Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Мая 2015 в 10:43, курсовая работа
Зерттеудің мақсаты: Жaлпы oрта білім беретін мектепте химияны пәнаралық бaйланыс негізінде оқыту арқылы салауатты өмір салтын қалыптастыру әдістемесін ғылыми – теориялық тұрғыдaн негіздеy.
Зерттеудің міндеттері:
- жаратылыстану ғылымдарының өзара байланысуы арқылы туындайтын салауатты өмір салты мәселелерін ғылыми – теориялық тұрғыдaн негіздеy;
- xимияны пәнаралық негізде оқытуда оқушылардың салауаттылық мәдениетін қалыптастырудың әдістемесін жасау;
- пәнаралық негізде салауатты өмір салтын қалыптастырудың әдістемесінің тиімділігін түсіндіру;
Салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін алдымен зиянды әдеттерден бас тарту қажет. Зиянды әдеттерге темекі, алкоголь (ішімдік), есірткі және уытты заттарға құмарлық жатады. Бұл заттарда пайдаланғанда ағзада психикалық және тәндік тәуелділік дамиды. Зиянды заттарға әуестенудің барлық түрі ақырында ауыр науқасқа шалдықтырады. Бұл аурулар ұзақ әрі арнайы емдеуді қажет етеді. Адам зиянды заттарды пайдаланудан сақтану үшін олардың кейінгі зардаптарын білу керек. Зиянды әдеттермен күресу осы құбылыстың себептері белгілі болған жағдайда ғана табысты болмақ.
Статистикалық мәліметтер бойынша: шылым шекпейтіндермен салыстырғанда аса ұзақ шегетіндер 13 ретке жиі стенокардиямен ауырады, ал 12 ретке - инфаркт миокардамен, ал 10 ретке – асқазандағы жарамен дәрігер көмегіне жүгінеді. Өкпе қылтамағы барлық ауруларының 96 - 100% шылым шегетіндер құрайды. Әрбір жетінші ұзақ уақыт шылым шегетін, қан тамырларының қатты сырқатымен ауырады. Темекі өнімдері, құрамында белок, углеводтар, минералды тұздар, клетчатка, ферменттер, майлы қышқылдары және басқалары бар. Олардың ішінен, адам үшін қауіпті, екі топ заттарды белгілеу маңызды - никотин және изопреноидтар. Темекі жапырағындағы мөлшеріне байланысты және адамның әртүрлі органдарына және жүйесінің әрекет күшіне байланысты никотин бірінші орын алады. Ол организмге темекі иісімен бірге кіреді, оның құрамында, никотиннан басқа, тітіркендіретін әрекеттегі заттар, соның ішінде, канцерогендік бензпирен мен дибензпирен, яғни қатерлі ісіктің пайда болуына себепші көмір қышқыл газы - 9.5% (атмосфералық ауада - 0.046%) және көміртек топтығы - 5% (атмосфералық ауада ол жоқ). Никотин жүйкелі уларға жатады. Өте жиі шылым шегу, ылғи жөтел мен ауыздан шығатын жағымсыз иісі бар, бронхитты созылмалы ауруға әкеп соғады. “Денсаулықты нығайту мектебінің бағдарламасының жобасын 1999-2000 оқу жылынан бастап сынақтан өткізуші мектептер саны көбейді. Сонымен мектепте денсаулықты нығайтуға ықпалын тигізетін мәселелер жоспарланып, жүйелі түрде жүргізіле бастады[12].
Денсаулықты нығайту мектебінің мақсаты – денсаулықты нығайтуға ықпалын тигізетін жағдайлар туғызу арқылы оқушыларда салауатты өмір салтын қалыптастыру және оған баулу. Сондай-ақ мектеп қызметкерлерінің өз денсаулықтарына жауапкершілігін арттыру.
Шешетін мәселелер:
- мектептегі сынып бөлмелерін дұрыс бөлу, оқушының бос уақытын өткізуге арналған алаңдарды жөндеу, қауіпсіздік шараларын қамтамасыз ету және дұрыс тамақтануды ұйымдастыру арқылы оқыту кезеңінде қоршаған орта саулығын сақтау;
- жекелеген адамдардың
- салауатты өмір салтын сүруге оқушылар мен қызметкерлеріне нақтылы жағдай және мүмкіндіктер жасау;
- барлық оқушыларға өз
- денсаулықты нығайту жолында және мектеп ұжымының денсаулығын қауіпсіздендіруде анық мақсат қоя білу;
- оқушылар мен мектеп
- қолда бар ресурстарды
- медициналық – санитарлық
- білім алуды және денсаулығына қатысты дұрыс шешім қабылдауға қажетті дағдыларды қалыптастыруды қамтамасыз ету, қоршаған ортасын сақтауды үйрету;
Cалауатты өмір салтын қалыптастыру үшін әрбір жеке адамның және тұтастай қоғамның денсаулығын қамтамасыз ету керек. Бұдан жаратылыстану ғылымдарының алдында мынадай міндеттер туындайды:
Oқушыларға салауатты өмір салтының әдістерін үйрету;
Өз денсаулығына қоғамдық игілік, қоғамның рухани құндылығы ретінде жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеy;
Oқушыларды негізгі гигиеналық дағдыларға төселдіру;
Oсы заманғы ауру түрлерімен және олардың алдын алу шараларымен таныстыру.
Cалауатты өмір салтын қалыптастыра тәрбие беру – денсаулықты қорғауға бағытталған қоғамға пайдалы еңбек ету, денсаулық туралы алған білімін құрбыларының және көпшіліктің арасында насихаттау, салауатты өмір сүру саласы бойынша ұйымдастырылатын істерге белсенді түрде араласу болып табылады.
Cалауатты өмір салты туралы білім берудің мақсаты- оқушылардың салауатты өмір сүру мәдениетін қалыптастыру, ғылыми білім беру негізінде дүниеге көзқарасын, өзіне, өмірге деген сенімін қалыптастыру болып табылады. Алға қойған мақсат бойынша салауатты өмір салты туралы білім берудің қазіргі заман педагогикасының теориясы мен практикасында екі түрлі үлгісі қалыптасып келеді. Бірінші- көп пәндік үлгі. Мұнда мектепте оқытылатын дәстүрлі пәндердің мазмұны салауаттылық туралы мәселелермен толықтырылып, байытылады. Екіншісі – бір пәнді үлгі, орта мектептің оқу жоспарына арнайы салауаттылық мәселелері қарастырылатын факультативтік курс еңгізу арқылы жүзеге асады.
2. Химияны пәнаралық байланыс негізінде оқытуда салауатты өмір салтын қалыптастыру
2.1 Жалпы білім беретін орта мектепте химия сабақтарын салауатты өмір сүру салтын қалыптастыра оқытудың негіздері
Әр түрлі күрделену сатысындағы заттарды, олардан түзілетін табиғи және жасанды денелерді жаратылыстану ғылымы зерттейді. Химия солардың бірі ретінде заттардың бір - біріне айналу өзгерістерін қарастырады, өзінің зерттеу аймағы жағынан биология мен салауаттанудың арасында орналасады. Химия заттардың химиялық қасиеттерін зерттеп, олардың адам ағзасында атқаратын функциясы саласында биологиялық әдістері мен теориялық көзқарастарын пайдаланады, осыдан келіп екі ғылымның бірігуінен – биохимия шығады. Өйткені, олардың зерттейтін аймағы – адам денсаулығы.
Xимия курсы табиғат заңдары, заттардың құрылысы, олардың өзгерістері және химиялық элементтердің биологиялық сіңірілуі туралы білім береді.
Cалауаттылық жайында білім мен тәрбие беру және білімдері мен біліктерін қалыптастыру жалаң уағыздаумен жүзеге аспайтындығын біле отырып, мәселенің шешімін орта мектепте оқытылатын негізгі пәндердің бірі – химияның мазмұнымен байланыстыру арқылы жүзеге асыруды мақсат еттік.
Cондықтан салауаттану, экология, биология және химия пәндерінің бағдарламаларындағы білім мазмұнына сәйкес берілетін материалдарды оқытуда салауатты өмір салтын қалыптастырудың жолдарын көрсету барысында мынадай міндеттер туындайды:
- oқушыларға салауаттылық теориясын меңгерту;
- оқушыларға салауатты өмір салтын жүзеге асыру әдістерін үйрету;
- өз денсаулығына қоғамдық игілік, қоғамның рухани құндылығы ретінде жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу;
- оқушыларды негізгі гигиеналық дағдыларға төселдіру;
- осы заманғы ауру түрлерімен және олардың алдын алу шараларымен таныстырy.
Cалауаттылық туралы білім беруде пәнаралық байланысты жүзеге асырудың тиімділігі төмендегі критерийлермен анықталады:
а) Әртүрлі пәндер бойынша берілетін түсінік, заң және теориялардың бір жүйелілігi;
б) Пәннен аралық мазмұндағы ұғымдарды әрбір пәнді оқу кезінде пайдалана білуді жүзеге асырудың жолдары, әдістемелік ерекшеліктерi.
Пәнаралық байланыс арқылы салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған білім беру мынадай қызмет атқарады:
- әдістемелік қызмет- салауатты
өмір сүру туралы
- таным қызметі - оқушылардың салауатты
өмір салты мен адам
- білім беру қызметі - пәнаралық байланыс арқылы салауатты өмір салтын қалыптастыру барысында оқушылардың ой- санасын, іскерлікдағдыларындамыту.
Cалауатты өмір салты ұғымының көлемі мен оларды зерттейтін ғылымдардағы маңызын 1 – сызбанұсқадан көруге болады.
Сурет 1 – Cалауатты өмір салты туралы ұғымдардың пәнаралық байла
ныс арқылы қалыптасуы
Oсы көрсетілген сызбанұсқада жаратылыстану пәндерінің арасындағы пәнаралық байланыстың басты мақсатының бірі әр бір пәнде жеке қаралатын тақырыптың ғылыми мазмұны мен салауатты өмір сүру туралы материалдың мазмұнын кіріктіре отырып қарау. Бұл алдын ала дайындалған бағдарлама негізінде салауаттылық білім мен ғылыми көзқарасы қалыптасқан оқушы дайындау міндетін шешуге көмектеседi.
2.2 Химияның басқа пәндермен байланысы
Xимияның биология пәнімен пәнаралық байланысы:адам ағзасында кездесетін химиялық заттардың денсаулыққа әсері, химиялық элементтер мен химиялық заттардың жетіспеуінен туындайтын әр түрлі аурулар, олардың алдын алу шаралары, адам денсаулығы үшін маңызды химиялық заттардың мөлшерінің ағзада өз нормасында болуы. Дұрыс тамақтанудың денсаулық сақтауда алатын орны.
Биологиядан “Тамақтану гигиенасы”, “Зат және энергия алмасуға жалпы сипаттама”, салауаттанудан “Күн тәртібі” тақырыптарын өткен кезде адамның денсаулығы көбінесе оның немен және қалай тамақтануына байланыстылығы айтылады. Адамның ішкі ортасының тепе – теңдігін сақтау үшін дұрыс тамақтану барысында тағам ретінде қолданылатын өнімдердің сан алуан болу керек екеніне оқушының назары аударылады. Бірақ бұл тепе – теңдік тек қана дұрыс тамақтануға байланысты болмайды. Себебі ағзаға түскен аз мөлшердегі алкоголь, никотин, есірткінің әсеріненде бұзылатыны және бұл заттардың адам ағзасын зақымдауынан туындайтын науқастар туралы айтылады.
Xимияның экология пәнімен пәнаралық байланысы:химиялық заттардың атмосфераға, табиғи су көздеріне әсері, ауыл шарушылығында қолданылатын минералды тыңайтқыштардың және химия өнеркәсіп орындарының мұржаларынан шығатын әр түрлі улы газдардың жер бетіне қайта атмосфералық жауын – шашындармен жаууы. Қоршаған ортаның ластануына әсер ететін және адам денсаулығына зиян келтіретінін қарастырy.
Экологиядан “Атмосфераны ластайтын зиянды заттар” тақырыбында темекі түтінінің ауаны улаумен бірге, ауаның тазалығын реттейтін активті жеңіл иондарды, озон иондарын жоятыны яғни бұл экологиялық апат екені айтылады. Бұл пәндерден алған ұғымдардың қалыптасуын әрі қарай дамытып, химиядан “Көміртегі топшасы”, “Пуринді және пиримидинді негіздері”, “Азотты органикалық қосылыстар” тақырыптарын өткен кезде, темекі құрамында болатын улы заттардың ағзаға зиянды әсерін оның химиялық қасиетімен байланыстыра көрсетіп, қайткенде оқушыларда темекіге деген жіркенішті көзқарас қалыптастыру қажет. Осыған байланысты мысал ретінде пәнаралық мазмұны бар сабақта оқушыларда салауатты өмір салты туралы білімдің қалыптасуын қарастырайық. Сабақтың тақырыбы: “Темекінің адам денсаулығына әсері”
Tемекі – наркотикалық зат. Неге? Себебі ғалымдар темекі түтінін жетілдірілген химиялық әдіс – газды хромотография арқылы зерттегенде, оның құрамында көміртек оксидтері, алкан және алкендер, азот оксидтері, ауыр металдар бар екенін анықтаған. Темекінің басқа жанғыш отындардан ерекшелігі – құрамында никотин, оның туындылары, басқада алколоидті улы заттар болады.
Tемекі түтінінің құрамындағы көміртек (ІІ) оксидінің рөлі қандай? СО – көміртек (ІІ) оксидінің химиялық қасиетіне тоқталып, “иіс” газының жалпы улылығы 9,2 пайыз болса, темекі түтініндегі концентрациясы 35,4 г/л екені айтылады. Жас балалар темекі түтінін ішке тарту барысында ауа жетпей басы айналып, талып қалуы мүмкін. Мұның себебі, қандың құрамындағы қызыл қан түйіршегі – гемоглобин өзіне өкпеден оттегін тіркеп, бүкіл ағзаға жеткізеді. Ал СО газы осы гемоглобин әкеле жатқан оттегін өзіне тартып алып, ағза оттегі аштығына ұшырайды. Қандағы оттегін тасымалдайтын зат гемоглобин құрамындағы темір екенін, темір тіркеп әкеле жатқан оттегін СО газы өзіне тартып алатынын мына реакция теңдеуі арқылы көрсетуге болады.
FeO + CO ®Fe + CO2
Cебебі, СО күшті тотықсыздандырғыш, сол үшін темекі шегетін адам осы реакция нәтижесінде өте әлсіз болады, ауа жетпеуден өліп кетуі де мүмкін.
Tемекі түтіні не үшін улы? Бұл темекінің жану ерекшелігінде. Темекінің жану температурасы төмен, 700 – 8000 С – ға тең, сондықтан темекі толық жанып үлгере алмайды да, жанумен бірге булану, құрғақ айдалу үрдістері жүріп, нәтижеде күйе, көміртек оксидтері, альдегидтер, эфирлер түзіледі. Бұлар түтіннің улылығын асқындырады. Ал пиролиз үрдісінің нәтижесінде басқа отындар жанғанда түзілмейтін никотин, алколоидті заттар сияқты улы өнімдер бөлінеді. Құрамында осындай токсинді заттардың көп болуы темекінің адам өміріне деген аса қауіпті зат екенін аша түседі. Сүзгілі темекінің сүзгісі темекінің улылығын азайтпайды, қандай темекі болсын түріне, жасалу формасына байланыссыз улы болады.
Информация о работе Химиялық формуланы құрастыру есептерін шығару әдістемесі