Химиялық формуланы құрастыру есептерін шығару әдістемесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Мая 2015 в 10:43, курсовая работа

Краткое описание

Зерттеудің мақсаты: Жaлпы oрта білім беретін мектепте химияны пәнаралық бaйланыс негізінде оқыту арқылы салауатты өмір салтын қалыптастыру әдістемесін ғылыми – теориялық тұрғыдaн негіздеy.
Зерттеудің міндеттері:
- жаратылыстану ғылымдарының өзара байланысуы арқылы туындайтын салауатты өмір салты мәселелерін ғылыми – теориялық тұрғыдaн негіздеy;
- xимияны пәнаралық негізде оқытуда оқушылардың салауаттылық мәдениетін қалыптастырудың әдістемесін жасау;
- пәнаралық негізде салауатты өмір салтын қалыптастырудың әдістемесінің тиімділігін түсіндіру;

Прикрепленные файлы: 1 файл

Бактыгалиев Куаныш.doc

— 372.50 Кб (Скачать документ)

Xимияның салауаттану пәнімен пәнаралық байланысы:денсаулықты  сақтаудың  негізгі  критерийлерінің  бірі, салауатты  өмір  салтын  қалыптастыруда  маскүнемдік,  шылым  шегу  және  есірткілік  заттарды  қолдану  сияқты  зиянды  әдеттерден  сақ болуға тәрбиелеу.  Алкоголь,  никотин,  наркотик – химиялық  улы заттар  екеніне  химия  ғылымы  тұрғысынан  көздерін  жеткізетін ғылыми ұғым берy.

Cалауатты  өмір  сүруге  бағыттайтын  мәселелерге  химия  сабақтарында  психологиялық  зерттеулерді  қолдану  да  жатады,  себебі  бұл  зерттеулердің  адам  денсаулығы  үшін маңызы зоp.

Cалауатты өмір салтын қалыптастыруда химия пәнінің алатын орны ерекшe. Xимия сабақтарында дұрыс тамақтану, тазалық және санитария ережелерін насихаттау, нашақорлыққа қарсы күрес, темекі мен алкоголді қысқарту, қоршаған табиғи ортаның таза болуы, аурудың алдын алу туралы мәселелерді оқушылардың алдына қойып, оларды шешу жолдарын іздеуге, зерттеуге үйретуге болады.

Химия сабақтарында салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін пәнаралық байланыстың рөлін күшейтіп, салауатты өмір салтын қалыптастырудағы зерттеулерді жүргізу қажет

Kез келген материалды өмірмен байланыстыра оқыту, оны химиялық тәжірибе жүзінде көрсетіп, зерттеу жұмысын жүргізіп, көзін жеткізу теорияны түсінуге жол ашады. Бұл мәселелер туралы түсініктер сабақта беріліп, мүмкін болған жағдайда қосымша сабақтардың жүргізілуін, кещтерді ұйымдастыруды талап етедi.[5].

Жалпы  білім  беретін  орта  мектепте химия пәнінің бағдарламасына сәйкес оқу материалының мазмұнындағы тараулардың салауаттылық  мәселелері  қарастырылатын  тақырыптары  және  жүргізілетін  зертханалық  тәжірибелер  анықталып, бағдарлама мазмұнына қосымша салауаттылық туралы оқушылардың ұғымын тереңдетуге арналған материалдар енгізілді.  Осы  жинақталып берілген  материалдар  бойынша химияны оқытуда жаратылыстану пәндерімен пәнаралық байланыс негізінде  салауатты өмір салтын қалыптастыра білім беру мүмкіндігін көрсететін тақырыптар  (8 – 11 –сыныптар  бойынша) жүйемен топтастырылды.

Бұл  негізгі пән бағдарламасына қосымша енгізілген материалдар     салауатты  өмір  салтын  қалыптастыра  оқытудың  мақсаты  мен    міндеттерін  жүзеге асыруға толық  мүмкіндік  береді. Әр мұғалім  өз  қалауы  бойынша  тақырыптарды  оқу  материалына қосымша ретінде  немесе  арнайы  факультативтік  курсының  бағдарламасына  еңгізуіне мүмкіндік туды.


Xимиядан  пәнаралық  байланыста  салауатты  өмір  салтын  қалыптастыра  білім  беру  үшін материалдарды  сұрыптағанда, қоршаған ортада  болып  жатқан  әр  түрлі құбылыстардың  адам  денсаулығы  үшін  маңызын  түсіндіруден  бастаса,  оқушылардың  өз денсаулығына деген  танымдық  көзқарасы  жетіліп,  әр  бір  тұлғада  жоғары  салауаттылық  сана – сезім,  әрбір  іс - әрекеттерінде  ойлылық,  жауапкершілік  сезімдері  қалыптасады. 

Xимия пәнін оқытуда пәнаралық байланыстың атқаратын қызметтерін анықтап, пәнаралық мазмұны бар сабақтарда салауатты өмір салтын қалыптастырудың әдістемесі[6].Ол 2 сызбанұсқада ұсынылaды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


 


 


 

 


 






 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


 


 

 

 

Сурет 2 - Химияны оқытуда салауатты өмір салтын қалыптастыру әдістемесінің моделі

Ұсынылып отырған әдістемелік жүйенің негізіне бес компонент алынып, нәтижеде пәнаралық байланыс негізінде салауатты өмір салтын қалыптастыра білім мен тәрбие берудің  мазмұны, нақты пәндердегі білім бір - бірімен өзара ұштасып, сабақтасып жатса, онда әрбір оқушыда жоғары әлеуметтік салауатты өмір сүру туралы сана сезім, іс- әрекеттерінде ойлылық, жауапкершілік сияқты қасиеттер қалыптасып, салауатты өмір сүруге тәрбиелеу жүзеге асады.

Мұнда  алдынала  белгіленген  дидактикалық  міндеттерге  негізделіп,  тақырыптың  мазмұнының  ерекшелігі,  сондай – ақ  оқушының  және  оқытушының  мүмкіншілігі  ескеріледі:

  • сабақтың  жоспарын  пәнаралық  байланыс  негізінде  құру;
  • сабақтың  таңдап  алынған  жоспарының  орындалуын  бақылау;
  • сабақта көрнекілікті пайдалануға баса көңіл бөлу;
  • теориялық материалды оқушылардың өмір тәжірибесімен байланыстыру;
  • оқушылардың сабақ барысындағы өзіндік іс- әрекетіне мүмкіндік туғызу;
  • пәнаралық байланысты анықтауға оқушыларды қатыстыру;

Салауаттылық бағыттағы пәнаралық байланысы бар сабақтарды  өткізу  барысында  төмендегідей  талаптарды  ескеру  қажет:


-  салауаттылық  туралы  мәселенің  негізгі  сабақтың  мазмұнымен  тығыз  байланыстылығы;

- хабарлама  ұзақтығының  оқушылардың  жас  ерекшеліктері  мен білім  деңгейлеріне  сәйкестігі;

- салауаттылық  туралы  деректің  тартымды  және  қызықты  болуы.Салауаттылық  туралы  ұғым берудің  негізгі  формасың бірі ретінде   сыныптан  тыс  және  мектептен  тыс жұмыс түрлерінде алуға болады.  Мұндай  жұмыстарға жеке  оқушылардың  өздігінен  жүргізетін  жұмыстары:  әр  түрлі  тақырыптарға  баяндама  жасау;  ұйірмелер  жүргізу;  іскерлік  ойындар;  көрнекі  көрсетілетін  тәжірибелерді  әзірлеу;  олимпиада;  викторина;  ғылыми – практикалық  конференциялар  өткізу  жатады.  Бұған  қоса  19-  қараша  бүкіл  дүние  жүзілік  шылым  шегуге  және  1 – желтоқсан  ЖИТС –ке  қарсы  күрес  күндерін  атап  өтуге  байланысты  жүргізілетін іс – шараларды  айтуға  болады. Қaзіргі кезде адамдар мен қоғамның cалауаттылығы бүкіл өркениетті әлем үшін әлеуметтік сипатқа ие болып отыр. Бүгінгі aдам cалауатты өмір  мен денсаулық мәдениетін игермей тұрып, өзін білімді адам деп санай алмайды[16].

Салауатты өмір сүру барысында адам ағзасына тигізер әсері мол химиялық элементтер мен қуат көздеріне кальций, йод, фосфор және т.б.

 

Кальций – күмісше жылтыраған ақ металл, ол сілтілік металдар тәрізді өте жеңіл (g = 1,55 г/см3 ), алайда анағұрым қатты болады және оның балқу температурасы да өте жоғары, 851 0 С-ге тең.

Са – ізбес. Ол жасуша құрамына еніп, сүйек құрауға, жүрек және бұлшық еттерінің жұмысына қатысады, қанның ұюын қамтамасыз етеді.

Калцийдің маңызды қосылыстары: кальций оксиды – СаО – сөндірімеген әк, кальций гидроксиді – Са(ОН)2 – сөндірілген әк, кальций карбонаты – СаСО3 - әкті су, ғаныш (гипс) – СаSO4 *2Н2О

Ересек адамдарға тәулігіне 0,5 грамм кальций жеткілікті. Ол сүйекті қатайтуға аса қажет. Кальций – сиыр мен қой сүті, сүтпен жасалатын түрлі тағам – ірімшік, сүзбе, сүтсірнеде (сыр) мол. Қара бидай наны мен жұмыртқаның сары уызыда кальцийге бай. Ағзаға бір тәулікке қажет кальций алу үшін жүз грамм сүтсірне немесе жарты литр сүт жетеді.

Ағзада кальций тұздарының жетіспеушілігі сүйек ұлпасының дұрыс емес дамуына, тістер (кариес) ауруына, кейбір ферменттердің белсенділігі төмендеуіне, орталық жүйке жүйесінің қызметінің бұзылуына әкеп соқтырады.

 

   Сүт        ірімшік    сүт сірне (сыр)


 

 


 

                                                                                          жұмыртқа

Қаранан   

 

Йод - өмірлік маңызы бар элемент. Ол қалқанша без үшін құрылыс материалы (қалқанша без – йод жинақтаушы орган).  Өкінішке орай, бұл микроэлемент ағзада жасалмайды, адам оны тек ас, тағам арқылы алады. Сырт қарағанда йод жетіспеушілік білінбейді, ал тапшылық сезілсе түрлі ауруларға шалдықтырады, яғни шаршау, түрлі жұқпалы ауруларды тез қабылдағыштық, белсіздік және ақыл – ой кемістігі.

Йод жетіспеушілігіне байланысты ауруларды емдегеннен гөрі алдын – алған жөн. Адам күнделікті өсімдік және жануартекті өнімді қабылдағанмен, ағзаға қажет мөлшердегі дәрумен мен микроэлементтердің орнын толтыра алмайды. Ағза йодты синтездей алмағандықтан, тршілік үшін күнделікті йоды бар тағамдарды пайдалану есебінен қажет мөлшерін толтыру қажет.

 

 

 

 

 

 

 

Йодтың күндік нормасы

 

Йод мөлшері (мкг)

Категориясы

Жасы

50

Емізулі сәби

Алғашқы 12 айда

70

Ерте жастағы балалар

1- ден 2 жасқа дейін

90

Мектеп жасына дейінгі балалар

2- ден 6 жасқа дейін

120

Бастауыш және орта сынып оқушылары

7- ден 12 жасқа дейін

150

Жасөспірімдер, ересектер

12- ден жоғары жастағылар

200

Аяғы ауыр әйелдер мен бала емізетін әйелдер

 

 

Ең жоғарғы мөлшердегі өнімі – теңіз өнімдері (800 – 1000 мкг/кг). Теңіз балдырлары мен губкалар және балық майы, кальмар, теңіз капустасы. Ет, сүт, жұмыртқада йод аз, өсімдіктекті азықта тіпті аз.

Йод бар өнімдерді қабылдағанда (80 – 85 % мөлшерін ал үшін) мынаны ескер жөн:

  1. йодтың қалқанша безге кіруі үшін фермент, селен, мырыш, темір және А, Е дәрумендері бірге жүруі қажет.
  2. микроэлементтер пісіру кезінде жойылып кетеді. Егер сорпа дайындасаңыз әңгіме басқада, ал тек картоптың өзін қайнатсаңыз, йод сумен бірігіп өзгеріске ұшырайды.
  3. кейбір тамақ өнімдері йодты өзіне «байлап» алып, ағзаға сіңірілуін нашарлатады, ондай қасиетке барлық шаршыгүлділер: орымжапырақ, шалқам, шалқан, шомыр, соя, бұршақ жатады. Бұл оларды жемеу деген  емес, керісінше соларды көбірек мөлшерде қабылдау керек деген сөз.
  4. йод жетіспеді екен деп тек йодталған өнімді ғана жеуге болмайды, тепе – теңдік сақтап, май, ақуыз, көмірсуларды да аз мөлшерде қабылдар отырыңыз.
  5. йодтың спирттегі ерітіндісін тікелей пайдалануға мүлдем болмайды, 1 тамшы йодтан 11 күндік мөлшерін бірден аласызда, қалқанша безді «отырғызасыз» және таза йод аллергия беруі мүмкін

 

Адамның өмір сүруіне бүкіл өмір бойы бір қасық қана йод жеткілікті.  

Йод адам ағзасында 20 – 30 мг мөлшерінде ғана болса да өте маңызды үрдістерді атқарады.[6].

 

Құрманың зияны жоқ. Кептірілген құрма – адам ағзасына қажетті дәрумендерге бай жеміс. Оның құрамында ақуызбен көмірсутектен басқа темір, фосфор, мыс, марганец, магний, калий, кальций, фтор, селен элементтері бар. Кальций сутектің, фтор тістің беріатігі үшін қажет болса, селен жүрек және қатерлі ісік ауруларының алдын алып, ағзаның қорғаныш қабілетін күшейтеді.

Құрма құрамындағы амин қышқылы жөнінен алма, апельсин мен бананды жолда қалдырады. Бұрынырақта халық емшілері құрманы асқазан, ішек ауруларына ем ретінде қолданған. Құрма күш – қуаттың қайнар көзі, сонымен бірге бұлшық еттің нығаюына да әсер етеді.

Жемістің құрамындағы В тобындағы дәрумендер мен көп мөлшердегі глюкоза мимен жұмыс істейтіндер үшін өте пайдалы. Құрма жүкті әйелдер үшін де өте қажетті жеміс, ол ана сүтінің молабына септігін тигізеді. Бірақ кептірілген құрма майлы және қанты көп болғандықтан, күніне 10 – 15 түйірден артық жеуге болмайды.

 

                                                                         Fe

             K          Ca    10-15 түйір күніне


  Mg        Көмірсутек


           


 

         Mn                         Ақуыз



Ішек ауруына   көмек етеді


     Cu         Бұлшық ет нығаяды

P    Se    асқазанға пайдалы Ана сүті молаяды

 

Фосфор тұздары . Фосфор тұздарының ағза үшін маңызы сүйекті қалыптастыруға қатысумен шектелмейді. Фосфордың органикалық қосылысы – аденозинүшфосфат қышқылы мен креатин – биологиялық қышқылдану барысында босайтын қуаттың нағыз аккумуляторы болып табылады. Ағза бұлшық еті жиырылғанда, сондай – ақ мида, бауырда, бүйректе және басқа ағзаларда жүретін биохимиялық үрдістерде қуатты нақ осы қосылыстар түрінде пайдаланады.

Міне сондықтан бұлшық етте қатты жұмыс істеген кезде фосфатты қажетсіну едәуір артады. Егер ересек адамға оның тәуліктік қажеті 1 – 2 грамм болса, ауыр дене еңбегімен шұғылданатын жұмысшыға немесе үлкен қашықтыққа жүгіретін спортшыда бұл қажеттілік екі есе дерлік артуы мүмкін.

Адам денесінде фосфор қосылыстары көп. Фосфор қышқылының қалдығы жасуша ядроларында нәсілдік қасиеттер беретін аса маңызды заттарға – нуклеопротеидтерге, май тектес заттарға – фосфатидтерге және көмірсулардан тарайтын әр түрлі заттарға міндетті құрамдас бөлік ретінде кіреді. Сүйек пен тісте фосфор қышқылының тұздары өте – мөте көп. Сондықтан тамақ рационында фосфордың қажетті мөлшерде болғаны жөн. Фосфор мал мен өсімдік өнімдерінде мол. Өсімдік өнімдерінен бөлінген қосылыстар ағзаға нашар сіңеді, өйткені нашар ериді. Фосфор сырда, сүзбеде, етте өте көп. Әр өнімнің 100 г мөлшеріндегі фосфор төмендегі мысалда келтірілген.

 

4 – сурет

     

Қара нан 100-200 мг           Сүт сірне (сыр) 400-600 мг  Жұмыртқа


         Қырыққабат 31 мг        Ет 150-200 мг

 

 

 

 

  

Ірімшік 217-224 мг         Балық      Лобия 541 мг

 

Асқабақ Латын Америкасынан шыққан, бірақ ол біздің жерімізде  де орнықты. Қызғылт, сары, дәмді балдырынан басқа оның емдік қасиетті тұқымы да бар. Оны жапон диетологы Дж. Осава пайдалы өнімдер кестесінің ішінде бірінші орынға қояды. Әсіресе қауын тәрізді емес, дөңгелек асқабақтың тұқымы бағалы. Тұқым несімен пайдалы дейсіз ғой. Онда 36 – 52 пайыз майлар (холестеролсыз), шайыр, органикалық заттар, Е, А дәрумендері, аздаған Д, К дәрумендері бар және микро мен макроэлементтер мол. Әсіресе ондағы мырыш пен темір бағалы және магний, кальций, фосфор, ақуыздар да көп.

Құрамындағы мырыш бойынша асқабақ пен күнбағыс ерекше даңққа ие болады, өйткені осы  өнімдердегі мырыш мөлшері устрицалардан соң екінші орынды иеленеді. Ал мырыш әйелдерге қарағанда ер адамдарға 5 – 8 есе артық қажет.

Информация о работе Химиялық формуланы құрастыру есептерін шығару әдістемесі