Құқықтық жүйе

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Февраля 2014 в 06:40, курсовая работа

Краткое описание

Барлық заңдық нормалар бір-бірімен тығыз байланысты, өзара тәуелді, өзара негізделген және бірыңғай жүйе құрайды. Құқық жүйесі — нақтылы түрде қалыптасқан құқықтың ішкі құрылымы. Құқық жүйесін заңдылық жүйесінен айыра білу қажет, олар мән мен нысан ретінде сәйкес келеді. Құқық жүйесі төмендегідей негізгі элементтерден тұрады: құқық институты және құқық саласы. Өз алдына дербес элементтер ретінде саладан төмен тұрған және салааралық институттар ерекшеленеді. Құқық институты — бірыңғай қоғамдық қатынастардың жеке, шартты түрде дербес түрлерін реттейтін құқық нормаларының жиынтығы.

Содержание

Кіріспе.................................................................................................................3
І. Құқықтық жүйе: пайда болуы, тарихы және ұғымы, мәні және заң жүйесімен айырмашылғы.................................................................................7
1.1 Құқықтың пайда болуы, тарихы және ұғымы, мәні................................7
1.2 Құқықтық жүйе түсінігі мен құрылым және заң жүйесімен айырмашылығы................................................................................................16
ІІ. Қазіргі әлемдегі құқықтық жүйелердің жалпы сипаттамасы.................18
2.1 Англо – саксондық құқықтық жүйе.........................................................18
2.2 Дәстүрлі құқықтық жүйе................................................................
2.3 Қазақстан Республикасында құқықтық жүйенің ролі мен қалыптасу тенденциясы.....................................................................................................24
Қорытынды......................................................................................................29
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі................................................................32

Прикрепленные файлы: 1 файл

Мазмұны.docx

— 84.62 Кб (Скачать документ)

Әкімшілік әділет элементтері орта ғасырда да кездеседі. Англияда ХІІ  ғасырдың ортасында ірі жер иеленушілерден сайланатын судья, басқару және әкімшілік әділет функцияларын ұштастырып отыр-ған. Ағылшын судьялары ха-лықтың салық, полиция және басқа да мемлекеттік органдармен даула-рын шешіп отырған.

Франция, Германия, Италияда феодализм  дәуірінде жеке тұлғалардың шағымын, шешім шығаратын жалпы соттар қарастырған. Орта ғасырлық Францияда, жоғарғы соттық-әкімшілік мекеме қызметін, мемлекеттің барлық провинцияларындағы қызметті атқаратын парламенттер іске асырған

Танымал құқықтанушы Ф.В. Тарановский  осы мәселе бойынша былай деп  жазады: «Парламентер жалпы соттық құзырдағы жария құқықтың даулы  мәселелерін шешетін әкімшілік  әділет органдары болып табылған».

Жоғарыда айтылып кеткендердің негізінде, профессор Б.Ж. Абдраимов, «азаматтардың құқықтары мен  бостандықтарына қысым жасалған жағдайларда әкімшілік соттар пайда  болады. Әкімшілік әділет ерекше құқықтық феномен ретінде билік және кәсіпкер арасындағы тепе-теңдікті сақтап, мемлекет тарапынан заңсыз қысым жасаудан қорғайды» деп қорытындылайды»[1].

Жаңа кезең тарихында тек  саяси жүйелер, конституциялар, қоғамдағы  мемлекеттік құқықтар ғана өзгерістерге ұшырып қоймай, сонымен қатар барлық құқықтық жүйе, әсіресе жария құқық  эволюцияға ұшырады.

ХХ ғасырдағы батыстың материалдық  және іс жүргізу құқығының барлық салаларының түрі және мазмұны да өзгерді. Ол енді қоғам өміріне белсенді қатысуға мүмкіндік алды. Бұл жаңарулар  ең алдымен, постиндустриалды даму сатысына өткен қоғамның дамуына байланысты болды. Қазіргі заман кезеңіндегі  құқық, ақпараттық және ғылыми-техникалық революцияға және жаңарған экономикаға  байланысты жаңа қоғамдық міндеттерді, әлеуметтік шиеленістерді шешуде пайдаланылды.

Қазіргі заман жағдайындағы құқық, профессор О.А. Жидков пікірінше, тек  әлеуметтік саяси құрылымды қорғауға ғана бағытталып қоймай, қоғамды және қалыптасқан демокртаиялық дәстүрлерді  сақтай отыра, жаңа қоғамдық қажеттіктерге  байланысты өзгертуге бағытталған [2]. Сондықтан да қазіргі заман  тарихындағы батыс елдерінің  құқығындағы өзгерістер тек таптық жағдайда ғана байқалып қоймай, құқықтың жалпы әлеуметтік және жалпы реттеу функцияларынан көрінеді. Дамыған елдердің жаңартылған құқығында (әсіресе  ХХ ғ екінші жартысында-ХХІ ғ басында) әлеуметтік саясатқа деген ұмтылыс  бар. Мұнда өз тәжірибелеріне және әлемдік  өркениеттің жетістіктеріне, оның ішінде-ролі артып келе жатқан әкімшілік-құқықтық қатынастарды реттеу салаларында бейілділігін сақтауы байқалады.

Бұл негізінен, ХХ ғ нормативтік  актілер есебінен құқық көздері  құрылымының кеңейуіне байланысты болған. Шындығында, заңнаманың дамуына  қарамастан, құқықтық материалдардың басым бөлігінде атқарушы билік  актілерінің салмағы басым болған. Заң және заңға тәуелді актілерінің  ара -қатынасындағы бұл өзгерістерге, парламенттің құқықтарын заңнамалық құқықпен шектеуге жағдай туғызған бірқатар елдер  мен конституциялар әсер еткен (мысалы, 1958 ж Француз Конституциясының 34 бабы). Көбінесе заңдардың өзін де парламент жалпы түрде қабылдайды және ол ары қарай нормативті нақтылауды қажет етеді.

Батыстың барлық мемлекеттеріндегі  президенттік және үкіметтік декреттер, жарлықтар және министрліктер регламенттері, басқа да әкімшілік актілердің түрлері, ұдайы өзгерістегі қоғам жағдайына  бейімделуші маңызды құралға  айналған. Үкіметтік және басқа да әкімшілік актілердің (мамандандырылған комиссия, «тәуелсіз» агенттіктер ж.т.б.) ролінің арту процесі, парламенттік жүйе әлсіреген, атқарушы аппараттың өкілдік  органдардың бақылауынан шығуы  жағдайында ұдайа түседі, бұл ең алдымен тоталитарлық және авторитарлық мемлекеттерге тән.

Үкіметтік норма шығармашылығы  өкілеттілік берілген заңнама түрінде  дамып, оны парламенттің санкциясымен және ресми бақылауымен қабылдаған. Профессор О.В. Жидков пікірінше, бірқатар елдерде үкіметтік биліктің және бюрократияның ролінің артуына  байланысты нормативтік әкімшілік  актілермен қатар әкімшілік тәжірибе де құқық шығармашылық сипатында  болып отыр. Үкіметтік және басқа  да атқарушы органдардың әкімшілік  шешімі, бірқатар жағдайларда нормативтік  күші бар әкімшілік прецеденттердің  құрылуын тудырады.

ХХ ғасырда әкімшілік әділет, әкімшілік құқықтың және басқару  теориясының құқықтық аспектілерінің дамуындағы маңызды мәселеге айналды. Шет ел құқық ғылымында әкімшілік  әділет ретінде, «әкімшіліктің қызметін бақылау жүйесі, мемлекеттік басқару  аумағындағы дауларды шешудің ерекше түрі» қарастырылады. Мұндай жағдайлардағы  мүдделі тұлғалардың шағымдарын қарастырудың нәтижесінде заңсыз әкімшілік  актілердің күші жойылады немесе қайта  қарастырылады.

Әкімшілік әділеттің пайда болуын құқықтық мемлекеттің доктринасымен  және биліктің бөлінуі теориясымен  байланыстырады. ХҮІІ-ХҮІІІ ғ буржуазия  идеологтарының саяси іліміндегі қалыптасқан  биліктің бөлінуі принципі, буржуазиялық заңдылықтың бекітілу процесінде тарихи маңызды, прогрессивті роль атқарды. Дегенмен, кейіннен оны өкілділігі жоқ органдардың  қолында биліктің шоғырлануының  дәйектілігіне негіз болып, басқа  да органдардың, әсіресе соттардың  араласуынан оғаштауға пайдаланылды. Сондықтан да арнайы әкімшілік әділетті құру француз мемлекет танушысы М. Ориу пікірінше, «әкімшіліктің сот билігінен  бөлінуінің алғашқы салдары болды» [3]. Кеңес ғылымында осы бөліністің мағынасы кереғарлыққа ұшырады, А.Т. Боннердің  пікірінше, «мұндай жүйе әкімшіліктің толық дербестігін сақтап, оның қызметін сот шешіміне тәуелсіз етуге жол  бермеу керек. Қазіргі кездегі әкімшілік  құқық ғылымы әкімшілік әділеттің  «басқаруды қорғау» мақсатын толық  мойындайды » [4].

Әкімшілік сот төрелігі, шет ел құқықтық доктринасында әкімшілік, нақтырақ айтқанда жария құқықтың ерекше саласы ретінде қарастырылады. В.Г. Графский сипаттамасы бойынша, «жария құқық арқылы (сонымен қатар конституциялық) бюрократияға жол берілмейді» [5].

Әкімшілік сот ісін жүргізу шеңберінде, басқа да конституциялық, азаматтық, қылмыстық процестер сияқты, заңдылық кедергіге ұшырауы мүмкін. Осы тұрғыда жергілікті немесе аймақтық билік мекемелерінің қызмет бабын теріс пайдаланғаны және лауазымды тұлғалардың қателіктері үшін жалпы және нақты жауапкершілігі бастау алады. Осы жерде қоғамның мүддесінің министрлік актілер және міндетті қаулылармен ара-қатынасы басталады. Қызметтің ерекше түрі, сот автономиясы аппаратының, мемлекеттік басқару жүйесіндегі алуан түрлі жартылай әкімшілік-жартылай соттық мекемелерді бақылауының, жария құқық принциптері мен талаптары бойынша бақылаудың жаңа міндеттеріне бейімделуіне байланысты.

Дегенмен, әкімшілік құқықтың оқшаулану  тенденциясы кең тарамаған. Қоғамдық өмірге үкіметтің араласуының артуы  әкімшілік құқықтың оқшаулануын  және әкімшілік-іс жүргізу құқығының  қалыптасуын тудырғанымен, құқықтық реттеудің, азаматтық-құқықтық (диспозитивті) және әкімшілік (императивті) әдістерінің  тығыз байланысуы тенденциясы да байқалып отыр. Бұл әкімшілік және азаматтық құқықтың алшақтығын жояды.

Басқару процедураларын реттеуге қатысты  заңнаманың дамуы, ұлттық құқықтық жүйенің  күрделенуін ғана тудырып қоймай, түрлі мемлекеттердің құқықтық жүйесінің  өзара байланысын арттырады. Экономика  және саясаттағы интеграциялық үрдістер түрлі мемлекеттердің құқығының  бірыңғайлығын тудырып, бұрынғы  континенталды және англо-саксон құқықтық жүйелерінің арасындағы алшақтықтарды  жоя бастады.

Сонымен қатар, қазіргі таңда түрлі  құқықтық жүйелерде, әкімшілік-құқықтық дауларды шешу және әкімшілік процесс  бойынша доктриналдық, ұйымдастыру-құқықтық және іс жүргізу жақтарының түрлі  әдістері қалыптасқан. Барлық органдардың, атқарушы биліктің лауазымды тұлғаларының қызметінің және әкімшілік процестің  барлық кезеңдерінің, барлық істердің реттелуінің іс жүргізулендіру дәстүрі  қалыптасқан шет ел мемлекеттеріндегі  атқарушы билік органдарының қызметін заңмен реттеу тәжірибесі аса қызығушылық  тудырады.

Әкімшілік құқық ғылымында әкімшілік  әділет жүйесінің үш түрі ерекшеленеді: неміс, англо-американдық және француз (профессор Б.Ж. Абдраимов тек  екі — англо-саксон және континенталды  түрін қарастырады).[1] Англо-саксон үлгісін қарастырудан бастайық.

Англо-саксон (немесе англо-американдық) үлгісі құқықтың прецедентті жүйесі бар елдерге тән (Ұлыбритания, АҚШ). Бұл елдерде, тұлға және мемлекеттік  органдардың құқықтық теңдік принципі басым, яғни басқару саласындағы  барлық даулар «жалпы құқық соттарына» соттылы. Англия, М.А. Лозин-Лозинский пікірінше, — бұл «әкімшілік өкімдерге қарсы азаматтардың құқықтық дауын сот бойынша шешу институтының отаны», мұнда, үкімет тәуелсіз соттың алдында жауапкер түрінде қарастырыла алады.

Қазіргі кезде классикалық англо-американдық  үлгі өзгерістерге ұшырауда, өйткені  жалпы құқықтағы соттар процесі  баяулығына, формализмдігіне, қымбатқа түсуіне байланысты азаматтар үшін қиындық туғызып отыр. Ф. Ридли  осы мәселе төңірегінде былай  деп жазады: мұнда басқарудың заңсыз актілерін даулаудың жаңа түрлері  пайда болып отыр, атап айтқанда: парламент депутаттарына жүгіну артып, қаржы, әлеуметтік қамтамасыз ету, көлік, ауыл шаруашылығы, еңбек қатынастары бойынша мамандандырылған әкімшілік соттар құрылуда, әкімшілік істер бойынша Парламенттік уәкілдің уәкілеттілігі кеңейіп, білім, медицина, полиция саласында квазисоттық органдар дамуда.

Британдық әкімшілік құқық доктринасының  жалпы соттарға жалпы ведомствалық бағыныстылық идеясынан бас тартуы квазисоттықпен қатар кейбір әкімшілік-соттық инстанциялардың құрылуын тудырды. ХХ ғ басында әкімшілік –құқықтық  дауларды шешудің британдық жүйесін  сипаттай отыра, орыс ғалымы П.Г. Виноградов былай деп жазды: «Тәуелсіз сот  билігі мұнда, қылмыстық және азаматтық  сот төрелігіндегі сияқты бюрократтыққа  жол бермейді, ол әкімшілік дауларды шешудің бітістірушісі» [6].

Ұлыбританияның әкімшілік-іс жүргізу  құқығының бірқатар ерекшеліктері  бар. Олар: парламенттің үстемдігі, әкімшілік  және сот арасындағы уәкілеттіліктің  бөлінуі, министрліктердің жауапкершілігі, құқық үстемдігі, әкімшілік процесте бейресми процедуралардың қолданылуы.

Ұлыбританияның жоғарғы мемлекеттік  органы ретінде парламент заңдарды қабылдайды, елдің құқығын, оның ішінде әкімшілік құқықты қалыптастырады. Қолда бар фактілерді пайдалана  отырып әкімшілік шешімдер шығарып, заң шеңберінде әрекет етеді. Сонымен  қатар, Ұлыбританияның министріктері  және ведомствалары заңды тұлғалар болып табылады, оларға да сотта  талап қойылады. Соттар, әкімшілік  тарапынан жәбір көрушінің шағымын  қарастыру барысында, американдық  құқықтағы сияқты, басты назарды  құқық мәселесіне аударады. Ол әкімшілік  іс әрекетінің құқық нормасына қайшы  келмегенін, өкілеттілігін асыра  пайдаланбағанын, билікті теріс  пайдаланбағанын бақылайды. М.А. Суворовтың пайымдауынша, заң шеңберінде іс әрекет ететін соттардың заңды үстемдігі  қамтамасыз етіледі [7].

Ағылшын конституциялық құқығын зерттеуші  ірі ғалым А.Дайси пайымдауынша, құқық үстемдігі, әкімшіліктің билікті  теріс пайдалануына жол бермеуімен, ел азаматтарының барлығының заңға  және соттарға бағынуымен, соттардың  азаматтардың құқығы мен бостандығын  қорғауымен айқындалады.

Ағылшындардың ойынша, әкімшілік құқықтың басты міндеті-тиімді әкімшілік  билікті тудыру қажеттігі және осы  биліктен жекелеген тұлғаларды, қоғамды  қорғау арасындағы тепе-теңдікті сақтау болып табылады. Осы құқықтық нормаларға сәйкес әкімшілік биліктің шегі, оның субъектілері және қызметінің процедуралары  бекітілуі тиіс.

Мемлекеттік мекемелердің нормативті актілерді қабылдау процедуралары  баяу формализмденген. Бейресми процедуралар, әсіресе кеңестер өткізу және қоғам  өкілдері құрамында бар тәуелсіз кеңесу комитеттерін құру кең тараған. Әдетте нормативті актілерді қабылдау барысында мүдделі тұлғалар мен  ұйымдар өкілдерімен ұзақ келіссөздер  жүргізіліп, кездесулер мен кеңестер өткізіледі. Тек жекелеген жағдайларда  ғана заң, әкімшілікті шығарылатын  актілерді жариялап, мүдделі тұлғалардың  пікірін тыңдауға, істі ашық түрде қарауға міндеттейді. Орталық және жергілікті органдардың қызметін, норма шығармашылығын парламент және соттар бақылайды.

Әрбір мүдделі тұлғаның әкімшіліктің іс әрекетін сотта даулауға құқығы бар. Соттар шағымды екі жағдайда қабылдайды: 1) егер де әкімшілік заңмен қарастырылған өкілеттілігін асыра  пайдаланылса, 2) егер де мекеме өз өкілеттілігі ауқымында іс әрекет еткенімен, құқық  нормаларын дұрыс қолданбаса. Олар әкімшіліктің барлық заңсыз әрекеттерінің  күшін жоя алады. Талқылау барысында, фактілер түріндегі әкімшіліктің қорытындыларымен қатар, әрбір нақты жағдайларда  құқық нормаларын қолдануының дұрыстығы  да ескеріледі.

Британ соттарының қызметінде әділетті процедура қағидаты іргелі қағидат  болып табылады. Оның екі негізгі  ережесі бар:өз ісін ешкім таразылай  алмайды және ешкімді де ісін толық  қарастырмай соттауға болмайды. Бірінші  ережеге сәйкес соттар әділетсіз  әкімшілік шешімдердің күшін  жояды. Екінші ереже мекемелерде  істі әділетті қарастыруды, тыңдауды талап  етеді. Мүдделі тұлғалар хабардар етіліп, тыңдалуы тиіс [8].

Америка Құрама Штаттарындағы әкімшілік-құқықтық даулардың теориялық сипаттамасын беруде, ең алдымен алғашқы әкімшілік  юрисдикция доктринасына соқпай кетуге болмайды. Бұл доктрина бойынша, әкімшілік  орган өз саласына байланысты мәселелерге  келгенде ғана соттардан басымырақ  болады. Дегенмен де, құқықтық мәселелерді  шешу тес соттың басымдығына кіреді.

Діни-дәстүрдегі құқық жүйесі –  бұл сондай реттеу жүйесі, заңды  элементтер көп мөлшерде оның алғашқы  жағдайда болған қоғамның дәстүрлік  нысанын реттеумен байланысты (діни догмалармен, ілімдермен, дәстүрлер, т.б.). Мұндай жүйелер үшін тән нәрсе  – қасиетті тестілердің және діни (культовый) үстемділіктің қағидаларының  беделіне тиісуге болмайтындығы.

Мұсылман құқығы – Араб халифатында VII-X ғғ. мұсылман діні исламға негізделген. Оның түсіндіруі бойынша, құқықтың өмір сүруі Аллаға байланысты, яғни Алла оны Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбар арқылы адамға ашқан. Сондықтан қоғам сонымен  реттелуі қажет.

Информация о работе Құқықтық жүйе