Құқықтық жүйе

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Февраля 2014 в 06:40, курсовая работа

Краткое описание

Барлық заңдық нормалар бір-бірімен тығыз байланысты, өзара тәуелді, өзара негізделген және бірыңғай жүйе құрайды. Құқық жүйесі — нақтылы түрде қалыптасқан құқықтың ішкі құрылымы. Құқық жүйесін заңдылық жүйесінен айыра білу қажет, олар мән мен нысан ретінде сәйкес келеді. Құқық жүйесі төмендегідей негізгі элементтерден тұрады: құқық институты және құқық саласы. Өз алдына дербес элементтер ретінде саладан төмен тұрған және салааралық институттар ерекшеленеді. Құқық институты — бірыңғай қоғамдық қатынастардың жеке, шартты түрде дербес түрлерін реттейтін құқық нормаларының жиынтығы.

Содержание

Кіріспе.................................................................................................................3
І. Құқықтық жүйе: пайда болуы, тарихы және ұғымы, мәні және заң жүйесімен айырмашылғы.................................................................................7
1.1 Құқықтың пайда болуы, тарихы және ұғымы, мәні................................7
1.2 Құқықтық жүйе түсінігі мен құрылым және заң жүйесімен айырмашылығы................................................................................................16
ІІ. Қазіргі әлемдегі құқықтық жүйелердің жалпы сипаттамасы.................18
2.1 Англо – саксондық құқықтық жүйе.........................................................18
2.2 Дәстүрлі құқықтық жүйе................................................................
2.3 Қазақстан Республикасында құқықтық жүйенің ролі мен қалыптасу тенденциясы.....................................................................................................24
Қорытынды......................................................................................................29
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі................................................................32

Прикрепленные файлы: 1 файл

Мазмұны.docx

— 84.62 Кб (Скачать документ)

Мұсылман құқығы көптеген оны талдаушылармен қалыптасып барлық өмір аясын қамтиды, тек құқыққа қатысты жағдайлар  емес (намаз оқу, ауыз бекіту). Мұсылман құқығын түсіндіретін заң жоқ. Тек  құдайдың заң шығару билігі бар. Оған табынатындарға ұйғарым – шариғатты (жүру жолы) ұстау: сенім қағидалары (ахида) және құқықтық талаптар (фикха). Фикх не мұсылман құқығы бойынша, адам құқыққа сенуші ретінде өзіне-өзі  Аллаға сенуді міндеттейді.

Шариаттың негізгі қайнар көзіне Құран  жатады (қасиетті кітап, Алланың Мұхаммед пайғамбарға қарап айтқан сөздері  қосылған), сунна (Мұхаммедтің істегендері  мен айтқандарына негізделген дәстүрлі жинақ), иджма (Құранның ережесін нақтылаған үлкен ғалым-исламистердің айт-қандары).

Индустық құқық – дәстүрлі құқықтың анық мысалы. Ол дүние жүзіндегі  ең көп құқыққа жатады. Бұл қауымның құқығы әлі варново-касталығы бар  форальді емес, қамтамасыз етілген  қоғам құрылымы. Көбірек таралған жерлері Үндістан, Пакистан, Бирма, Сингапур, Малайзия және Африканың  жағалауындағы елдер (Танзания, Уганда, Кения).  
Ислам сияқты, индуизм өздерін қолдаушыларға мынаған сенуді үйретеді: адамдар туғаннан бастап әлеуметтік және көнелік категорияларға бөлінеді, олардың әрқайсысының өзінің құқық жүйелері және міндеттері бар. Ол негізінен неке-отбасылық, мұрагерлік және басқадай қатынастарда көрінеді.  
Индустық құқықтың маңызды материалдық қайнар көздеріне жататындар: ведтер және дхармашастрлар.

Африкалық әдет құқығы – топтар мен  қоғамдас-тықтардың құқығы. Бұл санаттағы  белгі, әрбір әдет құқықтарының салаларына тән.  
Атап айтатын нәрсе, дәстүрлі құқықтағы жоғарғы табиғи күш рөлі. Сот процесінде бұл фактор негізінен шындықты анықтауда ант беруге мәжбүрлеуді және «құдайдың сотымен» (ордали) сыннан өткізген. Сот шешімдері татуласуға не орнына әкелу гармониясына негізделіп қабылданады.

АҚШ заңнамасы әкімшілік мекемелердің уәкілеттілігін және іс әрекет тәртібін, соттардың әкімшілікке бақылау  жасауын реттейді. Олар толық түрде  әкімшілік қызметтің барлық түрін: әкімшілік норма шығармашылығын, әкімшілік квазисоттық қызметті, соттардың әкімшілікке бақылау  жасауын реттейді. Әкімшілік мекемелердің барлық іс әрекеті, заңмен қарастырылған  ескертпеден басқа жағдайларда  әкімшілік құқық нормаларына  бағынады. Тергеу жүргізуден және мәлімет  жинаудан, нормативті немесе жеке актілердің жобасын дайындаудан, ашық мәжілісте  оны қарастырудан, ол бойынша шешім  қабылдаудан, осы шешімді жариялаудан  бастап, жоғарғы органдарда және сотта  оны даулауға, әкімшілік іс бойынша  соттардың қарастыру және қаулы  шығаруына дейін әкімшілік процесс  кезеңдерінің барлығы реттелген. Мұнда  басты назар жеке және заңды тұлғалар құқықтарының іс жүргізу кепілдіктеріне аударылады. Американ ғалымы Э. Фройнд осыған байланысты былай деп атап өтеді, «әкімшілік құқық-бұл әкімшілік  шығарған құқық емес, әкімшілікті  бақылайтын құқық» [9].

1946 жылдан бастап АҚШ-та «Жалпы  әкімшілік процедуралар туралы»  федералды заң қолданылып, штаттарда  әкімшілік процедуралар қосымша  аймақтық заңдармен реттелген. 1946 жылғы заң әкімшілік-құқық шығармашылық  қызметін реттеуге бағытталған.  Заңда эталондық процедуралар  тізімі берілген. Ол бойынша, реттеуші  ведомства нормативті актілерді  қабылдау немесе өзгерту барысында  қабылданатын құжаттар, өз қызметінің  ережелері, тиісті істер бойынша  сот шешімі туралы халықты  хабардар етіп, нормативтерге енгізілетін  барлық өзгертулерді «Федералдық  регистрде» жариялауы тиіс.

АҚШ –тың әкімшілік, реттеуші ведомстваларының басқа да мемлекеттік мекемелеріне қарағанда, заңдарға түсініктеме беретін, толықтыратын нормативті актілерді (ұйғарымдарды) қабылдау құқығымен қатар, олардың орындалуын бақылау құқығы бар.

Профессор Н.А. Крашенников ойынша, Федерация органдары және оның субъектілері арасындағы қайшылықтарға, заңшығарушы  және атқарушы биліктердің мүдделерінің тоғысуына байланысты АҚШ әкімшілік  жүйесінде көптеген тәуелсіз ведомствалар жүйесі (агенттіктер) қалыптасты. Олар, норма шығармашылығы және квазисоттық  уәкілеттіліктері берілген әкімшілік  мекемелер құқығына ие бола отырып, министрліктерден оқшауланған және өз алдына дербес түрде [10].

АҚШ әкімшілік әділеті азаматтық  және конституциялық процестермен тығыз  байланысты. Жалпы юрисдикциялық  соттарда әкімшілік-құқықтық дауларды қарастыру және тиісті өкілеттілігі бар түрлі квазисоттық органдарды құру оның ерекшелігі болып табылады. 1957 ж Азаматтық құқық туралы Заңға  сәйкес, атқарушы билік шеңберінде азаматтық құқықтар бойынша ерекше Комиссия құрылған, оның мүшелерін  Сенаттың келісімімен президент  тағайындайды. Комиссия, дауыс беру барысында нәсілі, терісінің түсі, діні, жасына және басқа да жағдаяттарға байланысты саяси құқықтарына қысым  жасалғандығы туралы азаматтардың арыздарын  қарастыруға міндетті. Сонымен қатар, әкімшіліктің нормативті актілерін, федералды  үкімет заңын және саясатын бағалауға  міндетті. Кемсітуге жол бермеу үшін Комиссия квазисоттық тыңдаулар  өткізуге міндетті және үйлестіру өкілдігіне ие.

Американдық заңнама, әкімшілік-құқықтық қатынастар шеңберінде пайда болатын  барлық мәселелерді шеше алмайды. Мемлекеттік  және құқықтық дамудың осы аспектісінде Жоғарғы Соттың қызметі маңызды  болды. Жоғарғы Сотта қаралатын, азаматтар және мемлекеттік мекемелер  арасындағы әкімшілік-құқықтық қатынастардан  туындайтын істер, жоғарғы сот Э. Уоррен төрағалығы кезеңінде (1960 жылдары) көбінесе азаматтардың пайдасына шешіліп  отырды.

Дегенмен, әкімшілік процестің  негізгі принциптері заңнама  деңгейінде, оның ішінде конституциялық деңгейде бекітілген. АҚШ әкімшілік  құқық нормаларын қолдану тәжірибесі үшін, тиісті құқықтық процедураларды сақтау туралы талаптары бар конституцияға  енгізілген V және XIV түзетулерінің  маңызы зор. Американдық заңгерлердің пікірінше ол, қаралатын іс бойынша  барлық мүдделі тұлғалардың хабардар етілуі және оларға істі талқылауға қатысу мүмкіндігін беру сияқты екі өзара  байланысты элементтен тұруы қажет. «Тиісті дәрежедегі құқықтық процедуралар»  талабы, жекелеген құқық субъектілерінің  құқықтарының теңдігін қамтамасыз ететін, мемлекеттік және қоғамдық өмірдегі құқық үстемдігі жүйесінің іргелі принципі болып табылады.

АҚШ заңнамасында, әкімшілік құқық  бұзушылық, лицензиялық, зейнетақы, салықтық және жекелеген нақты тұлғалардың  құқығы мен міндеттері туралы шешім  шығарылатын басқа да істерді  мекемелерде қарастыру тәртібі  толық түрде реттеледі. Мұндай дәлелдемелерге ерекше назар аударылады.

Нормативті акт немесе мекеме бұйрығы  іске қатысты маңызды дәлелдемелерге негізделуі қажет. Әкімшілік істі қарау  соттағы істі талқылау сияқты хаттамаланып, онда тараптардың сөздері, олардың  ұсыныстары, алынған немесе қарастырылған  дәлелдемелер, ресми фактілер, дәлелдемелерді тараптардың бағалауы толық қамтылады.

Мекеме дәлелдемелерді ауызша және жазбаша түрде қабылдайды. Мұнда, шешім қабылдайтын тұлға, істі қарастыру  барысында келтірілген және хаттамада  көрініс тапқан дәлелдемелерді ғана басшылыққа алады. Судьялар, атқарушы билік органдары қабылдаған актілердің заңдылығына бақылау жасай отырып, факт бойынша әкімшілік юрисдикция басымдықтары презумпциясына және құқық  мәселелері, яғни әкімшілік органдарының құқық нормаларын түсіндіру және қолдану мәселелері бойынша соттар юрисдикциясының басымдықтары презумпциясына сәйкес шешім шығарады.

Американдық әкімшілік-іс жүргізу  заңнамасында, мемлекеттік мекемелер  қызметінің ұтымдылығын арттыратын және мүдделі азаматтар мен ұйымдардың құқығының кепілдіктерін беретін  басқа да тиімді жағдайлар жасалынған.

Жалпы, құқықтанушылар, англо-саксон жүйесінің артықшылықтары ретінде  нақтылықты, бейресмилікті, әкімшілік  трибунал мүшелерінің жоғарғы кәсіби деңгейін, процестің қолайлылығын көрсетеді; кемшіліктеріне: әкімшілік трибуналдардың ведомствалық бағыныстылық істерді  ғана қарастыруын, әкімшілік трибуналдардың жалпы юрисдикциядағы соттарға тәуелділігін жатқызады.

Англо-саксондық үлгі, көптеген елдерде (Норвегия, Дания, Нидерланды, Канада, Австралия, Үндістан, Жапония) қолданғанымен, континенталды  құқық елдерінде кең тарамаған. Осы мәселені біз Франция және Германия үлгісінде қарастырамыз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.2 Құқықтық жүйе түсінігі  мен құрылым және заң жүйесімен  айырмашылығы 

 

Қоғам объективтік даму процесінде көп мәселені реттеп-басқаруды бірте-бірте  коғамдық ұйымдарға, бірлестіктерге, ұжымдарға  беріп, құқықтың қызметі азая беруі  өмірге келеді. Бұған күмән келтіруге болмайды. Мұндай процесс мемлекетаралық, халықаралық құқықта да болуы мүмкін.

Келешекте құқық жүйелері де дамып, сапалы өзгерістерге ұшырауы объективтік  процесс. Бірнеше құқық салалары бірігіп, нормативтік актілердің кешенді жүйелері қалыптасуы әбден мүмкін. Бұл процесс нормалардың мазмұнын, сапасын, маңызын жоғары деңгейге көтеруі даусыз деуге болады.

Жоғарыда көрсетілген құқық  жүйесінің келешекте объективтік  даму процесі міндетті түрде заң  шығармашылық қызметті де көтеруге, жақсартуға объективтік, заңды негіз деп  толық сеніп айтуға болады. Қоғамның даму процесінде заң шығармашылық қызметті бірте-бірте Парламенттен төменгі  органдарға беруге болатынына сенуге болады. Ол органдар өздерінің әкімшілік  территориясында мәселелердің басым  көпшілігін өздері толық реттеп-басқаруға  көшуі мүмкін

Құқық жүйесі – бұл объективті қамтамасыз етілген қоғамдық қатынастар жүйесі, құқықтың ішкі құрылымы, онда бірлікте және келісілімділікте көрінетін, мемлекетте әрекет ететін құқықтық нормалар және құқықтың бөлінуіндегі салыстырмалы еркіндіктегі бөлігі – нормалар, институттар  және құқық салалары.  
Құқық жүйесінің негізгі формалары:  
• объективтілігі (құқық саяси партиялардың еркімен қалыптаспайды, қоғамдық қатынастардың заңды даму процесінде тұжырымдалады.  
• қоғамдағы бар қатынастардың деңгейін, құқықтық мәдениетті көрсетеді;  
• құқық жүйесі – бұл көпжақты құқықтық құбылыс, өзінің көлеміне және мазмұнына қарай бірдей емес, бірақ органикалық қарым-қатынастағы құрамдық элементтерді қосып алушы (құқық нормалары, институттар және құқық салалары);  
• құқық жүйесі бірлігімен және өзін құрайтын нормалардың қарым-қатынасымен сипатталады;  
• басқа және күрделі жүйелердің бір бөлігі болып табылады: ұлттық құқық жүйесінің және халықаралық құқық жүйесінің.  
Құқық жүйесінің элементтері – бұл нормалар, салалар және құқық институттары. Өз жағынан, жекеленген құқық салалары сала бөліктерінен тұруы мүмкін, ал кейбір институттар кей кезде, күрделі және көлемді конструкциялар болып, солай айтылатын субинституттарды көрсетеді. Құқық нормалары құқықтың негізгі жүйесі және тек солар, жекешеленген топтарға бірігіп, құқықтық реттеу белгісімен, сол не басқа қоғамдық қатынастардың өзіндік жиынтығымен нақтылы институттар мен құқық салаларының мазмұнын құрайды.

Әлемде әр түрлі ұлттық құқықтық жүйелер мен құқықтық жанұялар бар. Ол тиісті кезеңнің, өркениеттің, елдің және халықтың ерекшелігін  білдіреді.

Қоғамның құқықтық жүйесі – бұл нақты тарихы құқықтардың, заңи практиканың және жкелеген мемлекеттің үстемдік ететін құқықтық идеологиясының жиынтығы. 

Қоғамның құқықтық жүйесінің  құрылымына келесі негізгі элементтер кіреді:

- құқық (заңнама);

- заңи практика;

- үстемдік ететін құқықтық  идеология. 

Әлемнің құқығы көптеген ұлттық құқықтық жүйеден тұрады. Олардың  барлығы бір – бірімен байланысты. Олардың байланысы ортақ белгілермен  сипатталады.

Ұлттық құқықтық жүйелер – бұл нақты мемлекеттің, оның тарихы, мәдениеті, салт – дәстүрінің, географиялық жағдайының органикалық элементі.

Құқықтық жанұя – бұл бірнеше маңызды белгілерінің ұқсастығымен сипатталатын бірнеше текті ұлттық құқықтық жүйелер (белгілері қалыптастыру және даму жолдары, қайнар көздерінің ортақтығымен сипатталады).

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІ.  Қазіргі  әлемдегі құқықтық жүйелердің жалпы  сипаттамасы. 
 
2.1 Англо – саксондық құқықтық жүйе

 

Құқықтық жүйе – бұл  құқықтың құқықтық идеологиямен және сот тәжірибесімен біртұтастықта  қарастырылуы. Осы үш элемент: заңдар мен басқа да мемлекетпен танылған қайнар көздерден көрініс тапқан жалпыға міндетті нормалар жүйесі ретіндегі  құқық, құқықтық сананың белсенді жағы–құқықтық  идеология және сот тәжірибесі құқықтық жүйені құрайды.

Құқықтық жүйе түсінігінің  белгілі бір мемлекеттегі құқыққа  сипаттама берудегі маңызы зор. Бұл  жағдайда ұлттық құқықтық жүйе жөнінде  сөз болып отыр. Құқықтық жүйенің  құқықпен қатар қай элементінің–не сот тәжірибесінің, не құқықтық идеологияның–ерекше  рөлге ие болуына сол мемлекеттегі барлық құқықтық құбылыстар тәуелді  болып келеді. Осы белгі бойынша  құқықтық жүйенің келесі жанұяларын (құқықтың қайнар көздерінің ортақтығы  негізінде бөлінген құқықтық жүйелердің жиынтығы) бөліп қарастырады:

1) романо – германдық  (континентальдік құқықтық жанұя);

2) англо-саксондық (жалпы  құқықтық жанұя);

3) діни (мұсылмандық және  үнді құқықтық жанұя);

4) салт – дәстүр (әдет  құқықтық жанұясы).

Құқықтық жүйелерді топтастырудың  қажеттілігі және маңыздылығы:

Біріншіден, ғылыми, танымдық, білім беру себептерге. Өйткені, әлемдегі барлық құқық жүйелерді жеке зерттеу, жан – жақты зерттеу, ол туралы түсінік береді.

Информация о работе Құқықтық жүйе