Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Апреля 2014 в 11:18, курсовая работа
Көрнекілік- педагогикадағы дидактикалық тәсіл. Ол ақпараттың, дәрістің, үгіт-насихаттың, жарнаманың танымдылығы мен пәрменділігін арттыру жолы, оқытуда заттар мен құбылыстардың әрқайсысының өзіне тән жаратылыс бітімін, әр қилы сыр-сипаттарын сезім мүшелері арқылы байқау,қабылдауға үйретеді. Адам қоршаған ортаны,дүниені, құбылыстарды бес сезім мүшесі арқылы түйсінеді. Оның ішінде ақпаратты ең көп қабылдайтын сезім мүшесі - көру түйсігі.
І.Кіріспе
ІІ.Негізгі бөлім
2.1 Көрнекілік туралы жалпы түсінік
2.2 Көрнекі оқыту әдістері
2.3 Көрнекі оқыту түрлері
2.4 Химияны оқытуда қолданылатын көрнекі құралдар
2.5 Көрнекі құралдарды пайдаланып өткізілген сабақтар
ІІІ.Қорытынды бөлім
ІV.Пайдаланылған әдебиеттер
Жоғарыда айтылып кеткен
Химияны
оқытуда көп қолданылатын
1) Кестелік көрнекілік.Бұл мектепте көп тараған және химияны оөытуда жиі қолданылып жүрген өте пайдалы әдістеме құралының түрі.( Д.И.Менделеевтің периодтық кестесі, ерігіштік кестесі, есептер шығаруда қолданылатын физикалық шамалар кестесі және т.б.)
Мысалы, өтілетін тақырып бойынша мына кестені толтыру керек:
|
Білгім келеді |
Зертханалық жұмыс
барысын оқушылар жұмыс
Р/С |
Жұмыстың барысы |
Жұмыстың орындалу реті (Реакция теңдеуі) |
Не байқалды? |
Қорытынды |
Схемалық көрнекілік.Бұл химияның заңдылықтарын схема ретінде көрсететін көрнекіліктің түрі.
Мысалы, төмендегі өзгерістерді жүзеге асырыңдарып, «Х» затын анықтаңыз.
Ca→CaO→ CaC2 →CaCO3
CO2
Сурет көрнекілігі. Бұған фотоға түсірген суреттер, қолдан жасалған суреттер, кітап бетіне салыныпзат танытатын, ғылыми шындығын танытатын суреттер, химиялық тәжірибелерді, мазмұнды қамтыған картиналар, картиналық сөздіктер, жатады.
Диаграммалық көрнекіліктер. Бұл көрнекілік- белгілі бір тақырыптың төңірегінде оқушыларды іздендіруге, ойландыруға байланысты бір құбылыс пен екінші құбылысты салыстырып көрсету үшін қолданылып отыратын көрнекіліктің түрі. Мысалы, оқушылар белгілі бір объектіге экскурсияға барып келгеннен кейін сондағы жинаған материалдарын қорытып диаграмма жасайды.Ондай диаграммаларға бірнеше өндіріс не бір өндіріс шаруашылығының дамуы мен өнімін көрсетуге болады. Оқушылар осы диаграмма арқылы өздерінің жасаған экскурсия туралы әңгімелеп айтады немесе оларды пайдалана отырып мазмұндама, шығармалар жазады. Мысалы, көміртек (ІV) оксидін қолдануына байланысты бос торкөзді толтырыңдар.
Модельдік көрнекілік.Бұл көрнекіліктің ғылыми практикалық маңызы зор.Модельдік көрнекілік арқылы оқушылардың қосылыстардың модельдерін құрастыруда өрісі кеңейеді, өндірістік заттармен танысып, еліміздің мәдениет табыстарын жетік білетін болады, соның нәтижесінде оқушылардың сөз байлығы молаяды.
Альбомық көрнекілік. Бұл көрнекіліктің түрлерін мұғалім толық пайдаланса химия сабағының ғылыми мәдениеттілігі артып, оқушылардың қызығушылығы молаяды. Бұған суретпен берілген альбом, заттардың табиғатта таралуын көрсететін альбом, өндіріске өнеркәсіптерді айқындайтын тақырыптарға арналған альбом, көрнекі құрал түрлеріне арналған альбом т.б. жатады.
Диапозитивтілік көрнекілік. Бұл - оқушыларды мәдениеттілікке баулып, күнделікті өмір шындығымен таныстырып отыратын көрнекіліктің түрі. Бұған кино, теледидар, фильмоскоп, электронды оқулықтар т.б. жатады.
Символикалық көрнекілік. Бұл - химиядан оқылатын материалдарды оқушыға алуан түрлі шартты белгілер арқылы түсіндіретін және соны практика жүзінде талдап, ажыратып беруге үйрететін көрнекіліктің бір түрі. Бұған әртүрлі сызықтармен сызып көрету, бояумен көрсету, тік сызықпен бөлу, жақшаға алу, геометриялық фигуралар арқылы белгілеу, стрелкамен көрету, айшықпен белгілеу, қысқарған әріптер арқылы көрсету т.б. жатады.
Тақта көрнекілігі. Бұл қазақ тілін оқытуда көп қолданылатын ерекше және өнімді көрнекіліктің бірі. химиядан өтілетін материалдар, оны дәлелдейтін мысалдардың барлығы да тақта арқылы көрсетіледі. химияны оқытуда және химиялық реакция теңдеулерін дұрыс жазудың үлгісі тақта арқылы үйретіледі. Сондықтан тақтаны дұрыс пайдаланып отырудың ерекше, ғылыми-практикалық маңызы бар.
Карточкаларды пайдалану көрнекілігі. Бұл - оқушылардың өздерін іздендіріп отыру үшін және оқушыларда өздігінен талдап жазуға, айтып - дәлелдеуге үйрететін көрнекі құралдардың бірі. Карточкаларды пайдаланғанда мұғалім әрбір өтілген материалдардың өзіндік белгілерін практикада қолдана білу мақсаттарында лайықтап, үйден карточкалар жасап келіп немесе кітаптағы дайын карточкаларды пайдаландыра отырып, оқушылардың өздерін іздендіреді. Сол арқылы тапсырмаларды ауызша да, жазбаша да орындатып отырады.
Берілген сызба бойынша тиісті реакция теңдеулерін молекулалық және иондық түрде жазыңыздар. Түзілген заттарды атаңыздар. |
СО2→ С → СО → СО2 →СаСО3 →Са(НСО3)2 →СО2 |
1. |
2. |
3. |
1.Кестеге көміртектің төменде келтірілген физикалық қасиеттерінің қайсы аллотропиялық түр өзгерісіне сәйкес келетінін жазыңыздар.
Қасиеттері |
Аллотропиялық түр өзгерісі |
1.Кристалдық торы тетраэдр |
|
2.Жұмсақ, қара-сұр түсті, металдық жылтыры бар зат |
Зат пен нәрсенің өзін көрсету көрнекілігі. Бұл көрнекілік оқушыларға табиғи заттың өзін көретіп таныту, оларды өмір практикасында араластыру, өндіріске барып жұмыс түрлерімен таныстыру жағынан ерекше маңызы бар [8,9,10].
Көрнекі құралдар химиядан өтілетін тақырыптарға сай, ондағы қолданылатын әдістер қойылған мақсаттармен мен шарттарға лайықты болса, ондай көрнекі құралдар оқушыларға түсінікті, ұғуларына оңай, пайдалануға ыңғайлы әрі тиімді. Оқушыларды көрнекі құрал жасауға қатыстырып отыру, олардың қазақ тілінде өздігінен ізденіп, білім алуға қызығушылығын арттырады. Көрнекі құралдардың түрлері ікерлік, педагогикалық тұрғыдан дұрыс жасалу үшін оған мынандай талаптар қойылады:
Оқушылардың сезіміне көрнекілікті құбылыстарды, процесстерді, объектілерді елестетіп, олардың сапасына әсер етеді. Берілген әдіс пен игерілетін құбылыстың динамикасын ашып көрсетуде, заттарды сыртқы пішінімен таныстырғанда кеңінен қолданылады және бір түрлі заттардың ішкі құрылысы немесе орналасқан әсерін қарастырады.
Берілген әдіс оқушылардың заттар, кұбылыстар мен процестердің, керекті өлшемдерін жасап, өзара байланысын, танымдық белсенділігін іске асырып заттардың құбылысы мен мәнін, сапасын анықтайды.
Нақты жағдайда заттарды, құбылыстарды түсіндіруде демонстрациялау дидактикалық тұрғыдан құнды болып табылады. Егер де бұндай демонстрация өткізуге мүмкіндік болмаса, онда табиғи заттарды көлемді моделдеу арқылы танып білу негізгі роль атқарады. Олар заттардың құрылысын көру арқылы, двигательдің ішкі күйі, геометриялық фигуралардың өлшемдері, жергілікті жердің рельефі т.б. игеруге көмектеседі. Көптеген жаңа модельдер заттардың технолгиялық және техникалық ерекшелігін анықтап түсінуді қамтамасыз етеді.
Демонстрация әдіс сапасын көтеруге, объектіні дұрыс таңдап алып, демонстрацияланатын заттың, құбылыстың мәнді жақтарына оқушылардың көңілін аударуға, сонымен қатар түрлі әдістерді педагогтың біліктілігіне қарай пайдалана білу үшін қолданылады.
Көрнекілік әдісі химияны оқыту әдістерінің ішіндегі ерекше орын алатын әдістердің бірі. Ол жаңа материалды түсіндіру сабақтарында да, өткен материалды қайталау, бекіту сабақтарында да кеңінен пайдаланылады. Мұғалімнің сөзімен көрнекілікті ұштастыру - химияның теориялық, практикалық материалын оқушылардың сапалы әрі берік меңгеруінің, практикалық дағдыларды игеріп, іскерлікке үйренудің негізгі шарты [11, 12].
Көрнекі құралдарды пайдаланып өткізілген сабақтар.
Сабақтың тақырыбы:Оттек.Оттектің химиялық және физикалық қасиеттері
Сабақтың мақсаты:
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: сөз- көрнекі, түсіндіру
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, кесте- суреттер, плакаттар
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру бөлімі.Оқушыларды тексеріп, сабаққа назарын аудару (психологилық дайындық ).Үй тапсырмасына шолу
оқушы.Үйге берілген сабақтың мақсатын хабарлайды. Оттегінің физикалық қасиетін сипаттау, өнеркәсіпте және лабораторияда алу жолдарын түсіндіру.
оқушы.Оттек- иіссіз, түссіз
Жаңа сабақты меңгеру:
Оттегі (латынша Oxygenium), O – элементтердің периодты жүйесінің VI-тобындағы химиялық элемент. Реттік нөмірі 8, атом массасы 15,999. Оттегі –химияның ең маңызды элементі және жер бетіндегі көптеген тірі ағзалардың тыныс алуын қамтамасыз етеді.
Оттек- суда аз ериді.-183С-та сұйылады, -218С-та қатады.
Оттектің алынуы:
1) Оттегін өнеркәсіпте ауаны қысып сұйылтады да, азот пен оттегінің қайнау температураларының айырмашылығына қарай буландырып бөліп алады. Осылайша алынған оттегі көгілдір түсті баллондарда сақталады, себебі сұйық оттегі ашық-көгілдір түсті болады. Ал зертханалық алу әдістері кейбір оттегіге бай күрделі қосылыстарды айыруға негізделген (8-сурет).
2) Тұрмыста жиі қолданылатын
«марганцовканы» айыру. Ол үшін
құрғақ сынауыққа аздаған
2KMnO4 = K2MnO4 + MnO2 +O2
3) Сынап (II) оксидін (HgO) айыру арқылы оттегі газын алу.Бұл тәжірибені ең алғаш ағылшын ғалымы Д. Пристли алған болатын (1774).
4) Газометр көмегімен оттекті жинау (9-сурет).
Жай заттардың жануы (10, 11 сурет)
C+O2=CO2 көмірдің диоксиді
S+O2=SO2 күкірт диоксиді
4P+5O2=2P2O5 дифосфор пентаоксиді
3Fe+2O2=Fe3O4 темір қағы
Күрделі заттардың жануы
1) Кейбір күрделі заттар
да оттегінде жанып оксидтер
береді, мысалы, тамақ пісіргенде
ас үйдегі газ пешінде
С3Н8+ 5O2 = ЗСO2+ 4Н2O
2) Автогендік әдіспен металдарды кесу мен жалғауда мына реакция жүреді:
2С2Н2 + 5O2 = 4СO2+ 2Н2O
3) Металлургия өндірісінде
өртеу пештерінде күрделі
2ZnS+3O2 = 2ZnO + 2SO2
Cu2S + 2O2 = 2CuO + SO2
4) Табиғатта оттегі негізінен
фотосинтез нәтижесінде
6СO2 + 6Н2O → С6Н12O6 + 6O2↑
*Күрделі заттардың оттекте жануы. Жай заттармен қатар кейбір күрделі заттарды да оттекте жағып, оксидтер алуға болады. Мұнайдан алынатын газ күйіндегі өнімдер, негізінен, көміртек және сутек атомдарынан тұрады. Мысалы, СН4 метан, С2Н6 этан. Осы заттар оттекте жанғанда көміртек (ІV) оксиді мен су түзіледі.
Енді нақты мысалдар келтіре отырып, оттекте күрделі заттардың жануын, яғни тотығу реакциясының теңдеуі қалай құрылатынын қарастырайық.(7- кесте)
Зертханалық тәжірибелер
Информация о работе Химия негіздерін меңгеру үшін жүйелі көрнекіліктер және олардың маңызы