Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Ноября 2015 в 22:21, курсовая работа
Диплом жұмысының зерттеу әдісі – салыстыру, теориялық талдау, ғылыми тұжырымдау әдістері диплом жұмысында кеңінен қолданылды.
Қойылғанмен мақсаттармен сәйкестікте зерттеудің негізгі міндеттері анықталған болатын:
1. Зерттеу проблемасы бойынша психолого - педагогикалық және әдістемелік әдебиет талдау мен ақпараттық іздеуді жүзеге асыру.
2. Химияны оқыту әдістемесінің халық шаруашылығы салаларымен байланысына теориялық талдау жүргізу.
3. Химия мұғалімдерінің сыныптан тыс жұмыстардың белсенді формалары мен әдістерінің қолданылуының практикалық тәжірибесін зерттеу.
4. Әдебиетті теориялық талдау және білім беру практикасы нәтижелері бойынша оқушылардың халық шаруашылығындағы химияның ролі туралы білімдерін айқындау.
5. Химиядан тыс жұмыс формалары мен әдістерінің химияны халық шаруашылығы салаларымен байланыстыра оқытудағы тиімділілігіне эксперименталдық тексеруін жүргізу.
Кіріспе……………………………………………………………………………3
І-бөлім. Химияның ғылыми дүниетанымдық, шаруашылық
көзқарасты қалыптастырудағы роліне қысқаша сипаттама....................5
ІІ-бөлім. Химияны оқытуда химиялық өндіріс түрлері туралы түсінік қалыптастырудың маңызы.............................................................................14
2.1 Жоғары молекулалы қосылыстар химиясының өндірістегі ролі..............14
2.2 Пластмассалар өндірісіндегі химияның маңызы........................................16
2.3 Каучук синтезі және каучук өндірісі...........................................................18
2.4 Қазақстандағы жоғары молекулалы қосылыстар өндірісінің дамуы........22
2.5 Химиялық өндіріс және химияның халық шаруашылығымен байланысының мәселелері..................................................................................23
ІІІ-бөлім. Химиядан сыныптан тыс жұмыстардың халық шаруашылығымен байланысты арттыруда алатын орны.......................38
3.1 Педагогикалық әдебиеттегі "сыныптан тыс жұмыс" ұғымы.....................38
3.2 Химиядан сыныптан тыс жұмыстарды жіктеу...........................................46
3.3 Оқытудың белсенді түрлері мен әдістері....................................................52
Қорытынды.........................................................................................................55
Пайдаланылған әдебиеттер…………………………………………………...57
Мазмұны
Кіріспе……………………………………………………………
І-бөлім. Химияның ғылыми дүниетанымдық, шаруашылық
көзқарасты қалыптастырудағы роліне қысқаша сипаттама....................5
ІІ-бөлім. Химияны оқытуда
химиялық өндіріс түрлері туралы түсінік
қалыптастырудың маңызы........................
2.1 Жоғары молекулалы қосылыстар
химиясының өндірістегі ролі...
2.2 Пластмассалар өндірісіндегі
химияның маңызы...............
2.3 Каучук синтезі және каучук өндірісі......................
2.4 Қазақстандағы жоғары
2.5 Химиялық өндіріс және
ІІІ-бөлім. Химиядан сыныптан тыс жұмыстардың халық шаруашылығымен байланысты арттыруда алатын орны.......................38
3.1 Педагогикалық әдебиеттегі "сыныптан тыс жұмыс" ұғымы.....................38
3.2 Химиядан сыныптан тыс
3.3 Оқытудың белсенді түрлері
мен әдістері..................
Қорытынды.....................
Пайдаланылған әдебиеттер………………………………………………….
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі заманауи мектептің басты мақсаттарының біріне әрбір баланың жеке дамуына арналған қажетті толық күнды шарттарды жасау және оқу процесінде әрбір оқушының белсенді позиция қалыптастыруы жатады. Сондықтан оқытудың белсенді түрлерін қолдану арқылы химияны оқытуды шаруашылық салаларымен байланыстыра оқыту оқушының танымдық жете білушілігінің дамуының негізі болып табылады. Белсенді танымдық қабілеттіліктер танымдық қызмет барысында дамиды және қалыптасады. Бала тыңдаушы ғана емес, сонымен қатар танымдық процеске белсенді қатысушы, өз білімдерін еңбекпен табатын кезде, мұндай білімдер берік болады. Нақ белсенді оқытудың түрі – бұл әуестікке жалын жағушы бірінші ұшқын. Демократиялық ізденістік-творчестволық оқудың пайдасына мұғалім авторитарлық оқыту сипатынан бас тартады. Негізгі даусыз артықшылықтар ретінде: дербестіктің, ынталылықтың биік дәрежесі, әлеуметтік дағдылардың дамуы, білімдерді табуға деген іскерліктерінің қалыптасуы, творчестволық қабілеттіліктердің дамуын келтіруге болады. Таңдау бостандығы сезімі оқуды саналы, өнімді және нәтижелірек етеді.
Оқыту-тәрбиелік процесс түрлерінің біріне тәрбиелеудің бір бөлігі болып табылатын химиядан сыныптан тыс жұмыстар жатады. Мектепте дұрыс жолға қойылған сыныптан тыс жұмыстың үлкен білім беруші және тәрбиелік мағынасы болады. Ол сабақта алынған білімдерді тереңдетеді және кеңейтеді, көптеген пайдалы дағдыларға ие болуға мүмкіндік береді, ал демек, оқу мен тәрбиелеуді өмірге жақындатады. Сабақтан тыс жұмыс оқушыларға жеке дара жақын келуді жеңілдетеді, олардың дербестігінің дамуына арналған қолайлы шарттар жасайды.
Химия ғылымы мен халық шаруашылығы арасындағы байланыстың алдына қоятын мақсаты сан алуан. Бірі пәнаралық байланыс бойынша білімнің теориялық негізін күшейтуді көздесе, екіншісі, пәнаралық байланыс арқылы оқушылардың дүниетанымын қалыптастыруды, үшіншісі осы мәселе негізінде оқушылардың практикалық дағдылары мен шеберліктерін дамытуды тағы басқа сол сияқты түрлі- түрлі мақсаттарды көздейді. Сонымен қатар, пәнаралық байланыс арқылы оқушылардың оқу-танымдық қызметі мен оқытушының оқыту қызметінің өзара байланысын күшейту мәселесі де қарастырылуы мүмкін.
Оқытуда пәнаралық байланыс мәселесін жүзеге асыру арқылы білім беру үрдісінің пәндік құрылымына сүйене отырып, оқушы санасында қоршаған ортадағы нақты құбылыстар жөнінде білім жүйелерін беру, олардың дүниенің біртұтастығы туралы ұғымын қалыптастыру мақсаттары жүзеге асады.
Орта мектептерде химиядан білім берудің тиімді тұстарын саралаған авторлар қатарына А.П. Крешковты, А.А.Ярославцевті, К.М.Ольшанованы, З.А.Барсукованы атауға болады. Осы ғалымдардың еңбектеріндегі тиімді қағидаларды мен өз жұмысымның барысында пайдалануға тырыстым.
Сабақтар уақытында оқушылардың барлық сұрақтарын қанағаттандыру мүмкін емес. Сабақтан тыс жұмыс оқу жұмысымен өзара байланыста білімдерді іздеуде оқушы белсенділігін мобилизациялайтын әсерлі құрал ретінде қызмет етеді және оқушылардың қызығушылықтарын қанағаттандыруға көмектеседі. Химиядан сыныптан тыс жұмыс түрлерінің әр алуан түрлі болуы мектеп бағдарламасымен органикалық байланыста болуы тиісті, сонымен қатар оның шектерінен сыртқа шығып, толықтыруы тиіс, яғни оқу және сыныптан тыс жұмыстардың арасында өзара байланыстар бар болуы тиіс.
Диплом жұмысының мақсаты -химияны оқытудың шаруашылықпен және өндіріс түрлерімен байланысты жаңа инновациялық технологияларын енгізу және іске асыру.
Диплом жұмысының объектісі – химияны оқыту әдістемесінің халық шаруашылығы салаларымен байланысының жаңа инновациялық технологиялары.
Диплом жұмысының зерттеу әдісі – салыстыру, теориялық талдау, ғылыми тұжырымдау әдістері диплом жұмысында кеңінен қолданылды.
Қойылғанмен мақсаттармен сәйкестікте зерттеудің негізгі міндеттері анықталған болатын:
1. Зерттеу проблемасы бойынша
психолого - педагогикалық және
2. Химияны оқыту әдістемесінің халық шаруашылығы салаларымен байланысына теориялық талдау жүргізу.
3. Химия мұғалімдерінің сыныптан
тыс жұмыстардың белсенді
4. Әдебиетті теориялық талдау және білім беру практикасы нәтижелері бойынша оқушылардың халық шаруашылығындағы химияның ролі туралы білімдерін айқындау.
5. Химиядан тыс жұмыс формалары мен әдістерінің химияны халық шаруашылығы салаларымен байланыстыра оқытудағы тиімділілігіне эксперименталдық тексеруін жүргізу.
Диплом жұмысының құрылымы: жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
І-бөлім. Химияның ғылыми дүниетанымдық, шаруашылық көзқарасты қалыптастырудағы роліне қысқаша сипаттама
Материя қозғалысының химиялық формасы. Дүниеге көзқарас тудыратын білімді қорытындылаудың үш деңгейі бар: философиялық деңгей, жаратылыстану ғылымының деңгейі және жеке ғылымдық (мысалы, химиялық) деңгей. Осы денгейлерге сәйкес дүниенің философиялық, жалпы ғылымның және жеке ғылымдық (химиялық, физикалық, т.б.) бейнелері қалыптасады.
Көзқарасты қалыптастырудағы рөлі. Химия — жаратылысты зерттейтін ғылымдардың бірі. Жаратылыс дегеніміз — бізді айнала қоршаған материялық дүние. Материя әрдайым қозғалыста болады. Неміс философы Ф. Энгельс: "Химия дегеніміз — атомдар қозғалысы туралы ғылым, ол дененің сандық құрамының өзгеруінен болатын сапалық өзгерістерін зерттейді", — деп атап көрсеткен еді. Физика молекулалар қозғалысын зерттесе, химия атомдардан молекулалардың түзілуін қарастырады. Химия ғылымы қазіргі жаратылыстану ғылымдарының маңызды бір саласы ретінде материя қозғалысының химиялық формасын, анығырақ айтсақ химиялық процестердің заңдылықтарын зерттейді.
Материя қозғалысының химиялық түрі деп отырғанымыз молекула ішіндегі атомдар қозғалысы әсерінен молекуланың сапалық өзгеруі. Оны іске асыратындар - электрондар, атомдар, молекулалар, макромолекулалар, иондар, радикалдар, т.б. Материя қозғалысының химиялық формасын, химиялық айналуларды химиялық құбылыс немесе химиялық реакция деп атайды. Біздің айналамызда мұндай айналулар үздіксіз, тоқтаусыз жүріп жатады. Соның нәтижесінде, бір заттардан екінші заттар пайда болады, организмдер өседі, көбейеді, т.б.
Табиғатта болып жататын осындай өзгерістерді химия басқа да ғылым салаларымен бірлесе отырып, өзара тығыз байланыста зерттейді. Мысалы, химияда және баска ғылымдарда физикалық заңдар мен әдістер кеңінен пайдаланылады, қазіргі физикалық жетістіктерді пайдаланбай химияның дамуы мүмкін емес. Дәл осылай химияның жетістіктерінсіз физика да, басқа да ғылым мен өнеркәсіп салалары дами алмас еді. Басқаша айтсақ, химия математикамен, физикамен бірлесе отырып, күрделі биологиялық түзілістерді танып-білуге көмектеседі.
Химия — күрделі, көп кырлы, іргелі ғылым. Ол басқа да жаратылыстану ғылымдары сияқты дүниені материалистік тұрғыдан түсінуге, диалектикалық ойлауға негіз береді. Табиғаттың химиялық бейнесі дегеніміз химиялық жалпы білімнің басқа пәндерден алған біліммен бірігуі» біртұтас ой-пікірге, сенімге айналуы.
Химияның негізгі заңдылықтары табиғаттың жалпы заңдылықтарымен үндесіп жатады. Мысалы, көмірсутектердің молекуласындагы әр түрлі байланыстардың түзілуіне сәйкес қаныққан және қанықпаған қосылыстар қасиеттеріндегі айырмашылықтардың болатынын білдіреді. Бұл –сан өзгерістерінің сапа өзгерістеріне ауысу заңын дәлелдесе, амин қышқылдары мен белоктардың екідайлы қасиеттерінің болуы — қарама- қарсылықтың бірлігі мен құресі заңын өрнектейді, Сондай-ақ алкандар мен арендер қасиеттеріндегі ұқсастық (орынбасу реакциясына қатысуы) терісті теріске шығару заңына бағынып, оралма бойынша дамуды көрсетеді. Ал табиғат дамуының қарапайымнан күрделіге өту заңдылығын оқушылар органикалық химияны оқу барысында кездестіреді. Мысалы, қарапайым метаннан бастап, күрделі заттар — жоғары молекулалы қосылыстар химиясына дейін осы заңдылық бірте-бірте енгізіліп отырды.
Оқушылар химия пәнін оқи бастағаннан бері материалдың мазмұны мен теориялық деңгейіне және оның күрделенуіне байланысты дүниетанымның қалыптасуынын екі кезеңінен өтеді. Бірінші кезеңде, бейорганикалык химия курсын өткенде, заттармен және химиялық реакциялармен байлаиысты жеке көзқарастар химиялық ұғымдар деңгейінде химиялық терминдер арқылы қалыптасты. Заттардың қасиеттері сезім мүшелері арқылы білініп, құрамы мен құрылысына тәуелді болатынына көздері жетті.
Заттың құрамы, құрылысы және қасиеттері химияның үш тірегі. Бүкіл химия бойынша зат туралы ілім осы үш негізгі тірекке сүйеніп дамиды. Өйткені олар заттарды ғылыми танудың бірінен кейін бірі келетін негізгі үш баспалдағы болып табылады.
Зат жөніндегі танымның даму процесі әуелі зат қасиеттерін зерттеу зат құрамын анықтаудан басталып, әрі қарай қасиет-құрам проблемасына келіп тіреледі. Оны түсіну үшін атом-молекулалық ілімге сүйеніп, құрам мен құрылыс арасындағы байланысты іздейміз, одан келіп құрылыс-қасиет проблемалары туындайды. Осы айтқандар диалектикалық тұрғыдан химиялық теориялық ойлау қызметін қалыптастырады.
Бұл сабақтастықты шешуді химик-органиктер заттарды зерттеудің молекулалық деңгейінде жүзеге асырса, Д. И. Менделеев заттар қасиеттерін зерттеуді танымның тереңірек деңгейі, яғни олардың атомдық деңгейінде шешуді алға қойды. Ол кезде атом құрылысы әлі ашылмағандықтан, Д. И. Менделеев химиялық элементтердін белгілі қасиеттерінің арасындағы байланысты ашты. Бұл ғылыми жаңалық — атом құрамын, сонынан құрылысын зерттеуге жол ашты. Осылайша құрам, құрылыс және қасиет ұғымдары химиялық элементтер мен олардың қосылыстарын эерттейтін химияның ғана емес, атом және оның ядросына дейін тереңдеп енетін физиканың дамуына да жол ашты. Қазір физика ғылымының дамуы жөніндегі ертеректе қалыптасқан түсініктерді жетілдіре отырып, элементарлық бөлшектер әлеміне тереңдеп ену үстінде.
Екінші кезеңде, органикалық химияны оқу барысында, оқушылар органикалық заттардың сан алуандыгы олардың электрондық және кеңістіктегі құрылысына тәуелді екені, заттардың түзілуі, реакциялары, қасиеттері жалпы заңдылықтарға бағынатыны, ешқандай "тіршілік құпия" (витализм) жоқ екені жөнінде түсінік алдыңдар. Осылайша өлі табиғат пен тірі табиғаттың бірлігіне көз жеткізіп, химиямен биология арасындағы пәнаралық байланыстың мәнін түсіне бастадыңдар.
Органикалық химиядағы көміртек қосылыстарының күрделену процесі арқылы химияның органикалық табиғатты зерттейтін биология ғылымымен байланысы ашылады. Сондықтан химиялық білімсіз казіргі әлемнің биологиялық бейнесін түсіну мүмкін емес.
Органикалық химия өсімдік, жануар және адам организмдерін құрайтын заттар, ол заттардың бейорганикалық заттардан түзілуі, организмдердін тіршілік негізіне жататын заттардың айналулары жөнінде түсінік калыптастырады.
Органикалық химияны оқи отырып, зат табиғатына тереңірек үңілу, яғни молекулада атомдар орналасуының кеңістіктік бейнесін, химиялық байланыстардың электрондық табиғатын оқу арқылы атомдар мен молекулаларда жүретін материалдық процестерді, микроәлемдегі объективті заңдылықтарды, химиялық айналулардың мәнін түсіндіңдер. Бұл жағдай органикалық химияның ғылыми дүниетанымды қалыптастыруға ерекше маңызы бар екенін көрсетеді. Осы арқылы табиғаттағы заттардың көп түрлі болу себебі-бейорганикалык және органикалық дүниенің материалдық бірлігі, заттар айналуларының өздеріне тән заңдылықтар арқылы іске асатыны түсіндіріледі.
Басқа ғылымдар сияқты органикалық химия да табиғаттың сырын түсіндіріп қана қоймай, адамның оны қоғамның қажетіне жаратуына мүмкіндік береді.
Осылайша әрбір химиялық ұғым диалектикалық ұғым ретінде қарастырылады. Диалектика табиғат пен қоғам дамуының жалпы заңдарын қарастыратындықтан, химия саласындағы айналулар мен даму осы заңдылықтарға бағынатыны нақтылы мысалдардан көрінеді. Химиялық үғымдар мен қалыптасқан дүниетаным философиялық ұғымдар дәрежесіне дейін көтеріледі.
Ғылым айналамыздағы ақиқат дүниені түсіндіріп қана қоймайды, оны адамның игілігіне сай өзгертіп, өндіруші қүшке айналуда.
Химияның тіршілік үшін маңызы. Адамзат қоғамы бұдан мыңдаған жылдар бұрын кейбір табиғи шикізаттарды мұқтажына сай өңдеп, қажетіне пайдалана білген. Қазіргі заманда адамның өндіргіштік әрекеттері саласында химияның атқаратын рөлі зор. Химия араласпаған бірде-бір өндіріс, шаруашылық салалары жоқ. Табиғат бізге тек бастапқы шикізатты — ағашты, кенді, мұнайды және т.б. береді. Табиғи материалдарды химиялық өңдеу арқылы ауыл шаруашылығына, өндіріске, тұрмысқа қажетті тыңайтқыштарды, металдарды, пластмассаларды, бояуларды, дәрілік заттарды, сабынды, соданы және т.б. аса маңызды әр түрлі заттарды алады. Осы процестерді іске асыру үшін жалпы заңдылықтарды білу қажет. Бұл білімді де химия береді.
Информация о работе Химияны оқытуда химиялық өндіріс түрлері туралы түсінік қалыптастыру