Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Ноября 2015 в 01:43, реферат
Бұл жұмыстың басты мақсаты; кредиттің қажеттілігі және оның мәнін ашу туралы, қызметі және формалары мен түрлерін анықтау, еліміздегі кредит жүйесін талқылау. Осы мақсатыма жету жолында мен алдыма келесі міндеттерді қойдым:
Кредиттің мәнін анықтау;
Мемлекеттің ақша-несие саясатының мақсаттары;
Қазақстан Республикасындағы ақша-несие саясаттарының бағытын талдау;
ҚР-дағы ақша-кредит саясатының 2015 жылға арналған негізгі бағыттары;
2015жылғы ақша-кредит саясатының құралдары;
• жиһаз;
• сантехника;
• аудио-видео-жəне тұрмыстық техникалар;
• компьютер жəне оргтехника;
• басқа да тұтыну тауарлары.
Тұрғын үйді жөндеу жұмыстарына: үйдің ішінде жəне сыртында құрылыс жəне басқа да жөндеу жұмыстарын жүргізу жатады.
ҚР-ғы несиелік жүйе екі буыннан тұрады: біріншісі – банктік жүйе, ал екіншісі – парабанктік жүйе (банктік емес мекемелер). Қазақстан Республикасының несиелік жүйесінің құрылымы төмендегідей сызбамен берілген.
- өндіріс көлемін өсіру;
- толық жұмысбастылық;
- инфляцияны төмендету.
Мемлекеттің ақша-несие саясатының құралдары:
1. Ашық нарықтағы операциялар. Ұлттық банктың ашық нарықта ақша массасының көлемін реттеу мақсатында мемлекеттің құнды қағаздарын сатуы және сатып алуы. Мұның мағынасы: Ұлттық банк ақша эмиссиясын тоқтату және банктердің несиелік мүмкіншіліктерін шектеу мақсатында, нарықта құнды қағаздарды сатып, бұл қағаздарды сатып алған банктердің резервтік шоттарынан белгілі бір соманы есептен шығару. Керісінше, ақша шығаруын және несиелерді беруді ынталандыру үшін Ұлттық банк құнды қағаздарды өзіне қайта сатып алып, оның құнын банктердің резервтік шотына аударады.
2. Резервтік норманы өзгерту - ақша-несиені реттеуде қолданатын өте қатаң құрал. Ұлттық банк барлық банк мекемелердің міндетті резервті нормасын бір мезгілде өзгерту арқылы әрбір банктің резервінің көлеміне тікелей әсер ете алады. Міндетті резервтер – бұл әрбір коммерциялық банктер салымдардың бір бөлігін міндетті түрде сақтау қоры ретінде мемлекеттің Ұлттық банкте ұстауы қажет.
3. Есептік ставкасын өзгерту - коммерциялық банктер Ұлттық банктен несие алғанда ақша көлемін реттеу мақсатымен бірінші дәрежедегі банк несиенің мөлшерлемесін жиі өзгертіп отырады. (пайыз мөлшерлемесін көтерсе коммерциялық банктер алатын несиелерін азайтуға мәжбүр болады, керісінше, төмендетсе – несие көлемі өседі) Осы жоғарыда келтірілген 3 құралдарды қолдану
– мемлекеттің «арзан ақша саясаты» және «қымбат ақша саясаты» деп аталады. Қазақстанда осы келтірілген құралдармен қатар, ақша айналысын реттеу үшін басқа да тәсілдер қолданылады.
4. Күрделі несиелік қаржының өсімін шектеу. Ұлттық банк коммерциялық банктердің несиелік қаражаттарының бөлінуін пайыздық норма арқылы шектеп отырады.
5. Ерікті келісімдер бойынша Ұлттық банк коммерциялық банктермен өзара келісімге келеді.
Несиелік белсенділікті басқару
Арзан ақша саясаты |
Қымбат ақша саясаты | |
Қолданылады: |
Жұмыссыздық өскенде, экономика құлдырағанда |
Жоғары инфляцияда |
Іс-әрекеттер: |
Орталық банк мемлекеттік құнды қағаздарды сатып алады, сақтық қордың шамасын немесе міндетті резервтердің нормасын төмендету, процентік мөлшерлемесін төмендету |
Орталық банк мемлекеттік құнды қағаздарды ашық нарықта сатады, сақтық қордың шамасын немесе міндетті резервтердің нормасын көтереді, процентік мөлшерлемесін көтереді. |
Нәтиже: |
Ақша ұсынысы молаяды, процентік мөлшерлемесі төмендейді, инвестициялар өседі, шаруашылық белсенділігі өседі, жұмыссыздық төмендейді, ұлттық өнім өседі |
Ақша ұсынысы қысқарады, процентік мөлшерлемесі өседі, инвестициялар қысқарады, шаруашылық белсенділігі төмендейді. Инфляция қысқарады. |
Несиелік қатынастары құнда қағаздар нарығы арқылы жүзеге асады. Құнды қағаздар нарығында келісім объектісі ретінде құнды қағаз болып саналады. Құнды қағаз нарығының пайда болуының басты себебі – кәсіпкерлік қызметте қаржы ресурстарының жетіспеуіне орай кәсіпкерлікпен айналыспайтын басқа адамдар тобынан қаражат тарту. Қазіргі кездегі негізгі құнды қағаздар түрлері: акция, облигация, вексель, сертификат.
Акция – бұл иеленушіге акционерлік қоғам пайдасынан дивилент түрінде пайданың бір бөлігін алуға, оны басқаруға қатысуға және оны таратқаннан кейін қалған мүліктің бөлігін иемденуге құқық беретін қағаз. Ол мерзімсіз, яғни оны айналысқа шығарған акционерлік қоғам жойылғанша болады. Акциялар жай және пұрсатты деп бөлінеді.
Жай (қарапайым) акция пұрсатты акциядан келесі белгілері бойынша ажыратылады:
- акционерлер жиналысында дауыс беруге құқық береді;
- дивидент көлемі акционерлік қоғамның пайдасына байланысты болады (белгілі % көлемінде);
- олар бойынша дивидент тек пұрсатты акцияларға дивидент төленгеннен кейін жүргізіледі.
Пұрсатты акция иеленушіге дауыс бермейді, олар бойынша дивидент көлемі алдын ала белгіленеді.
Келесі құнды қағаз түрі облигация. Облигация – иеленуші мен эмитент арасындағы қарыз қатынасын көрсететін құнды қағаз. Облигацияларды мемлекет, акционерлік қоғам, жеке кәсіпорындар шығара алады. Оның акциядан ең басты ерекшелігі – ол эмитенттің қарыз міндеттемесін көрсетеді. Оны төлеу міндеті эмитент мүлкімен қамтылған. облигация белгілі бір мерзімге (1 жылға дейін), орта және ұзақ мерзімді болады.
Облигациялардың бірнеше түрі бар. Көп жағдайда облигацияларға тұрақты процент түрінде табыс төленеді, оны купон деп атайды. Купондық емес облигацияны дисконттық облигация деп аталады.
Вексель – бұл оны иеленушіге көрсетілген соманы вексель берушіден төлеуін талап етуге құқық беретін құнды қағаз міндеттемесі ең алдымен, вексель несие құрамы, оны сонымен бірге есеп айырысу құралы ретінде пайдалануға болады.
Коммерциялық вексель дегеніміз - өнім сатып алушы сатушымен есеп айырысу үшін ақша қаражаты жоқ болса, онда сатып алушы белгілі мерзім ішінде көрсетілген соманы төлейтіні туралы міндеттеме вексель жазып береді. Яғни сатып алушыны несиелеу деген сөз, соған байланысты вексель сомасында несие үшін процентте қосылады. Вексельдің қарапайым түрі – вексель берушінің вексель ұстаушыға көрсетілген соманы белгіленген мерзімде міндетті түрде төлеуі туралы құжат.
Ауыспалы вексель (тратта) – вексель берушінің көрсетілген соманы белгілі мерзім мен орында төлеушіге вексель ұстаушыға төлеуі туралы берген ұсынысы.
Банк сертификаты – бұл банкке ақша салғанын және инвесторға қағаздың номиналды құнымен проценталуына мүмкіндік беретін құнды қағаз. Жинақ және депозиттік сертификат заңды тұлғаларға жинақ сертификаты жеке тұлғаларға арналған.
Қазақстанда құнды қағаз нарығының алғашқы элементтері 1991 жылы калыптасты. Сол жылы Қазақстан Республикасында құнды қағаздармен жасалатын операцияларға реттейтін заң қабылданды. Құнды қағаздар нарығының инфрақұрылымын дамытуға әсер ететін «Құнды қағаздар туралы», «Қазақстан Республикасында зейнет ақымен қамтамасыз ету туралы», «Инвестициялық қорлар туралы» заңдар қабылданды.
Пайыздық саясат ақша-несие саясатының бағыттарының бірі болып табылады. Ұлттық банк ақша нарығының сұраныс пен несие бойынша ұсыныстың инфляция деңгейінің жалпы жағдайларына және инфляциялық күтімдеріне байланысты анықталатын ортақ қайта қаржыландыру мөлшерлемесін бекітеді. Ұлттық банк өзінің пайыздық саясатын мемлекеттің ақша-несие саясатын іске асыру мақсатында, нарықтың пайыздық мөлшерлемесіне әсер ету үшін қолданады. Қайта қаржыландыру мөлшерлемесін анықтау кезінде Ұлттық банк пайыздық мөлшерлемесін оң және нақты түрде ұстап тұру мүдделігін ескереді.
Теңгені айналысқа енгізгеннен кейінгі пайыздық саясаттың негізгі мақсаты - теңгені несиеге деген сұранысын азайтатын, ал оның артынан ақша массасының өсім қарқынын азайтатын, сәйкесінше инфляцияны төмендетуді қамтамасыз ететін деңгейге дейін көтеру. Жоғары пайыздық мөлшерлемелер, дәлірек айтқанда, пайыздар үшін төлемдер шығындарды құрайтындардың бірі. Яғни жаңа пайыздық саясат өзінің нәтижесін қандай да бір анықталмаған болашақта емес, қысқа уақыт аралығында беруі керек.
Қазақстандағы жоғары қарқынды инфляцияға қарсы күресте пайдалануға мүмкіндік беретін келесі бір факторға- шетел валютасына деген шектен тыс сұранысы азайту шаралары жатады. Теңгені енгізгеннен кейін жарты жыл ішінде валютаның бағамдық айырмасы есебінен алыпсатарлық жолмен табыс алу мүмкіндігінің болуы ірі банктердің қысқа мерзімді капиталының қарыздық нарықтан еліміздің валюта нарығына ағылуына жол берді. Айырбас бағамымен анықталатын теңгенің сыртқы құнының көрсеткіштері мен қарыздар бойынша пайыздық мөлшерлемелер және бағалы қағаздар бойынша табыстылық арқылы анықталатын теңгенің ішкі құнының көрсеткіштері арасындағы қатынастың бұзылуы ұлттық валютаның тұрақтылығына кері әсерін тигізеді.
Несие операциялары Ұлттық банкпен Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинеті арасындағы, 1994 жылы қаңтар айындағы меморандумына сәйкес Ұлттық банк несиені үш негізгі бағыт бойынша береді. Директивті несиелерҮкімет белгілеген басымдықтар бойынша мемлекеттік бюджеттің тапшылығын жабу үшін коммерциялық банктер арқылы және несиелік аукциондар арқылы банктерге берілетін несиелер. 1994 жылы Министрлер Кабинетінің қарамағына Ұлттық банк ұсынған несиелердің 75 % несиеге берілген. Сонымен бірге бюджеттің кірісіне бөлінбеген пайда және 16,5 млрд. тенге сомасындағы депозиттер үшін төлемге аударылған. Бұл таза төлемдер бюджет кірісінің 17 % несиесін құрады.
Директивті несиелердің айналысында қиын жағдай пайда болды. Сондықтан бұл несиелерді қайтару бойынша жұмыстарын тоқтатты, олар несие Үкіметтің кепілдемесі бойынша төленеді деп сенді, өйткені несиелер Қаржы Министрлігі және Экономика Министрлігінің рұқсаты арқылы, несиелік қабілетіне байланыссыз барлық шаруашылық оргондарға берілді. Нәтижесінде 4,6 млрд. теңгеден (қайтарылуы міндетті сомадан) 1994 жылы 1,8 млрд. теңгесі ғана қайтарылды.
Сөйтіп, банк жүйесі арқылы төлем қабілеті жоқ кәсіпорындарға қысым көрсетілді, олар банк несиесі есебінен бюджет дотациясын жасады, өйткені несие қайтару жүгі Қаржы министрлігіне ауысты.
Санациялау мен банкроттық механизмін пайдаланусыз басымдылық салалардың кәсіпорындарының қаржы мәселесін шешудің сәтсіз аяқталуы нәтижесінде 1995 жылдың ақпаннан бастап, директивті несиені беру тоқтатылды.
1994 жылғы ақпан-көкек айларындағы,
кәсіпорындардың
Төлемсіздікті шаруашылық аралық есепке алу арқылы шешу, бір жағынан мәселені шешсе, екінші жағынан кәсіпорындардың айналым қаражаттарын жоғалтуға әсер ететін факторды - бағалардың өсуін ынталандырды. Ақша-несие саясатының бұл құралы өткен уақыттың еншісінде қалды. Оның орнын тұрақты түрде жұмыс жасайтын клиринг алу керек және ол кәсіпорындардың қаржы тәртібін сақтаған кезде ғана төлемсіздік мәселесін шешуге мүмкіндік береді.
Үкіметтің несиелеу көлемі әрқашан бюджет тапшылығының деңгейімен және оны баламалы көздер жабу мүмкіндігімен анықталды. Қаншалықты бюджет тапшылығы жоғары болса, соғұрлым несие эммиссиясының ықтималдығы үлкен болады да, ол инфляцияға ықпал етеді. Сөйтіп үкімет оған балама инфляциясыз көздерді кеңейтуге мән береді, ондай көздерге: сыртқы қарыздар және үкіметтің бағалы қағаздары жатады.
Ұлттық банк бағалы қағаздарды сатып алған кезде коммерциялық банктердің минималды резервтер мөлшерін көбейтіп, клиенттермен активті қарыздық операцияларды жүргізу мүмкіндігі кеңейеді, яғни ақшалардың қлма-қолсыз эмиссиясы үлкейеді. Ұлттық банк коммерциялық банктерге бағалы қағаздарды сатқан кезде олардың резервтегі қаражаттары азаяды, ал банктердің несиелік ресурстары қысқарады, нәтижесінде ақша массасы азаяды. Міне, сөйтіп Ұлттық банк ашық нарықта бағалы қағаздары бойынша операциялары арқылы айналыстағы ақша массасының көлеміне, коммерциялық банктердің резервтеріне, олардың несие қабілеттеріне әсер етеді.
Ұлттық банк ашық нарықта бағалы қағаздармен операциялар жүргізу формасы бойынша тікелей немесе қайтарымды болуы мүмкін. Тікелей операция коммерциялық банктерге бағалы қағаздарды қалыпты түрде сату немесе сатып алу түрінде сипатталады. Қайтарымды операциясының мағынасы кемиді. Ұлттық банкпен бағалы қағаздарды сату немесе сатып алу операциясы орындалғаннан кейін міндетті түрде алдын-ала белгіленген баға бойынша орындалған операцияға кері операция жүргізілуі керек. Аукционды белгілі бір тәртіппен бір күнде жүргізеді, бұл Ұлттық банктің бағалы қағаздардың жаңа партиясын сатып алу күнімен алдында сатып алынған бағалы қағаздардың қайта сатылу күні сәйкес келуі үшін жасалады.
Бұның бәрін Ұлттық банк айтылған операция арқылы коммерциялық банктердің несиелік мүмкіндіктерін реттеу мақсатында жүргізеді. Егер Ұлттық банк алдында сатып алған бағалы қағаздарын қайта сату көлемі жаңа партия көлемінен көп болса , банктердің несие ресурстарының мөлшері шектеледі және керісінше.
Ұлттық банк ашық нарықта операцияларын мұқтаждық пайда болуына немесе ақша-несие эмиссия көлемінің кеңеюіне байланысты жүйесіз жүргізеді.