсарту мақсатында орташалау қағидатын сақтай отырып, ең төменгі резервтік талаптарды есептеу тәртібін өзгерту жоспарланып отыр.

Валюта саясаты Қазақстан экономикасының ішкі және сыртқы бәсекеге қабілеттілігінің арасында теңгерімділікті қамтамасыз етуге бағытталады.

Атап айтқанда, Ұлттық Банктің ішкі валюталық нарықтағы сауда-саттықтарға қатысуы валюта нарығындағы ахуалды тұрақсыздандыруы және қаржы жүйесінің тұрақтылығына теріс ықпал етуі мүмкін болатын айырбастау бағамының күрт және айтарлықтай құбылмалылығын реттеу қажеттілігімен байланысты болады.

Ұлттық Банк 2015 жылы өз іс-әрекеттерінің айқындылығын арттыру және жұртшылықты жүргізіліп отырған ақша-кредит саясатының шаралары мен құралдары туралы хабардар ету жөніндегі жұмысын жалғастырады.

Жалпы алғанда, ақша-кредит саясатының жоғарыда көрсетілген шараларын іске асыру ұзақмерзімді тұрақты экономикалық өсім және инфляцияны нысаналы дәлізде ұстап тұру үшін жағдайларды қамтамасыз етуге бағытталған.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  • ҚОРЫТЫНДЫ: 

Қорыта келгенде, нарықтық экономикада кредит- банк жүйесі маңызды рөль атқарады. Ол арқылы кәсіпорындар, ұйымдар мен халықтардың ақшалай есеп айырысулары мен төлемдерінің едәуір көлемі жүгізіледі, сондай-ақ ол уақытша еоркін ақша құралдарын, халықтың жинақ ақшалары мен табыстарын белсенді әрекет етуші капиталға айналдырады, көптеген әр алуан кредиттік, сақтандыру, делдалдық, инвестициялық, сенімділік, кеңес беру және басқа да операцияларды орындайды.

АҚШ кредиттік қатынастардың даму дәрежесі, банктік операциялардың шаруашылықтың өндірістік және тұтынушылық аясын қамтуы, кредиттік мекемелер жүйесінің әр алуандығы және тармақтылығы, қаржылық капитал топтарының қуаты бойынша әлемнің басқа елдерінен алда келеді.

Қазіргі уақытта қарызға ақша ұсынатын негізгі кредит беруші банк болып                  табылады. Ол кәсіпорындардың, ұйымдардың, кеңселер мен халықтың уақытша бос қаражаттарын шоғырландырып, оларды қарызға алушыға уақытша пайдалану үшін кредит түрінде ұсынады. Бұл ретте банктен алған кредитті тек қарызға алушы ғана емес, сондай – ақ соңғысы да меншік иесіне (кәсіпорынға, халыққа) тартылған ресурстарды (ақшаларды) қайтаруға міндетті. Бұл арада банк бір жағдайда – кредит беруші болса, екінші жағдайда қарыз алушы болып көрінеді.

Кредиттің мәнін тану үшін оның негізін ашу керек, яғни кредиттік қатынастар туындайтын базаны қарау керек. Кредиттің мәнін ашып көрсететін, кредиттің негізін құрайтын негізгі неден тұрады. О.И. Лаврушкин ондай негіз кредиттің қайтарылуын есептейді. Ол кредит қозғалысының бір сатысы бола тұрып, бір мезгілде кредиттелген құн қозғалысының барлық сатыларын қамтиды. Кредит ақшасын орналастыру, алу және оны пайдалану қайтарым негізінде жүзеге асады. Кредиттелген құнның қайтарылу кезеңі оның жалпы ауыспалы айналымын ғана аяқтайды. Қайтарымдылық – кредиттік қатынасқа тән белгіні анықтайтын өзіндік ерекшелікті көрсетеді.

Информация о работе Кредиттің қажеттілігі және оның мәні