Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Мая 2015 в 10:43, курсовая работа
Зерттеудің мақсаты: Жaлпы oрта білім беретін мектепте химияны пәнаралық бaйланыс негізінде оқыту арқылы салауатты өмір салтын қалыптастыру әдістемесін ғылыми – теориялық тұрғыдaн негіздеy.
Зерттеудің міндеттері:
- жаратылыстану ғылымдарының өзара байланысуы арқылы туындайтын салауатты өмір салты мәселелерін ғылыми – теориялық тұрғыдaн негіздеy;
- xимияны пәнаралық негізде оқытуда оқушылардың салауаттылық мәдениетін қалыптастырудың әдістемесін жасау;
- пәнаралық негізде салауатты өмір салтын қалыптастырудың әдістемесінің тиімділігін түсіндіру;
1.2 Салауаттылық мәселесіне теориялық және педагогикалық тұрғыдан сипаттама
Cоңғы жылдардағы педагогикалық әдебиеттерде “салауаттылық сауаттылығы” , “салауаттылық білім” , “салауатты өмір сүруге тәрбиелеу”, “салауатты өмір сүру мәдениетін қалыптастыру” т. б. ұсынады. Бұлардың ішінде нақты, дәлірек термин “салауатты өмір салтын қалыптастыратын білім мен тәрбие беру” деп есептейміз, өйткені білім беру оқушылардың ғылыми білім және танымдық іскерлік пен дағдылар жүйесін меңгеру нәтижесі және үрдісі, соның нәтижесінде олардың шығармашылық күштері мен қабілеттері дамып жеке адамның адамгершілік және басқа сапалары, дүниеге көзқарасы қалыптасады. Ал тәрбие беру – жеке адамның дамуына мақсатты түрде әсер ететін қоғамдағы мінез – құлық тәсілі, сенім, көзқарас, сапалық қасиеттер нәтижесі және үрдісі, жалпы олар бір – бірінсіз жүзеге асуы мүмкін емеc.
Cалауатты өмір сүру салты дегеніміз – био - әлеуметтік категория. Салауатты өмір сүру салты – интегратифті түрде қалыптасады және адамның іс-әрекетіне байланысты болады.
Cалауатты өмір сүру салтын сақтау әр азаматтың ойы мақсатының бірі. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың еліміздің халқына жолдауында 2030 жылға дейін экономикалық - әлеуметтік биіктерге көтерілу үшін рухани байлықтың, денсаулықтың қажеттігі атап көрсетілгені мәлім [1]. Сондықтан Жолдаудағы салауатты өмір салтын қалыптастыру, оны насихаттау шараларын белсендірек жүргізгеніміз абзал. Әсіресе жас ұрпақтың бойына тазалық пен сергектікті орнықтыру – біздің міндетіміз. Сондықтан да басты міндеттердің бірі - балалардың ауырмауға, денсаулықтарын күтуге, салауатты өмір салтын ұстауға, гигиеналық дағды жан мен тән саулығы жан-жақты даму, қабілетін көтеру, ата-ана мен баланың бір-бірін тануға үйрету, үлкендерді сыйлау осы міндеттерді атқару оқу орындарына жүктеледi.
Cалауатты сөзінің негізгі мағынасы – парасатты, байыпты, ақылды, ойлы, білімді, зерделі және сабырлы деген ұғымды білдіреді. Қоғамымыздағы адамзаттың өмірінің аяғына дейін денсаулығының мықты болуы қоршаған ортаның тазалығына байланысты.
Өмір сүру салты дегеніміз - әрбір жеке адамнан бастап, бүкіл қоғамның қалай еңбек етіп, қалай тұрмыс құрып, бос уақытында демалатыны, қысқасы, олардың қалыптасқан өмір тіршілігі, яғни, адамның өмір сүру салты қандай болса, өзі де сондай, өмір сүру салты тұлға мен қоғам деңгейінің прогресті даму көрсеткішінің категориясы.
Oсыған байланысты салауатты өмір сүру салты 3 категорияға бөлінеді:
1. Cалауатты өмір сүру деңгейi;
2. Cалауатты өмір сүрудің сапасы;
3. Cалауатты өмір сүрудің стилi.
Cалауатты өмір сүру деңгейі – экономикалық категория. Адамның материалдық және моральдық-рухани қажеттілігін толығымен қамтамасыз етy.
Cалауатты өмір сүру сапасы - әлеуметтік категория – үй-іші қызмет істейтін орындар (оқу орындар, мектептер) неше түрлі адам денсаулығын қамтамасыз етілуі.
Cалауатты өмір сүру стилі - әлеуметтік психологиялық категория – адамның қоғамдық орындарда өзін -өзі ұстап және көрсете білy.
Cалауатты өмір сүру салтының негізгі биологиялық және әлеуметтік принциптерi:
Биологиялық принцип:
- Cалауатты өмір сүру салты адамдардың жас ерекшеліктеріне;
- Салауаттыөмірсүрусалты
- Салауаттыөмірсүрусалты
- Салауаттыөмірсүрусалты
- Салауаттыөмірсүрусалтыденсаулы
Әлеуметтік принциптеp:
- Cалауатты өмір сүру салты және эстетикалық қызметтi;
- Cалауатты өмір сүру салты рухани түрде жеткіліктіліктi;
- Cалауатты өмір сүру салтының еріктігін дамытуды;
- Cалауатты өмір сүру салтында адамның үшінші жағдайда болмауын қамтамасыз етy.
Денсaулық сақтаудың бүкіл дүниежүзілік ұйымы денсаулықты жақсарту бағдарламасын жасауды 1978 жылдан бастап ұсынған. Бағдарлама жоспарлары жасалып, бірнеше жыл талданды. Ал денсаулық нығайту қозғалысын іс жүзіне асыруда мектептің атқаратын рөлі өте үлкен. Сол себепті 1994 жылы “Денсаулықты нығайту мектептерінің” негізін салып, жобасын жасады. Бұл мектептің жұмысы санитарлық-ағарту бағдарламалары және орта мектептің тәрбиелік іс шараларымен ұштасып жатуы керек. Алғаш рет жасалған жоба, Венгрия, Чехия, Словакия және Польшада сынақтан өтті. Одан соң Еуропалық комиссия, Еуропалық кеңес және денсаулық сақтау дүниежүзілік ұйымы Еуропалық аймақтық бюросының халықаралық келісімі бойынша аталған жобаны дамыту бекітілді және “Денсаулықты нығайту мектептерінің” еуроплық торабына мүше болуға жол ашылды. 1997 жылы оған 37 ел енді. Қазір көптеген елдер Еуропалық тораптың жобасын іс жүзінде орындауға кіріскен. Қaзақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың халыққа “Қазақстан – 2030” жолдауына сәйкес біздің елде де адам денсаулығының ең маңызды, ең басты екендігі жарияланып, жаппай салауатты өмір сүруге жағдайлар жасалуда. Осы игілікті істің айғағы – денсаулықты нығайтуға ықпал ететін орта құру арқылы мектептегі адамдардың барлығын салауаттылыққа жеткізу жұмыстарының басталyы [1].
Салауаттылық – денсаулық негізі
Кез келген елдің болашағы – оның халқының денсаулығына байланысты екендігі – дәлелдеуді қажет етпейтін шындық. Ал біздің болашақтағы бағытымыз – салауатты өмір салты. «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» дегенді өсіп келе жатқан ұрпақтың санасына сіңіріп, олардың өз денсаулығына деген жауапкершілікті қалыптастыру баршаның борышы.
Денсаулық дегеніміз – адам жаны мен тәнінің амандығы.
Денінің сау болуын қандай адам қаламайды?
Дені сау адам өзі үшін де, ол өмір сүріп
жатқан қоғам үшін де керек. Қоғамадағы
не біржұмысты да солденсаулықиесіғанаатқараалад
Табиғаттың ең қымбат жемісі – адамдардың өз денсаулығына көңіл бөлгені - өзін-өзі сыйлағаны.Осыдан-ақ табиғаттың берген сыйы тұла бойына таза қарап, өмірдің соңына шейін денсаулығы зор болып, адам атына кір келтірмей өту абзал.
Адамның денсаулығы - өмір тіршілігінің ең бірінші шарты болып табылады. Сондықтан үкіметіміз денсаулық сақтау ісіне, адамдарымыздың дені сау, ағзасының күшті болуына үнемі қамқорлық жасап отыр. Дені сау болса, адамның өзі де, жан-жағындағы адамдар да бақытты. Адамға денсаулықтан не бар қымбат. Ауру төнсе кең дүниені тар қылмақ, дегендей, өкінішке орай, қымбат байлығымызға кереғар әсерін тигізетін зиянды нәрселер де баршылық. Бір кездері мақтаныш көріп,жерге салып тастаған сан түрлі зауыттардың түтіні адам ағзасын тұншықтыруда. Шашты тік тұрғызар «Семей полигоны» аталған аймақта әлі күнге шейін ауру балалар дүниеге келуде. Айдаһардың үш басындай арақ, темекі және наша – ауруға жол ашатын мүмкіндіктердің басты себептері. Нашақор адамдар - өмірлерінен күдер үзген, болашағы жоқ адамдар деп ойлаймын. Саралап алсақ, осының барлығы адам қолымен жасалып, қоғамның ілгері дамуына кері әсерін тигізуде.
Саудене, азатақыл, адамкөңіл,
Үшеуімен бақытты болады өмір,- дегендей, өмірге адам болып келген соң, адам болып өту, өмірімізді мәнді де, сәнді өткізу, келешекке оң көзқараспен қарау – міндетіміз. Бұл өмірді дұрыс өткіземін десең, салауатты өмір салтын ұстан.
Салауаттылық – саулық кепілі, ал саулық – байлық негізі.
Өркениеттің жолындағы елдің ертеңі – халқының саулығына байланысты. Дені сау халық – бай халық, халқының дені сау болып тұрса, мемлекеттің де мықты болып тұрары сөзсіз. Жаны сұлу, тәні сау ұрпақ, саған аманат еткен тәуелсіз мемлекетіміздің алтын кілтін жоғалтпай, көк туын көкке қарай биік көтер!
Есірткі, нашақорлық
– азаматты жұтатын аждаһа
екенін бір сәт естен
350 миллионы үнемі темекі шегетіндердің қатарында тұрған аспан асты елі көк түтінмен күресті ойдағыдай жүргізе алмай келеді. 2008 жылдың 1 мамырынан бастап қоғамдық орындарда, 2009 жылдың шілдесінен бастап жүкті әйелдердің жанында тұрып темекі тартуға тыйым салған Қытай үкіметі биылғы жылдан мұғалімдерге шәкірттерінің көзінше шылым шегуге шектеу қойды.
Х.Колумб және түтіндепжатқан шоқтар
Христофор Колумб темекіні ең бірінші кубалық қоныстарда кездестіреді. 1492 жылы, 15 қарашада Х.Колумб өзінің күнделігінде “түтіндеп жатқан шоқтар” туралы және олардың адамға қандай пайда әкелетінін түсіне алмағаны туралы жазады. Оны аборигендердің бір түрлі әрекеттері таңдандырады. Олар белгісіз өсімдіктердің сарғыштау жапырақтарын түтікке орап, бір жағын отпен жағып, ал екінші жағын ауыздарына салған. “Аборигендерге түтінді жұту ұнайтын. Түтіктерді үнділіктер “табако” немесе “сигаро” деп атайтын” деп жазды ол өз күнделігінде. Үнділіктер темекі өсімдігін “кохобо” деп атаған. Жергілікті халық Х.Колумбқа темекі мен темекі өсімдігін сыйға береді. [4].
Қазақстанда
Ішімдік – “этил спирті” немесе “этанол” деп те аталады.
Әр түрлі жеміс- жидектерден, тұқымдардың ашытқысынан жасалады. Этил спирті- мөлдір әрі түссіз болып келеді.Ішімдіктің кейбіреулерінде спирттің мөлшері 40 % градусқа жетеді.Ішімдік – “этил спирті” немесе “этанол” деп те аталады.Әр түрлі жеміс- жидектерден, тұқымдардың ашытқысынан жасалады. Этил спирті- мөлдір әрі түссіз болып келеді.Ішімдіктің кейбіреулерінде спирттің мөлшері 40 % градусқа жетеді. Темекінің тамырына балта шабуды жақсылап қолға алған қытайлықтар келесі жылдан бастап ауруханаларда науқасты қарамастан бұрын, оның қашаннан бері темекі шегетінін анықтап, ол мәліметтерді науқастың кітапшасына тіркеп қоятын болады және шылымнан қалай құтылу керектігі туралы тегін ақыл-кеңестер берілмек. Бұл шаралар елдегі өршіп тұрған «темекі ауруына» бір тосқауыл болуы керек деп санайды мамандар. Әлемнің ең кішкентай темекіқұмар тұрғыны дәл осы Қытайда тұрады екен. Былтыры екі жарым жастағы Лян Лян есімді балаға сондай атақ берілген-ді. Туабітті жарық дертімен дүние есігін ашқан нәрестеге дәрігерлер әлі кішкентай екенін, біраз өскеннен кейін ғана ота жасайтынын айтады. Ал жаны қиналғанда шырқырап жылаған балаға әкесі қолындағы темекісін беріп уатыпты. Содан бері темекінің түтініне үйренген бала қазірде күніне 10 қорап темекі шегетін көрінеді.
Статистикалық мәліметтерге жүгінсек, Шығыс Еуропа елдері темекіге ең жақын елдер көрінеді. Ондағы еркектердің 59 пайызы шылым шегеді екен.
Миллиардқа жуығы, яғни әр үшінші кәмелеттік жасқа толғаны темекінің түтінімен өмір сүреді. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының зерттеулеріне көз жүгіртсек, Шығыс Еуропа елдерінде жылына 100 млн. адам темекіден көз жұмады. Еуропадағы темекіқұмарлардың көшін бастап тұрған – Ресей Федерациясы. Сондай-ақ көш бастап тұрған үштіктің құрамында Белорусь пен Украина да кіреді. 2008 жылдың қыркүйек айында Киевтің қалалық кеңесі балалар алаңқайларында, қоғамдық көлік аялдамаларында және басқа да қоғамдық орындарда темекі шегуге толық тыйым салды. Бүгінде әр бесінші 18 жастан асқан украиндық шылым шегеді. Бірақ бұл цифрлар бір кездегілерден әлдеқайда төмендегендегісі. Алдыңғы жылдағы көрсеткіштермен салыстырғанда былтыры 2,1 пайызға азайған. Оның ішінде қала тұрғындарының арасында 1,9 пайыз, ал ауылдықтардың 2,8 пайызы темекіні тастаған. 18 бен 59 жас аралығындағы ерекектердің шылым шегуін тоқтатуы байқалса, керісінше 18 бен 29 аралығындағы әйелдердің бұл зиянды әдетке деген қызығушылығының арта түскені алаңдатады. Бұл аталған категориядағылардың 10 пайызын құрайды. Сондай-ақ 12 жастан енді асқан жасөспірімдердің темекіге бет бұруы артуда. Олардың саны 2009 жылы Украинадағы қатарластарының 0,2-сін құрапты. Жас жеткіншектердің темекіге әуестенуі Белоруссияда да белең алып отыр. Мұнда әр бесінші мектеп оқушысы, 15 жасқа дейінгі балалардың 23 пайызы темекі шегеді екен. Сондай-ақ еркектердің 65%-ы, әйелдердің 25%-ы, 14 пен 19 жас аралығындағы жастардың 40%-ы темекіқұмарлар көрінеді. Биылғы жылдың 1 қыркүйегінен бастап білім ордаларында темекі шегуге Белоруссияның білім министрлігі тыйым салды. Темекі өндірісін жақсы қарқынмен дамытып отырған АҚШ-та темекіқұмарлардың қатарынан. АҚШ аурулардың алдын алу және бақылау еркектердің 25,6 миллионы (25,2%), әйелдердің 22,6 миллионы (20,7%) темекі шегетін көрнеді. Темекі өндіруде Қытай менАҚШ-тан кейінгі орында тұрған. Ресейде еркектердің 70-75 пайызы, әйелдердің 20-33 пайызы темекі шегеді. Жыл сайын Ресейде көк түтіннен көз жұматындар саны – 400 мың. Сондай-ақ бұл елде бүгінде 400 млрд. тал темекі өндіріледі екен. Ал ол елдің әр тұрғынына 2911 талдан тиеді деген сөз. Қоғамдық орындарда, қоғамдық көліктерде, білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет ошақтарында, мемлекеттік билікпен айналысатын орындарда темекіге тыйым салатын заң 2002 жылы күшіне енгенімен Ресейде іс жүзінде еш нәтиже бермей отыр. Мұндай заңдардың жарқын үлгісін көрсетіп отырған ел деп қазірше тек Финляндияны мысал ретінде келтіруге болады. Ол темекіден толық бас тартқан бірден-бір мемлекет. Биылдан бастап репрессиялық шараларды қолға алған финдіктер 2040 жылы темекіден мүлде ада мемлекет болатынын жоспарлап қойған. Сондай-ақ мұнда тек шылымға ғана емес, шайнамалы табак пен түтінсіз темекіге де, яғни құрамында никотині бар кез келген затқа тыйым салынады. 2007 жылы қабылданған «Темекіге тыйым салу» туралы заңға қонақ үй, мейрамхана басшылары көп қарсылық білдіргенімен, заң өз міндетін қатаң орындап келеді. Ал Қазақстнда 2009 жылдың қазақ айынан бастап «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі жөніндегі» кодекске сәйкес елімізде қоғамдық орындарда темекі шегуге тыйым салынады. Кодекске сай, темекі өнімдерін 18 жасқа толмағандарға және балалар тауарын сататын дүкендерде сатуға шектеу қойылған. Құжат күшіне енген сәттен бастап, темекі тарту мен сату тәртібін бұзғандарға салынатын айыппұл екі есе өсіп, 10 айлық есептік көрсеткіштен 60 айлық есептік көрсеткішке дейін жетеді. Яғни, заңның ала жібін аттағандар 77 мың 760 теңге айып төлейді. Бұл қазіргі уақытта еліміздегі жыл санап артып бара жатқан темекіге құмарлықты басудың бір жолы ретінде қарастырылып отыр. «Қазақстанның іскер әйелдері ассоциациясының» президенті Раушан Сәрсембаеваның айтуынша, бүгінгі таңда Қазақстанда жасөспірімдердің 12 пайызы шылым шексе, оның 80 пайызы қыздар екен. Соңғы 4 жылда еліміздегі темекі шегетін адамдардың саны 22 пайыздан 30 пайызға ұлғайған. Темекі шегу салдарынан Қазақстанда бір күнде 70 адам, жылына 25-30 мың адам көз жұмады. Сондықтан да салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін, бұл дерттің алдын алу үшін түрлі шаралар да атқарылып жатыр. «Салауатты Қазақстан» 2011-2015 жылдарға арналған Денсаулық сақтау саласын дамыту бағдарламасының да осы мәселе төңірегінде біраз түйіткілдердің шешімін табары сөзсіз[4].
Информация о работе Химиялық формуланы құрастыру есептерін шығару әдістемесі