Химияны оқытуда химиялық өндіріс түрлері туралы түсінік қалыптастыру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Ноября 2015 в 22:21, курсовая работа

Краткое описание

Диплом жұмысының зерттеу әдісі – салыстыру, теориялық талдау, ғылыми тұжырымдау әдістері диплом жұмысында кеңінен қолданылды.
Қойылғанмен мақсаттармен сәйкестікте зерттеудің негізгі міндеттері анықталған болатын:
1. Зерттеу проблемасы бойынша психолого - педагогикалық және әдістемелік әдебиет талдау мен ақпараттық іздеуді жүзеге асыру.
2. Химияны оқыту әдістемесінің халық шаруашылығы салаларымен байланысына теориялық талдау жүргізу.
3. Химия мұғалімдерінің сыныптан тыс жұмыстардың белсенді формалары мен әдістерінің қолданылуының практикалық тәжірибесін зерттеу.
4. Әдебиетті теориялық талдау және білім беру практикасы нәтижелері бойынша оқушылардың халық шаруашылығындағы химияның ролі туралы білімдерін айқындау.
5. Химиядан тыс жұмыс формалары мен әдістерінің химияны халық шаруашылығы салаларымен байланыстыра оқытудағы тиімділілігіне эксперименталдық тексеруін жүргізу.

Содержание

Кіріспе……………………………………………………………………………3
І-бөлім. Химияның ғылыми дүниетанымдық, шаруашылық
көзқарасты қалыптастырудағы роліне қысқаша сипаттама....................5
ІІ-бөлім. Химияны оқытуда химиялық өндіріс түрлері туралы түсінік қалыптастырудың маңызы.............................................................................14
2.1 Жоғары молекулалы қосылыстар химиясының өндірістегі ролі..............14
2.2 Пластмассалар өндірісіндегі химияның маңызы........................................16
2.3 Каучук синтезі және каучук өндірісі...........................................................18
2.4 Қазақстандағы жоғары молекулалы қосылыстар өндірісінің дамуы........22
2.5 Химиялық өндіріс және химияның халық шаруашылығымен байланысының мәселелері..................................................................................23
ІІІ-бөлім. Химиядан сыныптан тыс жұмыстардың халық шаруашылығымен байланысты арттыруда алатын орны.......................38
3.1 Педагогикалық әдебиеттегі "сыныптан тыс жұмыс" ұғымы.....................38
3.2 Химиядан сыныптан тыс жұмыстарды жіктеу...........................................46
3.3 Оқытудың белсенді түрлері мен әдістері....................................................52
Қорытынды.........................................................................................................55
Пайдаланылған әдебиеттер…………………………………………………...57

Прикрепленные файлы: 1 файл

Химияны оқытуда химиялық өндіріс түрлері туралы түсінік қалыптастыру.doc

— 3.38 Мб (Скачать документ)

Оқытудың белсенді түрлерін қолданғанда  маңызды нәрсе  сонымен қатар жүйелілік болып келеді.  Қысқа уақыттық жобалардан ұзақ уақыттық жобаларға, жеке  тапсырмалардан топтық және жалпысыныптық тапсырмаларға өту тәртібі сақталу керек. Зерттеу жобаларының жүзеге асуында келесі кезеңдерді белгілеу керек:

I кезең

 Мотивациялық - мұғалімді жалпы ойды мәлімдейді, оң мотивациялық бейімделу жасайды; оқушылар: ойларды талқылайды, ұсынады; 
жоспарлаушы - даярлайтын - жоба мақсаты және тақырыбы анықталады , мақсаттарды қалыптасады, жоспар дағдыланады

II кезең

Ақпараттық - шапшаң - оқушылар материалды жинайды, басқа қайнарлармен және әдебиеттермен  жұмыс істейді ; мұғалім  байқайды, үйлестіреді, сүйейді, бағыттайды өзі ақпараттық қайнар болып келеді);

III кезең

 Рефлексивті - бағалау - оқушылар : жобаларды ұсынады, нәтижелердің бағалау және ұжымдық талқылауға қатысады, мұғалім ұжымды бағалау қызметіне  қатысушыретінде алға шығады.

Химияны  зерттеуге  оқушылар әрқашан  белсенді қызығушылық білдірген.

Химия сабағына кіретін  мұғалімнің қол астында  біздің күндерімізде,  әр түрлі оқулықтар, жұмысшы дәптерлер, әдістемелік құралдар  және лабораториялық жабдықтар мен реактивтар бар. .  
Бірақ өзгермейтін нәрсе  өмір химиясына оқушының табиғи қызығушылығы қалып отыр. Нақ сондықтан бұрынғыша мұғалімнің міндеті тірі құштарлықты сүйеу, дербес зерттеу іскерліктерімен оқушыны қаруландыру . Бұл  мақсатты  оқытудың белсенді түрлері қолдана отырып қана шешуге  болады.

Оқытудың белсенді әдістері білімдердің тауып алу процесіне оқушыларды қосатын және ойлауының дамуын қамтамасыз ететін әдістер.

Олар рұқсат етеді:

    • оқушылар ойлау қызметін ынталандыру ;
    • өз қабілеттіліктерін  ашу ;
    • өзіне сенімділікке  ие болу ;
    • өзінің қарым - қатынас дағдыларын жетілдіру ;
    • оқушыларда творчестволық ойлау мүмкіншіліктерін қалыптастыру

Оқытудың белсенді әдістері оқушыларды дамытуға жетелейді деп тұжырымдуға болады Бұл кезде меңгерілген білімдер ғана  ұдайы өндіріліп қана қоймай, практикалық қызметте оларды  қолдануға болады.

Мұғалімдердің кәсіптік тәжірибесіне сүйене отырып мұндайларға мыналарды жатқызуға болады:

    • ойындық әдіс;
    • сынай ойлану әдісі;
    • жобалық метод;
    • практикалық сабақ.

 

Қорытынды

 

Қазіргі таңда мектептерде білім беру сапасын көтеру, оқушылардың оқу мазмұнын саналы ұғынуы және пәнаралық байланыстарды өз оқу іс-әрекетінде еркін пайдалану жөніндегі білік-дағдыларды игеруі негізгі талаптардың бірі болып отыр. Осы тұрғыдан дипломдық жұмысымды химияны оқытуды халық шаруашылығымен байланыстыра жүргізудің инновациялық технологияларын анықтау мәселесіне арнай отырып, жүргізген жұмыстар барысында химияны шаруашылық салаларымен байланыстыра оқытудың талабы бойынша философиялық, психологиялық-педагогикалық, ғылыми-әдістемелік әдебиеттегі қағидаларды теориялық тұрғыдан талдау арқылы «кіріктіре оқыту», «оқытудағы пәнаралық байланыстар» мен «шаруашылық жүйесіндегі химия» ұғымдарының мән-мағынасы сараланды.

Осы мәселелермен айналысып жүрген әдіскер-ғалымдардың ой-пікірлері дипломдық жұмысыма арқау болды. Зерттеу барысында мектептерде химияны шаруашылық салаларымен байланыстыра оқытуды жүзеге асыру мүмкіндігі айқындалды, дәлірек айтар болсақ:

  • орта мектептерде химияны халық шаруашылығымен байланыстыра оқыту оқушылардың осы пәндерді меңгеруге деген мотивациясының күшеюіне, пәндік білік-дағдылары сапасының артуына, меңгерілетін теориялық материалдың тереңдеуіне, көлемінің кеңейіп, мазмұнының толығуына, осының негізінде дүниенің біртұтастығы туралы түсініктің қалыптасуына мүмкіндік береді;
  • жаратылыстану пәндерінен биология, физика мен химияны байланыстыра оқытудың бағыттары (пәнаралық, пәнішілік, тақырыптық), деңгейлері (жоғары, орта, төмен), негізгі компоненттері, критерийлері мен көрсеткіштері анықталды және негізделді;
  • зерттеу мәселесі бойынша әдебиеттерді, орта мектептерде жаратылыстану пәндерін оқыту тәжірибесін зерделеу негізінде мектептерде шаруашылық жүйесіндегі химияны оқытудың әдістемесі жасалынды.

Пәнаралық байланыс негізінде химияны өндірістің мәселелерімен байланыстыра оқытудың қажеттігі мен тиімділігі мына тұрғыда дәлелденді:

  • өндірістегі химия бізді қоршаған дүние объектілері мен құбылыстарының құрылымын, ерекшелігін, қасиеттерін, пайда-зиянын, түр-түсін т.б. талдауды әрқайсысы өз тұсында қарастыра отырып, олардың біртұтас дүниенің ғылыми бейнесінің бөлшектері екенін көрсететіндігін ұғындыру;
  • оқушының шығармашылық деңгейге көтерілу үшін осы байланыстарды, олардың сабақтастығын дәлелдеп, оның іс-нәтижесін іс-әрекет барысында қолдану біліктілігін арттыру;
  • оқушының өздігінен ізденуін, ақпараттарды іріктеп, тиімді қолдана білу білік-дағдыларын шыңдау.

Сабақ барысында және сабақтан тыс жұмыстар кезінде олардың теориялық мазмұнына байланысты ұйымдастырылатын жұмыстарды (бақылау, тәжірибе, эксперимент, шығармашылық есеп, тест тапсырмаларын құрастыру т.б.), өздігінен іріктей білу білік-дағдыларын игеру үрдісі тиімді қолданылған әдістемелік жүйе арқылы жүзеге асады.

Ұсынылып отырған мәселе едәуір күрделі болғандықтан, оның көптеген салаларын қамтып шығу мүмкін емес және ол химияны жаратылыстану ғылымдарымен байланыстыра оқыту мәселесін одан әрі жетілдіре түсуді қажет етеді. Бұл ретте, біздің пікірімізше:

  • химияны шаруашылық салаларымен және өндіріс мәселелерімен байланыстыра оқыту арқылы оқушылардың ғылыми дүниетанымын қалыптастыру;
  • ақпараттық технологиялар негізінде шаруашылық түрлерімен байланыстыра оқытуда болашақ мамандықтарына деген қызығушылығын қалыптастыру;
  • оқушылардың болашақ мамандықтарына деген сүйіспеншіліктерін арттыру.

Қазіргі таңда негізгі мектеп оқушыларына пән мазмұндарын меңгерумен қатар, олардың болашақ қоғам мүшесі ретінде алдын ала өз мүмкіндіктерін, қызығушылықтарын, бейімділіктерін ескеріп, терең әрі жан жақты білім алуға деген дайындықтарын қалыптастыруға баса көңіл бөлу көзделіп отыр.

Дипломдық жұмыс барысында келесі тұжырымдар мен қорытындылар алынды:

1. Химияны шаруашылық салаларымен  байланыстыра оқытудың жағдайын  талдай отырып, олардың негізгі ерекшеліктері анықталды: жеке білім беретін пәндерді тереңдетіп оқыту; саралай оқыту, оқушылардың өз қабілеттері, икемдері мен қажеттіліктеріне сәйкес жеке білім траекториясын таңдап алуы; білімі әртүрлі дәрежедегі оқушылардың қабілеттеріне, жеке икемдері мен қажеттіліктеріне сәйкес деңгейлеп оқыту; оқушыларды әлуметтендіру, оларды кәсіби тұрғыдан өзіндік орынын анықтай білуге дайындау.

2. Химияны өндірістің мәселелерімен  байланыстыра оқыту жүйесіндегі  жарытылыстану пәндерінің курстары  негізгі мектеп оқушыларының мектептің жоғары сатысында болашақ оқу бағдарын саналы түрде таңдап алуға көмек көрсетуші, жеке білім беру траекториясын құруға мүмкіндік беретін  құрал болып табылады.

3. Химияны өнеркәсіппен байланыстыра  оқыту барысында оқушылардың  жан-жақты терең білім алуының тиімділігі дәлелденді, ол оқушылардың химияны оқуға деген түрткісінің артуына себеп болады.

Химиядан  сабақтан тыс жұмыс жастар кәсіптік бағдармен хабардар болу проблемасының  шешіміне жағдай жасайды .

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Верзилин Н.М. Проблемы методики преподавания. – М.: Просвещение, 1983.-142с.
  2. Панчешникова Л.М. Методическое пособие для вузов. – М.: Просвещение, 1976.-187с.
  3. Аханбаев К. Химия.: Жоғары оқу орындары дайындық бөлімдерінің тыңдаушыларына арналған оқу құралы. –Алматы: Ана-тілі.- 1993.- 280 б.
  4. Ланина И.Я. Развитие интереса школьника к предмету. – М.: Просвещение, 2001.-24с.
  5. Усова А.В. Об организации обучения школьников. – М.: Просвещение, 1989.-67с.
  6. Кузнецов В.И. Принципы активной педагогики. – М.: Академия, 2001.-95с.
  7. Щуркова Н. Е. Педагогическая технология. - Педагогическое общество России, 2005.- 160с.
  8. Внесыныпная работ по химии: методические разработки. – М.: МГПИ им. В.И. Ленина, 1981.
  9. Химиядан сыныптан тыс жұмыс: Мұғалімдерге арналған құрал А: Алматы, 1996.
  10. Родин  А.А. Массовые формы сыныптан тыс жұмыс в школе. – М.: АПН РСФСР, 1961.- 183с.
  11. Байкова В.М. Химия после уроков. В помощь школе. – Петрозаводск,
  12. «Карелия», 1974.- 175с.
  13. Гольдфельд М.Г. Химиядан сыныптан тыс жұмыс  А: Алматы, 1994.-191с.
  14. Наврусейко Н., Дебалтовская В. Химиялық викториналар. – Минск, «Народная застава», 1972.
  15. Гроссе Э., Вайсмантель Х. Химия для любознательных. Л.: Химия, 1978.
  16. Конарев Б.А. Любознательным о химии. – М.: Химия, 1978.
  17. Левашов В. Занимательная химия. - М.: Просвещение,1991.
  18. Плетнер Ю., Полосин В. Практикум по методике обучения химии. – М.: Просещение 1971.
  19. Популярная библиотека химических элементов. тт. 1-4. – М.: Наука, 1977.
  20. Алексинский В. Занимательные опыты по химии. – М.: Просвещение, 1980.
  21. Сомин Л. Увлекательная химия. – М.: Просвещение,1978.
  22. Жадрина М. Оқушыларды химиядан алған білімдерін пайдалануға дағдыландыру. Алматы. Рауан, 1990.
  23. Некрасов Б.Б. Учебник общей химии. Москва, «Химия», 1972г., 269 стр.
  24. Павлов Б.А. Курс органической химии. Москва, «Химия», 1969г., 148 стр.
  25. Қасыманов С. Қазақ халқының қол өнері. Алматы, 1999ж., 75-93 бб.
  26. Кирюшкнн Д.М. Методы обучения химии в средней школе. - М.: Просвещение, 1968.
  27. Общая методика обучения химии / Цветков Л.А. и др. - М.: Просвещение, 1981.
  28. Шаповаленко С.Г. Методика обучения химии. - М.: Учпедгиз, 1963.
  29. Гаркунов В.П. Совершенствование методов обучения химии в средней школе. - Л.: ЛГПИ им. А.И. Герцена.
  30. Тәрбие мен білім //Химия мектепте, -Алматы, 2009. №4. – Б.46- 48.
  31. Кирюшкин Д.М., Полосин В.С. Химияны оқыту методикасы. Алматы, Мектеп, 1984.
  32. Мырзабаев А. Химияның қызығы. Алматы. Қазақ мемлекеттік баспасы,1963.
  33. Мұсабеков С. Химияны ауыл шаруашылығымен байланыстыра оқыту. Алматы. Мектеп, 1965.
  34. Сарманова К.А. Реформа талаптарына сәйкес химияны оқыту тиімділігін арттыруға арналған методикалық нұсқаулар. Алматы, Мектеп, 1987.
  35. Химияны оқытуды жақсарту жолдары. Алматы, 1963.
  36. Шабдаров К.Н. Химияны оқыту тәжірибесі. Алматы, Мектеп, 1967.

 

 

 

 

 


Информация о работе Химияны оқытуда химиялық өндіріс түрлері туралы түсінік қалыптастыру