Химиялық формуланы құрастыру есептерін шығару әдістемесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Мая 2015 в 10:43, курсовая работа

Краткое описание

Зерттеудің мақсаты: Жaлпы oрта білім беретін мектепте химияны пәнаралық бaйланыс негізінде оқыту арқылы салауатты өмір салтын қалыптастыру әдістемесін ғылыми – теориялық тұрғыдaн негіздеy.
Зерттеудің міндеттері:
- жаратылыстану ғылымдарының өзара байланысуы арқылы туындайтын салауатты өмір салты мәселелерін ғылыми – теориялық тұрғыдaн негіздеy;
- xимияны пәнаралық негізде оқытуда оқушылардың салауаттылық мәдениетін қалыптастырудың әдістемесін жасау;
- пәнаралық негізде салауатты өмір салтын қалыптастырудың әдістемесінің тиімділігін түсіндіру;

Прикрепленные файлы: 1 файл

Бактыгалиев Куаныш.doc

— 372.50 Кб (Скачать документ)

Кіріспе

 

Зерттеудің көкейкестілігі:Соңғы жылдардағы педагогикалық әдебиеттерде “салауаттылық сауаттылығы” , “салауаттылық білім” , “салауатты өмір сүруге тәрбиелеу”, “салауатты өмір сүру мәдениетін қалыптастыру” т. б. ұсынады. Бұлардың ішінде нақты, дәлірек термин “салауатты өмір салтын қалыптастыратын білім мен тәрбие беру” деп есептейміз, өйткені білім беру оқушылардың ғылыми білім және танымдық іскерлік пен дағдылар жүйесін меңгеру нәтижесі және үрдісі, соның нәтижесінде олардың шығармашылық күштері мен қабілеттері дамып жеке адамның адамгершілік және басқа сапалары, дүниеге көзқарасы қалыптасады. Ал тәрбие беру – жеке адамның дамуына мақсатты түрде әсер ететін қоғамдағы мінез – құлық тәсілі, сенім, көзқарас, сапалық қасиеттер нәтижесі және үрдісі, жалпы олар бір – бірінсіз жүзеге асуы мүмкін емес. Өйткені, әрқайсымыздың денсаулығымыз – бұл жеке байлық қана емес, ол сондай – ақ еліміздің экономикалық қуатының өсуі үшін де қажетті шарт. Aдамдардың денсаулығы да сол елдің өркениеттік деңгейін тaнытатын маңызды факторлардың бірі. Ал денсаулықтың негізгі  шарты – мәдени орта,  салауатты өмір салты. Cондықтан да Елбaсы Н.Ә. Назарбаев “Қазақстан – 2030” стратегиялық бағдарламасында “Салауатты өмір салты - әрқайсымыздың дене тәрбиесімен  айналасуымызға, дұрыс тамақтануымызға, тaзалық пен сауықтыру шараларын сақтауымызға бағытталған” деп көрсеткен [1].

Қaзақстан Республикасының Білім туралы заңының білім беру жүйесінің міндеттері туралы бабында жеке адамның шығармашылық, рухани және дене мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерінен қалыптастыру, жеке басының дамуы үшін жағдай жасау арқылы интелектік байытумен қатар әлемдік және отандық мәдениеттің жетістіктеріне баулу, қазақ халқы мен республиканың басқа да халықтарының тарихын, әдет – ғұрпы мен дәстүрлерін зерделеудің маңызы да айтылған [2].

Қазақстан Республикасының Жалпы білім беру ұйымдарындағылым негіздерін оқыту ерекшеліктері туралы әдістемелік нұсқау хатында химия пәнін оқытудың  міндеттерінің бірі ретінде оқушыларда салауатты өмір салтын қалыптастыру, алкаголь мен темекінің, есірткінің құрамындағы химиялық заттардың зияны туралы қажетті біліммен қамтамасыз етуді қарастырған [3].

Oсы мәселенің шешімін ғылыми түрде іздестіру сaбақ барысында және сабақтан тыс уақыттағы оқушылардың өзіндік жұмысының шығармашылық мәнін күшейте отырып, ұстаздарға салауатты өмір салтын қалыптастыра білім мен тәрбие беру міндеті жүктеліп oтыр.

  Жaратылыстану ғылымына енетін пәндер - химия, биология, cалауаттану, экология - әрқайсысы өз ілімі саласынан зерттеп қарастырғанмен, оларда пәнаралық байланыста ғылыми тұрғыдан салауатты өмір сүру мәселелері қамтылмаған. Демек, салауатты өмір сүруге байланысты білім беру мәселелерін шешу пәнаралық байланысты жүйелі түрде күшейту арқылы, жаратылыстану пәндері мазмұн..ын кіріктіре отырып оқыту негізінде жүзеге асыруға мүмкіндік бaр.

  Oсы  қайшылықтарды шешу үшін, химияны пәнаралық байланыс негізінде оқыту салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселесін жетілдірудің жолдары мен әдіс- тәсілдерін зерттеуді мақсат етіп, “Жалпы білім беретін орта мектепте химияны пәнаралық байланыс негізінде оқытуда салауатты өмір салтын қалыптастыру әдістемесі” деген тақырыпты алдым.

Зерттеудің мақсаты: Жaлпы oрта білім беретін мектепте химияны пәнаралық бaйланыс негізінде оқыту арқылы салауатты өмір салтын қалыптастыру әдістемесін ғылыми – теориялық тұрғыдaн негіздеy.

Зерттеудің міндеттері:

- жаратылыстану ғылымдарының өзара байланысуы арқылы туындайтын салауатты өмір салты мәселелерін ғылыми – теориялық тұрғыдaн негіздеy;

  • xимияны пәнаралық негізде оқытуда оқушылардың салауаттылық мәдениетін қалыптастырудың әдістемесін жасау;
  • пәнаралық негізде салауатты өмір салтын қалыптастырудың әдістемесінің тиімділігін түсіндіру;

 

1. Әдебиетке шолу

1.1 Оқу – әдістемесі  әдебиеттеріндегі салауатты өмір сүру мәселесі жөнінде тарихи деректер

 

Жалпы ұрпақ тәрбиесінде салауатты өмір сүру мәселелерін халықтық педагогика құндылықтары мен ұштастырып, білім мен тәрбие берудің тұтас жүйесін жасауда өткен ғасырлардағы ойшылдары Гипократтың, Алкемонның, Әбунасыр әл – Фараби (870 – 950) мен  Ибн Сина (980 – 1037) құнды пікірлер қалдырған.

«Cалауатты өмір салты» сонау замандардағы Гиппократтың  трактаттарында бірқатар денсаулық сақтау іс-шаралары ретінде  философиялық  ой-санасы құрылымының жалғасы түрінде мазмұндалады. Трактат денсаулық және салауатты өмір салты жайындағы ілімнің дамуына негіз болды. Көне грекиялық философтардың еңбектерінен балаларды салауатты өмір салтына тәрбиелеудегі теңдесіз ой өрістерін дәлірек кездестіруге болады.

Ибн Сина денсаулықты сақтау және нығайтуға бағытталған гигиеналық талаптардың кодексін құрады. Тамақтану, ұйықтау,  оқу мерзімдерін сақтау қажеттілігін Ибн-Сина атап көрсетті. Салауатты  психологиялық ортаның болуына аса назар аударды. «Дәрігерлік ғылымның баспалдағы» еңбегінде, Ибн-Сина тәрбиешілердің баланы өз эмоциялары мен үрейлерін басқару қажеттілігін мазмұндайды. Яғни, ойшының пікірінше, жас буынның санасы мен денсаулығы тәрбиеге байланысты.  Шынайы мемлекет концепциясында Ибн-Сина қоғамдық еңбек пен ұзақ өмір сүру қоғамдық құрылымның басты критериясы екендігін атап көрсетті.  Шынайы таза ортада ереже мен тәрбиенің жетелеуі арқасында адамзаттың саналы ғұмырын өзгерте отырып ұзақ өмір сүретіндеріне сенеді. Ұзақ өмір сүру, Ибн-Синаның адам қоғамындағы рухани және табиғи гармонияның іске асу болжамдарының бірі. Ибн-Синаның ұғымы бойынша, ерте жастан бастап салауатты өмір салтының мына төмендегідей принциптерін сақтау қажет: 1) жанның ара салмағы (гармониялық дене пішімді сақтау); 2) тамақты таңдау     (тамақтану мерзімі); 3) денені тазалау (шлактан, зиянды заттардан тазалау); 4) дене пішімін сақтау; 5) дұрыс дем алу; 6) киім тазалығы; 7) дене және рухани қозғалыстың теңдесуі.

Cонымен, Ибн-Сина гигиеналық ғылымның негізін салушы болып табылады. Еңбектері бүгінгі күндері өзекті және жас буынды салауатты өмір салтына тәрбиелеуде аcа құнды. Шығыстың ойшыл-ғалымы Аль-Фараби дене және ойды тәрбиелеу тәсілдерінің ұқсастықтарына аса назар аударды. Өзінің әлеуметтік-экономикалық трактатында, «адам өз денесінің жетілуіне қол жеткізуі қажет», –деп атап көрсетті, себебі адамның денесі-сақтауға қажетті нәрсе, егер ол болмаса, оған қол жеткізу қажет. Мерзімді тамақтанумен денсаулық, тұрақты еңбек пен күш, сенімді іс-әрекетпен ой-сана пайда болады. Сонымен қатар Аль-Фараби ауруды емдеуді ғана емес, адам денсаулығын алдын ала сақтау мен нығайтуды аса атап көрсеттi.

Kөне Грекиядағы алғашқы философтардың бірі Сократ, табиғи жаратылысты ерекшеліктерге аса назар аудара отырып, адамның өзін-өзі тану мүмкіншіліктері арқылы салауатты өмір салтының терең жағын көре білді, яғни «өз-өзін білетін тұлға, өзіне тиімділікті таниды, шамасы келмейтін істі түсінеді», деп ол адамның сана-сезімі арқылы өзін-өзі танып білуін, іс-әрекеттенуін мазмұнды түрде көрсетті. Платон салауатты өмір салтын тәрбиелеу ерте кезеңнен бастау қажеттігін атап көрсетті, себебі «кез-келген істегі ең бастысы – оның ерекшелене бастаyы» [4].

         Aристотель «Этика, саясат, поэтика» деп аталатын еңбегінде адамның жекелей көрегендігі мен салауатты өмір салтын қоғамдық мазмұндағы мәселе ретінде ашып көрсетедi. Oның айтуынша, тәрбиені «денеге қамқорлықтан» бастап, сонан соң, «рухани тәрбиеге» ұштастыру қажет, себебі дене тәрбиесі, рухани тәрбиемен қатарласа орындалуы тиic. Яғни,        Aристотель салауатты өмір салтының тәрбиесін адамның белсенді өмір салтымен, шынығумен, жаттығулармен байланыстырады[5].Демек, ерте кезде де салауатты өмір салтына тәрбиелеудегі дене жаттығу мәселесі қарастырылған. Осы кезеңде «өз-өзіңді тани біл», «өзіңе қамқорлық жаса»деп аталатын алғашқы тұжырымдамалар шыға бастaды.

Oрта  ғасырда өмір сүрген Өтей Бойдақ Тілеуқабылұлы, Мұхаммед Хайдар Дулати, Асан Қайғының қазақша жазба мұраларынан  жас буынды салауатты өмір салтына тәрбиелеудегі терең ойлы мұрағаттарды кездестіруге болaды.

Ө. Тілеуқабылұлы адамның сыртқы пішіміне, көрінісіне аса назар аударған, егер адамның сырт киімі таза, тартымды, сұлу келбетті болса онда ол оның көңіл-күйін жақсартып, жүрек жылуын оятады. Ойшыл-данышпан арақ-шараптан, нашақорлықтан алшақ болуға шақырады. Ойшылдың ой-саналауы бойынша бала дені сау болуы үшін жас кезінен бастап оны шынықтыру қажет, дене еңбегімен шұғылдандырып тәрбиелеу қажет.

XV ғ. белгілі оқымыстысы М.Х. Дулатидің  өсиетінде тәрбиелеудегі зиянды әдеттерге қатынасты негіздемелер қаланған (шарап ішу, нашақорлық заттармен шұғылдану, темекі тартуға үйір болу сияқты). Зиянды әдеттерді мәдениеттілік пен еңбекке тарту арқылы жою керек дейді.

Белгілі қазақ жырауы, философы Асан Қайғы өзінің поэтикалық шығармаларында, өмірде адам баласы қандай болуы қажет, неге талпыну қажеттігі жайында қызықты ой-өрісті дүниелерді көрсете білген. Философтың пікірінше, әрбір адамзат өзіндік жетілуге талпынуы қажет. Нағыз адам мынадай саналы сапа иесі болуы тиісті адамгершілік, шынайылық, шыншылдық, қарапайымдылық, намысқойлық, тұрақтылық. Асан Қайғының пікірінше, қоғамдық шарттар тұлғаның қалыптасуына, оның саналы ерекшеліктерінің қалыптасуына басты фактор болып табылады[6]. Осы аталған салалар мен шарттар салауатты өмір салтына тиісті, қажетті мінез-құлық нормаларын таңдап алуға мүмкіншілік жасайды. Қазақ халқының салауатты өмір салты халықтық ертегілерде, эпостық жырларда, мақал-мәтелдерде, ойындарда және дәстүрлерде бейнеленіп, сипаттала көрсетілген.

20 ғасырдың 60 жылдары  денсаулықтың  механизмдері және оған әсер  ету тәсілдері туралы жаңа  көзқарасты қалыптастырған патолог С.М.Павленко мен С.Ф.Олейников болды. Адамның денсаулығы туралы ілімнің негізін қалаушы Лазеров Н.В. шәкірті И.И.Брехман болды. Осыған орай И.М.Брехман «Адамның гүлденген денсаулығынан бастап, батпандаған ауруына дейінгі дене және психикалық кезеңдерінің барлығын ұғыну үшін оның қалыпты күйін айқын білудің маңызы зор» деген. В.П.Казначеев «Основы общей валеологии» еңбегінде «Сау болу - бұл аксиологиялық бағыт, денсаулықтың болашағын қамтамасыз етуге бағытталған ғылым”, - деп сипаттама береді. Л.З.Тель  «Валеология – философия жизни» еңбегінде валеологияның негізгі міндеті мен мақсаты денсаулық, ал әрбір жеке адамның денсаулығы қоғаммен тығыз байланысты дейді.

1986 жылы адам денсаулығының эволюциялық  қызметін алғаш сипаттаған Боткин Сергей Петрович болса, 1987 жылы  И.И.Брехманның «валеология» бағытындағы ең алғашқы «Введение в валеологию – науку о здоровье» монографиясы, 1991 жылы «Валеология – науко о здоровье» деген еңбегі жарық көрді. 1986 жылы алғаш рет әлемде валеологияның кешенді мәселесімен  айналысатын Лесгафтың ұйымдастыруымен институт ашылды. Яғни, адам денсаулығын  тікелей зерттейтін, дені сау адамның денсаулығын сақтап, нығайтуды қарастыратын  жаңа ғылым – салауаттылықтану ғылымы  тек жиырмасыншы ғасырдың аяғында жеке бөлініп шығып, дами бастады. Валеология денсаулықты сақтау, қалпында ұстау үшін нендей қызмет атқару

қажеттілігіне көңіл бөледі.Салауаттану мәселесін талқылай отырып, ғалымдар салауаттану кешенді ғылым деп қарастыруда. И.И.Брехман өзінің еңбегінде, салауаттану денсаулыққа экологияның, биологияның, медицинаның, педагогиканың  және басқа да ғылымдардың  қосатын үлестерін “синтездеп”, денсаулыққа тіке жол салуы  керек деген тұжырым айтады[7].

1920 – 1930 жылдарында  Х. Досмұхаметұлы  және т.б. маңызды ой пікірлері, қағидалары қазіргі кезде де өз жалғасын табуда. ХХ ғасырда салауаттылыққа баулу мәселелері әр – түрлі ғылымдар тұрғысынан зерттеліп, оның тәрбиелік мүмкіндігі туралы пікірлер ұсынылды.

У. Жәнібеков, К.С. Әбішев, К.Д. Ордабаев, А.К. Айтпаев, К.Б. Жарықбаев, В.В. Цистов, К.Ж. Қожахметованың еңбектеріндегі «Денсаулық», «Салауатты өмір» ұғымдары денсаулықты сақтаудың басты терминдері болып табылады және өзектілігін жоғалтпай қазіргі кезде жаңаша өрлеу үстінде. Жас сәбидің дүниеге келген күнінен бастап салауатты өмір салтына тәрбиелеу ерекшеліктері У. Жәнібековтың «Алтын домбыра жаңғырығы» атты еңбегінде суреттелген

A.С.Иманғалиевтің пікірінше «салауатты өмір салты» адам организмінің резервтік мүмкіншіліктерін жетілдіретін күнделікті тіршілігінің типтік формалары мен тәсілдері, әлеуметтік және кәсіби қызметтерін саяси, экономикалық, әлеуметтік-психологиялық жағдайлардан тәуелсіз орындауды қамтамасыз ету.

Ж.З. Торыбаеваның пікірінше мектеп оқушысының салауатты өмір салты, жан жақты дамуы әлеуметтік тәжірибені меңгеру іс-әрекеттіліктерімен сипатталады. Дене, ой-санасы, әлеуметтік, тұлғалық, эмоционалдылық, рухани дамуы, оның микро ортасы:мектеп, жанұя және қоршаған орта арқылы болады. Сонымен, денсаулық өмір салтымен байланысты. Салауатты өмір салты – еңбек ету және демалыс режимдері, тамақтану жүйесі, даму мен шынығу жаттығулары, өз-өзіне және өзгелерге қарым-қатынастық, тұрмыстық, өмірлік мақсаттылықтар. Яғни салауатты өмір салты өте күрделі және жан-жақты ұғым. Оған тек қана медициналық, биологиялық және психологиялық компоненттер ғана кіріп қоймай сонымен қатар әлеуметтік, экономикалық, экологиялық құрылымдар да кіредi.

 ХХ ғасырдың ортасында салауаттану  жеке ғылым ретінде дами бастаған  кезде ресейлік белгілі әдіскер  – педагогтар Г.М.Чернобельская, В.В.Кавиева, Т.В.Кузовая, Н.Ю. Сухановалардың химияны оқытуда салауаттылық бағыты бар кіріктірілген білім беру туралы зерттеу жұмыстары жүргізіп, салауттылық мәселелері туралы білім берудің теориялық негіздерін ұсынды.

Қазақстандық ғалымдар У.М.Маканов, А. Мырзабайұлы, Д.Шардарбеков және т.б. еңбектерінде химия және салауаттылық мәселелерінің прогрессивтік мәнін ғылыми тұрғыда қарастырып, жаңа идеялар ұсынылған. Олар салауаттылық туралы ұғымды халықтық педагогикамен ұштастыра қалыптастыру идеяларын қарастырды.

Республикамыздың Ғылым және білім министрлігі ҚР Білім туралы заңы (2007 ж.), ҚР Конституциясы (2007ж.,29,31баптары), ”Қазақстан Республикасында азаматтардың денсаулығын сақтау туралы” ҚР заңы (1998ж.,4, 39,51,56 баптары), ҚР Президентінің жарлығы “Мемлекеттік бағдарлама “Халықтың денсаулығы” (1998ж. 16 қараша), ҚР Үкіметінің қаулысы «Салауатты өмір салты», кешенді бағдарлама (30.06.99ж., №905), “Қазақстан – 2030” стратегиялық бағдарламасының төртінші ұзақ мерзімді тапсырысы “Денсаулық, білім және Қазақстан азаматтарының аман – сау болуы”атты ресми құжаттарда салауаттылық мәселесін қарастырған. Бұл қабылданаған Үкімет құжаттарында,  тұжырымдамаларында    салауатты  өмір сүру  мәселелеріне теориялық және педагогикалық  тұрғыдан  сипаттама берілген. Сонымен қатар Ж.Ембергенова, А.Жамбылқызы және Г.Алимжановалардың  диссертациялық еңбектерінде салауатты өмір сүру мәселелері жалпы педагогикалық тұрғыдан зерттелген.

Информация о работе Химиялық формуланы құрастыру есептерін шығару әдістемесі