Құқықтық жүйе

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Февраля 2014 в 06:40, курсовая работа

Краткое описание

Барлық заңдық нормалар бір-бірімен тығыз байланысты, өзара тәуелді, өзара негізделген және бірыңғай жүйе құрайды. Құқық жүйесі — нақтылы түрде қалыптасқан құқықтың ішкі құрылымы. Құқық жүйесін заңдылық жүйесінен айыра білу қажет, олар мән мен нысан ретінде сәйкес келеді. Құқық жүйесі төмендегідей негізгі элементтерден тұрады: құқық институты және құқық саласы. Өз алдына дербес элементтер ретінде саладан төмен тұрған және салааралық институттар ерекшеленеді. Құқық институты — бірыңғай қоғамдық қатынастардың жеке, шартты түрде дербес түрлерін реттейтін құқық нормаларының жиынтығы.

Содержание

Кіріспе.................................................................................................................3
І. Құқықтық жүйе: пайда болуы, тарихы және ұғымы, мәні және заң жүйесімен айырмашылғы.................................................................................7
1.1 Құқықтың пайда болуы, тарихы және ұғымы, мәні................................7
1.2 Құқықтық жүйе түсінігі мен құрылым және заң жүйесімен айырмашылығы................................................................................................16
ІІ. Қазіргі әлемдегі құқықтық жүйелердің жалпы сипаттамасы.................18
2.1 Англо – саксондық құқықтық жүйе.........................................................18
2.2 Дәстүрлі құқықтық жүйе................................................................
2.3 Қазақстан Республикасында құқықтық жүйенің ролі мен қалыптасу тенденциясы.....................................................................................................24
Қорытынды......................................................................................................29
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі................................................................32

Прикрепленные файлы: 1 файл

Мазмұны.docx

— 84.62 Кб (Скачать документ)

Екіншіден, практикалық себеппен – қолданыстағы заңнаманы жүйелеу, ұлттық құқықтық жүйелерді жетілдіру.

Романо – германдық  құқықтық жанұясына Италия, Франция, Испания, Португалия, Германия, Австрия, Швейцария құқықтың жүйелері жатады. Бұл жанұя жеке топ ретінде  славян құқықтық жүйесін (Югославия, Болгария) айтуға болады. Қазіргі кездегі Қазақстандық құқықтық жүйесі ерекшеліктеріне байланысты романо – германдық құқық жанұясына  жатады.

Романо – германдық  құқық жанұясының белгілері:

- жазылған құқық қайнар  көз жүйелерінің бірыңғай иерархиялық  құрылымы, онда басты орынды нормативтік  актіге берілген;

- жоғары заңи күшке  ие жазылған Конституцияның болуы;

- құқық жүйесін жеке  және жария, сондай-ақ, салаға  бөлі;

- құқықты қалыптастырудағы  басты рөл заң шығарушыға берілген, заң шығарушы жалпы құқықтық  мінез – құлық ережелерін қабылдайды, ал құқық қолданушы тек нақты  құқық қолданушы актілерде, жалпы  нормаларды дәл іске асырады; 

- нормативтік қортындылардың  жоғары деңгейі кодификацияланған  нормативті актілер арқылы жүзеге  асады;

- заңға тәуелді актілерінің  ерекше орын алуы;

- әдет құқығы және сот  прециденті қосымша, толықтырушы  сипатта болады;

- алдынғы орында адам  мен азаматтың міндетті емес, құқығы болады;

- заңи доктриналардың  ерекше рөлге ие (ғалымдардың  құқықтық жанұя туралы талқылауы).

Англосаксондық құқықтық жанұяға Ұлыбритания, АҚШ, Канада, Австралия  ұлттық құқықтық жүйелері жатады.

Оның белгілері:

- құқық басты қайнар  көзі сот прецеденті (нақты істі  шешу барысында судьяларды қабылдаған  мінез – құлық ережелері және  ұқсас істерге таралады);

-  құқықты қалыптастырудағы  басты рөл соттарға берілуі;

- алдынғы қатарда адам  мен азаматтың міндеттер емес  құқықтары және олар сот тәртібімен  қорғалады;

-  процесуалдық құқықтың  ерекше болуы;

- кодификацияланған құқық  саласының болмауы;

- құқықты жеке және  жариялы деп бөлудің болмауы;

- статус құқығының кең  дамуы, әдет құқығы қосымша,  туынды сипатта болады;

- заңи доктрина қолданбалы  сипатта болады.

Діни құқық жанұясына  Иран, Ирак, Пакистан сияқты мұсылман елдері Үндістан, Бирма елдерінің үнді –  құқық жүйелері жатады.

Оның белгілері:

- құқықты шығарушы –қоғам, мемлекет емес, құдай, сондықтан, заңи ережелер бір рет және мәңгілікке беріледі; оларға сеніп, қатан сақтау керек;

- құқықтың қайнар көзі  діни - өнегелік нормалар мен құндылықтар,  әдетте, Құран, Сүнна, Иджма мұсылмандарға  таралса, Шастра, Веда, Ману заңдары  үнділерге таралады;

- заңи ережелердің діни, философиялық және мұсылмандық  постулаттармен, сондай-ақ жергілікті  әдетпен тығыз араласып, бірыңғай  мінез – құлық ережелерін білдіруі;

- қайнар көздердің ішінде  заңгер – ғалымдардың еңбектері  ерекше орын алуы;

- құқықты жеке және  жариялы деп бөлінудің болмауы;

- нормативті құқықтық  актілер туынды сипатта;

- сот практикасы құқықтың  қайнар көзіне жатпауы;

- көбіне адамның құқығына  емес, міндетіне негізделуі.

Әдет құқықтық жанұясына  Мадагаскар, Африканың бірқатар елдерінің  құқықтық жүйелері жатады.

Оның белгілері:

- құқықтық қайнар көзі  әдет, салт және олар ауызша  сипатта, ұрпақтан ұрпаққа беріледі;

- әдет пен салт заңи, мораль және аңыз ережелерінің  синтезі;

- әдет пен салт ең  алдымен жеке адамның емес, топтың  қарым – қатынасын реттейді;

- нормативті актілер туынды  сипатта;

- сот практикасы да, туынды  сипатта және құқықтық қайнар  көзіне жатпайды;

- сот билігі қауымның  келісімін қалыптасу идеясын  басшылыққа алады;

- заңи доктрина рөлінің  төмендеуі;

- әдет пен салттың ескеруі.

Қоғамдық қатынастарды ұйымдастырудың маңызды құралы әлеуметтік нормалар, арап айтқанда құқық нормалары, мораль нормалары, қоғамдық ұйымдардың нормалары, әдет, салт – дәстүр және ритуал нормалары  болып табылады. 

Әлеуметтік нормалар – бұл адамдардың мінез – құлқын, және олардың ара – қатынасын,  ұйымның қызметін реттейтін ережелер. Әлеуметтік нормалар – бұл қоғамдық қатынастарды реттеу үшін қолданылатын мінез –құлық ережелері.

Әлеуметтік нормалардың  белгілері:

- әлеуметтік нормалар  адамдардың мінез–құлық ережелері  болып табылады. Олар белгілі  бір адамдардың ұжымы, мемлекет  пікірі бойынша адамдардың мінез–құлқы  қандай болатындығын көрсетеді.  Бұл үлгілер оған сәйкес адамдар  өз әрекеттерін қалыптастырады.

- әлеуметтік нормалар  – бұл жалпы сипаттағы мінез  – құлық ережелері. Оның жалпы  сипаты бір адамға емес, барлығына  арналған.

- әлеуметтік нормалар  – бұл қоғамдағы міндетті мінез  – құлық ережелері. Құқықтық  нормаға емес, сонымен қатар, басқа  да әлеуметтік нормалар, оларды  қолданатындарға міндетті. Қажетті  жағдайларда әлеуметтік нормалардың  міндеттілігі мәжбүрлеумен қамтамассыз  етіледі. 

Осы белгілерге сәйкес, әлеуметтік нормалар елеулі қоғамдық қатынастарды реттеуші болып, адамдардың мінез –  құлқына белсенді әсер етеді.

Қазақстан Республикасының  ұлттық құқықтық жүйесінің түсінігі.   

Егер де қоғамда маңызды  экономикалық және саяси өзгерістер болып жатса, оның құқықтық жүйесі де өзгеріссіз қалмайды. Өйткені қоғамның экономикалық және саяси жүйесі құқықтың қатысынсыз өмір сүруі  мүмкін емес.

Кез келген мемлекеттің құқықтық жүйесі қоғамның дамуының заңдылықтарын, оның тарихи, ұлттық, мәдени ерекшеліктерін көсетеді. Әр бір мемлекеттің  басқа мемлекеттің құқықтық жүйелерімен ұқсастықтары және өзіндік ерекшеліктері бар жеке құқықтық жүйесі болады.

Құқықтық жүйе дегеніміз  – белгілі бір елдегі, қоғамдық қатынастарды реттейтін бір-бірімен  тығыз байланысқан құқықтық құрылымдардың  және сол елдің құқығының дамуының деңгейін сипаттайтын элементтердің  жиынтығы.

Құқықтық жүйе келесі элементтерден  құрылады:

1.     позитивті құқық, яғни заңдарда немесе басқа да нормативтік актілерде   бекітілген мемлекет белгілеген жалпыға бірдей міндетті нормалар жүйесі;

2.     құқықтық идеология – қоғамдағы құқықтық көзқарастар, идеялар, түсініктер жиынтығы.

3.     құқықтық сана – жеке адамдардың және әлеуметтік бірлестіктердің мемлекетте әрекет еттетін және қоғам қалайтын құқыққа қатынасы;

4.     сот тәжірибесі.

Қазақстан Республикасының  ұлттық құқықтық жүйесі Қазақстан Республикасының Конституциясының 1; 4 статьяларының негізінде құрылады Бұл стаьяларда заң шығарудың, құқықтық тәжірибенің және үстемдік ететін құқықтық сананың демократиялық, гуманистік сипаты, яғни Қазақстан Республикасының ұлттық құқықтық жүйесінің  құрылымының ерекшеліктері көрсетіледі. 

Егемендік алғаннан кейін  ҚР әр түрлі факторларды ескере отырып өзінің жаңа ұлттық құқықтық жүйесін  құрайды  

Жалпы ҚР-ң құқықтық жүйесінің  ерекшеліктерін көрсете отырып, оның роман-германдық құқықтық жүйеге жатқызуға  болады. 

 Ең алдымен, Республикамызда  құқықтың негізгі қайнар көзі  – нормативтік-құқықтық акт. 

 Конституцияның 4-статьясында  «ҚР-да қолданылатын құқық Конституциясының, оған сәйкес келетін заңдар, өзге  де нормативтік құқықтық актілердің, Республиканың халықаралық шарттың  және өзге де міндеттемелерінің,  сондай-ақ Республиканың Конституциялық  Кеңесінің және Жоғарғы Сотының  нормативтік қаулыларының нормалары  болып табылады» делінген.  

ҚР-ң құқықтық жүйесі құқықты  қоғамдық қатынастарды реттейтін, жалпыға  бірдей мінез-құлық ережелерінің жиынтығы ретінде түсінуге негізделеді. 

Адамның табиғи құқығы мен  бостандығын мойындау, конституция  деңгейінде бекіту және  ерекше мән беру – ҚР-ң құқықтық жүйесінің тағы бір ерекшелігі болып табылады. 

Сот органдарының заң шығаруға құқығы жоқ. Олар тек заңды қолданады  және құқықтық нормаларға түсінік береді.  

ҚР-ң құқықтық жүйесінің  тағы бір ерекшелігі – Конституцияның жоғарлылығы. Бұл принцип мелмекеттің  Конституцияға бағыныштылығын білдіреді, яғни, барлық мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің, лауазымды  адамдардың жұмысы Конституцияға негзделуі  керек. 

ҚР-ң негізгі заңы, барлық нормативтік құқықтық актілердің негізі.  

Республикада қабылданған  заңдар мен өзге актілердің Конституцияға  сәйкестігін Конституциялық Кеңес  қабылдайды. 

ҚР-да құқықтың жеке салаларына жататын мемлекет заңдары бірыңғай жүйеге келтірілген. 

Қорытындылай келе, ҚР-ң  ұлттық құқықтық жүйесінің роман-германдық  құқықтық жүйеге сәйкес келетін көптеген белгілері бар. Олар:

1.     құқықтың негізгі қайнар көзі – нормативтік-құқықтық акт;

2.     заңдардың жүйеленуі;

3.     Конституцияның тікелей қолданылуы;

4.     құқықты қоғамдық қатынастарды реттейтін, жалпыға бірдей мінез-құлық ережелерінің жиынтығы ретінде түсіну және тағы басқалары. 

Бүгінгі таңда елімізде азаматтардың өмір сүру сапасын арттыру міндеті  тұр. Жалпы, әлемдегі барлық ел азаматтарының  жақсы өмір сүруіне жағдай жасауға  және құқықтарының қорғалуына мүдделі. ҚР Конституциясының талаптарына сәйкес азаматтардың құқықтары мен бостандықтары  – ең маңызды құндылық. Осылайша, елімізде жарқын болашақ үшін көп  жұмыстар қолға алынуда. Бұл –  патриот, тәрбиелі, білімді ұрпақтың қалыптасуына кепіл бола алады. Сондықтан  да, келешекте Қазақстан әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына еніп, әрбір  азамат мемлекеттің өсіп-өркендеуіне  қалтқысыз үлестерін қосады деген  сенімдемін. 
Құқықтық саясаттың маңызды мәселесі азаматтардың Конституция кепілдік беретін сот арқылы қорғалу құқын жүзеге асыруы болып табылады. Сонымен бір мезгілде соттардың жұмысын жеңілдету мақсатында дауларды соттардан тыс реттеу институттарын дамытуды жалғастыру қажет. Болмашы мәселелер бойынша дауларды шешу соттардан тыс тәртіппен жүргізілетіндей тетіктер қарастыру қажет екендігі атап өтілді. Осы тұста айта кететін жайт, ҚР «Медиация» туралы Заңын халық арасында кеңінен насихатталуына аса назар аудару қажет. Яғни, туындаған дауларды сотқа жеткізбей кәсіби немесе кәсіби емес медиаторлардың қатысуымен, тараптардың өза-ара бітімге келуі арқылы, екі тарапқа да қолайлы шешім қабылдау жолдарын түсіндіру қажет. 
Сот билігінің беделі орындалмаған сот шешімдерінен төмендейді. Осыған байланысты, бұл жағдайды түбегейлі өзгерту жөніндегі шаралар қабылдануға тиіс. Жолдауды мүлтіксіз орындаудың айқын жолы ашылып, тек ұлттық мүддемен шектеліп қалмай, дамыған халықаралық құқық тәжірибесімен ұштасу қажеттігіне аса мән берілді. Мұның өзі еліміздің басқа дамыған мемлекеттермен иық тірестіріп тұра алатын мемлекет екенімізді көрсетеді. Мысалға, құқықтық қатынастары мен құқықтық жүйесі дамымаған елдер қаншама, тіпті экономикасының өзі өте төмен Африка елдері, соғыс әрекеттері орын алып жатқан Сирия, Ауғанстан елдерінің жағдайын жақсы деп айтуға болмайды. Өйткені халқының негізгі арман-мақсаты құқықтарын қорғау мәселесі емес, өз денсаулықтары мен өмірлерін аман алып қалу болып отырғаны жасырын емес. Сонымен қатар, Елбасы Н.Ә.Назарбаев ұлттық құқықтық жүйені жаңғыртудың кезекті кезеңін бастау қажеттігін атап өтті. Еліміздегі заңнамаларын әлемдік деңгейдегі Франция, Англия, Германия мемлекеттерімен бәсекелестігін арттыру бойынша шаралар көріп, еліміздің заңнамаларын ізгілендіруге, экономикалық құқықбұзушылықты қылмыссыздандыруға мән бере отырып, іске асыру міндеті қойылды. Осы мақсатта жаңа 2013 жылдың өзінде ұлттық құқықтық жүйені жаңғыртудың кезекті кезеңін бастау қарастырылып отыр.

Заңнама тек ұлттық мүдделерді қорғап қана қоймай, қарқынды дамып  отырған халықаралық құқықтық ортамен  де үйлесуге тиіс екендігіне аса мән  беріліп отыр. Үкіметке біздің құқық жүйеміздің бәсекелестігін арттыру жөнінде жүйелі шаралар қабылдау тапсырылды. Елбасының Жолдауында айтылып отырған әрбір тапсырма, алға қойылған жоспарлар мен міндеттер орындалусыз қалмайтынына сенімдімін. Ол үшін Қазақстан Республикасының әрбір азаматы Елбасы жолдауының іске асуына белсене атсалысуы қажет.

Бүгінгі таңдағы жаһандану  дәуірінде мемлекеттің саяси  жүйесінің жетілдірілуінде  құқықтық дамуының ен негізгі алғышарттарының бірі ресми биліктің мемлекеттің мәселелерін шешуде қандай әдістер мен тәсілдер қолдануымен тығыз байланысты.Бұл мәселеге қатысты мысалдарды көршілес ТМД елдеріндегі және Еуропаның ішкі қақтығыстарды шешудегі билік ұйымдарының іс-әрекеттерінен көре аламыз.  Саяси режим-әр мемлекеттегі белгілі тарихи кезеңде өмір сүрген,саяси райды сипаттайды.Саяси режимнің мән-мағынасын толық айқындау үшін,оның белгілеріне тоқталып өтейік:-саяси өкіметті ұйымдастыру тетігіндегі халықтың қатынасу деңгейі және сондай ұйымдасудың жолдары;

-мемлекеттің құқығы мен  адам бостандығының және азаматтық  құқықтардың   арақатынасы;

-жеке адамның бостандығының  кепілі;

-қоғамдағы билікті іске  асыру тетігінің шынайы сипаты;

-халықтың саяси билікті  іске асыру деңгейі;

-ақпарат құралдарының  жағдайы, қоғамдағы ашықтық деңгейі  мен мемлекеттік аппараттың ашықтығы,

-мемлекеттік емес құрылымдардың  қоғамының саяси жүйесіндегі  орны және ролі;

-заң шығару мен атқару  биліктерінің арақатынастары.

Саяси режим-мемлекетте билік  жүргізудің арнайы тәсілдері. Қазақстандағы  саяси-құқықтық режимнің қалыптасуы мәселесінің  өзекті екендігін ескеріп,біз мақалада саяси-құқықтық режимнің қалыптасуына   өте терең ықпал жасайтын саяси факторларының дамуының тарихи-құқықтық қырларын зерделедік.

Елімізде  құқықтық мемлекеттің қағидаттарын одан әрі бекіту үрдісінде, бір жағынан , адамның және азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асырудың ең жоғарғы ықтимал кепілдігіне қол жеткізу, ал екінші жағынан барлық мемлекеттік органдардың, лауазымды тұлғалардың, азаматтар мен ұйымдардың конституциялық міндеттерді бұлжытпай және толық орындауы маңызды.

 

 

 

 

 

 

 

 

2.3  Қазақстан  Республикасында құқықтық жүйенің  ролі мен қалыптасу тенденциясы 

Информация о работе Құқықтық жүйе