Химия негіздерін меңгеру үшін жүйелі көрнекіліктер және олардың маңызы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Апреля 2014 в 11:18, курсовая работа

Краткое описание

Көрнекілік- педагогикадағы дидактикалық тәсіл. Ол ақпараттың, дәрістің, үгіт-насихаттың, жарнаманың танымдылығы мен пәрменділігін арттыру жолы, оқытуда заттар мен құбылыстардың әрқайсысының өзіне тән жаратылыс бітімін, әр қилы сыр-сипаттарын сезім мүшелері арқылы байқау,қабылдауға үйретеді. Адам қоршаған ортаны,дүниені, құбылыстарды бес сезім мүшесі арқылы түйсінеді. Оның ішінде ақпаратты ең көп қабылдайтын сезім мүшесі - көру түйсігі.

Содержание

І.Кіріспе
ІІ.Негізгі бөлім
2.1 Көрнекілік туралы жалпы түсінік
2.2 Көрнекі оқыту әдістері
2.3 Көрнекі оқыту түрлері
2.4 Химияны оқытуда қолданылатын көрнекі құралдар
2.5 Көрнекі құралдарды пайдаланып өткізілген сабақтар
ІІІ.Қорытынды бөлім
ІV.Пайдаланылған әдебиеттер

Прикрепленные файлы: 1 файл

Сыдық Назгүл.doc

— 2.10 Мб (Скачать документ)

      ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

 

Жаратылыстану факультеті

Химия кафедрасы

 

 

 

«Химияны оқыту әдістемесі» пәні бойынша

курстық жұмыс

 

 

 

Тақырыбы: Химия негіздерін меңгеру үшін жүйелі көрнекіліктер және олардың маңызы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                                                                      Орындаған: Сыдық Н.                                                                

                                                                      Тексерген: Қуанышева Ж.

       

 

                

                           

Жоспар:

І.Кіріспе

ІІ.Негізгі бөлім

2.1  Көрнекілік  туралы  жалпы түсінік

2.2  Көрнекі оқыту  әдістері

2.3  Көрнекі оқыту түрлері

2.4 Химияны оқытуда қолданылатын  көрнекі құралдар

2.5 Көрнекі құралдарды  пайдаланып өткізілген сабақтар

ІІІ.Қорытынды бөлім

ІV.Пайдаланылған әдебиеттер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Көрнекілік  туралы жалпы түсінік

    Көрнекілік- педагогикадағы дидактикалық тәсіл. Ол ақпараттың, дәрістің, үгіт-насихаттың, жарнаманың танымдылығы мен пәрменділігін арттыру жолы, оқытуда заттар мен құбылыстардың  әрқайсысының өзіне тән жаратылыс бітімін, әр қилы сыр-сипаттарын  сезім мүшелері арқылы байқау,қабылдауға үйретеді. Адам қоршаған ортаны,дүниені, құбылыстарды бес сезім мүшесі арқылы түйсінеді. Оның ішінде ақпаратты ең көп қабылдайтын сезім мүшесі - көру түйсігі. Адам жадына терең таңбаланатыны да осы көру  түйсігі арқылы қабылдаған  ақпарлар. Бірақ, түйсік өздігінен құбылыстардың ішкі байланысын, олардың  заңдылығын бейнелей алмайды. Құбылыстардың мәнін  адам санасында ойлау, пайымдау қабілеті ғана  бейнелейді. Көрнекі құралдарды пайдалану нәтижесінде қоршаған өмір құбылысын және заттарды салыстыра ойлап, пайымға салып қабылдау арқылы оқушылардың  мәселені түйсіну дәрежесі  артады, сана-сезімі  қалыптасады. Сонымен бірге, қабылдаған ақпарлар оқу міндеттеріне  байланысты талданып, қорытылады. Көрнекі құралдары оқушыларға бейнелі  түсінік беру үшін ғана емес,оқушылардың ұғымын қалыптастырумен бірге, абстрактілі байланыстар мен  тәуелділікті түсіндіру үшін қолданылады. Бұл дидактиканың басты қағидаларының  бірі болып саналады. Көрнекілікті чех  педагогі Я.А.Коменский (1590-1670) XVII ғасырда енгізді. Көрнекіліктің үлгілерін пайдалануға Ы.Алтынсарин зор көңіл бөліп, «Қазақ жастары ғылым-өнерді кітап сөзі деп қана қарамай, заттай көзімен көріп, ажырата білуін» мақсат етіп қойды. Қазіргі оқу жүйесінде жанды-жансыз  табиғат объектілерін байыппен байқаудың, сурет, өрнек, көркемөнер туындыларын, график, материалдарды заттай пайдаланудың мәні зор. Қазіргі дәуірде ғылым, техника, көркемөнер салаларында мол дамыған шынайы деректерді, т.б.   Едәуір күрделі бейнелеу мүмкіндіктерін пайдалану үшін түрлі кабинет,  арнайы жұмыс орындары- кабиналар ұйымдастырылды. Осыған орай оқу  барысында кинопроекторлар, кинофильмдер, теледидарлар, оптикалық аспаптар, интерактивті тақта, компьютер, түрлі механизмдер, дәлдік өлшеу-есептеу  машиналары,тағы басқа құралдар қолданылады.

    Көрнекіліктің  нәтижесінде қоршаған орта өмір  процесін және заттарды  қабылдау  арқылы  оқушылардың түйсігі қалыптасады. Көрнекілік оқушыларға бейнелі  түсінік беру үшін ғана емес, оқушылардың ұғымын қалыптастырумен  бірге абстрактілі байланыстар  мен тәуелділікті түсіндіру үшін де қолданылады. Осы оқиғада диалектикалық материализм  методологиясына негізделген  дидактиканың басты қағидаларының бірі болып табылады. Көрнекілікті  қолдану тіл материалын енгізу, бекіту, тіл ұстартуда  жақсы  нәтиже  беретіндігіне баса назар аударған[2].

       Қазіргі  заманда ғылым,техника, көркемөнер  саласында мол дамыған  шынайы  деректерді басқа да едәуір  күрделі бейнелеу мүмкіндіктерін  еркін  пайдалану үшін түрлі  дәрістемелер, арнайы жұмыс орындары  ұйымдастырылуда. Оқу үдерісінде кинофильм,  проекторлар, оптикалық аспаптар, түрлі механизмдер басқа да  көрнекі құралдар қолданылады.

     Л.В.Занков  көрнекі құралдарды пайдаланудың  төрт түрін көрсетеді:

1. Мұғалім сөздің  көмегімен көріп отырған нысанды  байқау және талдау ісін басқарады, ал нысанның мазмұны туралы білімді, оған тән қасиеттер  мен оның ерекшеліктерін оқушылар көріп отырған нысандарды өзінен оның  мазмұнын  байқау және талдау арқылы білетін болады.

2. Мұғалім сөздің  көмегімен көріп отырған нысанды  оқушылардың  байқауы негізінде  және олардың бұрыннан білетіндеріне сүйеніп, құбылыстардың елеулі  байланыстарын айыра білуіне көмектеседі.

3. Көрнекі құралдың  мазмұнын  оқушылар мұғалімнің  ауызша түсіндіру арқылы біледі  де, ал көрнекі құрал сол айтқандарын  айқындай немесе нақтылай түседі.

4. Мұғалім оқушылардың  байқағандары бойынша олардың  айтқандарын     жинақтап  қорытынды жасайды.

      Көрнекілік принцпі  ертеден қолданылып  келе жатқан принцп. Оның негізіне  мынандай ғылыми заңдылық жатады:сезім  мүшелері сыртқы тітіркендіргіштерді  түрліше қабылдайды. Ең сезімталы-көру мүшелері;олар арқылы миға енетін ақпараттар оқушылардың есінде  жақсы сақталады. Кейбір заттарды есте сақтау көрнекіліксіз мүмкін емес.

      Шарттары:

*оқушылардың  ақыл-ой жұмысы үшін формалар, бояулар, дыбыстар керек екенін естен шығармау;

*оқытудың алтын  ережесі: көрініп тұрғандарды көрсету, еститінді  етірту, иіскететінді  иіскету, дәмін татып көретінді  дәмін тарттыру;

*көрнекілік-оқыту  және ақыл-ойды дамыту құралы;

*оқушы ұғымдар  және абстрактілік ережелерді  түсіну үшін нақты фактілер,мысалдар келтіру;

*көрнекілікті  мәселелі  жағдаяттар туындату  үшін қолдану;

*оқушылардың  бақылауын жүйелеп,құбылыстардың  себептерін, салдарын анықтату;

*көрнекілікті  оқушылармен бірге алдымен түгел  қарау, негізгісі мен негізгі  емесін анықтау, содан кейін тағы  бір рет толық қарап шығу;

*көрнекіліктің  алуан түрін қолану, бірақ көп  көрнекілік  қолданбау, өйткені  балалардың назары басқа жаққа  ауып, негізгіні түсіне алмай  қалады;

*көрнекілікті  қолданып оқушының сезіміне қозғау салу,  қалыптасқан түсінітерге сүйеніп, меңгерілертін  ұғымды нақтылау;

*балалармен бірге  көрнекілік жасау, оқушылардың өздері  жасаған  көрнекіліктердің  де  әсері мол;

*қазіргі көрнекі  құралдарды, атап айтсақ:оқу теледидарларындағы  бейнежазбаларды, кодослайдтарды, жартылай экранды проекцияларды  т.б. қолданып, техникалық құралдармен жұмыс істей білу;

*көрнекі құралдарды  қолданып оқушылардың зейінін, байқампаздығын,ақыл-ой  мәдениетін, жобалай білуін, оқуға  деген қызығушылығынтәрбиелеу;

*көрнекілік арқылы  өмірмен байланыс орнату;

*оқушылардың  жас ерекшеліктеріне  қарай заттың  көрнекілікті азайтып,  символдық  көрнекіліктерді қолдану;

* нақты заттар  мен құбылыстарды көрсету, мүмкіндік  болмаған жағдайда  символдың  көрнекі құралдарды қолдану[3,4].

   

 Химияны оқытуда маңызды  қайнар көздері көрнекі қралдар  болып  табылады. Көрнекілік оқушыларға  нақты бейнелі түсінік берудің  бірден бір шарты. Көрнекілік түрлері:

1) Табиғи көрнекілік  оқушыларды нақты объектілермен (өсімдіктермен, жануарлармен, минералдармен) таныстыруды  талап етеді.

2) Экперименттік  көрнекілік арқылы оқушылар химиядан  тәжірбелер  жасайды.

3) Суретті көрнекіліктің  мақсаты-нақты дүниенің бейнесін  көрсету (бейнесурет,  картина, диафильм, диапозитив, анимациялық кинофильмдер).

4) Көлемді көрнекілік:макет, үлгі.муляж, геометриялық фигуралар, панорамма.

5) Дыбыстық көрнекіліктер: күйтабақтар, үнтаспаға жазылған  материалдар,т.б.

6) Символдық  және  графикалық көрнекілік:абстракты  ой дамуына көмектеседі, себебі  болмысты  шартты белгілермен  белгілейді.Олар:карта,жоспар, сызба, диаграмма.

7)  Жанама көрнекілік  жаңа бейнені  бұрынғымен салыстырып,  ол туралы  түсінік қалыптастыру.

  Көрнекілік дидиатикалық  тәсіл болып таблады. Көрнекі  құралдар білім  берудің ерекше  құралы бола отырып, оқушылардың  білімділік қасиеттерін -ойлау, сөйлеу, түсіндіре білу, баяндай алу амалдарын үйренуін қалыптастырады [5].

 

                                 Көрнекі оқыту  әдістері

      Көрнекі оқыту - өтетін материалды оқушылардың көзімен көріп, нақтылы түсінулеріне мүмкіндік береді. Мысалы, адам анатомиясы  физиологиясы, гигиенасы пәнінен адам қаңқасы көрсетіліп, осы сүйектің құрылысы мен химиялық құрамы және буындардың құрылысы  мен маңызы, атқаратын қызметі  оқушыларға түсіндіріледі. Ботаника сабағында "Өсімдіктердің органдары" тақырыбы бойынша көрнекілік ретінде гербарийлеп және коллекциялар көрсетіледі. Әдебиет пәнінен картиналар сериясы,  тарих пен география сабақтарында географиялық және тарихи карталар, картограммалар, диаграммалар, схемалар, кестелер, диапозитивтер пайдаланылады. Бакылау оқыту әдісі ретінде сезімдік танымының белсенді формасы болып табылады. Берілген әдіс ақпаратты көрнекілікте қабылдауға негізделген, индуктивті түрде, жеке дедуктивтік жолдармен білімді игеру, оқушылардың түрлі деңгейдегі танымдылық және өздік жұмыс жүргізу белсенділігі, таным процесін басқарудың түрлі тәсілін қолдануды қарастырады. 
Мына әдістен гөрі кешенді дидактикалық технологиясы берілген. Оқыту процесінде әдісті пайдалану, оқушыларға толық оқытылатын құбылыстардың көрнекілік ролін көрсету, сұраныстарын қанағаттандыру, оқушылардың қызығушылығы мен қажетін, мұғалімдердің еңбегін жеңілдету,босаған уақыт білімді бақылайтын және коррекциялайтын, дәптер тексеруді т.б. қамтамасыз етеді. Сонымен қатар кері байланыс жұмысын; толық және жүйелі түрде бақылауды ұйымдастыру, үлгерімді объективті есепке алуды ұйымдастырады. Бұл әдісті қолдану жан-жақты дайындықты қажет етеді; бақылаудың сызба – нұсқасын өңдеу; оқушыларды бақылау нәтижелерін өңдей білуге және оны тікелей білу тәсілдеріне ұйрету. Бұл әдістің олардың өзіндік жұмыс істей білу дағдыларына көмектеседі, танымдық, ұйымдастырушылық, тәрбиелік мәні зор. Физика мен химия пәндері кезінде  жасалған эксперименттік тәжірибелері де көрнекілік оқыту әдістемесі деп  атауға болады. Оқу фильмдері оқыту методы ретінде қолданылады. Программалық материалды оқу фильмдері арқылы баяндауды кино сабақтар  немесе экрандап оқыту әдістеме деп те атайды. Фильмдер әдебиет,ана тілі  пәндерінен көбірек қолданылады. Фильмдер сабақ кезінде түрлі дидактикалық мақсатта да пайдаланылады. Оны оқушылардың ынтасын арттыру мақсатымен материалды меңгерудің алдында көрсетуге де болады. Ара тұра оқушы білуге тиісті  тақырыптардың кіріспесі ретінде оқу  фильмдерінің мазмұны түсіндіріледі. Кей кезде фильм материалды  өткеннен кейін көрсетіледі. Себебі ол өткен сабақты тереңірек ұғынып, пысықтау  мақсатында да қолданылады. Фильмдерді материалды түсіндіру үстінде көрсету- педагогикалық тәжірибелерде көбірек тараған әдістердің бірі. Сабақ  үстінде материалды біртіндеп түсіндіре отырып,  осы тақырыпқа  байланысты  фильмдерден үзінділер көрсетуге де болады. Сабақ біткеннен кейін, мұғалім  көрсетілген фильм туралы  оқушылармен әңгіме  жүргізіп,  өткен тақырыпты  тұтастай пысықтап  қорытады. Оқу фильмдері  сабақ тақырыбының  мазмұнын кеңейтіп, оны толықтыра түседі. Киноны оқушылардың өздігінен меңгеретін  жұмыстарына байланысты да пайдалануға болады.  Бұл үшін  алдымен мектеп  жанындағы кино  үйірмесі арқылы  кино аппараттар мен  жұмыс істей білуге  тиіс.

   Теледидар. Теледидар да техникалық оқу құралдарының бірі болып  есептеледі. Оқыту әдісі бойынша  теледидар дыбысты - экрандық  көрнекі құралдардың қатарына жатады. Сондықтан оқыту құралы ретінде  мұның да рөлі зор. Теледидар арқылы  ғылым, техника және өнер саласынан көрнекті  мамандардың сөздерін пайдалануға болады.

   Радио. Дыбысты техникалық құралдардың  бірі- радио. Елімізге радио хабарлары оқыту әдісінің  бір түріне  жатады.Көптеген мектептерде, оқыту  мақсатына байланысты ұйымдастырылған  өздерінің радио торабы бар. Жаңа  салынатын мектептердің  жобасы бойынша  арнайы радио кабинеттері  жабдықталады. Радио арқылы ғылымның әр саласынан  мамандардың сөздері беріледі және дене шынықтыру, ән мен музыка сабақтары жиі хабарланады. Кей мектептерде радио  сабақтары әсіресе,  шет тілдерінен өте табысты өтуде. Радио хабары арқылы  шет тілі сабақтарынан оқушылардың тілін дамытуға және мәнерлеп оқуға үйретуге болады. Радио арқылы оқушылар үшін әдебиет сабағына арнап музыкалық иллюстрацияларды  дыбысты техникалық құралдар ретінде  магнитофон жазбалары  пайдаланылады. Оларға жазылған сабақтарды  қайталап  тыңдау арқылы оқушылар ана және орыс тілдерінде қатесіз сөйлей білуге дағдыланады.

   Экскурсиялық оқыту. Экскурсия (лат.-серуен жасау ) - өзінің  мазмұны  жөнінен үш түрлі  дидактикалық мақсатпен ұйымдастырылады: жалпы білімберу, өлкетану,  тәрбиелеу. Экскурсия сабағының  барысында өтетін  тақырып  әңгіме методы мен  көрнекі оқыту методының ұласуы арқылы түсіндіріледі.Олай дейтін себебіміз, экскурсия кезінде әңгіме, лекция методтары өолданылады да, экспонаттап көрнекілік ретінде көрсетіледі. Демек, экскурсия әдістемесі әңгіме әдісі мен көрнекі оқыту әістерінің  комбинациясы деуге болады. Мұнда ауызша түсіндіру  мен көрнекілік әдістері теңбе- тең жүріп отырады. Экскурсия кезінде оқушылар көптеген материалдар жинайды, суреттер салады. Сөйтіп, оқушылар  сабақ мазмұнын шешуге өздері тікелей қатысады. Бұл жөнінен экскурсия практикалық  оқыту әдісімен тығыз байланысты.

      Оқытуда көрнекілік әдістер. Бақылау оқыту әдісі ретінде сезімдік  танымның белсенді  формасы болып табылады. Бұл әдісті қолдану  жан-жақты дайындықты қажет етеді; бақылаудың сызба - нұсқасын өңдеу;оқушыларды бақылау нәтижелерін өңдей білуге  және оны  тікелей білу тәсілдеріне үйрету. Бұл әдістің олардың өзіндік жұмыс істей  білу дағдыларына көмектеседі, танымдық, ұйымдастырушылық, тәрбиелік мәні  зор.

   Демострация (көрсетілім тәжірибелер). Оқушылардың сезіміне  көрнекілікті құбылыстарды,процестерді, объектілерді елестетіп, олардың  сапасына  әсер етеді. Берілген әдіс пен игерілген құбылыстың динамикасын  ашып көрсетуде, заттарды сыртқы пішінімен  таныстырғанда кеңінен  қолданылады және  бір түрлі заттардың  ішкі құрылысы немесе орналасқан  әсерін қарастырады. Берілген әдіс оқушылардың заттар, құбылыстар  мен процестердің, керекті өлшемдерін жасап, өзара байланысын, танымдық  белсенділігін іске асырып заттардың құбылысы мен мәнін, сапасын анықтайды. Нақты жағдайда заттарды, құбылыстарды  түсіндіруде демонстрациялау дидактикалық тұрғыдан құнды болып табылады. Егер  де бұндай демонстрация өткізуге мүмкіндік болмаса, онда  табиғи заттарды көлемді моделдеу арқылы  танып білу негізгі рөл атқарады. Олар заттардың құрылысын көру арқылы, двигательдің ішкі күйі, геометриялық игуралардың өлшемдері, жергілікті жердің рельефі т.б. игеруге көмектеседі. Көптеген жаңа модельдер заттардың технологиялық және техникалық ерекшелігін анықтп түінуді қамтамасыз етеді. Демонстрация  әдіс сапасын көруге, объектіні дұрыс таңдап алып, демонстрацияланатын заттың, құбылыстың мәнді жақтарына оқушылардың көңілін аударуға,  сонымен қатар түрлі әдістерді  педагогтың біліктілігіне қарай пайдалана  білу үшін қолданылады.

Информация о работе Химия негіздерін меңгеру үшін жүйелі көрнекіліктер және олардың маңызы