Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Апреля 2014 в 11:18, курсовая работа
Көрнекілік- педагогикадағы дидактикалық тәсіл. Ол ақпараттың, дәрістің, үгіт-насихаттың, жарнаманың танымдылығы мен пәрменділігін арттыру жолы, оқытуда заттар мен құбылыстардың әрқайсысының өзіне тән жаратылыс бітімін, әр қилы сыр-сипаттарын сезім мүшелері арқылы байқау,қабылдауға үйретеді. Адам қоршаған ортаны,дүниені, құбылыстарды бес сезім мүшесі арқылы түйсінеді. Оның ішінде ақпаратты ең көп қабылдайтын сезім мүшесі - көру түйсігі.
І.Кіріспе
ІІ.Негізгі бөлім
2.1 Көрнекілік туралы жалпы түсінік
2.2 Көрнекі оқыту әдістері
2.3 Көрнекі оқыту түрлері
2.4 Химияны оқытуда қолданылатын көрнекі құралдар
2.5 Көрнекі құралдарды пайдаланып өткізілген сабақтар
ІІІ.Қорытынды бөлім
ІV.Пайдаланылған әдебиеттер
Тақырыбы: Оттек.Жану. Оксидтер
Жалынның құрамы.Зертханада қолданылатын қыздыру құралдарының бірі – спиртшам. Спиртшамның қақпағын ашып, жағып көріңдер.Оны өшіру ережесін сақтаңдар. Спиртшам жанғанда жалынның түсіне қарай үшке бөлінетінін көру қиын емес. Жалынының құрылысы:1- ішкі суық бөлігі;2- жарқыраған ыстық орта бөлігі;3- ең жарық әрі ыстық бөлігі. Жанып тұрған спиртшамды тек жапқышпен жауып өшіреді. Жасаған жұмыстарыңды дәптерге қорытындылап жазыңдар.
Калий перманганатынан оттекті алу және оның қасиеттерін зерттеу
Құралдар мен реактивтер: Сынауықтар, тұрғы, газ алатын құрал, зат жағатын қасық, спиртшам, сіріңке, ұстағыш, калий перманганаты, көмір, күкірт, әк суы.
Жұмыстың орындалуы:
1.Оттекті алу және жинау
Ауаны ығыстырып шығаратын қондырғыны жинап, оның тұмшалығын (герметикалығын) тексеріңдер.Ол үшін газ шығатын түтіктің ұшын суы бар стаканға батырыңдар.Сынауықты спиртшаммен жайлап қыздырыңдар. Егер суға ауа көпіршіктері бөлінсе, құрал дқрыс тұмшаланған. Құрғақ таза сынауықтың ¼ бөлігіне дейін калий перманганатын ( марганцовка ) салып, сынауықтың аузын газ шығатын түтігі бар тығынмен бекітіңдер. Түтіктің ұшы оттек жинайтын стаканның түбіне дейін жеткізілетін болсын. Қауіпсіздік техникасы ережесін сақтай отырып, калий перманганаты бар жерді спиртшаммен қыздырыңдар. Оттектің бөлінгеніне көз жеткізу үшін, шала жанған шыраны стаканның түбіне апарыңдар. Не байқадыңдар?
2.Оттектің химиялық қасиеті
Оттектің химиялық қасиетіне тәжірибе жасау үшін темір қасыққа ағаш көмірінің түйірін салыңдар да, әуелі спиртшамның жалынына қыздырып, көмір шоқтанғанда оттек бар ыдысқа салыңдар. Не байқадыңдар? Жану тоқтаған соң сол ыдысқа әк суын құйып шайқаңдар. Не себепті мөлдір ерітінді лайланады? Көмірдің жануының реакция теңдеуін жазыңдар. Дәл осылай күкірттің, фосфордың оттекте жану тәжірибесін жасауға болады. Жалынның түсі қалай өзгереді? Жасаған жұмыстарыңды қорытындылап жазыңдар.
Р/С |
Жұмыстың барысы |
Жұмыстың орындалу реті (Реакция теңдеуі) |
Не байқалды? |
Қорытынды |
Күрделі заттардың ауада немесе оттекте жану теңдеуін құру және оны теңестіру (7-кесте)
Әрекеттердің реті |
Теңдеуді аяқтаңдар |
1.Реакциядағы реагенттер мен өнімдердің формуласын жазу |
С2Н2 +O2=CO2 + H2O |
2.Өнімнің құрамындағы атом сандарын коэффициент қою арқылы теңестіру |
С2Н2 +O2= 2CO2 + H2O |
3.Өнімдегі оттек атомының саны тақ болса, жеке тұрған оттектен басқаларының коэффициентін екі еселеу |
2С2Н2 +O2= 4CO2 + 2H2O |
4.Өнімдегі оттек атомының санын қайта есептеп, реагенттегі оттек формуласының алдына коэффициент қою арқылы теңдеуді теңестіру |
2С2Н2 +5O2= 4CO2 + 2H2O |
Коэффициент қоюдың осы тәсілін
молекуласы екі атомнан тұратын газдар (О2, Сl2, Н2, т.б.) қатысқан
жағдайда да пайдаланады.
Оттектің табиғаттағы айналымы
О2
О2
СО2
О2 СО2
Оттегінің ма
Оттектің маңызы
Оттектің қолданылуы
Жаңа сабақты бекіту
Кесте толтыру
Тақтаға ілінген кестеден оттекпен әрекеттесетін заттарды тауып, тиісті реакция теңдеуін жаз.
СаО |
Al |
Na |
Cl |
Ca |
CaCl2 |
Zn |
NaOH |
CuCl2 |
ZnO |
H2 |
H2O |
Ba |
MgSO4 |
Li |
2.Есеп шығару
1.20г калций ауада жанғанда түзілетін кальций оксидінің массасы қанша? (Жауабы:СаО =20 г)
2.Натрий мен оттек
3.Глюкозаның С6Н12 О6 құрамында қанша пайыз оттек бар екенін есептеңіз.
3. «Қайсысы артық?»
Берілген қосылыстардың ішінен оттексіз қосылыстарды тауып, сызып тастау керек.
CaCl2,, СаО, MgSO4, CuCl2, MgSO4, H2O, Ba, H2, NaOH, LiО.
4.Оқулықпен жұмыс
5- тапсырма
Мыс екі түрлі оксид түзеді. Олардың құрамында 79,9 және 88,8 мыс бар.Сол оксидтердің формуласын тауып, әрқайсысын атаңдар.
6- тапсырма.
Дихром триоксиді, вольфрам триоксиді, диалюминий триоксидтерінің формуласын жазып, әр элементтің валенттілігін анықтап, онда оттек неше пайыз болатынын есептеңдер.
5.«Алтын кілт» тапсырмасы. «Окситер сейфіндегі шифрды тап.Оксидтерді тауып, заттарды ата.
1.Na2O 7.KOH
2.Ba(OH)2 8.CuSO4
3.HNO3 9.CO2
4.SiO2 10.CaO
5.HCl 11.P2O5
6.FeO 12.CH4
6. «Кедергілермен көтерілу»
Химиялық сатымен көтеріле отырып, оксидтер формуласын құрып, оларды атаңыз.
К(І) N(IV) Cu(II) Al(III)
7. «Жұмбақ тізбек». Оксидтерді алу реакция теңдеуін жазып, теңестіріңдер.
1.Р→Р2О5
2.К→К2О
3.Ва→ВаО
4.С→СО2
Бағалау
Үйге тапсырма беру: 63 беттегі 1-4 есептерді шығару
Қорытынды
Қорыта келгенде, қазіргі кездегі ғылым мен техниканың дамыған заманында өмір сүріп жатқан жас жеткіншектер үшін химиядан алған білімдерін дұрыс пайдалана алудың зор маңызы бар.Оқушының өз бетімен шығармашылық іздену дағдыларын арттыру мақсатында сабақты түрлендіріп өзкізіп отырған жөн.
Жаңа
сабақты меңгере отырып
Сапалы білім беру міндеттерін шешу үшін, мектеп ұжымдрының, әр мұғалімдердің күнделікті ізденісі арқылы, барлық жаңалықтар мен қайта құру, өзгерістерге батыл жол ашарлық жаңа практикаға, жаңа қарым-қатынасқа өту қажеттігі туындайды.
Сондықтан да қазіргі қоғамымызға әр мұғалім өз іс- әрекетінде қажетті өзгерістерді әртүрлі тәжірибелер жөніндегі мағлұматтарды жаңа әдіс-тәсілдерді, көрнекі- құралдарды дер кезінде қабылдап, дұрыс пайдалана білуі керек. Сонымен қатар мектептегі оқу- тәрбие жүйесі, мұғалім- оқушы арасындағы қарым-қатынас жалпы оқытуды ұйымдастыру талапқа сай елеулі өзгерістерді қажет етіп отыр. Көрнекілік- педагогикадағы дидактикалық тәсіл. Ол ақпараттың, дәрістің, үгіт-насихаттың, жарнаманың танымдылығы мен пәрменділігін арттыру жолы, оқытуда заттар мен құбылыстардың әрқайсысының өзіне тән жаратылыс бітімін, әр қилы сыр-сипаттарын сезім мүшелері арқылы байқау,қабылдауға үйретеді. Көрнекі құралдарды пайдалану нәтижесінде қоршаған өмір құбылысын және заттарды салыстыра ойлап, пайымға салып қабылдау арқылы оқушылардың мәселені түйсіну дәрежесі артады, сана-сезімі қалыптасады. Сонымен бірге, қабылдаған ақпарлар оқу міндеттеріне байланысты талданып, қорытылады. Көрнекі құралдары оқушыларға бейнелі түсінік беру үшін ғана емес,оқушылардың ұғымын қалыптастырумен бірге, абстрактілі байланыстар мен тәуелділікті түсіндіру үшін қолданылады.
Кейбір мұғалімдер көрнекі көрсету әдістемесі өте қарапайым деп қате ойлайды. Бұл оптимизмді тәжірибе дәледеді. Қөрнекі көрсеткенде оқу мәні жоғалып, тек танымдық құралына айналған оқиғалар аз емес. Көрнекі көрсетудің нәтижесі мұғалімнің іс – әрекеті көрнекі құралдармен дұрыс үйлескенде ғана пайдалы болады. Көрнекіліктерді қолдана отырып, сабақта жетуге болатын нәтижелер:
1.Сабақтың жаңа құрылымы пайда болады.
2.Оқушылардың пәнге деген қызығушылығы арта түседі.
3.Оқушылардың өзіндік дүниетанымы қалыптасады.
4.Баланың өз бетімен еңбектенуіне, ізденуге, шығармашылыққа жол ашады.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1) А.Мырзабайұлы "Химияны
оқыту әдістемесінің
2) Жадрина М. Оқушыларды
химияан алған білімін
3) И.Нұғманұлы.,Ж.Ә.Шоқыбаев.,З.
4) М.Қ.Құрманалиев "Химияны
оқытудың қазіргі
5) Қ.Әжібеков.,Ә.Бүркіт.,Ғ.
6)Педагогика.Дәріс құралы.
7) Ж.Әбиев.,С.Бабаев.,А.
8) Химия:суреттер және
кестелер.Құрастырушы:М.С.
9) Бақытова В. Сапалы өткізілген сабақ /Химия мектепте №4. 2009 ж
10) С.Маусымбаева,Ж.Сыдықова "Оқыту үрдісін жетілдіру үшін" /Қазақстан мектебі.№5-6 2005 ж
11) "Химик анықтамалығы" №3-2011 ж
12) Өнербаева З.О."Шебер
пеагог болу үшін"//Биология,
Информация о работе Химия негіздерін меңгеру үшін жүйелі көрнекіліктер және олардың маңызы