Құқықтық жүйе

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Февраля 2014 в 06:40, курсовая работа

Краткое описание

Барлық заңдық нормалар бір-бірімен тығыз байланысты, өзара тәуелді, өзара негізделген және бірыңғай жүйе құрайды. Құқық жүйесі — нақтылы түрде қалыптасқан құқықтың ішкі құрылымы. Құқық жүйесін заңдылық жүйесінен айыра білу қажет, олар мән мен нысан ретінде сәйкес келеді. Құқық жүйесі төмендегідей негізгі элементтерден тұрады: құқық институты және құқық саласы. Өз алдына дербес элементтер ретінде саладан төмен тұрған және салааралық институттар ерекшеленеді. Құқық институты — бірыңғай қоғамдық қатынастардың жеке, шартты түрде дербес түрлерін реттейтін құқық нормаларының жиынтығы.

Содержание

Кіріспе.................................................................................................................3
І. Құқықтық жүйе: пайда болуы, тарихы және ұғымы, мәні және заң жүйесімен айырмашылғы.................................................................................7
1.1 Құқықтың пайда болуы, тарихы және ұғымы, мәні................................7
1.2 Құқықтық жүйе түсінігі мен құрылым және заң жүйесімен айырмашылығы................................................................................................16
ІІ. Қазіргі әлемдегі құқықтық жүйелердің жалпы сипаттамасы.................18
2.1 Англо – саксондық құқықтық жүйе.........................................................18
2.2 Дәстүрлі құқықтық жүйе................................................................
2.3 Қазақстан Республикасында құқықтық жүйенің ролі мен қалыптасу тенденциясы.....................................................................................................24
Қорытынды......................................................................................................29
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі................................................................32

Прикрепленные файлы: 1 файл

Мазмұны.docx

— 84.62 Кб (Скачать документ)

Жаңа дәуір заңгер-ойшылдары  мемлекеттің саяси иниституттарды қалыптастырып саяси-құқықтық жүйесін  одан әрі жетілдіру негізгі екі  қағидаға – еркіндік пен теңдік принциптеріне көңіл бөліп, адамның  өзіндік құндылықтары мен өкілдік  демократия идеяларын негіздеуге талпынды.

Қазіргі кезде коғамды  модернизациялаудың  атауы бірнеше мағынада: мемлекеттің тұрпаты мен жалпы жүйесін; мүшелерінің теңдігіне; басқару органдарының сайланбалылығына және көпшілік дауыспен шешімдер қабылдау принциптеріне негізделген кез-келген ұйымның сипатын; қоғамдық құрылымның мұраттарын және соны жақтайтын саяси көзқарастар жемісін бейнелеу үшін қолданылады.

Жергілікті ұлт өкілдері арасынан шыққан қайраткерлер қоғамдағы  саяси-құқықтық процесті модернизациялауға  ықпал жасай отырып, көпшілікке танылды: олар жалпыұлттық мүдделерге қызмет етуге бет бұрып, қазақ қауымына тән қоғамдық – саяси қозғалыстың  бастауында тұрды.

Саяси-құқықтық ойларын бір  жүйеге тұжырымдап, талдап  мемлекеттің нығайып дамуын болжап, қандай саяси шешімдер қабылдау керегін түсініп айқындаған.

Осы кезеңде идеялар алмасудың  алғашқы түрлері пайда болып, төменнен партия немесе саяси қозғалыс құру қажеттігі туралы ортақ көзқарастар  жинақталды. Ресейдегі саяси жағдайдың  күрделеніп көп партиялардың қалыптасуының  әсерінен, қазақ елінде де «Кадеттер  мен эсерлер» партиясы, «Алаш» партиясы және «Үш жүз» партиясы құрылды. Тәуелсіздік  алған жылдарында Қазақстанның Социалистік  партиясы, Қазақстанның Халық конгресі партиясы, Қазақстанның Коммунистік  партиясы, Қазақстанның Республикалық  партиясы, Қазақстанның Республикалық  Еңбек саяси партиясы, Қазақстанның Халық бірлігі партиясы, Республикалық  социал демократиялық «Отан» партиясы, Қазақстанның Республикалық Халықтық партиясы т.б. партиялар құрылып  тәуелсіздіктің нығайуына ықпал  жасады.

Мемлекет Конституциясы  күн тәртібіне жауап бере алатын жетілдірілген Қазақстан Орталық  Азия аймағына саяси-құқықтық модернизация үлгісі бола алады. Экономикалық жағдайдың  тұрақталуы және біржолата нарықтық экономикаға көшу биліктің президенттік басқару түрінен президенттік парламенттік биліке көшуге жағдай жасады.

Қоғамды модернизациялау  әлемдік ғаламдық үрдіс болса, Қазақстанның саяси-құқықтық жүйені модернизациялауы әлемдік қауымдастықтың даму тәжірибесіне қосылған қомақты үлесі болып  табылады. Оған негіз ретінде мына мәселелерге тоқталуға болады.

-  Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына Қазақстан төрағалық мәртебелік миссиясын Еуропа мемлекеттерінің қолдауы;

-  ЕҚЫҰ ның өзгеде мемлекеттермен бірге Қазақстан қазіргі әлемдік модернизация мәселелерінде Шығыс пен Батыстың арасын түсіністік арқылы жақындастыруға бағытталған;

-  2030 бағдарламаның құжаттары қоғамға қажетті реформаларды дамыта отырып уақыт талабына сай елдің ішкі  және сыртқы саясатында әлемдегі өзгерістерді үзбей бақылай алатын биліктің бар екеніне сендіреді;

-  Қазақстан сан алуан ұлттар мен діндер өкілдерінің мекені болумен ерекшеленеді. Отанымызда 100 дей этнос 40-тан астам конфессия өкілдері бір шаңырақ астында татулықта тұрады;

-  Астанада 2003 жылдан бастап конфессияаралақ Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының үш съезі болып өтті;

-  Еуразиялық кедендік Одақ құру жөніндегі бастаманың интеграциялық әлеуетін жүзеге асыру болып табылады. Президент Н.Ә.Назарбаевтың дағдарыстың болу себебі мен одан шығудың жолдарын теориялық және практикалық тұрғыдан зерттей келе тұжырымдап айтқан пікірлері біздің елімізде ғана емес, әлемдік деңгейде қызу талқылануы, саяси ойлары әлемдік модернизацияға негізделгені байқалады.

Сонымен, байқағанымыздай, қазақ  зиялылары болашақ қазақ мемлекетінің құрылысын парламенттік, өкіметті демократиялық  тетіктер арқылы, қоғамдық реформаторлық, яғни модернизациялауды  жетілдіруді мақсат етті.

Осылайша, қазақ қайраткерлері  қуғын-сүргінге тап болса да ұлттың мұраты жолында өздері мойымайтын, үнемі өсу жолында болатын  дара тұлғалар екендігін дәлелдеді, саяси ахуалдың тұрақтанып, елі егемендікке  ие болатынына кәміл сеніп аксеологиялық  зертеулер жүргізді.

Қоғамды модернизациялаудың ең бастысы   Қазақстанда президенттік-парламенттік басқаруға көшу демократияландыру ісіндегі өте айтулы оқиға болды. Ол тіпті де ел Президентінің билігін осалдатпайды. Президент өзіне тән қызметін сақтайды. Ол елдің саясат алаңындағы түрлі биліктік күштердің қарым-қатынасын реттеп отырады.

Нарықтық экономика барысында  саяси ойды билікті модернизациялауда  өз пайдасына бұрмалайтын қаржы  алпауыттарын ауыздықтайын құқықтық құжат  пен күшті саясат та қажет.

Өкілді иниституттарды ұйымдастыру-әдістемелік, құқықтық, ақпаратттық көмек көрсету  бойынша рөлін белсендіре түсу; мәслихаттардың өз құзыреті шегінде заңдарды орындау  үшін жауапкершілігін арттыру. Жергілікті өкілді органдардың қызметін жетілдіру  мәселелері және мәслихаттардың басқа  органдармен өзара қарым-қатынастарын дамыту оның модернизациялауда  көпжақты сипаты бар екені анықталды.

Президент Н.Ә. Назарбаев  ұстанған саяси стратегиялық бағыттың дұрыстығының арқасында Қазақстанда  саяси-құқықтық жүйенің модернизациялық  даму жолына түсіп, дүниежүзілік қауымдастыққа танылып отыр. Енді әлемнің бәсекеге ең қабілетті 50 мемлекетінің қатарына қосылу мақсаты осы заманға сай қоғам өмірін жетілдіруді, демократияны одан әрі дамытуды талап етеді.

Қазақстандағы  саяси-құқықтық режимнің қалыптасуында саяси-құқықтық ойдың қоғамды модернизациялаудағы рөлі саяси тәжірибесі биліктің жергілікті органдарының дамыған институттары билік құрылымдары болғанымен азаматтық қоғамның маңызды элементі болып табылатыны туралы мәлім етеді. Батыс Еуропаның барлық елдеріндегі мемлекеттік биліктің жергілікті өкілді органдары қоғамдық басқарудың, қоғамды демократияландырудың аса маңызды құрылымдық бөлігі ретінде қаралады. Орталықтан автономияның маңызды дәрежесі бар биліктің өкілді органдарының болуы, мемлекеттік биліктің нақты фрагментациясына әсер етеді, биліктерді бөлу қағидасының тәжірибеде жүзеге асырылуы, қоғамдағы плюрализмнің бейнесі болып табылады. Қазіргі Қазақстан үшін азаматтық қоғам мен жергілікті басқарудың саласындағы бай және терең салт-дәстүрлері бар дамыған елдердің тәжірибесін ажырағысыз және жауапты бөлігі ретінде зерделеу мен тиімді пайдалану ең өзекті мәселе болып табылады.Қазақстан Республикасындағы саяси-құқықтық режимнің қалыптасуына қатысты мәселелер әлі де болса толыққанды зерттеуді қажет етеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

 

  1. 2010 жылғы 17 тамыздағы «Қазақстан Республикасында құқық қорғау қызметі мен сот жүйесінің тиімділігін арттыру жөніндегі шаралар туралы» туралы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Жарлығы // Егемен Қазақстан. 2010жыл,  18 тамыз.
  2. Қазақстан Республикасының Конституциясы-Астана:Елорда,2008.-56б.
  3. Қазақстан Республикасының 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған құқықтық саясат тұжырымдамасы  // Егемен Қазақстан. 2009жыл,  28 тамыз.
  4. Байтұрсынов А. Ақжол. Алматы: Ғылым, 1995. – 39 б.
  5. Онжылдықта ойдағымыз орындалады. Астана 29 қаңтар 2010 ж.: Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы // Егемен Қазақстан. — 2010. — 2 ақпан.
  6. . Абдраимов Б.Ж. Административная юстиция: соотношение моделей и выбор цели. // Юрист. – 2003. — №12.
  7. История государства и права зарубежных стран. / Под общ. ред. проф. О.А. Жидкова и Н.А. Крашенинниковой: В 2-х ч. – 2-е изд., стереотип. – М.: НОРМА, 2005. Ч. 2. — с. 530-531.
  8. Ориу М. Основы публичного права. — М.: Изд-во Коммунистической академии, 1929. — с. 545.
  9. Боннер А.Т. Буржуазная административная юстиция. // Правоведение. – 1969. — №1. — с. 99-100.
  10. Графский В.Г. Всеобщая история государства и права. – М.: НОРМА, 2004. — с. 690.
  11. Виноградов П.Г. Исторические основы английского административного права. – Пг., 1917. — с. 7.
  12. Суворов М.А. Административное производство: понятие, виды, классификация. // Сибирский юридический вестник. – 2002. — №3.
  13. Административное право зарубежных стран. / Под ред. А.Н. Козырина. – М.: СПАРК, 1996. — с. 52-72.
  14. Административное право зарубежных стран. / Под ред. А.Н. Козырина. – М.: СПАРК, 1996. — с. 5.
  15. История государства и права зарубежных стран. / Отв. ред. проф. Н.А. Крашенинникова: В 2-х тт. – 3-е изд., перераб. и доп. – М.: НОРМА, 2005. Т. II: Современная эпоха. — с. 135.

 


Информация о работе Құқықтық жүйе